Индустриялық-инновациялық дамуда «Ұлттық инновациялық жүйенің» маңыздылығы


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

1. Кіріспе.

Индустриялық-инновациялық дамуда «Ұлттық инновациялық жүйенің» маңыздылығы.

2. Негізгі бөлім.

а) Индустриялық-инновациялық процестерге даңғыл жол. б) Дағдарысқа қарсы басқарудағы инновация.

в) Индустриялық инновация - экономикалық өсудегі негізгі қозғаушы күш.

3. Қорытынды.

1997 жылы 10 қазанда Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан 2030 барлық қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Жолдауы жарияланған болатын, онда Қазақстанның 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясы белгіленді. Ұзақ мерзімді стратегияның алдын-ала кезеңін іске асыру мақсатында Президенттің 1998 жылы 28 қаңтардағы №3834 жарлығымен Қазақстан Республикасының 1998-2000 жылға арналған стратегиялық даму жоспары бекітілген болатын. Тұтастай алғанда үш жылдық Стратегиялық жоспар табыспен іске асырылады.

Қазақстан дамудың және қазіргі әлемдегі өз орны мен ролін сезінудің жаңа сатысына көттерілді. Елді жаңа нарықтық желіге салу жөніндегі негізгі шаралар жүзеге асырылды. Осыдан 9 жыл бұрын тәуелсіздікке ие болған сәтке қарағанда бүгінгі Қазақстан тәуелсіз экономикалық держава ретінде бәсекеге неғұрлым қабілетті әрі келешегі зор. Алайда, Қазақстанның өзіндік даму моделін іздестіру жалғасуда және жалғаса беруге тиіс, өйткені дүние шапшаң өзгеріп, күрделене түсуде. Мұндай ізденістің аса маңызды құралы Қазақстан 1997 жылы алғаш рет пайдаланған ел дамуын стратегиялық жоспарлар болып табыдады.

Қазақстан Республикасы ХХІ ғасырға күрделі өзгерістермен аяқ басты. Бұл мәселенің өзектілігі әлемдік экономикалық қауымдастықта еліміздің нарықтык бағытта дамушы ел деп танылуымен арта түсті. Себебі елбасымыз атап көрсеткендей «мемлекетіміз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек» деп атап көрсетті. Сондықтан болар бүгінгі күнгі экономикалық дамудың тиімді жолдарын табу туралы мәселелі сұрақтар кең түрде талқылауға түсіп отыр.

Егемендік алғаннан кейінгі макроэкономикалық көрсеткіштерге назар аударсақ ұлттық экономикада 1998 жылдан бастап, экономикалық өсуді байқалды. Тіпті соңғы екі-үш жылда ЖІӨ-нің өсіу деңгейі 10% көлемінде болып отыр. Бұл шама ел үшін жетістік яғни әлем бойынша ЖІӨ өсімі бойынша басты орындардамыз. Бірақта мұндай жетістіктерге жетуіміз жер қойнауымыздағы минералды қорымыздың бай болуымен соңғы жылдары мұнай мен металл бағасының өсуімен тікелей баланысты.

Қазақстанның өнеркәсіп өндірісі жылдар бойы күйзеліс-дағдарысқа ұшырап, құлдыраудан кейін 1999 жылдан бастап даму жолына түсті. Ал қай елде болмасын экономиканың даиуы өнеркәсіптің жағдайына байланысты болатыны белгілі. Кейінгі жылдары дами бастаған Қазақстанның өнеркәсібі - кен өндіру өнеркәсібінің, оның ішінде шикі мұнай өндіру есебінен өсуде. Сондықтан да оның сипаты шикізат өндіруші болып отыр. Бұл, әсіресе, экспорт және импорт құрамынан да көрінеді. Мәселен, 2003 жылы Қазақстанның құрамында минералдық өнімдердің үлес салмағы 65 %, жай минералдың үлесі 20%, осы екі шикізаттардан тұратын өнімдерді бірге алғанда, олардың үлесіне барлық экспорттың 85% келеді.

Осы жағдайлар ескеріле отырып, экономиканы әртараптандыру және жаңғырту негізінде елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін Ел президентінің 2003 ж 17 мамырдағы № 1096 жарлығымен «Қазақстан Республикасының Индустриялық- инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы»бекітілгенді.

Көптеген себептерге байланысты Қазақстанда өнеркәсіп өндірісі 90-жылдары үлкен күйзеліске ұшырап, аса қатты құлдырап кетені белгілі. 1999 жылдан бері оның көлемі жыл сайын өсіп келеді. 1999 жылғы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1990 жылғы көлемнің жартысындай ғанаболса, 2002 ж ол 72, 9%құрады. 2003 ж 1990 жылдың деңгейіне жақындай түсті. Енді 2003 ж өнеркәсіп өндірісінің жағдайын нақты деректермен талдап көрелік. 2003 ж Қазақстанның өнеркәсіп кәсіпорындарында қолданыстағы бағамен 2794, 4 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл оның алдыңғы жылғыдан 8, 8 % көп. Соның ішінде кен өндіру өнеркәсібінде 1360, 4 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл 2002 жылғы деңгейден 8, 8% жоғары. Ал өңдеу өнеркәсібінде 1207, 9 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл 2002 ж деңгейден8, 9% көп. Өнеркәсіптің аталған басты екі саласынан басқа электр энергиясын, газ бен суды өндіру және бөлу деп аталатын үшінші салада 226, 2 млрд теңгенің өнімі өндірілді, бұл 2002 ж деңгейден 7, 1% жоғары.

Өнеркәсіп өнімінің құрамындағы кен өндіру өнеркәсібінің үлес салмағы 2003 жылы 48, 7 %, өңдеу өнеркәсібінің үлес салмағы 43, 2 % болды. 1998 жылы кен өндіру өнеркәсібінің үлес салмағы 24, 3%, өңдеу өнеркәсібінің 36, 1% дейін көтерілді, өңдеу өнеркәсібінің үлесі 50, 6% дейін төмендеді, 1999 жылы бұл көрсеткіштер тиісінше 44, 5 және 46, 5 болды. Содан бері кен өндіру өнеркәсібі алда келеді.

Кен өндіру өнеркәсібінің басты негізгі саласы отын- энергетикалық пайдалы қазбаларды өндіру болып табылады, оның 2003 жылғы көлемі 1239, 5 млрд. тенге, ал үлес салмағы 91, 1% болды. Кен өндіру өнеркәсібінің бұдан басқа салаларының көлемі 120, 9 млрд. тенге немесе олардың үлесі 8, 9% болды.

Отын-энергетикалық пайдалы қазбаларды өндіру өнеркәсібінің ішінде шикі мұнай мен ілеспе газды өндірудің 2003 жылғы көлемі 1120, 8 млрд. тенге немесе оның үлес салмағы 90, 4% болды. Шикі мұнай мен ілеспе газдың бүкіл өнеркәсіп өндірісіндегі үлес салмағы 40, 7%, кен өндіру өнеркәсібінің үлес салмағы 82, 4% жетті. Өндірілген көмірдің, магниттің және шымтезектің көлемі 40, 4 млрд. тенге немесе оның үлес салмағы 3, 3% болды. Өндірілген табиғи газдың көлемі 12, 7 млрд. тенге немесе 1% болды.

Кен өндіру өнеркәсібінің отын энергетикалық пайдалы қазбалардан басқа салаларының ішінде өндірілген металл кендерінің көлемі 98, 9 млрд. тенге болды немесе кен өндіру өнеркәсібінің 7, 3% құрады, соның ішінде темір кендерінің өндірідің көлемі 40, 6 млрд. тенге, түсті металдар кендерін өндіру - 58, 2 млрд. тенге болды.

Енді өңдеу өнеркәсібінің жеке салаларының құн тұрғысынан алғандағы көлемі мен үлес салмақтарына көз жіберейік. Өңдеу өнеркәсібінің құрамында 18 өнеркәсіп түрлері аталады. Оның басты үшеуін атап өткен жөн. Үлес салмағы жөнінен бірінші орында 2003 жылғы деректер бойынша металлургия өнеркәсібі және дайын металл бұйымдар өндіру (39, 9%) тұр, екінші орында темекі мен сусындарды қоса алғандағы тамақ өнеркәсібі (26, 4%), үшінші орында - кокс, ядролық материалдарды және мұнай өнімдерін өндіру (10, 6%) . Машина жасау өнеркәсібінің үлесі 7, 3%, тоқыма және тігін өнеркәсібінің үлесіне 4, 1%, химия өнеркәсібінің үлесіне 3, 2% келеді.

Енді өнеркәсіптің жеке салалары бойынша өндірілетін өнімдердің натуралды түрдегі көлеміне тоқталып, талдау жасап көрейік. Алдымен, әрине, кен өндіру өнеркәсібінің ең басты саласы отын энергетикалық пайдалы қазбаларды өндіруден бастайық. Шикі мұнай мен газ конденсатын 1990 жылы 25, 8 млн. тоннадан 1995 жылы 20, 6 млн. тоннаға дейін азайып, 2003 жылы 51, 4 млн. тоннаға дейін өсті. Шикі мұнайдың өзі 1990 жылы 20, 7 млн. тоннадан 1995 жылы 18, 1 млн. тоннаға дейін азайып, 2003 жылы 45, 3 млн. тоннаға дейін артты.

Көмір өндірудің көлемі 1990 жылы 131, 1 млн. тоннаға жетсе, ол 1999 жылы 58, 4 млн. тоннаға дейін кеміп, 2003 жылы 89, 7 млн. тоннаға дейін көтерілді.

Тауарлы табиғи көлемі 1990 жылы 6, 2 млрд. текше метрден 1995 жылы 4, 2 млрд. текше метрге дейін азайып, 2003 жылы 7, 2 млрд. текше метрге дейін өсті.

Сөйтіп, мұнай, газ, көмірдің көлемі кейінгі кезде жыл сайын артып келеді.

Қазақстан Республикасы ХХІ күрделі өзгерістермен аяқ басты. Бұл мәселенің өзектілігі әлемдік экономикалық қауымдастықта еліміздің нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуымен арта түсті. Себебі Елбасымыз атап көрсеткеніндей «мемлекетіміз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек» деп атап көрсетті. Сондай-ақ ұлттық экономиканың тұрақты дамуына және еліміздің әлем таныған алдыңғы қатарлы елдер санатына қосылуына ең басты қажетті индустриялық-инновациялық қызмет болып табылады.

Осы оң шараларды жүзеге асыру үшін, ең алдымен ұлттық инновациялық жүйенің қажеттілігі туып отыр. Міне, осы себептен соңғы 3-4 жылда инновацияға деген көзқарас өзгерді. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев ұлттық ғалымдармен кездесуінде атап өткендей, «елімізде ұлттық инновациялық жүйе құратын уақыт жетті» деп атап көрсетті.

Бұл жүйеге инновацияны жүзеге асыру үшін оны мемлекеттік қолдайтын құқықтық актілер, инновациялық қызметтердің іске асуы, оны қамтамасыз ететін қаржылық институттар және нақты түрде қызмет ететін мекемелер, ҒЗТКЖ ұйымдары кіреді. Бізге белгілі соңғы жылдары елімізде оң нәтижелі экономикалық өсу орын алып отыр, оның үлесі ЖІӨ бойынша 10% шамасында байқалуда. Осындай жетістіктерге жетуіміз жер қойнауымыздағы минералды қорымыздың бай болуымен және соңғы жылдары мұнай мен металл бағасының өсуімен тікелей байланысты. Еліміз экономикасы әлі де Кеңес одағы құрып кеткен шикізаттық негізінде болып отыр. Ал дамыған елдердің қай-қайсысын алып қарамасақ олар шығынды көп қажет ететін шикізаттық өндірістен сервистік-технологиялық өндіріске өтіп кеткен, ал шикізаттық өндіріспен даму жағынан артта қалған және дамушы елдер ғана айналысады екен. Елбасы атап өткендей, еліміз жоғары дамыған елдер қатарына қосылу үшін және экономикамыз шикізаттық өндіріске тікелей байланысты емес тұрақты экономикалық өсу үшін реформалар жүргізіп және ұзақ мерзімді стратегиялар міндетті түрде керек болады.

ҚР-ның инновациялық мәселелерге қызығуы ХХІ ғ-ды әлеуметтік-экономикалық дамудың ең бірінші ғылыми техникалық дамуымен байланысты болып отыр. Елдің негізгі экономикалық дамуына, яғни ғылыми-техникалық ресурстарды жоспарлау үщін инновациялық қызмет ең қажеттісі.

Экономикалық эволюцияда көптеген ғалымдар тұжырымы бойынша олар техника - экономикалық зерттеуінде инновациялық процесс туралы келесі әдістемелік негіздерін ұсынды:

  • Экономикалық динамика экономикалық өсуді қозғаушы фактор инновациялық негіздегі бәсеке болып табылады;
  • Экономикалық дамуда білім мен интелект басты рөльде болуы керек;
  • Интелектуалдық қызметті институционализа-

циялау оның құрылымы мен негізі болып табылады.

ХХІ ғасырда әлемде мемлекеттік экономика жүйесінің дамуына үш түр айқын көрінеді. Оларға:

Шикізаттық бағыттағы экономика;

Доганяющиеразвитие Индустриядан кейінгі қоғам экономикасы

Мұнда шикізаттық елдерге жер қойнауында қазба байлықтары көп елдер жатады және олардың экономикасы экономика дамуында тұрақсыз шикізаттық бағытқа негізделген. Доганяющие развитие елдерге жаңа технологияларды қолданушы елдерді жатқызамыз және олардың дамуына тікелей шетел инвестициялары жатады. Ал экономика дамуында ең тиімді жол болып табылатын индустриядан кейінгі қоғам экономикасы ғылыми-техникалық потенциалы жоғары дамыған елдерде орын алуда. Бұл экономиканы білімге негізделген экономика деп атауға болады.

Сондай-ақ өнеркәсіп саласын дамыту барысында кластерлік жүйелерді дамыту керек. Кластерлер таяу орналасқан кәсіпорындарын бір орталыққа шоғырландыра отырып, тізбектелген технология бойынша соңғы өнім шығаруға қол жеткізідің бірегей тәжірибесі болып табылады.

Стратегияның негізгі мақсаты - бәсекелестікке шыдайтын, импорт алмастырушы және экспортқа бағытталған тауар шығаратын өнеркәсіптер құрып, қызмет көрсету саласын нығымдау.

Индустриялық - инновациялық даму бағдарлама-сына сәйкес біз экономиканың шикізаттық бағытынан арылып, Қазақстанның индустриялануын тездетуге, машина жасау мен өнеркәсіп жабдықтарын шығаруда жолға қоюға тиіспіз. Яғни инновация - негізгі қозғаушы күш болмақ.

Әрбір әлеуметтік-экономикалық жүйе, егер оның дамуы кезектілік пен бағыттылықта болса, онда ол өз қызмет аясында жетістіктерге жетеді. Даму - бұл ұйымның қызмет етуінің кеңейуі мен тұрақтануын анықтайтын жаңа сапаға жету. Бірақ қаншалықта жақсы жұмыс жасағанымен, егер оның басшылығы жоғары сапамен төмен шығынды жаңа өнім өндіруге мүмкіндік беретін жаңа технологиялар енгізуге бағытталмаған болса, онда ол белгілі бір мерзім ішінде бәсекеге қабілетсіз болып қалуға тәуекел. Ал бұл өткізу нарығында алатын орынның әлсіреуіне, өнім тұтынушылардың жоғалтуына және пайда көлемінің төмендеуіне әкеледі. Бұның барлығы ұйымда дағдарыс жағдайының туындауына әкеледі және банкроттықтың себебі болуы мүмкін. Әсіресе, бұл мәселе біздің елімізге маңызды болып келеді. Қазақстанның экономикасы өнім өндірушілердің көпшілігін инновациялық шараларды жүрізуге қызығушылықтарының төменлігімен, сонымен қатар, мемлекеттік құрылымдардың барлығында инновациялық саясаттың болмауымен сипатталады.

Елдің экономикасындағы дағдарыс инновациялық дағдарыспен қиындай түседі. Ал инновациялық дағдарыс жаңалықтарды құру және ендіру процесімен басқарудың күрь төмендеуімен, қаржыландыру көздерінің болмауымен, творчествалық зерттеу ұжымдар қызметінің шектелімен байланысты болып отыр. Осыған қоса, инновациялық процестердің даму сипаттарымен ерекшеліктері тек жалпы экономикалық жағдаймен анықталып қана қоймай, сонымен бірге, зерттеу жұмыстары жаңалық енгізу теориясы негізінде жүзеге асырылатын инновациялық сфераға қатысты даму заңдылықтарымен анықталады. Сонымен бірге, дағдарысқа қарсы даму элементі болып табылатын жалпы басқару мен инновациялық процестердің басқарудың әлемдік тәжірибесін отандық тәжірибеге тиімді қолдану мүмкіндігін бағалау маңызды болып отыр.

Экономикалық ғылымдар және экономикалық даму тәжірибесі көрсеткендей инновациялық дамуды жаңа технологиялар экономиканы тиімді модернизациялауды қамтамасыз етеді. Бұл әсіресе ҚР-сы үшін өте маңызды, өйткені, 1990 жылдан елімізде технологиялық дағдарыс қалыптасты. Өндірістің техникалық деңгейі құлдырады, ғылыми өнімдердің шығуы азайды, ғылыми-техникалық потенциалымыз қысқарып кетті, сондай-ақ бұрынғы экономикалық жүйе түгелімен жойылды, еліміз өзінің ішкі сұранысын қамтамасыз ете алмай қалды. Осының салдарынан ЖІӨ көлемі де 1990 жылмен салыстырғанда 1995 жылы 40%-ға дейін азайды. Ал 1996 жылы ЖІӨ-нің 0, 5%-ға өсуімен экономикалық дағдарыс кері бұрылып, экономикалық жандану кезеңіне өтті. Осы жылдардағы ЖІӨ көлеміне назар аударсақ тек қана 2003 жылы 1990 жылғы деңгейге жеткен екенбіз.

Алдыңғы уақыттарда экономикалық өсу факторы ретінде пост кеңестік елдерде инновация екінші деңгейдегі жоспар болып келді. Бірақ әлемдегі дамыған елдер тәжірибесі және отандық тәжірибе бойынша тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу инновациялық қызметсіз жүзеге аспайтындығын көз жетті. Міне осы себептен соңғы үш-төрт жылда инновацияға деген көзқарас өзгерді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы индустриялы-инновациялық даму
Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы
Экономиканың циклдық концепциялары
Қазақстан Республикасындағы индустриялық инновациялық стратегияны жүзеге асырудың сараптамалық мәселелері
Экономикадағы инновация
Экономиканы мемлекеттік реттеу: қағидалары мен үлгілері
Экономиканы мемлекеттік реттеудің басты үлгілері
ҚР-ның инновациялық дамуының бағыттары мен мәселелері
Қазақстан Республикасының даму кезеңдері
Экономиканы мемлекеттік реттеу туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz