Қаратау жоталарының палеолит ескерткіштері


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 104 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ МАГИСТРАТУРАСЫ

Археология және этнология кафедрасы

Магистрлік диссертация

ҚАРАТАУ ЖОТАЛАРЫНЫҢ ПАЛЕОЛИТ

ЕСКЕРТКІШТЕРІ

Орындаушы:

(қолы, дата)

Ғылыми жетекші:

т. ғ. д., профессор Ж. Қ. Таймағамбетов

(қолы, дата)

Қорғауға жіберілді:

археология және

этнология

кафедрасының

меңгерушісі т. ғ. д.,

профессор Т. Ә. Төлебаев

(қолы, дата)

АЛМАТЫ 2007

М А З М Ұ Н Ы

беті
: Кіріспе
беті: 4
:

І Оңтүстік Қазақстан мен Қаратау

жоталарындағы палеолит ескерткіштерінің

зерттелу тарихы

беті: 8
:

ІІ Қаратау жоталарының пайда болуы және

палеолиттік ескерткіштерді зерттеу

методикасы

беті: 15
:
  1. Қаратау жоталарының қалыптасуының тарихи-геологиялық

шарттары

беті: 15
:
  1. Палеолиттік ескерткіштерді зерттеу методикасы
беті: 17
:

ІІІ Қаратау жоталарының палеолиттік тұрақ

ескерткіштері

беті: 21
: 3. 1 Ежелгі (төменгі) палеолит тұрақтары
беті: 31
: 3. 1. 1 Ақкөл
беті: 23
: 3. 1. 2 Бөріқазған
беті: 24
: 3. 1. 3 Тәңірқазған
беті: 25
: 3. 1. 4 Кемер І
беті: 27
: 3. 1. 5 Кәкіш (Кемер ІІ)
беті: 28
: 3. 1. 6 Кемер ІІІ
беті: 28
: 3. 1. 7 Қосқорған І-ІІ
беті: 29
: 3. 1. 8 Шоқтас І-ІІІ
беті: 31
: 3. 1. 9 Қызылтау
беті: 34
:
  1. Қызылтау жоталарындағы палеолиттік 1-30 пункт

ескерткіштері

беті: 36
: 3. 2 Орта палеолит (мустьер) ескерткіштері
беті: 41
: 3. 2. 1 Тоқалы
беті: 41
: 3. 2. 2 Дегерез
беті: 41
: 3. 2. 3 Дарбаза ІІІ
беті: 42
: 3. 2. 4 Сүлейменсай І-IV
беті: 42
: 3. 2. 5 Сүлейменсай ХХХІ-ХХХIV
беті: 42
: 3. 2. 6 Дәуренбек
беті: 43
: 3. 2. 7 Қызылрысбек
беті: 43
: 3. 2. 8 Шақпақ
беті: 44
: 3. 2. 9 Шаян өзені тұрақтары
беті: 46
: 3. 2. 10 Жалпақсу І-ІІ
беті: 48
: 3. 2. 11 Қияқты
беті: 49
: 3. 2. 12 Қаржантау және Өгем
беті: 49
:
  1. Кейінгі (жоғарғы) палеолит ескерткіштері
беті: 50
: 3. 3. 1 Ащысай (Тұрлан)
беті: 50
:

3. 3. 2 Ш. Ш. Уәлиханов тұрағы

беті: 50
:

ІV Қаратау жоталарының палеолитінің

Орталық Азияның палеолиттік

ескерткіштеріндегі алатын орны мен маңызы

беті: 71
: Қорытынды
беті: 75
: Қысқартылған сөздер
беті: 78
: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
беті: 79
: Қосымша
беті: 85

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан өзіндік бір археологиялық аймақ болып есептеледі, өйткені оның территориясы төрт тарихи - мәдени облыстардың Орта Азия, Сібір, Монғолия, Қытаймен түйіскен жерде орналасқандықтан. Ежелгі адамдардың отанының жақындығына байланысты, зерттелу объектісі ретінде алынған Оңтүстік Қазақстанның Қаратау жоталары бұл жерлерге ерте палеолит заманынан бастап-ақ ежелгі адамдардың мекен еткен объектісіне айналды.

Соңғы жылдардың зерттеулері палеолит дәуірі жөнінде қызықты және жасы анықталған дүниежүзілік көлемде белгілі болған ескерткіштер табылып, ол тұрақтар Қаратау жоталарының аумағында орын тепкен.

Қаратау таулары негізінен Оңтүстік Қазақстанның территориясының жерлерін толығымен алып жатыр.

Бұл өңірлерге зерттеуші ғалымдардың назар аударып, көңіл бөлуі көп жағдайда осы жерде барлық Қазақстан бойынша ең ерте және көне ашық және мәдени топырақ қабаты сақталған тұрақтар бар болғандықтан.

Зерттеліп отырған Қаратау жоталарында көптеген ерте және орта палеолит кезеңіне жататын тұрақтар мен шеберханалар, табылу орындары ашылған.

Қазақстанның тас ғасырының кезеңделуілері (дәуірленуі) мен мерзімделу схемасын жасау кезінде палеолиттік ескерткіштер әлі де болса толыққанды зерттеу қажеттілігінен туындағандықтан, бұл Қазақстанның Қаратаулық палеолит тұрақтары барлық біздің жеріміздегі палеолиттік ескерткіштеріне эталон болып табылатындығына күмән келмейтін сияқты.

Палеолиттік тұрақтардың бұл аймақтардағы ерекшеленуі көбінесе олардың әртүрлі күйде кездесетіндігі. Бір ескерткіш тұрақтар ежелгі бұлақ орындарының бойынан мәдени топырақ қабатымен сақталса, екінші біреулері ашық түрде өзен жағалауында мәдени топырақ қабаты бар күйінде кездессе, ал үшінші біреулері ашық түрде шикізат орындарының қасында орналасып, шеберхана болып табылады.

Қаратау жоталарының палеолиті тек отандық ғалымдар ғана емес, сонымен бірге шетелдік, ресейлік және Өзбекстан мен Тәжікстан ғалымдарының назарынан тыс қалмай жүр.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Оңтүстік Қазақстандағы Қаратау жоталарындағы ең алғашқы тас ғасырын зерттеу жұмыстары екінші дүниежүзілік соғыс аяқталып, жоспарлы геологиялық және археологиялық барлау жұмыстарынан бастау алады.

Алғашқы Қаратау тауларында зерттеу жұмыстарын жүргізген Қ. И. Сатпаев басқарған комплекстік геологиялық барлау және жоспарлы зерттеу жұмыстары еді [1] . Ал осы Қаратау жоталарынан ең алғашқы палеолиттің табылуы осы ғалымдардың үлесіне тиеді.

Сондай-ақ палеолит орындарын анықтау мен қазба жұмыстарын жүргізгендер қатарында үлес қосқан Н. В. Седов пен Г. А. Ярмак болатын [2] .

1950 жылдың екінші жартысынан бастап 20 жылдан аса Оңтүстік Қазақстан жері мен Қаратау бойында зерттеу және барлау жұмыстарын бұрынғы ҚазССР ғылым академиясының Ш. Ш. Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институты ұйымдастырған тас ғасырын зерттейтін Қаратау отрядының жұмысымен байланысты болды. Отрядтың басшылық қызметін Х. А. Алпысбаев атқарған [3] .

Осы отрядтың үлесінде бірнеше ондаған палеолит және неолит тұрақ-орындарының ашылуы болды, олар зерттеген объектілері Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында орналасқан.

1980 жылдардан бастап осы аудандарда зерттеу жұмыстарын жүргізіп келе жатқан Ж. Қ. Таймағамбетов [4] . Зерттеушінің қажырлы еңбегі барысында біршама Қазақстан мен таяу және алыс шетелдерге әйгілі болған ескерткіштер ашылып, қазылып, зерттелді 1988 жылдары Қаратау жоталарындағы Қосқорған тұрағында зерттеу жұмыстарын О. А. Артюхова жүргізді [5] .

Қазақстан республикасы тәуелсіздік және егемендік алғаннан бастап, елімізде Қазақстанның тас ғасырын зерттейтін біріккен Қазақстан-Ресей, Қазақстан-Ресей-Бельгия, Қазақстан-Ресей-Өзбекстан комплексті архео-логиялық экспедициялар ұйымдастырылды. Оларға басшылық еткен мекемелер Алматының Ә. Х. Марғұлан атындағы археология институты (экспедиция басшысы Ж. Қ. Таймағамбетов) және Новосібір қаласының сібір бөлімінің тарих, археология және этнография институты (экспедиция басшысы А. П. Деревянко) .

Экспедициясының Оңтүстік Қазақстандағы жүргізген жұмыстары нәтижесінде дүниежүзіне белгілі болған Қосқорған, Шоқтас, Қызылтау тұрақ ескерткіштері ашылды.

Қазақстанның палеолиті бойынша жасалған А. Г. Медоевтың, Ж. Қ. Таймағамбетовтың дәуірлену мен кезеңдеулеріне өзгерістер енгізіліп, палеолит ескерткіштерінің жаңа дәуірлену мен мерзімделу схемасы жасалған.

Жұмыстың деректік негізі. Магистрлік диссертацияға осы ғасырдың бас кезіне дейінгі Қаратау жоталары бойынша палеолиттік ескерткіштер туралы жарық көрген Х. А. Алпысбаевтың, Н. Н. Костенконың, Ж. Қ. Таймағамбетовтың, біріккен Қазақстан-Ресей ғалымдарының еңбектеріндегі ескерткіштер енді.

Олардың қатарында палеолиттік барлық кезеңдерін қамтыған ескерткіштер: Тәңірқазған, Тоқалы, Шабақты, Кемер, Ақкөл, Қызылрысбек, Бүркітті, Ұзынбұлақ, Ащысай (Тұрлан), Ш. Ш. Уәлиханов тұрағы және т. б. кірген.

Диссертацияның мақсаты. Зерттеу тақырыбы бойынша жинақталған материалдарды бір жүйеге келтіріп, Қаратау жоталарының палеолит ескерткіштерінің үзбей даму үстінде болғандығын, қандай мәдениет немесе шағу техникасы үлгісінің болғандығын айқындау. Материалдар Қазақстанның тек тас ғасырының кезеңдерімен қатар, ежелгі тарихымыздың түп-төркінін, шығу тегін, орнын анықтауға мүмкіндік береді.

Жұмыстың міндеттері

  • Қазақстанның палеолит ескерткіштері туралы шыққан еңбектермен танысу.
  • Палеолиттік ескерткіштерді дәуірлер мен кезеңдерге бөліп, қысқаша сипаттама беру.
  • Оңтүстік Қазақстан (Қаратау жоталарының) тарихи-геологиялық орналасу шарттарын көрсету.
  • Палеолиттік ескерткіштердің зерттелу тарихына тоқталып өту.
  • Қаратау жоталарында палеолит дәуірінде орын алған мәдениеттер техникасы мен даму жолдарын көрсетіп беру.
  • Қаратау палеолитінің Орталық Азия палеолиті шеңберінде алатын орны мен маңызын көрсету.

Зерттеудің теориялық-методологиялық негізі. Бүгінгі таңда бір регионның толық палеолит дәуірлеріне тоқталып өткен еңбектер жоқтың бірі, немесе толыққанды сипаттап жазылып суреттері берілмеген. Жұмысты жазу барысында бастапқыда айтып кеткендей, оңтүстіктегі тұрақ-орындар үш түрлі жағдайда орналасады. Әрбір зерттелетін тұрақ өзіндік бір жағдайда методикаларды талап етеді, өйткені онсыз ескерткіштің құпия сырын ашу мүмкін емес.

Мұндай жұмыстар ежелгі дәуір археологиясын, алғашқы тұрмыстық қоғам пәнін өтуде, Қазақстанның тас ғасырын зерделеуде, Қазақстан археологиясы мен тарихын зерттеуде ашық ақтаңдақтарды жабуға үлес қосады.

Тек палеолиттік ескерткіштерді кезеңдеп зерттеу олардың бірінен-біріне өту сатысындағы өзгерістерді, прогрессті және ежелгі адамдардың осы уақыт аралығындағы өзгешеліктерін көзімізге елестетіп, болжам жасауымызға көмектеседі.

Зерттеудің хронологиялық ауқымы. Қаратау жоталарындағы орналасқан палеолит ескерткіштері және диссертациялық жұмысқа қамтылған тұрақтар б. з. д. 800-700 мыңжылдықтан б. з. д. 12-10 мыңжылдықтар аралығын қамтиды.

Зерттеу нысаны. Жұмысты жазу барысында зерттеу нысанына Бөріқазған, Тәңірқазған, Қосқорған, Шоқтас, Ақкөл, Қызылтау, Кемер І-ІІІ, Тоқалы, Дегерез, Дарбаза ІІІ, Сулеймансай І, IV6 XXXI-XXXIV, Дәуренбек, Қызылрысбек, Ш. Ш. Уәлиханов, Ащысай тұрақтарының материалдары қамтылды.

Жұмыс Қаратаудағы палелоиттік тұрақтар мен шеберханалардың материалдарына сүйене отырып жазылған.

Зерттеудің географиялық ауқымы. Жұмысқа еніп отырған тұрақ ескерткіштері Қазақстанның Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстарының территорияларын қамтиды. Қаратау жоталары көне таулар болып саналып ұзындығы 400 км дейін жетеді де, бастауын Жамбыл қаласынан 60 км оңтүстіктігінен алып Қызылорда облысындағы Даутходжа тауларына түйіскен жерге дейін созылып жатыр.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Диссертациялық жұмыстың маңызына тоқталу барысында, палеолиттік ескерткіштер туралы шыққан және қорғаған еңбектер мен шығармаларға назар аударылды.

Сонда Қазақстанның әр өңірі немесе аудандары туралы мақалалар жеткілікті болғанымен, монографиялар әлі де болса аз деуге болады. Жарық көрген Х. А. Алпысбаев пен Ж. Қ. Таймағамбетовтың еңбектері осы тұста үлкен жетістік болып табылады. Жұмыстың ғылыми жаңалығы Қаратау мен Оңтүстік Қазақстан материалдарын жинақтап, жүйелік жұмыс, мүмкіндігінше әр тұраққа сипаттама беріп, алғаш рет Оңтүстік Қазақстанның Қаратау жоталарының палеолиті туралы қазақ тілінде жазылғандығында.

Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Ғалымдар алдында осындай ескерткіштермен жұмыс жасау барысында ең басты дерек болып әрине тас заттары болып саналады.

Жұмыстың ұтымды жерлерінің бірі ол Оңтүстік Қазақстан бойында орналасқан барлық дерлік тұрақ орындарының бір жерде жинақталып шоғырлануы. Осындай региондардың палеолит дәуірлері ескерткіштерін тізбекпен, даму сатысымен көрсетудің үлкен практикалық маңызы бар. Өйткені әр кезеңге тән өзіндік даму жолы, шағу техникасы, шикізаты, орналасу жері, әртүрлі тас коллекциялары орын алған. Атқарылған жұмыс болашақ тас ғасыры мамандарын дайындауда, Қазақстан археологиясы дәрісін оқытуда көп көмегі тиеді.

Магистрлік диссертациядағы материалдар мен қорытындылар гуманитарлық және жаратылыстану бағытындағы ғылымдарға зерттеуге қажетті болады, себебі ол Евразия континентінде плейстоцен кезінде ежелгі адамдардың қоныстану мәселелерін шешуге көмектеседі. Негізгі тұжырымдар жоғарғы оқу-орындарындағы тарих мамандығымен айналысып жүрген студенттерге дәрістер оқуда пайдалануға болады.

Жұмысы жазу барысындағы Қаратау жоталары ескерткіштерінің материалдары ғылыми зерттеулерге көмегі тиеді.

Алынған зерттеулердің нәтижесі Қазақстан археологиясы мен тас ғасырын зерттеулерде өзінің маңызды қызметін атқарады.

Диссертациялық жұмыстың құрылымы. Диссертация кіріспеден терминдік сөздерден, 4 тараудан және тараушалардан, қысқартылған сөздер мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

І Оңтүстік Қазақстанның мен Қаратау

жоталарындағы палеолит

ескерткіштерінің зерттелу тарихы

Отанымыздың мындаған жылдарға созылған тарихы аясында біздің ата-бабаларымыздың тұтастай дәуірлер мен ғасырлар ауқымында салған ұзақ та қиын, тауқымет таразысынан өткен жолы жатыр. Тарихи прогрестің бұралаңы мен қайшылықтарға толы біздің бүгінгі проблемаларымызды дұрыс ой сарабына салып тағлым берумен қатар адамзат болашағын ойластырып болжалдауға да мүмкіндік ашады.

«Кәрі тарих» барлық жағдайда да келесі ұрпақ үшін әдеттен тыс қызық дәуір болып қала береді. Өйткені ол өзінен соңғы неғұрлым дамыған құбылыстың негізгі сатысын құрайды, адамзаттың айуандар дүниесінен ерекшеленуінің бастапқы кезеңі болады, ол өзінің мазмұндық тұрғысынан анағұрлым дамыған адамдардың қайта кездеспейтін даму жолын өту болады.

Көне тарих ескерткіштерінің әрқайсысын, әрбір жеке көне зат ұрпақтар көзіне қадір мен қасиеттің үлгісіндей, көненің қайталанбас көзі ретінде қастерленуі қажет. Өйткені олардың әрқайсысының тегінде тұтастай дәуірлер, қоғамдар, адамдар, тағдырлар жатыр. Соларға тән қуаныш пен қайғы, үміт пен қасірет, адасу мен жол табу, ауыр еңбек пен болмысты жаңғырту барысындағы талас-тартыс жатыр.

Бұл тақырыпты таңдаудағы мақсатымыздың түсіндірілуі -Қазақстанның ертедегі тарихын қалыптастыруда үлкен орын алуында. Бұл еңбекте Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының Ш. Ш. Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институтының Қаратау палеолиттік отряды мен Қазақстанның тас дәуіріндегі ескерткіштерін зерттеу жөніндегі біріккен ең жаңа, соңғы материалдары негізінде құрады. Көптеген өте көне (архив) тас құрал жабдықтардың табылуы Қазақстанның көне тарихының төменгі хронологиялық сызығын ондаған емес жүздеген мың жылдықтар шегіне дейін әрі ысыру мүмкіндігін туғызып отыр. Яғни, бұл өлкені адамзат қоғамының даму ошағы ретінде, бұрынғы КСРО құрамында Кавказ бен Орта Азияның өзге елдерімен бірге қоюға мүмкіндік беріп отыр. Бұл жөнінде Қазақстан археологтарының жасаған ғылыми тұжырымдары Тәжікстан мен Сібір жерінде ашылған ғылыми жаңалықтар арқылы да қолдау тауып отыр.

Қазақстан территориясындағы палеолитті зерттеу тарихы 4 кезеңге бөлінеді. ХХ ғ. басынан кеңестік археологтардың экспедициялық зерттеу жұмыстарынан басталды. Соның ішінде Қазақстанның коне дәуіріне дейін қызығушылықтары көтеріңкі болды. Соның ішінде зерттеу жұмыстарының екінші кезеңінің бірінші этапы 40-шы жылдардың соңы, 50-ші жылдардың басына сәйкес келеді. Жалпы ХХ ғасыр аумағы ғылыми материалдарды кеңестік археологтар мен өзге де мамандардың жинақтауындағы өте құнды, маңызды кезең болды. Екінші кезеңнің бірінші этапының басты ерекшелігі (50-ші жылдардан - 80-ші жылдарға) дейін - тастан жасалған бұйымдардың кездейсоқ табылуымен емес, тұтастастай бұрынғы мәдениет орындарының ашылуымен де өте құнды. Академик Қ. И. Сәтбаев бастамасы бойынша Қаратау жотасы үстіртінде геологтардың жүргізген зерттеу жұмыстары барысында Үлкен қаратаудың бірнеше жерінен палеолит сипатындағы шақпақ бұйымдарының (кремневые изделия) табылуымен ерекшеленді [6] . Шын мәнінде бұл осы өлкедегі палеолит бұйымдарының алғашқы табылуы еді. Сәл кейінірек, 1956 жылы Н. В. Седов пен Г. А. Ярмактың бастауымен Қаратаудың Солтүстік-Шығыс бөлігінен палеолит сатысында жасалған көптеген тас бұйымдары (қырғыштар, призма сипатындағы шапқылар, сына т. б. бұйымдар) табылды [7] .

Үшінші кезең 1980-1991 ж. Қазақстан Республикасының егемендік алу уақытына дейінгі аралықты алған.

Төртінші кезең тәуелсіздік алғаннан Қазақстан жерінде біріккен экспедициялардың жұмыстарымен баяндалады.

1957 жылдың қыркүйегінде ҚазақССР Ғылым Академиясының тарих, археология және этнография институты Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының түйіскен тұстарындағы Үлкен және Кіші Қаратау жоталары аймағында тас дәуірі кезеңін зерттеу мақсатында Қаратау экспедициясын ұйымдастырды. Бұл отрядты Х. А. Алпысбаев басқарды [8] .

Қазақстанда төменгі палеолит дәуірі адамы өмір сүргендігін айғақтайтын ескерткіш заттар алғаш рет табылды. Сол кезде кейінгі палеолиттік мұралар да табылды. Олар ширектік шөгінділермен (четвертичные отложения) байланысты. Ал, 1957 жылы Тоқалы 1, 2, 3 деген жерлерден құрал жабдықтардың үлкен коллекциясы табылды [8] . Олардың негізгі дайындау материалы ретінде майда түйіршікті қара және қара сұр шақпақ тастары пайдаланылған. Бұл тастар Қаратау жотасы мен Арыстанды, Шаян өзендерінің бойында көптеп табылады. Осыған қарап ертедегі осы өлкені қоныстанушылар үшін құрал-жабдық жасау материалы өз қоныстарының қасында мол болған деп қорытынды жасауға болады.

Шақпақ тастан жасалған архи сипатты құрал жабдықтардың үлкен көлемі (мөлшерінің үлкендігі, шабу ауданының кеңдігі т. б. ) Тоқалы 1, 2, 3 жерінен табылуы оларды Яштух (Абхазия), Сатани-Дар (Армения) мәдениетіне ұқсас соңғы ашель комплексіне ұқсастыруға мүмкіндік береді. Сондықтан Тоқалыдан табылған шақпақ тасты бұйымдарды төменгі палеолит дәуріндегі ашель-мустьер дәуірімен тұтас деп болжам жасауға мүмкіндік береді.

Алғаш рет Қазақстанда 1958 жылы кіші Қаратау жотасында жүргізілген зерттеу жұмыстары кезінде табылған көп мөлшердегі құрал-жабдықтар ерте палеолитке тән, мустьер кезеңі ескерткіштері де табылды Осының ішінде Бөріқазған мен Тәңірқазған үстіртінде табылған тұрақ Кемер биіктігіндегі, ашель бұйымдары аса көңіл аударарлықтай.

Бөріқазған мен Тәңірқазған аймағын зерттеу жұмыстары көптеген шақпақ тас бұйымдарын табуға мүмкіндік берді. Ол табылған шақпақ тас бұйымдарының өңделуі айқын мақсатпен белгілі бір нәрсе үшін қолдануға бағытталғаны айқын байқалады.

Бұл жерлерден табылған ерте палеолит бұйымдарын мынандай төрт топқа бөлуге болады:

  1. Бір және екі қырлы шапқы бұйымдары.
  2. Шапқылар.
  3. Массивті архи сипатты жонғыштар.
  4. Ірі нуклеус - сыналар.

Бөріқазған мен Тәңірқазған мекендерін төменгі палеолиттің шелль-ашель кезеңімен болжалдау геологиялық жылжумен, сол кезеңге тән құралжабдықтардың табылуымен, шақпақ тастардан жасалған бұйымдар ішінде шапқылар мен қырғыштар кездесуімен де тиянақталады. Палеолиттің осы кезеңіне Жамбыл облысының Сарысу ауданындағы Байқадам поселкесінен 20 шақырым оңтүстік-батыс аймағынан 1958 жылы табылған Шабақты-1 ескі қонысын да жатқызуға болады [9] .

Арыстанды өзенінің оң жақ жағасынан 1958 жылы Шақпақ қойнауынан мустьер мәдениетінің іздері табылды. Шақпақ комплексінен шапқы түріндегі жонғыштар, тас пластиналар табылды. Бұл бұйымдарды дайындау материалы табылды. Бұл бұйымдарды дайындау материалы ретінде ақсұр түсті, жартылай мөлдір жергілікті шақпас тас қолданылған.

Үшбұлақ аңғарында Х. А. Алпысбаев тобы тас дәуіріндегі мустьер кезеңінің 6 орнын тапты. Бәрі де сарғыш сұр қабықшамен жабылған.

Бұлардың ішіндегі басым көпшілігі ұшбұрыш сипатында. Толық дайындалғаны (аяқталғаны) аз. Осы 1958 жылы Х. А. Алпысбаев тобының ашқан ескі қоныстарынан Бүркітті 1, 2 және Ұзынбұлақ 1, 2 атауға болады. Осы 1958 жылы Шымкент қаласынан 43 шақырым солтүстік жағында Арыстанды өзенінің оң жағалауындағы Ш. Уәлиханов атындағы палеолит қонысының табылғанын да атап көрсеткен жөн [10] .

Кейінірек, 1961 жылы Тәңірқазғанның шығыс жағынан осыған ұқсас төменгі палеолит дәуіріне жататын қоныстар Ақкөл, Кемер 1- 2- 3, Қызылрысбек т. б. ашылды [11] .

Оңтүстік Қазақстанның төменгі палеолитін зерттеудегі маңызды ғылыми еңбек ретінде т. ғ. д. Х. А. Алпысбаевтың монографиясын атауға болады. Бұл кітап Оңтүстік Қазақстанды көптеген жыл зерттеу барысындағы палеолиттік экспедиция жұмыстарының негізінде жазылған [12] .

Қаратау қойнауын тереңдей зерттеу барысы 80-ші жылдардан бастап академик Ж. К. Таймағанбетовтың басқаруымен жүргізіліп келеді. 1993 жылы авторлары К. М. Байпақов, Ж. К. Таймағанбетов, Т. Жұмағамбетов болып табылатын «Қазақстан археологиясы» атты ғылыми кітап баспадан шықты [13] . Осы кітаптағы «Тас ғасыры» бөлімі Ж. К. Таймағамбетовтың қаламынан туған. «Тас ғасыры» жөніндегі кең көлемді материалдар молшылығы, ескі дәуірдің палеолит мәдениетінен Қазақстанның алатын орнынан кең түсінік береді. Соңғы археологиялық ашылулар ретінде Оңтүстік Қазақстанның палеолит дәуіріндегі мәдениеті жан-жақты қамтылған.

Негізгі қорытынды - Қазақстан территориясы төменгі палеолит дәуірінің өзінде-ақ адамдар қонысына айналған.

Бұл кітапта Қаратау жотасына байланысты археологиялық мүмкіндікке қарай геологиялық және статистикалық материалдарды кең пайдалану тұрғысынан жазылған. Әрбір палеолит ескерткішіне талдау жасалып, техникалық типологиялық классификация жасаумен тас бұйымдардың толық тізімі беріледі. Классификация жасауға Оңтүстік Қазақстанда жүргізілген жұмыстар негізінде табылған тас бұйымдар алынады.

1958 ж. Х. А. Алпысбаев Шымкент қаласынан солтүстікте 143 км жердегі Қарасу елді-мекенінен солтүстік-батысқа қарай Арыстанды өзенінің оң жақ жағалауында орналасқан Қарасу тұрағы ашты. Кейін тұрақ Ш. Ш. Уәлихановтың есімімен аталды. Ескерткіште бес мәдени қабат бар екені анықталып, тұрақ кейінгі палеолит кезеңімен мерзімделді [14] .

Дарбаза ІІІ тұрағы Дарбаза ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 8 км жерде кішігірім биіктеу жерде орналасқан. Табылған тас заттары ерте палелоиттің амғы немесе ашель-мустьер кезеңімен дәуірленеді [15] .

Сүлейменсай табылу орындары Сүлеймансай ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 9 км-ге созылып жатыр. Тас құралдары жасау техникасына назар аударып Х. А. Алпысбаев бұл ескерткішті ашель-мустьер кезеңімен топшылады [16] .

Дәуренбек табылу орындары ескерткіштері өзі аттас бұлақтан солтүстік-батысқа қарай 1, 5-3, 5 км жерде орналасқан. Бұл ескерткіш тұрағында зерттеу жұмыстарын жүргізген Х. А. Алпысбаев ескерткішті ашель кезеңіне немесе екінші хронологиялық тобқа жатқызды [17] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көпжылдық тоңданудың өрістеуі жағдайында Сарыарқаның көптеген аудандарында
Қазақстандағы ерекше қорғауға алынған территориялар
Ежелгі дәуірдегі Қазақстан туралы
Қазақстан қорықтары
Ежелгі тас ғасыры (палеолит) дәуіріндегі Қазақстан
Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар. Табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны пайдаланудың ғылыми негіздерін жасау – биосфераны ноосфераға айналдырудың міндетті сатысы
Табиғатты қорғау мәселелері
Қазақстанда табиғатты қорғау ғылым аспектілерінің орнығуы туралы мәлімет
Қазақстанның ерекше қорғалатын аймағының жалпы сипаттамасы
Мезолит және неолит ескерткіштерінің зерттелу тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz