Жартастағы қала-Петра


Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Жартастағы қала-Петра

Петра-ғажайып және қызығы көп қала. Қаланың-орналасқан жерінің өзі жұмбақтау. Петраға барар жол Өлі теңізден оңтүстікке, Акабаға қарай. Бұрындары бұл жерден бұл жерден атақты «еркіндік жолы» өтті. Осы жерлер Библиядан жақсы таныс. Халқы христиандықты ұстанатын кішкене Мадаба қаласына жақын жерде атақты Небо тауы орналасқан. Египеттіктерден еврей тайпаларын ата қонысына көшіріп алып келген соң дәл осы тауда Моисей қайтыс болған. Петраға жақын жерде қабырғаларының биіктігі 100 м жететін тар әрі ұзын Зик шатқалы ұрып қабырғадан су шығарады. Петра орналасқан шатқалдағы құрғап қалған кішкене өзен қазіргі кезде «Вади-Муса» деп аталады, яғни «Моисей өзені». Кейнірек бұл жерде Библия бойынша Израилдықтардың қас жауы Эдал мемлекеті құрылады. Осы уақыттарда қазіргі Петраның орнында алғашқы қоныстар пайда бола бастады. Алғашында «Села» деп аталды («тас», «жартас») . Кейініректе бұл атау гректің Петра («тас») сөзімен алмасты. Б. д. д. IV-ІІІ мыңжылдықта бұл аумаққа бұрындары Аравия шөлдерінде көшіп жүрген араб-набатей тайпалары келіп қоныстанды. Көшпелі тайпалар эллиндік-римдік әлеммен жақындасып, антикалық дәуір мәдениетін қабылдады. Арамейлықтардан олар жазуды алып, қазіргі араб әліпбиінің негізін жасап шығарды. Набатейлықтар тау шатқалдарының арасына астанасының негізін қалап, сол жерден өздерінің аумағын кеңейтті. Б. з. д. соңғы мыңжылдықта олар Дамаскіні жаулап алып, өз билігіне бағындырды. Набатей хандығын жаулап алмақ болған римдіктер алғашында жеңіліс жаулап алмақ болған римдіктер алғашында жеңіліс тапты. Көптеген шайқастарда жеңіліс тауып көрмеген Помпейдің атақты қолбасшысы Скавр шегінуге мәжбүр болды. Дегенмен набатейлықтар римдіктермен одақ жасаудың керектігін түсінді. Олар Юлий Цезарь Александрияны қоршаған кезде көмек берді. Юлий Цезарь өлген соң теріс айналып кетті. Қайта қосылып Қызыл теңізде Антония мен Клеопатраның флотын талқандап, Үндістанға қашуына кедергі болды. Б. д. Іғ. Набатей хандығы Римнің протектораты Римнің Аравия провинциясының құрамына енді.

363 жылы жер сілкінісінде набатейлықтардың астанасының көп бөлігі қирады. Біртіндеп халқы қаланы тастап кетті. Петрада көпке дейін ешкім болмады. Тек көшпелі бедуиндер ғана болып тұрды. ХІІ ғ. Кресшілер Петраның жанынан қамал салды. Салаж-ад -дин христиандарды жеңген соң, қала тұрғындары ислам дінін қабылдады.

Петраның ашымды швейцар саяхатшысы және зерттеушісі Иоганн Людвиг Буркхардтың атымен тығыз байланысты. 1812 жылы ол саудагер секілді киініп алып Алепподан Египетке Акабу арқылы жетіп алады. Осылай оны мұсылмандардан ажырату қиын болды. Бедуиндерге өзін Иерусамнен Каирге қажылықтан келе жатқанын, атының «шейх Ибрагим» екенін айтып сендіреді. Жол жөнекей ол Петраның көптен іздеген жартасты қала екенін біледі. Барлығы Буркхардтың Эль-Карак қонысының жанынан бірнеше мыс монеталар тапқаннан кейін басталды. Оларда грек тілінде «Петра» деп жазылған екен. Жергілікті тұрғындардан осы жерден алтын және күміс теңгелердің көптеген табылатынын естиді. Зергерлік теңгелерді қақтырмай алып кететін біледі. Буркхардт Петраның таулы ауданда, биік жартастар арасында және оған жетудің қиын екенін білетін. Ежелгі географтар-Диодор, Эратосфен, Страбон, Плиний, Птолемейлер қала орнын дәл айтқан. Бірақ Эль-Карак географиялық және тарихи жағынан ежелгі Петра болуы мүмкін емес еді.

Көптеген қиындықтарға толы болған іздеу жұмыстары Вади-Муса мекеніне алып келеді. Сирияда жүргенде- ақ оған сол жерде өте көп байлық бар деген еді. Оны жол-жөнекей жалғыз жол көрсетуші бедуин бастап жүреді. Аттылы олар шөлді жерлермен, қаңырап қалған араб қоныстары арқылы өтеді. Солардың біреуінде Бүркхардт мәрмәр үйіндісін табады. Олар мұнда қайдан жүр?

Өз іздеуін жалғастырған екі аттылы жалғыз аяқты жолға шығады. Оның екі жағы биік жартаспен қоршағалған еді. Шатқал келе-келе тар бола бастады. Соңында жүз метрлік шатқал екі метрге дейін тарылады. Көк аспан жіңішке шатқал ұшынан әрең көрініп тұрды. Күн көзі бұл жерге түспейді екен. Тас арасында шөп те өспейтін.

Шамамен 300 қадамнан кейін шатқал кеңейіп, үлкен жыраға шығады. Оның түбінде Вади-Мусаның кішкене бұлағы созылып жатты. Бұлақ жағасынан Буркхардт облицовка қалдықтарын табады. Одан әріректе акведук көрінеді.

Күн нұры үлкейіп көріне бастады. Буркхардт тамаша көріністен көз ала алмай келе жатты. Кенеттен шатқал кеңейіп шыға келді. Қатты жарықтан Буркхардтың көзі жұмылып қалды, көзін ашысымен ол керемет көріністің куәсі болады. Оның алдында жартас бетінде ежелгі храм тұрған болатын. Үлкен, тіп-тік және қызғылт түсті еді. Құдай мен адам назарынан тыс қалған жерден осындай ғажаптың болуы ешкімнің басына кіріп шықпайды. Буркхардт, таңғажайып түстегіндей храмға жылжыды.

Храм жартасқа қашалған, екі ярусты фасадты биіктігі шамамен 40 метр. Ал храмның іші үңгір арқылы үлкен, биіктігі 8 метр жартасқа қашалған залға апарды. Храмды колонналар мен ескерткіштер және әйел мүсіндері әрлендіре түскендей. Астыңғы жақта сиыр мүйізімен жасалған дөңгелек жылтырап тұрды. Ол Египет құдайы Исиданың символы. Үстіңгі жақта арыстан күзетшілердің мүсіндері тұрды. Зол іші үсті секілді теп-тегіс болды. Жартасқа ойылған мүсіндер басқа бөлмелерге апаратын. Әр бөлмеде көптеген мүсіндер тұрды. Қараңғылықта Буркхардт түйе үстінде отырған әйел бейнесін көреді. Ал жақында-жерлеу бөлмелері. Таң болған ол «Бұл не?» деп жол көрсетушіден сұрады. «Бұл патша сарайы, ол осында тұрған. Кейін бәрі өлген соң, сарайды оның құрметіне жерлеу орнына айналдырады. Храмнан шығып олар тағы 200 қадам жүрді. » Олар тағы осындай қашалған көптеген храмдар мен жерлеу орындарын табады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлемнің көне жеті кереметі
Әлемнің жеті кереметі туралы ақпарат
Әлемнің жеті кереметі жайлы
Таңбалы тас суреттері
Бастауыш сыныпта қолданылатын оқытудың сөздік әдісі
Толстой Алексей Николаевич
ИОРДАНИЯ Иордания Хашимит Хандығы
Әлем кереметтері
Музей туралы жалпы мәлімет
Ежелгі және орта ғасырлардағы Русь (ІХ ғ.-ХҮІ ғ. басы)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz