Денсаулық және компьютер


Денсаулық және компьютер
Компьютер адамзаттың өркениет жолымен дамуына ықпал ететін басты құралдардың бірі екені даусыз. Қай салада болмасын компьютер кеңінен қолданылып, адамдар тіпті онсыз өмір сүруін елестете алмайтындай дәрежеге жетті. Ал компьютерлік ойындар балалардың құмартып ойнайтын ойындарының біріне айналып, оған деген тәуелділігі күннен- күнге артып отыр. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы құмар ойындарын психиканың бұзылуына әкеліп соқтыратын, адам ағзасына қауіпті ойындардың қатарына енгізді. «21 ғасыр- компьютер ғасыры» деп атап, айдар тағуымыздың өзі осыны дәлелдеп отыр. Өкінішке орай, кез келген өркениеттің екі жағының болатыны бар. Біріншіден, біздің қоғамымыздың алға жылжуы болса, екінші жағынан рухани құндылықтарға кері әсерін тигізеді. Қазіргі таңда мектеп жасына дейінгі баланың өзі жазу - сызуды білмесе де, компьютердің не екенін жақсы біледі. Демек, бала заманына қарай өседі. Технология тілін жатық біле бермейтін әке - шешелері «қазіргі балалар іштен біле туады» деп те айтып жатады. Компьютерге осыдан 10 жыл бұрын тек қалталылардың ғана қолы жетсе, бүгінгі күні оны әрбір үйден көруімізге болады. Сондықтан болар компьютерлік ойындар балалардың құмартып ойнайтын ойындарының біріне айналды. Қазіргі балалардың досы - компьютер, осы бір жансыз темірдің алдында кешке дейін отырса да жалықпайды. Бұндай балаларды компьютерден басқа еш нәрсе қызықтырмайды.
Жастардың теріс жолға түсуіне себеп болып отырған ойын - сауық мекемелері де қаламыздың кез - келген жерінде орналасқан. Олардың саны еш жерде тіркелмеген, шамамен Алматыда 10 000 - аса ойын автоматтары бар. Ал Қазақстан бойынша 141 казино тіркелген, оның 37 - сі Алматыда екен.
Санкт-Петербургтегі В. М. Бехтерев атындағы Психоневрологиялық институтының ғалымдары компьютерге үйірсектіктің он белгісін көрсетіп берді. Олар: компьютер алдында бір ойынды ойнап бірнеше сағат отыру; ата-аналарымен кикілжіңге бару, үйге кешігіп келу; сабаққа үлгерімі нашарлап, сабаққа жиі бармай қалу; баланың бұрынғы достарымен қарым-қатынасы азаяды; өзі сияқты компьютерге үйірсектермен ғана араласады; күнделікті ақшаға сұранысы көбейеді; берген уәдесін орындамайды; ашуланшақ, мазасыздану мінездері пайда болады; ұйқысы бұзылып, зейіні мен есте сақтау қабілеті нашарлайды; көз жанары төмендейді, басы ауырады, омыртқасы бұзылуы басталады. Осы белгілердің бесеуі бала бойында анықталса, «компьютер ойынына тәуелділік ықтимал» деген нақтама қойылады. Ал егер жеті немесе одан да көп белгі байқалса, ол тәуелділіктің құлы деп саналады.
Компьютердің адам ағзасының физиологиялық жақтарына тигізер зияны айтпаса да түсінікті нәрсе. Дене белсенділігінің аздығы, компьютер клубтарында жарық, белгілі температура, санитарлық режимдер нормаларының сақталмауы жасөспірімдердің организмінің дамуына кері әсерін тигізеді. Бір жағынан әртүрлі прогрессивтік жаңалықтарда дисплейді қолдану адам өміріне көптеген жеңілдіктер туғызса, екінші жағынан жаңа проблемалар туғызды - «дисплей ауруы» пайда болды. Дисплеймен жұмыс жасағанда одан бөлінетін электромагниттік сәуле көзге әсер етеді. Әрине, ол әркімнің көру жүйесінің бастапқы жағдайы мен адамның жасына байланысты болады. Терминалды көру дисплейін қолданғанда «астенопия» деген жағдай туады, яғни көздің көру қабілетінің функционалдық бұзылуы. Компьютермен жұмыс істегенде көздің көру жіткілігі 34 пайызға, аккомадацияның бұзылуы 45 пайызға, бинокулярлы көру 49 пайызға кемиді. Ауыр жұмыс істегенде адам қалай шаршаса, көп уақыт компьютер алдында отырғаннан көз де солай шаршайды. Сондықтан дисплеймен жұмыс жасағанда, режим сақтап, үзіліс кезінде жаттығулар жасап отыру керек. Психолог мамандардың айтуы бойынша: « Маскүнемдік пен нашақорлық сияқты жастардың ми жүйесін бүлдіріп, өзіне тәуелді ететін, рухани құлдырататын, өз нәтижесін қанағаттандыру үшін кейбір жағдайларда қылмысқа итермелейтін құмар ойындары да аурудың бір түрі болып табылады. Ойын қызығына енген жастар компьютерлік клубтарда қонып қалып ойнап, ақшалары таусылғанша уақыттарын ойынханаларда өткізеді. Ойыншылар өздерін «геймерлер» деп атап, бүгінгі таңда бұл бір сәнге айналып бара жатқан сияқты. Ішкі істер органдары жастар арасындағы қылмыстың өсуіне компьютерлік клубтар септігін тигізіп отыр дейді. 2003 жылы 14 -15 жас аралығындағы балалар 1900 қылмыс жасаса, 16 - 17 жастағылар 4 600 қылмыс жасаған. Ойын кезінде жолындағының бәрін қырып - жойып, батыр атанған олар ойыннан соң да өзін солай сезінеді.
Шектен шыққан ойынпаздық дерті - «лудомания» деп аталады. Компьютер құмаралық «аддикцияға» шалдықтырса, ойынханаларда «лудомандыққа» душар болады. Адам өз бетінше осындай құлдықтан босай алуы қиын. Оларды емдеу психологиялық түзетулер арқылы жолға салынады. Бала күнінен бастап, маңызды бір істерге, жауапкершілікке, өз өмірі үшін өзі жауап беретінін сезіндіруге дағдыландырғанымыз дұрыс. Құмар ойын есірткіден де жаман кесапат екенін түсіне тұра, тоқтау қиын. Бұдан шығатын жол қандай? Әрине, барлық ойынханаларды жауып тастауға да болады, бірақ бұл тығырықтан шығудың шешімі емес. Мемлекет тарапынан ойын - сауық мекемелері бір ретке келіп, тәртіп орнатылуы керек. Әрбір адам ойынның құлына айналмай, өзіне-өзі есеп бере алуы керек. Ал жасөспірімдерге ата-аналары осыны түсіндіріп, дұрыс жолға бағыттағаны абзал. Мемлекет тарапынан ойын-сауық мекемелері бір ретке келтіріліп, тәртіп орнатылуы керек. Себебі, тәртіп болмаған жерде мемлекет те болмайды деп орынды айтылған.
Шаршау және шаршау түрлері
Шаршау - адамның жұмыс істеу қабілетінің және жануардың тіршілік әрекетінің уакытша нашарлағандығын білдіретін процесс. Шаршаған адамда орталық нерв жүйесінің сыртқы әсерге жауап беруі бәсеңдейді. Ол бұрыңғы қалыптасқан динамикалық стериотипті қызметіне байланысты. Бұдан қан айналу, дем алу т. б. күрделі физиологиялық процесстер бұзылады. И. М. Сеченовтың тәжірибе жұмыстарына қарағанда орталық нерв жүйесіндегі өзгерістерден туатын процесс. Адамды шаршатпайтын жағдайлар - өз жұмысына қызығуы, жауапкершілік сезімнің күшті болуы, ой еңбегі мен дене еңбнгін ұштастыра білу, қоғамдық еңбектің нәтижесін саналы түрде түсінуі.
А. А. Ухтомский шаршау мәселесі тек қана физиологиялық мәселе емес, сонымен бірге ол қоғамдық мәселе деген болатын. Шаршау ересек адамдарға қарағанда, балаларда тез байқалады. Оқушылардың шаршағандығын олардың зейінінің тұрақсыздығынан, тежелу процесстерінің сыртқы тітіркендіргіштерге берген жауаптарының әлсізденуін оқу материалдарын толық ұға алмауынан аңғаруға болады. Ол үшін еңбек пен оқуды демалу сағаттарымен жүйелі түрде ұштастыруын қамтамасыз ету қажет.
Қажу - жұмыс салдарынан, әлеуетті жүктемелерден және қайта қалыптау үрдісттерінің жеткіліксіздігінен туатын жағдай. Ол жұмыскерліктің төмендеуі реттеуші тетіктер мен жүйелердің, ағзалардың өзара әрекеттестігінің бұзылуы және шаршау түйсігі арқылы сипатталады.
Қажу жұмыс кезінде организмді әлсіретпеу және оны әсіре зорланудан сақтау әрекеттерін жасайды. Сонымен бірге ол организмнің қосалқы мүмкіндіктерін іске қосып, жұмыскерлікті көтеретін қайта қалыптастыру үрдістеріне өте зор ықпалын тигізеді.
Қажу дене және ой еңбектерінде, жаттығулардан, спорт сайыстарынан кейін пайда болады. Ол қысқа мерзімді - (айлар жылдар бойы) түрінде көптеген әректтік жүйелер мен тұтас организмде байқалады.
Қажу жалпы және жергілікті болып бөлінеді. Жалпы қажуда тұтас организмнің әрекеттері өзгереді, ал жергілікті қажуда, кейбір бұлшық еттердің, жеке талдағыштың т. б. қызметі төмендейді. Әртүрлі жаттығуларды орындағанда қажу себептері бірдей болмайды. Оның негізгі себептерін орналасуына және қажу тетіктеріне байланысты қарастырады. Орналасымы бойынша бірнеше жүйелердің топтарын жіктейді. : 1) реттеуші жүйелер - орталық және вегетативтік жүйе мен гормондық - гуморалдық жүйелер; 2) бұлшық ет іс-әрекетін вегетативті жабдықтаушы жүйелер - тынысалу, қан, қанайналымы; 3) орындаушы жүйе - шеткі қимыл қозғалыс мүшелері.
- Қажу орталық жүйке жүйесінің реттеуші әрекетінің бұзылуынан пайда болады. Қажуды зерттеудің алғашқы кезеңдерінде, оны жергілікті тек етте болатын құбылыс, ол энергия қоры таусылғандықтан, қалдық өнімдермен еттің улануынан болады деген қағидалар болды. Оны бұлшықет қажуыныңгуморальдық теориясыдеп атады.
- Алайда қажу физиологиясында оныңнейрогендік қағидасыкеңінен тарады. Бұл қағиданың негізін қалаушы И. М. Сеченов. Ол өзінің эргографиялық жұмыстары арқылыбелсенді тынығуғажайып құбылысын ашып, бұлшықет жұмыскерлігінің төмендеуі жүйке орталығына байланысты екендігін көрсетті. И. М. Сеченовтың бұл көзқарасы басқа физиологтардың еңбегінде одан әрі дамыды.
Н. Е. Введенский мен А. А, Ухтомскийдың зерттеулері бойынша, қажу орталық тежеуден және жұмыс әрекетінің үйлеспеушілігінен шығады.
Л. А. Орбели және оның шәкірттері қажуды жүйке орталығына әсер ететін шашыраңқы вегетативтік әсерленістерден туады деп санады.
3. Соңғы жылдары адам бұлшықетінің қажуынтүсіндіру үшін ми қыртысы теориясы ұсынылды. Бұл теория бойынша, Қажуға орталық жүйке жүйесінің күйі (эмоция, сезу түйсіктері, белсенді тынығу, автоматты қимылдар т. б. ) зор ықпаллын тигізеді. Өйткені қажудың орталқ тетіктері ми қыртысы деңгейінде тұйықталатындығы көрсетілді. Қажу кезіндегі жұмыскерліктің дамуы қозғалыс талдағышының тежелуші бөлшектерімен байланысты болады.
Жұмыстың бастапқы кезеңінде жоғары өрлейтін серпіністер қозғалыс талдағышының орталығын сергітеді, оның желігу қабілетін арттырады. А. А. Ухтомскийдің айтуынша, жүйке орталығының нәрлену(трофикасы), ширақтығы көтеріледі, ол ырғаққа үйрену деп аталады. Жұмыс үстінде бұрынғы қалпына келу белсендіріледі, ол ісәрекеттің физиологиялық ырғағын жеделдетеді.
Нейрофизиологиялық зерттеулер торлы құрылымның жоғары жүйке орталықтарын сергітетін, яғни жеңілдеткіш ықпалын көрсетеді. Қажу кзіндегі ми қыртысы орталықтары жұмыскерлігінің төмендеуі тек мүмкіндік қорының азаюымен ғана емес, оларда туатын тежелу үрдістеріне байланысты. ОЛар өзара шиеленісіп, жүйке орталығының ширақтығын, яғни әрекеттер көрінісін әлсіретеді.
Жергілікті қажу - тұлғалық әлеуетті жүктемеден кейінгі, жүйке орталықтарында синапстарда және бұлшықеттің өзінде туатын өзгерістерге байланысты. Жүйке орталықтары әрекетінің өзгерістері олардың белсенділігі мен ширақтығы төмендеуінен, қозу және тежелу үрдістері байланыстары бұзылуынан туады.
Жалпы қажу кезінде оны сана арқылы ерікті үйлестіру нашарлайды. Бұлшықеттердің жиырылу күші мен шапшаңдығы, шыдамдылығы төмендейді. Жалпы қажу кезінде жүректің жиырылу күші әлсірейді, жиілігі артады. Қанның систолалық көлемі өсіп, диастолалық қысымы көтеріледі. Осыған байланысты жұмыскер ағзалар қанмен нашар қамтамасыз етіледі. Сонымен бірге өкпенің желдетілісі, оттегін пайдалану азаяды. Организмнің энергия қоры, әсіресе гликоген жетіспейді.
Жіті қажу - әдеттенбеген адамдарда ұзақ жұмыстың алғашқы сәтінде кездеседі. Ол ағзалар мен жүйелерді бұрынғы қалпына келтіру қоры азайғандықтан және реттеуші тетігінің олқылықтарынан шығады.
Созылмалы қажу - жүйке бұлшықет және вегетативтік жүйелердің өзгерістеріне соқтыратын, титықтыратын дүркінді жұмыстардан кейін байқалады. Мұнда ОЖЖ-нің меңгеру әрекеті өзгнріп, организмнің күш салу мүмкіндігі, жумыскерлігі, күрделі үйлесімділігі әлсірейді. Тахикардия байқалып, диастолалық қысым көтеріледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz