Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігі туралы
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Нарық жағдайындағы кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігінің мәні мен маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігіне әсер етуші факторлар ... ... ... ... ... .6
1.3 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің стратегиялары
және оларды құру әдістемелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2 КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК СТРАТЕГИЯЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ «Агуша» ЖШС МЫСАЛЫНДА ТАЛДАУ
2.1 Кәсіпорынның технико.экономикалық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.2 Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігінің стратегияларын талдау ... ... ... ..27
3 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың шетелдік
тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
3.2 Кәсіпорынның маркетингтік жүйесін жетілдіру . бәсекеге қабілетті
өнім шығарудың тиімді тетігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...39
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .41

Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканың даму жолында көптеген қиыншылықтарды бастан өткізіп, кейбіреуін жеңе білдік, кейбіреуінің салдарын әлі де сезініп келеміз.
Республикамыздың, Үкіметіміздің алдында жоғарыда аталған, яғни нарықтық экономиканың амал – тәсілдеріне бейімделіп, өте тиімді шешіммен кәсіпқойлық іскерлікпен әртүрлі мәселелерді шешіп елімізді дамыған елдердің қатарына қосу сияқты міндеттер тұр. Бұл дегеніміз тұрғындарымыздың әл-ауқатын арттырып, әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту, әлем таныған өркениетті ел болу.
Қазақстан экономикасының өрлеуі және ондағы бәсекенің қалыптасуы мен дамуы өркениетті ел болудың негізгі шарты болып отыр. Себебі Дүниежүзілік Сауда Ұйымына (ДСҰ) кіруді жоспарлап отырған жас мемлекет үшін бәсекеге қабілетті өнім шығару өте қажетті болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтар айындағы Қазақстан халқына жолдауында «Қазақстанның әлемдік экономикаға ойдағыдай кіруі – елдің экономикалық дамуының сапалық серпілісінің негізі» деп ерекше атап көрсетілді.
Қазіргі кезеңдегі нарықтық экономика көп қырлы әр түрлі: өндірістік, коммерциялық, қаржылық және ақпараттық өзара байланысты құрылымдардан тұратын күрделі организм болып табылады. Нарықты қатынастардың мәнін көрсететін түйінді түсініктердің бірі – бәсеке қабілеттілік. Қазақстан Республикасы ашық нарықты экономикаға өту жағдайында ішкі, сондай-ақ сыртқы нарықтарда тұтынушы үшін күрес шын мәнінде бәсеке қабілетті өнім өндіру мен жасауды талап етеді. Сол себептен де тауарлардың бәсекеқабілеттілігі мен оны өндіру шығындарының арасындағы рационалды экономикалық деңгейді іздеу мәселесі туып отыр. Кез-келген кәсіпорынның, жалпы республиканың экономикалық және әлеуметтік өміріндегі хал-жағдайы осы мәселенің оң шешілгеніне байланысты болады. Сол себептен де курстық жұмысымның тақырыбы көкейтесті сұрақтардың бірі болып табылады.
Қазір тауардың бәсеке қабілеттілік құрамдас бөліктерінің ішінде баға басты фактор болып табылмайды. Алдыңғы орындарға қазір тауардың тұтынушылық қасиеттері (функционалдығы, дизайн) және сервис деңгейі, бұл жерде тек қана жөндеу мүмкіндігі емес, сондай-ақ оның планетаның кез-келген нүктесінде жасалу мүмкіндігі де есептеледі. Тауардың бәсекеқабілеттілігін бағалау берілген өнімнің басқа фирмаларының сәйкес өнімімен салыстыру негізінде жүргізіледі. Өнімнің бәсеке қабілеттік көрсеткіші пайдалы эффекттің тұтыну бағасына қатынасымен көрсетіледі, ал пайдалы эффекттің орнына тауар сипаттамасының интегральдық көрсеткіштері – оның сапасы алынады.

1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «әлеуметтік-экономикалық жаңғырту қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтар
2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан». Астана, 2009
3. Н.Назарбаев Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана: Елорда, 2007.– 44 бет
4. М.Портер Конкуренция. – М.: Вильямс, 2006.–495 с.
5. Минько Э.В. Качество и конкурентоспособность. – СПб: Питер, 2009. 14-17 с.
6. ҚР-ның “Бәсеке және монополияны шектеу туралы“ Заңы. Егемен Қазақстан 25 желтоқсан 2007.
7. ҚР-ның “Теріс пиғылды бәсеке туралы“ Заңы. Егемен Қазақстан 23 желтоқсан 2008.
8. Байзақов С. Райхан Н. «Қазақстан экономикасын кластерлер көтереді». Ақиқат 2006 ж. №1. – 21 бет.
9. Қуатова Д.Я. «Кәсіпорын экономикасы»: Оқу құралы, Экономика. 2007 ж. – 105 бет.
10. Сәбден О. «Бәсекелестік экономика»: Оқу құралы, Экономика институты, 2009 ж. – 656 бет.
11. Журнал “Пищевая и перерабатывающая промышленность“, Алматы, 4, 2007.
12. Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия.
13. Мамыров Н.К., Ихданов Ж.О. государственное регулирование экономики в условиях Казахстана / Алматы, 2009г.
14. Азоев Г.А.6 Челенков А.П. Конкурентные преимущества фирмы. – М.: Экономика, 2008. – c. 50-51, с. 70-85
15. С.Үмбетов Егемен Қазақстан 2006 29 маусым
16. Есқараев Ө.Қ.//Егемен Қазақстан 2006 19 мамыр
17. Бест Майкл Новая конкуренция. Институт промышленного развития . М.: ТЕИС, 2007. – 248 б.
18. Мишин Ю.В. Экономические основы организации конкурентоспособного производства. – М.: ИД «Новый век», 2009.–212 с.
19. Қошанов А. Конкурентоспособное импортозамещение и внутрений рынок. – Алматы, 2007 – 226 с.
20. Лифиц И.М. Теория и практика конкурентоспособности товаров и услуг. – М.: Юрайт-М. 2008- 23-24 с.
21. Фатхутдинов Р.П. Конкурентоспособность: экономика, стратегия, управление: Учебное пособие для вузов. – М.: ИНФРА-М, 2010. 312 с.
22. Джумагельдиева Т.А. Конкуренция: теория и механизмы развития: монография. – Алматы, 2009
23. Дуданов И.И. Подходы конкурентспособности товарной прадукции на региональных продовольственныхрынках // Экономика сельскохозяйственных и перерабатывающих предприятий. – 2011.-№12. – с. 23-27
24. Мусина Л. Государственная политика стимулирования конкурентоспособности агропродовольственного комплекса Казахстана// АгроИнформ № 2, 2010 2-4 б.
25. Жуламанов Р.К. Конкурентоспособность национальной экономики (теория и практика). – Алматы: Институт Развития Казахстана, 2010. –95-99.
26. Баймуратов У.Б. Национальная экономическая система. – Алматы: Гылым, 2006
27. Рыночная экономика Казахстана: проблемы становления и развития. в двух томах/ под ред. М.Б. Кенжегузина. – Алматы, 2007
28. "Агуша" ЖШС-ні” 2010-2011 жылдардағы қаржы-есеп құжаттары.

ЖОСПАР
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Нарық жағдайындағы кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігінің мәні мен маңызы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2. Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігіне әсер етуші факторлар
... ... ... ... ... .6
1.3 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің стратегиялары
және оларды құру әдістемелері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2 КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК СТРАТЕГИЯЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ Агуша
ЖШС МЫСАЛЫНДА ТАЛДАУ
2.1 Кәсіпорынның технико-экономикалық сипаттамасы
... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.2 Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігінің стратегияларын талдау
... ... ... ..27
3 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың шетелдік
тәжірибесі

... ... ... ... ... ... ... ... 32
3.2 Кәсіпорынның маркетингтік жүйесін жетілдіру – бәсекеге қабілетті
өнім шығарудың тиімді тетігі

34
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .39
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...41
Кіріспе
Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканың даму жолында көптеген
қиыншылықтарды бастан өткізіп, кейбіреуін жеңе білдік, кейбіреуінің
салдарын әлі де сезініп келеміз.
Республикамыздың, Үкіметіміздің алдында жоғарыда аталған, яғни нарықтық
экономиканың амал – тәсілдеріне бейімделіп, өте тиімді шешіммен кәсіпқойлық
іскерлікпен әртүрлі мәселелерді шешіп елімізді дамыған елдердің қатарына
қосу сияқты міндеттер тұр. Бұл дегеніміз тұрғындарымыздың әл-ауқатын
арттырып, әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту, әлем таныған
өркениетті ел болу.
Қазақстан экономикасының өрлеуі және ондағы бәсекенің қалыптасуы мен
дамуы өркениетті ел болудың негізгі шарты болып отыр. Себебі Дүниежүзілік
Сауда Ұйымына (ДСҰ) кіруді жоспарлап отырған жас мемлекет үшін бәсекеге
қабілетті өнім шығару өте қажетті болып табылады. Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтар айындағы Қазақстан
халқына жолдауында Қазақстанның әлемдік экономикаға ойдағыдай кіруі –
елдің экономикалық дамуының сапалық серпілісінің негізі деп ерекше атап
көрсетілді.
Қазіргі кезеңдегі нарықтық экономика көп қырлы әр түрлі: өндірістік,
коммерциялық, қаржылық және ақпараттық өзара байланысты құрылымдардан
тұратын күрделі организм болып табылады. Нарықты қатынастардың мәнін
көрсететін түйінді түсініктердің бірі – бәсеке қабілеттілік. Қазақстан
Республикасы ашық нарықты экономикаға өту жағдайында ішкі, сондай-ақ сыртқы
нарықтарда тұтынушы үшін күрес шын мәнінде бәсеке қабілетті өнім өндіру мен
жасауды талап етеді. Сол себептен де тауарлардың бәсекеқабілеттілігі мен
оны өндіру шығындарының арасындағы рационалды экономикалық деңгейді іздеу
мәселесі туып отыр. Кез-келген кәсіпорынның, жалпы республиканың
экономикалық және әлеуметтік өміріндегі хал-жағдайы осы мәселенің оң
шешілгеніне байланысты болады. Сол себептен де курстық жұмысымның тақырыбы
көкейтесті сұрақтардың бірі болып табылады.
Қазір тауардың бәсеке қабілеттілік құрамдас бөліктерінің ішінде баға
басты фактор болып табылмайды. Алдыңғы орындарға қазір тауардың тұтынушылық
қасиеттері (функционалдығы, дизайн) және сервис деңгейі, бұл жерде тек қана
жөндеу мүмкіндігі емес, сондай-ақ оның планетаның кез-келген нүктесінде
жасалу мүмкіндігі де есептеледі. Тауардың бәсекеқабілеттілігін бағалау
берілген өнімнің басқа фирмаларының сәйкес өнімімен салыстыру негізінде
жүргізіледі. Өнімнің бәсеке қабілеттік көрсеткіші пайдалы эффекттің тұтыну
бағасына қатынасымен көрсетіледі, ал пайдалы эффекттің орнына тауар
сипаттамасының интегральдық көрсеткіштері – оның сапасы алынады.
Зерттеу жұмысының мақсаты болып кәсіпорынның бәсеке қабілеттік
сұрақтары бойынша теориялық білімді бекіту, ұлғайту, оны қамтамасыз ету
әдістемесін меңгеру, тауардың (сүт өнімдерінің) нақты нарығының жағдайына
талдау және маркетингтік зерттеулер жүргізу табылады. Сондай-ақ тауарлардың
және қызметтердің бәсеке қабілеттілігін арттыруда бірнеше ұсыныстар жасауға
талпындық.
Осыған байланысты алдымызға мынадай тапсырмалар қойдық:
- кәсіпорынның бәсеке қабілеттілік мәселелерінің мәнін және оны
бағалаудың әдістемелік негіздерін анықтау;
- нарықтағы өндіруші табысының шешуші факторларының бірі ретінде нарық
жағдайындағы кәсіпорын қызметінің сапасын жақсарту мәселесін талдау;
- Агуша ЖШС-нің өндірістік-қаржылық қызметіне талдау жасау және осы
кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін жақсарту міндеттерінің орындалу
жолдарын қарастыру;
- өнімнің бәсеке қабілеттілігін арттыру жолдарын ұсыну.
Зерттеу объектісі болып сүт өнімдерін өндіруге маманданған Агуша ЖШС
табылады.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізіне отандық және шетелдік
ғалым-экономистердің экономикалық бәсеке қабілеттілікті қамтамасыз ету
аясындағы ақыл-ой еңбектері мен зерттеу нәтижелері алынды. Қазақстан
Республикасының отандық экономиканы реттеуге, импортты алмастыруға, отандық
тауар өндірушілерді қолдауға арналған зандары, заңдылықтары, нормативті-
құқықтық құжаттары зерттелді және қолданылды. Зерттеудің мәліметтік базасы
ретінде Қазақстан Республикасының статистикалық Агенттігінің, кәсіпорынның
есептік мәліметтері, тұтынушылардан анкеталық сұрау нәтижесінде алынған
ақпараттар қолданылды. Курстық жұмыста мәліметерді өңдеу барысында
салыстырмалық талдау, статистикалық топтау, шаруашылық қызметті кешенді
бағалау, эксперттік зерттеу, экстрополяция, бюджеттеу сынды экономикалық
зерттеу әдістері пайдаланылды.

1. Нарық жағдайындағы кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігінің мәні мен маңызы
Біздін еліміз бәсекелес стратегиясын қабілеттілігін арттыруына
байланысты шаруашылық субъектілерінің нарықта тиімді әрекет етіп, шетелдік
компаниялармен бәсекелік күреске түсуге дайын болуы аса өзекті мәселе. Ауыл
шаруашылық кешеніндегі осы бағыттағы қиыншылықтар да мал шаруашылығы
өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі мәселесін зерттеуге күш жұмсауды талап
етеді. Өйткені нарық тұтынушы – патша деген қағидамен жұмыс істейді,
сондықтан тұтынушының талаптарын орындап, қажеттіліктерін қанағаттандыра
отырып ғана жетістікке жетуге болады.
Экономикалық энциклопедияда бәсеке, бәсекеге қабілеттілік терминдеріне
мынадай анықтама беріледі:
1) Тауарлар мен қызметтерді өндірушілердің пайданы жоғарылату
мүмкіндігі үшін күресі.
2) Нарықта көптеген өндірушілер мен сатып алушылардың болуы
және олардың нарыққа еркін кіріп, одан еркін шығу
мүмкіндігі.
Соңғы уақыттардағы бәсекелестік артықшылықтардың құралу үрдісінің
беталыстары белгілі зерттеуші М. Портердің еңбектерінде зерттелген:
Бәсекелестік стратегия саланың құрылымы мен оның өзгеру үрдісін жан-жақты
талдауға негізделеді. Экономиканың кез-келген саласында, оның ішкі немесе
сыртқы нарықтарда әрекет етуіне байланыссыз бәсекенің мәні бес күш арқылы
көрінеді:
жаңа бәсекелестердің келу қаупі;
субститут-тауарлар немесе қызметтердің пайда болу қаупі;
жабдықтаушылардың саудаласу қабілеті;
сатып алушылардың саудаласу қабілеті;
бар бәсекелестердің өзара бәсекелесуі.
Осы бес күштің әрқайсысының мәні саладан салаға қарай өзгеріп, ақыр аяғы
салалардың пайдалылығын анықтайды.
Макконел К., Брю С. зерттеулерінде бәсекенің міндетті шарты нарықта
кез-келген нақты өнімнің сатушылары және сатып алушылары көп болуы керек
және сатушылар мен сатып алушылар үшін қай нарықта болсын жұмыс істеу
немесе нарықтан кету еркіндігі болуы керек.
Нарықтық экономиканың түсіндірме сөздігінде Бәсеке – нарықта әрекет
етуші кәсіпорындардың арасындағы сатып алушылардың әр түрлі қажеттіліктерін
қанағаттандыра отырып өз өнімін жақсы өткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету
мақсатындағы бақталастық, күрес. Әлемдік нарықта тауар өндірушілердің қатаң
бәсекесі орын алған. Сыртқы нарықтарда жетістікке жету үшін ұсынылатын
отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату талап етіледі. Ал
импорт жағдайында шетелдік сатушылардың бәсекелестігі сатып алудың тиімді
шарттарына қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі дегеніміз оны нақты нарықта, нақты уақыт
мерзімінде сәтті сату мүмкіндігі деп анықталады. Ал кәсіпорынның немесе
фирманың бәсекеге қабілеттілігі – бәсекеге қабілетті өнім өндіру немесе
қызмет көрсету арқылы нақты нарықта (өткізу аймағында), нақты уақыт
аралығында сәтті әрекет ету қабілеті.
Тауардың бәсекеге қабілеттілігі – тауардың нарық талабына, яғни оның
сапалық, техникалық, эстетикалық сипаттамаларының және коммерциялық өткізу
жағдайының тұтынушылар талабына сай келуін бейнелейтін экономикалық
категория.
Әр анықтаманы алып қарасақ та олар бір-біріне қарама-қайшы келмейді,
керісінше бірін –бірі толықтырады. Бірақ оның әр қайсысын толық деп айтуға
болмайды. Талдау нәтижесі бойынша бәсекенің мынадай анықтаушы белгілерін
атап көрсетуге болады.
1) бәсеке – шаруашылық жүргізудің нарықтық әдісінің
фундаменті, өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің құрылуының
негізіне нарық субъектілерінің арасындағы өзара қарым-
қатынастың нышаны мен сипаты ықпал етеді;
2) бәсеке – өнімнің техникалық, экономикалық, маркетингтік
көрсеткіштеріне оны жобалаудан бастап соңғы тұтынушыға
жеткенге дейінгі кезеңдердің барлығында ықпал етеді.
3) бәсеке – даму мен өсудің қозғаушы күші, мақсат таңдаудың,
сол мақсатқа жету жолындағы ізденістің, жетістікке
ұмтылудың ықпалшысы.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі – өнімнің қарастырылып отырған кезеңдегі
нарық талаптарына сәйкес болу қабілеті. Бәсекеге қабілеттілік өнімнің
белгілі уақыт сәтінде салыстырмалы бағамен нақты нарықта өтуі үшін қажет
және жеткілікті тұтынымдық қасиеттерінің жиынтығы арқылы анықталады.
Тұтынымдық қасиеттер – тауардың тұтынушы талабын қанағаттандыруға
бағытталған сипаттамалары. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз
етудің мақсаты оны нарықта тиімді өткізу арқылы жоғары деңгейде пайда алу
болып табылады.
1,2 Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігіне әсер етуші факторлар
Қандай да бір өндірістің бәсекеге қабілеттілігін дамыту үшін саланың
ерекшеліктерін, оған әсер ететін факторларды зерттеу керек. Бәсекеге
қабілеттілік факторларын зерттеп, олардың сәтті әрекет ету жағдайларын
анықтаған соң барып, кәсіпорын өзінің даму стартегиясын жасай алады. Күш-
жігерін неғұрлым бәсекелік артықшылықтарды дамытуға, қайтарымы мол бағытқа
жұмылдырады.
Өнімнің нарықтағы бәсекеге қабілеттілігіне ықпал ететін факторлардың
маңыздылары:
– Әлуетті тұтынушы үшін тауардың пайдалылығы. Тауардың пайдалылығы –
оның тұтынымдық құны немесе тұтынушының талаптарын қанағаттандыру
қабілеті;
– Тауардың бағасы. Пайдалылығы бірдей екі немесе одан да көп тауардың
ішінде сатып алушының бағасы арзан тауарға ықылас білдіретіні анық.
Бұл жерде сатып алушының әлеуметтік мәртебесін қолдау үшін сатып
алынатын мәртебелік тауарлар есепке алынбайды, өйткені ондай
тауарларды сатып алуда сатып алушы үшін баға шешуші роль атқармайды;
– Өнімнің жаңашылдығы. Бұл өнімге тұтынушы үшін маңызды, нарықтағы
басқа тауарлардан ерекшелендіретін жаңашылдық енгізуді білдіреді.
Мысалы, құс өнімдерінің жаңа ассортиментін енгізу, өнімнің орама
дизайнын өзгерту.
Нарықтағы кез-келген тауар онда қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру
дәрежесіне қарай тексеруден өтеді: әр сатып алушы өзінің жеке
қажеттіліктерін неғұрлым толық қанағаттандыратын тауарды сатып алады, ал
сатып алушылардың жиынтығы бәсекелес тауарлармен салыстырғанда қоғамдық
қажеттіліктерге неғұрлым толық сәйкес келетін тауарды сатып алады.
Сондықтан өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бәсекелестердің өнімдерін өзара
салыстыра отырып ғана анықтауға болады.
Бәсеке бәсекелік артықшылықтармен тығыз байланысты. Ол бәсеке туындап
дамыған кезде пайда болады. Отандық нарықта бәсеке кең сипат алған сайын
бәсекелік артықшылықтар компанияның нарықтағы жетістігінің аса маңызды күші
болып табылады. Олардың ерекшеліктері мен құрылу механизмдері бәсекеге
қабілеттілікті қамтамасыз ететін негіз болып саналады. Бәсекелік
артықшылықтар кәсіпорын қызметінің бәсекелестерден экономикалық,
техникалық, маркетингтік, ұйымдық сфераларында асып түсуінен көрінеді. Оны
қосымша пайда, рентабелділіктің жоғары деңгейі, нарық үлесі, сату көлемі
сияқты экономикалық көрсеткіштермен өлшеуге болады. Яғни бәсекелік
артықшылықтар – өнімнің өзіндік құнының төмен болуының, тауарлар
дифференциациясының жоғары болуының, нарықты ұтымды сегменттеудің,
жаңашылдықтар енгізудің, нарық талаптарына жедел жауап қайтарудың нәтижесі.
Сонымен қатар экономикалық өсуді көрсететін еңбек өнімділігінің жоғары
болуы, персоналдың жоғары біліктілігі, өндірілетін өнімнің жоғары сапасы,
басқару шеберлігі, басқарудың әр түрлі деңгейлеріндегі стратегиялық ойлау
да бәсекелік артықшылықтар береді. Бәсекелік артықшылықтар абсолютті емес,
қатысты сипатқа ие, өйткені оны экономикалық тиімділікке ықпал ететін
сипаттамаларды салыстыра отырып ғана анықтауға болады. Сонымен бірге
бәсекелік артықшылықтардың қатысты сипаты оның нақты жағдайлар мен
себептерге тәуелділігінен де көрінеді. Бір факторлар бәсекелік
артықшылықтарды арттыру мен қатар кемітуі де мүмкін. Мысалы, жаңа
технологияны қолдану арқылы өнімнің сапасы, дизайны тұрғысынан
артықшылықтарға жеткенмен өнімнің өзіндік құны жоғарылап соның салдарынан
сұраныс төмендеуі мүмкін. Сондықтан бәсекелік артықшылықтарды зерттеуде
неғұрлым маңызды факторларды есепке алатын жүйелі жол қажет. Бәсекелік
артықшылықтарды әр түрлі критерийлерге байланысты жіктеуге болады,
Жіктеудің аса маңызды критерийі бәсекелік артықшылықтың қайнар көзін
анықтайтын жағдай, оған байланысты бәсекелік артықшылықтардың он түрі бар.
Олар:
1. Экономикалық факторларға негізделген бәсекелік
артықшылықтар келесілермен анықталады:
– компания әрекет ететін нарықтардың жалпы экономикалық жағдайының
жақсы болуы;
– зерттеліп отырған тауар сферасындағы инвестициялық, несиелік,
салықтық және кедендік мөлшерлемелер облысында мемлекеттің
ынталандыру саясатының болуы;
– сұранысты ынталандырушы объективті факторлардың болуы: нарық
сиымдылығының жоғары болуы, баға өзгерісіне сатып алушылардың аса
сезімтал болмауы, сұраныстың мерзімділігінің төмен болуы, ауыстырушы-
тауарлардың болмауы және т.б.;
– өзіндік құнның төмен болуы;
– кәсіпорынның тәжірибелілігі;
– кәсіпорынының экономикалық әлуеті;
– қаржыландыру көздерін табу және оны тиімді қолдану.
2. Нормативтік-құқықтық актілерге негізделген бәсекелік
артықшылықтарға үкімет тарапынан болатын әр түрлі
жеңілдіктерді жатқызамыз.
3. Құрылымдық сипаттағы бәсекелік артықшылықтар компанияның
өндіріс және өткізу үрдістерінің жоғары деңгейде
біріктірілуімен анықталады. Бұл жерде біріктірудің кері,
алға немесе көлденең түрлері қолданылуы мүмкін. Сонымен
қатар құрылымдық сипаттағы артықшылықтарға нарықтың бос
сегменттерін жылдам қамту мүмкіндіктері де жатады.
4. Әкімшілік шаралардан туындаған бәсекелік артықшылықтар
өндірушілер қызметіне шек қойылуына байланысты. Олардың
қатарына мемлекеттік және жергілікті органдардың
шектеулері, патенттер мен лицензиялар беру, кәсіпорынды
тіркеу тәртібінің күрделілігі және тағы басқалар жатады.
5. Нарық инфрақұрылымының даму деңгейімен анықталатын
бәсекелік артықшылықтар:
– қажетті коммуникация құралдарының дамуы;
– Қазақстан аймақтарындағы еңбек, капитал, технология нарықтарының
ұйымшылдығы мен ашықтығы;
– дистрибуторлық тораптың, соның ішінде бөлшек және көтерме сауданың
дамуы, кеңестік, ақпараттық, лизингтік және басқа да қызмет түрлерін
көрсетудің дамуы;
– фирмааралық кооперацияның дамуы;
6. Техникалық (технологиялық) бәсекелік артықшылықтар саладағы
қолданбалы ғылым мен техника деңгейінің жоғары болуымен,
құрал-жабдықтар мен машиналардың арнайы техникалық
сипаттамаларымен, шикізат пен материалдардың технологиялық
артықшылықтарымен, өнімнің техникалық параметрлерімен
анықталады.
7. Жақсы ақпараттандырылу арқылы анықталатын бәсекелік
артықшылықтар сатушы, сатып алушы, жарнама қызметі, нарық
инфрақұрылымы туралы ақпарат базасының кең болуына
негізделеді. Бәсекелік күрес жүргізуде ақпараттың болмауы
немесе жалған ақпарат үлкен кедергі болып табылады.
8. Географиялық факторларға негізделген бәсекелік
артықшылықтар кәсіпорынның географиялық жағынан тиімді
орналасуы мен нарықтың географиялық шекараларынан үнемді
түрде өтуіне байланысты анықталады.
9. Демографиялық факторларға негізделген бәсекелік
артықшылықтар нарықтың мақсатты сегментіндегі демографиялық
өзгерістер және оның сұраныс құрылымы мен көлеміне жағымды
ықпал етуі, тұрғындардың мақсатты тобының санының өсуі,
жастық-жыныстық құрамының өзгеруі және білім мен кәсіби
деңгейдегі өзгерістер нәтижесінде құрылады.
10. Құқықтық емес сипаттағы бәсекелік артықшылықтар теріс
пиғылды бәсеке, криминалдық іс-әрекеттерден болады.
Кәсіпорынның бәсеке параметрлеріне байланысты тауарлардың барлық
өмірлік циклын шешуші төрт кезеңге бөлуге болады. Олар:
1. енгізу кезеңі;
2. арту кезеңі;
3. жетілу кезеңі;
4. тоқырау кезеңі.
Кесте 1 - Кәсіпорынның тауардың өмірлік циклының кезеңдері бойынша бәсекеге
қабілеттілігі
Көрсеткіштер Енгізу Арту Жетілу Тоқырау
Сатылған өнімнің Баяу Тез Баяу Азаяды
өсуі
Пайда Жоқ Арту Азаяды Төмен
Ақша тасқыны Жоқ Жаксы Жоғары Төмен
Клиенттер Ынаталы Артады Артады Ынта бәсеңдейді
Бәсеке Әлсіз Өседі Тұрақты Төмен
Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігі – бұл көп көзқарасты түсінік. Бәсеке
қабілеттілігі бар өнім шығару үшін - өнеркәсіптің, жобалау процесстері,
өткізу және тұтынушыларға өнімді сатып болғаннан кейінгі қызмет
көрсетулердің өзі бәсекелік қабілетті болу керек. Осыдан кейін бұйымның
бәсеке қабілеттілігі, өндірістің бәсеке қабілеттілігі, ғылыми-техникалық
бәсеке қабілеттілік, қызметкерлердің бәсеке қабілеттілігі, маркетинг
қызметінің бәсеке қабілеттілігі, өнеркәсіп бәсеке қабілеттілік сияқты
негізгі түсініктерді сызып қойған дұрыс.
Бәсеке қабілеттілік факторларын зерделеуге таяу шет елдердің
ғалымдарымен қатар біздің республика ғалымдарының да жұмыстары арналған.
Сонымен қатар, тамақ өнеркәсібінің бәсеке қабілеттілігін анықтайтын
факторлар аз зерттелген. Әдебиетті теоретикалық талдау, өнім бәсеке
қабілеттілігінің сыртқы (экзогенді) және ішкі (эндогенді) факторларын
әшкерелейді. (Кесте 2)
Кесте 2 - Бәсекеге қабілеттіліктің негізгі факторлары
Бәсеке қабіліттіліктің факторлары Кәсіпорын Негізгі бәсекелестіктер
А Б ... ...
.
1 2 3 4 5
1. Тауар
сапасы
техника-технологиялық көрсеткіштер
сауда таңбасының мәртебесі
буып-түю
кепілді мерзім
сенімділік
патентпен қорғалған
Баға
сату
баға жеңілдігі (процент)
төлем тізімі
несиені ұсыну шарттары
сатып алуды қаржыландыру шарттары
Өткізу каналдары
өткізу нысандары
тікелей жеткізу
сауда өкімдері
көтерме делдалдар
маклер мен дилер
нарықты қамту деңгейі
қойма-жайды орналастыру
транспорттау жүйесі
запастарды бақылау жүйесі
Нарықта тауарларды жылжыту
Жарнама
тұтынушылар үшін
сауда делдалдары үшін
4.2.Индивидуалды сату
тұтынушыларды ынталандыру
назарылық сауда демократия
тауар белгілерін көрсету
өткізу жұмыстары бойынша кадрлар
дайындау
Өткізу каналдары бойынша тауарларды
жылжыту
бәсеке жағдайында сату
сауда делделдарына сыйлық
4.4. Теледидар маркетингі
Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілік қамтамасыз ету үшін меншікті
корпоративті ресурстар пайдаланылады:
1. Капитал ресурсы;
2. Персонал ресурсы;
3. Ақпараттар және технологиялар ресурстары;
4. Техника және жабдықтар ресурстары;
5. Құқық ресурстары: патенттер, лицензиялар, экспорттық квоталар және т.б.
Экономикалық субъектілердің іс-әрекеттері әлеуметтік-экономикалық
мәртебені анықтайтын экономикалық қызығушылықтардан тұрады. Меншік
иелерінің және жалдамалы персоналдың экономикалық мүдделерінің бар екенін
айта кеткен жөн. Меншік иесінің, сәйкесінше кәсіпорынның бар мүддесі таза
табыс алумен байланысты болғандықтан, оны алуға кедергі келтіретін
факторлардың бәрі сәйкесінше экономикалық қатер болып табылады. Осылайша
біз экономикалық қатер деп, таза табыс мөлшерінің төмендеуіне немесе
жойылуына әкелетін мүмкін жағдайды айтамыз. Өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін
бәсеке қабілеттілікті бағалау өте маңызды. Себебі, қызметтегі белсенді
әлует дағдарысқа қарсы дамуды анықтайтын, экономикалық өсудің кепілі және
елдің экономикалық тәуелсіздігін, кауіпсіздігін сақтайтын тұрақты фактор
болып табылады. Оның босаңсуы кәсіпорынның, мемлекеттің болжауға мүмкін
болмайтын зардаптарға ұшырауына әкелуі мүмкін.
Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігі функционалдық тұрғыдан келесі
элементтерден тұрады:
– Технико-технологиялық;
– Интеллектуалдық және кадрлық;
– Қаржылық;
– Саяси-құқықтық;
– Ақпараттық;
– Экологиялық.
Осы элементтерге толығырақ тоқталып кетейік.
Технико-технологиялық элемент. Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз
етуде менеджерлердің кәсіпорындағы технология, құрал-жабдықтар әлемдік
стандарттарға сай келетінін, балама өнімдерді шығаратын кәсіпорындарда
қандай технология пайдалантынын, қолданыстағы технологияны ішкі
резервтердің көмегімен жақсарту мүмкіндігін талдау және жаңа ғылыми
ізденістерді байқауы керек.
Интеллектуалдық және кадрлық элемент. Қазіргі экономикалық
жағдайларда экономикалық қауіпсіздік деңгейі көп жағдайда мамандардың
біліктілігімен анықталады. Сондықтан, кәсіпорында жұмыскерлерді іріктеу,
оқыту және ынталандыру жүйесі ұйымдастырылған деңгейде болуы керек. Оның
үстіне, кәсіпорынның басқару персоналы экономикалық қауіпсіздік жағдайын
үнемі талдап отыруы, дағдарыс жағдайында сасып қалмайтындай болуы керек.
Қаржылық элемент. Бұл элемент кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы
меншікті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуімен тығыз байланысты
болғандықтан маңызды болып саналады. Шаруашылық субъектісінің қаржылық
тұрақтылығының жойылу себептері өндіріс көлемінің төмендеуімен, өнімнің
өзіндік құнының жоғары болуымен, активтерді тиімсіз жоспарлау және
басқарумен байланысты болады. Қаржылық тұрақтылықты сақтау үшін
кәсіпорынның қаржылық-экономикалық қызметінде нақты тапсырмаларды жоспарлау
және өткізу жолдарын қарастырған жөн. Келесідей стратегиялық міндеттерді
анықтауға болады: өнімді жетілдіру, өзіндік құнды төмендету, аз шығындармен
өндіріс тиімділігіне қол жеткізу, рентабельділіктің жеткілікті деңгейін
қамтамасыз ету.
Саяси-құқықтық элементті қорғаудың үрдісін келесі түрде жүргізуге
болады:
– кері әсерлерді анықтау;
– қорғаудың қазіргі деңгейін талдау;
– осы деңгейді жетілдіру бойынша шараларды жоспарлау.
Ақпараттық элемент. Кез-келген ұйым немесе кәсіпорынның құрамында
ақпараттарды жинап, сақтап, өңдейтін белгілі бір бөлімше болуы керек. Осы
бөлімшенің мақсаты болып, кәсіпорынға келетін барлық ақпараттарды талдап,
ары қарай дамуы үшін қолдана білу табылады. Кәсіпкерлік құпияны сақтайтын
шараларда осы бөлім арқылы жүргізілуі керек.
Экологиялық элемент. Кәсіпорын экологиялық мөлшерлерді бұзудан
болатын айып пұлдары сияқты шығындарды төлегісі келмесе, халықаралық және
ұлттық экологиялық мөлшерлерді сақтауы керек.
Қазақстан Республикасында бәсекеқабілеттілікті қолдау және дамыту
мақсатында заңдар және заңдылық актілер қабылданған. Олардың ішінде,
Бәсеке туралы, Теріс пиғылды бәсеке туралы, Монополиялық қызметті
шектеу туралы заңдар бар.
Нарықта бәсеке әр түрлі формада болып, әр түрлі әдістермен жүзеге асады.
Бәсеке үлгілерінің ішінде бірінші кезекте сала ішілік және сала аралық
бәсекені бөледі. Cала ішілік бәсеке – бірдей қажеттіліктерді
қанағаттандыратын, бағасы, сапасы немесе ассортименті бойынша ерекшеленетін
бірдей тауарлар арасындағы бәсеке. Сала аралық бәсеке – әр түрлі сала
тауарлары арасындағы төлем қабілетті сұраныс үшін болатын бәсеке.
Функционалдық бәсеке – қажеттіліктерді қанағаттандыратын тауарлардың бір-
біріне қатысты бәсекелестік жағдайы. Тауар түріне байланысты бәсеке –
бірдей қажеттілікті қанағаттандыратын, бірақ бір-бірінен маңызды
сипаттамалары арқылы ерекшеленетін тауарлар арасындағы бәсеке. Заттық
бәсеке – барлық жағынан бірдей тауарлар арасында болатын бәсеке.
Сонымен қатар бәсекелік артықшылықтар әр түрлі саты деңгейінде болып,
тауарға, кәсіпорынға, салаға, бүтіндей экономикаға қатысты болуы, бағалық
және бағалық емес факторларға негізделуі, ұзақ, орта және қысқа мерзімді
болуы, тұрақты және тұрақты емес, ерекше және қайталанатын болуы мүмкін.
Өнім мен кәсіпорынның бәсекелік қабілеті тығыз байланысты болғанымен,
мағыналары жағынан ерекшеленеді. Негізгі ерекшелену белгілері мыналар:
– біріншіден, өнімнің бәсекелік қабілеті белгілі бір қысқа уақыт аралығында
анықталса, кәсіпорынның бәсекелік қабілеті, салыстырмалы түрде, ұзақ уақыт
бойынша анықталады;
– екіншіден, өнімнің бәсекелік қабілеті тұтынушылардың әсеріне тікелей
байланысты. Ал кәсіпорынның тиімділігін кәсіпкердің өзі анықтап, керек
кезінде өндірістік-өткізу қызметіне қажетті стратегияларды енгізіп отырады.
Кәсіпорынның бәсекелік қабілетті деңгейі туралы мәлімет инвесторлар мен
әріптестер үшін маңызды. Тұтынушы үшін өндірістің тиімділігі мен шығындық
көлемі қызықтырмайды;
– үшіншіден, кәсіпорын бірнеше өнім түрін шығарумен қатар, өндіріске
байланыссыз басқа да қызмет түрлерімен айналысуы мүмкін (мәселен,
инвестициялық, делдалдық және т.б). Кәсіпорынның бәсекелік қабілеті барлық
өнім ассортиментінің бәсекелік қабілетіне және әр бір қызмет түрінің
орындалу тиімділігіне байланысты.
– төртіншіден, өнімнің бәсекелік қабілеті кәсіпорынның бәсекелік қабілетін
анықтайды, бірақ толық көлемде емес. Мәселен, өнімнің бәсекелік қабілетін
бағаны төмендету арқылы қамтамасыз етуге болады. Алайда, осы өнімді
өндіруге кеткен шығын көлемі толық жабылмай, табыс болмауы да мүмкін. Бұл
кезде кәсіпорынның қаржылық жағдайына кері ықпал болып, оның бәсекелік
қабілеті төмендеуі де мүмкін.
Сонымен кәсіпорынның бәсекелік қабілеті, өнімнің бәсекелік қабілетіне
қарағанда, экономикалық маңызыжағынан кең ұғымды білдіреді.
Әлемдік тәжірибеде, өнімнің бәсекелік қабілеті келесі факторлармен
анықталады:
– өнім сапасының нарықтық және нақты тұтынушылардың талабына сай болуымен;
– сатып алуға, жеткізуге кеткен шығындармен;
– тұтынушыларға тиімді уақытта жеткізу жағдайымен;
– кәсіпорынның нарығындағы беделімен
және сенімді әріптес болатындығы туралы дәлелімен.
Біздіңше, өнімнің бәсекелік қабілеті 1-суретте көрсетілген негізгі
кешенді үш факторларға тәуелді:
1. Міндет – өнімнің қандай мақсатқа пайдаланатынының оның функционалдық
мүмкіндіктерін, сол арқылы осы өнімді тұтынушылар тобын анықтайды.
2. Жоғары сапа – бағалық емес бәсекеде үлкен мәнге ие. Сондықтан, сапаны
өнімнің бәсекелік қабілетінің кешенді көрсеткіші ретінде қарастыруға
болады.
3. Баға – тауар құнының ақшалай көрінісі. өнімге деген сұраныс пен ұсыныс
тең болғанда баға мен құн да теңеседі. Ұсыныстың сұраныстан артуы бағаны
төмендетеді, ал керісінше нарықтағы сұраныс артса, онда өнімнің бағасы
құнынан әлде қайда жоғары болады. Нарықтық экономика жағдайында баға
объективті экономикалық заңдылықтарға, ең алдымен, құн заңына сай
қалыптасады. Бағалық бәсеке кезінде төмен баға өнімнің бәсекелік
қабілетінің кепілі болады.
1-сурет. Бәсекелік қабілеттің кешенді үш факторы.
Аталған 3 факторды кешенді түрде қарастырған жөн. Көп функционалды
міндеті, жоғары сапасы және тиімді бағасы бар өнім бәсекеге қабілетті бола
алады. Бұл факторлар үнемі бір-бірін толықтырып отырулары қажет. Автордың
пікірінше, өнімнің бәсекелік қабілетін қалыптастыруда кәсіпорынның сапа
жүйесін жетілдіру, ең алдымен, Халықаралық сапа стандарттарының талаптарына
негізделуі тиіс. Тамақ өнімнің сапасы адам өмірінің қауіпсіздігімен тікелей
байланысты. Сондықтан да, өндірілетін өнімнің стандартқа сай болуын
қадағалау маңызды жағдай.
Жалпы экономикалық қауіпсіздік ұғымын басты назарда ұстау қажет – яғни,
мұнда экономикалық тез қарқынмен ұзақ мерзімді тұрақты дамуы қалыптасады.
Бұл жағдай өндіріске қажет ресурстың толықтығын, ішкі және сыртқы нарықта
бәсекеге қабілетті өнімді тиімді әдіспен, жан басына шаққандажеткілікті
көлемде өндіру, оны тоқтаусыз өткізуді қамтамасыз етеді. Бәсекелік қабілеті
арттыру механизмі – бұл кәсіпорынның нәтижелі жетістікке жету жолында
атқаратын іс-әрекеттерді арқылы сипатталады. Дұрыс таңдала білген механизм
осы кәсіпорынның нарықтағы бәсекелестерімен ұзақ уақытқа ұтымды жағдай
жасауына негіз болады.

және оларды анықтау әдістемелері
Егеменді ел болып, тәуелсіздігімізді алып нарықтық экономикаға
көшуімізге байланысты ел экономикасы түбегейлі өзгерістерге ұшырады.
Әсіресе еліміздің экономикалық өміріндегі шаруашылық қатынастар жүйесіндегі
терең әрі ауқымдды өзгерістер көрініп, еркін бәсеке, бәсеке қабілеттілік,
еркін сауда, жеке меншік билігі т.б. осы секілді ұғымдар ене бастады. Ал өз
кезегінде ұйымдық-құқықтық формалардың яғни әртүрлі шаруашылық жүргізуші
субъектілердің жұмыс жасауы, қызмет көрсетуі, өнім өндіруі – бәсеке және
бәсеке қабілеттілік ұйымдарын одан әрі өрбіте түсті.
Жоғары тұрақсыз және сыртқы орта факторларының анықталмағандық
жағдайында ұзақ мерзімдік перспективада кәсіпорынның әрі қарай гүлденіп,
өркен жаюының кепілдігін қамтамасыз ететін бәсеке қабілеттілік пен бәсеке
қабілетті басқару жүйесі, сондай-ақ бәсеке қабілетті стратегия тиімді
басқарудың мақсатты құралы ретінде әртүрлі функционалдық бағыттағы және
әртүрлі бизнес аясында жұмыс істейтін, тауарлар өндіріп, қызмет көрсететін
ұйымдар үшін әсіресе өзекті болып отыр.
Қазіргі кезде көптеген кәсіпорындар үшін кәсіпорынның бәсеке
қабілеттілігін арттыру ең негізгі мәселе болғандықтан көпшілік тарапынан
осы бір мәселеге көп көңіл аударуда. Ол сату нарықтары, өткізу көлемдері,
қосымша табысты табуды көздейтін өндірушілердің экономикалық
стратегияларының басты ажырамас құралына айналды. Осыған сәйкес
кәсіпорындар әрі шығарылатын өнімдердің бағаларын төмендету арқылы әрі
нарықта бар өнімдерден сапалық көрсеткіштері жағынан ерекшеленетін
өнімдерін өндіру арқылы бәсекелестерді ығыстыруға және нарықтағы
жағдайларын нығайтуға ұмтылуы керек.
Бәсеке қабілеттілік ұғымы көпжақты болып, кәсіпорын іс-әрекетінің
тауар секілді құрамдас бөліктерін сондай-ақ оның негізгі сипаттамалары
болып табылатын сапа және өндіріс технологиясын қамтиды. Сонымен қатар
ғылыми әдебиеттерде ұлттық экономиканың және аймақтық бәсеке қабілеттілігі
ұғымдары қолданылады. Әр ұғымның құрылымы объектінің бәсеке қабілеттілігі
оның бәсеке қабілеттілігі элементерінен және мақсатқа жетуде олардың өзара
ұйымдасуынан тұратынын негіздейді.
Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігі – қатысты өлшем, өйткені ол сату
уақыты мен нарықта бәсекеге түсетін ұйымдардың салыстырмалы нәтижелерінде
көрінуі мүмкін.
Осы арада кәсіпорының бәсеке қабілеттілігі – бұл экономикалық,
техникалық, ұйымдастырушылық мүмкіндіктердің жиынтығы.
Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігі – бұл бәсекелестік күрес жағдайында
өзінің алып отырған нарықтық үлесін сақтап қалуға немесе кеңейтуге
жеткілікті әлеуеті. Кәсіпорының (фирманың) бәсеке қабілеттілігі –
кәсіпорынның ұлттық, халықаралық нарықтағы жағдайын анықтайтын кешенді
экономикалық көрсеткіштерін және потенциялын қамтиды.
Байқалғанындай бәсеке қабілеттілігінің екі жағы бар. Бұлардың біреуі
оның элементі және құраушы бөліктері (тауардың жоғары сапасы, тауардың
қосымша қызметі, барлық қызмет көрсету мерзіміндегі нақты қызметі т.с.с)
және нақты жағдайдағы тауар сату міндеттерінің нақты шешімі (жеке
қабілеттіліктері бар нақты сатып алушы, оның мүмкіндігі және өзіндік талғам
шкаласы бойынша нарықта бәсекелесуші кәсіпорындардың ішінен ұнайтынын
шешуі, сатушының жеке қасиеттері). Бәсекелелік күрестегі жеңіс бәсеке
қабілеттілік нәтижесін бейнелейді. Ал бәсеке қабілеттілік пен бәсекенің
қатынасын потенциал – потенциялды қолдану қатынасы ретінде сипаттауға
болады.
Әдетте бәсеке қабілеттілік бейімділік және жаңашылдық секілді екі
ажырамас бөліктерден тұрады. Бейімділікті икемдеу қасиеті, кәсіпорының
сыртқы ортамен қатынасының формасы және ұйымшылық қайта құрудың үрдісі
ретінде түсінеміз. Өз кезегіндегі жаңашылдықты жаңару мүмкіндігі және
минималды өзіндік құн, технологиялық, ритмділік критерилері бойынша
ұйымшылдық процестерді қайта құру ретінде ұғынамыз. Егер де бейімділік
кәсіпорынның сыртқы орта өзгерістерінде деген реакциясын көрсетсе, онда
жаңашылдық өз іс-әрекетінде шешім қабылдау және жаңа элементтерді игерудің
негізінде өзгерген іс-әрекет бағытын сипаттайды.
Бәсеке қабілеттіліктің екі қасиетін қалыптастыруда кәсіпорындар ұйымның
жекелей элементтеріне сүйенеді. Жеке тұғыдан алғанда бейімділік қасиеті
ұйымның әркелкі өнімдер өндіретін технологиялық құрал-жабдықтары және
тұтастай алғанда техникалық базасы болмайынша қалыптаспайды.
Бәсеке қабілеттілік ұғымының екінші қасиеті болып табылатын жаңашылдық
жаңалықтың екі түрін игеру мүмкіндігіне сүйенеді. Бір тұсы бұл өндірістің
техника-технологиялық жаңартылуымен байланысты техникалық жаңалық болып
табылады. Мұның құрамына құрал-жабдықтар мен аппаратура, өндірістің
техникалық құралдары және НИОКР-ді техникалық қамтамасызету, сондай-ақ,
өнімдерді өндіру технологиясы аясындағы жаңалықтарды игерудің әдістері мен
тәсілдері кіреді.
Жаңашылдықтың келесі ажырамас бөлігіне - әлеуметтік жаңалықтар жатады.
Мұндай жаңалықтың техникалық базасы ретінде игерілген әлеуметтік
технологиялардың жиынтығы қарастырылады.
Кәсіпорының бәсеке қабілеттілігінің деңгейіне негізінен мынандай басты
факторлар әсер етеді:
– өндірістік технологияны жетілдіру дәрежесі мен ғылыми-техникалық
деңгейі;
– жаңа өнер табулар мен жаңашылдықтарды қолдану;
– қәзіргі заманға сай автаматтандырылған және роботтандырылған
өндіріс құралдарын енгізу.
Сонымен бейімділік пен жаңашылдық ұйымның бәсекеқабілеттілік қасиетін
қалыптастыруға қажетті және жеткілікті жағдайларды айқындайды.
Бүгінгі таңдағы маңызды мәселелердің бірі – кәсіпорынның бәсеке
қабілеттілігін жоғарылату мәселесін шешетін және сол ұйымның нарықтық орта
элементтерімен бәсеке қабілетті басқару жүйесін құру. Осы орайда
шаруашылықтың жаңа жағдайларында нарықтық қатынастарға бейімделген басқару
жүйесін құру процесін жеделдеткен жөн. Сонымен қатар бәсеке қабілетті
басқару жүйесінің ақпараттық қамтамасыз етілуін және стратегиялық бағыт-
бағдарын күшейте түсу керек.
Кәсіпорынның бәсеке қабілетті басқару жүйесі негізінде кәсіпорынның
потенциалды мүмкіндіктерін және сыртқы орта талаптарын ескере отырып,
ақпараттық технология негізінде өздерінің міндеттерін арнайы
функцияландырылған әдістер мен тәсілдер арқылы орындайтын органдар жиынтығы
түсініледі. Бәсеке қабілетті басқару жүйесі – бұл қоршаған орта
факторларының ықпалы негізінде өзін-өзі реттеу қабілеті бар күрделі ағза.
Кәсіпорынның бәсеке қабілетті басқару жүйесінің ең негізгі қағйдасы –
бұл кәсіпорынның қызмет етуі мен дамуының стратегиясы және мақсаттарды
таңдаудағы негізделген өндірісті басқару жүйесінің бағыт-бағдары негізінде
жаңа технология мен жаңа өнім енгізу, кәсіпорынның материалдық- техникалық
базасын ескере отырып оның потенциалды мүмкіндіктерін бағалау және
бәсекелестік ортаның жағдайын болжау негізінде қызметтердің перспективалы
бағыттарын анықтау түсініледі.
Кәсіпорының бәсеке қабілеттілігін жоғарылату стратегиясының жүйесін
келесідей үлгіде көрсетуге болады:
1. Кәсіпорының сыртқы ортада жүзеге асыратын атап айтқанда тауарлық,
баға белгілеу, жабдықтаушылармен қарым-қатынас, ақша және бағалы
қағаздар нарығындағы іс- әрекет, трансакциялық шығындарды төмендету,
сыртқы экономикадағы қызмет стратегиясы.
2. Кәсіпорының ішкі ортасында жүзеге асырылатын, яғни өндіріс
шығындарын төмендету, инвестициялық қызмет, қызметкерлерді
ынталандыру, ақпаратпен қамтамасыз ету стратегиялары.
Кәсіпорының тауарлық стратегиясы келесілерді қарастырады:
– кәсіпорынның спецификасына жауап беретін, тауарлар мен қызмет
көрсетулердің потенциалды нарығын қалыптастыру және зерттеудің
тәсілдері мен ережелері;
– кәсіпорынға неғұрлым тиімді шаруашылық жүргізудің стратегиялық
аймақтарын іздеудің әдістерін;
– кәсіпорынның сыртқы тиімділігін қамтамасыз ететін аймақтарды
басқару әдістерін.
Ал тауарлы стратегияның негізгі міндеттеріне төмендегілер жатады:
– стратегиялық перспективті міндеттерін өзіндік ресурстар және
нарықтық потенциялды мүмкіндіктермен үйлесуі;
– тауар (технологиялар) сұранысының өмірлік циклдерін талдау;
кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігін жоғарлатуды қамтамасыз ететін
тауар ассортиментін әзірлеу.
Бәсекеге қабілеттілікке жетудің ең оңай жолы – ұйым өзі
бәсекелестерінің әлсіз тұстарын немесе артықшылықтары жоқтығын анықтап,
басымдығын нығайту. Яғни, кәсіпорын бәсекелестері сондай табысқа ие
болмаса, бәсекеде жауап бере алмаса, біраз шығынға ұшырайды.
Бәсекелік артықшылықтарға нарыққа ену кедергілері ықпал етеді. Нарыққа
жаңа бәсекелестердің келуі бәсеке күресін ушықтырып, қорғануға мәжбүр
етеді. Қорғаныс шараларының бірі салаға кіру кедергісін қою. Компаниялар
мен олардың өзара әрекеті жүйесіндегі бәсекелік артықшылықтар саланың
бәсекеге қабілеттілігін білдіреді. Бүкіл қоғамдық-экономикалық
жағдайлардағы артықшылықтар ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін
анықтайды. 2-суретте бәсекеге қабілеттіліктің сатылық құрылымы көрсетілген.
Сатылық құрылымның төменгі деңгейіндегі өнімнің бәсекеге қабілеттілігі
қалғандарының бәсекеге қабілеттілігінің қалыптасуына тікелей әсер ететін
болғандықтан, мұқият зерттеуді талап етеді.
Сурет 2 – Бәсекеге қабілеттіліктің сатылық құрылымы
Компанияның бәсекеге қабілеттілігінің міндетті шарты – бәсекеге
қабілетті өнім өндіріп өткізу. Кең көлемде алғанда компанияның бәсекеге
қабілеттілігіне қол жеткізу үшін бүкіл өндірістік-шаруашылық қызмет:
өндіріс, маркетинг, қаржы, ҒЗЖТКЖ (ғылыми зерттеу және тәжірибелік-
конструкторлық жұмыстар)облыстарында бәсекелік артықшылықтарға жету
керек.

Агуша ЖШС-гі сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорын болып табылады. Бұл
кәсіпорын өзінің шаруашылық қызметін бірнеше шаруа қожалықтарының
бірігуінен бастаған болатын.
Кәсіпорын Қазақстан нарығында сұранысқа ие тамақ өнімдерін шығарады.
Нарыққа шағын ғана зауыттың ену тиімділігін осы кәсіпорынның табиғи
өнімдерді пайдаланатынынымен түсіндіруге болады. 2003-2004 жылдар
аралығында кәсіпорын жемісті дамып отырды. Алғашқы кезде кәсіпорындар
жекелеген шаруа қожалықтарынан құрылған болғандықтан; негізінен олар сүтті
сүт өңдеу зауыттарына өткізумен айналысты. 2003жылы осы кәсіпорын өз
бетінше дайын өнім шығаруды ұйғарды, себебі сүт түріндегі шикізат ең
төменгі бағамен өкізілетін еді. Сүт өнімдерін өңдеу үшін құрал-жабдықтар
2003жылы сатып алынды. Агуша ЖШС-гіне кейбір құрал-жабдықтарды шикізаттың
жетіспеуінен зауытқа қайтаруға тура келді. Осы себептермен кәсіпорын
нарыққа жоспарлаған ассортимент бойынша сүт өнімдерін шығара алмады. Бірақ
кәсіпорын бірден өз өнімдерін тиімді өткізе бастады. Ал 2004 жылы өнімді
сату көлемі нарыққа арзан тауарларды шығару есебінен ұлғайды. Агуша ЖШС-
гінде басқару батыс еуропалық мемлекеттер тәжірибесі бойынша жүргізіледі.
Кәсіпорындағы басқару тәжірибесі шет елдікке көп ұқсас болғандықтан
Ұлыбритания компанияларынан бірлесіп қызмет істеу туралы ұсыныстар түсті.
Өзінің құрылтайшыларының қызығушылығын пайдалану үшін табыс табу,
жиналыста белгіленген жалпы тапсырмаларды, жарѓыдан шыққан функцияларды
орындау үшін және Қазақстан Республикасының құқықтық нормативтік
актілерімен және заң шығарушылардың қызметіне қайшы келмейтін қызметтерді
жүзеге асыру. Ұйым қызметінің мақсаты болып табылады.
Өзінің жарғылық мақсаттарын жүзеге асыру үшін, ұйым келесідей
қызметтерді орындайды:
- сүт және сүт өнімдерін құю мен өндіру;
- импорттық және отандық алкогольді өнімдер мен сусындарды құю;
- шикізаттар мен ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу және дайындауларды,
қайта өңдеулерді, өндірісті, жанама шаруашылықты дамыту мен ұйымдастыру;
- заңды және жеке тұлғаларға тауар-аралық, маркетингтік және т.б. қызмет
түрлерін көрсету;
- Өндірістік тауарларды өткізу үшін аукциондарды ұйымдастыру, сату
секциялары мен фирмалық таңбаларды ашу;
- жарнамалық және ақпараттық қызметті ұйымдастыру;
- Үзіндік сыртқы экономикалық қызмет;
- Өндірістік- коммерциялық, сатып-сатып алу мен табыс операцияларын
жүргізу;
- Қазақстан Республикасының заң шығарушы органдарымен рұқсат
етілген және басқа да қызмет түрлері.
Ұйымның жарғылық капиталы 167670,1 мың тг мөлшеріндегі қызметін жүзеге
асыру үшін қалыптасқан. Ұйым өзінің шығынын жабу үшін резервтік капитал
құруы тиіс, ал оның сомасы жарғылық капиталдың қосылған сомасының кем
дегенде 15 пайызына тең болуы тиіс. Резервтік капитал ұйымның әр жыл сайын
таза табыстан аударылғаны арқылы пайда болады. Кәсіпорынның резервтік
капиталы 25150,5 мың тг құрайды, ал егер алда- жалда белгілі бір төлем
атқарса, онда біріктірілген жарѓылық капиталдан 15 пайызға кемиді. Жарғылық
капиталды толтырып, белгіленген мөлшерге жету үшін, ұйым аударымдарды
жаңартады.
Ұйым мүшелері болып келесілер табылады:
- Жоғарғы мүше – Серіктестіктің Жалпы Жиналысы;
- Басқару мүшесі – Директорлар Кеңесі;
- Атқарушы мүшесі – Басқарма;
- Бақылау мүшесі – Ревизиялық комиссия;
- Басқарма көмекшісі – Қоғамның Директорлар Кеңесі арқылы Президент
сайланады.
Агуша ЖШС сүт, қаймақ, сүзбе, айран, ряженка, иогурт, балмұздақ,
құймақ және сүт өнімдерін өндіреді. Қазақстан Республикасының нарығының
қалыптасуы мен нығайуына байланысты, нарық экономикасының бірте-бірте
дамуына алып келді, жеке кәсіпкерлік дамыды, азық өнімдерінің өндірістік
даму мүмкіншілігі анықталды. Жас кәсіпкерлер ұжымы – азық-түлік өнімдерін
өндірумен айналыса бастады.
Алғашқы болып тізімге майонез бен сүзбеден жасалған ақ ірімшіктер енген
болатын. Бүгінгі күн компания сүт өнім ең ірі өндірушілерінің төрттігіне
кіреді. Компания нарық үлесінің 23 % құрайды.
Агуша ЖШС-нің қызметі сұт өнімдерін өндіру және сату болып табылады.
Тиімді баға мен суретті де, әсем қорабы бар, сапалы өнім шығаруға
негізделіп, кәсіпорынның стратегиясынан шыққан, кәсіпорынға маркетинг
қызметі енгізілген.
Кез-келген жүйе сияқты маркетингте өзінің бағыттары, әдістері және
өткізу жолдары бар. Кәсіпорындағы маркетинг қызметі коммуникацияға, табысты
ұйымдастыруға, бағаны қалыптастыруға, өнім ассортименті мен сапа жағынан
саясат жүргізуге бағытталған маркетинг қызметі, сапа бөлімі мен бақылау
мүшесі бір- бірімен тығыз байланысты. Өндіріс үрдісінің әр операциясында
қолданылып, бұйымның пішінін тексеру үшін осы бөлімде 10 жұмысшы жұмыс
істейді.
Агуша ЖШС-нің сауда агенттері келесідей қызметтерді атқарады: жаңа
тұтынушыларды тартады және іздейді, тауар бағасы мен ерекше қасиеттері
жайлы ақпарат таратады, сусындарды көрсетеді (сыра,алкогольсыз сусындар),
сатып алушылар мен өзінің қызмет ауданы жайлы кәсіпорынға қажетті
ақпаратпен қамтамасыз ету. Сауда агенттерін таңдап болғаннан кейін оларды
оқыту керек. “Агуша” ЖШС-нің үміткерлерін оқыту келесідей түрлерде болуы
мүмкін:
- кәсіпорынмен бастапкы таныстыру;
- сауда техникасына үйрету, яғни алдын-ала дайындау, келіссіз жүргізу,
мәміле жасау техникасын кіргізеді.
Агуша ЖШС-нің жеке сатуды енгізіп, ол туралы қорытынды жасағанда,
ынталандыру жүйесінде коммуникация жолы ең тиімдісі болып табылады, бірақ
оны жүзеге асыру үшін күрделі еңбек дайындығы және белгілі бір қаржылық
шығын керек.
Кәсіпорында өнімді өткізу бөлімі бар оның ең негізгі бөлігі болып
дайын өнімді Алматы қаласындағы нарықтарға және дүкендерге тиімді өткізу.
Фирма өзінің дистребьютерлік жүйесі бар, ол дайын өнімді тек Алматы
қаласында ғана емес сонымен қатар оның шетіне де өткізеді.
Өнімді өткізу үшін, өнімнің бағасы оның өзіндік құнына, биржа нарығында
қалыптасқан бағаға және бөлшек саудаға байланысты қойылады. баға орнатудың
ең негізгі қағидасы ол – беріктілік, өнім сапасының деңгейі, бәсекеге
қабілеттілігі.
Агуша ЖШС өнімі көбінесе әр түрлі жақтар бойынша өткізіледі олар:
1. еркін сауда нарығында және Алматы қаласындағы;
2. облыстардағы сауда нүктелерінде сатылады;
3. сонымен қатар олар жалақы есебінде және бартер түрінде беріледі.
Агуша ЖШС өткізу бөліміне келесілер бағынады:
• 2менеджер;
• ұсыныс қабылдайтын 2 диспетчер;
• 5 машина жүргізуші – экспедитор;
• өткізу бөлімінде сонымен қатар келесілер жұмыс істейді:
• потенциальды клиенттерге өнімді жеткізетін 7 машина жүргізушілер;
• қор меңгерушісі.
Өнім өтіміділігіне байланысты ұйымында әртүрлі қызметтер жүзеге асырылып
жатыр. Алматы қаласындағы ірі дүкендермен келісім шартқа отырып, өздерінің
өндірген өнімдерін нарыққа шығарады. Мысалы: Рамстор, Сити орталық,
Ардагер гипермаркеттері және әртүрлі ұсақ дүкендерге , базарларға сатуға
береді.
Тұтынушылардың қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыруыға байланысты
үлкен және сәтті бағдарламаларды ойластырып, жүзеге асырылып жатыр. Айқын
дәрежелерге жету үшін компания әлеуметтік сұрақтарды шеше білуі керек .
Агуша компанияның азық-түлік қатары тұрақты өсуде және өнімдердің
келесі топтары бүгін қосады: пастерленген сүт, сүт, айран, қаймақ, айран,
сүзбе, ірімшіктер, ұзақ сақталатын сүт, кілегейлер, майонез, балмұздақ,
қаймақтан жасалған май, қоюландырылған сүт .
Компания саясаты әрбір тұтынушыға дара жақын келу болып келеді,
қажеттіліктерін қанағаттандыру оны еске асыру, сонымен қатар Отандық
өнімдердің мәртебесі көтеру.
Сатып алушылардың талаптарын түсінуіне және келешекте барынша
олардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға ұмтылады .
Сауда жүйелері арқылы өнім қауіпсіздік дәрежесін қамтамасыз етуге
ұмтылады, өңдеулер, сақтаудың және өтімнің, өнімге нормативті талаптар
орындай және тиісті өндіріс ортанын қамсыздандырады .
Агуша ЖШС қорлардың үйлесімді шығындауына ұмтылады және өнім өзндік
құны төмендеуіне арналған құралдардың және бәсеке қабілеттілік қамтамасыз
етуі. Компания мақсаты бәсекеде ең үлкен артықшылықтарға ие болу болып
саналады. Фирманың философиясы деп мынаны айтуға болады: қол жетерлік және
жоғары сапа. Ассортименттің кеңділігі, ұсыныс жасай алады және жоғары
сапа, немен бәсекешілерде . Фирма нарықта белсенді орны алады. Сондай
жағдайдың мономарки стратегиясы (барлық сүт өнімдерге арналған бірыңғай
сауда белгісі) жоғарғы табысқа жетуіне алып келеді .
Компанияға сондай-ақ жаңа орама және өз сауда белгісі бар өнімдерді
өндіруіне болады.
Болашақтар фирманың өндіретін өнімнің ассортиментінің маңызды анықтау
:
– компания перспективалы мұқтаждықтары;
– мақсаттық базар , қайсы хабардар болу бәріне өнім түрлеріне;
– маңызды позицияның қайсысы сатып алушыларға әсер етеді.
Компания күшті жақтарымен келеді :
– өнім сапа мен орамасы тұтынушылардың қызықтырады;
– дәм сапаның өнім - түрлеріне көбірек көңіл бөлуі;
– тұрақты жарнамалық жұмыстар өнімнің өтімділігін арттырады ;
– тұтыну деңгейі өндірістің көлемін арттырады;
– компанияның қаражат жайының тұрақтылығы.
Кәсіпорын қызметі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz