Инвестициялық жобаларды іске асыру кезіндегі техникалық-экономикалық есептердің сатылары мен түрлері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӘЛЬ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ

Экономика және бизнес факультеті

Менеджмент және бизнес кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Инвестициялық жобаларды іске асыру кезіндегі техникалық-экономикалық есептердің сатылары мен түрлері

Орындаған: Арыкбаева Д. К.

Тексерген: Жакупбекова Г. Е.

Алматы 2008

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  1. Инвестициялық жоба және оны топтастыру белгілері4
  2. Техникалық-экономикалық есептеуде қолданылатын формулалар…… . . . 5
  3. Инвестициялық жоба туғызатын ақша ағындарының қызметтері…… . . . 8

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 11

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 12

КІРІСПЕ

Халықаралық тәжірибеде кәсіпорының даму жоспары бизнес-жоспар ретінде көрсетіледі, ол негізінен кәсіпорынның даму жоспарының құрылымдастырылған сипаты болып табылады. Егер жоба инвестицияны тартумен байланысты болса, онда ол “инвестициялық жоба” деп аталады. Әдетте кәсіпорынның кез еклген жобасы, қандай болса да, инвестицияны тартумен байланысты болады. Жалпы түсінігі бойынша жоба - бұл белгілі бір мақсатқа жетелейтін кәсіпорынның іскерлігін өзгерту жайлы арнайы ұсыныс.

Жобаларды әдет бойынша тактикалық және стратегиялық деп ажыратады. Соңғысының қатарына меншік түрінің өзгерісін (арендалық кәсіпорынды, акционерлік қоғамды, жеке кәсіпорынды, біріккен кәсіпорындарды және т. с. с. құру) немесе өндіріс сипатының түбегейлі (жаңа өнім өндірісі, толық автоматтандырылған өндіріске көшу т. с. с. ) өзгерісін қарастыратын жобаларды жатқызады. Тактикалық жобалар, әдетте, шығарылатын өнім көлемінің өзгеруімен, өнім сапасын жоғарылатумен және қондырғыларды жаңартуымен байланысты болады.

Жалпы, бұл жұмыста инвестициялық жобалардың тиімділігі қарастырылады. Атап айтатын болсам:

  • инвестициялық жобалар қандай топтастыру белгілері арқылы ажыратылатыны қаралады және олардың әрқайсысына тоқталып өтіледі;
  • жобалау объектісінің деңгейлері;
  • техникалық-экономикалық есептер түрлері мен сатылары ;
  • инвестициялық жобалар тиімділігін бағалау принциптері ;
  • ақша ағынының инвестициялық, операциялық және қаржылық қызметтері жөнінде толығымен зерттеледі.

Жұмыстың мақсаты - инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау.

Міндеттері - жобаның қандай түрі болмасын және олардың техникалық, технологиялық, қаржылық, салалық және аумақтық ерекшеліктеріне қарамастан, олардың тиімділігін бағалау негізінде қажетті принциптерді ескеру, орындау.

1. Инвестициялық жоба және оны топтастыру белгілері

Инвестициялық жоба - күрделі жұмсалымның экономикалық мақсатқа лайықталынған, оның іске асыру көлемі мен мерзімін негіздеу, сондай- ақ инвестицияны іске қосуының тәжірибелік амалын (әрекетін) жазу (суреттеу) .

Бір сөзбен айтқанда инвестиция - табыс немесе пайда табу үшін ақшалай қаражаттарды жұмсау.

Оңтайлылық оңтайландыру - оңтайын, яғни белгілі бір техникалық- экономикалық міндеттер шешімнің межелі критерийлер мен айқындалған шектеулерден ең жақсы нұсқасын табу процесі.

Инвестициялық жобалар келесі топтастыру белгілер негізінде ажыратылады:

1) Жобалау объектінің деңгейі бойынша;

2) Бағалау кезеңінің ұзақтығы;

3) Жобаның нақтылығы (жуық немесе толық, жете) ;

4) Серпінділік (динамикалық) ;

5) Оңтайландыру критерийлері (пайымдау негізі) .

Жобалау объектінің деңгейі жөнінде төрт деңгейде ажыратуға болады:

1- ші деңгей. Шаруашылық - технологиялық кешен ( тау - кен байыту комбинаты, тау - кен металлургия комбинаты) . Ол негізгі өндірістік өндіру, байыту, балқыту процестерін кірістіреді.

2 - ші деңгей. Шаруашылық - технологиялық кешеннің құрылымдық элементі ( шахта, карьер байыту фабрика, қайта өндеу цехі ) ;

3 - ші деңгей. Тау - кен кәсіпорынның құрылымдық элементі ( аршу, шахтадағы ішкі көлігі, карьерлік көлік) ;

4 - ші деңгей. Кен қызу жөніндегі технологиялық процестер мен операциялар ( бұрғылау, арттыру, тиеу, тасымалдау, қоймалау) .

Бағалау кезеңінің ұзақтығы мынадай:

а ) болашақ - 15 - 20 жыл;

б ) ұзақ уақытты ( мерзімді ) - 5- 15 жыл;

в ) ора мерзімді - 2 - 5 жыл;

г ) ағымдағы - жыл, ай;

д ) жедел - тәулік, ауысым.

Оңтайлы міндеттер шешімін шығындардың әр түрлі уақытқа қатыстылығы, анықтаушы фактордың серпінділігіне, инвестициялық жобаның тиімділін бағалау мерзімімен байланысты мыналарға бөлуі мүмкін: серпінді және статикалық.

Статикалық міндеттер шешімім мына келесі шарттарға сай болуы қажет:

бағалау мерзімі бойынша әр нұсқаның жылдық және ағымдағы шығындардың өзгеріссіз және азғантай өзгеруі ( 5- 15 процент) ;

нұсқалар көлемдері мен өнім сапасы, бағалау және басқа да анықтаушы параметрлер бойынша салыстырмалы түрге келтірілуі.

Статикалық әдістерге тау кен жабдықты, кен қазбаларды жүргізу тәсілін, желдету, құрғату және басқа да осыларға ұқсас міндет шешімдерін салыстыру мен бағалау жатуы мүмкін.

Динамикалық есептер мына келесі белгілермен сипатталады:

Жұмыстардың жылдық көлемі мен шығындардың бірқалыпсыздығы;

Тауар өніміне жыл бойы бағалардың өзгеруімен;

Жұмыс көлемінің, пайдалы кен байлық сапасының, сондай ақ бағалардың өзгеруінің салдарынан пайданың өзгеруімен;

өндіру, кен дайындау және ашу жұмыстарына шығындардың әр түрлі уақытта жұмсалуымен;

күрделі шығындарды тек кәсіпорынды салу кезінде ғана емес, сондай ақ тағы кен орнын пайдалану уақытында жұмсау керектігімен.

Пайымдау негізін таңдау қойылған мәселенің міндетінің артуымен, яғни инвестициялық жоба алдына қойылған мақсатпен, бағалау кезеңінің ұзақтығымен байланысты.

Инвестициялық жобалардың 1-ші және 2-ші деңгейлеріндегі объектілерге экономикалық критерийлер ретінде пайдалылықты, табыстылықты, инвестициялардың тиімділігін және олардың мөлшерін сипаттайтын көрсеткіштер қабылдануы мүмкін.

Инвестициялық жобалардың 3-ші және 4-ші деңгейіндегі объектілеріне критерийлер ретінде шығындардың, өзіндік құнның ең аз мөлшерін және өтімділік мерзімін азайту көрсеткіштерін пайдалану болады.

2. Техникалық-экономикалық есептеуде қолданылатын формулалар

Бір орталықтан жоспарлау, жабдықтау және тегін қаржыландыру кезінде министрліктердің ірі кәсіпорындарының көбі күрделі жұмсалымның, материалдық-техникалық жабдықтаудың ең үлкен мөлшеріне тікелей өте құштар болғанда, меншікті келтірілген шығындар деген көрсеткіш ( С + ЕК → min) нағыз экономикалық тиімді нұсқаны анықтауға көп мүмкіндік туғызған жоқ.

Бірақ технологиялық жабдық түрін таңдау кезінде мына формуланы пайдалануға болады:

С + rК → min,

Мұнда C - нұсқалар бойынша ағымдағы (өндірістік) шығындар, өнімнің өзіндік құны;

K - нұсқалар бойынша күрделі жұмсалымдар мәні;

r - проценттік ставка (мөлшерлеме) , дисконт нормасы.

Қай жағдай болса да ағымдағы шығындарды (өндірістік шығындар) да өнімнің өзіндік құнын да күрделі жұмсалымды да инвестициялық жобаның бастапқы немесе аяқтау кезеңіне келтіруге болады.

Болашақтағы шығындарды, пайданы, кен орнының бағалығын бастапқы мезетке мына формуланы пайдаланып келтіруге болады

З = З / (1+ k) б

Мұндағы З - болашақ экономикалық көрсеткіштердің қазіргі уақытқа келтірілген мәні;

З - болашақтағы экономикалық көрсеткіштердің мәні;

r - дисконт мөлшерлемесі (ставкасы) ;

(1+ r) - дисконттау коэффициенті (k Equation. 3 ),

t - шығындар мен нәтижелердің алыстығы.

Кез елген өткен жылдардың шығындары мен нәтижелерін бағалауды мезетке келтіру үшін мына формуланы пайдаланады:

З = З (1+ r) = З * k

Техникалық- экономикалық есептер мына келесі жұмыстарды құрады:

  • Жоба жасау алдындағы зерттеу;
  • Инвестициялық мүмкіндіктерді техникалық- экономикалық зерттеу;
  • Инвестициялық жобалар немесе техникалық- экономикалық негіздеу, бизнес- жоспар;
  • Экономикалық есептерді орындау және объектіні жаңадан салу мен пайдалану кезінде түзетулер енгізу.

Техникалық- экономикалық есептердің қажеттілігі бос қаражаттарды жұмсаудың ең жақсы нұсқасын негіздеу мен таңдау керек немесе әр түрлі инвесторлардың шарт жағдай нұсқаларын бағалау, құрылысты ұйымдастыру үшін несие алу, жабық сатып алу үшін керек.

Жоба жасау алдындағы зерттеулер мыналарды кірістіреді:

  1. кен орнын барлау және өндіруге арналған өтімді негіздеу;
  2. жер бөліп беру жобасын негіздеу;
  3. болашақ жобаның қоршаған ортаға тигізетін әсеріне экономикалық баға беру.
  4. кен орнын қазу тәсілін, технологиясын, негізгі жабдықтар түрлерін таңдауды алдын ала негіздеу.

Техникалық- экономикалық есептер жуықтау болса да тез, ең аз мерзімде нұсқалардың көп санына экономикалық салыстыру жасап, олардың ішінен 2-3 нұсқасын инвестициялық жобаның келесі кезеңінде тікелей жете салыстыруға, таңдауға мүмкіндік береді.

Инвестициялық жобаларды техникалық- экономикалық негіздеу техникалық шешімдерге экономикалық бағалауды, маркетингті зерттеуді, баға нарығын, инвестициялық мүмкіндіктерді (несие, оны өтеу мерзімі, проценттік мөлшерлеме) зерттеуді алдын ала қарастырады.

Экономикалық есептер инвестициялық жобалардың техникалық- экономикалық негіздеу сатысында болашақ кәсіпорын қызметінің 3 түрі бойынша бағалау кезеңінің әр жылындағы табыстар мен шығындарды жете анықтауды қарастырады:

  • инвестициялық;
  • операциялық (өндірістік) және қаржылық.

Сонан соң осы есептер негізінде әр нұсқаның коммерциялық тиімділігі де жете зерттелінеді, яғни ақша ағындары (Cash flow) .

Жобаның қандай түрі болмасын және олардың техникалық, технологиялық, қаржылық, салалық және аумақтық ерекшеліктеріне қарамастан инвестициялық жобалар тиімділігін бағалау негізінде мына келесі принциптер жатыр:

  • жобаның барлық өміршеңдік кезеңін қарап талқылау;
  • барлық ақша ағындарын үлгілеу;
  • әр түрлі жобалар нұсқаларын салыстыру талаптарының салыстырымдылығы;
  • оң нәтижелік пен барынша жоғары тиімділік принципі;
  • уақыт факторын есепке алу;
  • алдағы шығындар мен кірістерді ғана есепке алу;
  • инвестициялық жобалардың барлық аса маңызды салдарын есепке алу;
  • жобаға әр түрлі қатысушылардың түгелін есепке алу;
  • инвестициялық жобалардың тиімділігіне айналмалы капиталдың қажеттілігінің әсерін есепке алу;
  • инфляциялық әсерін есепке алу;
  • сандық нысанда белгісіздік пен тәуекелдіктің әсерін есепке алу.

Инвестициялық жобаның тиімділігі есептік кезең бойынша бағаланады, ол жоба басынан оның аяқталуына дейінгі уақыт аралығын қамтиды. Жобаның басы жобалау-іздестіру жұмыстарына қаражат жұмсаған күннен бастап анықталады.

Есептік кезең қадамдарға, уақыттың бөліктеріне бөлінеді, сол уақыт ішінде қаржы көрсеткіштерін бағалау үшін пайдаланылатын деректер жиналады.

Есеп қадамдары олардың номірлерімен (0, 1, 2, …) айқындалады.

3. Инвестициялық жоба туғызатын ақша ағындарының қызметтері

Инвестициялық жоба, басқа да қаржы операциялары сияқты, табыс алумен және шығындар жасаумен байланысты болғандықтан, ақша ағындарын (нақты ақша ағындарын) туғызады.

Ақша ағыны (CF) - ақша қаражатының түсуі мен жұмсалуы.

Әр қадамында ақша ағынының мәні сипатталады:

  • Түсіммен - осы қадамдағы ақша түсуінің шамасымен ;
  • Жұмсалуымен (жылыстаумен) - осы қадамдағы төлемдерге тең;
  • Сальдо (актив балансы, нәтиже) - түсім мен жұмсалу арасындағы айырма.

Ақша ағыны (CF) әдетте кәсіпорынның әр түрлі қызметтер ақша қаражатының қозғалысынан тұрады:

  1. инвестициялық қызметтен ақша ағыны F(t) ;
  2. операциялық қызметтен ақша ағыны F(t) ;
  3. қаржылық қызметтен ақша ағыны F(t) .

Операциялық қызмет - кәсіпорынның, ұйымның табыс табу жөніндегі негізгі қызметі мен инвестициялық және қаржы қызметіне қатысы жоқ өзге де қызмет.

Инвестициялық қызмет - ұзақ мерзімді активтер мен қаржы инвестицияларын сатып алу және сату.

Қаржы қызметі - меншікті капитал мен қарыз қаражаттарының мөлшері мен құрамындағы өзгеріс нәтижесі болып табылатын кәсіпорын қызметі.

Әр заңды тұлға ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беруге тиіс. Онда мынадай ақпарат берілуі тиіс:

  1. ағымдағы есеп беру кезеңіндегі түсетін және талап етіп алынатын ақша қаражаттары туралы;
  2. есеп беру кезеңі бойынша кәсіпорынның операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтері туралы.

Операциялық қызметке байланысты ақша қаражаттарының қозғалысы тікелей немесе жанама әдістер арқылы анықталады.

Тікелей әдіс - ақша қаражаттарының негізгі түрлерінің түсуі мен төленуін анықтайтын әдіс. Бұл әдіс әрбір ақша операциялары мен анықтамаларын қай қызметке жататынын зерделеуге негізделген.

Тікелей әдіс қаржы- шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есептің әрбір бабындағы түзетумен түсіндіріледі. Мұндай жағдайда өнім өткізуден алынған түсімнен бастап одан ағымдағы шығындарды, тауарлар сатып алу, несиелерге проценттер мен бюджетке төленетін төлемдер және тағы басқа төлемдер шегеріледі. Қорытындысына операциялық қызметке байланысты ақша қаражаттары жағдайының сомасын шығарады.

Тікелей әдісті қолданған жағдайдағы операциялық қызметтің нәтижесінде тындайтын ақша қаражатының ағынына жатады:

  • түсімдеріне - өнімдерді өткізуден алынған түсім; тауарлы-материалдық қорларды жеткізуден және қызмет көрсетуден түскен аванстар; түрлі сипатта сыйақы төленген дивиденттер мен роялтилердің проценттері; басқа да және өткізуден тыс табыстар, басқа түсімдер;
  • жұмсалуына жатады - өндірістік шығындар; тауарлы-материалдық қорларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға және көрсетілген қызметтерге берілген аванстар; материалдар мен тауарлар үшін жеткізушілер мен мердігерлерге төлемдер; жалақы бойынша төлемдер мен басқа төлемдер; бюджетпен, әлеуметтік сақтандыру органдарымен, бюджеттен тыс қорлармен есеп айырысу; проценттерді төлеу; басқа да төлемдер.

Инвестициялық қызмет - ұзақ мерзімді активтерді сатып алу мен сату, өтелген несиелерді алу мен беру болып табылады.

Инвестициялық қызметтердің нәтижесінде пайда болған ақша қаражаттары қозғалысының мысалы:

  1. ақша қаражаттарының түсуі:негізгі құралдарды, басқа да ұзақ мерзімді активтерді және материалды емес активтерді сатудан түскен түсімдер; қаржылық инвестицияларды өткізуден түскен түсімдер; басқа заңды тұлғаларға берілген несиелерді алу; басқа түсімдер.
  2. ақша қаражаттарын алу (отто) :
  • күрделі жұмсалымдар;
  • негізгі құралдарды, басқа ұзақ мерзімді активтерді және материалды емес активтерді сатып алу;
  • қаржылық инвестицияларды сатып алу;
  • басқа заңды тұлғаларға несие беру;
  • басқа да төлемдер болып табылады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялық жоба
Банк жүйесіндегі инвестициялық қызмет
Инвестициялық жобаларды талдау формалары
Жобаны талдаудың экономикалық тиімділігі
Инвестициялық жобаны қаржыландыру жайлы
Инвестициялық жобаларды талдаудың қолдау жүйелері
Инвестициялық жобаның түсінігі және оны бағалау әдістері
Компаияның инвестициялық стратегиясын қалыптастыру
Инвестиция және инвестициялық тартымдылық. Инвестициялық жобалардың негізгі ерекшеліктері
Кәсіпорынның қаржысы және инвестициялық қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz