АТФ банк» мысалында банк клиенттеріне несие берудің акпараттык жуйесін тұрғызу


КІРІСПЕ 3

1 БАНК КЛИЕНТТЕРІНЕ НЕСИЕ БЕРУДЕГІ ҚЫЗМЕТІНІҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ТҰРҒЫЗУДЫ НЕГІЗДЕУ 5
1.1 КР банк жүйесінің жалпы сипаттамасы 5
1.2 Банк қызметі 6
1.3 ААҚ “АТФ.Банк ” сипаттамасы 22
1.4 Банктің клиенттерге несие беру кезіндегі қызметін басқарудағы ақпараттық жүйесінің тағайындалуы және мақсаты 27
1.5 Банк қызметіндегі несие беруді басқарудың ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар 29
1.6 Концептуалды схема 33

2 БАНКТІҢ КЛИЕНТТЕРГЕ НЕСИЕ БЕРУ ҚЫЗМЕТІН БАСҚАРУДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕНІ ЖОБАЛАУ 35
2.1 Есеп койылымы 35
2.2 Ақпараттық жүйедегі есептің орны 36
2.2.1 Кіріс ақпараты 36
2.2.2 Шығыс ақпараты 38
2.3 Ақпараттық база 39
2.4 Есептің математикалық қамтамасыз етілуі 42
2.5 Программалық қамтамасыз ету 43
2.5.1 Есеп кешенін жүзеге асыруда қолданылатын программалық құралдар жабдығын сипаттау 44

ҚОРЫТЫНДЫ 45

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 46
КІРІСПЕ

Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриалды экономикадан ақпараттың негізгі қоры болып есептелетін "ақпараттық экономикаға" ауысу болып отыр. Осы айтылып отырған ақпараттың қоғамда алатын орнының зор екендігін ақпарат мамандары растауда. Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің "Қазақстан Республикасының ақпараттандыру заңын" қабылдағанын жатқызуға болады.
Кез келген қоғамның ақпараттандыру деңгейі ақпараттық қызметтің даму дәрежесімен және онымен айналысып қызмет көрсететін мамандардың санымен, біліктілігімен анықталады. Сондай-ақ ақпараттандыру, қазіргі ақпараттық технологияларды көп мөлшерде шығарумен оларды соңғы уақыттарда жиі пайдаланып жүрген телекоммуникациялы жүйелерге қосу мәселелерін шешуді қарастырады және де оның алдағы уақыттарда дамуын болжайды. Әрине, бұл жағдайларда ақпарат жүйелері экономикадағы басқарудың қажетті таптырмас құралына айналады. Қазіргі уақыттарда ақпарат жүйелері есептеу техникасынсыз қолмен жасалатын ақпарат жүйелері және автоматтандырылған ақпарат жүйелері болып жіктеледі.
Ақпараттық жүйе (АЖ) - Экономикалық объектіні басқаруға қажетті ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу және шығарып беру жүйесі.
АЖ - ақпараттық жүйе жобасы мен ақпаратты есептеу жүйесінен (АЕЖ) тұратын күрделі жүйе. Ақпараттық жүйе жобасы деп - ақпараттық жүйе тұрғызу мен жұмыс істету шешімдерін сипаттап жазылған техникалық құжат, ал ақпаратты есептеу жүйесі АЖ жобасын жұмыс істетуге бағытталған ұйымдастыру техникалық кешен деп түсінуге болады. АЕЖ мәліметтерді жинауды, өткізіп беруді, өңдеуді, сақтауды, жинақтап толтыруды және шығарып беруді АЖ жобасындағы шешімдерге сәйкес қамтамасыз етеді.
Нарықтық экономиканың функционалды құрылымының ақпарат жүйесіне негізінен экономикадағы ақпарат жүйесі кіреді - бұл экономика бағытындағы қызметкерлерді, техникалық және программалық жабдықтарды, мәліметтерді өңдеу амалдары мен әдістерді, сондай-ақ нақты бір саладағы ақпараттық жүйені қосатын жоғарғы деңгейде арнайы тұрғызылған ақпарат жүйесі. Экономикадағы ақпарат жүйелерінің кіріс құжаттарына ішкі және сыртқы ақпарат жатса, ал шығыс құжаттарына басқару шешімдерін қабылдауға арналған ақпарат жатады.
Нарықтық қатынасқа көшудегі қаржы және банктік механизмдегі қайта құрулар осы банктік және қаржы ұйымдарының ақпараттық жүйе қызметтерінің бөлімдеріне айтарлықтай әсер етті. Банктік мекемелердің ақпараттық жүйесін құру принципі банктік органдардың иерархиялық құрылымын құрудан көрінеді.
Сонымен қазіргі түсінікте «коммерциялық банк — бүл ерекше өнім шығарумен айналысатын кәсіпорын немесе қолма-қол және қолма-қолсыз ақшада төлем айналысын реттеуді жүзеге асыратын акша-несие институты болып табылады.
«ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» заңның 1-бабына сәйкес, «банк — осы заңға сай банктік қызметін жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға».
Ұсынылып отырған курстық жұмыстың мақсаты – банктердің клиенттерге несие беру кезіндегі қызметін оқып-үйренуде, жалпы банктың, оның элементтері және нақты операциялары мен келісім шарттарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, міндетті ақпарат негізінде іс-жүзіндегі шараларды өңдеуге негізделген.
Курстық жұмыстың мақсаты «АТФ банк» мысалында банк клиенттеріне несие берудің акпараттық жүйесін тұрғызу болып табылады.
Курстық жұмыс кіріспеден, теориялық бөлімнен, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Банктің клиенттерге несие берудегі қызметін басқарудың ақпараттық жүйесін негіздеу бөлімінде пәндік сала, банк сипаттамасы, ақпараттық, программалық, математикалық қамтамасыз ету талаптары анықталған және қарыз алушының төлем қабілеттілігін, банк қызметінің несие беру ақпараттық жүйесінің концептуалды схемасы көрсетілген, басқару объектісінің ұйымдастырушылық құрылымы берілген.
Негізгі бөлімінде банктің қызметтерінің ішінде несие берудегі қызмет көрсету бұл клиенттердің несие алу кезіндегі аса маңызды және көп тексерулерді қажет етеді. Сондықтан несие беру кезіндегі банктің – несие алушыға көрсететін қызметіне көңіл бөлінген. Қарыз алушының төлем қабілеттілігін, несиенің рейтінгін зерттеу арқылы несиелік тәуекелдіні анықтап, оны алдын ала болжап, ақпараттық база және барлық есептер кешенін жүзеге асыруда қолданылатын программалық құрал жабдықтар сипаттамасы, математикалық, программалық қамтамасыз етілуі және оның құрылымы берілген.
Курстық жұмыс жазу нәтижесінде «АТФ банк» қызметіне сипаттама берілді, соның ішінде несие беру бөлімінің қызметкерлерінің жұмысын жеңілдеті мақсатында банктік ақпараттық жүйесі тұрғызылды.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Қазақстан – 2030 Н.А.Назарбаев. Қазақстандықтар жағдайының өркендеуі, қауіпсіздігі және жақсаруы. Президенттің Қазақстан халқына жолдауы – Егеменді Қазақстан,11 қазан 1997жыл.
2. “ Қазақстан Республикасының Конституциясы – Алматы,1995.
3. «Қазақстан Республикасының ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мемлекеттік бағдарлымасы туралы» 14 наурыз 2000 жылдың №359 Қазақстан Республикасының Президентінің /Указ/.
4. Автоматизированные информационные технологии в банковской деятельности. Под ред. Титоренко Г.А.,-М.:Финстатинформ, 1997.
5. Банки и банковское дело. Под ред. Д.э.н. профессора И.Т. Балабанова.-СПб:Питер,2001-304б
6. Вендров А.М. Проектирование программного обеспечения экономических информационных систем. Учебник, М: Финансы и статистика,2000-352б
7. «Банковское дело» Лаврушина О.И. ФиС, 1998.
8. «Банковское дело» Платонов В.И. Хиггнис М. Москва: Консалт Банкир, 1998
9. «Банковское дело» под ред. Сейткасымова Г.С. Алматы: Қаржы-қаражат, 1998ж
10. Кондрашов Ю.Н. Введение в проектирование автоматизированных банковских систем, учебное пособие,-М.: Финансы и статистика,1996.
11. Е.Г.Неверова Ақпарат жүйелеріндегі мәліметтер базасын құрудағы проблемаларды зерттеу/ “Экономикадағы ақпарат жүйелері” мақалалар жинағы. Алматы: Экономика.
12. Коммерциялық банктер операциялары. Мақыш С.Б. Алматы: Издат маркет, 2004
13. Н.Б.Бралиева, Л.А. Байбулекова, А.И.Тилегенов Бизнестегі ақпарат жүйелері. – Алматы: Экономика Баспасы, 1998.
14. Н.Л.Гагарина. Банк ақпарат жүйесін өндіру/ “Экономикадағы ақпарат жүйелері” мақалалар жинағы. Алматы: Экономика.
15. С.Б. Мақыш, А.Ә.Ілияс Банк ісі: оқу құралы – Алматы: Қазақ университеті, 2004.
16. Экономикадағы автоматтандырылған ақпараттық технологиялар: Оқулық. Трибулина И.Т. – М: ФиС, 2000 – 416 бет.
17. Липаев В.В., Потапов А.М. Оценка затрат на разработку программных средств. – М:Финансы и статистика,1998-180б.
18. Ольшаный А.И. Банковское кредитование (российский и зарубежный опыт) –М: ИНИТИ, 1998.
19. Смирнова Г.Н. и др. Проектирование экономических информационных систем. М: Финансы и статистика, 2000-352б.
20. Солянкин А.А. Компьютеризация финансового анализа и прогнозирования в банке. М:Финстатинформ,1998.
21. Фаронов В.В. Delphi 4. Учебный курс.-М: “Нолидж”,1998.
22. Финансово-кредитный словарь, т. 1-3.

Пән: Информатика
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Көлемі: 45 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 500 теңге




КІРІСПЕ 3
1 БАНК КЛИЕНТТЕРІНЕ НЕСИЕ БЕРУДЕГІ ҚЫЗМЕТІНІҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ТҰРҒЫЗУДЫ
НЕГІЗДЕУ 5
1.1 КР банк жүйесінің жалпы сипаттамасы 5
1.2 Банк қызметі 6
1.3 ААҚ “АТФ-Банк ” сипаттамасы 22
1.4 Банктің клиенттерге несие беру кезіндегі қызметін басқарудағы
ақпараттық жүйесінің тағайындалуы және мақсаты 27
1.5 Банк қызметіндегі несие беруді басқарудың ақпараттық жүйесіне
қойылатын талаптар 29
1.6 Концептуалды схема 33
2 БАНКТІҢ КЛИЕНТТЕРГЕ НЕСИЕ БЕРУ ҚЫЗМЕТІН БАСҚАРУДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕНІ
ЖОБАЛАУ 35
2.1 Есеп койылымы 35
2.2 Ақпараттық жүйедегі есептің орны 36
2.2.1 Кіріс ақпараты 36
2.2.2 Шығыс ақпараты 38
2.3 Ақпараттық база 39
2.4 Есептің математикалық қамтамасыз етілуі 42
2.5 Программалық қамтамасыз ету 43
2.5.1 Есеп кешенін жүзеге асыруда қолданылатын программалық құралдар
жабдығын сипаттау 44
ҚОРЫТЫНДЫ 45
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 46

КІРІСПЕ

Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және
шикізаттық қорларға негізделген индустриалды экономикадан ақпараттың
негізгі қоры болып есептелетін "ақпараттық экономикаға" ауысу болып отыр.
Осы айтылып отырған ақпараттың қоғамда алатын орнының зор екендігін ақпарат
мамандары растауда. Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің "Қазақстан
Республикасының ақпараттандыру заңын" қабылдағанын жатқызуға болады.
Кез келген қоғамның ақпараттандыру деңгейі ақпараттық қызметтің даму
дәрежесімен және онымен айналысып қызмет көрсететін мамандардың санымен,
біліктілігімен анықталады. Сондай-ақ ақпараттандыру, қазіргі ақпараттық
технологияларды көп мөлшерде шығарумен оларды соңғы уақыттарда жиі
пайдаланып жүрген телекоммуникациялы жүйелерге қосу мәселелерін шешуді
қарастырады және де оның алдағы уақыттарда дамуын болжайды. Әрине, бұл
жағдайларда ақпарат жүйелері экономикадағы басқарудың қажетті таптырмас
құралына айналады. Қазіргі уақыттарда ақпарат жүйелері есептеу
техникасынсыз қолмен жасалатын ақпарат жүйелері және автоматтандырылған
ақпарат жүйелері болып жіктеледі.
Ақпараттық жүйе (АЖ) - Экономикалық объектіні басқаруға қажетті
ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу және шығарып беру жүйесі.
АЖ - ақпараттық жүйе жобасы мен ақпаратты есептеу жүйесінен (АЕЖ)
тұратын күрделі жүйе. Ақпараттық жүйе жобасы деп - ақпараттық жүйе тұрғызу
мен жұмыс істету шешімдерін сипаттап жазылған техникалық құжат, ал
ақпаратты есептеу жүйесі АЖ жобасын жұмыс істетуге бағытталған ұйымдастыру
техникалық кешен деп түсінуге болады. АЕЖ мәліметтерді жинауды, өткізіп
беруді, өңдеуді, сақтауды, жинақтап толтыруды және шығарып беруді АЖ
жобасындағы шешімдерге сәйкес қамтамасыз етеді.
Нарықтық экономиканың функционалды құрылымының ақпарат жүйесіне
негізінен экономикадағы ақпарат жүйесі кіреді - бұл экономика бағытындағы
қызметкерлерді, техникалық және программалық жабдықтарды, мәліметтерді
өңдеу амалдары мен әдістерді, сондай-ақ нақты бір саладағы ақпараттық
жүйені қосатын жоғарғы деңгейде арнайы тұрғызылған ақпарат жүйесі.
Экономикадағы ақпарат жүйелерінің кіріс құжаттарына ішкі және сыртқы
ақпарат жатса, ал шығыс құжаттарына басқару шешімдерін қабылдауға арналған
ақпарат жатады.
Нарықтық қатынасқа көшудегі қаржы және банктік механизмдегі қайта
құрулар осы банктік және қаржы ұйымдарының ақпараттық жүйе қызметтерінің
бөлімдеріне айтарлықтай әсер етті. Банктік мекемелердің ақпараттық жүйесін
құру принципі банктік органдардың иерархиялық құрылымын құрудан көрінеді.
Сонымен қазіргі түсінікте коммерциялық банк — бүл ерекше өнім
шығарумен айналысатын кәсіпорын немесе қолма-қол және қолма-қолсыз ақшада
төлем айналысын реттеуді жүзеге асыратын акша-несие институты болып
табылады.
ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы заңның 1-бабына сәйкес,
банк — осы заңға сай банктік қызметін жүзеге асыруға құқылы коммерциялық
ұйым болып табылатын заңды тұлға.
Ұсынылып отырған курстық жұмыстың мақсаты – банктердің клиенттерге
несие беру кезіндегі қызметін оқып-үйренуде, жалпы банктың, оның
элементтері және нақты операциялары мен келісім шарттарының қауіпсіздігін
қамтамасыз етуге бағытталған, міндетті ақпарат негізінде іс-жүзіндегі
шараларды өңдеуге негізделген.
Курстық жұмыстың мақсаты АТФ банк мысалында банк клиенттеріне несие
берудің акпараттық жүйесін тұрғызу болып табылады.
Курстық жұмыс кіріспеден, теориялық бөлімнен, негізгі бөлімнен,
қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Банктің клиенттерге несие берудегі қызметін басқарудың ақпараттық
жүйесін негіздеу бөлімінде пәндік сала, банк сипаттамасы, ақпараттық,
программалық, математикалық қамтамасыз ету талаптары анықталған және қарыз
алушының төлем қабілеттілігін, банк қызметінің несие беру ақпараттық
жүйесінің концептуалды схемасы көрсетілген, басқару объектісінің
ұйымдастырушылық құрылымы берілген.
Негізгі бөлімінде банктің қызметтерінің ішінде несие берудегі қызмет
көрсету бұл клиенттердің несие алу кезіндегі аса маңызды және көп
тексерулерді қажет етеді. Сондықтан несие беру кезіндегі банктің – несие
алушыға көрсететін қызметіне көңіл бөлінген. Қарыз алушының төлем
қабілеттілігін, несиенің рейтінгін зерттеу арқылы несиелік тәуекелдіні
анықтап, оны алдын ала болжап, ақпараттық база және барлық есептер кешенін
жүзеге асыруда қолданылатын программалық құрал жабдықтар сипаттамасы,
математикалық, программалық қамтамасыз етілуі және оның құрылымы берілген.
Курстық жұмыс жазу нәтижесінде АТФ банк қызметіне сипаттама берілді,
соның ішінде несие беру бөлімінің қызметкерлерінің жұмысын жеңілдеті
мақсатында банктік ақпараттық жүйесі тұрғызылды.

1 БАНК КЛИЕНТТЕРІНЕ НЕСИЕ БЕРУДЕГІ ҚЫЗМЕТІНІҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ТҰРҒЫЗУДЫ
НЕГІЗДЕУ

1.1 КР банк жүйесінің жалпы сипаттамасы

Елімізде қабылданған банктік зандылықтарға сәйкес ҚР-ғы банк жүйесі екі
деңгейден тұрады.
ҚР Ұлттық банкі — мемлекеттік орталық банк ретінде бірінші деңгейді
білдіреді.
Өзге банктердің барлығы (Мемлекеттік даму банкісінен басқасы) - екінші
деңгейді сипаттайды, сондықтан да оларды іс-жүзінде екінші деңгейдегі
банктер деп атайды.
Бүгінгі таңдағы Қазақстанда қызмет ететін банктік жүйенің не бары он үш
жылдық тарихы бар. Бұл жүйенің қалыптасуына КСРО-ның ыдырауының нәтижесінде
еліміздің өз тәуелсіздігін алуының себеп болғандығын айта кету керек. Содан
бері банк жүйесінде түбегейлі реформалау жалғасуда. Ондағы мақсат - отандық
банктеріміздің қызметін халықаралық стандартқа өткізу болып отырғандығы да
жасырын емес. Бүл талаптарға жауап бермейтін банктерге басқа банктерге
қосылу не банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар
болып құрылу қажеттігі ұсынылады.
Қазақстан Республикасындағы соңғы жылдардағы банк жүйесі туралы
мәліметтер 1-кестеде беріледі.
Несие 12.2000 12.2001 12.2002 06.2003
жүйесінің
элементері
І.Екінші 48 44 38 35
деңгейдегі
банктердің барлығы:
оның ішінде:
Мемлекеттік 1 2 2 2
Мемлекет аралық 1 1
Шетел капиталының 16 16 17 16
қатысуымен оның
ішінде: 100%50% дан97 96 96 104
аса оның ішінде
еншілес банктер 12 11 11 10

ҚР-ғы несие жүйесі туралы мәліметтер кезеңнің соңына

Сандық мәліметтер ҚҰБ-нің статистикалық бюлетінінен алынған N6 (103)
2003 маусым.

1- кестеден көріп отырғанымыздай , банктеріміздің саны жылдан жылға
азаюдаю 90- шы жылдардың басында олардың саны 200-ден асты, сөйтіп банк
жүйесін реформалау нәтижесінде олардың саны 35-ке дейін қысқарды. Жалпы
банктер қатарында мемлекеттік банктер саны – 2. Қазақстанның банктік
секторында шетел капиталының қатысуы кеңейе түсуде, олардың саны -16, яғни
жалпы банктер санының жартысына жуғын алады.

1.2 Банк қызметі

Қызмет көрсету аясындағы банктің өнеркәсіптік кәсіпорындардың
ерекшелігі оның несие беруінен байқалады. Оның негізгі өнімі несие
болғандықтан, банкті несиелік мекеме деп атаған.
Сондай-ақ банк өнеркәсіптік кәсіпорындардан өзінің эмиссиялау сипатына
да байланысты ажыратылады. Ол тек қана акциялар мен басқа да бағалы
қағаздар шығарып қоймайды, сол сияқты басқа эмитенттердің бағалы қағаздарын
есепке алу және сақтауға байланысты операцияларды жасайды.
Банкті сауда, делдал кәсіпорны десе болады. Жалпы банктің саудамен
ұқсас болуы кездейсоқтық емес. Шынында да, банктер де ресурстарды сатып
алып, оларды сатумен айналысады.
Сауда кәсіпорны да өз кезегінде банкке ұқсайды, яғни ол да банктің
кейбір қызметтерін көрсетеді. Мысалы, ірі сауда кәсіпорындары да банк
сияқты белгілі мөлшерде ақшалай немесе заттай несие беруі мүмкін. Сауда
кәсіпорнынан банктің іргелі айырмашылығын оның негізінен байқауға болады.
Банктің негізі деп оның басты өнімі — несие ісі мен түсіндіріледі.
Банктік қызмет — бүл банктік операцияларды жүзеге асырумен байланысты
қызметті білдіреді Аталған заңның 30-бабына сәйкес банктік операцияларға
мыналар жатады:
заңды түлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;
жеке түлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;
— банктердің және банктік операциялардың жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспондентік шоттарын ашу және
жүргізу;
заңды және жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу және жүргізу;
кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру, қайта санау,
айырбастау, ұсату, сорттау, қаптау және сақтау;
аударым операциялары: заңды және жеке түлғалардың ақшаны аударумен
байланысты тапсырмаларын орындау;
есепке алу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін және өзге
борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт);
заемдық операциялар: ақы төлеу, мерзімін белгілеу және қайтару шартымен
ақшалай формада несиелер беру;
заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде, корреспондент банктердің
тапсырмаларына байланысты, олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысу
операцияларын жүргізу;
сенім (траст) операциялары: сенім білдірушінің тапсырмасы бойынша және оның
мүддесіне сай ақшасын, құйма бағалы металын және бағалы қағаздарын басқару;
клирингтік операциялар: төлемдерді жинау, тексеру және растау, сондай-ақ
олар бойынша өзара есепке алу операцияларын жүргізу және клирингке
қатысушылардың таза позициясын анықтау;
— сейфтік операциялар: клиенттердің қүжатты формада
шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттарын және бағалы зат-
тарын сақтау қызметін көрсету, сондай-ақ жәшіктерді, шкафтар-
ды және бөлмелерді жалға беру;
— ломбардтық операциялар: тез іске асатын бағалы қағаз-
дар мен жылжитын мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді
несиелер беру;

— төлем карточкаларын шығару.
— Банкнота мен монеталарды және бағалы заттарды инкассациялау және
жөнелту.
— шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру;
— төлем құжаттарын инкассоға қабылдау;
— чек кітапшаларын шығару;
— бағалы қағаздар нарығындағы клирингтік қызмет;
аккредетивті ашу, растау және ол бойынша міндеттемені орындау;
ақшалай формада орындалуды көздейтін банктік кепілхаттарды беру;
үшінші тұлғаның атынан ақшалай формада орындалуды көздейтін банктік
кепілдеме беру.
Банк қызметін реттеу әдістері

Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу
механизмінің тәртібі Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктердің қызметін
реттеу және қадағалау бойынша нормативтік қүқықтық актілермен анықталады.
1995 жылы 31 тамызда қабылданған "Банктер жәнс банктік қызмет туралы"
ҚР заңының 41-бабына сәйкес, ҚР Ұлтгық банк екінші деңгейдегі банктердің
қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың салымшыларының мүдделерін
қорғау, сондай-ақ республикадағы ақша-несие жүйесінің тұрақтылығын қолдап
отыру мақсатында аталған банктердің қызметін реттеуді мынадай жолдармен
жүзеге асырады:
пруденциялық нормативтер белгілеу;
банктердің орындауына міндетті нормативтік құқықтық актілер шығару;
банктердің қызметін тексеру;
банктің қаржылық жағдайын сауықтандыруга байланысты ұсыныстар беру;
банктерге ықпал ететін шектеу шараларын қолдану;
банктерге немесе олардың лауазымды тұлгаларына санкциялар беру.
Ұлттық банк халықаралық банктік тәжірибеде қолданылатын пруденциялық
нормативтер мен орындауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді
белгілеуге құқылы. Ол, сонымен қатар банктердің пруденциялық нормативтерді
және орындауға міндетті басқа да нормалар мен міндеттерді бұзғаны үшін
жауапкершілікті белгілейді.
Қойылған талаптарға банктің қаржылық жағдайының сәйкестігі туралы
мәселені шешу мақсатында Ұлттық банк белгілі мөлшерде банктің
капиталының көлемін анықтауға құқылы.
Пруденциялық нормативтер немесе орындауға міндетті басқа да нормалар
мен лимиттердің нормативтік белгілері мен есептеу әдістемесін, белгіленген
күнге банктің капиталының көлемін, ашық валюта позициясының лимиттерін және
оларды есептеу тәртібін, резервтік талаптар нормасын және оларды есептеу
әдісін, есеп берудің сәйкес формаларымен, оны тапсыру мерзімін Ұлттық банк
белгілейді.
Банктік қызметті жүзеге асырумен байланысты шығындарды табу
мақсатында банктср резервтік қор құруга міндетті. Резервтік қорлар
банктердің дивиденттерді төлеуге дейінгі табысының есебінен
құрылады. Банктср резервтік қорларының көлемін Ұлттық банк
белгілейді.
Банктер жүргізетін операцияларының түрлері мен
көлеміне байланысты өздерінің қызметінің сенімділігіне
бақылауды қамтамасыз ету үшін олар Қазақстан
Республикасындағы банктер туралы заңға сәйкес, Ұлттық Банк бекіткен
тәртіпте күмәнді және үмітсіз қарыздарға қарсы арнайы провизиялар құру
арқылы берілген несиелер мен басқа да активтерді жіктеуге міндетті.
Банк қызметін реттеу шараларының ішіндсгі ең маңыздысы пруденциялық
нормативтер. 2002 жылы 3 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасынын № 213
қаулысымен бекітілген "Екінші деңгейдегі банктерге арналган пруденциялық
нормативтер туралы" ережеге сәйкес оларға мыналар жатады:
жарғылық қордың ең төменгі мөлшері;
меншікті қаражаттардың жеткілікті коэффициенті;
бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшері;
өтімділік коэффициенті;
ашық валюталық позиция лимиті;
негізгі қорларға және басқа қаржылай емес активтерге жұмсалынған банк
инвестициясының ең жоғары мөлшерінің коэффициенті.

1. Банктің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері
Банктің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерін Ұлттық банк
Басқармасы бекітеді. Банк акционерлерден өзінің акцияларын номиналдық
бағадан төменгі деңгейде ғана, сондай-ақ ондай сатып алу кез- келген
пруденициялық нормативтер мен орындауға міндетті басқа да нормалар және
лимиттерді бұзбаған жағдайда ғана сатып ала алады.

2. Меншікті қаражаттардың жеткілікті коэффициенті
Меншікті капитал (К) — бұл I деңгейлі капитал мен II
деңгейлі капитал (I деңгейлі капиталдан аспайтын мөлшерде) қосындысынан
банктің инвестицияларын шегеру арқылы есептеледі.
Банк инвестициясы — акцияның (жарғылық капиталда
қатысу үлесі) және еншілес ұйымдардың, сондай-ақ басқа
заңды ұйымдардың субординирленген қарызына
жұмсалымдар сомасы.
Ұйымдардың субординирленген қарызына жұмсалымдар мынадай шарттардың
біріне сәйкес келуге тиіс:
жоғарыда аталған заңды тұлғалардың қаржылық есебі халықаралық стандартқа
сәйкес жасалуы және аудиторлық қорытындымен расталуы тиіс;
жоғары аталған заңды тұлғалардың акциялары Қазақстан қор биржасының ресми
тізімінің "А" категориясына енуге тиіс;
жоғары аталған заңды түлғалардың қарыз рейтингі Standard & Рооrs және басқа
халықаралык рейтингтік агенттіктердің "А" рейтингінен төмен болмауға тиіс.
Бірінші деңгейлі капитал (К1) мыналардан құралады:
төленген жарғылық капитал;
қосымша капитал;
- өткен жылдардағы бөлінбеген таза табыс (өткен
жылдардағы таза табыс есебінен құрылған қорлар, резервтер шегерілген)
- материалдық емес активтер (Халықаралық қаржы
есебіне Халықаралық стандартына сәйкес банктің негізгі
кызметінің мақсатына алынған лицензияланған бағдарла-
малық қамсыздандыру);
өткен жылдардағы зиян;
ағымдық жылдағы шығыстардың ағымдық жылдағы табыстардан артық сомасы.
Екінші деңгейлі капитал мыиалардан қүралады:
ағымдық жылдағы табыстардан ағымдық жылдағы шығыстардың артық сомасы;
бағалы қағаздар мен негізгі құралдарды қайта бағалау мөлшері;
тәуекелді есепке алып өлшенген активтср сомасының 1,25%-нан аспайтын
сомадағы жалпы резервтер (провизиядар) мөлшері;
- бірінші деңгейлі капитал сомасының 50%-ңан аспайтыи
сомадағы банктің субординарлық қарызы;
Банктің субординарлық қарызы — бұл мынадай талаптарға сәйкес келетін,
банктің қамтамасыз етілмеген міндеттемесі:
депозит немесе міндеттеме болып табылмауға тиіс;
банктің немесе онымен байланысты аффилиирленген тұлғалар талаптары бойынша
кепілдік ретінде қамтамасыз етілуге тиіс;
алдын ала (толық немесе жартылай) өтелумеугс тиіс;
банктің таратылуы барысында соңғы кезекте қанағаттандырылуға тиіс
(акционерлер арасында қалған мүлікті болу алдында).
Банктің субординарлық қарызы - бастапқы қайтару мерзімі 5 жылдан жоғары
болып келетін, меншікті капиталға жататын субординарлық қарыз.
Облигация субординарлық қарызға және меншікті капиталға жатуы мүмкін,
егер, ол ҚР-ның заңдылықтарына сәйкес шығарылса.
Банктің субординарлық қарызы меншікті капитал ретіндс есепке алынады
және бес жыл ішіиде мынадай мөлшерде қалып, қалғаны қайтарылады:
1.-ші жылы - субординарлық қарыздың 80% сомасы;
2-ші жылы - субординарлық қарыздың 60% сомасы;
3-ші жылы - субординарлық қарыздың 40% сомасы;
4-ші жылы - субординарлық қарыздың 20% сомасы;
5-ші жылы - субординарлық қарыздың 0% сомасы,
Меншікті қаражаттардың (меншікті капиталдың) жеткіліктігі төмендегідей
екі коэффиценттің көмегімен есептеледі:
Банктің бірінші деңгейлі капиталының барлык активтер сомасына қатынасы
0,06 —дан кем болмауға тиіс

К I - ИК
к 1 =
А
мүнда,
К I — бірінші деңгейлі меншікті капитал; ИК - банктің акцияға
жұмсаған инвестициялары және басқа да заңды тұлғалардың субординарлық
қарызы;
А — банктің жиынтық балансына сәйкес барлық активтерінің сомасы.
Банктің меншік капиталының тәуекел дәрежесіне қарай топтасқан
активтерге қатынасы 0,12 -ден кем болмауы тиіс.

К
к2 = --
Ар - Пс
мұнда,
К — банктің меншік капиталы;
Ар – тәуекел дәрежесіне қарай топтасқан активтер және баланстан тыс
міндеттемелер сомасы. Тәуекел дәрежесіне байланысты өлшенген активтерді
есепке алу барысында кастодиандык келісім-шарт негізінде банкке қабылданған
ақшалар есепке алынбайды;
Пс - арнайы резервтер (күмәнді және үмітсіз активтер бойынша құрылған
провизиялар) қосылған меншікгі капиталға қосылмаған құрылған жалпы
резервтер сомасы (яғни, тәуекел дәрежесіне қарай топтасқан активтер
сомасының 1,25, % асатын сомасында).

3. Бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің жоғарғы мөлшері. Бір қарыз
алушы - ҚР-ның заңдарында немесе жасалған келісім-шартта көзделген негізде
қарыз алушы немесе үшінші бір түлғаның алдында алдағы 2 айдың ішінде не
белгісіз мерзімге несиелік тәуекелгс баратын банк тарапынан туындайтын
талаптары бар әрбір жеке және занды тұлға.
Бір қарыз алушыға келетін, тәуекелдің мөлшері мыналардың сомасынан
тұрады:
банк балансында есепкс алынатын, қарыз алушыға қатысты банк талабы;
соңғы бес жыл ішіндс банк балансынан шегерілген, қарыз алушыға қатысты банк
талаптары;

3) ҚР заңдарында немесе жасалған келісім-шартта көзделген негізде қарыз
алушы немесе үшінші бір тұлғаның алдында алдағы 2 айдың ішінде не белгісіз
мерзімге несиелік тәуекелге баратын банк тарапынан туындайтын (несиелік
тәуекелмен байланысты) талаптар;

(-) шегерілген,
қарыз алушының міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету сомалары, оның
ішінде:
- банк қарамағына берілген депозиттегі ақшасы, ҚР Үкіметі және Ұлттық
банктің шығарған мемлекеттік бағалы қағаздары, құйма бағалы металдары,
Standard & Роогs және басқа халықаралық рейтингтік агенттіктердің "А"
рейтингін иелснетін банк кепіл-хаттары;
-ҚР Үкіметі және Ұлттық банкіне қатысты талаптары;
-Standard & Рооrs және басқа халықаралық рейтингтік агенттіктердің
"ВВВ" рейтингінен төмен емес ұзақмерзімді қарыздық рейтингі бар
банктердің ашқан корреспонденттік шотарына қатысты талаптары.
Бір қарыз алушыға келетін тәуекел мөлшері қарыз алушының міндетгемелері
бойынша тәуекел мөлшерінің (Т) банктің меншікті капиталына (К) қатынасы
арқылы есептеледі:

Т
кЗ =
к
мұнда,
Т - тәуекел мөлшері (несие лимиті);
К - банктің меншік капиталы.

кЗ —тің мәні мынадай екі жағдайда қарастырылады:
Банкпен ерекше қарым-қатынастағы қарыз алушылар үшін, - 0,10-ден аспауға
тиіс;
Басқа да қарыз алушылар үшін — 0,25-ден аспауы тиіс (соның ішіндс 0,10 —
баланстан тыс міндеттемелермен қамтамасыз етілмегсн бланктік несиелер,
сондай-ақ оффшорлык аймақ аумағында тіркелгсн Қазақстан .Республикасының
бейрезиденттерге берілген несиелер бойынша).
4. Ағымдағы өтімділік коэффициенті.
Өтімділікті бақылап отыру мақсатында банктер ағымдағы өтімділік
коэффиценттсрінің есебін береді.
Өтімділік коэффициенті екі коэффициент көмегімен
анықталады:
банктің ағымдағы өтімділік коэффициенті (к4.1);
банктің қысқа мерзімді өтімділігінің коэффициенті
(к4.2).
Ағымдағы өтімділік коэффицентінің ең төменгі мәнін Ұлттық банктің
басқармасы бекітеді.
Ағымдағы өтімділік коэффициенті (к4) өтімділін жоғары активтердің
орташа айлық шамасының талап етілетін міндеттемелердің орташа айлық
шамасына қатынасы арқылы есептеледі.
Ағымдағы өтімділік кооффициенті (к4.2) төмендегідей түрде есептеледі:
Аор
к4.1= ,
Мор

мұндағы,
Аор- өтімді акгивтердің орташа айлық шамасы; Мор - талап
етілетін міндетемелердің орташа айлық шамасы;
К4 — ағымдағы өтімділік коэффициенті.

Өтімділігі жоғары активтерді есептеуге мыналар жатады:
қолма-қол ақшалар;
мемлекеттің бағалы қағаздары және Қазақстан ипотекалық компаниясының
борыштық бағалы қағаздары, сондай-ақ өтімділігі жоғары басқа да бағалы
қағаздар;
құйма қымбат бағалы металдар;
Ұлттық банктегі Standard & Poors және басқа рейтингтік агенттіктердің "А"
төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі бар бейрезидент-банктердегі талап егуге
дейінгі депозиттер;
Standard & Poors және басқа рейтингтік агенттіктердің "А" төмен емес ұзақ
мерзімді рейтингі бар ҚР банктерге берген "овернайт" займдары.
Талап етілуге дейінгі міндеттемелерге мыналар есептеледі:
клиенттердің және банк-корреспонденттердің талап етуге дейінгі
депозиттері;
"овернайт" банкаралық несиелері;
есеп айрысу мерзімі көрсетілмеген басқа да талап етуге дейінгі
міндеттемелер.
Банктердің қысқа мерзімді өтімділік коэффициенті (к5) үш ай мерзімнен
аспайтын өтелу мерзімі бар активтердің орташа айлық шамасының үш ай
мерзімге дейін тартылған талап етілетін міндеттемелердің орташа айлық
шамасына қатынасы арқылы есептеледі:
Аор

к4.2 =

Мор

мұндағы,
Аор- өтелу мерзімі үш айдан аспайтып активтердің орташа айлық шамасы;
Мор — үш ай мерзімге дейін тартылған талап етілетін міндеттемелердің
орташа айлық шамасы;
к5 — қысқа мерзімді өтімділік коэффициенті.

Өтімділік коэффициентін есептеуде мынадай баптар есепке
алынбайды:
1) стандартты активтерден басқа активтер;
сенім туралы келісім-шартына сәйкес және кастодиандық келісімшарт негізінде
банктің сақтауға қабылдаған инвестицияланбаған қаражат қалдықтары;
Ұлттық банктің офшорлық аймақ тізіміне енбеген, офшорлық аймақта тұратын
бейрезиденттерге қатысты талаптар.
Есептік мерзім ішіндс банкте кредиторлар мен депозиторлар алдында
мерзімі өткен міндеттемелері болса, өтімділік нормативі орындалмаған болып
саналады.
Банктср ағымдағы өтімділік коэффициентін есебімен қатар активтер мен
міндеттемелердің мерзімдері бойынша салыстыру кестесімде беруге міндетті.
Аталған активтер мен міндеттемелерді мерзімдеріне қарай салыстыру кестесін
толтырғанда әрбір активтер (міндеттемелер) үшін ең аз мерзім қарастырылады
және сол мерзім ішінде банк дебиторлар мен корреспонденттерінің
міндеттемелерді орындауын талап етуге құқы бар. Бұл жердс активтер банктің
қызметіне байланысты зияндарды жабуға арналған резервтерді (провизияларды)
шегермей-ақ қамтиды.

Несиелеу механизімі және несиелік процесі.
Несиелеу механизімін кеңес экономистері жалпы несиелік механизімнің
“техникалық қабаты” ретінде бөліп қарастырады.
Несиелеу механизімі-несиенің берілу және қайтарылу әдіс-тәсілдерін және
несиелеу процесін, сондай-ақ несиенің қозғалысына бақылауды қамтитын
несиелік механизімнің құрамдас бөлігі.
Басқаша айтқанда, несиелеу механизімі бұл несиені пайдалану механизімін
білдіреді. Несиелеу механизімі бұл несиені ғылыми тұрғыда тану механизімін
сипаттайды. Бұл механизім практикада нақты әрекет ететін, өзінің
субьективтік сипаты бар механизім. Несиелеу механизімі өзінің мәні жағынан
несиелік процесс технологиясын бейнелейді.
Несиелеу процесі мынадай кезеңдерді қамтиды:
•несие деген өтінішті қарау;
• несие қабілетін талдау ;
•несиелік келісім-шарт жасау;
•несие беру;
•несиелік мәміленің орындалуына бақылау жасау.
І кезең. Банкке келіп түскен несиеге деген өтінішті қарау.
Кез келген несиелік оперциялар осыдан басталады. Мұндай құжаттарда
қарыз алушы мен сұралатын несие туралы негізгі мәлметтер: мақсаты, мөлшері,
түрі, мерзімі, мүмкін болар қамтамасыз ету мүлкі көрсетіледі.
Банктің қоятын талаптарына дайланысты өтінішке қосымша, яғни несиелік
операциялар сипатына байланысты құжаттар беріледі. Клиенттердің әр түрлі
топтары үшін әр түрлі құжаттар пакеті әзірленуі мүмкін. Мысал ретіндегі
құжаттар пакетінің құрамына жататындар:
1) құрылтайшылық құжаттардың, жарғынының, жалға алу шартының, тіркелген
куәліктерінің немесе патентерінің; нотариалды түрде куәландырылған жерді
пайдалану құқығын куәландыратын құжаттар; азаматтардың төл құжаттары және
клиентің несие алуға құқығын растайтын басқа да құжатардың көшірмелері;
2) соңғы екі жылдық қарыз алушының баланысы және оған қосыша беттер;
3) несиеленетін шаралардың рентабельдік деңгейін және оның қайтарылу
мерзімін сипаттайтын техникалық – экономикалық есебі;
4) несиеленетін мәмілелерді растайтын келісім-шарттар
көшірмелері(материалдық құндылықтарды жабдықтауға және сатуға арналған
шарттар, тауарлы-материалдық құндылықтар шотының көшірмелері және т.с.с.),
5) басқа банктерден алған несиелер туралы мәліметтер (шоттар бойынша
көшірме);
6) қамтамасыз ету мақсатында кепілге берілген мүлікке қарыз алушының
меншік құқығын растайтын құжаттар;
7) несиені қайтаруға байланысты міндеттемені куәландыратын құжаттар;
8) қызметін жаңадан бастаған, яғни қаржылық есептер және басқа да
құжаттары жоқ кәсіпорынның бизнес жоспары.
Қажет жағдайларда банк қарыз алушыдан несиені қайтаруын қамтамасыз
ететін басқа да қүжаттар мен мәліметтерді талап ете алады. Сонымен қатар,
банкпен тұрақты несиелік қатынаста болатын қарыз алушылар үшін кейбір
құжаттар тізімі қысқаруы мүмкін. Қарыз алушы банкке несие алуға өтініш
жасаған уақытта, банк несиелеудегі толтыруы мүмкін. Онда:
• фирманың жетекшісі мен қарыз алушының аты-жөні;
• қызметі және меншік түрі;
• клиенттің заңды мекен-жайы;
• ағындық және валюталық шот ашқан банктің аты және реквизиттары;
• негізгі құрылтайшылары;
• ол сұрайтын несиенің мақсаты, сомасы есептік күнге берілген
баланс құрылымы және басқа да көрсеткіштер.

Тапсырылған құжаттарды оқып үйрену барысында банк қарыз алушының алған
ссудасын қайтару қабілетін бағалаудың шешім қабылдау үшін аса маңызы бар.
Бағалау техникалық-экоромикалық есеп негізінде жасалады.
II кезең. Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау кезеңі.
Қарыз алушының несиелік қабілеті-қарыз алушының алған ссудасы бойынша
қарызды уақытылы және толық көлемде қайтару қабілетін бағалаумен
сипатталады. Несиені қайтара алмау тәуекелі көптеген факторлардың әсерінен
болуы мүнкін, сондықтан да, банк клиентке несие беруге шешім қабылдаудан
бұрын оның несиелік қабілетін талдайды. Бұл көрсеткіш банктің өтімділігіне
ықпал етеді.
Қарыз алушының несиелік қабілетіне талдау жасау барысында мынадай
факторлар есепке алынады:
1) Судаға қатысты қабілеттілігі. Қарыз алушыға ссуданы бере отырып,
қарыз алушының атынан шығатын тұлғаның құқықтық қуатын анықтайтын Жарғысы
және нұсқаумен танысуға тиіс;
2) Қарыз алушының іскерлік беделі. Несиелік мәмілеге тиісті беделі деп
қарыз алушының қарызды қайтаруға дайындығын ғана түсінбейді, сондай-ақ
келісім-шартқа байланысты барлық міндеттемелерді орындауы түсіндіріледі.
3) Табыс алу қабілеті. Банк қарыз алушының ссуданы қайтаруға жеткілікті
қаражатты табу қабілетіне баға беруі қажет.
Қарыз алушының табыс алу қабілетін анықтау барысында сату көлеміне,
баға шындарына, шығыстарға әсер ететін факторлар есепке алынады. Бұл
факторларға: қарыз алушы кәсіпорынның орналасқан жері, оның тауарлары мен
қызметтерінің сапасы, шикізат құны, қызметкерлерінің біліктілігі жатады.
Несиелеудегі шетелдік тәжірбиеде бұл факторларға қоса жарнамалау
тиімділігі, бәсеке сияқты факторлар ескеріледі.
ІІІ кезең. Несиелік және кепіл туралы келісім-шарт жасау. Қазіргі
несиелеудің басты ерекшелігі бойынша банк қарыз алушының несиелік қабілетін
тексеріп болғаннан кейін, несиелік шарт жасасу үшін несиелеу субьектісімен
қатынасқа түседі. Несиелеуге байланыты барлық сұрақтарда банк пен қарыз
алушы келісім-шарт негізінде шешеді.
Несиелік келісім-шарт екі жақтың өзара міндеттемелерін және
жауапкершіліктерін анықтайды. Онда мыналар көрсетіледі:
- несиелеу мақсаты және обьектісі;
- несиенің мөлшері;
- ссуданы беру мерзімі және қайтару шарттары;
- несиені қамтамасыз ету формасы;
- несие үшін төленетін сыйақы мөлшерлемесі;
- несиенің қозғалысын және клиенттің қаржылық жағдайын бақылау үшін
қарыз алушының беретін құжаттарының тізімі;
- несиелеу процесіндегі банктің бақылау қызметі.
Несиелік келісім-шарттың мазмұнын келісуші жақтардың өздері анықтайды.
Несиелік қатынастарды ұйымдастыру тәжірбиесінде кепіл туралы келісім-
шарттың орны ерекше. Кепіл туралы шарт кепіл затына байланысты ажыратылады.
Кепіл затына: заттар, бағалы қағаздар, басқа да мүліктер және мүліктік
құқықтар жатады.
Материлдық-заттық мазмұнына қарай кепіл заттары мынадай топтарға
бөлінеді:
1. клиенттің мүліктерінің кепілі:
• тауарлы-материалдық құндылықтар кепілі:
• шикізаттар, материалдар, жартылай өнімдер кепілі;
• уарлар және дайын өнімдер кепілі;
• валюталық бағалылар (нақты валюталар), алтыннан жасалған бұйымдар
кепілі;
• басқа да тауарлы-материалдық құндылықтар кепілі;
• бағалы қағаздар (вексельдер) кепілі;
• сол банктегі депозиттер кепілі;
• жылжымайтын мүлік кепілі (ипотека).
2. Мүліктік құқықтар кепілі:
• жалгерлік құқық кепілі;
• авторлық құқық кепілі;
• жерге құқық кепілі;
3.Кепіл туралы келісім-шартқа мынадай мәселелер қарастырылады:
• келісім-шарт жасаушы тараптар туралы мәлметтер;
• Келісім-шарт заты;
• Кепіл берушінің құқықтары мен міндеттері;
• Талап ету құқықтары;
• Кепілге қойған мүліктің бұзылуына байланысты тәуекел жағдайлары
мен кепіл затын ауыстыру;
• тараптардың жауапкершіліктері;
• Ерекше шарттар;
• дауларды шешу;
• Басқа шарттар;
• Кепіл туралы келісім-шарт жасаушылардың заңды мекен-жайы мен өзге де
мәліметтері.
ІV кезең. Несие беру кезеңі. Бұл кезең ағымдық шот ашу, ссуданы беруді
құжаттау тәртібін (қосымша құжаттар толтыралуы мүмкін), ссуданы беру
тәсілін анықтайтын несиелеуді ұйыдастыру және техникалық шарттарын қамтиды.
Несиенің көлеміне байланысты әр түлі берілу тәсілдері болады.
Біріншісі - несие клиенттің шотына толығымен аударылып, қажет болған
жағдайларда жұмсалынады.
Екіншісі – несие алуға құқығы қосымша қаражаттарға деген қажеттіліктің
туындауына байланысты біртіндеп іске асады.
Үшіншіден – белгілі бір соманы алуға клиеттің құқығы бола отырып, ол
оны алудан бас тартады (мысалға, артық сыйақы төлегісі келмейді).
Несиенің мөлшері оны беру барысында несиелеу ережелеріне сәйкес
анықталады.
V кезең. Несиені қайтару және оған сыйақы төлеуіне бақылау жасау –
несиелік операцияның маңызды кезеңі. Ссудалар бойынша қарызды қайтару
тәсілі банк қаражаттарының пайдалану ұзақтығына және олардың төлем
айналымын құраудағы рөліне байланысты.
Несиенің берілуі сияқты несиені қайтарудың бірегей жасалған үлгісі жоқ.

Іс жүзінде ссуданы қайтарудың төмендегідей көптеген варйанттары болады:
1) мерзімді міндеттемелер негізінде эпизодтық қайтару;
2) меншікті қаражаттардың жинақталуының және несиеге деген есеп айырысу
шотына қажеттіліктің азаю шамаксына қарай қайтару;
4) түскен түсімді бірден ссудалық қарызды жабуға есептеу;
5) несиенің қайтарылу мерзімін созу;
6) мерзімі өткен қарызды “Мерзімі өткен несиелер ”шотына аудару;
7) банк резерві есебінен мерзімі өткен ссудаларды шегеру.
Ссудалық қарызды қайтару туралы қарастырылған варианттар бұл процесті
мынадай белгілеріне байланысты жіктейді:
Қайтаруына қарай:
1) несиені толық қайтару;
2) несиені жартылай қайтару;
Қайтару жиілігіне қарай:
1) несиені бірден қайтару;
2) несиені бөліп-бөліп қайтару;
Қайтарудың жүзеге асырылу уақытына қарай:
1) несиені жүйелі түрде қайтару;
2) несиені эпизодтық қайтару.
Қайтару мерзімдеріне қарай:
1) несиені мерзімді қайтару;
2) несиенің уақытын созып қайтару;
3) несиенің мерзімін өткізіп барып қайтару;
4) несиені мерзімімен бұрын қайтару;
Қайтару көздеріне қарай:
1) клиенттің меншікті қаражаттары;
2) жаңа несиені пайдалану;
3) кепіл берушінің шотынан шегеру;
4) басқа кәсіпорын шотынан түскен қаражаттар;
5) бюджеттік түсім және т.б.
Несиенің қайтарылуын арнайы құжат арқылы жасауға да, жасамауға да
болады. Несиенің қайтарылуын негіздейтін құжатттарға: клиенттің жазбаша
үкімі, банктің өзінің үкімі, соттың бұйрықтары жатады. Клиенттің өзінің
шотынан ақшалай қаражаттарды шегеру туралы берген үкімі жазбаша да және
ауызша да болады. Несиенің қайтарылуы қағазсыз, яғни байланыс каналдары
арқылы да жүзеге асырылады.
Ссуданың қайтарылуына бақылау жасау үшін банкте ссудалар бойынша
мерзімді міндеттемелердің картотекасын жүргізеді. Банк қызметкерлері
күнделікті қайтарылатын мерзімі жеткен ссудаларды қарай отырып, қарыз
алушының есеп айырысу шотынан қаражаттарды шегеруге үкім-ордерін
береді. Жартылай қайтаруға байланысты төлемдер уақыты жеткен кезде
мерзімді міндеттеменің келесі бетіне тиісті белгілерін жасайды. Егер
де қарыз алушының ағымдық шоты басқа банкте ашылған болса, ссуда
бойынша қарызды және сыйақыны қайтару қарыз алушының төлем
тапсырмасы негізінде жүргізіледі. Жекелеген жағдайларда, қарыз
алушының уақытша қаржылық қиындықтарға кезігуіне байланысты банк
қайтару мерзімін кейінге қалдыруға рұқсат етуі мүмкін, бірақ бұл
қарыз жоғарғы сыйақымен құжатталады.
Сыйақы мөлшері оны төлеу мерзімі және тәртібі, сондай-ақ оларды
іздестіру механизмі несиелік келісім-шартта анықталады. Сыйақы ай
сайын, тоқсан сайын және т.б. есептелуі және қайтару кестесіне
сәйкес іздестірілуі мүмкін.
Пайызды есептеу барысында шартты түрде айдағы күндер саны-30,
ал жылдағы-360 күнмен алынады.
Банк несиелік келісім-шарттың орындалуына, қарыз алушының алған
несиені пайдалануына және оны толық қайтаруына бақылау жасайды. Осы
мақсатта қарыз алушының шаруашылық қызметіне, оның қаржылық
жағдайына талдау жасап, қажет болған жағдайларда, орнында ақшалай
және есеп айырысу құжаттарын, бухгалтерлік жазуларды, есептік
материалдарды тексереді. Осы жерде қарыз алушыдан алған барлық
қаржы ақпараттар түрлері мен басқа да ақпараттар, сондай-ақ басқа
да көздер пайдаланылады. Әрбір банктің өзінің клиенттің несиелік
ісін жүргізу жүйесі болады.
Несиелік келісім-шартқа байланысты өз міндеттемелерін орындамаған қарыз
алушыларға қатысты, банк: қарыз алушыға әрі қарай несиелеуді тоқтату туралы
ескерту жасауға; несиелік шартында қарастырылғандай, беруді тоқтатуға құқы
бар. Қарыз алушы несиелік келісімнің шарттарын жүйелі түрде орындамаған
жағдайда банк несиені мерзімінен бұрын қайтаруды талап етуге құқылы.
Несиелеу процесіне жасалатын бақылау банктің несиелік портфелін
мерзімді түрде тексеріп отырумен де толықтырылады. Өйткені, банктің
несиелік портфелі оның табыс көзі және несиелік операцияларды жүргізу
барысындағы тәуекел көзі болып табылады.

Ұзақ мерзімді несие бойынша банк операциялары
Инвестиция саласында орын алған құрылымдық өзгерістердің талдауы
мынадай тұжырым жасауға мүмкіндік береді:несие және салым
әдістерімен орталықтандырылған капитал салымдарының азайтылғанына және
орталықтандырылмаған капитал салымдарының шектелгеніне қарамастан
ұзақ мерзімді инвестицияның және олардың қаржы – несие тұрғысынан
қамтамасыз етілу проблемалары бүгінгі таңда өткір күйінде қалып
отыр. Бұл мыналарға байланысты:
1) тұтынылатын тауар өндірісінің жиынтығында шоғырланған
шаруашылық жүргізудің бірқатар саларында инвестициялық қызмет
жанданды, аймақтық басқару органдарының әлеуметтік инфрақұрылымды
инвестициялаудағы рәлі артты;
2) “инвестициялық тастандының ” есебінен құнды қағаздағы, жалға
берудегі, құрал – саймандағы, жекешелендірудегі инвестиция өсті;

3) мамандандырылған қаржы – несие институттарының, инвестициялық
банктердің және капитал салымдарын жеңілдікті қаржыландыруға және
несиелеуге арналған қорлар құрылды;

4) негізгі элементтеріне ақша – несие тұрғысынан реттеу тетігі жататын
экономиканы басқарудың нарықтық тетіктері қолданысқа енді.
Ұзақ мерзімді несиелерді бөлумен ҚР территориясынды несие қағаздармен
операцияларды шектеудің және ынталандырудың арнайы тетігін, коммерциялық
банктердің кқтер денгейі жоғары активтерін (ұзақ мерзімді несиелер мен
құнды қағаздардағы банктің салымын) шектейтін белгіленген экономикалық
нормативтерден көрініс тапқан.
Салыстырмалы түрде аса ірі жарғылық капиталға не коммерциялық банктер
ұзақ әрі қатерлі ссудаларды ұсынуы мүмкін.
Мұнда ссудалық саясатты әзірлеу барысында маңызды фактор ретінде болатын
активтердің пайдалылығы ескеріледі.
Ұзақ мерзімді банк несиесі берілетін объектілерге капитал
салымы үшін кәсіпорындар, ұйымдар және құрылыс бойынша шығындары
үшін азаматтар жатыу мүмкін, сондай-ақ, ұзақ мерзімді банк несиесі
өндірістік және әлеуметтік – тұрмыстық тағайындаудағы объектілерді қайта
құруға және оны техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, техниканы, құрал –
сайманды және көлік құралдарын, үй – ғимарат пен құрылғыларды сатып
алуға, сонымен бірге бірлескен кәсіпорынды құруға, ғылыми – техникалық
өнімдерді, интеллектуалдық құндылықтарды және өзге де меншік объектілерін
жасауға берілуі мүмкін.
Ұзақ мерзімді несиедегі қажеттіліктерді ірі қарыз алушылар, әдетте,
қаражатты пайдаланбастан бұрын жоспарлап қояды. Кәсіпорындыр мен ұйымдардың
несие өтінімі негізінде банк әр кезең жылдарында сұралуы мүмкін несиенің
ықтимал сұранысын анықтайды, өзге ссуда бойынша мерзімдерді және талап
етілген ресурстардың сомасын есептейді. Несие өтінімі ресурстардың шегінен
асып түсетін болса, банк мыналардың бірін таңдауына тура келеді: несиенің
бір бөлігін өз мойнына алатын корреспонденттік банктермен өзара пайдалы
келісімшартқа отыру немесе банк өзіне аса қажетті клиенттен бас тарту.
Бұл онымен (клиентпен), банктің өзара қарым – қатынасыны қауіп
төндіреді.
Ұзақ мерзімді ссуданы беру барысында банктердің кәсіпорындармен,
ұйымдармен және азаматтармен құратын негізіне несие қатынасының несие
келісімшарты жатады.
Әдетте, ұзақ мерзімді несие берудің несие келісімшартының ресімделуі
техникалық – экономикалық негіздемесінің ұсынылуымен бірге жүреді. ТЭН-де
несиенің қандай мақсат үшін сұралғаны рет-ретімен көрсетіледі, ең сыйымды
баптарды (материалдық шығындар, еңбекақы және т.б.), ажыратумен несие
есебінен төлеуді көздейтін ұйғарынды шығындардың (сметаның) есеп айырысуы
жүргізіледі.
Шикізаттың, несиеленетін шараны жүзеге асыруға қажетті материалдардың,
жиынтықтаушы бұйымдардың, құрал – жабдықтың және басқадай материалдардың,
жоспарланған түсімі жеткізілімдердің мөлшерің, құнын, мерзімін көрсететін
жеткізушімен жасалған тиісті келісімшартпен (жекелеген жағдайда –
құндылықтарды жеткізуді, жұмыс өндірісін, қызмет көрсетуді жүзеге асыратын
олардың кепілдемесімен) нығайтылуы керек.
Есеп айырысулар мен келісімшартта қолданылатын бағаға сілтеме
(прейскуранттық келісімшартты және т.б.) жасалуы керек.
Табыстың есеп айырысуын жалпы табысты да және таза табысты да
(қажетті шығындарды, аударымдарды, салықты және басқадай міндетті
төлемдерді ескерумен) көрсете отырып, несиені пайдаланудың барлық жоспарлы
кезеңіне жасау қажет.
Клиент сатып алушылармен жасасқан келісімшарттың деңгейінде және
жеткізілімнің мөлшері мен құнын көрсету арқылы олардың өтінімі деңгейінде
несиеленген шаралардың (өнім, жұмыс, қызмет көрсету) нәтижелерін жүзеге
асырудың бір бөлігінде өзінің істегендерін де ұсынуы тиіс.

Бұл мәлімет ссуданың қаншалықты тиімді болатындығың анықтаудың және
оның өтелетін нақты мерзімін анықтаудың бастапқы негізі болып табылады.
Банк әдетте залалды, пайдалылығы төмен, коммерциялық емес немесе нақты
әлеуметтік бағыты жоқ жобаларды несиелемейді.
Несиенің өтелуі мен қайтарылуын қамтамасыз ететін, басқа қызмет
түрлерінен түсетін клиенттің табысы арқылы орны толтырылатын бағдарламалар
ғана несиеленуі мүмкін. Алайда бұл жобалар банк қызметінің жарғысына,
міндеттемелері мен бағдарламасына қайшы келмеу керек.
Егер жоба қандай да бір мүліктің жалгерлігімен немесе жаңа құрылыс
салумен байланысты болатын болса, банкке, сонымен қатар жалдау келісім
шартының көшірмесін және осы мақсат үшін тиісті жер учаскесін бөлу
жөніндегі жергілікті үкімет органының шешімін ұсынуы қажет.
Несие есебін жүзеге асырылатын аса ірі инвестициялық бағдарламамен
байланысты жобалар алдын ала сараптауға берілуі мүмкін.
Ұзақ мерзімде несиені пайдаланудың проценттік мөлшерлемесі,
комиссиялық сыйақысы және басқа да төлемдер келісімшарт негізінде
белгіленеді.
Процент мөлшерлемесі тұрақты әрі өзгермелі болуы мүмкін.
Тұрақты мөлшерлеме ссуданың барлық мерзімінде өзгеріссіз қалады, ал,
өзгермелісі нарық жағдайына, депозит (салым ақша) бойынша проценттің
өзгерісіне, ресми жарияланған инфляция индексіне және өзге де
себептерге қарай қайта қарастырылып, кезең сайын(3-6 айда бір рет)
өзгертіледі.
Ұзақ мерзімді несиенің базистік мөлшерлемесін анықтау
барысында мына факторлар ескеріледі:
- Қаражатты тартудың шығыны;
- Қатер деңгейі;
- Ссуданы өтеудің мерзімі, бақылаудың (несиені өтей алатын
қабілетін талдау, кепілге салынғандарды кезең сайын тексеру,
төлем индексациясы және т.б ) және ссуданы ресімдеудің
шығындары;
- Коммерциялық банктердіңмөлшерлемелері, сондай-ақ, облигация
нарығындағы мөлшерлемелері, банк пен қарыз алушының арасындағы
қарым-қатынастың сипаты;
- өзге активтерді инвестициялау барысында алынуы ықтимал пайданың
нормасы.
Ұзақ мерзімді ұсақ ссуда бойынша проценттер әдеттегінше
келісімшарттың барлық әрекет ету мерзіміне белгіленеді.
Керісінше, аса ірі ссуда туралы келісім өзгермелі мөлшерлемені
қарастырады.
Несиенің пайдаланылған кезеңі үшін алынатын процентке тиесілі
сома ссуданы беру барысында бір мезгілде немесе бөліктеп
(біртіндеп) ұсталуы мүмкін, сондай-ақ, оны қарыз алушы несие
келісімшартымен анықталған мерзімге олардың есептелуі бойынша төлеуі
мүмкін.
Жекелеген құрылыс бойынша құрылыс кезеңі үшін есептелген
процент өндіріліп алынбауы мүмкін, оның сомасы аталмыш құрылысқа
берілген ссуда бойынша жалпы берешекке қосылатын болады әрі ссуданы
қайта қайтарудағы алғашқы төлем барысында өтеледі.
Банк жекелеген қарыз алушыларға немесе шаралар үшін
жеңілдікті несие беруді жүзеге асыру барысында оған осы
бағдарламаны жүзеге асыруға несиені тарту жөнінде шешім қабылдайтын
органның есебінен алынбаған процентті біртіндеп төлеу туралы мәселе
алдын-ала шешіледі.
Ұзақ мерзімді ссуда жеткізушілер мен мердігерлердің шотын төлем
немесе қарыз алушылардың есеп айырысу шотына төлем қаражатын
аудару жолымен ТМҚ-ны сатып алуына, құрылыс – монтаждау жұмысының
орындалуына қарай кезең бойынша немесе бір мезгілде берілуі мүмкін,
ал жалгерлерге, фермерлерге, жеке қарыз алушыларға олардың
азаматтармен есеп айырысуы үшін ссуда қолма – қол ақшамен беріледі.
Несие берудің нақты формалары несие келісімшартында
қарастырылады.
Берілген ұзақ мерзімді ссуда әрбір жекелеген жағдайда немесе
несиеленген шара айақталғаннан кейін қарыз алушының өз
міндеттемесін(міндеттеме-тапсырманы ) өтейтін аталмыш мерзіміне
ресімделеді.
Кәсіпорындарға, ұйымдарға және кооперативтерге берілетін ұзақ
мерзімді несиені өтеудің нақты мерзімі мен кезеңділігі қарыз
алушының қаржылық жағдайына, төлем қабілеттілігіне, шығынның өтелуіне
несие қатеріне, сондай-ақ, қосымша қаржыландыру көздерінің
айналымдылық жылдамдылығының қажеттілігіне қарай банктің қарыз
аалушымен жасасқан келісімшарты бойынша анықталады.
Ішінары алғанда, жер учаскесі, дача, гараж және өзге де
қосымша кепілге салынатын мүліктер арқылы банк беретін қосымша
несие, кәсіпорындар мен азаматтардың қаржылық қаражаты
муниципалитеттің демеуқаржы, жекешелендіру сертификаттары секілді
қосымша қаржыландырудың көздері де ұзақ мерзімді несиені өтеудің
мерзіміне және кезеңділігіне өз әсерін тигізуі мүмкін.
Оған жаңа құрылыс мерзімінде меншік құқығын берумен мерзімі
ұзартылған қолда бар жылжымайтын мүлікті сату-сатып алу аукционы
немесе делдалдық фирмалар арқылы контрактыны бекету жаңа құрылысты
жылжымайтын мүліктің фьючерлік сатылуынан түсетін түсімнің есебінен
қаржыландыруға мүмкіндік береді.
Бұл жүйе құрылыстағы бағаның тұрақсыздығымен байланысты
коммерциялық қатерді кемітуге мүмкіндік береді.

1.3 ААҚ “АТФ-Банк ” сипаттамасы

Ұлттық банкінің басқару құрылымы мен қызметін ұйымдастырудың басқа
да мәселелері Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы заңы және
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы ережесі негізінде
анықталады.
Ұлттық банк өзінің қызметтерін орындауы үшін басқарма, директорат, бас
аумақтық және облыстық басқармалармен қатар, басқа да жергілікті құрылымдық
бөлімшелері бар.
Ұлттық банкінің ең жоғарығы басқару органы Ұлттық банк төрағасымен
басқарылатын басқарма болып табылады. Басқарма тоғыз адамнан тұрады. Оның
құрамына – Ұлттық банк төрағасы, оның төрт орынбасары, Парламент пен
Президенттің бір-бір өкілі және Қазақстан Министрлер Кабинетінің екі өкілі
кіреді. Басқарма мүшелері ҚР Президентімен бекітіледі. Басқарма мынадай
сұрақтарды шешеді:
• мемлекеттік ақша-несиелік саясатын жасайды;
• Ұлттық банкі шығарған, банктер ісіне қатысты нормативтік актілерді
бекітеді;
• Парламент бекіткен тұжырым негізінде банкноттар мен монеталардың
номиналдық құнын және әшекейлік пішінін бекітеді;
• Ұлттық банкінің банктермен және Қазақстан Республикасының бюджетімен
операциялар ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
АТФ банк
«АТФ Банк» АҚ-ғы несие бөлімі
«АТФ Банк» АҚ
«АТФ Банк» акционерлік қоғамы - коммерциялық банк
«АТФ Банк» АҚ туралы
АТФ банк туралы
Автокөлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
Несиелік операцияларды басқарудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
Несие операцияларын басқарудың ақпараттық жүйесін тұрғызу ( казкоммерцбанк материалдары негізінде )
«АТФ банк» акционерлік қоғамының қызмет нәтижелерін талдау
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь