Лизинг-іскерлік қарым-қатынастың бір түрі


«Лизинг» термині ағылшынның «to lease» деген етістігінен шыққан мағынасы «арендаға алу». Лизингтерминінің көптеген анықтамасы бар бірақ ол анықтамалардың барлығы лизинг формаларын толық сипаттай алмайды . Лизинг қаржы коммерциялық, құқықтық, техникалық аспектілерге ие.
Әртүрлі саладағы мамандар (юристтер, коммереанттар мен кәсіпкерлер маркетолог, банкир, сыртқы экономикалық сала кызметкерлері. ) лизингті инвестицкялық - банктік немесе арендалық кейде іскерлік қызметке жатқызады.
Лизинг-іскерлік қарым-қатынастың бір түрі, өйткені лизинг шаруашылық тәжрибеге нақты өнген өнім откізудің, инвестициялаудың басты формасы. Мұндай тар және біржақты анықтамалар мен лизинг- бұл аренда, қаржыландыру, несиелеу, тауар өткізу лизингтің көп жақтың табиғаты мынадай жаңа жұптардың құрылуына себеші болып отыр. Олар лизинг иесие, несие - аренда, аренда -сату, лизинг - сатып алу, жалдау сатып алу сату - қарсы лизинг, сатып алу- лизнг.
Сондықтан кейбір жағдайда лизинг сауда қаржылық немесе қаржылық - экономиқалық операция ретінде жүреді. Австралиялық бизнесмен Вольфганг Хойлер өзінің «Еуропадағы бизиесті қалай жасау керек» деген кітабында мынадай сұрақ қойған: «Лизииг аренда келісім шарты ма, әлде несие келісімі ме?» - жауап: «Жалпы лизинг ерекше келісім. жоғарыда аталғанның екеуін де қамтиды. »
Е. Кабатов, Е. Чермаков, В. Перов сияқты «Лизинг» түсінігін кеңінен талқылаушылардың көзқарасы бойынша, лизинг - бұл күрделі, кешенді келісімдік қатынас, өйткені онда екі немесе одан да көп келісімдер қамтылады ( сату -сатып алу және мүлікті жалға беру келісімдері) .
Е. Чермакортың тұжыры бойынша. мүлікті жалға беру лизинг мәнінің өзегі болып табылады. Ал қосымша қызметті мүлікті сату - сатып алу қатынастары атқарады. Экономиқалық мәні бойынша лизинг қаржылық операцияның жаңа тұрі ретінде қарастырылады. Егер лизингті белгілі бір уақытқа қайтару негізінде арендаға алатын болсақ, онда біз оны негізгі құралдарға жасалған тауарлық кредит ретінде қарастыруымыз керек.
Өз қаржылық ресурстарын пайдалану мен банктік несиенің баламасы ретінде, лизинг капиталға салымды қаржыландырудың өзіндік ерекше формасы болып табылады. Бұл процесс өнеркәсіптік кәсіпорынға бірденнен көп қаржылық шығындалмай ақ қажетті мүлікті сағып алуға және негізгі құралдарды үздіксіз жаңартып отыруға мүмкіндік береді.
1. Лизиигттің теориялың негіздері
1. 1. Лизинг түсінігінің мәні мен маңызы
«Лизинг» түсінігі шет ел және отандық әдебиеттерде де кәсіпкерлік қызмет тәжрибссінде де кең қолданылады . Лизинг мәнін дұрыс түсінбеудің арқасында және әр түрлі көз қарастар мен тұжырымдар лизингтік қатынас жұмысына кері әсерін тигізіп отыр. Лизингтің қаржы-коммерциялық, құқықтық және техникалық аспектілері бар. Жобамен қазіргі экономиқалық, қаржылық әдебиеттерде 100-ден астам анықтамалары бар.
Ол анықтамаларды талдай отырып, біз лизингті тар және кең мағынада түсіндіре аламыз, келесі белгілеріне сүйеиіп: лизинг келісім шарттарының экономиқалық-құқықтық мазмұны, келісім мерзімі, лизинг келісімнің обькетілер шеңбері, келісім шартқа қатысушылардыд саны мен құрамы.
Лизингтік қызмет біздің елде инвестициялық қызметгің бір түрі болып саналады, яғни негізгі құралдарды сатып алып, оны лизингке беру. Басқаша айтқанда лизинг бұл лизинг беруші тарапынан уақытша бос қаржысын лизинг алушы эканомикасына салу, яғни инвестициалау болып табылады.
Келісім шарта көрсетілген негізгі құралдарды лизинг беруші сатушыдан сатып алып, оны лизинг алушыға құнын ойлап өтеу негізінде пайдалану құқығы мен кәсіпкерлік мақсатына қолдануға беріледі.
Лизингті беруші негізгі құралдарды сатып ала отырып, сол құралдардын болашақта лизинг алушымеп пайдалануы қаржыландырады, ал сосын оз шығындарын лизинггік төлемдер арқылы толтырып отырады.
Нәтижесінде лизинг берушінің инвестициялық кызметі негізінде лизинг алушының негізгі құралдар құрамы толығады.
Әлемнің көптеген елдерінде лизнгтік қызмет инвестициялық бағытғалғандығымен сипатталады. Лизинг механизмінің мәнін түсіндірүде әр елде түрліше өзгешліктер бар. Көп жағдайда лизингті аренда түрінде түсінеді немесе құрал-жабдықтың, көлік құралдарының, өндіріс обьектілерінің ұзақ мерзімді арендасы ретінде түсінеді. Бұлай лизингке анықтама беру оның мән мағынасын толық ашпайды. Лизинг қаржылық ерекшелігімен арендадан ерекшеленеді. Лизинг алушы - бұл ұзақ мерзімге пайдалануға тек құрал жабдықты ғана емсс, сонымен бірге меншік қүкығымен байланысты міндеттер жүктеледі: мүлікке төлем, мүліктің кездейсоқ бүлінуіне байланысты отемдер, оларды сақтандыру мен техникалық қыз. мет кореепте төлемдер. Лизинг затына меншік құқығы лизинг берушіде қалады. Лизинг алушы арендатор сияқты әр айда оны пайдаланғаны үшін емес, оның толық құнын өтеу үшін төлем төлейді. Лизингке алынған заттың бүлінуі немесе жойылуы лизинг алушы міндеттерінен босатпайды. Сонымен бірге арендаға алғанда екі жақты келісім шарт жасалады, ал лизингке алғанда екі немесе оданда көп жақты келісім шарт жасалады. (№1-2 сызба )
Экономиқалық қарым-қатынаста лизингті көп жағдайда қаржылық операция түрінде қарастырын, қор салымының бір түрі ден түсінеді. Кез келген лизинг келісімінің негізгі өзегі қаржылық, несиелік операциялар болып табылады.
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ ЛИЗИНГІЛІК ОПЕРАЦИЯСЫ
Қазақстан банктері игере бастаған несиелік қатынастың жаңа формаларының біріне лизинг жатады. Бұл операция әлемдік іс-тажірибеде кеңінен тараған.
Лизинг феномені 80-ші жылдардың басында жай ұзақ мерзімді жалгерлік (аренда) ретінде емес, кепілдікпен несиелік қаржыландырудың, борыштық міндеттеме бойынша есеп айырысудың және басқадай қаржылық тетіктердің элеменітері кездесетін, жалгерлік қатынастың ықпалындағы келешегі зор қаржыландырудың жаңа, дәстүрлі емес, қосымша жүйесі ретімде анықталды.
Лизингілік операция банк құрылымының іскерлік ортамен өдірісі қаржыландыру бойынша ынтымақтастық құруына және әрекеттесуіне өз ықпалын тигізетіндіктен бүгінгі қазақстандық экономикаға қажетті операция болып табылады.
Лизингілік бизнес кәсіпкерлік қызметін айрықша саласы. Оны өзінің мүмкіндігіне қарай қолданатын болсақ немесе іс-тәжірибеге енгізетін болсақ, ол өндірісті техникалық жағынан қайта жарақтандырудың, қазақстандық экономикаға қажетті операция болып табылады.
Лизингтік бизнес кәсіпкерлік қызметтің айрықша саласы. Оны өзінің мүмкіндігіне қарай қолданатын болсақ немесе іс-тәжірибеге енгізетін болсақ, ол өндірісті техникалық жағынан қайта жарақтандырудың қазақстандық экономиканы құрылымдық тұррғыдан қайта құрудың, нақты сапасы жоғары тауарлармен қамтамасыз етудің аса қуатты импульсіне айналуы мүмкін.
Оны шаруашылық іс-тәжірибесінде қолданудың нәтижесінде қолданудың нәтижесінде қол жеткізүге болатын лизингілік мәміленің тиімділігі нмынада лизинг алған кәсіпорын өзінің қаржылық жағдайын жақсартады, инвестициялық процесті жандандырады, шағын және орта бизнестің бәсекеге жамдылығын арттырады.
Лизинг идеясы ежелгі замандарда пайда болған. Тарихшылар мен экономистердің пікіріне тоқталсақ, лизингілік мәмілелер біздің дәуірімізге дейін көне Шумер мемлекетінде бекітілген. Лизинг идеясы біздің дәуірімізге дейінгі Аристотельдің «Байлық меншік құқығынан емес, пайдаланудан тұрады» дейтін трактатында қозғалғанын тарихшылар растап отыр.
XVIII ғасырда Венецияда лизинг операциясына ұқсас мәмілелер болған: венециандықтар саудагерлер мен сауда кемелерінін иелеріне сол кезде қымбат тұратын якорьды жалға берген. Жүзу аяқталғаннан кейін «Шойыннан жасалған құндылықтар» өз иелеріне қайтарылған, ал олар закірді (якорь) қайтадан жалға беріп отырған.
Экономиқалық лексиконға «лизинг» терминінің енгізуі «Белл» телефон компаниясының операцияларымен байланыстылып қарастырылады: І877 жыл бір компанияның басшылығы телефон аппараттарын сатуды тоқтатып, оларды жалға беру туралы шешім шығарады.
Алайда, лизингілік операцияларды негізгі қызметіне айналдырған алғашқы қоғамдастық 1952 жылы Сан-Франциекодағы американдық «Юнайтед стейте лизинг корпорейшн» компаниясымен құрылды әрі АҚШ осылайша жаңа бизнес түрінің, ішінара банктік жаңа бизнес түрінің отанына айналды.
60-шы жылдың ортасында бұл елдегі лизингілік операциялар 1 млрд долларды құраса, 80-ші жылдың аяғында 110 млрд доллардан асты, яғни, ғасыр ширегінде 100 еседен көп артты. Жалдау бойынша операциялардың шапшаң өсуіне лизингілік мәміле бойынша серіктестер алатын белгілі бір артықшылықтар себеп болды.
Бүгінгі таңда нарықтық экономикасы дамыған елдердегі шаруашылық жүргізуші субъектілерге арналған лизингілік операция өндірісті техникалық жағынан қайта жарақтандыруда артықшылыққа ие операция болып саналады.
АҚШ-та лизинг экономиқалық бизнестің негічгі түрлерінік: біріне айналды. Жаңа лизингілік компаниялардың шапшаң өсуі және лизингілік келісімшарттағы шарттардың әр алуан түрленуі әр түрлі экономика салаларындағы кәсіпкерлердің инвестициялық қаражатты алуына мүмкіндік беретін әр түлі нұсқаларын анықтап берді.
Кейін лизингілік компания «қаржы-лизинг» қоғамы атауына ие болды. Ол өндірушілердің өнімдерін жалға беру арқылы өткізіп, мәмілелерді қаржыландырды әрі онымен байлапысғы қатерді бөлісті.
Батыс Еуропада алғашқы қаржы-лизинг қоғамы 50-ші жылдың соңыңда 60-шы жылдың басында пайда болды. Алайда, азаматтық сауда және салық зандарында лизингілік операция статусының анықталмауы оның дамуын тежеді.
Салық заңыңда лизингілік келісімшарттың статусы құқықтық тұрғыдан бекітілгеннен кейін ғана бұл операция түрі жоғары қарқынмен дамыды.
Мысалы, «Локафране» алғашқы француздық лизинг компаниясы 1982 жылы құрылды, ал бұдан төрт жыл өткеннен кейін олардың саны 30-дан асып кетті. 1987 жылы бұл елде жылдық контракт мөлшері шамамен алғанда 57 млрд франкті кұрайтын, жылжылмалы мүлік (негізінен - машина, құрал-жабдық, қолік құралдары) операцияларына мамаиданған 56 лизингілік компаиия, сонымен бірге, өндірістік тағайындаудағы үй-ғимарат, құрылғы, жылжымайтын мүлік операцияларына маманданғам лизингілік компания болды. Аталмыш компаниялар слдің аргға қалған аудандарының экономиқалық дамуында улкеи рөл ойнады. Француз мемлекеті бұл компаниялардың қызметін аймақтық саясаттың бір бөлігі ретінде қарастырып, оң баға беріп отыр.
Лизингілік компаниялардың қызметін ынталандыру оларды салықтан біртіндеп босату, ықтимал залалдардың орнын толтыруға арналған арнайы қорлар құру және т. б. жолдарымен жузеге асырылады. Францияда аса ірі лизиигілік компанияларға «Локафранс», «Слибай», «Локабай», «Софимобай». «Олиминико» және т. б. жатады.
Италияда алғашқы лизингілік компания 1963 жылы құрылды, алайда жалгерлік бойынша операциялардың ең шапшаң өсімі кейінірек - 70-80-ші жылдары байқалды. Италия жалгерлік мекемелердің көп болуымен ерекшеленеді. 80-ші жылдың екінші жартысында бұл елде жуық шамамен екі мыңдай лизингілік компания болды, олардың көбісі шағын және орта компаниялар Олардың ішінде аса ірі лизингілік компаниялардың саны - 50. Бұл ірі компаниялар - «Ассима» ұлттық ассоциацияның мүшелері. Бұл кезеңде ондаған аса ірі итальяндық лизингілік компанияның үлесіне барлық операция мөлшерінің 80%-і тиесілі болды. Елдің 30 мыңнан да көп кәсіпорынға өз қызметтерін ұсынатын аса ірі лизингілік компаниялары - «Локафит», «Итализ», «Гентро лизинг», «Савализинг», «Лоқат».
60-шы жылдардың басында лизингілік бизнес Азия құрлығында да дамыды.
Бүгінгі танда әлемдік лизингілік кызмет көрсету нарығының негізгі бөлігі «АҚШ - Батыс Еуропа - Жапония» үшбұрышына шоғырланған. Батыс Еуропада лизингті кебінесе мамандандырылған лизингілік компаниялар береді. 75-80% жағдайда оларды банк бақылайды немесе олардың еншілес қоғамы болып табылады.
Қызмет көрсетулерді қаржыландырудан сату-сатып алу, лизинг және қарыз комбинациясын қамтитын «қьпмет көрсетулердің пакетіне» дейін лизингілік операцияларды ұлғайту Жапонияға тән болып отыр. Бұл қызмет көрсетулер кешенді лизинг атауына ие болды.
Лизингілік қызмет көрсетудің халықаралық нарықпен серпінді нарық ретінде саналады. Сарапшылардың берген бағасы бойынша, 1988 жылдың басында лизинг жағдайьінда негізгі құрал-жабдықтар 250 млрд долларға сатылған, ал, 1979 жылц бар-жоғы 50 млрд долларға ғана сатылған.
90-шы жылдары машина және құрал-жабдықка салынған капитал салымының жалпы сомасында лизинг үлесіне тигене АҚШ-та 25-30%, Англия, Франция, Швеңия, Испания - 13-17%, Италия, Голландия - 12-14%, Австрия, Дания, Норвегия - 8-10% Жапония - 8-10%. Жапонияда лизингілік мәміленің мөлшері 1980-1988 жылдары 6 есе өсті, ал, лизингілік операциялардың жыл сайынғы өсімі - 25-30%.
Сонымен қатар Еуропалық лизинг нарық шапшаң даму үстінде болса да қарқыны жағынан АҚТІІ-тан, Азия-Тынық мұхиты аймағына әрі Австралиядан артта қалып қояды.
Австралияда жалпы өнеркәсіптік капитал салымының 33%-і лизинг негізінде жүзеге асырылады. АҚШ-ға баспа және энергия құрал-жабдығының, ЭЕМ-ның көп бөлігі лизинг шартымен сатып алынған. Әуе-көлік құралдарына келетін болсақ, соңғысының үлесі 58%-ті құрайды, ал жолаушылар мен станоктар - 50%. Лизинг жылдам өзгеретін технология мен есептеуші техника салаларында, сондай-ақ автомобиль құрастыруда, байланыс құралдарының өндірісінде, әлектрондық құрал жабдық және т. б. кеңінен тараған.
Қазіргі заманға халықаралық лизинг институттарының көптеп құрылуы тән болып отыр. Мәселен, Еуропалық лизинг қоғамының бірлестігі (штаб-пәтері Брюссельде) 17 еуропалық мемлекеттің қоғамдары мен одақтарын қамтиды.
Бірқатар мемлекеттің үкімет органдары лизингті шағын бизнесті қолдаудың айрықша формасы ретінде пайдаланады. Мысалы, Жапонияда шағын кәсіпорындарға лизиисілік кьпмет көрсетуді қамтамасыч ететін орғандар жүйесі арнайы құрылған. Ішінара, 1966 жылы мекемеге айналған лизингілік құрал-жабдық жүйесі ұлттық және префектуралық үкіметтің несие берушісі ретінде қатысады.
Ресейде лизинг көпке шейін салыстырмалы түрде аз мөлшерде тек халықаралық сауда-саттықта ғана қолданылып келген болатын. Сонымен қатар, кәсіпорындар мен ұйымдардың зерттеуі тұтынушылардың көп бөлігінің жалдау шартында машинаға, құрал-жабдыққа және өзге де техникаларға мұқтаж екендігін көрсетіп берді. Мамандандырылған лизингілік кәсіпорындарының («Арендомаш», «Колумб», «Имтер лазер лизинг») және лизинг комланияларының («Россия», «Молдово-лизинг») құрылуы, коммерциялық банктердің осы операция түрін белсенді түрде қолға алуы Ресейдегі лизингілік қызмет көрсету нарығынық іргетасын (негізін) қалап берді, Мәселен, 1990 жылдың III тоқсанында Ресейдегі коммерциялық банктер жүзеге асырған лизингілік операциялардың мөлшері 55, 1 млн рубльді құрады. Банк ісі 1989 жылдың 1 шілдесінде сатып алынған мүліктің мөлшері 220 есеге өссе, 1990 жылдың басында - 6 есе, 1991 жылы - 2, 9 есе өсті. 1996 жылдың 1-қантарындағы лизингілік операциялардың мөлшері 670, 5 млрд рубльді құрады, ал, лизингілік компаниялардың саны - 250.
Сонымен бірге, мынаны да айта кету керек: инфляция қарқынының жоғары болуы, салық заңының тұрақсыздығы, лизингілік операцияларды реттейтін нормативтік ақтілердің болмауы осылардың соңғысы өте қатерлі сипатта болғандықтан, бұл Қазақстанда қаржылық (капиталдық) лизингтің дамуына кедергі келтіреді.
Көптеген коммерциялық банктер лизингілік келісімшарттарды алға тартып, табысы жоғары тауарлардың (ЭЕМ, бейне-техника, автокөлік құ-ралдары) сатылуы бойынша мәмілелерді жасырады. Коммерциялық банктердің лизингке өзге қызмет түрлерін жатқызуы секілді тенденция (үрдісі) байқалады. Мұны өзінің құрылымы жағынан ең күрделі қаржылық операция болып табылатын лизинг бойынша операцияның ерекшеліктерін олардың жете білмеуімен байланыстырып түсіндіруге болады.
Лизингілік мәміленің мәні. Әлемдік іс-тәжірибеде «лизинг» термині ұзақ пайдалануға жарайтын тауарларды жалдауға не-гізделген әр түрлі мәмілелерді белгілеуде пайдаланылады. Жалдау келісімшарты бекітілген мерзімге қарай жалгерлік операцияның үш түрі бөліп көрсетіледі:
1. Қысқа мерзімді жалдау (рейтинг) - 1 күннеи 1 жылғадейін,
2. Орта мерзімді жалдау (хайринг) - 1 жылдан 3 жылға дейін,
3. Ұзақ мерзімді жалдау (лизинг) - 3 жылдан 20 жылға дейін және одан да ұзақ уақытқа. Машинаның және құрал-жабдықтың ұзақ мерзімге жалға алынуы немесе барлық келісімшарт мерзімінде жалға берушінің өзге біреуге жалға берілген мүлкіне меншік құқығы сақталатын, өндірістік тұрғыдан пайдалану мақсатында жалға алынатын машинаның және құрал-жабдықтың келісімшарты лизинг ретінде ұғындырылады. Оның үстіне, лизингті үшінші тұлға үшін мүлікті сатып алып, оны ұзақ мерзімге оған жалға беретін мамандандырылған (лизингілік) компанияның делдалдығы арқылы негізгі қордағы салымдарды қаржыландырудың өзіндік ерекшелігі бар формасы ретінде қарастыруға болады. Осылайша, лизинг компаниясы жалға берушіні несиелейді десе де болады. Сондықтан да лизинг кейде «несие-жалдау» («креди-бай» - фр. ) деп аталады.
Тауардың меншік құқығы сатушыдан сатып алушыға өтетін сату-сатып алу келісімшартынан айырмашылығы лизингте жалға алынған заттың меншік құқығы жалға берушінің өзінде қалады, ал, лизинг алушы оның тек уақытша пайдалану құқығына ие болады. Лизингілік келісімшарттың мерзімі аяқталғанда лизинг алушы мәміле объектісін келісімді бап бойынша сатып ала алады немесе лизингілік келісімшартты жалғастыра береді немесе құрал-жабдықты келісімшарт мерзімі аяқталғанда өз иесіне қайтарады.
Экономиқалық тұрғыдан алғанда, лизинг құрал-жабдықты сатып алу үшін ұсынылатын несиеге ұқсас.
Негізгі қордағы несиеде қарыз алушы борышты өтеуі үшін төлемдерді белгіленген мерзімде төлейді, мұнда банк несиенің қайтарылуын қамтамасыз ету ушін несиеленген объектінің меншік құқығын ссуда толық өтелгенше өзінде қалдырады. Ал, лизингте жалға беруші жалға алынған мүлікке тек келісімшарт мерзімі біткенше ғана және олардың жалға алған мүліктің қүнын толық төлегенше ғана иелік сте алады. Алайда мұндай ұқсастық тек қар-жылық лизингке ғана тән. Лизингтің түрі болып табылатын оперативтік лизинг құрал-жабдықты классикалық жалға алуға ұқсас келеді
Өзінің заңды формасында лизингілік мәміле инвестициялық құндылықтардың ұзақ мерзімді жалға алудың өзінше өзгешелігі бар түріне жатады.
Лизингілік операцияны дәл анықтаудың іс-тәжірибеде маңызы жоғары, өйткені оны рәсімдеудің заңмен белгіленген ережесі сақталмайтын болса, ол лизингілік мәміле ретінде танылмайды. Бұл операция қатысушылары үшін бірқатар жағымсыз қаржылық салдарды тудырады.
Лизинг түрлері және лизингілік операцияларды жіктеу шетелдік және отандық теория мен іс-тәжірибеде маңызды мәнге ие.
Лизинг түрлері оның жіктелу белгілеріне қарай бөліп көрсетіледі. Жіктеу белгілеріне жататындар:
• мәмілеге қатысушылардың құрамы;
• лизингке берілген мүліктің тұрпаты;
• мүліктің өтелу деңгейі;
• амортизация шарты;
• қызмет көрсету ауқымы;
• операция өтетін нарық секторы;
• салықтық және амортизациялық жеңілдіктер іс қатынасы;
• лизингілік төлемдердің сипаты.
Мәмілеге қытысушылардың (субъектілердің) құрамына қарай лизинг мыналарға бөлінеді:
- тікелей лизинг, онда мүліктің меншік иесі (жеткізуші) лизингке объектіні дербес береді (екі жақты мәміле) ;
- жанама лизингте мүлік делдал арқылы беріледі. Бұл жағдайда классиқалық үш жақты мәміле (жеткізуші - лизинг беруші - лизинг алушы) немесе брокерлік фирма, трастық компания, қаржыландырушы мекеме және т. б. қатысушылармен көп жақты (4-тен 6-7-ге дейін) мәміле - аса ірі әрі күрделі мәміле орын алуы мүмкін.
Тікелей лизингтің жеке жағдайына қайтарылатын лизингті жатқызуға болады. Оның ерекшелігі мынада: мүліктің меншік иесі меншік құқығын келешектегі лизинг алушыға сату-сатып алу шартымен береді, яғни оны сата отырып, бір мезгілде онымен осы мүліктің пайдаланушысы ретінде қарым-қатынас жасайды. Бұл жағдайда жеткізуші мен лизинг алушы бір ғана заңды тұлға болып табылады.
Мүліктің тұрпатына қарай лизинг былайша бөлінеді:
- жылжымалы лизинг (машиналы-техникалық лизинг) ;
- жылжымайтын лизинг.
Мүліктің өтелу деңгейіне қарай лизингті былай бөліп көрсетуге болады:
- толық өтелетін лизинг, онда бір келісімшарттың әрекет ету мерзімі ішінде лизинг берушіге жалға алынған мүліктің құны толық төленеді;
- толық өтелмейтін лизинг, бір келісімшарттың әрекет ету мерзімі ішінде жалға алынған мүлік құнының тек бір бөлігі ғана өтеледі.
Амортизацияның шартына қарай толық амортизацияланатын лизинг болады және осыған орай, лизинг обьектісінің құны толық төленеді.
Лизингтің формаларын екі негізгі түрге біріктіруге болады: оперативті лизинг және қаржылық лизинг.
Оперативті лизинг - бұл жалгерлік қатынас, онда жшіға берілген затты сатып алумен және үстаумен байланысіы лизинг берушінің шығындары бір лизингілік контрактінің әрекет ету мерзімі ішінде жалгерлік төлеммен етелмейді.
Оперативті лизингке мынадай негізгі белгілер тән:
- лизинг берущі езінің барлық шығынын бір лизинг алушыдан түсетін лизингілік төлемдердің есебінен егеуге (орнын толтыруға) ұмтылады;
- лизингілік келісімшарт, әдеттегіше 2-5 жылға бекітіледі, бұл құрал-жабдықтың заттай тозу мерзімінен аз және оны лизинг алушы кез келген уақытта бұза алады;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz