Қылмыстарды ашуда арнайы білімдерді қолдану тіркеу қызметін жетілдіру


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

ЖО С П А Р

Кіріспе . . .

1. Маманның тергеу әрекеттеріне қатысуы . . .

1. 1. Қылмыстық істер бойынша дәлелдеу элементтерін анықтауда арнайы білімдерді қолдану . . .

1. 2. Сот сараптамасының түрлері . . .

2. Сот сараптамаларын тағайындау . . .

2. 1. Сот сараптама мекемелері . . .

2. 2. Тергеушімен (сотпен) сараптамаларды тағайындау . . .

2. 3. Сот сараптамаларын жүргізу әдістемелері . . .

Қортынды . . .

Қолданылған әдебиеттер . . .

К І Р І С П Е

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының халықаралық қауымдастықтарға тартылуы, адами құндылықтың жоғарлауы және олардың Қазақстан Республикасының заңнамаларында орын табуы, қылмыстылықты бақылаудың және онымен күрестің жаңа әлеуметтік-құқықтық қадамдарын анықтайды.

Бұл бағытта соңғы жылдары түбейгейлі қайта құрулар жүргізіліп, құқықтық реформалар жүзеге асырылуда. Олардың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында заңдылықты нығайтуға, құқық қорғау органдарының қызметін нығайту болып отыр.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында криминалдық ахуал аса күрделілігімен ерекшеленеді. Экономикалық, әлеуметтік, саяси және моральдік-психологиялық сипаттағы криминогендік факторлар құқықтықтәртіп жағдайына, азаматтардың жеке қауіпсіздігіне және мемлекеттік қауіпсіздікке негативті әсер етуде. Демократиялық құқықтық мемлекет және азаматтық қоғамның прогрессивті жинақталу диалектикасы мемлекеттік билік, құқық қорғау органдарының қауіпсіздік жүйесіне, оның ішінде қылмыстылықпен күресте алдыңғы қатарда тұрған ішкі істер органдарының тергеу және жедел қызметіне ерекше талап қоюда себебі, үлдемелі және жоғарыұйымдасқан қылмыстылыққа тек қана жоғары ұйымдастырылған құқық қорғау жүйесі ғана қарсы тұра алады.

Қазіргі таңда қылмыстылықтың масштабының кеңеюі салдарынан қауіп төндіру сипатын иемденуде, осыған байланысты, ішкі істер органдарын дамыту бойынша тиісті проблемаларды және тәжірибелік шараларды шешудің жаңа теориялық өңдемелерін жасау міндеттері туындайды. Қазіргі таңдағы ғылымның жетістіктерін ішкі істер органдарының тәжірибелік қызметтеріне енгізу және тез игеру қауіп төндіріп тұрған қылмыстылыққа табысты түрде қарсы тұруға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасында қоғамды реформалаудың әлеуметтік маңызды проблемаларының бірі қылмыстылықпен күрес болып табылады. Ресми статистика соңғы бес жылда жалпы қылмыстылықтың санының төмендеу тенденциясын байқатады. Егерде 2003 жылы тіркелген қылмыстың саны 155856 мың болса, 2005 жылы олардың саны 107668 мыңды құрап, 12, 9 пайызға төмендегендігін көрсетті. Көрсетілген уақыт аралығында қылмыстылықтың деңгейі (100 мың тұрғын есебінен) 2, 6 пайызға төмендеген.

Дегенмен де бұл жағдайда қылмыстық құбылыстардың латенттік дәрежесінің жоғары екендігін айта кеткен жөн. Жекелеген аймақтарда сондай-ақ, аймақаралық дәрежеде қылмыстық ортаның бірігуі және өзіндамытуы жағдай тереңдете түседі. Қазақстанда ұйымдастырушылығы төмен дәрежедегі бірнеше мың топтардың әрекеттерін бақылаушы 150 - ге жақын ірі қылмыстық қауымдастықтар саналған. Ұйымдасқан қылмыстық топтардың 3 - тен бірі үлкен масштабтағы қаржы жымқырулары және басқа да мүліктік айла тәсілдер жасауға мамандандырылған. Қылмыспен табылған капиталдарын бет перделеу үшін олармен 3, 5 мыңға жуық қоғамдық коммерциялық құрылымдар қолданылады. Бүтіндей алғанда ұйымдасқан қылмыс шамамен 5 мыңға жуық шаруышылық субъектілерін бақылайды. Қылмыстық құрылымдар өздерінің сыбайлас байланыстарын белсенді қолдануда. Әрбір жетінші ашылған қылмыстық топтарда осындай байланыстар бар екендігі анықталынған. Олар қылмыстық табыстардың 30-дан 50 пайызға дейінгі бөлігін мемлекеттік лауазымды тұлғаларды сатып алуға жұмсайды.

Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында ұзақ мерзімді басымды бағыттары ретінде ұлттық қауіпсіздік; ішкісаяси тұрақтылық және қоғамның бірігуі белгіленіп, оларды жүзеге асыруда ішкі істер органдарына маңызды сенім білдірілген [1] .

Алайда қылмыскерлердің жауаптылықтан бұлтартпастығын қамтамасыз етуі бойынша ішкі істер органдарымен қолданылып жатқан шаралар әзірше кәсіби деңгейде көңіл толарлықтай емес. Қылмыс жасаған әрбір екінші қылмыскер анықталмаған немесе кінәлілер оқиға болған жерден бой тасалап қашып кеткен. Қазіргі таңда ашылмаған кісі өлтіру 1, 8 пайызға, денсаулыққа қасақана ауыр жарақат келтіру-1, 4 пайызға, тонау 27, 6 пайызға, шабуыл жасау 47, 7 пайызға өсіп отыр. Ұрлық қылмыстарын ашу бұрынғыша төмен дәрежеде қалып 34 пайыздан аспай отыр [2] .

Қылмыстардың төмен дәрежеде ашылуының себептерінің бірі болып, анықтама және алдын ала тергеу қызметкерлерімен сарапшылардың көмегін пайдаланудың проблемалары табылады. Себебі, қылмыстарды тергеу және ашу өзінде іздеу-танымдық қызметті ұсынғандықтан, бұл қызметте маңызды рөлді қылмыстарды ашуда және тергеуде арнайы білімдерді кеңінен дұрыс қолдану және тиімді ұйымдастыруды жүзеге асыруы қажет.

Сол себептен, ішкі істер органдарының тергеу және жедел қызметтерін ары қарай реформалау мақсатында, қылмыстарды ашу және тергеу барысында арнайы білімдерді қолдану яғни, сарапшы-мамандардың көмегін және жедел қызметті жетілдірудің негізгі бағыттарының бірі ретінде атап көрсетілді.

Арнайы білімдерді пайдалануға байланысты криминалистикалық әдебиеттерде бірқатар жұмыстар арналды. Атап өтетін болсақ, Т. П. Адрианова, И. А. Алиев, С. Ф. Бычкова, Е. Г. Жәкішев, А. А. Исаев, О. Д. Ким, В. Н. Махов, Б. Т. Сексенбаев, К. Н. Шакиров, Ю. Т. Шуматов, С. Е. Еркінов, А. Я. Гинзбург, Б. А. Салаев және т. б. және т. б.

Көрсетілген авторлармен жекелеген тергеу әрекеттерін жүргізу немесе толықтай алғанда қылмыстардың жекелеген түрлерін тергеу барысында арнайы білімдерді қолданудың, криминалистика ғылымының жүйсінде орнын белгілеуге, оларды жетілдіру және қазіргі таңдағы жағдайға келтіруге басты назарды аударады.

Дегенмен де бұл күрделі және көпқырлы тақырып аяғына дейін зерттелген жоқ. Соңғы уақытта жүргізілген ғылыми өңдеулер оларды бөлшектеп оқу қажеттілік шарттары сұрақтарын түгелімен қамтылмады.

Сол себептен, әрекет шараларын өңдеу, іздеу, тәжірибеге жаңа ұйымдастырудың құқықтық негіздерін нақтылау өзінде теориялық және тәжірибелік қатынаста өзекті проблеманы ұсынады. Жоғарыда көрсетілгендер тақырыпты, сондай-ақ бітірушілік біліктілік жұмысының жалпы бағытын, пәнін таңдауға себеп болды.

Бітірушілік біліктілік жұмысының мақсаттары және міндеттері . Бітірушілік біліктілік жұмыстың мақсаты қылмыстарды ашуда арнайы білімдерді қолдану тіркеу қызметін жетілдіру бойынша тәжірибелік ұсыныстар жинақтау және өңдеумен қортындыланады.

Бітірушілік біліктілік жұмысының мақсаты келесідей міндеттерді қоюды және шешуді ұсынады:

-Арнайы білімдерді қылмыстарды ашуда және тергеуде криминалистикалық қамтамасыз етудің құралымында

-Қылмыстық істер бойынша дәлелдеу элементтерін анықтауда арнайы білімдерді қолдану.

-Сот сараптамасының түрлері

- Сот сараптамаларын тағайындау

- Сот сараптама мекемелері

- Тергеушімен (сотпен) сараптамаларды тағайындау.

-Сот сараптамаларын жүргізу әдістемелері мазмұнын ашу.

Бітірушілік біліктілік жұмысының объектісі болып, қылмыстарды ашу және тергеу барысында алдын ала тергеу органдарынмен арнайы білімдерді қолдану және қылмыстық әрекеттер табылады.

Бітірушілік біліктілік жұмысының пәні ретінде қылмыстық оқиғаға қатысы бар дәлелдемелерді жинау, өңдеу (зерттеу, бағалау), қолдану заңдылықтары және осы заңдылықтарға негізделген қылмыстарды ашу және тергеу бойынша қызметте арнайы білімдерді қолданудың әдістері, тәсілдері енеді.

Бітірушілік біліктілік жұмысының теориялық және методологиялық негіздері. Жұмыстың методологиялық негізін жалпығылыми диалектикалық таным әдісі құрайды. Сонымен қатар, логикалық, жүйелік-құрылымдылық, әлеументтік талдау, сондай-ақ криминалистиканың арнайы әдістері, бақылау тәсілдері, әдістері қолданылады.

Бұл бітірушілік біліктілік жұмысы зерттеу ғылыми материалдарды оқуға және қолдануға, сонымен қатар тиісті құқықтық қайнаркөздерді талдауға негізделген. Ол бірінші кезекте Қазақстан Республикасының Конституциясы, нормативтік қайнакөздер (заңдар, Президент Жарлықтары), Қазақстан Республикасы ҚІЖК, Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің ведомствалық нормативтік актілері.

Зерттеудің жалпытеориялық негізі ретінде Р. С. Белкиннің., Т. П. Адрианова, И. А. Алиев, С. Ф. Бычкова, Е. Г. Жәкішев, А. А. Исаев, О. Д. Ким, В. Н. Махов, Б. Т. Сексенбаев, К. Н. Шакиров, Ю. Т. Шуматов, С. Е. Еркінов, А. Я. Гинзбургтың, Б. А. Салаевтің, Т. М. Коржумбаеваның және т. б. жұмыстары қолданылды.

Бітірушілік біліктілік жұмысының эмпирикалық негізін тәжірибе өткен ішкі істер бөлімінің сараптық бөлімшелерінің қызметкерлерімен сұхбаттар құрайды.

Бітірушілік біліктілік жұмысының құрылымы.

Бітірушілік біліктілік жұмысының құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде екі, ал екінші бөлімде үш сұрақ қарастырылды. Сонымен қатар қолданылған әдебиеттер тізімі ұсынылды.

1. Маманның тергеу әрекеттеріне қатысуы

1. 1. Қылмыстық істер бойынша дәлелдеу элементтерін анықтауда арнайы білімдерді қолдану.

Құқық қорғау, оның ішінде тергеу органдарының қылмысқа қарсы жүргізілетін жұмыстарының пәрменділігі және нәтижелігі қылмысты ашуға, оны дәлелдеуге басқа да ғылым салаларының, атап айтқанда, химияның, медицинаның, физиканың, биологияның, математиканың және басқа да ғылыми-техникалық басқа да ғылымдар саласының жетістіктерін кең түрде пайдаланумен тікелей байланысты. Ерте заманнан бері заңгер криминалистер мен жасалынған қылмысты дәл анықтау үшін объективті, жан-жақты дәлелдемелерді іздеу жолында біраз ғылымдардың көмегін пайдаланған. Тергеу әрекеттерін жүргізу барысында алынған көптеген деректі дәлелдемелерде белгілі бір субъективті элементтердің болуы мүмкін. Мысалы, жауап алу, тану үшін ұсыну, тағы басқа да тергеу әрекеттерін жүргізу барысында алынған дәлелдемелерде кейбір субъективті пікірлердің, тұжырымдардың болуы мүмкін. Осы тұрғыдан объективті қылмыстың мән-жайы жөніндегі мәліметтерді арнайы білімдерді қолдануда яғни, сараптамалық ғылыми-техникалық тәсілдер мен әдістерді қолдану арқылы алуға болады.

Қылмыстылықпен күрес соңғы онжылдықта ішкі істер органдарының алдында тұрған үлкен проблемалардың бірі. Олардың ішінде бөтеннің мүлкін ұрлау, денсаулыққа зиян келтіру, адам өлтіру, есірткілердің заңсыз айналымына байланысты және т. б. қылмыстардың алатын үлесі жоғары.

Олардың ішінде бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстарының санының өсуі алаңдатушылық тудырады. Оған себеп, елімізде экономикалық және әлеметтік кризистің қатар жүріп өсуі табылады.

Көптеген зерттеулер көрсеткендей, соңғы жылдары бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстарының сипаты өзгерді. Оған дәлел қылмыстық топтардың тұрақтылығы, қылмысты жасауға тиянақты дайындықтың болуы, қылмыстың іздерін жасыруға әрекеттердің қолданылуы табылады.

Бөтеннің мүлкін ұрлауды тергеу, қылмысты жасау барысында қалыптасатын, бірінші кезекте дәлелдемелік материалды іздері және басқа да іздерді табумен байланысты. Осыған байланысты оқиға болған жерде қарау тергеу әрекетін жүргізудің тиімділігін жоғарлату, қылмыстардың ашылуына және «ізін суытпай қылмыскерді анықтауға мүмкіндік береді.

Басқа қылмыстарға қарағанда бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстарында дәлелдемелік ақпараттарды іздеу танымдық сипат алып, бірнеше элементтерден және кезеңдерден тұрады. Әр кезеңдер қалыптасқан тергеу ахуалдарына және жинақталған мәліметтерге байланысты қандай да бір тапсырмаларды шешуден тұрады. Сол себептен, қылмыстық іс қозғағаннан кейін, тергеу процесі барысында анықталынатын, сұрақтардың тізімін сарқылған деп санауға болмайды. Сонымен қатар, тергеуші «соқырлыққаң салынып әрекет етуі үшін, сол кезеңдегі негізгі сұрақтарды анықтап алуы тиіс.

Дәлелдемелік заттардың жүйесі туралы нақты көрініс алу үшін, ғұрыптық жағдайлардың тізімі туралы сұрақ қарастырылуы тиіс.

Қылмыстық іс жүргізу заңдылығы, оның ішінде 177, 132, 206, 269, 374 баптары, әрбір процесуалдық шешім нақты негіздер болғанда ғана шығарылуы керек екендігін көрсетеді, бұлар тек қана дәлелденуге жататын мән-жайларды дұрыс анықтауда ғана мүмкін. Жағдай мәліметтерінің жиынтығы, дәлелдеу пәнін құрайды [3] .

Мұнда тек қана заңда қарастырылған дәлелдеуге жататын жағдайлар ғана емес, сонымен қатар оларды негіздеу үшін қолданылатын мәліметтер де ескерілуі тиіс. Мысалы, бөтеннің мүлкін ұрлауды жасаған тұлғаны анықтауда, бұл деректер туралы куәландыратын деректер анықталынуы тиіс.

Қылмыстық іс процесінде сот сараптамаларының институты дәлелдемелерді қамтамасыз ету ретінде танылған. Дәлелдеу жүйесінде маңызды рөлді сарапшының қортындысы алады. Әрбір әдебиеттерде ол әртүрлі айтылады, бір авторлар оны дәлелдеме ретінде белгілесе [4], келесілері дәлелдемелердің қайнар көзі ретінде белгілейді [5] . Жекелегенде, В. Д. Арсеньев, сараптың қортындысы дәлелдеме болып табылады және дәлелдемелердің құралдар тобына жатқызылады деп көрсетеді. Бұл дәлелдемелердің қайнар көзі болып, сараптама жүргізу тапсырылған сарапшы табылады [6] . Сараптама актісінің мазмұны дәлелдеме ретінде жүргізілген зерттеудің қортындысына негізделінуі тиіс. Зерттеу нақты мәліметтерді анықтауға бағытталған кешенді әдістер мен тәсілдерді қамтиды. Өзінділік және алғашқы сараптық қортынды, басқа да алғашқы және жаңа дәлелдеу құралдарын бекітіп мазмұндамайды. Сараптың қортындысы дәлелдеуге жататын жағдайлардың тізіміне жататын, тікелей дәлелдеме болып саналады. Егерде сарапшының қортындысы жекелеген нақты мәліметтерге жанама, аралық қатысты болса және оларды дәлелдеу үшін қолданылса, онда олар жанама дәлелдемелер болып саналады [7] .

Қылмыстық іс жүргізу әдебиеттерде дәлелдемелер мен қайнар көздер арасындағы үзілісіз байланыс туралы айтылған пікір бар. Осыған сәйкес, дәлелдеуде, арнайы білімі бар тұлғалардан алынған мәліметтер көрсетімдер іс бойынша сараптама жүргізілмей мүмкін емес. Заңда көрсетілмеген қайнар көздерден алынған жағдайлар туралы мәліметтердің дәлелдемелік маңызы болмайды. Онан басқа, заң кейбір жағдайларда, сараптама өндірісін ескеру арқылы нақты қайнар көздерді белгілейді [8] .

Сараптаманың қортындысы маңызды өзділік дәлелдеме ретінде оның басқа басқа да дәлелдемелер мен салыстырғанда тең күші бар екендігі табылады.

Осындай үлгіде, мазмұны бойынша Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 115-ші бабында дәлелдеме ұғымы келтірілген, оның негізінде анықтаушы, тергеуші, прокурор, сот осы кодексте белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген әрекеттердің болғандығын немесе болмағандығын, айыпталушының бұл әрекетті жасағандығын немесе жасамағандығын және айыпталушының кінәлілігін не кінәлі емес екендігін, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін маңызы бар өзге де мән-жайларды анықтайтын заңды түрде алынған іс жүзіндегі деректер қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер болып табылады делінсе, осы баптың екінші бөлімінде, қылмыстық істі дұрыс шешу үшін маңызы бар іс жүзіндегі деректер сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, куәнің көрсетулерімен: сарапшының қортындысымен; заттай айғақтармен; іс жүргізу әрекеттерінің хаттамаларымен және өзге де құжаттармен анықталатындығы көрсетілген [9] .

Сот сараптамаларының көмегімен қылмысты жасау барысында қандай да бір мөлшерде дәлелдеу пәнімен байланысып, қалыптасатын әртүрлі деректер анықталынуы мүмкін.

Заттық дәлелдемелер, қылмыстың оқиғасын дәлелдеу барысында маңызды рөлдерді атқарады. Олардың көмектерімен қылмыстың құрамына қатысы бар кез-келген элементтер дәлелденеді, барлығынан бұрын қылмыстың объективті жағына қатысты.

Материалдық дәлелдемелерді сараптың зерттеудің маңыздылығы келесілермен шартталынады. Қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер қандай да бір маңыздылықты иемденбесе де, олардың дәлелдемелік маңыздылығы болмайды себебі олардың қылмыстылықпен қатыстылығы туралы байланыстары, қатынастары анықталынуы тиіс, ол тек қана сарапшының көмегімен жүзеге асырылады. Дәлелдемелік заттар өзінің толық маңыздылығын тек сарапшының қортындысы болғанда ғана толығымен иемденеді [10] .

Бөтеннің мүліктерін ұрлау қылмыстары бойынша көптеген кешенді сараптамалар тағайындалынады.

Осы тұрғыдан алғанда объективті дәлелдемелерді алудың бірден-бір жолы- істің мән-жайын анықтауға ғылыми-техникалық немесе арнайы біілімдерді қолдану.

Тергеу барысында арнайы білімдерді қолданудың екі түрі бар: бірі- алдын ала тергеу барысында жүргізілетін тергеу әрекеттерін жүргізуде қылмыстық іс бойынша кейбір жаәйттерді нақтылау барысында арнайы білімдерді қолдану, екіншісі- сот сараптамаларын тағайындау. Тергеу әрекетіне, атап айтқанда: оқиға болған жерді тексеруге, тергеу экспериментін жүргізуге және басқа да тергеу әрекеттеріне арнайы қатысқан маман-криминалист арнайы жеке құжат жазбайды, өзінің арнайы білімін қолдану арқылы анықталған істің мән-жайын, осы жөніндегі пікірі бойынша тергеушінің жазған хаттамасында көрсетеді. Іс бойынша сараптамаға қатысты сұрақтарын зерттеулер жүргізулер арқылы жеке акт қортынды шығаруы тиіс. Алдын-ала тергеу және сот талқылауы барысында арнайы білімді қолданудың екінші түрі- сараптамаға тағайындау яғни, арнайы зерттеулер жүргізу.

Сараптама ұғымының өзі білгір, арнаулы білім, тәжірибе деген сөздерден туындаған. Сондықтан істің кейбір жәйттерін анықтау мақсатында міндетті түрде арнайы білімдерді қолдану қажеттілігі туындап, зерттеулер жүргізу қажеттілігі жүргізіледі.

Кейбір заң әдебиеттерінде сараптама деген терминнің орнына сарапшылық деген сөз қолданылып жүр. Сарапшылық деген бұл тергеу әрекетінің мағынасына, түсінігіне толық сай келмейді. Жоғарыда айтқандай, сараптаманың мақсаты сараптау емес, ол арнайы білімді, әдісті, құрал-саймандарды қолдану арқылы зерттеу болып табылады. Міне, осыған байланысты сараптама жүргізу процесін эксперттік зерттеу деп атайды. Осындай зерттеу үстінде кейбір обьектілерді, заттарды, т. б. жіктеп, іріктеп сараптауға да тура келеді, бірақ бұл тергеу әрекетінің негізгі міндеті, жоғарыда айтқандай, сараптау емес арнаулы білім қолдану. Көп мемлекеттерде тергеу үстінде осындай тергеу әрекеті жүргізіледі және оны сот экспертизсы деп атайды. Сондықтан сот экспертизасы деген термин халықаралық деңгейде толық қалыптасқан термин. Сараптама тағайындау, сараптамалық зерттеулер жүргізудің теориялық және тәжірибелік мәселелерін оқытатын арнайы сот экспертологиясы дейтін ілім бар. Егер сот экспертизасын, сараптау деп атап кетсек, онда осы теориялық ілімді қалай атар едік, оны сарапталогия дегеніміз, әрине орынды болмас еді.

Бірақ, Қазақстан Республикасының ҚІЖК-сі мен Қазақстан Республикасының «Сот сараптамасы туралы» заңында «экспертиза»- терминінің орнына «сараптама» деген терминді қолдануына байланысты, бұдан былай заң оқулықтарында «сараптама»- терминін қолдануға тура келеді.

Жоғарыда көрсеткендей арнаулы білім қолдану керек жағдайға сот-сараптамасы тағайндалады. Қай саладағы арнаулы білімді қолдану керектігін, қандай сот-сараптамасын тағайындау керек екендігін тергеуші, сот, прокурор шешеді. Осыған байланысты сараптаманы керек жағдайға тағайындау-ол арнаулы білім деген ұғымға не жататындығын дұрыс анықтауға байланысты. Өкінішке орай, заңгер ғалымдар бұл мәселеде әзірге бір тұжырымға келе қойған жоқ. Кейбір ғалымдар жалпыға ортақ білім мен арнаулы білімнің өзара ерекшелігі субъективті сипатта болады, ол ерекшелікті нақты жағдайға байланысты тергеуші ғана шешеді деп есептейді. Сондай-ақ, осыған пікірлес басқа да ғалымдардың арнаулы білімді жалпы тұрмыстық блім мен жалпыға ортақ білімді өзара салыстыру арқылы ғана анықтауға болады деген пікірі сендіре қоймайды. Біздің ойымызша ‘’арнаулы білім’’ деген ұғым ғылым мен техника саласында мамандығы бар деген ұғым мен тікелей байланысты. Сондықтан «арнаулы білім», дара сипаттағы мамандқ ұғымын, сондай-ақ арнайы кәсіби білім алу арқылы арнаулы еңбектің қайсыбір түрімен шұғылдану үстінде оны толық игерген маман ұғымының аясында қарауды дұрыс деп санаймыз.

Демек, арнаулы білім ұғымы ретінде ғылым мен техниканың белгілі бір саласында мәселе шешуге қолайлы жағдай жасайтындай арнайы кәсіби дағдысы нәтижесінде қалыптасқан білімдер жиынтығын түсіну қажет. Бұл орайда арнаулы білім қатарына құқықтану ғылым да, ал бұл білімнің иесіне арнаулы құқықтық білім алған маман, заңгер де жатады. Бірақ құқықтық мәселелерді шешерде сараптама тағайындалмайды. Өйткені құқықтық және қылмыстық іс жүргізуге, сондай-ақ терегеу әрекеттерін ұйымдастыру мен өткізуге қатысты мәселелерді арнаулы білімі бар тергеушінің өзі шеше алады. Алайда, сараптамалық криминалистикалық зерттеулер жүргізуді талап ететін мәслерді шешу заңгердің өкілеттігіне жатпайды. Тек жоғары білімге қоса арнайы дайындықтан өткен криминалистикалық сараптамалық зерттеу өткізу әдісін меңгерген заңгер ғана мұндай зерттеулерді жүргізе алады. Кейде қызметін атқаруы да мүмкін. Мұндай жағдайғағағ, соған қарамастан, тергеуші арнаулы криминалистикалық мәселелерді өз еркімен шеше алмайды, өйткені бір адам әрі сарапшы-криминалистикалық өкілеттікті, әрі тергеушілік өкілеттікті қатар атқаруына рұқсат етілмейді.

Кейбір обьектілерді, айталық, құжаттарды сотта қарағанда, үлгілерді іріктегенде белгілі бір криминалистикалық әзірлігі бар тергеуші, әдетте, бұған маман-криминалист щақырылатын мәселелерді өз еркімен шешуі мүмкін. Заңда көрсетілгендей, маман-криминалист қылмыстық іс жүргізуші жеке тұлға, әйтсе де ол іске тергеушіге көмектесу үшін ғана қатыстырылады. Содықтан ол өз алдына қылмыстық іс жүргізу құжаттарын толтыра алмайды, оның тұжырымдары ғана тергеу әрекеті жөніндегі хаттамаға енгізіледі [11] .

1 . 2. Сот сараптамасының түрлері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сот сараптамасының түрлері
Қылмыстарды ашуда және тергеуде ішкі істер органдарын ақпараттық талдаумен қамтамасыз етудің өзекті мәселелері
Сот сараптамасы туралы криминалистік ілімнің рөлі мен маңызы және оны тағайындау, жүргізу және бағалаудың тактикалық ерекшеліктері
Сот ісін жүргізудегі арнайы білімді қолданудың ұйымдастырушылық негіздері
Сот сараптамасынын объектілері
Экономикалық қызмет саласындағы криминалды жасағансуды тергеу барысында арнайы білімдерді қолдану
Сот сараптамасы туралы
Жалған төлем карточкалары мен өзге төлем және есеп айырысу құжаттарын жасау немесе сату қылмысының криминалисттік сипаттамасы
Криминалистиканың даму тарихы және қазіргі жағдайы
Криминалистика пәнінің түсінігі, қылмыстарды тергеудегі маңызы және даму тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz