Әлемдік шаруашылықтағы валюта жүйесі және валюта курсы



I
1.1. Әлемдік шаруашылықтағы валюталық жүйе. Оның мәні мен эволюциясы.
1.2. Әлемдік шаруашылықтағы валюта жүйесінің даму эволюциясы.
1.3. Әлемдік шаруашылықтағы валюта жүйесін ұйымдастыру механизмі.
II
2.1. Әлемдік шаруашылықтағы валюта нарығы.
2.2. Аймақтық резервтік валюталар. Әлемдік шаруашылықтағы валюталық қор.
2.3. Қазақстан Республикасының валюта саясаты.
III
3.1. Валюта бағамы және оның мәні.
3.2. Тағайындалатын және еркін валюта бағамдары.
3.3. Атаулы және нақты бағам.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Әлемдік шаруашылықтағы валюталық жүйе (ХВЖ) – дүниежүзілік капиталистік шаруашылықтың эволюциалық дамуы нәтижесінде ХІХ ғасырдың ортасына қарай туындады. ХВЖ-нің ерекшеліктері мен сипаты дүниежүзілік шаруашылық эволюциясына, оның принциптерінің сәйкестілігіне, алдынғы қатарлы елдердің мүдделеріне тәуелді болады.
ХХ ғасырдың орта шенінен бастап әлемдік шаруашылықтағы экономикалық, қаржы-қаражат және валюталық қатынастар өз дамуында жаңа сатыға көтерілді. Ашық экономика құруға ұмтылыстардың басты тенденциясы сауда айырбасын жеделдетуді, әлемдік шаруашылықтағы қаржыландыруды дамытуды, жаңа валюта рыноктарын құруды, әр түрлі елдер арасындағы валюталық-қаржылық қатынастарды кеңейтуді көздейді.
Валюталық қатынастар дегеніміз – дәстүрлі ақша қызметінің дүниежүзілік ақша қызметіне ауысуымен байланысты жүзеге асатын экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Дүниежүзілік ақша сыртқы сауда мен қызмет көрсетулерді, капиталдар қозғалысын, пайданы инвестицияларға аударуды, несие және қарыз беруді, ғылыми – техникалық айырбасты, туризмді, заңды және жеке тұлғалардың ақша аударуын қамтамасыз етеді. Валюталық қатынастардың жекелеген элементтерінің қалыптасу тарихына көз салсақ, оның антик дәуірде пайда болғанын байқаймыз. Ежелгі Греция мен Ежелгі Римде валюталық қатынастар вексельдік және айырбастық қызмет түрінде жүргізілген. Сонымен бірге, валюталық қатынастар Орта ғасырда, дәлірек айтқанда, Лионда, Антверпенде және Батыс Еуропаның басқа да сауда орталықтарында «вексельдік жәрмеңкелер» түрінде жүзеге асырылғандығын атап өту керек. Бұл жерлерде барлық есеп айырысулар аудармалы вексельдер (тратталар) бойынша жүргізілген. Феодалдық және капиталистік өндірістің дамуы дәуірінде әлемдік шаруашылықтағы есеп айырысулар жүйесі банктер арқылы жүзеге асырылған.
1) «Әлемдік шаруашылықтағы экономикалық қатынастар» Мамыров Н.Қ. Мадиярова Д.М. Қалқыбаева А.Е. «Экономика баспасы» 1998ж
2) «Әлемдік шаруашылықтағы экономикалық қатынастар» Майдан- Әли Байгісиев Алматы «Санат» 1998ж
3) «Әлемдік шаруашылықтағы валюта қатынастары және валюталық құқық» Майдан- Әли Байгісиев Алматы. «Қазақ университеті» 2004ж
4) «Әлемдік шаруашылықтағы экономикалық қатынастар» Елемесов Р.Е. Алматы. «Қазақ университеті» 2002ж
5) ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы №5 2005ж
6) «Макро экономика» Мамыров Н.Қ, Тілеужанова М.Ә. Алматы 2003ж

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Әлемдік шаруашылықтағы валюта жүйесі және валюта курсы
I
1. Әлемдік шаруашылықтағы валюталық жүйе. Оның мәні мен эволюциясы.
2. Әлемдік шаруашылықтағы валюта жүйесінің даму эволюциясы.
3. Әлемдік шаруашылықтағы валюта жүйесін ұйымдастыру механизмі.
II
2.1. Әлемдік шаруашылықтағы валюта нарығы.
2.2. Аймақтық резервтік валюталар. Әлемдік шаруашылықтағы валюталық қор.
2.3. Қазақстан Республикасының валюта саясаты.
III
3.1. Валюта бағамы және оның мәні.
3.2. Тағайындалатын және еркін валюта бағамдары.
3.3. Атаулы және нақты бағам.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе
Әлемдік шаруашылықтағы валюталық жүйе (ХВЖ) – дүниежүзілік
капиталистік шаруашылықтың эволюциалық дамуы нәтижесінде ХІХ ғасырдың
ортасына қарай туындады. ХВЖ-нің ерекшеліктері мен сипаты дүниежүзілік
шаруашылық эволюциясына, оның принциптерінің сәйкестілігіне, алдынғы
қатарлы елдердің мүдделеріне тәуелді болады.
ХХ ғасырдың орта шенінен бастап әлемдік шаруашылықтағы
экономикалық, қаржы-қаражат және валюталық қатынастар өз дамуында жаңа
сатыға көтерілді. Ашық экономика құруға ұмтылыстардың басты тенденциясы
сауда айырбасын жеделдетуді, әлемдік шаруашылықтағы қаржыландыруды
дамытуды, жаңа валюта рыноктарын құруды, әр түрлі елдер арасындағы
валюталық-қаржылық қатынастарды кеңейтуді көздейді.
Валюталық қатынастар дегеніміз – дәстүрлі ақша қызметінің
дүниежүзілік ақша қызметіне ауысуымен байланысты жүзеге асатын экономикалық
қатынастардың жиынтығы.
Дүниежүзілік ақша сыртқы сауда мен қызмет көрсетулерді,
капиталдар қозғалысын, пайданы инвестицияларға аударуды, несие және қарыз
беруді, ғылыми – техникалық айырбасты, туризмді, заңды және жеке
тұлғалардың ақша аударуын қамтамасыз етеді. Валюталық қатынастардың
жекелеген элементтерінің қалыптасу тарихына көз салсақ, оның антик дәуірде
пайда болғанын байқаймыз. Ежелгі Греция мен Ежелгі Римде валюталық
қатынастар вексельдік және айырбастық қызмет түрінде жүргізілген. Сонымен
бірге, валюталық қатынастар Орта ғасырда, дәлірек айтқанда, Лионда,
Антверпенде және Батыс Еуропаның басқа да сауда орталықтарында вексельдік
жәрмеңкелер түрінде жүзеге асырылғандығын атап өту керек. Бұл жерлерде
барлық есеп айырысулар аудармалы вексельдер (тратталар) бойынша
жүргізілген. Феодалдық және капиталистік өндірістің дамуы дәуірінде әлемдік
шаруашылықтағы есеп айырысулар жүйесі банктер арқылы жүзеге асырылған.

1. Әлемдік шаруашылықтағы валюталық жүйе. Оның мәні мен эволюциясы.

Әлемдік шаруашылықтағы валюталық қатынастардың дамуына әсер еткен
жағдайлар:
- өндіргіш күштердің дамуы;
- дүниежүзілік нарықтың құрылуы;
- әлемдік шаруашылықтағы еңбек бөлінісінің тереңдеуі;
- шаруашылықтың дүниежүзілік интернационалдануы.
Демек, әлемдік шаруашылықтағы валюталық қатынастар ХЭҚ-тың алуан
түрлі формаларын қалыптастыратын механизм болып табылады. ХВҚ өзінің дамуы
процесінде белгілі бір ұйымдастырушылық формаларға ие болды. Осы контекст
бойынша валюталық жүйе дегеніміз- валюталық қатынастарды ұйымдастырушы және
реттеуші форма. Олар ұлттық заңдылықтармен немесе мемлекетаралық
келісімдермен бекітілген.
Валюталық қатынастар ұлттық және әлемдік шаруашылықтағы деңгейде
жүзеге асады. Ұлттық деңгейде олар ұлттық валюта жүйесін қамтиды. Ұлттық
валюта жүйесі дегеніміз – мемлекеттік заңдармен бекітілген, елдің валюталық
қатынастарын ұйымдастыру нысаны (формасы). Ұлттық валюта жүйесінің негізгі
белгілеріне мыналар жатады:
- Ұлттық валюта бірлігі;
- ресми алтын-валюта қорының эволюциясы;
-Ұлттық валютаның паритеті мен валюта курсын қалыптастыратын
механизмі;
-валютаның айырбасталу мүмкіндігі (обратимость, конвертируемость
валюты);
- валюталық шектеулердің денгейі;
- мемлекеттің сыртқы экономикалық есептеулерді жүзеге асыру тәртібі
және т.б.
ХВЖ – ғаламдық деңгейде валюталық-қаржылық қатынастарды реттеуші
механизм, сонымен бірге ол ұлттық валюталық жүйемен (ҰВЖ) өзара тығыз
байланысты болады.
Әлемдік шаруашылықтағы және ұлттық валюталық жүйелердің өзара
байланыстылығына қарап, оларды бірдей деп есептеуге болмайды, өйткені
олардың элементтері бір-бірінен ерекшеленеді.
Осы ерекшеліктерге көзімізді жеткізу үшін ҰВЖ мен ХВЖ-нің негізгі
элементтерін қарастырайық.
Паритет – бұл валюталардың алтындық құрамына байланысты өзара
қатысы. Паритет валюта курстарының негізінде жатыр. Бірақ паритет пен
валюталық курс ешқашан да бір-біріне тең болмайды.
Валюталық курс – жекелеген елдердің валюталарының арасындағы
арақатынас немесе басқа елдің валютасымен өрнектелген белгілі бір ел
валютасының багасы.
Валюталық курс және паритет ұлттық валюталық жүйелер арасындағы
байланыстырушы буын ретінде қызмет атқарады.
ҰВЖ-ні сипаттайтын негізгі ХВЖ-нің негізгі элементтері
элементтер
1.Ұлттық валюталық бірлік. 1.Резервтік валюталар.
2.Ресми алтын-валюталық 2.Әлемдік шаруашылықтағы ликвидтік
резервтердін құрамы. активтердін құрамы мен эволюциясы.
3.Ұлттық валютаның паритеті және 3.Паритеттер мен курстардың
валюталық курстардың қалыптасу механизмдері.
механизмі.
4.Валюталардың конвертирлену 4.Валюталардың өзара аыналымдылық
(айырбасталыну) немесе айналымдық шарттары.
шарттары.
5.Валюталық шектеулердің 5.Әлемдік шаруашылықтағы есеп
бар-жоқтығы. айырысулардың формалары.
6.Елдердің сыртқы экономикалық есеп6.Әлемдік шаруашылықтағы валюталық
айырысуларды жүзеге асыру реті. нарықтар мен алтынның дүниежүзілік
нарықтарының режимі.
7.Валюталық-қаржылық қатынастарды
реттеуші мемлекетаралық
валюталық-несиелік ұйымдардың
(Әлемдік шаруашылықтағы валюта
қоры,әлемдік шаруашылықтағы қайта
өркендеу және даму банкі) статусы.

Әлемдік шаруашылықтағы валюта жүйесі дүниежүзілік шаруашылық
шеңберіндегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың нысаны.
Бұл жүйе дүниежүзілік капиталистік шаруашылықтың бірте-бірте
қалыптасуы нәтижесінде пайда болып, кейінірек мемлекетаралық келісімдер
арқылы заңдастырылған.
Әлемдік шаруашылықтағы валюта жүйесінің негізгі элементтеріне мыналар
жатады:
- ұлттық және ұжымдық валюта бірліктерінің қоры;
-әлемдік шаруашылықтағы өтімді (ликвидный)активтердің құрамы мен
эволюциясы;
-валюталық паритеттер мен курстардың (валюта құнының )механизмі;
- валюталардың өзара айырбасталу жағдайы;
- халықаралы есептеулердің нысандары;
-халықаралы валюта рыноктары мен дүниежүзілік алтын рыногындағы
орныққан тәртіп;
-әлемдік шаруашылықтағы валюта-қаржы қозғалысын реттеуші ұйымдар
(Әлемдік шаруашылықтағы валюта қоры – МВФ, Әлемдік шаруашылықтағы даму
банкі – МБРР және т.б.).
Әлемдік шаруашылықтағы валюта жүйесінің негізгі міндеттеріне тұрақты
экономикалық өсуді, инфляцияны ауыздықтауды, сыртқы экономикалық айырбас
пен төлем айналымын тепе-теңдікте сақтауды қамтамасыз ету шеңберіндегі
әлемдік шаруашылықтағы есептеулер мен валюта рыноктарын реттеу жатады.
Әлемдік шаруашылықтағы валюта жүйесі әлемдік шаруашылықтағы
экономикалық қатынастарды кеңейтуге, немесе, керісінше шектеуге әсер ететін
ең маңызды механизмдердің бірі.
Валюталық жүйенің дамуы қоғамдық ұдайы өндіріс процесінің
заңдалықтарымен анықталады.
Кейбір жағдайларда әлемдік валюталық жүйе дуниежүзілік шаруашылық
эволюциясына сәйкес келмеуі мүмкін. Осындай сәйкессіздік нәтижесінде
әлемдік валюта жүйесі дағдарысқа ұшырап отырады, бұл дағдарыс ескі жүйенің
бұзылып, оның жаңа жүйеге айырбасталуына әкеліп соғады. ХВЖ-нің эволюциясы
ұлттық және әлемдік экономиканың сұраныстарына байланысты қалыптасады.

1.2 Халақаралық валюталық жүйенің даму эволюциясы.
Өзінің дамуы процесінде ХВЖ төрт кезеңнен өтеді, олардың әрқайсысының
өзіне тән ерекшеліктері бар.
Бірінші, алтын стандарт жүйесі. Бұл жүйе ХІХ ғасырда стихиялы түрде
қалыптасты және заңды түрде 1867жылы Париж конференциясында бекітілді. Осы
конференцияның шешімі бойынша, алтын әлемдік ақшанын жалғыз формасы болып
есептеледі.
Алтын стандарт жүйесі төмендегі принциптерге сүйенеді:
1.Бұл жүйенің негізі – алтын монеталық стандарт. Әрбір валютаның
алтындық құрамы бар, осыған сәйкес олардың алтындық паритеттері
белгіленеді.
2.Әрбір валютаның алтынға аыйрбасталуы. Алтын танымал әлемдік ақша
ретінде қолданылады. Әрбір валюта ел ішінде де, оның шекарасынан тыс
жерлерде де еркін түрде алтынға айырбасталады.
3.Алтын құймалар монеталарға еркін түрде айырбасталады, сонымен бірге,
алтын еркін импортталады, экспортталады және алтын әлемдік шаруашылықтағы
нарығында сатылады.
4.Алтынның ұлттық қоры және ақшаның ішкі ұсынысы арасында катаң
арақатынас орнатылады.
Алтын монеталық стандарт бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін
салыстырмалы түрде тиімді болды. Уақыт өте келе алтын монеталық стандарт
ескіре бастады, яғни ол өсіп бара жатқан шаруашылық байланыстардың
масштабына сәйкес болмай қалды.
Соғыс басталғаннан кейін жауласушы елдердің орталық банктері
банкноттарды алтынға айырбастауды тоқтатты және соғыс шығындарын жабу үшін
олардың эмиссиясын ұлғайтты.
Бірінші дүниежүзілік соғыс нәтижесінде қалыптасқан валюталық хаос
кезеңінен кейін алтын девиздік стандарт белгіленді. Ол алтынға еркін
айырбасталатын жетекші валюталарға негізделді.
Екінші, валюталық жүйе заңды түрде 1922жылы Генуядағы әлемдік
шаруашылықтағы экономикалық конференцияда белгіленді.
Алтын – девиздік стандарттың принципі бойынша, банкноттар алтынға
емес, вексель және чек, яғни девиздерге айырбасталды. Девиздік валюта
ретінде доллар мен фунт стерлинг қабылданды.
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарының өзінде жаңа дүниежүзілік
валюталық жүйенің құру жұмыстары басталған еді, өйткені Генуядағы валюталық
жүйенің дағдарысы тереңдей түсті.
Үшінші, әлемдік шаруашылықтағы жүйе заңды түрде 1944жылы Бреттон-
Вудстағы (АҚШ) әлемдік шаруашылықтағы конференцияда бекітілді.
Бреттон-Вудс валюталық жүйесі төмендегі принциптерден тұрады:
1.Алтын бұрынғыдай елдер арасындағы сонғы ақшалай есеп айырысулардың
функциясын орындайды.
2.Американдық доллар біртұтас резервтік валюта болды, ол алтынмен
қатар әр түрлі елдердің валюталарының құндылығын анықтайтын өлшем ретінде
әрекет етті, сонымен бірге, әлемдік шаруашылықтағы төлем құралы болып
саналады.
3.Басқа елдердің Орталық банктері мен үкімет мекемелері долларды АҚШ-
тың казначействосында (қазына мекемесі) айырбастаған. Ол кездегі курс
бойынша, 35 АҚШ доллары 1 тройск унцияға (31,1035 гр.)тең болды. Сонымен
бірге, үкімет органдары және жеке адамдар алтынды жеке меншік нарықтардан
сатып алу мүмкіндігіне ие болды.
4.Валюталардың өзара айырбасы және олардың бір-біріне тенестірілуі
алтынмен және доллармен өрнектелген ресми валюталық паритеттер (тепе-
теңдік) негізінде жүргізілді.
5.Елдер кез келген басқа валюталарға қатысты өз валюталарының
өзгеріссіз курсын сақтауға тиіс болды. Нарықтық валюталық курс паритеттен
тар көлемде ауытқушы еді (ХВҚ-тың жарғысы бойынша, +1 және Еуропалық
валюталық келісім бойынша +0,75 . Әлемдік шаруашылықтағы валюталық
операцияларда алтынның қолданылу масштабы күрт төмендеп кетті, ең басты
орында доллар болды.
6.Мемлекеттер арасындағы валюталық қатынастар Әлемдік шаруашылықтағы
валюталық қор (ХВҚ) рақылы реттелуші еді. Бұл қор Бреттон-Вудс
конференциясында құрылды.
ХВҚ-тың негізгі функциясы - осы қорға мүше елдердің валюталық
паритеттерді, курстар мен валюталардың еркін айырбасталуын дұрыс жүргізуін
бақылау.
Бреттон-Вудс конференциясына қатысты айтар болсақ, әлемдік
шаруашылықтағы валюталық жүйе ең алғаш рет үкіметаралық келісімдерге
негізделе бастады
Бреттон-Вудс жүйесі ширек ғасыр ішінде әлемдік сауда мен өндірістің
өсуіне ықпал етті.
Бірақ та бұл жүйе оған қатысушы елдердің барлығына тең қүқықты бере
алмады және АКШ-тың Батыс Еуропа, Жапония және ХВҚ-қа мүше басқа елдердің
валюталық саясатына ықпал етуіне мүмкіндік берді.
Басқа елдерге зиян келтіре отырып, АҚШ-тың позициясы күшейе бастады
және соған сәйкес Бреттон-Вудс жүйесінің қарама-қайшылықтары күн санап
шиеленісе түсті.
Американдық центризм принципі АҚШ – Батыс Еуропа – Жапония сияқты үш
әлемдік орталықтардың пайда болуына қарай жаңа күштердің орналастырылуына
сәйкес болмай қалды.
Валюталық қатынастарда доллар өзінің монополиялық жағдайын жоғалта
бастады. ГФР маркасы, швейцар франкі, Батыс Еуропаның басқа валюталары және
жапон иенасы американ долларына бәсекелестік жасады. АҚШ-тың төлем
балансының тапшы болуы шектеулі мөлшерден асып кетті.
Долларды алтынға айырбастау АҚШ үшін өте қиынға соқты, өйткені өз
резервтері есебінен алтынға төмен баға белгілеуге мәжбүр болды.
70-жылдардан бастап АҚШ ресми баға бойынша долларды алтынға
айырбастаудан бас тартты.
Бреттон-Вудс жүйесі іс жүзінде күйреді.
Төртінші, әлемдік шаруашылықтағы валюталық жүйе 1976жылы ХВҚ-тың
Кингстонда (Ямайка) өткен кезекті мәжілісінде қабылданды. Төртінші ХВЖ-нің
принциптері төмендегідей:
1. Валюталық курстардың құны мен есептелу нүктесін айқындайтын құрал
ретіндегі алтынның функциясы жойылды, яғни алтынның ресми бағасы,
алтын паритеттер жойылып, доллардың алтынға айырбасталуы
тоқталды.
2. Елдер арасындағы валюталық өзара қатынастар әлемдегі елдердің
ұлттық ақша бірліктерінің өзгермелі курсына негізделді. Кез
келген елге валюталық курстардың кез келген режимін таңдауға
мумкіндік беріледі. Жаңа жағдайларда курстардың өзгеруі екі
факторға тәуелді болды:
а) валюталардың сатып алушылық қабілеті;
ә) әлемдік шаруашылықтағы нарыққа валюталардың сұранысы мен ұсынысының
арақатынасы.
3. Арнаулы ақша резерві (СДР), ягни (қарыз берудің арнайы
құқығы) стандарты құрылды.
СДР негізгі резервтік валюта ретінде болып, басқа резервтік
валюталардың рөлін азайтты. СДР алтын мен доллар альтернативасы болып
табылды.
90-жылдардың басында бесінші, әлемдік шаруашылықтағы валюталық жүйе –
валюталардың өзгермелі курсы қалыптасты.
Бұл жүйе екі элементтен тұрады:
1. негізгі тіреуші бірліктер таңдалады, ол бірліктер негізінде
жекелеген ұлттық валюталар өздерінің валюталық курстарын сақтай
алады;
2. валюталық курстардың ауытқу диапазоны үлкен амплитудаларда жүзеге
асырылады.
Валюталық курс кейбір валюталарға қатысты сақталады, басқа валюталарға
қатысты валюталық курс еркін түрде өзгереді. Ямайка келісімінде қабылданған
СДР алтын мен доллардың орнын басушы болып қабылдануы тиіс еді.
Алғашында СДР бірлігі доллардың осыған сәйкес құрамына теңестірілді.
1944жылдың шілде айынан бастап, СДР–дың алтындық құрамы алынып
тасталды.
СДР курсы валюталық кәрзеңке негізінде анықталды.
Валюталық кәрзеңке – 16 ел валюталардың орташа өлшенген курстары, бұл
елдердің сыртқы саудасы дүниежүзілік сауданың 1 -нен кем болмауы тиіс.
1978жылдың 1 шілдесінен бастап, валюталық кәрзенкенің құрамы мұнай
экспорттаушы елдердің ұйымы (ОПЕК) валюталарының күшеюіне байланысты
түзетілді. 1981жылдын 1 қантарынан бастап валюталық кәрзеңке 5 валютаға
дейін қысқарды. Бұл қысқартудағы мақсат – СДР-дың шартты құнын есептеуді
жеңілдету.
1.3. Әлемдік шаруашылықтағы валюта жүйесін ұйымдастыру механизмі.
Қазіргі әлемдік шаруашылықтағы валюта- несиелік қатынастардың дамыған
институционалдық эволюциясы бар. Бұл құрылымның құрамдас бір бөлігі әлемдік
шаруашылықтағы валюта- қаржылық және несиелік ұйымдар болып табылады. Олар
өздерінің қызмет сипатымен де, орналасқан географиялық аумағымен де
ерекшеленеді. Олардың бір бөлігі тек қана валюта- қаржылық немесе несиелік
мәселелермен шұғылданса, бірқатары дәл осы мәселелерді кеңейтілген
контексте қарастырылады.
Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінде әлемдік шаруашылықтағы валюта қоры
және Бүкіл дүниежүзілік банк тобы әрекет етеді. Формалды көзқарасқа сәйкес
олар БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелері болып есептелгенімен өздерінің іс-
қимылы мен әрекеттерінде толық дербестікке қол жеткізген.
Валюта несиелік қатынастар әлемдік шаруашылықтағы сауда қатынастарымен
тығыз байланыста екендігін ескерсек, онда БҰҰ-ның сауда және даму
Конференциясының (ЮНКТАД, 1964 жылы құрылған, 3-4 жылда бір рет шақырылады)
валюта- несиелік проблемаларды талқылауға қатысатындығына ешқандай
таңырқаудың жөні жоқ. Дегенмен, ЮНКТАД-тың мысалы, Әлемдік шаруашылықтағы
валюта қоры сияқты нақты шешімдер қабылдайтын функциялары жоқ. 80-ші
жылдары Солтүстік пен Оңтүстік елдері арасындағы қайшылықтардың күшеюіне
байланысты ЮНКТАД қызметі өзіне әлемдік шаруашылықтағы қоғамдастықтың
назарын аударып, жіті бақылауға алынды. Кейінірек ЮНКТАД бүкіл әлемдік
өзара тәуелділік мәселелерімен шұғылдана бастады. Айталық, ЮНКТАД қазір
тауарлар мен қызмет көрсетулердің әлемдік шаруашылықтағы айырбасын кешенді
түрде қарастырумен қатар капиталдардың, технологиялардың, валюталық және
қаржылық ресурстардың дүниежүзілік қозғалысы мәселелерін зерттеуге ауысты.
Бұл ұйымның жетістіктерінің бірі ретінде дамушы елдердің сыртқы
берешектерін реттеу жолдары мен әдістеріне арналған идеяларының
өміршеңдігін атауға болады. БҰҰ шеңберіндегі үйлестіруші орган ролі соңғы
онжылдықта ЮНКТАД ұйымының беделін арттырды және аталған проблемалар
төңірегіндегі оның өкілеттігі БҰҰ-ның Бас ассамблеясының шешімімен
бекітілді.
Валюта- несиелік мәселелер БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтік
кеңесі шеңберінде құрылған аумақтық комиссиясының қызметінде де өз
көрінісін тауып отыр.
1995 жылдан бері ГАТТ-ың орнын басып, ісін жалғастырушы Бүкіл
дүниежүзілік Сауда Ұйымының қызметі басталды. Бұл ұйымның әлемдік
шаруашылықтағы сауда қатынастары еркіндігін өрістеуге қосар үлесі мол
болары сөссіз. Мұның өзі Б.С.Ұ.-ның валюта- қаржылық қатынастарға да зор
әсері болатындығын көрсетеді .Әлемдік шаруашылықтағы валюта- несиелік
қатынастардың институционалдық құрылымдары арасында әлемдік шаруашылықтағы
және аумақтық даму банктері ерекше рөл атқарады.
Манила (Филиппин) қаласында орналасқан Азиялық даму банкіне 55
мемлекет мүше. Бұл банк ұзақ мерзімді несиелерді жүзеге асыру бағыттында
қызмет атқаратын көпжақты мекеме. 90-шы жылдардың орта шеніне қарай аталған
банк үштен бірі жеңілдікті жағдайдағы 50 млрд. доллар көлемінде несиелер
берді. Азия даму банкінің қызметінде инфрақұрылым салаларын қаржыландыру
мәселелері басымдықтарды пайдаланып отыр. Мұның өзі Азия- Тынық мұхиты
аумағы мемлекеттерінің инфрақұрылымды қаржыландыруға қажеттіктерінің өсе
түскенін көрсетеді. Егер Азия даму банкі бұдан бұрынырақ нақты жобаларды
несиелеу ісіне байқап барып, тәуекелдікті ауыздықтай отыра, несиенің бір
бөлшегіне ғана кепілдік беретін саясат ұстанып келген болса, 1995 жылдан
бастап мүдделі мемлекеттермен батыл, тығыз байланыстарға көше бастады.
Азия даму банкі бұрынғы КСРО республикаларына да несиелер беруді қолға
ала бастады. Айталық, 1995 жылдың соңында Азия даму банкінің директорлар
кеңесі Қазақстанға жалпы сомасы 120 млн. долларды құрайтын несиені беруге
дайын екендігін жариялады. Бұл несие агроөнеркәсіп кешенінің кәсіпорындарын
қолдауға және әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға арналған
болатын.Азия даму банкі 1973 жылы құрылған Азия даму қорын да басқарады.
Аталған қор Азияның ең кедейленген елдеріне 40 жылдық мерзімге дейін
процентсіз несиелер беруді мақсат тұтқан.
1966 жылдан бастап Африка континентінде Африка даму банкі жұмыс
істейді (штаб- пәтері Кот-д Ивуар мемлекетінің астанасы Абиджан қаласында
орналасқан). Банктің мүшелері қатарында африкалық және африкалық емес 25
мемлекет бар. Африка даму банкі қарыз несиені тек қана африкалық елдерге
береді. Сондай-ақ, ол эксперттік қызмет көрсетулер мен кадрлар даярлауда да
жәрдемдесіп келеді.
Америкааралық даму банкі (МаБР, штаб- пәтері Вашингтонда орналасқан)
өз операцияларына 1960 жылдың 1 қаңтарынан бастап кірісті. Банк өзіне мүше
елдердің экономикалық дамуын жеделдету мақсатында несиелер немесе
кепілдіктер беруді қарастырады.
Ислам даму банкісінің (ИБР, штаб- пәтері Сауд Арабиясының Джидда
қаласында орналасқан) мақсаты мүше елдердің экономикалық дамуына және де
мұсылман қауымдастығы мен басқа да мемлекеттердің өсіп- өркендеуіне
жәрдемдесу. Ислам конференциясы ұйымының шешімі бойынша құрылып, өз
операцияларына 1975 жылдың қазан айында кірісті.
Әлемдік шаруашылықтағы валюталық- несиелік қатынастардың
институционалдық эволюциясында Әлемдік шаруашылықтағы есептеу банкі
(Б.М.Р.) ерекше орын алады. Бұл банк 1930 жылы құрылған. Штаб- пәтері
Швейцарияның Базель қаласында орналасқан. Әлемдік шаруашылықтағы есептеу
банкінің ақша бірлігі болып алтын құрамында 0,29032258 г. таза алтын бар
франк қызмет етеді.

2.1. Әлемдік шаруашылықтағы валюта нарығы
Әлемдік шаруашылықтағы валюта және қаржы- несие нарықтары
дүниежүзілік шаруашылықтың, әлемдік шаруашылықтағы экономикалық
қатынастардың ең маңызды буындарының бірі.
XX ғасырдың соңғы 15-20 жылы қаржы нарықтарының қарқынды өсуімен
айқындалады. 1980 жылдан бастап дүние жүзінің дамыған елдерінің қаржы
активтері олардың ішкі жиынтық өнімдерімен салыстырғанда 2,5 есе жедел
көбейген. Дүниежүзілік валюта және сауда операцияларының құндарының ара
қатысы 1980 жылы 10:1 болса, 1992 жылы бұл көрсеткіш 60:1 болған. Қаржы
нарығы дамуының негізінде қаржы айнымалының объективті заңдылықтары жатыр.
Бір жерлерде уақытша бос капиталдар пайда болса, екінші жерде оған сұраныс
қалыптасады. Дүниежүзілік валюта және қаржы- несие нарықтары бұл
қайшылықтарды дүниежүзілік шаруашылық деңгейінде шешеді. Әлемдік
шаруашылықтағы экономикалық қатынастар, соның ішінде дүниежүзілік сауда,
қызмет көрсету және капиталдар қозғалысы өздерін тұрақты түрде валютамен
қамтамассыз етуді қажетсінеді, ұлттық валюталардың сауда- саттығын талап
етеді.
Дүниежүзілік валюта, несие, құнды қағаздар нарықтары қалыптасуының
алғы шарттарына мыналар жатады:
1) капиталдың өндіріс пен банктерде шоғырлануы;
2) шаруашылық байланыстардың интернационалдануы;
3) банкаралық телекоммуникациялардың дамуы;
Валюта нарығы дегеніміз- сұраныс пен ұсыныс негізінде шетелдік
валютаны ұлттық валютаға курсы (құны) бойынша сатып алу мен сатуды жүзеге
асыратын орталықтар. Ұлттық валюта нарықтары дамыған нарықтық экономикасы
бар елдердің барлығында қызмет атқарады. Ұлттық нарықтардың дамуы мен
олардың өзара байланысының күшеюі арқылы біртұтас дүниежүзілік валюта
нарығы қалыптасты. Оның құрамына дуниежүзілік,аймақтық, ұлттық (жергілікті)
валюта нарықтары кіреді. Бұл нарықтар өздерінің көлеміне, валюталық
операциялар мен валюта сомаларының сипатына қарай ерекшеленеді.
Әдетте,дүниежүзілік валюта- нарықтары дүниежүзілік қаржы орталықтарында
шоғырланады. Дүниежүзілік қаржы орталықтары дегеніміз- банктердің
маманданған несие- қаржы институттарының топтасқан жері. Онда әлемдік
шаруашылықтағы валюта, несие, қаржы операциялары жүргізіледі және құнды
қағаздармен, алтынмен байланысты келісімдер жасалады. Дүниежүзілік қаржы
орталықтардың ішіндегі ең ірілері- Лондон, Нью-Йорк, Майндағы Франкфурт,
Париж, Цюрих, Токио валюта нарықтары. Бұлардағы валюта операцияларының
көлемі 1973-1992 жылдар аралығында күніне 10-12 млн. доллардан 900 млрд.
долларға дейін өсті.
Қазіргі валюта нарықтарына мынадай ерекшеліктер тән:
1) дүниежүзілік шаруашылық байланыстарының интернационалдануы
негізінде валюталық нарықтардың да әлемдік өріске шығуы және валюталық
келісімдерді жүзеге асыруда автоматты байланыс құралдарын кеңінен қолдануы;
2) валюталық операцияларды орталықсыздандыру және олардың
компьютерлерді қолдану арқылы бүкіл әлемдік сипатқа ие болуы.
3) валюта операцияларын үйлестірудің (унификация) мәнінің артуы;
4) алыпсатарлық келісімдер көлемінің ұлғаюы;
5) валюта курстарының тұрақсыздануы.
Валюта нарықтары әлемдік шаруашылықтағы есептеулерді жедел жүзеге
асыруды, дүниежүзілік валюта нарықтарының несие және қаржы нарықтарымен
өзара байлынысын нығайтуды қамтамассыз етеді. Валюта нарықтарының көмегімен
банктердің, кәсіпорындардың, сондай- ақ мемлекеттің валюталық резерфтері
толықтырылып отырады. Сонымен қатар валюталық нарықтар механизмі
экономиканы мемлекеттік реттеуге, бір топ елдердің макродеңгейінде
пайдаланылады. Нақты қызмет шеңберінде валюта нарықтары биржалардың,
брокерлік фирмалардың, банктердің және трансұлттық корпорациялардың
жиынтығы.
Форвардтық келісім- тауарларды көрсетілген уақытта сату мен сатып
алу жөніндегі алдын- ала жасалатын операциялардың түрі. Бұл келісім
контрактыға қол қойылған мезеттегі валюта курсы бойынша жасалады.
Опцион дегеніміз- мерзімдік келісім бойынша валютаны сатушы мен
сатып алушының біреуіне берілетін құқық.

2. Аймақтық резервтік валюталар.
Еуропалық валюталық бірлік (ЭКЮ)(Еurope an curren cy unit) Еуропалық
қоғамдастық құрамына кіретін алдынғы қатарлы Еуропа елдерінің 12 валютасына
негізделеді.Валюталық кәрзенке дегеніміз –бір валютаның орташа курсын басқа
валюталардың белгілі жиынтығына қатысты өлшеу әдісі. Валюталық кәрзенкенің
мөлшері оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Валюта, валюта бағамы, валюта қатынастарының экономикалық мәні
Халықаралық валюталық операциялар
Дүниежүзілік экономикалық қатнастар
Сыртқы экономикалық қатынастардағы валюта жүйесінің даму кезеңдері
Халықаралық валюта қатынастары және валюта курсы
Қазіргі дүниежүзілік шаруашылықтағы валюта жүесі
Валюта бағамымен валюта нарығының түсінігі
Халықаралық валюталық қатынастар мәні
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ
Төлем балансы
Пәндер