Өлім жазасын қолдану


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе
Қаншама ғасырлар бойы тірнектеп жинаған адамзаттың рухани байлығы не себептен құнсыздануы тиіс деген сауал бүгінде бүкіл-ғаламшардың ақ ниетті жандарын әрі-сәрі күйге түсіруде. Адам бойынан қаталдық, қатыгездік жиі көрініс беріп, мейірімділік пен қайрымдылық күн санап өз жағалауынан алыстай бастағаны қалай?
Соңғы жылдары қоғамымызды жайлаған алуан қылмыстардың бірден тамыр алып, өрістеп кетуіне не себеп болды деген сауалға жауап іздеп көрелік. Кеңес Одағы тарағаннан кейін, шексіз еркіндіктің жөні осылай болады дегендей, коммерциялық телеарналар мен сан мыңдаған кинотеатрлар экраны ертелі кеш адам өлтірудің, зорлаудың, қорлаудың және төсек қатынасының нешеме түр-түрін ашық насихаттай бастады. Кітап дүкендері де мәдени көркемдіктен жұрдай, ату мен асуға, қуғын мен сүргінге қарық қылатын, сексуалды маньяктар немесе осы саланың ұят пен адамгершілік сезімді тәрк еткен өзге қаһармандары жайлы өткір сюжетті детектив кітаптарға толып кетті. Оны айтасыз, өлім себер қару-жарақтың алуна түрі “қара базарларда” еркін сатыла бастады.
Осы бір солақай көзқарастың ащы зарын бүгін аяусыз тартуға тура келдіп отыр. Бармақ тістеп, сан соқтырар бұл шексіз еркіндік біздің алдымыздан ұлттық салт-сананың, дәстүріміздің азып-тозуы боп кезіге ме, тарихи жадыдан айырылу боп ұшыраса ма, әйтеуір, із-түссіз кетпесі анық. Өйткені, дүниеде себеп-салдарсыз еш нәрсе жоқ.
Әсіресе, шектен шыққан жауыздықтан кең етек алып бара жатқан қазіргідей жағдайда өлім жазасын шектеп, оны ғұмыр бойы түрмемен алмастыру қылмыс әлеміне өзгеріс әкеле қояды дегенге сену қиын. Оның үстіне жыл өткен сайын қылмыс әлемі аярлатып, сұрқиялатып, әккіленіп барады.
Әркімнің өмір сүруге құқығы бар. Ешкімнің ешбір пендені ол құқықтан айыратын хақысы жоқ. Тіпті мемлекеттің де. Өйткені, адамды дүниеге әкелген мемлекет емес. Бірақ сондай шара қолдануға тура келеді. Себебі, олар қоғамға қауіпті. Қылмыскерлерге де басқа адамды өлтіру хақын ешкім бермеген.
Кейбіреулері қылмысқа білместікпен барады, енді біреулері нағыз қанішерлердің өзі. Олар жыртқыш аңдар секілді. Арыстанды торда ұстаудың не қажеті бар? Бір күні босап шығып камералас сотталғандарды, болмаса түрме қызметкерлерін жарып салуы әбден мүмкін. Маньяк қанішерлер мен жалмауыз болып кеткен адам жегіштердің уланған санасын емдеуге де келмейді.
Кісі өлтіргендерге өлім жазасы кесілген делік. Онда бір мысал: Мұса мен Қызыр туралы құран хикаясында қызыр жолында кездескен жас бүлдіршін баланы Мұсаның көзінше өлтіріп тастайды. Мұндай рақымсыз жендеттік әрекетті көрген Мұса қатты түршігіп кетеді: “- Қандай сұмдықты істеп, нендей қылмысқа батып отырсыз. Кіршіксіз сәбиді қыршынынан қиюға шыдаған неткен дәт! Мүмкін ол ата-анасының жалғызы шығар”. Қызыр: “-Ол өте оңбаған, ар-ұятты білмейтін жүгірмек. Түбінде ол зұлымдығын жүзеге асырар еді. Сондықтан да мен осылай істедім. Оның ата-анасы иманды, жақсы адамдар. Алла тағала енді оларға бір емес екі қайырымды бала сыйлайды”-деп, Мұсаға түсіндірген екен.
Осы хикаяға қарап білместікпен, ашумен немесе біреудің алдауында кетіп кісі өлтіріп қойған адамдарға өлім жазасына шек қойылса деймін. Ал адамшылықтан айырылған, сайтанның азғыруына ерушілер біздің ойымша өлгендері дұрыс. Өкіметке оларды асырап баққаннан пайда жоқ.
Өлім жазасына мораторий енгізілгеніне елімізде 8 жылдың жүзі болса да қылмыс көбеймесе, азайған жоқ. Қазіргі тұрғыдан қарағанда, мемлекет мораторий енгізді, енді біз де соған орай адам баласына қасірет әкелмеуді ойлайық деп, қылмысты мұра тұтқандар өз іс-әрекеттеріне «мораторий енгізені жоқ».
Қазақтың салт-санасына жат осы қылмысты ойланып қарасақ, мұның негізгі қазіргі заман адамдарының саналарына, имандылықтарына келіп тіреліп тұрған сияқты.
Біз қылмыстың осылай өрши орын алуын әр түрлі реттеу заңсыздықтары мен тұрмыстық теңсіздігінен туындап отырған өшпенділік індеті деп ойласақ, онда тұрмысы алдыңғы қатардағы білімді азаматтардың әдейі адам өлтіру әрекеттерін қалай ақтап алуға болады. Осыларды салыстыра ойлаған кезде жәй бұқара түгілі жоғары білімді көпшілік азаматтарымыздың санасы, мәдениеті толық қалыптаспаған деген қорытынды шығаруға мәжбүр боламыз. Ғұлама бабамыз Әл-Фараби: “Тәрбиесіз алған білім қауіпті” деген екен. Осы сөзді ой елегінен өткізе қарасақ, мәдениет қалтаны қалыңдату мен білім деңгейінде емес сияқты. Сол қалтаны қалыңдатудың әлегіне түскендер әр түрлі қылмыс пен адам өлтіруден де тайынбай отыр ғой. Демек, адамның шын мәдениеті-тәрбиелі білім негізінде, иманы пәк, таза сананың қалыптасуымен өлшенсе деген ойға тоқталасың.
Адамзат ұрпағына кісі өлімінің әкелер зардабын ойласаң, ол жекелеген отбасының ғана қасіреті ғой деп, ат үсті қарау теріс ұғым. Бүгін өлтірілген әрбір адам ұлтымыздың келешек өркеніне, ұрпақтарына шабылған балта. Жасалған қастандық.
Шариғат бойынша- “жаратушының өзі берген ғұмырды өзі қайта алғаны дұрыс” деген пікір көлденең тұрады. Әрине, табиғаттың заңы бойынша құдіреті күшті құдайдың пендесінің жанын ертелі-кеш өзінің әмірімен қайтарып алғаны орынды. Адам өмірінің құндылығы туралы шексіз дауласуға да болады, әйтсе де тап қанішердің өмірі секілді соның қолында қаза болған жәбірленуішінің де өмірі құнды емес пе? Қала берді қылмыскерге өзгенің тіршілігін өз қолымен қиятындай әзірейілдік құқықты кім берді? Осы тұрғыдан қарастырар болсақ, адам абыройын аяққа таптап, азаптап өлтірген азғынға тек ең ауыр жаза лайықты. ХХ ғасырдың басында ғұмыр кешкен Б. Чичерин былайша ой түйген: “Адам өмірі қаншалықты жоғары бағаланса, оны қиған қылмыскерге тағатұғын жаза соншалықты жоғары болуы керек”.
Бірқатар зерттеушілер өлім қамытын киген сотталушының қайғысы оның құрбандарының қайғысынан әлдеқайда ауыр дегенді айтып, жоғары жазаның әділетсіздігін алға тартады. Осы ойды қолдаушылардың бірі М. Гернет былай дейді: “Өлім жазасының сұмдығы- өлім құшқан құрбанның қорқынышынан бірнеше есе асып түседі, көптеген жағдайда өлім жазасының физикалық азабы өлім сағатын күту мен туған-туыстарынан мәңгілікке қол үзу секілді психикалық азаптың жанында түк емес”.
Осы сарынды дәйектер адам пішіндес жыртқышқа деген аяушылықты, мүсіркеуді туындата қоймасы ақиқат. Ол- өз тағдырын өзі таңдап, өзіне өзі үкім шығарған бейбақ. Оның үстіне қаныпезер қасапшы мен соның қолында мерт болған жәбірленушінің азабы салыстыруға келмейді
Сонымен, адамдардың ғұмырын жаналғыштық өкілеттікті иеленіп, қиған қанішер кім? Ол- әлеуметтік, рухани, адами тұрғыдан азғындаған жан. Ол- кәдуілгі екі аяқ, екі қол сияқты адами сипаттарға ие болғанымен, жүрегіне зұлымдық ұя салған, санасын мұздай қатыгездік құрсаулаған жыртқыштың тілегінің ғана құлы. Ол- оң, солын ажыратып болмаған бүлдіршіндерді баудай түсіріп, аңға тән айуандықпен балғын денесін сояудай тырнағымен кесектеп жұлатын, жанұшыра шыңғырған баланың жанарында заманының қатаң көрінісін бақи бойы тұрақтатқан әзірейіл. Ол- талайларды қасіреттің тереңіне батырып, баланы жетім, жаржы жесір, ананы тұла бойы туғанынан айырған бақытсыздық. Осыдан кейін қанішерді қара жер қалай көтерсін.
Бұдан шығар түйін: өлім жазасы- қылмыскердің қан төгуіне қойылар тосқауыл. Бұдан басқа жаза тағайындалар болса, онда шектелген бостандықтың жаза мерзімі өтелгеннен кейін қалпына келуі мүмкін, ал үзілген ғұмырды дәруіш те қайтара алмайды.
Дегенмен, тақырып қойылған оны оңды шешіп, жазалау түрінен құқық қолдану практикасынан бас тартқан әлемдік қоғамдастыққа Қазақстан қосылуына әкеліп соқтырады. Батыста өлім жазасынан бас тарту негізінде басты саяси негізгі тұтқа парламент болса, ал бізде бұл идеяның бастамасын мемлекет басшысы қолдады. Бұл кездейсоқ жағдай емес, бұл республика басшылығының елдің бүкіл құқықтық жүйесіне тән басты адамгершілік қағидаларына сүйенгендігін білдіреді.
2. 1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық заңы бойынша өлім жазасының қолданылу ерекшелігі
Сот өлім жазасын тағайындауға міндетті емес. Кез-келген жағдайда ол өлім жазасын немесе Қазақстан республикасының Қылмыстық Кодексінің Ерекше бөлігінде көзделген балама жағдайлардың басқа түрін таңдауға құқылы.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 49-бабының 4-ші тармағына сәйкес өлім жазасы туралы үкім, ол заңды күшіне енгеннен кейін, бір жыл өтпей орындалмайды, ал сотталған адамның кешірім сұрау жөніндегі өзінің конституциялық құқығын пайдалануына мүмкіндік береді делінген 1 .
Қазіргі таңда Қазақстанның құқықтық өмірінде талқыланып жатқан өзекті мәселенің бірі- өлім жазасы. Өзін құқықтық мемлекет санайтын кез-келген өркениетті ел өлім жазасын қолдану аясын барынша шектеп келе-келе жазаның бұл түрінен мүлдем бас тартуға тиіс Қазақстанда да өлім жазасы қолданылатын қылмыстар тізбегі мейлінше азайтылып, мораторий жарияланды.
Аталмыш күрделі мәселенің күрмеуінің шешілуі жан- жақты зерделеуді талап етеді. Бұл бағытта өлім жазасының тарихына үңілмей толыққанды тұжырымға келе алмаспыз. Сабағы мол өткен күндердің қателігін қайталамауға үйретеді.
Алғашқы пайда болған мысырдағы “өлілер кітабы” деп аталатын жинақта өлім жазасына кесілгендердің араша сұрай айтқан сөзі келтіріледі. Бұл луғаттан сол уақытта қандай қылмыстарға өлім жазасы кесілгендігін көреміз.
- Олар: сот алдында өтірік сөйлеу; кісі өлтіру немесе кісіні өлтіруге итермелеу, құжаттарды қолдан жасау, сарайдан қайырға берілетін нанды ұрлау, алаяқ әйелдерді топтастыру, нан өлшейтін безбенді өзгерту, алдау және таразыдан кісі ақысын жеу, суаруға кедергі келтіру және басқа да заңмен тыйым салынған әрекеттер. Бұдан бөлек үкіметке қарсы бас көтеру, қасиетті саналатын хайуандарды өлтіру, емдеу тәсілдерін өз бетінше өзгерту арқылы науқасты өлтіріп алу, құлды және бөтен мүлікті ұрлау және тағы басқалар ежелгі дәуірде өлім жазасы арқылы жазаланатын, қылмыстар қатарына жатады. Қылмыскердің бойына үрей билетуді басты мақсат тұтқан (таяқпен соққыға жығу, құлағын, мұрнын кесу және құлдыққа салу) жаза түрлері өлім жазасымен пара-пар.
Ежелгі Бабыл мемлекетінде жазалаудың басты қағидасы- талион принципі болды. Бұл қазақша айтсақ, “қанға-қан, жанға-жан” ережесі. Талион қағидасының мазмұны жазасына қарай қылмысты дегенге саяды. Бұл егер де біреудің көзін ағызып жіберсең, сен де солай көзден айырыласың деген сөз. Немесе талионның тағы бір түріне сай жарақат салған мүшеңнен айрыласың. Бұл елде жоғарыда келтірілген Мысыр мемлекетіндегіден қылмыстар мен қатар күйеуінің көзіне шөп салу, біреуді ауыр қылмыс жасады деп өтірік кінәлау, қан араластыру тәрізді әрекет жасағандар өлім жазасына кесіледі.
Ежелгі шығыс мемлекетіндегі өлтіру, арқылы жазаланатын қылмыстар қатарын болжасақ, мұндағы басты мүдде мемлекет пен отбасының іргесін шайқалту екендігіне көз жеткіземіз.
Әлем тарихында демократиялық институттардың бүкіл халықтық жиналыс, тәуелсіз әрі кәсіби сот қалыптасуының бесігі саналатын. Антикалық Афина мемлекетінде мүлікті тәркілеу, азаматтық құқықтардан айыру, елден қуу сияқты негізгі жаза түрлерінің қатарында өлім жазасы да болады. Мұндай жазаға көбінесе сотқа жалған мәлімет жеткізушілер мен өтірік куәгерлер тартылады.
Қайта өрлеу дәуірінде орта ғасырдағы қитұрқы әрекеттер саябырсыды. Десек те, өлім жазасы мүлде қолданылмады деп айта алмаймыз. Дөңгелекке орау, аяқ-қолды шегелеу тірі денеден ішек-қарынды суыру сияқты өлім жазасын жүзеге асырудың сұмдық тәсілдері Англияда XІX ғасырдың соңына дейін жазаның кең тараған түрі ретінде қолданылады. Бұл елде бір ай бойы сығандар тобырына қосылғандарды да өлтіріп отырған.
Содан кейінгі жаңаша дәуірде ғалым-дәрігерлер қылмыскерді қайтсек, болмашы күйзеліспен, қинамай о дүниеге аттандыруға болады деген мәселе төңірегінде толғанды. Соның нәтижесінде Гильотина (ойлап табушының атымен аталады) газ камерасы, ату және тамырға ине мен арнайы дәріні егу арқылы іске асатын жан алудың жаңа жолдары пайда болды. Әйтсе де, күнәһардың азабы мейлінше, азайтылған өлтірудің түрі әлі табыла қойған жоқ.
Оқ дәрі қару-жарақ түрлерінің көбеюімен адамзат ату жазасына жаппай көше бастады. Әсіресе, соғыс кезінде өлтірудің бұл жолы арзан әрі қарапайым болғандықтан жиі қолданылды. Әдетте, жазаны бір ғана адам немесе атқыштар бөлімшесі жүзеге асырады. Ал ауыр жаза арқалаған жан өмірлік маңызы бар органдарында зақым келгендіктен немесе қансырап көз жұмады. Егер жан алуды атқыштар жүзеге асырар болса, онда ажал қамытын кигендер барлық уақытта бір дегеннен көз жұмады екен деп ойламаңыз. Өйткені, ара-қашықтықтың біршама жер болуы сұр мергеннің межеге дөп тию мүмкіндігін азайтатыны бар.
1985-86 жылдары Кеңестер Одағының тұсында 2 мың адам атылған.
Адамзат баласына телеграф, телефон секілді байланыс түрлерін сыйлаған өнертапқыш Томас Алва Эдисон күндердің күнінде өлім жазасын жүзеге асырудың тың тәсілін ойлап табады деп кім ойлаған.
Томас Эдисонға Нью-Йорк штатының арнайы комиссиясын электр орындығындағы өлімнің адамды асуға қарағанда әлдеқайда ізгілікке жақын әдіс екендігін табандылықпен қорғау арқылы иландырудың сәті түседі. Осылайша адамзат санасының қанға малынған туындыларының бірі - электр орындығы алғаш рет 1891 жылы дүниеге келеді.
Әлемдік қауымдыстықтың ауыр жазаны алып тастамаса да ажалдының азабын азайтуға тырысып бағуда. Осындай қайырымдылық жемісі: - сотталғанды иньекциялау. Бұл әдістің мәні мынада: жылдам әсер ететін барбитурат пен организмді жансыздандыратын химиялық заттардың қоспасының орасан зор дозасын өлімге кесілген адамның қан тамырына егеді. АҚШ-тың 19-штаты қылмыскерді өлтірудің осы әдісін таңдаған. Солардың бірі Техаста натрий геопентол бромед және хлористі калийдің қоспасы пайдаланылады. Бұлардың біріншісі адамды есінен тандырса, екіншісі бұлшық етті жансыздандырады, үшіншісі жүректің тоқтауына әкеліп соғады. Тарихқа көз жүгіртсек 1977 жылы ажалды заң жүзінде Оклохома және Техас штаттарында жол ашылған. Ең бірінші рет осы әдіс қолданылған адам Чарльз брукс болған. Сотталғанды гермикалық камераға креслоға мықтап таңады. Кеудесіне көрші бөлмедегі дәрігердің бақылауына мүмкіндік жасайтын стетоскоп бекітіледі. Осыдан келіп өлуге тиісті адам ауа жұтқанда уландыратын “цианид” газы жіберіледі. Ағзаға оттегіні жеткізетін энзимдердің газбен жаншылуынан қылмыскер дем жетпей тұншығып көз жұмады. Ол есінен тез адасқанымен, егер жазаланушы қарсыласып, демін ішінде сақтар болса “әзірейілдің” қысқа уақытта жан ала қоймауы әбден мүмкін.
Бас кесу өткен ғасырларда жиі қолданылған. қазіргі таңда Сауд арабиясында қолданылады және иемен Араб Республикасы мен Біріккен Араб эмираттарының заңнамаларында бекітілген.
Жазалаудың жолы- қылыштың көмегі мен адам денесінен басын бөліп алу. қасапшының міндеті қылыштың өткір жүзімен бір сәтте арқа жұлынын үзу.
Тас атқылау жазасы қылмыскерді бағанаға таңады немесе өзін қозғалмастай етіп байлайды. Бұдан кейін жиналған тобыр үсті-үстіне тас лақтыруды бастайды. Миға зақым келгендіктен жазаланушы жан тапсырады. Бұл тәсіл адам төзгісіз азапқа құрылған. Иранда бұл жаза қылмыскердің ұзақ уақыт азаптануын мақсат етеді. Мысалы, иранның Ислам Қылмыстық кодексінің 119-бабында былай делінген: “Таспен өлгенше атқылау түріндегі жазада сотталған бір немесе екі тастың соққысынан көз жұмбасы үшін тастар тым үлкен болмауы керек, сондай-ақ тастар тас деуге келмейтін ұсқа болмауы керек. 1989 жылғы мәлімет бойынша таспен атқылау алты елдің заңнамасында сақталған.
Ф. Энгельс: “Ағылшындардың қылмыстық заңының европадағы ең қатаң заң екендігін білеміз. 1810 жылдың өзінде ол өзінің қатыгездік жағынан Каролинадан кем түспеді: отқа жағу, доңғалаққа байлап, кескілеп - өлтіру тірі адамның ішек-қарнын ақтару т. б. жазалардың көп тараған түрі болды. Қылмыскерлік пен күрестің барлық формалары мен әдістері тек қатаң жазалаумен ғана шектелді. Ондағы басты мақсат - “зиянкес” адамның көзін жою немесе оны адам сияқты өмір сүру қабілетінен айыру” 5 .
Қазақтың да әдет-құқығының жинағы XVІІІ ғасырдың басында Тәуке ханның тұсында жасалған “Жеті жарғыда” сол кездегі қазақтың тұрмыс, әдет-ғұрпына, өміріне тән қоғамдық қатынастардың негізгі салалары енген. Оның жазба толық нұсқасы әлі табылған жоқ бізге ұрпақтан ұрпаққа ауызша ауысқан түрі ғана жеткен.
“Жеті жарғы” қазақтардың көне ел билеу заңы. Қазақта “қанға-қан” алу, яғни елде ұрлық, қарақшылық, зорлық-зомбылық жасаған адам өлім жазасына кесілген:
- егер әйелі ерін өлтірсе;
- ата-анасы өз баласын қасақана өлтірсе;
- әйел зорлау кісі өлтірумен бірдей қылмыс болып есептелген;
- егер әйелі ерінің көзіне шөп салу үстінде ұсталса, ері оны өлтіруге хақылы;
- біреуден әйелін күйеуінің келісімінсіз алып қашса, өлім жазасы бұйырылады.
“Жеті жарғы”- қазақ халқының көне ел тарихы бар жұрт екендігін заңды қастерлеген қауымдығын танытар ескерткіш. Ол кездің ұраны үрейлендіру мен қатыгездік.
Қазіргі тарихи кезең жағдайды жазамен түзетуге болмайтындығын көрсетіп отыр, сондықтан да ғалымдар бұл тығырықтан шығудың жолын іздестіруде. Осыған байланысты мәжбүрлеу және зорлық принципіне емес сенімді мәжбүрлеумен ұштастырған принципке негізделген жаза теориясы ерекше маңыз алады. Бұл теория жаза қылмыскерлікпен күрестегі маңызды да және әзірше қажетті құрал болғанымен ол жалғыз әрі басты құрал емес, тек қосымша ғана деген түсініктеме туындайды.
Қазіргі мемлекеттердің басым көпшілігі өркениет жолына бет бұрған. Бұл елдер адам құқығы принциптерінің құрамдас бөлшегі ретінде қарастырылатын өлім жазасын қолданыстан алып тастау мәселесін кеңінен талқылауда. Өлім жазасы жөнінде қоғамның пікірі әр түрлі. Бұл тақырып дүние жүзіндегі әртүрлі халық топтарын бірнеше ғасырлар бойы толғандыруда. Ғалым және практиктер халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері Алматыда өлім жазасын алып тастау: “Иә” немесе “Жоқ” атты өтілген халықаралық конференцияда осы мәселе жөнінде біраз ойларын айтты. Бұл конференция әділет министрлігінің адам құқығы және заң сақтау жөніндегі Қазақстандық бюросының, Қазақстандағы халықаралық түрме рфеормасының өкілдіктерінің және Сорос-Қазақстан қорының ұйымдастыруымен өтті. Мұнда Президент әкімшілігінің, Үкімет, Парламент, Жоғарғы Сот, Бас прокуратура, басқа да министрліктер мен өкілдері қатысып өз пікірлерін білдірді. Осы конференцияда Қазақстан Республикасының адам құқықтары жөніндегі өкілі Б. Байқадамов- мемлекеттің өлім жазасы проблемасына қатынасы оның даму деңгейін анықтайды. Әлем адам құқықтары деген құндылықтарды, әсіресе, өмір сүру құқығын жоғары бағалай бастады. өркениетті қоғамда өлім жазасына жол берілмейді. Сол себепті ол адам баласына қайшы келетін жағдай ретінде бағаланады: Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін өлім жазасы мәселесі дау, пікір-талас төңірегінде емес, заңдылықты өзгерту мен жетілдіру деңгейінде шешуі керек” деген болатын.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz