Қазақстан Республикасындағы қоғамдық бірлестіктердің конституциялық-құқықтық мәртебесінің конституциялық құқықтық реттелуі


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасындағы қоғамдық бірлестіктердің конституциялық-құқықтық мәртебесінің конституциялық құқықтық реттелуі

Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қатынастар аясы мейлінше кең. Ол мемлекет пен қоғам өмірінін барлықсалаларын: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және басқа салаларды қамтиды. Әрине, конституциялык құқық нормалары аталған салаларды барлык көріністері бойынша және жан-жақты реттемейді. Ол аталған салаларда тек ең негізгі, базазлық қабаттарды ғана реттейді1. Бұл қабаттар мемлекет пен қоғамдағы кейін кен, дамитын саяси, экономикалық, әлеуметтік, діни байланыстардың негізін қалайды.

Конституциялық құқық тұтас алғанда, құқықтың реттеу әдістері деп аталатын белгілі бір тәсілдер мен әдістердің көмегімен мемлекеттік және қоғамдық қатынастарды реттейді.

Конституциялық-құқықтық қатынастарды реттеу үшін төмендегідей:

1) міндеттеу әдісі;

2) тыйым салу әдісі;

3) рұқсат ету әдісі;

4) тану әдісі қолданылады.

Міндеттеу әдісі мемлекеттік органға сияқты, жеке тұлғаларға да қатысты, олардын, барлық қызмет саласында қолданылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 18-бабында: "Мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды адамдар және бұқаралық ақпарат құралдары әрбір азаматқа өзінің құқықтары мен мүдделеріне қатысты құжаттармен, шешімдермен және ақпарат көздерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті" деп жазылған.

Осыны ескере отырып, Қазақстанның Конституциясы мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін, әлеуметтік, ұлттық, топтық-тектік және рулық алауыздықты өршітетін қоғамдық бірлестіктер құрып, қызмет жүргізуіне тыйым салады.

Бірлесуге бостандық құқығы Қазақстан адамдары мен азаматтарының аса маңызды конституциялық құқықтарының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының зацдары бойынша Конституцияға, мемлекет заңдарына қайшы келмейтін, олардың ортақ мақсаттарын жүзеге асыру үшін құрылған саяси партиялар, кәсіптік одақтар және азаматтардың басқа да бірлестіктері қоғамдық бірлестіктер деп танылады. Қазақстан Республикасында қоғамдық бірлестіктер азаматтардың саяси, экономикалық әлеуметтік және мәдени құқықтары мен бос-тандықтарын жүзеге асыру, белсенділігі мен өзіндік кызметін дамыту, кәсіби және өзі құмартқан мүдделерін қанағаттанды-ру, ғылыми, техникалық және көркем шығармашылығын дамыту, адамдардың емірі мен денсаулығын қорғау, қоршаған табиғи ортаны қорғау, кайырымдылық іс-шараларға катысу, мәдени-ағарту, спорттык-сауықтыру жұмыстарын өткізу, тарихи және мәдени ескерткіштерді корғау, патриоттық және гума-нистік тәрбие, халықаралык ынтымақтастықты кеңейту және басқа мақсаттарда құрылып, жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасы азаматтарының бірлесуге құқығының құқықтық нормаларда көрсетілген, сондай-ақ соның маз-мұнынан туындайтын терен, мәні бар. Бүл құқық оны жүзеге асырудың сипатына қарай жеке және ұжымдық құқықка бөлінеді.

Бірлесу құқығын жеке жүзеге асыру:

1) азаматтың кызмет етуші бірлестіктерге кіруі;

2) азаматтың жаңа қоғамдык бірлес-тіктер құруға катысуы;

3) азаматтың қоғамдык, бірлестіктен еркін шығуы;

4) қоғамдық бірлестіктің ез ішінде белгілі бір мәртебені иелену жолымен жүргізіледі2.

Бірлесу құқығының ұжымдық жүзеге асуы оның қызмет процесінде өтеді.

Олардын қызмет саласының ерекшелігіне карай қоғамдық қырлы нысандары кезінде Қазақстан Республикасының заңдары оларды үш топқа:

1) саяси бірлес-тіктерге;

2) саяси емес қоғамдық бірлестіктерге;

3) діни бірлес-тіктерге бөледі.

Қоғамдық бірлестіктердің оларды бір топқа біріктіруге мүмкіндік беретін бірқатар ортақ қырлары бар.

1. Олардың бәрі коммерциялык. емес бірлестіктер болып табылады3. Бұл қоғамдық бірлестіктерге қатысушылардың (мүшелерінің) осы бірлестіктерге берілген мүліктерге, оның ішінде мүшелік жарналарға ие еместігін білдіреді. Олар қоғамдық бірлестіктердін, міндеттемелері бойынша жауап бермейді, ал соңғысы өздерінің мүшелерінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Бірақ бүл коммерциялық емес ұйымдар болған қоғамдык, бірлестіктер кәсіпкерлік кызметпен айналыса алмайды деген сәз емес. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 34-бабында коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік қызметпен айналыса алатындығы, өйткені оның олардың жарғылық мақсаттарына сәйкес келетіндігі айтылған. Коғамдық бірлестіктердің ақшалай каражаты ұйымға кіру және мүшелік жарналардан, қайырымдылык, жасаудан, жарғыға сәйкес лекциялар еткізуден түскен каражаттан, өндірістік не-месе өзге де шаруашылық қызмет табысынан, заң тыйым салмаған басқа да түсімдерден құралады.

2. Барлық қоғамдық бірлестіктерді құру мен оның қызмет ету принципі ортақ принцип болып табылады. Конституцияға сәйкес қоғамдық бірлестіктер заң алдында бірдей (5-бап) . Бір де бір қоғамдык, бірлестікке басқа бірлестіктерге қарағанда басым құқық, артықшылық және жеңілдік берілмейді. Қызметтерінің сипатына қарай бәрі де бірдей құқықты пайдаланады.

3. Барлық қоғамдық бірлестіктер өз қызметін Республика Конституциясына және басқа заң актілерінің ережелеріне сәйкес жүзеге асырады. Қоғамдық бірлестіктер заң нормапарын бұзғаны үшін заңға сәйкес жауап береді. Қоғамдық бірлестіктер туралы заңды бұзғаны үшін бұған жауапкершілік заңды және жеке тұлғаларға, оның ішінде мемлекеттік органдардың және қоғамдық бірлестіктердің басқару органдарының құрамына кіретін лауазымды адамдарына жүктеледі. Қоғамдық ұйымдар Конституция мен заңдарды бүзған немесе кайтара жарғыға қайшы әрекет жасаған жағдайда қоғамдык, бірлестіктердін қызметі соттың шешімімен токтатылуы мүмкін.

4. Қоғамдық бірлестіктер еріктілік, олардың мүшелерінің катысушыларының тең құқылығы, езін-өзі басқару, заңдылық, есептесу және қызметтің жариялылығы негізінде құрылады және әрекет етеді. Қоғамдык бірлестіктерде тұрақты артықшы-лықтағы номенкулатура және басшылардың іс-әрекетін мақұл-дап, бас шұлғи беретін қатардағы мүшелер қабаты болмауы тиіс. Коғамдык бірлестіктердің бүкіл қызметі барлық мүшелердің теңдігіне, ашықтығына, өз пікірлерін еркін білдіретіндігіне негізделуі керек.

5. Азаматтың қоғамдық бірлестіктің қызметіне қатысуы не-месе қатыспауы оның конституциялық құқығы болып табыла-ды. Сондықтан ешкім (мемлекеттік органдар және ұйымдар, лауазымды адамдар және т. б. ) қоғамдык, бірлестіктің қызметіне катысуына немесе катыспауына орай азаматтың құқығын шектей алмайды. Сонымен бірге, қоғамдык бірлестіктерге мүшелік (қатысуы) туралы ресми құжаттарда көрсетуді талап етуге жол берілмейді.

6. Қоғамдық бірлестіктердің мемлекет ісіне заңсыз аралас-уына құқығы жок, . Бұл конституциялық қағиданы қоғамдық бірлестіктер өздерінің жарғылык міндеттері мен мақсаттары шеңберінде әрекет ете алатындығын және мемлекеттік органдардын, құзыретіне кіретін әрекеттер жасамауы тиіс деген мәнде түсінген жөн.

Сонымен бірге заңсыз араласуды қоғамдық ұйымдардың мемлекеттік органдармен ынтымақтасуынан айыра білу де қажет. Қоғамдық бірлестіктер мемлекеттік органдармен бірлесе және өзара қатынаста қызмет ете алады. Мүндай ынтымақтастықты әр түрлі нысанда, атап айтқанда, олармен келісімге кол қою, сондай-ақ олар үшін заңда көзделген белгілі бір жұмыстарды атқару максатында мемлекеттік органдармен шарт жаса-су жолымен жүзеге асырыла алады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі 1992 жылғы 3 тамызда "Әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы әлеуметтік әріптестік туралы" қаулы қабылдады. Мүндай нормативтік актіні қабылдаудың қажеттілігі нарыктық қатынасқа көшуден, жеке меншіктің калыптасуынан, жеке кәсіпкерлік қызметтің дамуынан, жалданушы жұмысшылардың және жеке жалдау-шылардың пайда болуынан туындады. Мемлекет жаңа үлгідегі еңбек қатынастарының қалыптасуынан бейтарап қала алмады және оны ез бетімен де жібере алмады. Еңбек қатынастарын реттеудің құқықтық жүйесі реформасын жүзеге асыруға қолай-лы жағдай жасау, қоғамның барлық әлеуметтік топтарының және қабаттарының өзара сенімі және сындарлы ынтымақтастығы негізінде мемлекеттің араласуымен әлеуметтік әріптестік, азаматтық келісім қатынастарын жолға қою қажет болды. Осы мақсатта Үкімет республикалық, салалық және жергілікті деңгейде мемлекеттік билік және басқару органдары мен жеке меншік өкілдері (жұмыс берушілер, жұмыс беруші бірлестіктер) және кәсіподақтардың республикалық бірлестіктері арасында еңбек және әлеуметтік-экономикалық қатынастар саласында жыл сайын келісімге қол коюды практикаға енгізуге шешім қабылдады. Салалық тарифтік келісімге кол қою тәртібі туралы ереже бекітілді4.

Қазақстан Республикасының Президенті 1994 жылғы 19 желтоқсанда "Әлеуметтік-экономикалық және енбек қатынастары саласындағы әлеуметтік әріптестік туралы" каулы қабылдады. Республикалықдеңгейде жыл сайын Үкімет, кәсіподақтар мен жұмыс берушілердің республикалык бірлестіктері арасында еңбек және өзге де әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша Бас келісімге кол қою практикаға енгізілді. Бұл келісімде басымдық бағытта тараптардың халықты еңбекпен қамтудағы, еңбекақы төлеу және азаматтардың басқа да әлеуметтік кепіл-діктері және тұрмысы мейлінше төмен тұрғындарды әлеуметтік қорғау саласында бейбітшілікті және экономикалық реформаларды жүргізу мүддесінде қоғамда ұлттық келісімді қамтамасыз етудегі міндеттері белгіленді5. Осы келісімге сәйкес әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін үш жақты республикалык комиссия кұрылды. Әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға қызмет етуі тиіс Бас келісімге жыл сайын қол қойылады.

Қоғамдык бірлестіктердін, заңды мүдделерін көздейтін мәселелерді тиісті бірлестіктердің келісімі бойынша мемлекет-тік органдар шеше алады.

Қоғамдық бірлестіктердің ортақ құқықтары мен міндетте-мелері туралы да айтуға болады. Жарғылык мақсаттарын жүзеге асыру үшін қоғамдык бірлестіктер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен:

  • ез қызметі туралы ақпарат таратуға;
  • соттар мен басқа да мемлекеттік органдарда, өзге де қоғамдық бірлестіктерде өз мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіруге және корғауға;
  • бұкаралық ақпарат құралдарын құруға;
  • жиналыстар, митиигілер, демонстрациялар, шерулер және пикеттер өткізуге;
  • баспа қызметін жүзеге асыруға;
  • халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктерге кіруге;
  • Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.

Барлық қоғамдық бірлестіктердің міндеттері де ортақ:

  • Қазақстан Республикасынын, заңдарын, сондай-ақ жарғыда көзделген нормаларды сақтауға;
  • өз мүшелерінің құқықтары мен мүдделеріне катысты құжаттармен және шешімдермен танысуын камтамасыз етуге;
  • тұрақты жұмыс істейтін басшы орган орналаскан жердің және бірыңғай мемлекеттік тізбеге енгізілетін мәліметтер көле-мінде басшылар туралы деректердің өзгергені туралы тіркеуші органға хабарлап отыруға міндетті.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасында қоғамдық бірлестіктердің құқықтық қабілеттілігін тануды тіркеу тәртібі белгіленген. Қоғамдық бірлестіктердің заңды тұлға ретіндегі құқықтық кабілеті оны тіркегеннен кейін ғана пайда болады. Мұндай тәртіп әлем мемлекеттерінің кепшілігінде бар. Оларға кең құқықтар мен бостандықтар беру кезінде қоғамдык, бірлестік-герді тіркеу тәртібінің пайда болуы барынша демократиялық тәртіп болып табылады. Ол заңды түлғалар болып танылған қоғамдық бірлестіктерге өздерінің конституциялық, әкімшілік және азаматтык-құқьіктық қатынастардағы құқықтарын қорғау мүмкіндігіне кепілдік береді. Мемлекет қоғамдық бірлестіктердің заңсыз әрекетінен корғауға, олардың қызметін токтатуға дейін шара қолдана отырып, басқа тұлғалардың да құқығына кепілдік береді. Сондықтан, қазір айтылып жүрген, құқықтық қабілеттіліктің пайда болуын тіркеу тәртібі азаматтардың конституциялық құқығын саналы түрде шектеушілік деген пікірмен келісуге болмайды.

Айтылғандардан көрінгендей, Қазақстан Республикасында қоғамдық бірлестіктердің конституциялық-құқықтық мәртебесі мемлекетте белгіленген демократиялық саяси режимге сәйкес келеді және оның социализм кезіндегі мәртебесінен түбегейлі түрде ерекшеленеді. Қазақ КСР-ының 1978 жылғы Конституциясына сәйкес қоғамдық бірлестіктер қоғамдағы саяси жүйенің бір бөлігі болды және Коммунистік партия мен Кеңес мемле-кетінің қолындағы қаруы ретінде кызмет етті. Сонымен бірге қоғамдык, бірлестіктерге кіру барлық уақытта бірдей еріктілік сипатта болған жок- Қоғамдық бірлестіктер партиялық-мемле-кеттік саясатты жүргізді. Олар дербес әрекет ете алмады және мемлекет оларға нұсқау беріп, өз кызметінде соларға арқа сүйеді. Енді Қазақстан Республикасының К. онституциясына сәйкес қоғамның біртұтас саяси жүйесі туралы, барлык қоғамдық бірлестіктердің бір билеуші партияға немесе мемлекетке бағынатындығы туралы және басқалай айтуға болмайды.

Қазақстан Республикасында республикалық, аймақтықжәне жергілікті қоғамдық бірлестіктер құрылуы және жұмыс істеуі мүмкін. Республикалық қоғамдық бірлестікке кұрылымдық белімшелері (филиалдары, өкілдіктері) аумағы Қазақстан облыстарының жартысынан астамын қамтыған бірлестіктер жа-тады. Аймақтык, қоғамдық бірлестіктерге өзінің құрылымдық бөлімшелері (филиалдары және екілдіктері) аумағы Қазақстан

Республикасы облыстарының жартысына жуығын камтыған бірлестіктер жатады. Жергілікті бірлестіктерге Қазақстанның бір облысы шегінде әрекет ететін бірлестіктер жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының бірегей кешенді институты ретінде негіздеу
Саяси партияларды құқықтық тұрғыдан зерттеу
Қоғамдық бірлестіктердің құқықтық мәртебесінің негіздері
Қоғамдық бірлестіктердің құқықтық мәртебесі
Азаматтар және қоғамдық бірлестіктер
Адам және азаматтардың құқықтарының негіздері, оларды қорғау
Адам құқықтары мен бостандықтарына қатысты мәселе
Адам және азаматтардын бірлесу құқықтарына қойылатын конституциялық шектеулер
Азаматтық құқық қабілеттілік пен азаматтық әрекет қабілеттіліктің мәні мен мағынасын ашу
Қазақстанда адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мен қамтамсыз ету жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz