Қазақстан мен Жапония қатынастарының негізі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
І БӨЛІМ ҚАЗАҚСТАН МЕН ЖАПОНИЯ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ НЕГІЗІ
1. 1 Қазақстан сыртқы саясатының негіздері және Жапония дипломатиясы
1. 2 Жапония және Қазақстан қатынастарының қалыптасу негіздері
1. 3 Жапония және Қазақстан қатынастарының құқықтық негізі
ІІ БӨЛІМ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНДАҒЫ ЖАПОНИЯ РӨЛІ
2. 1 Жапонияның Қазақстандағы инвестициялық саясаты
2. 2 Қазақстан мен Жапония арасындағы саяси, сауда-экономикалық байланыстар және оның даму болашағы
2. 3 Мәдени саладағы екіжақты қатынастар
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Қазақстанның сыртқы саясатының негізінде өзінің қауіпсіздігін, егемендігі мен территориялық тұтастығын қамтамасыз ететін, мемлекетіміздің дүниежүзілік қауымдастықка енуіне, республика ішіндегі реформаларды жузеге асыруға, оның тиімді және өсімді экономика, тұрақты демократиялық институттар жасауға, барлық республика халқының құқығы мен бостандықтарын қорғауға қолайлы жағдайлар жасау мүдделері жатыр. Ол өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери құралдарды емес, парасатты, салмақты дипломатияға сүйене отырып, саяси құралдарды пайдалануды мақсат етіп отыр. Ол халықаралық байланыстарының негізінде таяу және алыс шетелдердің бәрімен өзара тиімді саяси-әлеуметтік, мәдени қатынастарды орнатуға ұмтылуда. Елімізді қазір дүние жүзінің 117 мемлекеті таниды, олардың 105-мен дипломатиялық қатынастар орнатылды. Шетелдерде 26 елшілік ашылып, біздің елімізде 40 елшілік пен миссия, халықаральқ және ұлттық ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасының қазiргi кездегi дамуы өзара бағыныштылық және өзара араласу процесiнiң күшейген кезеңiнде жүрiп жатыр. Қазақстан Республикасының геосаяси орны, жалпы шекарасы, басқа аймақтармен байланыс жасайтын көлiк қатынасы, сондай-ақ бай табиғи ресурс қуаты өндiрiстiк өнеркәсiптi кооперациялауға, бiрiккен кәсiпорындар ұйымдастыруға, агроөнеркәсiптiк кешендердiң қызметiнiң дамуына алғы шарттар жасайды.
Айта кететiн жәйт, жаңа жағдайда бұрынғы одақ мемлекеттерiнiң арақатынасындағы стиль де өзгердi. Қазақстан ТМД елдерi мен сауда-экономикалық байланыстарында дүниежүзiнде белгiленген сауда-құқықтық негiздерiне, сауда және тариф жөнiндегi бас ассоциация ұйымының принциптерiне сүйенедi. Саудадағы әр түрлi лицензия түрiнде квота, баж салығы, т. б. кедергiлерден құтылуға алғашқы қадамдар жасауда.
Қазір отандық өнеркәсіпорындарының экономикалық өнімділігі төмен, яғни өндірістік және экономикалық шығындары жоғары. Елде өндіріс көлемінің өсуі шығындардың одан да жоғары қарқынмен өсуін қамтамасыз етеді. Осының салдарынан отандық өнеркәсiптердiң рынокқа шығарған өнiмдерiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгi төмен болып, олардың экономикалық белсендiлiгiнiң өсуiне керi әсер етуде. Яғни, бiр сөзбен айтқанда экономиканың тиiмдi дамуы үшiн ұдайы өндiрiстiң негiзi болып табылатын капиталдардың толық және қарқынды қызмет етуi қажет болып табылады.
Осы аталған тиімсіз даму формасы болып отырған экономиканың шикізаттық бағытынан экономиканың индустриялы-инновациялы түріне көшу елдің ішкі саясаттарымен қоса, сыртқы экономикалық қатынастары мен әрекеттеріне де тікелей байланысты болып табылады. Себебі, сыртқы сауда, халықаралық капитал қозғалысы, ашық экономика, шетел инвестициялары, капитал және тауардың халықаралық ағымдары, дамыған елдердің өзіндік ерекшеліктерін жан-жақты талдау бүгінгі тақырыптың өзектілігі болып табылады.
Қазақстан тарихы қысқа мерзімде басты мемлекеттік мәселені шешті әрі елдің нақты тәуелсіздігіне қол жеткізді. Қазақстан соңғы 10 жылда әлемдік қауымдастықпен барлық салаларда өркениетті байланыстар дамыта білген ашық қоғамға айналды. Көптеген елдериен өзара тиімдіжәне ұтымды қарым-қатынастар қалыптастырып, инвестициялармен келуі өсе түсті.
Сыртқы саясатты орнықтырып, еліміздің халықаралық мәртебесін нығайтуға еліміз дипломатиясының зор еңбегі бар. Бүгінгі күн Қазақстан әлемнің көптеген елдерімен сыртқы қарым-қатынас орнатып, барлық беделді халықаралық ұйымдардың мүшесі атанды.
Қазақ елі сыртқы саясатының басты бағыты жетекші державалардың қауіпсіздік жөніндегі кепілдігін ала отырып, ядролық қарудан бас тартып қана қоймай, ядролық қарусыз мемлекет мәртебесіне ие болу еді. Бұл ұстаным тез арада-ақ іс жүзіне асырылды. Ал осы жәйт халықаралық аренада еліміздің мәртебесін көтерді. Еуразия одағын құру, Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі кеңес шақыру сияқты Қазақстанның бірқатар игі бастамалары әлемдік қоғамдастық тарапынан кеңінен қолдау тапты. Аталған кеңеске көптеген мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қызығушылық танытуы осы айтқандарымызға айқын дәлел бола алады.
Халықаралық қатынастарда Қазақстан таңдап алған көпвекторлы саясаттың дұрыстығын осы он жылда жинақталған тәжірибе шын мәнінде растап берді.
Тәуелсіздіктің басында қазақ дипломатиясының алдында ұлттық экономиканың көтерілуіне жан-жақты ықпал ету, инвестициялар тарту, елдің экспортын ұлғайтудың жолдарын қарастыру, сауда-экономикалық қатынастарды дамыту сияқты бірқатар маңызды мәселелер тұрған болса қазір де аталған бағыттарда айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Енді бүгінгі күннің талаптарына сай халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға әлемдегі экономикалық қатынастарды жетілдіруге, тұтастай алғанда, ғаламдық деңгейдегі проблемаларды оң шешуге үлес қосу басты мақсат болып табылады.
Қазақстан әлемдік қоғамдастықта өзіндік алар орны бар ел екенін соңғы он жыл бедерінде айқын көрсетті. Қазақ елінің саясаттағы бағыты да, географиялық орналасуы да, жер байлығы да дүние жүзіндегі мемлекеттерді бізбен ынтымақтасуға ынталастырады.
Қазіргі күрделі жағдайда Қазақстан мен Орталық Азия елдері ТМД-ның оңтүстік шекараларын қорғау, діни экстеризмге, халықаралық терроризмге, ұиымдасқан қылмысқа, есірткі заттарының заңсыз айналымына, қару - жарақ контрабандасына қарсы күрес сияқты маңызды салаларда тығыз өзара іс-қимыл жүгізілуге тиіс деп есептейміз.
Қазір елеулі іркілістерсіз жұмыс істей бастаған Орталық Азия экономикалық қоғамдастығының түпкілікті қалыптасқаны қуантарлық жәйт.
Мемлекетаралық интиграция қазіргі аймақтық дамудың басты бағыты болып табылады. Батыс Еуропада, Солтүстік және Оңтүстік Америкада, Оңтүстік-Шығыс Азияда орталық экономикалық және геосаяси мүдделер байланыстырып отырған қуатты блоктар мен аймақтық бірлестіктер жұмыс істейді. Осыдан ынтымақтастықтан бас тартудың ешқандай мәнісі жоқ. Орталық Азиядағы және тұтастай алғанда ТМД-дағы серіктестіктерімізбен бірге Қазақстанда да осындай бағыттарды өмірге енгізбекші.
Бұрынғы Кеңес Одағы мемлекеттерінің көпшілігі әлемдік энергия көздері рыногындағы ынтымақтастыққа, сауда, көлік және коммуникация салаларынан өзара тиімді түрде дамытуға объективті тұрғыдан бейімділік танытып отыр. Ұлы Жібек жолын қайта түрлетуге де көптеген мемлекет мүдделік білдіруде. 1996ж. қол қойылған Беларус, Қазақстан, Қырғыстан және Ресей елдері арасындағы экономикалық және гуманитарлық интеграцияны тереңдету мәселесі туралы шарт 28 баптан тұрады. Мемлекеттердің өз халықтарының игілігі үшін ерікті түрде кірігу процесі осы құжаттың негізгі арқауы болып отыр.
ТМД шеңберінде бірінші қатарға еркін сауда аймағы - интеграцияның алғашқы сатысы қалыптасып, шыға бастады. Орталық Азия экономикалық қауымдастығы да жемісті жұмыс істеуде. Достастық елдері 1998- жыл бойы 12 мемлекет шеңберінде еркін сауда аймағының перспективалары туралы таласумен жүргенде, бұлардың төртеуі еркін сауда аймағы пайдалы деген шешімге келген болатын. Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанның бірлескен мәлімдемесінде еркін сауда аймағын кезең-кезеңімен ортақ экономикалық кеңістік қалыптастырудың жанды тетігі ретінде бағаланады. Енді олар ортақ қызмет көрсету, тауарлар және капитал рыногын құратын болады.
Қазiргi кезде жалпы экономикалық бiрiгудiң әр түрлi жолдары бар екенi белгiлi болды: ТМД елдерiмен екi жақты келiсiмдер негiзiнде, көпжақты келiсiмдердi тереңдету, аймақтық интеграциялық бағдарламаларды iске қосу. (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан) . Сыртқы сауданы либеризациялау және оның еркiн iс-әрекетiне жағдай жасау сыртқы сауда айналымының дамуына ықпал етедi.
Кеңес Одағының құлауы, қиын жағдайлар мен сыртқы-экономикалық дағдарысқа әкелiп соқтырды. Осыған қарсы бағдарламаны жасап шығаруға үкiметке негiз болды. Оның негiзгi мақсаты: нақты рыноктық механизмнiң және әлеуметтiк бағытталған экономиканың қалыптасуы.
Бағдарламаның негiзгi мiндеттерi:
- макроэкономикалық тұрақтандыруға қол жеткiзу және инфляциямен күрес;
- меншiк қатынастарының өзгеруiн тездету;
- бәсекелестiк нарықтық ортаны және нарықтық инфрақұрылымды құру,
кәсiпкерлiктi белсендендiру;
- тиiмдi сыртқы сауда саясатын жүргiзу;
- экономикадағы құрылымдық өзгерiстер және оларды мемлекеттiң қолдауы;
- қоғамның кедей тұрғындарына бағытталған әлеуметтiк саясат;
- шаруашылық мiндеттердi шешу, сонымен қатар, болжау, есепке алу және
бақылау функцияларының нығаюында мемлекеттiк реттеудiң қосымша
әдiстерiнiң күшеюiне мемлекеттiң тiкелей араласуының әлсiреуi.
Сыртқы сауда саясаты - мемлекеттің басқа елдермен сауда қарым-қатынасына мақсатты түрде әсер етуі. Оның мақсаты :
- Экспорт пен импорт көлемдерін өзгерту;
- Елді қажетті ресурстармен қамтамасыз ету;
- Экспорт пен импорт бағаларының арақатынасын өзгерту.
Сыртқы сауда саясатының құралдары дегеніміз - нарықтық қатынастардың дамуы жағдайында сыртқы сауданың пайдасын ұлғайту және шығынын азайту мақсатында әсер ету тәсілдері.
Біздің елімізбен дәйекті байланыстарды дамытуға бірталай мемлекеттер ықылас білдіруде. Оған себеп болатын ең алдымен, Қазақстандағы мол қазба байлықтар қоры. Жылына елімізде 1, 5 млрд. тоннадан астам пайдалы қазбалар игеріледі. Жапония мен Қазақстан арасындағы қатынастар достық, тату көршілік негізінде құрылғанымен де, екі тарапқа тиімді өзара пайда мүдделері де маңызды болып табылады деп айтсақ қателеспейміз.
Бітіру жұмысымның өзектілігі: қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының сыртқы саясатындағы Жапония рөлінің ерекшеліктерінің анықтау, қарым-қатынастарының даму барысын қарастыру. Жапония экономикалық потенциалы мен оның халықаралық аренадағы, соның ішінде Қазақстандағы салмағын талқылау.
Бітіру жұмысымның мақсаты: Қазақстан Республикасының Жапониямен сыртқы қатынастарын қарастыру және де Қазақстандағы Жапония рөлінің маңыздылығын анықтап, ашып көрсету. Жапонияның Қазақстан аумағында жүргізген саясатын, орны мен рөлін анықтау.
Бітіру жұмысымның міндеті: Жапония экономикалық ұлы держава. Оның кейбір мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынастарын бастаудан, ынтымақтастыққа, серіктестікке, бәсекелестікке жетуге дейінгі жағдайларды қарастыру. АТР аумағында және ғаламда жетекшілікке жетудегі бағыттарының нәтижесін көрсету. Әлем жұртшылығына экономикалық ұлы держава ретінде танылуының сырын ашу.
Бітіру жұмысымның зерттелу деңгейі: дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі және негізгі ұстанған мақсаттары мен міндеттері жазылған. І-тарауда Қазақстанның жалпы сыртқы саясатының бағыттары, Жапонияның сыртқы саясаты және екі елдің өзара сыртқы қатынастарының пайда болу негіздері талқыланған. ІІ-тарауда екі елдің саяси экономикалық қатынастары, сауда байланыстары, мәдени саладағы қатынастары белгіленген. Қорытындыда Қазақстан мен Жапония қатынастарының тиімділігі, рөлі және даму болашағы айтылған.
Бітіру жұмысының жазылу барысында қолданылған әдебиеттерге тоқталып өтер болсақ, Қ. Тоқаевтың «Внешняя политика Казахтана в условиях глобализации», «Казахстан- реалии и перспективы независимого развития» атты еңбектерінде көрсетілген Жапониядың Қазақстанға қатысты саясаты жайлы толық мағлұматтарды негізге алдым. Белгілі дипломат әрі саясаткер К. К. Токаревтың монграфиясы ХХІ ғасыр алдындағы Қазақстанның сыртқы сааясатындағы өзекті мәселелерге арналған. Отандық саясаттануда алғаш рет үшінші мыңжылдық шебіндегі әлемнің геосаясаттық картасы, саясат пен экокномиканың жаһандану проблемалары, сондай-ақ, Қазақстанның сыртқы саясатындағы экокномикалық факторлар зерттеледі. Саясаттын, экокномикасын, идеологиясын, географиялық жағдайын және тағы басқаларын қоса алғандағы жаңа мемлекет - Қазақстан Республикасының ағымдағы проблемалары мен болашақтағы мүмкіндіктеріне баса назар аударылған. Автор кітапты жазу барысында әртүрлі жергілікті материалдарға сүйеніп қана қоймай, аталған тақырып бойынша Жапониялық және батыстық ағылшын тіліндегі дерек көздерін пайдалануға тырысқан.
І БӨЛІМ ҚАЗАҚСТАН МЕН ЖАПОНИЯ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ НЕГІЗІ
1. 1 Қазақстан сыртқы саясатының негіздері және Жапония дипломатиясы
Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі бағыттарының басталуы 1989 жылдан (Берлин қабырғасының құлауы) және 1991 жылдан (ССРО-ның ыдырауы) басталатын, суық соғыстан кейінгі кезеңде, дипломатия, суық соғыс жанжалдары мен идеологиялық қарама - қайшылықтардан тігілген жусатушы көйлегін өзінен шешіп тастады.
Тоқсаныншы жылдардағы дипломатия келесідей жаңа проблемаларға тап болды: көп ұлтты елдердегі ұлттар аралық жанжалдар санының өсуі, адам құқығының бұзылуы мен мемлекет егемендігі арасындағы дилеммамен, жаңа тәртіпті орнатумен. Суық соғыстың аяқталуынан соң келген босатылу еркіндігі, таңдаудың күрделілігін тудырды - тарихтың таза беттері талантты дипломатты күтеді, ол сол беттерді дұрыс толтыруы үшін. Тарихи келешек жаңа халықаралық жүйені тұрғызумен қорытындыланады. Бұл жүйе ауа райын өзгерту, аурудың алдын алу, көшіп - қону, жаппай жою қаруларын қолдану және басқалары сияқты проблемаларды шешу үшін бірлесуіміз қажет болатын, бір адамзат нәсілі екенімізді түсінуімізге негізделеді. Бұл дипломатияның алдында тұрған ең басты міндет.
Қазақстанның сыртқы саясаты мен дипломатиясы алдында тұрған негізгі бағыттар біздің республикамыздың Президенті Н. Ә. Назарбаевпен, келесі еңбегінде анықталды: "Стратегия становления и развитие Казахстана как суверенного государства. Олар болып табылатындар "СНГ", "АТР", "Азиатское", "Европейское" және "Американское" [15, с. 54-55] Олар ары қарай даму мен бөлшекті қаралуды келесі кітаптарда алды: "На пороге XXI века", халыққа арналған үндеу "Казахстан-2030'', оның статьяларында, баяндамаларында және Президент Н. Ә. Назарбаевтың сөйлеген сөздерінде.
Қазақстанның осы негізгі бағыттарын жүзеге асырылу процестерінің егжей - тегжейлі талдауы берілген.
1. ТМД - да, барлық бұрынғы кеңестік мемлекеттердің басынан өтіп жатқан экономикалық дағдарыс жағдайлары кезінде, олардың келісімді әрекеттесулері, конструктивті ынтымақтасуы, өзара қолданбалы компромистік шешімдерге келуі өте жоғары дәрежеде көкейтесті болады. Онсыз тұрақтылықты сақтап қалу, экономиканы қажетті дәрежеле қалыптастыру, дүниежүзілік қоғамдастыққа интеграцияланы мүмкін емес .
Дүниежүзілік тәжірибе, қазіргі жағдайларда бірде-бір елдің өзбетінше жалғыз басы жеке дами алмайтынына көз жеткізеді. Сондықтан Тәуелсіз Мемлекеттердің Ынтымақтастығын құру, ССРО ыдырағаннан кейінгі қазіргі заманның мемлекеттерінің ортақ заңдылығы, объективтіліктің айнасы болып табылды.
Ынтымақтастықтың басты мақсаты - бұрынғы кеңестік мемлекеттердің саясаттық, экономикалық проблемаларды бірлесіп шешу мақсатында бірігуін қамтамасыздандыру болып табылады. Өзара пайдалы жағдайларда, дипломатияның келесідей нысандарының келіссөздер, шарттар жасасу, кездесулер мен конференциялар өткізу және басқа сияқты құралдарымен пайдалану бойынша.
Бұл бағыттағы жұмыстар екі деңгейде өткізіледі: екіжақты және көпжақты, ТМД шеңбері негізінде.
Бірыңғай экономикалық кеңістік құруға бағытталған, Қазақстан Республикасының стратегиялық курсы, 1993 жылғы Мәскеу саммиті барысында өзінің айқындығын тапты. Ынтымақтастықтың Мемлекет-мүшелері экономикалық одақ құруға бірдей қолдау жасап, декларацияға қол қойды. Онда ТМД мүшелерінің тереңдетілген бірігуге баратындықтары, осы мемлекеттердің экономикалық ортақ кеңістігіндегі тауарлардың, қызмет көрсетудің және капиталдардың қозғалуының ортақ нарығын жасау туралы шешімділік жарияланды. Республиканың СІМ коллегиясының кеңейтілген мәжілісінде сөйлеген сөзінде Н. Ә. Назарбаев былай деді, - "Ынтымақтастықты бекітуге бағытталған ерекше қатысу, Қазақстанның ірі Еуроазиялық мемлекет ретіндегі стратегиялық мүдделеріне сәйкес келеді" .
Қазақстанның орталық-азиялық мемлекеттерменде байланыстары мен бірігу процестері күшейе түсуде. Тәжірибелік жоспарда Орталық Азиядағы Қазақстан саясаты экономикалық бірігу мәселелеріннің шешімінде өз орынын табады.
Орталық Азиялық отын - энергетикалық (кешенді) интеграция регионның барлық мемлекеттерінің отынның барлық түрімен толық қамтамасыз етілуі үшін жағдай жасайды, сонымен қатар табиғи шикізат пен біріккен инвестиция негізінде бәсекелестік қабілеті бар өнімдер ұйымдастыруға мүмкіндік беретін, сенімді экспорттық өндірістік әлуетті құрады, "біз Орталық Азияның көршілес мемлекеттерімен, бәрінен бұрын Қырғызстанмен және Өзбекстанмен, одақтық өзара қатынас құра аламыз ", - деді Н. Ә. Назарбаев .
Осыдан, қорытынды жасауға болады. Осындай нәтижелерге жету үшін біздің отандық дипломатияда осы бағытта үлкен роль атқарды, өйткені өзара пайдалы шешімдерге келу, компромиске дұрыс келу және қажетті құралдарыды дер кезінде дұрыс қолдана білу - осының бәрі тек қана сыртқы саясатқа тән қасиет.
2. "АТР" Пекин, Сеул, Токио, Оңтүстік - Шығыс Азия елдеріне шығу. Бұл бағыт алдыңғы қатарлы технологиялар ретінде үлкен маңызды көрсетеді. Ірі масштабты инвестициялау мүмкіндігі бар несиелендіру көзі, келешекте - біздің өнімімізді өткізу нарығы ретінде және Қазақстан жобаларын жүзеге асыру үшін жұмыс күшін тарту ретінде пайдалы.
Жапония, қазіргі әлемнің индустриальды дамыған мемлекеті, және де АТР-дің дүниежүзілік экономика орталығына айналдыруда жетекші роль атқаратын мемлекет ретінде Қазақстан үшін өте мүдделі. Бүгінгі күні Жапония - қазақстанның үлкен доноры. Экономикалық және әлеуметтік дамудың қазақстандық-жапониялық Ассоциациясы құрылды (1995ж) . Оның қызметінің басты бағыттары Қазақстанға өнеркісіпті, құрылысты, әлеуметтік сала инфрақұрылымын дамыту үшін тікелей инвестиция мен жеңілдікті шетелдік несиелерді тартумен анықталады.
АТР жаңа индустриальды елдерде кіреді: Оңтүстік Корея, Сингапур, Тайвань, және басқалары, олар тарихи қысқа мерзім ішінде дүниежүзінің дамыған елдерінің деңгейіне әлеуметтік-экономикалық әлсіз дамыған өзінің экономикасын көтере білді.
3. Азиялық бағыт. Түркиямен өзара қатынас басымдылықты мәнге ие болады. Қазақстанның тәуелсіздігін бірінші болып мойындаған - Түркия. Егемендікті алған күннен бастап Қазақстан түркия үшін салмақты және маңызды серіктестік ретінде қарастырылды. Қазақстанның Түркиямен қатынасының дамуы тұрақтылықпен және динамизммен сипатталады.
Қазақстан ынтымақтастықты Иранмен, Индиямен, Пәкістанмен және басқа мемлекеттерменде жүргізеді, бірақ айтатын бір мәселе, Иран Орталық-Азия нарығында жетекшілік рольді алуға ұмтылумен сыртқы саясатты белсенді жүргізеді. Осы тұжырымды Түркияға қатысты да айтуға болады.
Сонымен қатар, Қазақстанның Таяу Шығыс елдеріменде қатынасы беріктелуде.
Азиялық саясаттың маңызды орынын, Қазақстан дипломатиясының міндеттері сияқты, қауіпсіздік проблемасы болып табылады. Қазақстанның құрылықтағы өзара әрекеттер мен сенімділік шаралары бойынша Кеңесті шақыру бастамасы нақты саясаттық бағытқа ие болады және халықаралық өмірде нақты фактор болады. СВМДА желтоқсандағы Алматыда өткен, сыртқы істер министрлері деңгейіндегі мәжілісіне Орталық, Шығыс, Оңтүстік Азия 16 мүше-мемлекеттері және 9 бақылаушы-елдері Азиядан, Солтүстік Америкадан, Австралиядан және Еуропадан қатысты.
4. Еуропалық бағыт:
Еуропа елдерімен қатынас стратегиялық болып табылады. Еуропа дүниежүзінің ірі саясаттық, экономикалық және мәдени орталықтарының бірі болып табылады. Қазақстан Еуропа мен Азияның арасына орналаса отырып, еуропалық мемлекеттерді келешекті серіктестер ретінде қарастырады, Еуропалық одақпен ынтымақтасу техникалық көмек, инфрақұрылымды дамыту үшін несиелер алуға және кадрлар дайындауға қажетті.
Басымдылықты бағыт - Ол экономика саласында маңызды серіктес болып табылады және біздің өндірісімізге үлкен инвестициялар сала алады. Сонымен қатар, Франциямен Ұлыбританияменде дипломатиялық қатынастың дамып келе жатқанын айтуымыз керек.
5. Америкалық бағыт. Қазақстан үшін АҚШ-пен ынтымақтасу стратегиялық маңызды мәселе. Қазақстан-америкалық қатынас саясаттық және экономикалық салада серіктестік деңгейіне шықты. АҚШ Президентінің сөзіне қарай Вашингтон Қазақстанды Орталық Азияның тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің оплоты ретінде қарастырады және өзекті серкітес деп таниды. Қазақстанның сыртқы саясаты, яғни дипломатиясы саясатты жүзеге асырушы басты құрал ретінде тек қана мемлекеттермен өзара қатынасты дамытып қоймайды, сонымен қатар осындай қатынасты әртүрлі халықаралық ұйымдармен жүргізу бағытындада жұмыс жасайды.
Қазақстан БҰҰ толық құқықты мүшесі бола отырып, оның қызметінде белсенді қатысады, ол өз кезегінде дүниежүзіндегі мемлекеттердің қатынасын реттейді. Қазақстандық дипломатиясы бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясы қабылданды, сол арқылы семей полигонындағы ядролық сынақтың салдарлары, кеңестік бағдалама, Еуропалық экономикалық комиссияның және ЭСКАТО Орталық Азия үшін -СПЕКА қабылданды.
Қазақстан дипломатиясы БҰҰ-мен жер шарындағы бейбітшілік пен қауіпсіздіктің саласында ынтымақтастықты тереңдетуді өзінің мызғымас жұмысы деп қабылдайды. Қазақстан оптимальды, реформаланған және максималды баламаландырылған және осы жүзжылдықтың ғалами мәселелерін шешетін БҰҰ үшін ат салысады және қолдайды.
Қазақстан НАТОмен "Партнерство во имя мира" бағдарламасы шеңберінде ынтымақтасады. Ол ОБСЕ - нің қатысушы-елі болады. ОБСЕ қатысты екі басты мақсат көзделеді - Қазақстан мен Орталық азияның еуропалық қауіпсіздік проблемасын шешуде тартылуына жету, сол арқылы еуроатлантизм мен еуропалықтану арасында көпір салу, жәнеде экономикалық мәселелердің шешімінде және жанжалдар бетін қайтаруда ОБСЕ ролін аттыру.
Қазақстан МБРР, Дамудың Азиялық банкі, ВОЗ, ЮНЕСКО, экономикалық ынтымақтастық ұйымдарымен қатынасады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz