Қылмыс субъектісі туралы
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Қылмыстың субъективті жағы және түсінігі, маңызы ... ... ... ... ...
2. Қылмыс субъектісінің жасқа толу белгісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3. Қылмыстың арнаулы субъектісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4. Қылмыстың ұғымы және белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қолданылған әдебиет тізімі

Мемлекет өз азаматтарынан Конституцияда көрсетілген белгілі бір әлеуметтік талаптарды қатаң орындауды талап етеді, оны орындамаған ретте азаматтарға заңда көрсетілген негізде моральдық немесе құқылық, жауапкершілік жұктеледі. Құқылық жауапкершіліктің ішіндегі ең қатал түрі қылмыстық, жауаптылық болып саналады. Қылмыстық жауаптылық мемлекеттің заң шығарушы органы арқылы қылмыстық жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамға кауіпті кінәлі түрде істелген іс-әрекет үшін ғана белгіленеді. Адам қылмыстық жауаптылықка істеген іс-әрекеттерінде қылмыстық заңда көрсетілген нактылы бір қылмыстың құрамы болған жағдайда ғана тартылады. Мысалы: тонау, ұрып-соғу, денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру, бұзақылық, т. б. Мұның өзінде қылмыстық, жауаптылық оның іс-әрекеті нақты қылмыс құрамын түзейтін қылмыстық құқылық нормаларды кінәлі түрде ғана бұзғанда жүзеге асырылады.
Яғни, қылмыстық жауаптылық бұл қылмыстық құқылық норманы бұзудың нәтижесі, қоғамға кауіпті іс-әрекеттің көрінісі болып табылады.
Қылмыс істелмесе қылмыстық жауаптылықта болмайды. Қылмыстық заң бойынша жазалау катерімен тыйым салынған қоғамға қауіпті іс-әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылық тек қана қылмыс істеу арқылы келтірілген зиянның көлеміне, қылмыстың жасау тәсіліне, кінәнің нысанына, қылмыскердің тұлғасының ерекшеліктерін еске ала отырып жүзеге асырылады.
Қылмыстық жауаптылық өзіне тән ерекшелігімен оқшауланған құқылық жауапкершіліктің бір түрі болып табылады. Кылмыстық жауаптылық — өзінің нысаны, мазмұны жағынан мемлекеттік күштеу мәні бар жауаптылықтың түрі. Өйткені мемлекет кез келген қылмысқа тиісінше баға бере отырып, оны істеген адамға мемлекет тарапынан заңда көрсетілген күшпен орындалуға тиісті шараларды қолдануды жүзеге асырады.

1. Антонян Ю. М., Бородин С. В. Преступность и психические аномалии. М., 1987.
2. ТоликЮ. В. Случайный преступник. Томск, 1984. Б.Дагель П. С. Учение о личности преступника в советском
уголовном праве. Владивосток, 1970.
4. Лейкина Н. С. Личность преступника и уголовная ответствен-ность. М., 1968.
5. Личность преступника. М., 1975.
6. Михеер Р. И. Проблемы вменяемости и невменяемости в со-ветском уголовиом праве. Владивосток, 1983.
7. МихеевР. И. Невменяемый. Владивосток, 1992.
8. Орлов В. С. Субъект преступления. М., 1958.
9. Орымбаев Р. Специальный субъект преступления. Алма-Ата, 1977.
10. Tpaxmepoe В. С. Вменяемость и невменяемость в уголовном праве (исторический очерк). Харьков, 1992.
11. УстименкоВ. В. Специальныйсубъектпреступления. Харь-ков, 1989.

Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Қылмыстың субъективті жағы және түсінігі, маңызы ... ... ... ... ...
2. Қылмыс субъектісінің жасқа толу
белгісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3. Қылмыстың арнаулы
субъектісі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
4. Қылмыстың ұғымы және
белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..
Қолданылған әдебиет тізімі
Кіріспе
Мемлекет өз азаматтарынан Конституцияда көрсетілген белгілі бір
әлеуметтік талаптарды қатаң орындауды талап етеді, оны орындамаған ретте
азаматтарға заңда көрсетілген негізде моральдық немесе құқылық,
жауапкершілік жұктеледі. Құқылық жауапкершіліктің ішіндегі ең қатал түрі
қылмыстық, жауаптылық болып саналады. Қылмыстық жауаптылық мемлекеттің заң
шығарушы органы арқылы қылмыстық жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамға
кауіпті кінәлі түрде істелген іс-әрекет үшін ғана белгіленеді. Адам
қылмыстық жауаптылықка істеген іс-әрекеттерінде қылмыстық заңда көрсетілген
нактылы бір қылмыстың құрамы болған жағдайда ғана тартылады. Мысалы: тонау,
ұрып-соғу, денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру, бұзақылық, т. б. Мұның
өзінде қылмыстық, жауаптылық оның іс-әрекеті нақты қылмыс құрамын түзейтін
қылмыстық құқылық нормаларды кінәлі түрде ғана бұзғанда жүзеге асырылады.
Яғни, қылмыстық жауаптылық бұл қылмыстық құқылық норманы бұзудың
нәтижесі, қоғамға кауіпті іс-әрекеттің көрінісі болып табылады.
Қылмыс істелмесе қылмыстық жауаптылықта болмайды. Қылмыстық заң бойынша
жазалау катерімен тыйым салынған қоғамға қауіпті іс-әрекеттер үшін
қылмыстық жауаптылық тек қана қылмыс істеу арқылы келтірілген зиянның
көлеміне, қылмыстың жасау тәсіліне, кінәнің нысанына, қылмыскердің
тұлғасының ерекшеліктерін еске ала отырып жүзеге асырылады.
Қылмыстық жауаптылық өзіне тән ерекшелігімен оқшауланған құқылық
жауапкершіліктің бір түрі болып табылады. Кылмыстық жауаптылық — өзінің
нысаны, мазмұны жағынан мемлекеттік күштеу мәні бар жауаптылықтың түрі.
Өйткені мемлекет кез келген қылмысқа тиісінше баға бере отырып, оны істеген
адамға мемлекет тарапынан заңда көрсетілген күшпен орындалуға тиісті
шараларды қолдануды жүзеге асырады. Яғни, қыл-мыстық жауаптылықтық
әлеуметтік мазмұнының өзі сол субъектіге қылмыстық жауаптылық жүктей
отырып, мемлекет оның істеген қылмысын мінеп, оған заңдылық баға береді.
Қылмыстық жауаптылықтың мазмұны (теріс қылыққа моральдық саяси баға
беріп мінеу және мемлекет, қоғам тарапынан қылмысын бетіне басу) және
заңдылық (қылмыс істеген адамға қолданылатын мемлекеттік күштеу шаралары).
Бұлар қылмыстық жауаптылықтың маңызды, мәнді екі бөлігі болып табылады.
Сонымен, қылмыстық жауаптылық деп — қылмыс заңы бойынша қылмыс деп
белгіленген нақты іс-әрекетті істеген адамды мемлекет атынан оның тиісті
органдары арқылы мінеушілігін (айыптаушылығын) айтамыз.
Қылмыстық жауаптылық-қылмыстық құқылық қатынас мәселесімен тығыз
байланысты. Бұл байланыс екі жақты көрініс арқылы белгіленеді.
Біріншіден, қылмыстық құқылық қатынас қылмыстық жауаптылық сияқты
істелген қылмыстың құқылық зардабы.
Яғни, нақты қылмыс жасалмаса қылмыстық жауаптылық та, қылмыстық құқылық
қатынас та жоқ. Екіншіден, нақты қылмыс жасалған уақыттан бастап қылмыстық
жауаптылық, ал мұнымен бірге бір мезетте істелген қылмыстың салдарынан
қылмыстық құбылыс, яғни қылмыстық құқылық қатынас пайда болады. Бұл жерде
істелген қылмыс заңдылық факт болып табылады.
Олар істеген қылмыстың фактісіне қатысты: істелген қылмыстың құрамы
қандай, кінәнің нысаны, дәрежесі, қылмыскердің тұлғасы, біткен немесе
бітпеген қылмыс па? Мұнда қылмысқа қатысу немесе қылмысқа жанасушылық болды
ма және т. б. Сондай-ақ жазаны тағайындау немесе жазаны өзгерту шарттары,
жазадан босату сияқты мәселелерге байланысты болады.
1. Қылмыстың субъективтік жағының
түсінігі және оның маңызы
Қылмыстың субъективтік жағы бұл негізінен адамның психикалық іс-
әрекетінің қылмыс істеуге тікелей байланысты жағының көрінісі болып
табылады.
Қылмыстың сыртқы жағын бейнелейтін объективтік жаққа қарағанда
субъективтік жақ қылмыстың ішкі мәнін, мазмұнын білдіреді. Бұл жерден
шығатын қорытынды қылмыстың объективтік және субъективтік жағының белгілері
өзара тығыз байланысты, белгілі бір бірлікте болады. Сондықтан да қылмыстың
субъективтік жағына барынша тығыз талдау жасау қажет.
Қылмыстың субъективтік жағының мазмұнын мынадай заңдылық белгілері:
кінә, қылмыстык ниет, мақсат құрайды. Осы белгілердің жиынтығы қылмыс
істеген, яғни қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған адамның жан-дүниесінде орын
алған ішкі өзгерістерді, оның санасы мен еркінің өзара байланысын бейнелеп
береді.
Аталып өткен қылмыстың субъективтік жағының осы белгілерінің заңдылық
маңызы біркелкі емес, керісінше әр түрлі. Кінә кез келген қылмыс құрамының
субъективтік жағының міндетті белгісі болып табылады. Кінәсіз қылмыстын
құрамы болмайды. Мұның өзі кінәсіз жағдайда кылмыстық жауаптылық туралы сөз
болуы мүмкін емес дегенді білдірді. Қылмыстық ниет және мақсат, кінәға
қарағанда, кейбір құрамдар үшін заңда керсетілген реттерде қажетті белгі
болады. Ал олай болмаған жағдайларда, ниет пен мақсат қылмыс құрамының
факультативті белгісі ғана болып саналады.
Істелмекші болған қылмыс жөніндегі абыржү, өкініш білдіру немесе
жазадан қорқу психологиялык әрекеттің элементтері болып табылмайды,
сондықтан ол қылмыстың субъективтік белгісіне жатпайды.
Қылмыстың субъективтік жағының белгілері — кінәні, ниет пен мақсатты
дұрыс анықтаудың маңызы мынада:
біріншіден, қылмыстық жауаптылық негізінін құрамдас бөлігі ретінде ол
қылмысты қылмыс болып табылмайтын іс-әрекеттен ажыратуға мүмкіндік береді.
Екіншіден, қылмыстың субъективтік жағы объективтік жағынан өзара ұқсас
құрамдарды бір-бірінен ажыратуға мүмкіндік туғызады. Үшіншіден, қылмыстың
субъективтік жағының мазмұны істелген қылмыстың, сондай-ақ оны істеген
адамның қоғамға қауіптілік дәрежесінің деңгейін анықтауға себеп болады.
Мұның өзі жауаптылықтың негізділігін және мөлшерін анықтауға мүмкіндік
береді.
Сонымен қылмыстың субъективтік жағының қылмыстық, жа- уаптылыктың бар-
жоғын анықтау үшін, істелген қылмысты дұрыс саралау үшін және әділ жаза
тағайындау үшін манызы ерекше. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Соты көптеген каулыларында қылмыстың субъективтік жағының мазмұнын,
кінәнің нысандарын, қылмыстық қаскүнемдік пен арам ниеттің және оның
мақсатының мазмұны мен бағытын терең зерттеуді талап етеді.
2. Қылмыс субъектісінің жасқа толубелгісі
Жоғарыда атап өткеніміздей, қылмыстың субъектісі болып заңда көрсетілген
жасқа толған, есі дұрыс адам саналады. Адамды қылмыстық жауапқа тартудың ең
негізгі шарттарының бірі оның белгілі жасқа толуы болып танылады. Өте жас
балалар қылмыстың субъектісі бола алмайды.
Өйткені, олар өздерінің тым жастығына сәйкес жеткілікті жағдайда
өздерінің қоғамға істеген зиянды іс-әрекетіне жауап бере алмайды және
өздерінің қылықтарын басқара алмайды. Сондықтан қылмыстық заң өзі арнайы
көрсеткен жасқа толмаған жасөспірімдерді қылмыстық жауапқа және жазаға
тартуға тыйым салады. Кәмелетке толмағандардың жас мелшері және оларды
кылмыс субъектісі деп тану мәселесі Қылмыстық кодекстің 15-бабында арнайы
көрсетілген. Осы бап бойынша қылмыстық жауапқа қылмыс істеген уақытқа дейін
он алты жасқа толған адамдар тартылады.
Қылмыс жасаған кезде он төрт жасқа толған адамдар кісі өлтіргені (96-
бап), денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені (103-бап), ауырлататын мән-
жайлар кезінде денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіргені үшін
(104-бап, 2-бөлігі), зорлағаны (120-бап), жыныстық сипаттағы күштеу
әрекеттері (121-бап), адамды ұрлағаны (125-бап), ұрлық жасағаны (175-бап),
кісі тонағаны (178-бап), қарақшылық, істегені (179-бап), қорқытып алғаны
(181-бап), ауырлататын мән-жайлар кезінде автомобильді немесе өзге де көлік
құралдарын ұрлау мақсатын көздемей заңсыз иеленгені (185-баптың 2,3,4-
бөліктері), ауырлататын мән-жайлар кезінде мүлікті қасақана жойғаны немесе
бүлдіргені (187-баптың 2,3-бөліктері), терроризм (233-бап), адамды кепілге
алу (234-бап), террористік акті туралы біле түра керінеу өтірік хабарлағаны
(242-бап), қару-жарақты, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жарылғыш
құрылғыларды ұрлағаны не қорқытып алғаны (255-бап), ауырлататын мән-жайдағы
бұзақылығы, (257-баптың 2, 3-бөліктері), тағылық (288-бап), есірткі
заттарды немесе жүйкеге әсер ететін, заттарды ұрлағаны не қорқытып алғаны
(260-бап), ауырлататын мән-жайлар кезінде қайтыс болған адамдардың мүрдесін
және олардың жерленген жерін қорлағаны (275-бап, 2-бөлігі), көлік құралдары
немесе қатынас құралдарын қасақана жарамсыз еткені (299-бап) үшін қылмыстық
жауапқа тартылуы тиіс.
Бұл тізбекте келтірілген қылмыстар тізбегі тұжырымды, оны кең мағынада
талқылауға болмайды. Осы көрсетілген қылмыстардың қоғамға қауіптілігін 14
жасқа толған әрбір адам сезеді, өз әрекетіне есеп береді, сол себепті де
заң шығарушы көрсетілген қылмыстар үшін жауаптылықты 14 жасқа толған
уақыттан бастап белгілеп отыр.
Қылмыстық заң қылмыстық жауапқа 16 жастан, ал кейбір заңда арнаулы
көрсетілген қылмыстардың түрі үшін 14 жастан тартылатынын белгілегенімен,
кейбір әрекеттің мәнінің ерекшелігіне және субъектінің ерекше белгілеріне
қарай, қайсыбір қылмыстардың субъектісі болып, жасы кәмелетке толған
адамдар ғана тартылады. Мысалы, кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске
тарту — 131-бап, әскери қылмыстарда (16-тарау) қылмыстың субъектісі болып
тек жасы 18-ге толған адамдар ғана танылады.
Қылмыс істеген, кәмелетке толғандар-дың жасы, туған жылы, айы-күні дәлме-
дәл анықталуы қажет.
Адамның белгілібір жасқа (14,16,18,25) толуы дәл туған күнімен емес, одан
кейінгі тәуліктен бастап есептелінеді. Кәмелетке толмағандардың жасы сот-
медициналық сарапшының корытындысы бойынша анықталғанда, оның туған күні
болып сол аталған жылдың соңғы айының соңғы күні (31 желтоқсан) танылады.
Кәмелетке толмағандар жөніндегі істерді қарағанда соттар айыпкердің кім
екендігін, оның тәрбие және өмір сүру шарттарын, қылмыстық ниетін, істеген
қылмысының себебі мен жағдайын толық есепке ала отырып, оларға тәрбиелік
сипаттағы шараларды қолдануды немесе жаза тағайындау мәселесін шешуі қажет.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 жылдың 30 сәуіріндегі
Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы № 1
қаулысында осындай мәселелерге ерекше назар аударылған. Онда Егер қоғамға
онша зиянды емес қылмыс жасаған он сегіз жасқа толмаған адамға қылмыстық
жаза қолданбай-ақ тұзелуі мүмкін деп тапса, сот ондай адамға қылмыстық жаза
болып табылмайтын басқа шараларды қарастырады. Жасөспірімдер жөніндегі істі
қарағанда сот айыпкердің жеке басына байланысты мәліметтерді, олардың өмір
сүру және тәрбиелілік жағдайларын, қылмысты істеуінің себептері мен оған
әсер еткен мән-жайларды, ересектердің оларды қылмысқа итермелеудегі,
тартудағы әсерін анықтаумен бірге оларға жаза тағайындауда тәрбиелік әсері
бар мәжбүрлеу шараларын да қарастыруы керек, - делінген.
Егер кәмелетке толмаған адам осы баптың бірінші немесе екінші бөлігінде
көзделген жасқа толса, бірақ психикасынын, бұзылуына байланысты емес
психикалық даму жағынан артта калуы салдарынан кішігірім немесе орташа
ауырлықтағы қылмысты жасау кезіңдегі өзінің іс-әрекетінің
(әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін толық
көлемінде түсіне алмаса не оған ие бола алмаса, қылмыстық жауапқа тартылуға
тиіс емес (15-бап, 3-бәлігі).
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы мен оларға жаза
тағайындаудың ерекшеліктері Қылмыстық кодекстің IV бөлімінде (78—87-
баптарда) арнайы қарастырылған.
3. Қылмыстың арнаулы субъектісі
Кейбір қылмыстық құрамдар үшін қылмыстың субъектісі болуға есі
дұрыстық, заңда белгіленген жасқа толу жеткіліксіз, ондай құрамдарға
субъект болу үшін осы көрсетілген белгілердің үстіне басқа да қосымша
белгілер болуы қажет. Мысалы, сайлау құжаттарын, референдум құжаттарын
бұрмалау және дауысты қате есептеу қылмысының (147-бап) субъектісі болып
тек қана осы бапта арнайы көрсетілген — арнаулы адамдар ғана бола алады.
Мемлекеттік құпияны (172-бап) жариялаудың субъектісі болып тек сол кұпия
сеніп тапсырған адам танылады. Еңбек туралы заңдарды бұзудын (148-бап)
субъектісі болып лауазымды адам танылады. Аталған қылмыстың құрамының
ерекшелігі сол, мұндай қылмыстарды арнаулы атағы, лауазымы, белгілері жоқ,
кез келген адам істей алмайды. Жоғарыда айтылған сайлау ко-миссиясының
мүшелері, лауазымды адамдар немесе дәрігерлік атақтар, арнаулы белгілерді
көрсетеді. Сонымен, қылмыстың арнаулы субъектісі дегеніміз субъектінің
жалпы белгімен (есі дұрыстық, белгілі бір жасқа толу) бірге Қылмыстық
кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті нормаларда керсетілген косымша —
арнаулы белгілері бар адамдарды айтамыз.
Қолданылып жүрген қылмыстық заңда қылмыстын арнаулы субъектісі туралы
жалпы ұғым берілмеген. Қылмыстың арнаулы субъектісін сипаттайтын белгілер
Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті қылмыстық-құқылық нормаларының
диспозицияларында көрсетілген.
Кейбір жағдайларда заң шығарушылық арнаулы субъектісі бар қылмыстық-
құқықтық нормалары жеке тарауларға біріктірілген, сондай-ақ Қылмыстық
кодекстің ерекше бөлімінің нақты нормаларында арнаулы субъектінін
белгілерін керсеткен, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ерекше
бөлімінде мұндай екі түрлі тараудың аты көрсетілген: 13-тарау — мемлекеттік
қызмет мүлделеріне қарсы қылмыстар және 16-тарау әскери қылмыстар.
Мемлекеттік кызмет мүлдесіне карсы қылмыстардың ерекшелігі сол, мұндай
қылмыстарды тек қана мемлекеттік органның лауазым иесі немесе қызметшісі
болып тағайындалған адамдар ғана қызмет бабын пайдалану арқылы істей алады.
Санатқа жатпайтын адамдар қызмет бабындағы қылмыстардың объективтік жағының
белгілерін орындауы мүмкін емес. Әскери қылмыстардың субъектісі болып тек
қана әскери қызметшілер, әскери қызмет атқаруға міндеттілер ғана саналады.
Кейде арнаулы субъектінің белгісі Қылмыстық кодекстің ерекше бөлімінің
нақты нормаларында көрсетілмегенімен, ондай белгіні заңды грамматикалық,
логикалық, жүйелі түсіндірудің негізінде анықтауға болады. Мысалы,
Қылмыстық кодекстің 118-бабы науқасқа көмек көрсетпегені үшін қылмыстық.
жауаптылықты көрсеткен. Ол заңға сәйкес немесе арнайы ереже бойынша көмек
көрсетуге міндетті адамның деп көрсетілген. Тиісті заң және ережелер
бойынша барлық медициналық және дәріхана қызметкерлері, дәрігер, акушер,
фельдшер, медбикелер, адамдарға кез келген кезде жәрдем көрсетуге міндетті.
Заңды түсіндіру жолымен біз бұл жерде қылмыстың арнаулы субъектісіне тән
белгіні анықтаймыз. Кейбір нормалар бойынша қылмыстың арнаулы субъектісін
анықтау үшін заң шығарушы белгілі бір мемлекеттік жүйе кызметкерлеріне тән
сипаттаманы береді.
Мысалы, Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің 15-тарауы бойынша сот
терелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстардың бірнеше
нормалары әділ соттылыққа қоса осы органның лауазымды адамдарының
анықтаушы, тергеуші, прокурор, судья — істейтін қылмыстары туралы көрсетіп,
олардың қылмыстық жауаптылығын белгілеген. Жалпы Ереже бойынша Қазақстан
Республикасы Қылмыстық құқығы бойынша қылмыстың субъектісі болып Қазақстан
Республикасының азаматтары, сондай-ақ шетелдіктер және азаматтығы жоқ
адамдар (6, 7-бап) танылады.
Арнаулы субъектілі қылмыстарды қылмысқа бірге қатысып істегенде оның
орындаушысы тек қана арнаулы субъект, ал басқа қатысушылары жай субъект
болады. Арнаулы субъект мынадай белгілері бойынша топтастырылады.
1. Мемлекеттік құқылық жағдайы бойынша: Қазақстан Рес-публикасының
азаматы, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адам (ҚК-нің 165,166-баптары). 2.
Демографиялық белгілері бойынша:
Кінәлінің жынысына қарай еркек (120, 121-бап), әйел (121-бап);
жасмөлшері(131,132-баптар). 3. Отбасылық туыстық қатынастары бойынша: Ата-
аналар (136-бап), жұбайлар (140-бап), қамқоршы
(139-бап), денсаулық жағдайы — ВИЧ, ЖҚТБ, сөз ауруларымен ауыратын адамдар
(116,115-баптар). 4. Әскери міндетке қатысы жөніндегі міндеті: міндетті
әскери қызметке шақырушылық (326-бап), әскери қызметкерлер және әскери
қызмет атқаруға міндеттілер (366-393-баптар).
5. Қызмет жағдайы жөніндегі адамдар (307,308,309, 310,311,
312,313,314,315,316-баптар). 6. Арнаулы мемлекеттік жүйелерде лауазымдық
жағдайына байланысты кызметаткарғандар— прокурор, судьялар (339,365-бап).
7. Кәсіби міндетіне қарай: дәрігер (144-бап), медицина қызметкерлері (114-
бап). 8. Атқарған қызметінің немесе жұмысының мәніне қарай қызмет не жұмыс
бабын өзіне сеніп тапсырылған мемлекетгік құпияны жариялау (172-бап),
теміржол, су, кеме және әуе көлігі қызметкерлері (295-бап), сайлау
комиссиясының мүшесі (147- бап), сауда қызметкерлері (223-бап).
9. Азаматтың мемлекет алдывдағы борышының мәніне қарай: куә,
мәжбүрленуші, сарапшы (352-бап).
10. Адамның жәбірленуші жөніндегі ерекше жағдайларына байланысты:
жәбірленушіге қамқорлық жасауға міндетті адам (119-бап), жәбірленушінің сол
адамға материалдық немесе басқатәуелді болуы (102-бап, 2-белігі).
11. Адамның бұрынғы істеген қоғамға жат әрекетін немесе әрекетсіздігін
сипаттайтын белгілері бойынша бұрын адам өлтірген адамның адам өлтіруі (96-
бап, 2-бөлігі, н тармағы), бұрын сотталған адам (117-бап, 3-бөлігі).
4. Қылмыстың ұғымы және белгілері.
Қылмыстық құқықтағы негізгі мәселелердің бірі қылмыстың ұғымын анықтау
болып табылады. Жеке адам мен қоғам арасындағы қақтығыстардың қайсысының
қоғамға қауіптілік дәрежесінің басым екендігін анықтау және оған осы
мәселеде қылмыстық құқылық шараларды қолдану арқылы осы қатыңастарды реттеу
— қылмыстық заңның негізгі міндетгерінің бірі болып табылады. Қылмыс ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz