Қазақстан Республикасының конституциясының даму тарихы


Мазмұны
Кіріспе --
Ι-бөлім. Қазақстан Республикасы Конституциясының теориалық негізі. +
1. 1 Конституцияның мәні, мазмұны және негізгі принциптері. +
1. 2. Конституциялық-Құқықтық нормалар ұғымы, олардың түрлерімен
ерекшеліктері. +
1. 3 Қазақстан Республикасында Конституциялық Заңнаманың
қалыптасу кезеңдері. +
ΙΙ-бөлім. Қазақстан Республикасындағы нормалардың сақталуы мен жүзеге
асырылуының кепілдіктері. +
2. 1. 1993 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы. +
2. 2. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы 30 тамыз
(1998 ж. 7 қазанда енгізілген өзгерістерімен) . +
2. 3. 1995 жылғы Конституцияда көрініс тапқан идеялардың ағымдағы
заңнамада жүзеге асуы. +
Қорытынды. --
Пайдаланылған әдебиеттер. +
Реферат
Бітіру жұмысының тақырыбы : Қазақстан Республикасының Конституциясының даму тарихы.
Негізгі маңызды сөздер және дипломдық жұмысқа қолданған терминдер : Қазақстан Республикасының Конституциясы - заң актілерінің қайнар көзі, тәуелсіздік, тәуелділіксіз, демократия, заңға сүйенген мемлекет, азаматтардың құқықтары, азаматтардың бостандықтары, азаматтардың міндеттері, ҚР президенті, парламенті, үкіметі, заң шығаратын өкіметі, атқару өкімет, сот өкімет, мемлекет, конституция нормаларының орындау кепілдіктері, жергілікті мемлекеттік басқару органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, прокуратура, мемлекеттік органдар және т. б.
Бітіру жұмысы кіріспе, 2-бөлім, 6-тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Баста ҚР Конституциясы және оның ұғымы, теориялық негіздердің сұрақтары біріншіден қаралған. Заңгерлік қасиеттер, негізгі сызықтар, принциптер және функциясы, сонымен қатар сақтау кепілдіктері және Конституциялық нормалардың орындалуы қарастырылған .
Қазақстан Республикасының Конституциясы дамуының негізгі кезеңдерін талдау екінші бөлімде көрсетілген .
Қазақстан Республикасының конституциясының нормаларын түсіндіру сұрақтары қаралған.
Ι-бөлім. Қазақстан Республикасы Конституциясының теориялық негізі.
- Конституцияның мәні, мазмұны және негізгі принциптері.
Қазақстан Республикасының Конституциясы - демократиялық, өркениетті даму жолына түскен мемлекет пен қоғамның негізгі, басты нормативтік актісі. Конституция қоғамдық өмірдің барлық салаларын өз нәрімен сусындататын зор ауқымды саяси-құқықтық күшті бойына жинақтаған. Конституция мемлекеттік және қоғамдық құрылысты, оның болашаққа бағытталған ұйымдастырылуы мен қызметі принциптерін белгіледі. Адамдар мен азаматтардың, мемлекеттің қайнар көзі және әлеуметтік негізі ретінде бүкіл халықтың Конституциялық мәртебесі бекітіледі. Конституция тек конституциялық қүқықтың ғана емес, сондай-ақ ұлттық құқықтың барлық салаларының да қайнар көзі болып табылады. Сондықтан оған басқа нормативтік құқықтық актілерде кездеспейтін сипаттар тән. Конституцияны Қазақстан халқы қабылдады, сондықтан Конституцияда халықтың оның мәнін сипаттайтын еркі білдірілген. Социализм кезінде де Конституция халықтың еркін білдіреді деп есептелген. Осыған орай, халық еңбекшілерден, жұмысшы табынан, шаруалар мен еңбек интеллигенциясынан тұратындығы атап көрсетілді. Халықты бұлайша сипаттау кез келген әлеуметтік құбылысқа, марксшіл-лениншіл ілімге тән таптық көзкарасқа негізделді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1993 жылы халықтың таптық сипаттамасынан тұңғыш рет бас тартты. Онда енді жұмысшы табы туралы, шаруа және еңбек интеллигенциясы туралы сөз болған жоқ. Жалпы "еңбекші" термині 1993 жылғы Конституцияда да, 1995 жылғы Конституцияда да қолданылмайды. Дегенмен, Конституцияның екеуінде де халық туралы айтылады. Қазақстан Республикасы Конституциясында халық тұрғындардың бүкіләлеуметтік қабатын жинақтаған тұтас әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде ұғынылады. Осыған орай, "халық" ұғымы Қазақстан Конституциясына сәйкес, біріншіден, ол байлық жағдайына қарай әлеуметтік қабаттарға, таптарға бөлінбеушілікті білдіреді, сөз жоқ, бұл маңызды конституциялық фактор болып табылады.
Конституцияда мемлекет әлеуметтік, яғни, бүкіл халықтың өкілі ретінде танылады. Барлық қабаттарына қамқорлық керсетуі тиіс. Казақстан Республикасының Конституциясы бүкіл халықты әлеуметтік топтарға бөлмей, олардың құкықтарын шектемей конституциялық-қүқыктық катынастар субъектісі ретінде таниды. Екіншіден, халық ұғымына көп ұлтты коғам жағдайында қазақ ұлты, басқа да барлық ұлттық топтар жатады мемлекеттегі бүкіл халықтың әлеуметтік базалық негізін құрайтын қазақ ұлтына ерекше құқыктық, саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени жеңілдіктер беріл-мейтіндігін білдіреді.
Назарбаев. Н. А Қазақстан 2030. Казахстанская правда от 11. 10. 1997
Мемлекеттің барлық жерде және қайда да болсын ұлттық нысаны бойынша ұлттық болып табылатын сипатына жатады. Орыс тілін ресми қолданыс тілі ретінде тану да бұл салада жеңілдік берілмейтіндігін көрсетеді.
Сөйтіп, халықты Казақстан Республикасының Конституциясын жасаушы деп тану оның мәндік сипатын білдіреді. Сондықтан Казақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы: "Біз, Казақстан халқы . . . осы Конституцияны қабылдаймыз" деген сөздермен басталады. Казақ халқы Конституцияны референдумның қорытындысымен қабылдады. Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар республикалық референдум арқылы енгізілуі мүмкін. Басқаша айтқанда, халық Конституцияны қабылдап қана қойған жоқ, ол Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар да енгізе алады. Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасын Президент Парламенттің қарауына бере алады. Алайда, мұндай жағдайда да халық сырт қалмайды. Парламент халықтың жоғары өкілетті органы, сондықтан ол Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды халықтың атынан қабылдайды.
Қазақстан халқы Конституцияны қабылдайтын бірден-бір субъект деп танудан оның құрылтайшылық сипаты туындайды. Казақстан халқы елдегі мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі және егемендікті қолдаушы болып табылады. Сондықтан ол құрылтайшылық биліктің иесі. Нақ Конституция арқылы Қазақстан халқы мемлекетті құрды, оның басқару және құрылым нысандарын, әлеуметтік-экономикалық кұрылыс негіздерін, адам мен азаматтың мәртебесін белгілейді. Тек халық, ал халық атынан тек Парламент қана мемлекеттің кұрылым негіздеріне өзгерту енгізе алады. Сонымен бірге Конституцияда мемлекеттіліктің мейлінше мәнді кезендері - тұрақтылық. Ол - мемлекеттік кұрылымның біртұтас нысаны, басқарудың Президенттік нысаны және аумақтық тұтастық.
Қазақстан Республикасы Конституциясының кұрылтай тәртібін, ұлттық кұқықтық жүйені калыптастыру мен дамытудағы мейлінше ерекше орын, Парламент, Президент, Үкімет үшін, лауазымды адамдар, сот органдары үшін, азаматтар үшін оның құқықтық қағидаларының еш шүбәсіздігін қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы Конституциясының құрылтайшылық сипаты оның барлық нормативтік кағидаларының еш шүбәсіз танылатындығынан басқа ешбір нормативтік құкықтық акт Конституция нормаларын ескірген, өмір шындығына сай келмейтін деп және басқалай тани алмайды. Мұндай ерекше сипат тек Конституцияға ғана тән. Бұл жағдайға назар аударып отырған себебіміз, Конституциялық қағидаларға атүсті айтылған сындар кейде жақсылық нышанындай есептеледі, Конституцияның қайсыбір нормаларына, киімді ауыстырған сияқты, өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар айтылады. Мұндай акциялар ескінің, кеңестік кезеңнің сарқыны, ол кезде КСРО Жоғарғы Кеңесі мен одақтас республикалардың Жоғарғы Кеңестерінің әр сессиясында дерлік Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар жеңіл енгізіле беретін. Қазақ КСР-ның 1978 жылғы Конституциясымен де осылай болды, айналып келгенде ол ешкімге қажеті жоқ жалаң нұсқаулық қүжатқа айналды. Конституцияның жекелеген нормалары уакыт сынына ұшырауы, өскелең қоғамдық қатынас талаптарына сай келмеуі мүмкін емес деген ой тумаса керек. Қоғамдық қатынас ылғи да қозғалыста, өзгерісте болады, сондықтан Конституциялық нормаларды өзгерту қажеттігі де туындайды. Мұндай процесс өтпелі үлгідегі қоғам үшін тән құбылыс. Нақ осындай қоғамда түбірлі өзгерістер мейлінше тез және жиі жүреді. Бұл процестің Конституцияның жағдайына әсер етпеуі мүмкін емес. Осыны ескере отырып, өткеннен де сабақ алу керек. Конституцияның тұрақтылығын, оның беделінің жоғарылығын қамтамасыз ету үшін мұндай қажеттілік туған жағдайда Конституцияға өзгерістер мен толықтыруларды Конституцияға тіркеуге болатындай етіп, жеке ерекше нормативтік акт ретінде ресімдеу керек. Мұндай көзқарастың бірқатар сәтті жақтары бар. Біріншіден, Қазақстан Республикасы Конституциясының құрылтайшылық сипаты сақталады. Шын мәнінде, Қазақстан Республикасының Конституциясы, бірнеше ондаған, жүздеген жылдардан бері өмір сүретін мемлекеттің қатардағы кезекті Конституциясы емес. Ол жаңа құрылым және басқару нысандарымен, коғамның экономикалық құрылысының жаңа негіздерімен және басқаларымен мүлдем жаңа үлгідегі мемлекетті құрды. Екіншіден, аталған құрылтайшылық сипатына орай Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы құқықтық мәдениеттің тарихи жадын бейнелейді. Ешқашан енді мұндай Конституция болмайды. Ол Казақстан мемлекетінің нақ қазіргі кезеңдегі қалыптасуы мен дамуының тарихи өзгерістері аясында туды. Сондықтан ол өзіне айрықша мұқият қарауды, нақ осындай түрінде, қабылданған күйінде сақталуын талап етеді. Үшіншіден, ерекше құрылтайшылық сипаты мен тарихи мәні қасиетті акт ретінде азаматтардың Конституцияға деген құрмет сезімін қалыптастыру, бірінің соңынан бірі келетін ұрпақтардың алдында оның беделін тұрақты көтеру үшін де маңызды. Бұл орайда, әлдеқашан ескірген қағидаларының аз еместігіне қарамастан, оның басты актілердің негізі болып отырған АҚШ Конституциясын еске алған жөн. Көптеген қағидаларынын тек тарихи танымдық қана мәні бар болса да, дінге сенушілер үшін бірнеше мың жылдар бойғы діни жазбалар қасиетті сенім сияқты есептеледі.
Бір жағынан, мемлекеттің, екінші жағынан, қоғамның негізгі заңы ретінде қолданылуы Конституцияның маңызды ерекшелігі болып табылады. Бұл халықтың мемлекеттік биліктің қайнар көзі және қоғамның әлеуметтік базасы ретіндегі мәртебесімен байланысты. Конституция мемлекетті оның барлық атрибуттарымен құрады. Ол оның егемендігін барлық элементтерімен: аумағымен, жоғарғы билігімен, азаматтығымен, дербес заңдарымен және басқаларымен орнықтырады. Конституция мемлекеттің, мемлекеттік органдардың коғаммен, қоғамдық институттармен өзара қатынасының негізін қалайды. Конституция: қоғамдық, экономикалық, ұйымдык, әлеуметтік, діни, жекелік кұрылыстың негіздерін анықтайды . Сондықтан мемлекет қана емес,
оның институттары да Конституцияның құқықтық қағидаларын, идеяларын жинақтайды. Осыған байланысты қоғам, оны құрушылар өз қызметін Конституцияға негіздеуі тиіс. Жекелеген зандардың кайсыбір жекелеген қоғамдық институттарға саяси партияларға, діни, мәдени бірлестіктерге және басқаларына қатынасы болуы мүмкін. Мақсаты мен әрекеті конституциялық кұрылысты күштеп өзгертуді, республиканың тұтастығын бұзуды көздейтін коғамдык бірлестіктер кұруға және олардың қызметіне тыйым салатын Конституцияның нормативтік ережелері тура және тікелей қолданылады. Сондықтан құқық қорғаушы органдар осы іспеттес кұбылыстарға қарсы шара қолданғанда тікелей Конституцияны басшылыққа алады.
Конституция коғамдық катынастардың базалық, түпкі негіздерін реттей отырып, коғам өмірінің барлык салаларын қамтымайды. Осыған байланысты методологиялық мәні бар маңызды бір мәселеге тоқтала кеткен жөн.
Кеңестік және одан кейінгі кезеңдегі зан әдебиеттерінде құқықтық қатынастар құкықпен реттелетін қоғамдык қатынастар ретінде сипатталады. Құкықтанушылар осы теориялық қағиданың дұрыстығына күдік келтірген жоқ. Шамасы, бұлай болатыны социализм кезінде ешқандай жекелік болмады, ол танылмады. Барлығы да мемлекеттікі, қоғамдікі еді. Егер тереңдей ой жіберсек, онда социализм кезінде де мемлекеттік қана емес, сондай-ақ қоғамдық қатынастың да болғанын байқаймыз. Дегенмен, құқық қоғамдық қатынастарды реттейді деп саналып келді. Демек, құқықтың кейбір салаларында, айталық, мемлекеттік және әкімшілік құқықта қатынастардың мемлекеттік сипаты танылса да мемлекеттік қатынасты қоғамдық қатынас жұтып койған болып шығады.
Капиталистік қатынасқа көшкен жағдайда, мемлекеттік сектормен бірге жеке сектор қалыптасқан және ең бастысы азаматтық қоғам және мемлекеттің енді бәрін қамтитын рөлі жойылған кезде қатынастарды екі топқа бөліп, бөлшектеу кажет тараптардың бірі ретінде мемлекет қатысатын қатынас, менің пікірімше, мұның қатарында мемлекеттік-құқықтық қатынастарды атауға болады. Бұлар, билікпен және саяси қүқықты бағындыру мен жүзеге асыруға қатысты қатынастар болып табылады деп ойлаймыз. Таза қоғамдық, мемлекеттік институттар қатыспайтын қатыныстар.
Бұлар құқықпен реттелетін таза қоғамдық қатынастар. Алайда, Конституция құқықтық негізді белгілейтіндіктен ол бұл қатынастарға тура араласады. Қазақстан Республикасы Конституциясының әрбір адамның қүқықтық субъектілігін танитын, міне осының мысалы болып табылады. Әр адамның, жеке-жеке азаматтардың кез келген бірлесуі құқықтық жағынан тікелей Конституция арқылы қорғалатындығы осының дәлелі. Құқық қорғау органдары, азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғай отырып, Конституцияға сүйеніп қана қоймайды, оны басшылыққа алады.
Сонымен бірге азаматтардан, олардың бірлестіктерінен, барлық коғамдық институттардан Конституцияға құрметпен карау талап етіледі. Конституцияның нормасын бұзу көпұлтты Казақстан халқының занды еркіне кол сұғу болып табылады.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы. 1992 ж. №4, 65-6.
Қазақстан Республикасы Конституциясының қағидалары.
Қүқықтық принциптер - тәртіптің нақты ережелерін бойына жинақтамаған, бірақ мемлекеттің, оның органдарының, азаматтардың, олардың бірлестіктерінің, лауазымды адамдардың қызметін ұйымдастырудың белгілі бір бағыттарын қарастыратын құқықтық нормативтік идеялар. Конституциялық принциптер - Конституцияда бекітілген және конституциялық құрылысты, оның қызметін ұйымдастыру бағытын анықтайтын құқықтық нормативтік идеялар. Сондықтан олардың мемлекет үшін, азаматтар үшін айрықша маңызы зор. Конституциялық принциптер қандай болса, конституциялық құрылыс та сондай немесе керісінше.
Конституциялық принциптер, түптеп келгенде, Конституция қабылданар кезеңде қалыптасқан экономикалық, саяси, әлеуметтік, этникалық факторлармен және мемлекет пен қоғам дамуының стратегиялық идеяларымен қамтамасыз етіледі. Сыртқы факторларды: әлем таныған халықаралық қүқық нормаларын да назардан тыс қалдыруға болмайды. Республика Кон-ституциясында Қазақстан халықаралық құқық принциптері мен нормаларын құрметтейтіндігі атап айтылған. Қазақстан Республикасы Конституциясы нормаларын талдау көрсеткендей, конституииялық принциптерді айтылу нысандарына қарай екі топқа Конституцияда айқындалған айқындалмаған конституциялық қағидаларды талдау аясында рәсімделген топтарға бөлінеді. Айтылғандарға республика қызметіне негіз болатындай принциптер мемлекеттік билікті заң шығару, атқару, және сот тармақтарына бөлу принципі жатады.
Бүл принциптердің нақ Қазақстан Республикасы Конституциясында көрінуінің себебі бар ма? Бүл сұраққа осы принциптердің қолданылу аясы белгілі бір деңгейде түсінік береді. Республика қызметі негіз боларлық принциптер бүкіл мемлекетке, оның бүкіл тетігіне, түтастай алғанда қоғамға, азаматтардың бірлестіктеріне ықпал етуі тиіс. Басқаша айтқанда, аталған барлык субъектілер өз қызметіне нақ осы принциптерді негіз етіп алулары керек. Аталған принциптердің азамат, қоғам және мемлекет үшін өмірлік маңызы бар. Сондықтан олардың Конституцияда айқын көрсетілуі рөлі мен беделінің көтерілуіне игі ықпал ете алады.
Конституция Қазакстан Республикасының қызметіне негіз боларлық принциптерді орнықтырады. Принциптерді қарастырмастан бүрын, "республика" ұғымының аталған тіркесте нені білдіретінін анықтап алу керек. Конституцияның кіріспесінде айтылғандай, Конституция мемлекеттің де, қоғамның да ең негізгі заңы болып табылады. Көптеген конституциялық нор-малардың мазмұны мен мәні де олардың қоғам өмірінің аса маңызды қырлары мен салаларын реттеуге арналғандығын көрсетеді. Нақ осы себептерге орай "Қазақстан Республикасы" аталған жағдайда мемлекет, оның органдары сияқты қоғам, оның институттары ұғымын да білдіреді. Тиісінше, Қазақстан Респуб-ликасы қызметіне негіз боларлык принциптер туралы конституциялык ереже Қазақстан мемлекетіне, оның органдарына және Қазақстан қоғамына, оның қоғамдық-саяси институттарына арналады.
Тихомиров. Ю. А. Действие закона. М. ., 1992. 17-бет.
Қоғамдық келісім принципі бірінші орында тұрады. Мұндай принципті нығайтудың қажеттігі мынада, әр түрлі объективтік және субъективтік факторларға байланысты қоғам әр түрлі қабаттарға, топтарға, таптарға, ұлттарға, тектерге, конфессияларға және басқаларына бөлінеді. Мұндай бөліну әр түрлі әлеуметтік топтардың біріне-бірі сәйкес келмейтін әр түрлі дүниетанымдары, көзқарастары, идеялары, сенімдері барлығын білдіреді. Мұндай ерекшелік көзқарас қайшылығына, текетіреске, өзара күрес себептеріне түрткі болмауы тиіс. Басқа топтың, тектің, ұлттың, діннің, нәсілдің өкілдеріне төзбеушілік тек көзқарас қайшылығын ғана емес, сондай-ақ ушығушылықты, текетіресті, ашық қарсы тұрушылықты тудырады. Мұндай жағдай ушыққан жақтарға ғана емес, бүкіл қоғам үшін де қауіпті, оның қалыпты жұмысына, әр адамның тыныш өмір сүруіне кесел келтіреді.
Сондықтан қалыпты қоғамдық келісімнің маңызы айрықша. Оған қоғамның, оның органдарының перманенттік қызметі арқылы қол жеткізіледі.
Әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, діни, баска да ерекшеліктеріне қарамастан баршаның тең құқылығын нығайтуда, мемлекеттің аталған норма шығармашылық қызметінің маңызы айрықша. Мемлекеттік органдардың құқық қорғаушылық қызметінің де қоғамдық келісімді нығайтуға қосар үлесі зор. Мемлекет қоғамдық-саяси бірлестіктерден қоғамдық келісімді бұзуға бағыттал-ған әрекеттерге жол бермеуді талап етеді. Қоғамдық-саяси бірлестіктердің жарғылары, ережелері тек өз жақтастарының идеяларын, көзқарастарын насихаттайтындай, бір топтың азаматтарын екінші топтың азаматтарына қарсы қоятындай мазмұнда болмауы тиіс. Жарғыларына мұндай ережелер енгізілген қоғамдық-саяси бірлестіктер тіркелмейді. Егер қоғамдық саяси бірлестіктер өзінің қызмет барысында қоғамдық келісімді бұзуға бағытталған акциялар өткізсе, онда тиісті құқық қорғау органдары аркылы мұндай әрекеттердің жолы кесілуі тиіс. "Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 15 қаңтардағы Заңында: "Діни бірлестіктер заң талаптарын және құқық тәртібін сақтауға міндетті. Мемлекет дін ұстанатын және оны ұстанбайтын азаматтар арасында, сондай-ақ әр түрлі діни бірлестіктер арасын өзара тиімділік пен құрмет қатынастарын орнықтыруға міндетті деп жазылған. Мұндай қағидалар "Саяси партиялар туралы", "Қоғамдық бірлестіктер туралы" Заңдарға да енгізілген.
Қоғамдық келісімді қолдау - мемлекеттің, оның органдарының ғана емес, сондай-ақ қоғамдық-саяси институттардың, тұтастай қоғамның да міндеті. Бұл орайда Қазақстан Республикасында жағдай қанағаттанарлықтай. Азаматтардың, олардың қоғамдық бірлестіктері мен ұйымдарының сан мындаған ұсыныс тілектерін ескере отырып, жалпыұлттық келісім, қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев "1997 жылды жалпыұлттык келісім және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы деп жариялау туралы" Жарлық шығарды. Жалпыұлттық келісім жылын өткізуде саяси партиялар, ұлттық мәдени орталықтар, қоғамдық және діни бірлестіктер белсенді рөл атқарды. Олар қоғамдық келісімді, қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайту бағытында бірлескен акциялар өткізуді көздейтін өзара келісімдерге қол қойды.
Республика қызметіне негіз болатын маңызды принциптердің бірі - елде саяси тұрақтылықты орнату . Қоғамдық келісім сияқты, саяси тұрақтылық та мемлекеттің, қоғамның, олардың институттарының үздіксіз, ойластырып жүргізген жұмысының нәтижесінде жүзеге асырылады. Саяси тұрақтылық қоғамда саяси, құқықтық мұраттар және әлеуметтік-саяси құндылықтар бірлігі нәтижесінде белгіленеді. Қазақстан Республикасының Конституциясы қоғамның барлық мүшелерін біріктіре алатын және саяси тұрақтылық үшін берік негіз қалайтын саяси-қүқықтық мұраттарды, әлеуметтік-мәдени құндылықтарды қалыптастырады. Алайда, мұндай факторлар саяси тұрақтылықты жеке өздері қамтамасыз ете алмайды. Саяси даму - идил-лиялық емес, стихиялық процесс. Саяси жанжалды тудыратын себептер аз емес.
Саяси жанжалда әлеуметтік факторлар жетекші орын алады. Ол топтардың, әлеуметтік қабаттардың арасындағы экономикалық мәртебенің алшақтығы. Мұндай текетірестік қалып бастауларын жанжалдасушы тараптардың қажетін, мүддесін қанағаттандыра алатындай экономикалық қайта құруларды жүзеге асыру жолымен жоюға болады. Адамдардың әр түрлі әлеуметтік топтарының саяси мұраттарындағы алшақтық саяси жанжалдың тағы бір бастауларының бірі. Мұндай жанжалдар мемлекеттілікті реформалау, мемлекеттік құрылым жолдары туралы әр түрлі пікірлердің қақтығысуы нәтижесінде туады. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы назарды мемлекеттіліктің ұлттық сипатына көбірек аударып, саяси жанжалдың тууына жол ашты. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы мемлекеттік құрылым саласында және мемлекеттілік сипатында мұраттар бірлігін қалыптастыруға қолайлы жағдай жасады. Сондықтан Конституция осы процесте саяси жанжалдың тууына тосқауыл қойды.
Саяси жанжалды тудыратын себептердің енді бірі түпкі рухани құндылықтардағы, мәдени дамудың тарихи және көкейкесті мәселелерін бағалаудағы алшақтықтар. Мұның айқын көрінісінің бірі Республикада тіл мәртебесі мәселесі бойынша ұзаққа созылған айтыс және текетірес. Конституция және тіл туралы жаңа заң саяси жанжалды тудырған себептерді жойды. Алайда, оны тек тиісті мемлекеттік органдардың білікті ұйымдастырушылық және құқық қолданушылық қызметі ғана толық жоя алады. Қазақстанда қүрылған және түрақты жұмыс істейтін ұлттық мәдени орталықтар бұл іске игі ықпалын тигізуде.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz