Терроризм: оның ұғымы және түрлері


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 4

I - ТАРАУ. ТЕРРОРИЗМ: ОНЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ

1. 1. Терроризм ұғымының пайда болуы, терроризм түсінігі мен

мақсаты және жауаптылық негіздері . . . 8

1 . 2. Терроризмнің түрлері . . . 23

II - ТАРАУ: ТЕРОРИЗМНІҢ НАҚТЫ ТҮРЛЕРІНІҢ СИПАТТАМАСЫ

2. 1. Халықаралық терроризм түсінігі, мақсаты және қоғамға қауіптілігі . . . 31

2. 2. Қазақстан Республикасы Президентінің өміріне қастандық

жасау . . . 34

III - ТАРАУ. ТЕРОРИЗММЕН КҮРЕС

3. 1. Терроризмге қарсы күрес жүргізу және террорға қарсы күрес

жүргізудегі ТМД мемлекеттерінің ынтымақтастығы . . . 37

3. 2. Терроризм және экстремизмнің алдын-алу және тыю . . . 42

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 45

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ . . . 49

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы және зертеу тақырыбының өзектілігі. Терроризм қазір ұлттық шектен шығып халықаралық сипат алуда, терроризм әртүрлі мемлекеттер, топтар арасындағы келіспеушілікті шешу үшін қорқыту және қырып-жоюдың құралына айналып отыр.

Терроризмнің тәрбиеленушісі ретінде кез-келген адам болуы мүмкін, тіпті өкілетті бай адамдармен қатар жәй және ешбір қатысты жоқ кедей адамдар да болуы мүмкін.

Осы қылмыс кең масштабты және аса қауіпті қылмыс болғанымен терроризм ғылымда жетік зерттелмеген болып табылады.

Терроризмге байланысты қылмыстық заңда қысқаша түсініктер, жекелеген баптар бар, сондай-ақ терроризм туралы қылмыстық және криминалистикалық зерттеулерде жекелеген бөлімдер, терроризмнің тарихы туралы біраз оқулықтар да жеткілікті, бірақ та әлі күнге дейін терроризм жөнінде үлкен ғылыми зерттеулер, монографиялар жоқтың қасы.

Дүние жүзіндегі ғалымдардың арасында да терроризмнің түсінігі жөнінде келіспеушіліктер көп. Әрбір мемлекет терроризмге өз қылмыстық заңы бойынша түсінік береді, бірақ барлық мемлекеттер мойындаған терроризм жөнінде біртұтас түсінік жоқ. Бұл жағдай әрине терроризммен күрес жүргізгенде өте үлкен қиындық келтіреді.

Терроризмнің себептерін анықтау үшін оны жан-жақты, яғни тарихи, мәдени, психологиялық және саяси аспектілері бойынша талқылап зерттеу керек.

Терроризм қазіргі кездегі ең қауіпті қылмыс болып табылады және де кең қанат бара жатыр.

Терроризм ұлттық шектен шығып халықаралық сипат алуда, ал халықаралық терроризмнің алдын-алу өте қиын болып табылады. Себебі террористер қылмысты жасауға дайындық әрекеттерін бір мемлекеттің аумағында жүзеге асырып, оны іске асыруды басқа бір мемлекеттің аумағында жүзеге асыруы мүмкін. Бұндай қылмыстың алдын-алу үшін басқа да мемлекеттердің органдарымен ынтымақтастықты нығайтып, күшейту керек. Терроризм ол бүкіл дүниежүзіне төніп тұрған қауіп, сондықтан да ол қай мемлекеттің аумағында жасалмасын онымен күрес жүргізгенде барлық мемлекеттердің құқық қорғау органдары бірігіп іс қимыл жасау керек.

Негізінен алғанда терроризм актісі әр-түрлі сипата болуы мүмкін бірақ терроризм актілерін біріктіретін екі түрлі элемент бар.

Біріншіден: терроризм - ол мемлекеттік өкімет билігін күйретуге бағытталган.

Екіншіден: терроризмді жүзеге асыру арқылы яғни террористер-дің үйымдасқан қатыгездік әрекеттері арқылы тұрғындарра үрей, қорқыныш, қоррансыздық сезімін тудыру болып табылады.

Терроризм актісі жасалғанда көптеген адамдар қаза болады. Менің ойымша терроризм актілерінің алдын-алу шараларын күшейту керек. Бұл әрекет арқылы терроризм қауіпін азайтуга болады.

Бізге терроризмнің ең қауіпты түрі - діни терроризм қауіпы төніп түр. Себебі, біздің мемлекетімізде дінге шек қойылмаран, яғни кез-келген адам өзі қай дінге сенгісі келсе соған сенуге ңүқылы. Қазіргі уақытта көптеген секталар жұмыс істеуде. Олардың нанымдары бойынша тек солардың гана діндеріне сену керек.

Бұлардың ойынша, олардың сенген діндеріне сенбеген адамдар, дінге сенбейтін күнахарлар болады, сондықтан олар адамдарды өз дініне сендіру үшін терроризмге жүгінуі мүмкін. Мысалы: басқа діни мекемелерге жарылыс қою, өрт қою және тағы да басқа әрекеттер жасайды, тіпті діни фанаттар өздерін өлімге қиюы мүмкін.

Осы жоғарыда аталған діни терроризм қаупін төмендету үшін орта білім беретін мекемелерде дұрыс дінді уағыздайтын кітаптарды оқыту керек, себебі дінді дүрыс білмейтін балалар діни секталарға қосылып кетуі мүмкін. Сондай-ақ құқық қорғау органдарында осы діни секталардың және діни мекемелердің қызметін тексеру үшін іс-шараларды күшейту керек.

Қазақстан Республикасының оңтүстік аймақтарынан терроризм және экстремизм қауіпі төніп түр. Бұл жерде экстремизм дегеніміз билікті күштен басып ұстап тұруға, сонымен қатар мемлекеттің конституциялық құрылысын күшпен өзгертуге барабар қоғамдық қауіпсіздікке күшпен озбырлық жасауға бағытталған, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген мақсаттарда заңсыз қарулы жасақтарды ұйымдастыру немесе оларға қатысу болып табылады.

Осындай бізге төніп тұрған қауіпті тию үшін ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара күштерін нығайту керек деп санаймын. Мен бұл жерде "Ауганстанды" басшылыққа талып отырмын.

Терроризмді қауіпті қылмыс деу себебім ол бүкіл адамзатқа қауіпті құбылыс, терроризм салдарынан адамдар қаза болып, материалдық құндылықтар қалпына келтірілмейтіндей етіп бүзылады және т. б.

Осы жоғарыда айтылғандарға сәйкес мысал ретінде АҚШ-ты айтсақ болады. Онда 2001 жылы Дүниежүзілік сауда орталығына самолетпен соғылғанда террорист өзімен бірге көптеген жәй адамдарды өлімге қиды.

Терроризммен күрестің қиындыгына келетін болсақ, ол терроризм жөнінде жалпы бірдей түсінік жоқ, яғни әрбір мемлекет өз қылмыстық заңы бойынша саралайды.

Менің ойымша терроризм жөнінде барлык, мемлекеттерге ортақ бір түсінік орнату керек және терроризм бүкіл адамдарды елеңдететін қауіпті қылмыс болғандықтан, ол жөнінде терең ғылыми зерттеулер жүргізу керек. Себебі дүние жүзінің ғалымдарының еш қайсысы терроризм жөнінде ірі монографиялар жазбаған.

Қазіргі кезде терроризмді жүзеге асырушылар әртүрлі қаруларды қолданатын болып кетті. Олар мысалы ядролық, жаппай қырып жоятын қаруларды қолдануы мүмкін, сол себептен әрбір мемлекет өзінің осындай қарулары сақталатын объектілерді қатаң бақылауға алу керек.

Терроризм ол қылмыстың заңда көрсетілген басқа да қылмыстармен тығыз байланысты. Мысалы, самолетті айдап кету, адамдарды кепілге алу, қаруды заңсыз сату, есірткі бизнесімен және тағы да басқаларымен байланысты.

Терроризм - үшін жаза тағайындағанда сот бұл әрекеттердің жиынтығын терроризм деп бағаламайды. Ол осы жоғарыда аталған қылмыстар орын алса, осы қылмыстардың жиынтыгы бойынша тағайындайды.

Мысалы адам өлсе онда 96-баппен 233-баптың жиынтыгы бойынша сараланады.

Осы аталғандардың барлығы жұмыстың өзектілігін айқындайды.

Зертеудің объектісі мен пәні - Терроризм қылмыстары саласында туындайтын қоғамдық қатынстар, осы қылмыстардың қылмыстық құрамын ашуда туындайтын қоғамдық қатынастар және осы қылмыстылықпен күресу, осы қылмыстарды жасыру үшін жауаптылық жаза оларды жетілдірудегі құқық органдарының қызметі болып табылады.

Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Тақырыпты зерттеу барысында алдына төмендегідей міндеттер қойылды:

- тақырыпты мүмкіндігінше нақты ашып көрсету;

- зерттеуші-ғалымдардың көзқарастарын дұрыс, толық жеткізу;

- нақты тұжырымдар мен қорытындылыр шығару.

Зерттеу жұмысында мынадай негізгі мақсаттар көзделеді:

- осы санаттағы қылмыстардың жасалу себептерін анықтау;

- осы қылмыстармен қылмыстық-құқықтық күрес шараларын ұсыну.

Зерттеудің әдістемелік негіздері. Зерттеудің әдістемелік негізін философияда, әлеуметтануда, әлеуметтік психологияда, құқық тарихы және теориясында, қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық атқарушылық, азаматтық құқық салаларында, криминологияда қалыптасқан ғылыми ұстанымдар мен таным категориялары кұрады.

1-ТАРАУ. ТЕРРОРИЗМ: ОНЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ

1. 1 Терроризм ұғымының пайда болуы және терроризмнің түсінігі мен мақсаттары

Әртүрлі мемлекеттердің террорлогтары ондаған жылдар бойы терроризмнің және террористік қызметтің түп негізін ашып көрсететін түсінігін беруге тырысып жүр.

Осы проблеманың спецификасы әртүрлі болып табылады және көптеген аспектілерден тұрады. Қазіргі кезде терроризмнің жалпы бірдей анықтамасы жоқ. Американың қоғам танушысы Д. Лонгтің еңбегінде былай деп көрсетілген: "Терроризм үлкен қоғамдық проблема болғанымен, терроризмнің түсінігі жөнінде келіспеушіліктер өте көп. Дүние жүзінде ғалымдардың ешқайсысы терроризмнің түсінігі жөнінде оның түп мағынасын ашып көрсететін анықтамасын әлі берген жоқ". Террор - ол латын тілінен аударғанда terror-қорқыныш деген сөзді білдіреді. Осыған сәйкес біздің тілімізде "терроризм", "террористік акт" және ақыргы кезде пайда болған "халықаралық терроризм" және "халықаралық сипаттағы террористік акт" - деген сөздер туындаған. В. И. Дальдің айтуы бойынша терроримзнің мақсаты ретінде күш қолдану, өлтіру арқылы қорқыту деп түсінік береді.

Қысқа саяси түсіндірме сөздігінде террор - қорқыту, күш қолдану саясаты ретінде түсіндіріледі. Террористік акт дегеніміз - ол белгілі бір тұлғаны, оның саяси қызметіне байланысты өлтіру немесе ауыр дене жарақатын келтіру болып табылады.

Заң ғылымында "террор" термині - қорқыныш жағдайы деп түсіндіріледі және де терроризм дегеніміз ол осы мақсатқа, жағдайға жету үшін қолданылатын техникалық әдістер деп түсіндіріледі. Көптеген авторлар терроризмге былай деп анықтама береді "белгілі бір топтардың немесе түлғалардың көпшілік алдына қорқыныш сезімін тудыру арқылы билік органдарын өздерінің саяси талаптарын орындату үшін қолдану немесе күш қолдану қорқыту" - деп түсіндіріледі.

Профессор И. И. Карпец былай деп түсінік береді: терроризм бұл халықаралық немесе мемлекет ішіндегі, бірақ халықаралық сипаттағы үйымдасқан және өзге де қызмет түрі, яғни өлтіру, дене жарақатын келтіру, күш қолдану және адамдарды күштеп кепілдікке алу және тағы басқаларды жүзеге асыруға барытталған арнайы органдар мен топтарды құру-дейді1.

Мемлекеттік және саяси тұғаларға шабуыл жасағанда, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне және жәй азаматтарға шабуыл жасағанда, завод, фабрикаларға және транспорт құралдарын жою немесе бұлдірген жағдайда әртүрлі мақсаттар болуы мүмкін. Егер осы жоғарыда аталған әрекеттер үрейлендіру азаматтарға қорқыныш сезімін тудыру мақсатында жасалса ғана терроризм жөнінде айтуға болады.

Қорқыныш сезімін тудыру бұл терроризмді басқа өзіне ұқсас қылмыстардан ажыратуға мүмкіндік беретін айрықша белгісі болып табылады.

Терроризмнің мақсаты-демократиялық және прогрессивтік әлеуметтік құрылымдарға, белгілі - бір ұйымдардың меншігіне, азаматтардың меншігіне зиян шығын келтіру, азаматтарды қорқыту, сондай-ақ қылмыстык, әрекеттер арқылы материалдық, не болмаса басқа да пайда көру.

Терроризм белгілі бір объектіні (объектілерді) қирату арқылы және қарама-қарсы жақтарга психикалық әсер ету арқылы оны әлсіретудің өзіндік бір әдісі болып табылады. Мысалы: ешкімге зиян келтірмеген немесе минималды шырындарра әкеп соққан кішкентай жарылыс. Бұл азаматтарга қорқыныш қоргансыздық сезімін тудырады, оларды үрейлендіреді. Бұл жерде тек гана психикалык, агрессия болып түр және ол демонстративті сипатта болып түр. Бұл жерде демонстрация дегеніміз ол террорист ешқандай материалдық қүндылықты көздемей тек гана өзінің күшін көрсеткісі келген жагдайда және өз алдында өзінің күшін көргісі келген жагдайды айтамыз, яғни осы жардайда демонстрация орын алады.

Терроризмді ешқашан да мемлекеттік қызметте басқару функциясын атқарып отырган адамдарды өлтірумен және де материалдьщ қүндылықтарды иелену мақсатында жасалган қарақшылық шабуылмен шатастыруға болмайды. Терроризмнің мақсатын міндетті түрде анықтап алу керек, терроризмнің мақсатының міндетті белгісі ол белгілі бір мақсатқа жету үшін қорқыныш сезімін тудыру, қорқыту үрейлендіру болып табылады.

Терроризм туралы ғылымда әртүрлі анықтама беріледі.

В. В. :

1. Жүйелі түрде күштеу әрекеттерін жүзеге асырумен байланысты саяси күрестің тактикасы - дейді.

2. Ол - тек ғана ықпалды тұлғаларға физикалық қорқыту емес, ол сонымен қатар үкіметті және әлеуметтік топтарды үрейлендіру болып табылады.

3. Саяси мақсатты көздейтін жүйелі түрдегі арнайы ұйымдастырылған қаза келтіру-дейді.

Тағы да айта кететін жағдай, күштеу актісі, егер де ол біреуді үрейлендіру, қорқыныш сезімін тудыру мақсатында жасалса ғана оны терроризм деп айтуға болады.

Терроризм - бұл біреуді қорқыту арқылы паника тудыру, мемлекеттік және қоғамдық тәртіпті бұзу тіпті жойып жіберу, қорқыныш сезімін тудыру арқылы қарсыластарын өздеріне лайық шешім қабылдауға мәжбүрлеу, саяси және өзге де өзгерістер тудыру болып табылатын күштеу әрекеті.

Көптеген халықаралық құжаттарда терроризм әртүрлі мемлекеттер арасындағы көптен бері қалыптасқан саяси байланыстар жүйесін бұзатын, үзетін және барлық азаматтардың санасына нұқсан келтіреді деп көрсетілген. Терроризм актісі кезінде көп жағдайларда дүние жүзілік құқықтық тәртіпке және оның субъектілеріне еш қатысы жоқ қатардағы жәй азаматтар зардап шегеді.

Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 233-бабында былай делінген: Терроризм - бұл яғни адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру, не қорамға қауіпті басқа да зардаптардың болу сондай-ақ төндіретін жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де іс әрекеттер жасау, егер осы әрекеттер қоғамдық қауіпсіздік бұзу, халықты қорқыту не мемлекеттік органдардың шешім қабылдануына ықпал ету мақсатында жасалса, сондай-ақ аталған іс-әрекеттерді дәл сол мақсатта жасаймын деп қорқыту.

Терроризмге қарсы күрес туралы заңда былай деп көрсетілген: Терроризм қоғамдық сондай-ақ сіздікті бұзу, халықты үрейлендіру, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауына ықпал ету мақсатында мемлекет не қоғам қайраткерінің қызметін тоқтату немесе осындай қызметі үшін кек алу мақсатында жеке тұлғаларға немесе ұйымдарға қатысты құқыққа қарсы қылмыстық жазаға тартылатын әрекет немесе оны жасаймын деп қорқыту.

Террористік акт дегеніміз - ол мемлекеттік немесе қоғам қайраткеріне оның мемлекеттік немесе басқа да саяси қызметін тоқтату үшін немесе осындай қызмет атқарып жүргені үшін тек алу мақсатында оның өміріне қол сұғу, нұқсан келтіру болып табылады. "Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы күрес туралы" заңында террористік акт туралы былай делінген:

Терроризм актісі дегеніміз - жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға сондай-ақ зардаптар туындау қауіпін төндіретін өзге де іс әрекеттер жасау немесе жасаймын деп қорқыту, егер осындай іс-әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу халықты үрейлендіру не Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарыны, шет мемлекеттердің немесе халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауына ықпал ету мақсатында жасалса, сондай-ақ адам өміріне дәл сол мақсаттарда қастандық жасау, сол сияқты мемлекет немесе қоғам қайраткерінің өміріне оның мемлекеттік немесе өзге де саяси қызметін тоқтату не осындай қызметі үшін кек алу мақсатында қастандық жасау

' Терроризмге қарсы күрес туралы. ҚР заңы 1999. 07. 13. 1-баптың 5-тармағы.

Терроризм - қазіргі дәуірдегі ең қауіпті қылмыс түрі болып табылады. Мұндай қылмыстар көп жардайда ұлттық шектен шығып халықаралық сипат алуда.

Террорлық әрекеттер әртүрлі болуы мүмкін, бірақ оның бәрін біріктіретін екі түрлі элемент бар. Оның біріншісі - терроризм мемлекеттік өкімет билігін күйретуге барытталған;

екіншісі - терроризмді жүзеге асыру арқылы яғни террористердің ұйымдасқан, қатыгездік әрекеттері арқылы түрғындарға үрей, қорқыныш, қорғансыздық сезімін тудыру болып табылады.

Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 233-бабы бойынша: "Терроризм, яғни адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға сондай-ақ басқа да зардаптардың болу қауіпін тудыратын жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де іс-әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты қорқыту не мемлекеттік органдардың шешім қабылдауына ықпал ету мақсатында жасалса, сондай-ақ аталған іс-әрекеттерді дәл сол мақсатта жасаймын деп қорқыту" - болып табылады.

Бұл жерде қылмыстың тікелей объектісі - қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін, реттейтін қоғамдық қатынастар болып табылады. Терроризм қылмысты объективтік жағынан: адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті басқа зардаптарын болу қаупінің төндіретін жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де іс-әрекеттер жасау; аталған іс-әрекеттерді жасаймын деп қорқыту арқылы сипатталады. Жарылыс жасау, өрт қоюдан басқа да іс-әрекеттерге көліктердің апатқа ұшырауын, күйреуін, гимараттардың, мәдени және діни құрылыстардың қиратылуын, сондай-ақ радиоактивті, химиялық, бактериологиялық немесе басқадай жолмен уландыруды тарату, қоймаларға, тұрғын-жайларға, құрылыстарға, алаңдарға су жіберіп, толтыру сияқтылар жатады.

Терроризмнің объективтік жағынан ерекшелік белгісі -Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 233-бабының.

Диспозициясында көрсетілген (қылмыс зардаптарының нақты орын алуы емес) зардаптардың болу қаупінің тудырылуы жеткілікті болып табылады. Яғни өрт қою, жарылыс жасау немесе өзгеде әрекеттерді жүзеге асыру арқылы іс-әрекет істелгенімен, заңда көрсетілген зардап орын алмаса да, қылмыс аяқталған деп танылады, өйткені мұндай әрекет адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғам үшін сондай-ақ басқа зардаптардың болу қауіпін тікелей төндіріп тұр. Осыған байланысты қылмыс құрамы формальдық болып табылады. Субъективтік жағынан терроризм тікелей қасақаналықпен жасалады. Кінәлі адам заңда көрсетілген әрекеттерді істеу арқылы зардаптардың болу қауіпін туғызғанын немесе соны жасаймын деп қорқытудың қоғамға қауіптілігін сезеді және сонны жүзеге асыруды тілейді.

Қылмыстың субъективтік жағынан қажетті белгісіне заң-қоғамдық бұзу, халықты қорқыту не мемлекеттік органдардың шешім қабылдауына ықпал ету арнаулы мақсатын қосып көрсеткен.

Қылмыстың субъектісі - 14-ке толған, есі дұрыс кез келген адам.

Терроризмді зерттеумен айналысатын Б. Дженкинстің айтуы бойынша "күш қолдану арқылы қорқыту - ол күштеу әрекетінің жекелеген актілері немесе күштеудің тобы, дейді және осы арқылы қорқыныш сезімнің тудыратын күштеу терроризм ретінде танылады.

Б. Дженкинс - "терроризм бұл соғыстың бір түрі" - дейді”. Бірақ терроризм мен соғысты шатастыруға болмайды, олар бір-бірімен тығыз байланысты және кейде олар кейде бірінен біріне өтіп кетеді. Мысалы: соғыстан терроризмге немесе терроризмнен соғысқа айналу. Терроризм дүние жүзінің өзекті проблемасы болғандықтан, Америка Құрама Штаттарының органдарының терроризм жөнінде түсініктерін айта кеткен жөн деп санаймын ЦРУ - былай дейді - "халықаралық терроризм бұл шет ел мемлекеттерінің, ұйымдарының және үкіметінің қолдауы арқылы жүзеге асырылатын терроризм" - дейді.

ФБР-былай дейді "терроризм бұл саяси және әлеуметтік мақсаттарға жету үшін үкіметке, жәй азаматтарға немесе оның кезкелген бөлігіне ықпал ету мақсатында жеке адамдарға немесе меншікке қарсы күш көрсету немесе күш қолдану.

Мемлекеттік департаменттің көз қарасы бойынша тероризм бұл мемлекет ішіндегі топтар мен немесе мемлекеттің жасырын (тайный) агенттері арқылы жүзеге асырылатын ұйымдастырылған саяси сипаттары күштеу.

1986-жылғы Халықаралық құқық сөздігіне былай делінген:

"Халықаралық терроризм бұл мемлекеттердің және олардың өкілдерінің арасындағы қалыпты дипломатиялық қызметті бұзатын, халықаралық кездесулердің және халықаралық шарттарды жүзеге асырылуын қиындататын, сондай-ақ мемлекеттердің арасындағы транспорт байланыстарын нашарлататын, адамдардың негізсіз өліміне әкеп соғатын қоғамға қауіпті халықаралық масштабтағы іс-әрекеттердің жиынтығы.

Е. Г. Ляхов келесідей қорытындыға келеді: "Халықаралық терроризм актісі әрбір мемлекеттердің қылмыстық құқығымен бағаланатын, халықаралық қылмыс ретінде ғана емес, сондай-ақ халықаралық құқық пен халықаралық қатынастарға қол сұғатын іс-әрекет ретінде бағаланды. Халықаралық құқық пен қаралатын бір немесе бірнеше құндылықтар жүйесіне қарсы тұлғаны террористік актісі халықаралық қатынастарға бағытталған болып табылады .

Террористік қол сұғушылықтың объектісі ретінде бір жағынан адамдар болып табылады, яғни қол сұғушылықтан зардап шеккен адамдар, ал екінші жағынан мемлекеттегі құқықтың тәртіп сонымен қатар басқару тәртібі, аумақтық тұтастық, саяси құрылымы және тағы сол сияқтылар болып табылады.

Қазіргі кезде глобальді терроризмнің қаупі өте жоғары, себебі террористер қазіргі кездегі жаңа әр түрлі қаруды иеленген, өздерінің байланыс құралдары бар, қазіргі кездің жаңа компьютерлері және техникасы бар, олар өз кітаптарын газет журналдарын шығарады, олардың жоғарғы билік органдарында сыбайластары бар болғандықтан ғана глобальді терроризмнің идеологиясының кең қанат жаюы болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық құқықтағы терроризм және оған қарсы күрес
Қазақстан Республикасының қауіпсіздік жүйесіндегі терроризммен күрес саясатын қалыптастыру
Діни экстремизм мен террроризм ұғымы және саяи, құқықтық, қылмыстық сипаттамасы
Терроризм және экстремизм
Терроризмнің ұғымы және белгілері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕРРОРИЗММЕН КҮРЕСТІ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ
Терроризмге қарсы күрестегі халықаралық ыңтымақтастық
Ресейдегі ҰЛТТЫҚ ТЕРРОРИЗМ
Терроризммен күресудің қылмыстық-құқықтық және криминологиялық мәселелері
Терроризмнің халықаралық құқықтағы алатын орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz