Орман қорын құқықтық қорғау


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының орман қорын қорғау және пайдалану саласындағы қазіргі жағдай жан-жанты құқықтық зерттелуді қажет етеді.
Қазақстан әлемнің орманы аз елдердің қатарына жатады. Мемлекеттік орман қорының жалпы ауданы 26464, 2 мың га. Орман орналасқан аумақ 12374, 1 мың га, олардың ішінде 896, 7 мың га - қолдан отырғызылған ормандар. Қазақстанның орманды аумағы 4, 5% құрайды.
Негізгі орман ағаштарын жас мөлшеріне байланысты топтастырып орналастыруды талдау орта жастағы ағаш егістерінің мөлшерінің көптігін көрсетеді - 3029, 3 мың га (33%), қураған - 2886, 2 мың га (31%) . Пісіп жетілген ағаш егістіктері - 2014, 1 мың га (22%), ал жас ағаш егістері - 1331, 1 мың га (14%) құрайды. Мұндай таралым антропогендік әсер етуінің салдарын, ормандардың өсу жағдайының қолайсыздығы, ормандардағы табиғи жолмен жаңаруының бәсең жүруін көрсетеді.
Шырша ормандарын кесу, 1996 - 2002 жылдардағы Шығыс Қазақстан, Ақмола, Алматы және Қостанай облыстарында болған ірі орман өрттері ағаш сүрегінің қорларын азайтты және ормандар қоғаушылық және су қорғаушылық қасиеттерін жоғалтты, олардың санитарлық жағдайын нашарлатты.
Соңғы он жылдықта Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында Ертіс жағалауының орман алқаптары - 162, 4 мың гектарға, 16, 8 млн. куб. м. ағаш қоры азайды [1] .
Ертіс жағалауының 1, 8% - ленталы қарағай орманы. Ленталы ормандар, «аралдық» қарағай ормандары сияқты, «мұз дәуірінің қалдық ормандары» болып саналады және шығуы жағынан ерекше. Олар «ерекше қорғалатын ормандар» мәртебесіне ие.
Бірақ, орман алқаптарының аз мөлшеріне қарамастан, бүгінгі таңда Қазақстан ТМД елдерінің ішіндегі ең ірі орманмен жабдықтаушының бірі . Орманды ағашты сатудан пайда түсіру (ғалымдардың мәліметтері бойынша пайда өсіп тұрған орманның 5-7 % құрайды) мақсатында кесуге жол бермеуіміз керек және тұрғындарды таза ауа мен таза суды пайдалану құқығынан айырмауымыз қажет. Өйткені, ормандар ауаны тазартып өзге табиғат объектілеріне жағымды әсер етеді.
Ормандар тек кесіп алу нәтижесінде ғана жойылмайды.
Орман өрттерінің ауданы күрт өсіп кетті, тек 1997 - 2002 ж. ж. өзінде 500 мың гектар орман алқабы өртке шалдыққан. ҚР орман қорының аумағында 2004 жылы 1315 орман өрт жағдайлары тіркелінген. Өртке шалдыққан аумақ 59570 га құрайды. Егер ауылшаруашылығында еңбектің нәтижесін бір жыл ішінде алсақ, ал орман шаруашылығында шырша орманын өсіру үшін 100 - 120 жыл қажет. Осы саладағы экологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты мемлекет тарапынан және қоғам тарапынан керекті шаралар қолдану қажет.
Орманды пайдалану және қорғау саласындағы мәселелер оларды қорғауды күшейтумен ғана шектелмейді, оларды баптап өсіру керек.
Қазақстанның кең аумағын есепке ала отырып (272, 49 млн. км 2), мемлекеттің ормандарын өсіру үшін бір пайызына 2724, 9 мың. га. ауданына ағаш отырғызу керек. Кейінгі алпыс жыл ішінде республика аумағында 1025, 9 мың га. орман алқаптары қолдан өсірілген.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында 65 га. ауданында орман питомниктерін қалпына келтіру қажет, облыстық атқару органдардың қарамаңындағы орман мекемелерінің, сонымен қатар 2835 гектерға дейін орман питомниктерін қалпына келтірілуі тиіс.
Ормандарды қалпына келтіру ағаштарды себу мен отырғызу арқылы, сонымен қатар ормандардың табиғи түрде жаңаруына тиімді жағдай жасау арқылы жүзеге асырылады. Орманның табиғи жолмен жаңаруына көмектесу - шаруашылық құндылығы бар жас ағаштардың өсуін қорғау және тұқымдардың өсуіне жағдай жасау мақсатында топырақты ішінара құнарландыру жолымен жүзеге асырылады .
Ормандарды қалпына келтіру мәселесі орманды өсірудің табиғи және жасанды жолдарының ғылыми негізделген қатынасын анықтауға байланысты шешімін табады. Осы мақсаттарда ағаш кесуге байланысты талаптар қатаңдатылған.
Мемлекет осы мәселелердің әртүрлі шешу жолдарын қарастырады, соның ішінде даулы жолдарды да, өйткені кейбіреулері меншіктің конституциялық негіздерін бұзады. Орман кодексінің өзінде, бірқатар бағдарлама құжаттарында ҚР Конституциясына қайшы ұсыныстар орын алған: орман мөлшерін жеке меншік учаскелерінде өсіру арқылы көбейту.
Мысалы, 2005-2007 жылдарға арналған «Жасыл ел» Бағдарламасында мына жағдайлар көрініс тапқан:
Көгалдандыру жұмыстарын қамтамасыз ету бағыттарының бірі жеке орман питомниктерін қалыптастыру.
Жеке орман қорын дамыту республикадағы ормандарды көбейтудің бір жолы болып табылады. Жеке орман қорының ауданының мөлшерін анықтау мақсатында қолдан өсірілген ормандар алып жатқан жерлерді, агроорман мелиоративтік көшет егістер, жеке меншікке берілген немесе орман өсіру үшін ұзақ уақытқа жер пайдалануға берілген жерлерде жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың есебінен арнайы мақсатқа арналған плантациялық көшет егістерді есепке алу жоспарланып отыр.
Жеке орман қорын өсіру үшін, облыстар мен аудандарда мемлекеттік меншіктегі босалқы жерлер өзге де жер санаттарынан жер учаскелерін беру мүмкіндіктері анықталады.
Сонымен қатар, жеке орман қорын дамытуды ынталандыру мақсатында жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға жеке орман алқаптарын өсіру үшін несие және өзге де жеңілдіктер мәселері туралы заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар енгізіледі.
8 шілде 2003 жылы Қазақстан Республикасының Орман кодексі қабылданды, ол мемлекетімізде орман қатынастарының дамуының жаңа кезеңін ашты.
Бірақ, аталған кодекс қазіргі күнге дейін дауласу пәні болып табылады. Кейбір ережелері Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келеді, көп нормалар, соның ішінде Қазақстан Республикасының орман қорына жеке меншік құқығына байланысты нормалар орман жағдайын жақсарта алмайды және республикадағы қалған ормандарды заңды түрде жоюға алып келеді деген ой пікірлер қалыптасқан. Қазіргі күнге дейін Қазақстан Республикасының орман заңдылығындағы орман қорының түсінігі және оның құрамдас бөліктерінің түсінігі дұрыс емес және заң әдебиетінде де Қазақстан Республикасының орман қоры деген ұғымға бірынғай анықтама берілмеген. Орман заңдылығында Қазақстан Республикасының орман қорына меншік құқығы жалпы сипатталған. Жер учаскелерінің жеке меншік иелерінің орман өсіруге қатысуларының нақты құқықтық негіздері көрсетілмеген.
Орманға заттық құқықтар жүйесінде ормандарға жеке меншіктің орнын заң негізінде анықтау және теориялық негіздеуді қажет етеді. Сонымен қатар, орман қорына жеке меншіктің заңды бекітілуіне қарамастан, оны жүзеге асыру механизмі де теориялық және тәжірибелік жақтарына зерттеле отырып, жетілдірілуі керек.
Орман қорына меншік құқығы мәселелеріне арналған ғылыми жүмыстардың көпшілігі Кеңес Одағы кезеңінде жазылғанын айта кеткен жөн. Сонымен қатар, егеменді Қазақстан жағдайында қоғамдық қатынастарының дамуы осы мәселені жаңаша қарастыруды талап етеді. Саяси құрылыстың, заңдылық базаның және орман қорғау мәселесі ормандарға меншік мәселесін жаңаша қарастыруды талап етеді, азаматтарға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға ормандарға жеке меншік құқығын беру керек пе?
Аталмыш жұмыста, Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі заңдылығы, жаңа Орман кодексі негізінде Қазақстан Республикасының орман қорына жеке меншік қатынастарын қалыптастыру мәселесі қарастырылған.
Зерттеудің өзектілігі Қазақстан Республикасының орман қорына меншік қатынастарын құқықтық реттеу бүгінгі таңда орман құқығының теориясы және оны тәжірибеде қолдану жағынан да жалпы көзқарас бойынша қанағаттанарлық деп есепетеліне алмайтындығымен түсіндіріледі. Ішкі мемлекеттік заңдылықтың ақтаңдақтары, қарастырылған мәселе бойынша кешенді ғылыми зерттеулердің жоқтығы, зерттеу тақырыбын таңдауды негіздеді, жұмыстың мазмұнын және құрылымын, міндеттерін, мақсаттарын анықтады.
Қазақстан Республикасының Президенті өзінің «Қазақстан-2030» деп аталатын бағдарламасында: «Қазақстан 2030 жылы мөлдір суы және таза ауасы бар, жасыл мемлекет болуы керек», - деп атап корсетті. Осы міндетті жүзеге асыру үшін 2030 жылға дейінгі республикамыздың орман қорының тұрақты даму Стратегиясы және 1998-2000 ж. ж. арналган жоспар кабылданды. Стратегияның негізгі міндеті еліміздің аумағындағы ормандарды 5, 1% арттыру [1] .
Бүгінгі күні республикамыздың 11439, 8 мыңға немесе жалпы аумақтың 4, 2% ормандар алып жатыр, оньң 50% шөлді далаларды эрозиядан сақтайтын сексеуіл ормандар қурайды [2] . Орман қоры жерінің жалпы көлемі 26216, 4 мың га . Табиғи орман алқаптары 12427, 8 мың га, ал жасанды орман алқаптары 901, 1 мың га. Орманды өңірі Қазақстан аумағының 4, 6 % құрайды [3] .
Орман қоры озіне тән табиғи қасиеттеріне байланысты, адамдардың өмірлік мүдделері мен тығыз байланысты экологиялық, экономикалық және мәдени-сауықтыру кызметтерін атқарады.
Ол қолайлы қоршаған ортаны қалыптастытруға белсенді түрде қатысатын табиғи объект.
Орман қорының өсімдік, жануарлар дүниесінің, жер және су ресурстарын бір бүтін табиғи кешен етіп біріктіруі, оның экологиялық қызметінің негізгі сипаттамасы болып табылады.
Орман қоры климатты реттейтін, топырақты эрозиядан, тұзданудан қорғайтын, су қорғаныш, санитарлы-гигиеналық, сауықтыру қызметтерін атқарады, ауаны өндіріс қалдықтарынан тазалайды, өсімдіктердің, жануарлардың, құстар мен әртүрлі жәндіктердің өмір сүретін мекені болып табылады. Планетамыздың фотосинтез өнімінің 40% орман қоры қалыптастырады. Қорғаныш ормандар жел жылдамдығын 35-40% кемітеді, ыстык куні ауа температурасын 6-8 градусқа төмендетіп, оның ылғалдылығын 9-10 есе арттырады, сондай-ақ қорғаныш ормандар қоршаған ортаны кұм мен шаннан сақтайды. Су қорғайтын ормандар өзен, көл, өзендердің су режимін реттейді. Ормандар құрғақшылықпен күресудің анағурлым тиімді, ал кейбір жағдайда жалғыз мүмкіндік болып табылады
Орман қорының жағдайының күрт нашарлауына, сондай-ақ еткен уақыттың қателіктері: табиғат пайдалану саясатының кемшіліктері, шапшаң қарқынды шаруашылық жүргізу, табиғат ресурстарын пайдалануда ғылыми негіздерді ескермеу, себеп болып отыр. Көп жылдар бойы елімізде орман қорының көпнысаналы мақсатына қарамастан, ол ең алдымен ағаш шикізатының негігі қайнар көзі ретінде пайдаланылып келді. Орман қорының экологиялық максаты дұрыс бағаланбай, оны бір жақты пайдалану нәтижесінде, орман қорына орны толмас зиян келді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Орман құкықтық қорғау саласындағы теориялық мәселелері көп жылдардан бері заңгер ғалымдардың назарын өзіне аударып келеді. Қазақстан ғалымдары бұл мәселелері зерттеуге зор үлес қосқаны баршаға мәлім. Мәселен, С. Б. Байсаловтың, Д. Л. Байдельдиновтың, Ә. Е. Бектурғановтың, Ә. Е. Ереновтың, Абдраймовтың, А. С. Стамкуловтың, Н. Б. Мухидиновтың, Ж. Т. Холмуминовтың, Н. С. Баймбетовтың, Г. Тілешованың еңбектерінде осы мәселелерге қатысты құнды ұсыныстар мен қорытындылар енгізілген.
Диплом жұмысының мақсаты Қазақстан Республикасында орман ресурстарын пайдаланғаны үшін ақы төлеуді құқықтық реттеу мәселелерін зерттеу болып табылады.
Зерттеу жұмысының объектісі мен пәні Қазақстан Республикасындағы орман ресурстарын пайдаланғаны үшін орман билеті мен ағаш кесу билетін алғаны үшін ақы төлеу саласындағы қоғамдық қатынастар көрініс табады.
Аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін автор келесідей міндеттерді ұсынады:
- Қазақстан Республикасында орман қорының құқықтық қорғау объектісі ретінде құқықтық тұрғыдан анықтамасын анықтау және оның жалпы ерекшеліктерін анықтау;
Қазақстан Республикасында орман қорын мемлекеттік басқару түсінігін анықтау және орман қорын мемлекеттік басқару органдарының құқықтық мәртебесін анықтау;
Қазақстан Республикасында орман қорын пайдалану құқығына негіз болып табылатын ағаш кесу билеті мен орман билетінің ара-қатынасын анықтау;
Орман заңдарын бұзғаны үшін кұқықтық жауапкершіліктің түсінігі және түрлерін анықтап зерттеу.
Қорытынды бөлiмде зерттелiп отырған мәселе туралы жекеленген ой-пікірлер мен қорытындылар, тұжырымдамалар жасалынған.
Қорғауға үсынылып отырған тұжырымдар. Еңбекте нарықтық экономика жағдайындағы қолда бар отандық және дамыған өркениетті елдердің тәжірибелері ескеріле отырып, зерттеудің жаңалықтары мен қорғауға ұсынылып отырған мынадай қорытындылар жасалған:
Жұмыстың тәжірибелік маңызы. Жұмыста жасалған тұжырымдық қорытындылар, ұсыныстар мен нұсқаулар қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметті ғылыми тұжырымдау тұрғысындағы экологиялық құқық теориясын тереңдетеді және одан әрі дамытады.
Жұмыстың көлемі мен кұрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған кайнар көздердің тізімінен тұрады.
- Орман қорын құқықтық қорғаудың жалпысипаттамасы
1. 1 Орман қоры құқықтық қорғаудың объектісі ретінде
Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық орман, сондай-ақ орман өсiмдiктерi өспеген, бiрақ орман шаруашылығының қажеттерiне арналған орман қоры жерлерi Қазақстан Республикасының орман қорын (бұдан әрi - орман қоры) құрайды. Орман қоры мемлекеттiк және жекеше орман қорларынан тұрады.
Мемлекеттiк орман қорына:
1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерiндегi (орманды және ағаш өспеген алқаптарды қоса алғанда) табиғи және қолдан өсiрiлген ормандар;
2) табиғи және қолдан өсiрiлген ормандар, сондай-ақ мемлекеттiк орман қоры жерлерiндегi орман шаруашылығының қажеттерi үшiн берiлген, орман өсiмдiктерi өспеген жер учаскелерi;
3) халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темiр жолдар мен автомобиль жолдарының, каналдардың, магистральды құбырлардың және басқа желiлiк құрылыстардың белдеулерiндегi енi он метр және одан көбiрек, алаңы 0, 05 гектардан астам қорғаныштық екпелерi жатады.
Жекеше орман қорына Қазақстан Республикасының жер тұралы заң актiсiне сәйкес орман өсiру үшiн нысаналы мақсатта жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға жеке меншiкке немесе ұзақ мерзiмдi жер пайдалануға берiлген жерлерде, солардың қаражаты есебiнен жасалған, енi он метр және одан көбiрек, алаңы 0, 05 гектардан астам қолдан өсiрiлген ормандар, агроорман-мелиорациялық екпелер, арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер және бюджет қаражаты есебiнен отырғызылған екпелер жатады.
Орман қорына:
1) мемлекеттiк орман қорының жерiнен тыс орналасқан жекелеген ағаштар және көлемi 0, 05 гектардан кем шоқ ағаштар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердегi бұта өсiмдiктер;
2) қала ормандары мен орманды саябақтарды қоспағанда, елдi мекендер шекарасы шегiндегi жасыл желектер;
3) үй маңындағы, саяжайлар мен бау-бақша учаскелерiндегi ағаштар мен бұталар кiрмейдi
Орман қорына меншiк құқығы:
1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк орман қоры мемлекеттiк меншiк объектiлерiне жатады және республикалық меншiкте болады.
2. Жекеше орман қоры учаскелерiн иеленудi, пайдалану мен оған билiк етудi, осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiне сәйкес, жекеше орман иеленушiлер жүзеге асырады.
Орман қорының жерлерi :
1. Орман қорының жерлерi мемлекеттiк және жекеше орман қоры жерлерiне бөлiнедi.
2. Мемлекеттiк орман қорының жерлерiне табиғи түрде ағаш өскен, мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен қолдан ағаш өсiрiлген және ағаш өспеген (орманды және ағаш өспеген алқаптар), орман шаруашылығын жүргiзетiн мемлекеттiк ұйымдарға тұрақты жер пайдалануға берiлген жерлер жатады.
3. Жекеше орман қорының жерiне Қазақстан Республикасының жер тұралы заң актiсiне сәйкес орман өсiру үшiн нысаналы мақсатта жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға жеке меншiкке немесе ұзақ мерзiмдi жер пайдалануға берiлген жерлерде, солардың қаражаты есебiнен қолдан ағаш өсiрiлген, агроорман-мелиорациялық екпелер, арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер және бюджет қаражаты есебiнен отырғызылған екпелер өсiрiлген жерлер жатады.
4. Мемлекеттiк орман қоры жерлерiнiң шекарасы жерге орналастыру жұмыстарын жүргiзу кезiнде орман орналастыру материалдарының негiзiнде белгiленедi және нақтыланады.
5. Мемлекеттiк орман қорының жерлерiн сатып алу-сату, кепiлге беру және басқа мәмiлелер жасасу арқылы иелiктен шығаруға жол берiлмейдi.
6. Орман қорының жерлерiн беру, алып қою және пайдалану тәртiбi осы Кодекспен, Қазақстан Республикасының жер және азаматтық заңдарымен айқындалады.
Орман ресурстары сүрек қорынан, шайыр мен ағаш шырындарынан, қосалқы сүрек ресурстарынан, жабайы өсетiн жемiстерден, жаңғақтардан, саңырауқұлақтардан, дәрiлiк өсiмдiктер мен техникалық шикiзаттан, орман қорында болатын, жинақталатын және өндiрiлетiн өзге де өсiмдiк пен мал өнiмдерi қорынан тұрады. Орманның өсiп тұрған кезiнде өзiне тән экологиялық және әлеуметтiк мәнi бар функциялары (оттегiн бөлiп шығару, көмiр қышқыл газын бойына сiңiру, топырақты су және жел эрозиясынан сақтау, топырақтың жоғары қабатындағы ылғалды iшкi қабатына тарту, бальнеологиялық және климат реттеушiлiк қасиеттерi) оның пайдалы қасиеттерiне жатады.
Орман қоршаған ортаны жүйесінде экологиялық қызметтер жузеге асырады. Онымен қатар, орман бірқатар экономикалық қызметтер атқарады. Ол қоғамның материалдың қажетін қамтамасыз ететін, соның ішінде ағаш өнімдерінің, дәрілік өсімдіктердің аса маңызды қайнар көзі.
Ал енді орманның мәдени-сауықтыру кызметтеріне тоқталатын болсақ, орман қоры адамның денсаулығын сауықтыру мақсатында, демалыс орны ретінде, халықтың эстетикалық қажетін өтеу үшін пайдаланылады. Орман қорының осындай қызметтері, оның негізгі ағаш өнімдерінің қайнар көзі ретіндегі және басқа да экономикалық қызметтерінен еш кем емес, қайта орман қорының экологиялық-қорғаныш қызметтері оның экономикалық қызмет-терінен әлдеқайда маңызды екені ғалымдармен дәлелденіп отыр.
Алғашқы орман отырғызу біздің елімізде өткен ғасырдың аяғында басталды. Орман шаруашылығының кешенді дамуы, республикамызда, әсіресе, соғыстан кейінгі жылдары, яғни Совет Үкіметінің тұсында шапшан күшейді. Орман шаруашылық кәсіпорындарының еңбеккерлерімен 1, 3 млн. га орман ағаштары отырғызылды. Бірнеше ондаған жылдар бойы жүргізілген орман шаруашылығы саласындағы еңбектің нәтижесінде республикамыздың орман қоры қалыптасты.
1991 жылы республикамыз өз егемендігін алғаннан кейін орман саласындағы қатынастарды реттеу мақсатымен 1993 жылы 23 қаңтарда Қазақстан Республикасының Орман Кодексі қабылданды [4] .
Қазақстан Республикасы орман заңдарының міндеттері орман қорының экологиялық және ресурс қуатын арттыру, орман қоры ресурстарын ұтымды және сарқылмайтын етіп пайдалану, оны сақтау, қорғау және үлғайта өсіру жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында орман қорын иелену, пайдалану, жүмсау жөніндегі қатынастарды реттеу, орман қатынастары саласында заңдылықты нығайту болып табылады. Қазіргі кезде республикамызда орман шаруашылығы саласында бірқатар кәсіпорындар қызмет жасап жатыр. Олар: Қазақ орман орналастыру кәсіпорны, Қазақ мемлекеттік жобалау-зерттеу институты, «Казгипролес, орман қорғау авиациялық базасы, Қазақстан Республикасының орман-тұқым станциясы, екі аумақтық орман селекциялық орталықтары. Орман шаруашылығын басқарудың республикалық органдары - Қоршаған ортаны қорғау Министрлігі мен Орман жөне аң шаруашылық Комитеті. Бұл саланы ғылыми қамтамасыз етуді ұлттық академияның агромелиорация және орман шаруашылық ғылыми зерттеу институты жүзеге асырады.
Қазақстан экологиялық дағдарыстары ерекше шиелініске, орманы сирек аумақ, сондықтан біздің республикамызда орман қорын қорғау ісіне ерекше көңіл бөлінгені дұрыс. Бірақ бұл міндет бүгін ойдағыдай орындалмай отыр. Соңғы сегіз ай ішінде елімізде 714 ірі табиғи өрттер тіркелген, олардың 673 орман қорында болған. Бүл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 0, 4% көп. Ең көп орман өрттері Шығыс Қазақстан облысында 161 оқиға (2198 га жерді қамтыған), Қостанай облысында 102 оқиға (1725 га жерді қамтыған) , Ақмола облысында 84 оқиға тіркелген. Бүрын сонды көрмеген өрттер биыл сондай-ақ Жамбыл облысында болып өтті. Алдымен Қосқұдық ауданының 3200 га, одан кейін Мойынқұм ауданының 1000 га сексеуіл ормандары өртке шалдықты [5] .
Мемлекеттік орман қоры - орман құқығы мен орман заңдарының негізі, ол құқықтық қорғаудың объектісі. Сондықтан оның түсінігін кеңінен ашып қарастырудың маңызы ерекше зор. Мемлекеттік орман қорының құрамдас бөліктерінің қүқықтық жағдайын анықтауда 1968 жылы 13 желтоқсанда кабылданған ССРО және Одақтас республикалардың жер заңдарының Негізінің маңызы үлкен болды. Негіздердің 4 бабына сай барлық жерлер біртұтас мемлекеттік жер қорын құрады. Мемлекеттік жер қоры:
-ауылшаруашылық мақсатына арналған жер;
- елді-мекендер жері;
- өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығына арналмаған жер;
- мемлекеттік су қорының жері;
- мемлекеттік орман қорының жері;
- босалқы жер деп бөлінді.
Жоғарыда жазылғаннан көріп отырғанымыз, орман мен орман қоры бір түсінік емес, ал осы екі ұйымның қайсысы тар, қайсысы кең үғым екені де заң әдебиетінде үзақ уақыт бойы талас туғызып келген мәселе. Л. И. Дембо « орман , орман қорына қарағанда кең үғым, өйткені орман қорын ормандардың тек белгілі тәртіппен бекітілген бөлігі ғана қүрайды», - деді, ал О. К. Гусев: «Заң түрғысынан алғанда орман дегеніміз белгіленген тәртіппен орман деп танылған, ағаш өсімдіктерінің жиынтығы. ССРОдағы барлық ормандар, табиғи және қолдан өсірілген ормандар біртүтас мемлекеттік орман қорын қүрайды, яғни орман қоры ормандардан қүралады, олай болса орман қоры орманға қарағанда кең үғым» - деп жазды [6] . Соңғы көзқарасты көптеген ғалымдар қолдайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz