Қылмыстық жазалар және оның түрлері


Мазмұны
Кіріспе
Бірінші бөлім. Қылмыстық жазалар және оның түрлері
1. 1 Қылмыстық жазаның түсінігі мен мақсаттары
1. 2 Қылмыстық жаза жүйесі
1. 3 Жазаны жеке даралаудың негізгі қағидалары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының тәуелсіз ел ретінде дамуы жоғары заң білімін беру жүйесінде оқылатын пәндер мен оларды оқытудың әдіс тәсілдері мемлекетіміздің алдында қойған талап тілектерінің аясында және соған сәйкес болуды талап етіп отыр. Бұл Қазақстан Республикасының мемлекет пен заң арасы негізіне тікелей қатысты. Себебі, Қазақстан Республикасы болашақ еліміздің ххi-ші ғасыр заңгелерін дайыдап, олардың бойына отанға деген сүйіспеншілік орнықтыруда.
Қазақ елінің тарихына үңілетін болсақ бідің ел дербес болып құрылу үшін көптеген кезеңдерден өткен және сол аралықтарда өзінің заң жүйесін қалыптастырған. Соған айғақ Қазақстан аумағында қалыптасқан басты-басты мемлекеттік құрылымдар мен құқықтық жүйелер, Қазақ хандығының саяси-құқықтық құрылымы, Ресей империясы құрамындағы Қазақстанның саяси-құқықтық дамуы, Кеңестік Қазақстанда мемлекет пен құқықтық жүйенің орнығып, дамуы және Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік-құқықтық дамуы туралы пегізгі мәліметтер бізді тарихтан хабардар етеді. Біз осы асқақтаған еркіндігіміз бен тәуелсіздігімізді бүгінгі таңда әлемге мақтанышпен танытып, барлық сала бойынша жоғары деңгейде орын алуға ұмтылып, жаһандану жолында арпаласудамыз. Ендеше, біз өз елімізге қадамы сәтті, іргесі мықты ұлы мемлекеттердің бірі болуын тілеп, халқымыз әр уақыт бір ауыздан қолдау мен сүйеу болуын тілейміз.
Мемлекет тірегі- халық. Ал, халық- дегеніміз адамдар және олардың ара қатынасы. Ендеше, осы қатынасты реттейтін нәрсе ол Заң. Бізде, 1991 жылы желтоқсанның 16 жұлдызында «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы» маңызды Заң қабылданғаны белгілі. Бұл құжатта: «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі Қазақстан халқының еркін білдіре отырып, Адам құқыларының жалпыға бірдей декларациясында, халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған өзге де нормаларында баянды етілген жеке адамның құқылары мен бостандықтарының үстемдігін мойындай отырып, қазақ ұлтының өзін-өзі билеу құқын растай отырып, ядролық қаруды таратпау принципі мен қарусыздану процесіне адалдығын мәлімдей отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін салтанатты түрде жариялайды» (1) - делінген.
Осыған сәйкес 1995 жылғы тамыздың 30 жұлдызында референдум жолымен қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы қоғам, мемлекет және жеке адам тіршілігіндегі орын алатын негізгі қағидаларды бекітіп берді. Оның 1-бабында айтылғандай: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады және оның ең қымбат қазынасы- адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтарын құрметтеп қорғайды»(2) . Осы негізгі қағидаларды іске асыра бастау арқасында біз Біріккен Ұлттар Ұйымының толық мүшесі болып, басқа да ертеден белгілі өркениетті халықтар қатарындағы терезесі тең ел есебінде танылдық.
Дегенмен, мемлекет тарихында әлі де болса этатизм мен құқықтық мемлекет идеялары ұзақ уақыттар бойы бір-бірімен арпалыста өтуі әбден мүмкін (3) .
Тағы бір баса назар аударар жай-әсіресе соңғы кезеңде етек ала бастаған ересек қылмыскерлердің ықпалымен қылмыс жасап ұсталатын жасы кәмелетке толмағандар жиі кездеседі.
І Бөлім. Қылмыстық жазалар және оларды жеке даралаудың негізгі қағидалары
Жаза тағайындау- мемлекеттік органның маңызды да жауапты міндеті, себебі жаза тағайындау арқылы ғана қылмыс жасаған адамның әрекетіне қорытынды баға беріледі. Жаза тағайындау барысында заң нормалары бұзылса, ол ауыр зардапқа әкеп соғады. Мысалы, шектен тыс қатаң жаза берілсе, сотталған адамда ыза-кек туады. Ал өте жеңіл жазаланған адам жазаға онша мән бермейді. Бұл екі жағдайда да қылмыс қайта жасалынуы мүмкін, себебі әділқазылық принципі сақталмағандықтан, жаза өз мақсатына жетпейді.
Жаза тағайындағанда сот ҚК-тің 52-62, 80-баптарында қарастырылған жаза тағайындау тәртібін, сондай-ақ қылмыстық заң принцптерін (заңдылықты, қылмыстық қудалау шараларын үнемдеу, жазаны жеке адамға сәйкес даралау, т. б. ) басшылыққа алу тиіс. Бұл жағдайда сот ҚК-тің 38-бабында белгіленген жазалардың мақсатын негізге алады.
Жазаға байланысты осы және басқа да мәселелер төмендегі арнайы бөлімдердерде қарастырылған.
- Қылмыстық жазаның түсінігі және оның мақсаттары
Қылмыскерге тек қылмыстық жазалау шараларын, оның ішінде ауыр, қатал жаза қолдану арқылы ғана қылмыскерлікті біржола жеңе алмайтындығымызды тарих дәлелдеді. Ал, қылмыскерліктің алдын алу, одан сақтандыру шааларының бұл күресте көмегі көп екендігі сөзсіз.
Қылмыскелікпен күресте мемлекет басқа да шараларды қолданады. Мұндай шаралардың бірі- жаза.
Қылмыстық заң нормаларын сақтауды мемлекет мәжбүрлеу арқылы ғана қамтамасыз етеді, себебі бұл нормалардың бзылуы заңның басқа салаларындағы норалардың бұзылуына қарағанда мемлекет мүддесіне, қоғам мүддесіне немесе жеке азаматтар мүддесіне үлкен зиян келтіреді.
Жаза қолданудағы мақсат- адам мен азаматтың құқығын, бостандығын, заңды мүдделерін, бейбіт өмір мен адамзат қауіпсіздігін, меншікті, ұйымдарың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, конституцялық құрылысты және Қазақстан Республксы аумағының тұтастығын, содай-ақ қоғам мен мемлекеттің заң қорғайтын мүдделерін қара ниет қастандықтан қорғау.
Республиканың Қылмыстық кодксі жаза түсігіне мынадай анықтама береді: Жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша дайындалатын мемтекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмы жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және адамды құқықтары мен бостандықтарынан осы Кодекспер көзделгенайыру немесе оларды шектеу болып табылады. (38- бап) .
Бұл анықтамадан жаза белгілерінің жиынтығы шығады. Оны қылмыс жасаған адамға мемлекеттік ерекше орган- сот кана үкім негізінде қолдана алады.
Үкім тек Қазақстан Республикасының атынан шығарылады. Мемлекеттік мәжбүрлеудің басқа шаралары лауазымды адамның атынан немесе қандайда бір мемлекеттік органның атынан қабылданады.
Заңды күшіне енген сот үкімі барлық мекемелер, кәсіпорындар мен ұйымдар үшін міндетті болып табылады, ол Қазақстанның барлық аумағында орындалуға тиісті.
Үкімде тағайындалған жаза қатаң дара сипатта болады, ол тек қылмыс жасаған адамға ғана қатысты және басқа адамдарға (сотталғанның туған- туыстарына ) таралмайды.
Жазаның орындалуы мемлекет күшімен жүзеге асырылады. Қоғамдық ықпал жасау шараларының жазадан айырмашылығы сол- олардың артында мемлекеттік күш емес, қоғамдық пікір тұрады.
Қоғамдық ықпал ету шараларын мемлекеттік органдар емес, қоғамдық ұйымдар қолданады. Жаза- мемлекеттік мәжбірлеудің заңмен белгіленген шарасы. ҚК-тің 38-бабында жаза түрлері түгелдей келтірілген. Қылмыс жасаған адамға сот жазаның бұлардан басқа түрін қолдана алмайды.
Қылмыс пен жаза- өзара тығыз байланысты құқықтық түсінік. Мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы ретінде жаза тек қылмыс үшін қолданылады.
Жазаға тән ерекшелік- міндетті түрде жазалаудың болуы. Жазалау дегеніміз жазаның мәжбүрлеу, золау сипаты. Олар күш корсету, моральдық, материалдық және басқадай ықпал ету арқылы жүзеге асырылады.
Мысала: бас бостандығынан айырғанда, қамауға алғанда сотталған адамның көптеген құқықтарына шек қойылады, ол бостандығынан айырылады, оның отбасымен, дос- туыстарымен байланысы үзіледі. Мүлкін тәркілегнде, айыппұл алғанда ол материалдық шығын көреді. Белгілі бір қызметке тұру немесе қызметпен айналысу құқынан айыру сияқты жаза шарасы адамның қызмет, кәсіп таңдау құқына шектеу салады. Жазаның жазалау сияқты элементінде қорқыту сипаты бар. Тағайындалған жазаның ауыр- жеңілдігін жасалған қылмыстың сипатына және қаншалықты ауыр екендігіне, айыпкердің жеке басына және басқа мән- жайларға байланысты.
« Жазалау жазаға тән ерекшелік бола тұрса да Қылмыстық кодексте ол жаза мақсаты ретінде қаралмайды (ҚК-тің 38-бабының 2 бөлігі) . Бұрынғы ҚК- терде де жазалау жазаның мақсаты ретінде қарастырылмаған.
Дегенмен, бірқатар ғалымдар жазалауды жаза мақсаты ретінде қарастырған. Атап айтқанда Н. А. Беляев былай деп жазды: «Жазаның мақсаты жазалау, ол дегеніміз жасаған қылмысы үшін айыпкерді күйзелту, бостандығынан айыру»(Жаза1) .
И. И. Камрпец (2 ж) пен А. Н. Тарбагаевтың (3 ж) еңбектерінде де осындай пікірлер айтылған».
Мемлекеттік мәжбірлеудің ерекше шарасы болып табылатын жазады соттылық сияқты өзіне тән сипат бар, ол кейін құқықтық және моральдық тұрғыдан өзінің теріс зардабын тигізеді. Мысалы, егер адам жаңадан қылмыс жасаса, оның бұрынғы қылмысы үшін соттылығы қылмыстық жауапкершілікті ауырлататын мән-жай болып табылады.
Бұрын қасақана қылмысы үшін соттылығы бар адамның жаңадан қасақана қылмыс жасауы қылмыстың қайталануы деп танылады( ҚК-тің 13- бабы ) . Қайталаудың болуы тағайындалған жазаның түріне және мөлшеріне, сондай-ақ бас бостандығынан айыру жазасын тағайындағанда колонияның нысанына әсер етеді ( ҚК- тің 48-бабы) .
Мемлекеттік мәжбүрлеу шараларының басқа түрлерінен жазаның айырмашылығы сол- қылмыс жасаған адамға және оның әрекетіне сот тек құқық тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар моральдық тұрғыдан теріс баға береді.
Сондықтан да жаза тағайындау дегеніміз қылмыс жасаған адамға мемлекет атынан берілген теріс баға.
Сонымен қылмыстық жаза- қылмыстық заңмен белгіленген мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы, оны қылмыс жасап айыпты болған адамға қатысты сот өз үкімімен қолданады, онда жазалау сипаты болады және осы қылмысты жасаған адамның айыбы мемлекет атынан бетке басылады ( теріс баға беріледі) .
Жазаның мақсаты әрбір мемлекеттік мәжбүрлеу шарасының өз міндеті, өз мақсаты болады. Жазаның мақсаты дегеніміз тікелей жаза тағайындау, оны қолдану және іске асыру арқылы мемлекет қол жеткізуге ұмтылатын әлеуметтік нәтиже.
Жазаның нақты мақсаты Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдарының алдында тұрған жалпы міндеттерден туындайды ( ҚК-тің 2- бабы) .
Жазаның мақсатынанықтаудың, бәрінен бұрын, соттың заң қолдану қызметінде маңызы зор. Нақты адамға қатысты жазаның түрін, мөлшерін анықтай отырып сот жазаның заңда белгіленген мақсаттарын басшылыққа алуға тиіс. Бұл талапты елемеу- заңсыз, дәлелсіз жаза тағайындауға, әділетті емес үкім шығаруға әкеп соғуы мүмкін.
Жазаның мақсатына заң тұрғысынан анықтама беру- жаза қолданудың тиімділігін ғылыми зерттеу үшін де қажет. Мысалы, бірінші рет жасалған қылмыстардың жалпы санының көбеюі, не азаюы жалпы қылмыстың алдын алудағы мақсаттың көрсеткіші бола алады. Ал қайталанған қылмыстың деңгейі- арнайы алдын алу шаралары үшін және сотталғанды түзету үшін сондай көрсеткіш болады.
Жазаның мақсаты ҚК- тің 38- бабындабылай ккөрсетілген: « Жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзету және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыс жасауынан сақтаныру мақсатында қолданылады. Жаза тән азабын шектіруді немесе адамның қадір-қасиетін қорлауды мақсат етпейді».
Яғни, жазаның мақсаты:
А) әлеуметтік әділдікті қалпына келтіру;
Б) сотталғанды түзеу;
В) сотталған тарапынан жаңа қылмыстың жасалуын болдырмау ( арнайы, жеке сақтандырудың мақсаты) ;
Г) басқа адамдар тарапынан қылмысты болдырмау ( жалпы сақтандырудың мақсаты) .
Жаза қолданылған әрбір жағдайда осы мақсаттар бірге қарастырылуы тиіс.
Сонымен әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру- жаза мақсаттарының бірі болып табылады. Қандай қылмыс болмасын әлеуметтік әділеттікті бұзады. Мысалы, күші басым адам әлсіз адамды соққыға жығады. Ер адам күш көрсетіп, әйел зорлайды. Лауазымды адам өз қызмет бабын пайдаланып, азаматтардық құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі нұсқан келтіреді. Осы көрсетілген жағдайлардың әр қайсысында біреу жасаған қылмыстың нәтижесінде екінші адамға қатысты әлеуметтік әділеттілік бұзылады.
Айыпкерге жаза тағайындағанда сот тек жәбір шеккен адамға ғана емес, жалпы қоғамға қатысты әлеуметтік әділдікті біршама болса да қалпына келтіруге әрекет жасауға тиіс. Қылмыскерді бас бостандығынан айыру, оны күйзелту жәбірленгеннің аз да болса көңілін басады, жасалған қылмыс нәтижесінде өзінің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келеді деп үміттенеді. Мысалы, мүлкі ұрланып жәбір көрген адам ұрланған мүлкін қайтарып алады немесе өзіне келген залалды ақшалай өндіріп алады.
Ал, жалпы қағам көлемінде әлеуметтік әділеттік қалпына келу үшін сот әділ жазаны көпшілік алдында ( сот процестері негізінен ашық мәжілістерде өтеді ) тағайындайды, сол арқылы көпшілікке қылмыстық заңды бұзған адамды мемлекеттің жазалайтындығын, жазалай отырып қоғмдық тәртіпті, қоғамдық қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, жалпы халық денсаулығын, басқа да игіліктерді қорғайтындығын білдіреді. Қылмыскердің жазаланғанын естіген адамның көңілі орнына түседі. Жазаның мақсатын заң әлеуметтік әділдікпен байланыстырады, сондықтан сот тек қана әділ жаза тағайындау үшін өте ұқыптылық танытуға тиіс. Онсыз жазаның әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтірудегі мақсатына қол жеткізу мүмкін емес.
Жаза қолданғанда адамдар әділеттікті сезінеді, ал кейбір жазаларда қылмыскедің жасаған әрекеті олардың наразылық сезімін тудырады. Сондықтан да қатаң болса да әділ жазаны көпшілік қанағаттанғандық сезіммен қабылдайды. Керісінше, әділетсіз, кінәсіне сай емес жаза тағайындау жазаның мұндай маңызды мақсатын жоққа шығарады. Жазаның басқа бір маңызды мақсаты- сотталғанды түзеу. Ондай мақсаттың болуы Қазақстан Республикасы қылмыстық заңындағы адамгершілік сипатты көрсетеді.
Қылмыс жасаған адамға заңды қолдана отырып, мемлекет ол адамның жазаны өтегеннен кейін қоғамға басқа қылмыс жасамайтындай болып оралуын көздеуге тиіс.
Түзету дегеніміз - адам бойындағы қылмыс жасауға итермелейтін қасиеттерді жою.
Түзетудің мақсатыадамның мінез- құлқын, іс- әрекетін қайта қалыптастыру, жаңа қылмыс жасауға себеп болатын бойындағы теріс қасиеттерден оның арылуына мүмкіндік туғызу. Түзеу барысында сотталғанның бойына бұрын онда болмаған әлеуметтік- пайдалы қасиеттер егіледі, бұрын болып кейін жоғалып кеткен жақсы қасиеттердің көзі ашылады. Ол қасиеттер, мысалы, басқа адамды, оның құқықтары мен мүддесін сыйлау, қоғамдық тәртіптңі сақтау, т. б. Жазаны орындау барысында сотталған адамның көзқарасы, сенімі, әдет-салты жақсы жаққа өзгерсе- түзеу мақсатының орындалғаны болып табылады. Түзелген адам қылмысты жазадан қорыққандықтан ғана емес, жазаны орындау барысында қандайда бір дұрыс ықпал бролғандықтан жасамайды.
Түзеу процесі алдын ала тергеу кезінен басталады, бірақ сот мәжілісі кезінде белсенірек жүргізіледі. Содан кейін, жазаның нақты түрі тағайындалғанда, сол жазаның орындалу барысында ол өз жалғасын табады.
Әртүрлі жаза шаралары түзеудің әртүрлі тәсілін, әдісін және жолын қарастырады. Жазалау шарасы да, түзеу тәсілдері мен қайта тәрбиелеу әдістері де қылмыстың ауырлығына, оны жасаған адамның жеке басына қарай қолданылуғатиіс.
Бас бостандығынан айыру жазасын өтегенде сол жазаны өтеу режимі, қоғамдық- пайдалы еңбек, тәрбие жұмыстары түзеудің басты тәсілдері болып табылады. Қылмыстық- орындаушылық заңдарда түзеудің басқа да тәсілдері қарастырылған.
Бұл мақсатқа барлық уақытта бірдей қол жете бермейді, ал өлім жазасы сияқты жаза тағайындағанда оған қол жеткізу тіптен мүмкін емес.
Сотталған адамды түзеу мақсаты әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру мақсатымен тығыз байланысты. Егер тағайындалған жаза өте қатаң немесе өте жұмсақ болса, бұл жағдай әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтірудің орнына сотталған адамды түзеу процесіне кесірін тигізеді, себебі жосықсыз қатаң жаза оны алған адамның ыза- кегін тудырады, ал өте жеңіл жаза алған адам қандай қылмыс жасасам да қатаң жаза алмаймын деген сенімде болады.
Жазаның өзіндік, жеке мақсаты- арнайы ( жеке ) сақтандыру мақсаты. Оның мәні де, мазмұны да- сотталған адам тарапынан жаңа қылмыстыболдырмау. Қылмыстан сақтандыру шарасы сол қылмыс жасаған адамға тікелей бағытталады.
Әдебиеттерде арнайы сақтандыру шараларының мәні - « тартылған адамның жаңа қылмыс ( немесе жаңа қылмыстар) жасауына жол бермеуде » және бұл мақсатқа жазалау, тәрбиелеу арқылы тікелей қол жеткізуге болады(4 ж) .
Ал, И. И. Карпецтің пікірінше, нақты адамға жаза тағайындағанда арнайы сақтандыруға мақсатқа мына әдістермен қол жеткізуге болады: Қылмыскерді қылмыс жасау мүмкіндігінен айыру; қылмыскердің көңіл- күйіне ықпал жасау; зәресін алу (5 ж) .
Арнайы сақтандырудағы мақсатқа мына жолдармен қол жеткізуге болдады. Біріншіден, сотталған адамды жаңа қылмыс жасау мүмкіндігінен айырады.
Қылмыстық заңда белгіленген жазалар жүйесінде сотталған адамның жаңа қылмыс жасау мүмкіндігін жоққа шығаратын көптеген амалдар қарастырылған. Мысалы, бас бостандығынан айырғанда, қамауға алғанда тиісті режим сақталады, тұрақты күзет қойылып, қадағалау жасалынады, туыстарынан, дос- жарандарынан оқшау ұсталады, қылмыс жасау құралы немесе қаруы боларлықтай ақшаны немесе заттарды өзінде ұстауына тыйым салынады. Белгілі бір лауазымды атқару құқығынан айырғанда адам бұрынғы жұмысын атқара алмайды, жаңа қылмыс жасау үшін ол қызметті пайдалана алмайды.
Екіншіден, арнайы сақтандыруға мақсатқа жазамен қорқыту арқылы қол жеткізуге болады. Жазамен қорқыту сол жазаның қалай да болатындығына байланымты. Егер де жаңадан жасаған қылмыс үшін жазадан құтылмайтынын мойындаса, ол қылмыстан бас тартуы мүмкін.
Сотталған адамның басына қандай да бір күйзеліс келсе, ол жаңа қылмыс жасаудан бас тартуы мүмкін, себебі қайталап жасалған қылмыс үшін заңда қатаң жаза қарастырылға (ҚК- тің 54- бабының 1 бөлімінің «а» тармағы) . Бұрынғыдан да бетер қатаң жазалану үрейі адамды жаңа қылмыс жасаудан бас тартуға мәжбүр етеді.
Үшіншіден, арнайы сақтандырудағы мақсатқа жазаны өтеу барасында сотталған адамның көңіл- күйіне ізгі ықпал ету арқылы қол жеткізуге болады, ол да сотталған адамның жаңа қылмысқа бармауына себеп болды.
Сонымен қылмыстан арнайы сақтандырудағы мақсат сотталған адамды түзеу мақсатымен тығыз байланымты.
Ал, қылмыстан жалпы сақтандырудағы мақсат қылмысты сотталған адам тарапынан болдырмау емес, негізінен, қылмысты басқа адамдарға, заң талаптарын сақтауда сенімсіздік танытатын адамдарға жасатпау.
Қылмыстан арнайы сақтандырудан оның айырмашылығы - мұндағы мақсат қылмыс жасаған жеке адамға емес, заңды, басқа да нормативтік актілерді бұзуға икемлді, тиянақсыз адамдарға ықпал жасау. Жазамен қорқыту, қылмыс жасаған жағдайда оны қолдану қаупі қылмысқа бейім адамдарға тосқауыл болады, қылмыстық ниеттен қайтарады. Жасалған қылмыс үшін жаза қолдану үрейі тұрақсыз адамдарды қылмыс жасаудан сақтандырады.
Жазаның жалпы сақтандыру шараларындағы ықпалы, біріншіден, қылмыстық заңның жарияланып, онда әрбір жасалған қылмыс үшін белгіленген жазаның көрсетілгендігінде; екіншіден, қылмыс жасаған нақты адамға соттың жаза тағайындауында, үшіншіден- тағайындалған жазаның орындалу процесінде, деп жазады М. Д. Шаргородский ( 6 ж) .
С. В. Полубинская жалпы алдын алу шараларын екі түрге бөледі: жалпы сақтандыру шаралары, тар мағынада түсінгенде, негізінен қорқыту шаралары және біршама тәрбие арқылы қылмыс жасауға бейім адамға ықпал жасау; жалпы сақтандыру шаралары, кең мағынада түсінгенде, қоғамның барлық мүшелеріне жазаның тәрбиелік ықпал етуі ( 7 ) .
Жазаны қолданғанда жазаның барлық мақсаттары бірден қамтылады. Бірақ бұл, сол мақсаттардың бәріне бірдей қол жеткізу емес. Мысала, қылмыскерді колонияда ұстап оны оқшаулағанда, ол сол жаза өтеп жатқан кезінде ешқашан жаңа қылмыс жасай алмайды (мұнда арнайы сақтандырудағы мақсатқа қол жетеді), бірақ бұл жағдайда барлық уақытта бірдей түзеу мақсатына қол жеткізе алмаймыз. (ж)
Осыған сәйкес, Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 38- бабының 2-ші бөлігін мына түрде көрсеткен жөн: «Қылмыстық жазаның қарапайым ( жақын ) мақсаттары- әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру және сотталған адамды түзету.
Қылмыстық жазаның негізгі (түпкі) мақсаты - қылмыс жасаудан сақтандыру».
1. 2. Заңдағы жаза жүйесі және оның кәмелетке толмағандарға тағайындау түрлері мен шектері
Жазалар жүйесі дегеніміз- ауырлығы ескеріліп белгілі бір ретпен орналасқан, толық берілген және сотүшін міндетті болып табылатын, қылмыстық заңда бекітілген жазалар түрінің тізімі. Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінде жазалар жүйесі 39- баптың 1 бөлігінде орналасқан.
Әділқазылық мәселелерін шешуде жазалар жүйесін белгілудің методологиялық және практикалық елеулі маңызы зор.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz