Қазақстанның табиғат жағдайлары


МазмҰны

КІРІСПЕ

1 ҚАЗАҚСТАННЫҢ СУ РЕСУРСТАРЫ

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРМАН ҚОРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕСІ

3 ҚазаҚстанныҢ Қазіргі кездегі климатыныҢ

Өзгеру мӘселелері

4 ҚазаҚстандаҒы демографиЯлыҚ жаҒдайдыҢ кейбір мӘселелері

ПайдаланҒан Әдебиет

КІРІСПЕ

Қазіргі әлемде экологиялық проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналды, тіпті ядролық соғыс қауіпі де оның көлеңкесінде қалып қойды. Адамның шаруашылық іс-әрекетінің қауырт дамуы, айналадағы ортаға үдемелі, көбіне бүлдірушілік сипатта әсер етуде. Адамның табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту, сондай-ақ, топырақты, су көздерін, ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл табиғат ахуалының күрт төмендеуіне әекліп соқты, көп жағдайларда орны толмас зардаптар қалдырды. Экологиялық дағдырыс шын мәніндегі қауіпті төндіріп отыр: іс жүзінде тез өріс алып бара жатқан дағдарыстық жағдайларды кез келген аймақтардан көруге болады.

Жер бетінің кез келген бөлігінде әрқашан түрлердің бүтін бір жиынтығы (комплексі) тіршілік етеді. Азықтық ресурстар сарқылғанша биомасса ұлғая беретіндіктен, оқшауланған жағдайда өсірілген түр өзінің тіршілік ету жағдайларын тез арада нашарлатып жібіреді. Бұдан соң биомассаның солуы басталады. Азықтық ресурстарды үстемелеп бергеннің өзінде де биомассаның құлдырауынын құтыла алмаймыз, себебі қоршаған ортада зат алмасу өнімдері жиналып қалады.

Қазақстанның табиғат жағдайлары алуан түрлі, Қазақстан территориясы кең-байтақ жерді алып жатыр, Батыстан Шығысқа қарай - 2, 925 км (Каспий теңізі мен Орал ойпаиттарынан Алтайға дейін) . Солтүстіктен Оңтүстікке қарай - 1, 600 км. Батыс Сібір жазығы мен Орал тауларының жоталарынан Тянь-Шань таулары мен Қызылқұм шөліне дейін. Қазақстанның жалпы ауданы (2. 7 млн. шаршы км) Франциядан бес есе артық. Бірнеше ландшафтық белдеулер мен белдеу тармақтары бір-бірін алмастырады; орманды дала (6%), дала (28%), шөлейт (18%), шөлді (40%) . Қазақстанның Оңтүстік және Шығыс шекараларынын биік таулар көмкеріп жатыр. Қазақстан халқы 16 млн. -нан астам адамды құрайды. Қазақстандағы қалыптасқан экологиялық жағдайды қанағаттанарлық деп айта алмаймыз.

1. ҚАЗАҚСТАННЫҢ СУ РЕСУРСТАРЫ

Қазақстанның су артериялары шамамен 85 мың өзендерден құралған. Экологиялық жағынан ең қолайсыз жағдайда Қазақстанның басты с у артериясы - Ертіс өзені қалып отыр. Оның сулары жоғары дәрежеде ауыр металдармен ластанған.

Каспий аймағының экологиялық жағдайы. Бұл ауданның экологиялық жағдайы Каспий теңізінің деңгейінің көтерілуіне және жағалаулық теңіз экожүйесінің антропогенді әсерге ұшырауына байланысты болады. ғалымдардың болжамдары бойынша теңіз деңгейінің көтерілуі жағалаулық сызықтаң 2400-2700 км ұзарып, су астында қалған жерлерге тағы да 1, 2-2, 2 млн. га қосылуына әкелуі мүмкін. Каспий теңізі дүние жүзіндегі бекіре тәрізді балықтардың ең ірі мекен ету ортасы болып табылады. Кез келген экологиялық бағдарламаның іс жүзіне асуына, оның ірі мұнай-газды аймақ ретінде маңызының артуы күрделендіруді.

Арал теңізінің экологиялық мәселелері. 60-жылдардын бастап Арал теңізінің ауданы кеми бастайды. Суды ауыл шаруашылық дақылдарын суару үшін қолдану Тянь-Шань тауларымен ағып келетін табиғи су ағысын 90%-дан астам қысқартып жіберді. Теңіз ауданы 2, 6 млн. га-ға кеміп, өзінің 60% көлемін жоғалтты. Судың деңгейі 12-ден 2 м-ге түсіп кетті, тұздылығы 2 еседен астам артты. Күн сайын 200 тонна тұз бен құм желмен 300 км ара қашақтаққа таралады. Арал аймағының экологиялық жағдайы экономиканың дәстүрлі бағыттарының дамуының мүмкін болмауына әкеліп, бірқатар әлеуметтік және саяси мәселелерді туғызады.

Қоршаған ортаны бұза отырып, кез келген қазіргі заманғы қоғам өзінің болашағын жояды.

Судың сапасының нашарлауы мен моның жетіспеуі өсімдіктер жабынына ерекше әсер етті. Бағалы орман, қамыс, өнімді жайылымдар мен шалғындықтар жойыла бастады. Олар сортаң жерлерге айналған. 50көл кеуіп кеткен. Сырдария грунт суларының деңгейі төмендеп кеткен.

Балқаш көлінің экологиялық мәселелері. Ағынсыз Балқаш көлі Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарымен шектесіп жатыр. 70-жылдарда көлдің ауданы жылдық жауын-шашын мөлшеріне байланысты 17-ден 22 мың км 2 дейін ауытқып отырған.

Балқаш - жартылай тұщы көл. Көлдің тұщы бөлігіндегі судың минералдылығы артып келеді. Судың минералдылығы, өндіріс орындары мен коммуналдық шаруашылықтың шайынды сулары, суармалы жерлердің қайтымды-дренаж суларының келіп түсуінің артуы нәтижесінде сумен қамтамасыз ету, адамдардың демалу жағдайлары нашарлап, аурулар саны артып отыр, бүкіл жағалауда шөлдену процесі басталуы көлдің жағасындағы қамыстар жойылып бара жатыр.

Кіші өзендерді қорғау мәселесі. Республикамызда 8643 тұрақты және уақытша су ағыстары белгілі. Олардың жалпы ұзындығы 123 мың км.

Кіші өзендер кіші деп аталғанмен, олардың экология тұрғысынан алғандағы маңызы үлкен. Олар қан тамырлары тәрізді бүкіл Қазақстан территориясын торлап жатыр.

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРМАН ҚОРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕСІ

Қазақстан территориясының 3, 8%-ы орманды жерлер алып жатыр орманды жерлер алып жатыр. 1997 жылы республикамыздың орман қарының территориясында 2257 орман өрттері орын алған. Бұл өрттердің 70%-ы отты дұрыс пайдаланбау себепті орын алған.

Өрт 4 млн. м 3 -ге жуық ағашты жойған. Ірі орман өрттері Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Алматы областарында болған.

50 мың га орман алқабында зиянкестер мен аурулар. Ең ірі орманды территорипялар Шығыс Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола областарында анықталған. 1997 жылы орман заңын бұзушыларға қарсы 500 іс тіркелген.

Қазақстан Республикасының орман қоры және аңшылық шаруашылығының комитеті Республикадағы ормандарды мемлекеттік есепке алу жұмыстарын жүргізуде.

1997 жылы Туркияның Анталия қаласында орман шаруашылығы бойынша Дуниежүзілік конгресс өткен. Оған 146 елдің ішінде Қазақстан да қатысты.

Қазақстанның Солтүстігіндегі өзен жағалай өскен ормандары мен Оңтүстігіндегі тоғайлары да жеке алаптар болып есептеледі.

Орманды далалы алқапқа - Қазақстанның сол түстігіндегі шоқ болап өсетін қайыңды ормандары жатады. Олардың жалпы көлемі 700 мың гектар. Бұл ормандарда өсетін ағаш тұқымының көбі қайыннан құралады. Одан басқа мұнда терек, ал бұталардан түрлі талдар, қарақаттар, дала шиесі, мойыл, мұрын, тобылғы кездеседі.

Далалы алқапта - қайыңды шоқтардың оңтүстігін алып жатқан қарағайлы ормандар өседі.

Шөлді алапа - Қазақстанның бүкіл оңтүстігі, орталығы мен батысының көп жері кіреді. Мұнда ақ сексеуіл мен қара сексеуіл өседі және қоянсүйек, жыңғыл, жүзгін, шеркез, қандым кедеседі. Ағаш тұқымдарынан тоғайларда көбіне жиде мен тораңғы, ал бұталардын әр түрлі тал, жыңғыл, шеңгел, шырғанақ, зерек өседі.

Алтай-Сәуір тау алабы - теңіз деңгейінен 600-2500 метр биіктік аралығында өсіп-өнетін ормандарды қамтиды. Мұнда бағалы қылқан жапырақты қарағай, шырша, самырсын сияқты ағаш тұқымдары көп тараған. Самырсынды орман Кенді Алтайдың ең жоғары белдеуінің 31 мыың гектар жерін алып жатыр. қарағайлы орман Алтай мен Сәуірқойнауының 371 мыың гектарын алып жатыр.

Солтүстік Тянь-Шань тауы алабына - Іле Алатауы, Күнгей Алатауы, Жоңғар Алатауы мен Кетпен, Нарын жоталарының ағаштары кіреді. Төменгі белдеуінде көбіне түрлі бұталар мен жалпақ жапырақты ағаштар өседі. Олардың көбі - жеміс-жидекті, алма, өрік, жаңғақ, қарақат.

Батыс Тянь-Шань таулы алабына - Талс Алатауы, Қаратау мен Өгем жотасындағы ағаштар кіреді. Бұл аймақ жеміс-жидекке өте бай. Мұнда Қазақстанның басқа жерлерінде кездеспейтін алша сияқты бағалы бұталар түрі өседі.

Қазақстандағы орманның жалпы көлемі Қазорман жобасының мәліметі бойынша 1998 жылы 24568, 2 мың гектар болды.

Соңғы жылдары саланы қаржыландырудың қысқаруы, орманды күтіп ұстаудың нашар ұйымдастырылуы нәтижесінде орман шаруашылығының жағдайы күрт төмендеп кетті. 1997 жылдың 10 айында ірі өрттен 170 мың гектардан астам орман өртенді. Мысалы, Баянауыл ұлттық бағының ерекше қорғалатын территориясының 12, 1 гектары жанып кетті.

Бақылау қызметінің қысқаруынан және қазіргі техниканың көптеген орман қорғау кәсіпорындарында іс жүзінде жоқтығынан зиянкестер ошағы мен орман аурулары көбейіп барады.

Орманның азып-тозуы антропогендік және табиғи факторлардан туындайды. Мысалы, Қызылқұм шөлейт даласын суаруға Сырдариядан су алуға байланысты жер асты суларының деңгейі төмендеп, бұталы ағаш өсімдіктерінің жағдайы нашарлады, бұл жер сексеуіл өсіруге жарамсыз болып қалды. Малды жөнсіз бағудан шөлейттері орман едәуір зардан шекті. Далалық орман, ең алдымен аса бағалы қарағайды орман кесуден таусылған. өзендердің реттеліп тежелуінен және өрттен тоғай қатты азып-тозып кетті. Оның ішінде сирек кездесетін биогеоценоз - тораңғы да таусылып бітті. Сондықтан Шардара ауданында соңғы онжылдықта осы тұқымның 30%-ын маңызы шамалы шеңгел тобы ауыстырған жоғары табиғи таулы ерекшелігіне қарай тау орманы өрттен көп зардан шекті.

Халық шаруашылық маңызы бойынша Қазақстан ормандарын 3 топқа бөлуге болады. Бірінше топқа жататын ормандар 18, 7 млн. га алып жатыр. Бұларға егістік қорғауға алынған, топырақ қорғау, су қорғауға арналған орман алқаптары, қалалар мен өндіріс орындараның айналасындағы, курорттық ормандар, өзендер, тас жол, темір жол жиегіндегі және мемлекеттік қорықтардың ормандары жатады. Бұл ормандарды кесуге тыйым салынған. Тек күтіп баптау, тазалық және орманды қалпына келтіру кезіндегі кесулер ғана жүргізіледі. 1-топқа жататын ормандардыы қорғауда, оларды тиімді пайдалану мен өсірудің маңызыы зор.

Қазақстан ормандарының басым көпшілігі осы 1-топқа жатады. Бұған жататындар: Тянь-Шаньның таулы ормандары, Ертіс маңындағы таспалы бор, Қазақстан қатпарлы өлкесінің қарағайлы-қайыңды ормандары, Солтүстік Қазақстанның қайыңды ормандары, тоғайлар мен сексеуіл ормандары.

Екінші топқа су қорғауға алынған ормандар, аз орманды, орташа орманды жерлердің ормандары жатады. Бұл жерлерде интенсивті шаруашылық жүргізіледі. Бірақ, ағашты кесумөлшері жылдық өсімге сәйкес анықталады. Қазақстанда бұл топқа 591 мыңға жерді алып жатқан Шығыс Қазақстан облысының жерлері жатады.

Үшінші топқа орманды жерлерде орналасқан барлық ормандар кіреді. Бұл жерлерде өндірістік орман дайындау жұмыстары жүргізіледі. Республикамызда оларға Кенді Алтайдың таулы ормандары, Шығыс Қазақстан облысында - 1, 5 млн. га жерді алып жатқан ормандар кіреді. Сексеуілдің үлесіне барлық ормандардың территориясының 50% сәйкес келгенмен, олардағы ағаш қоры бар болғаны 2, 1% ғана. Бағалы қылқанжапырақты ормандар Алтай мен Тянь-Шаньде, Ертіс маңындағы таспалы бор мен Қазақстанның қатпарлы өлкесінде өседі.

Ағаш қоры мен көлемі бойынша Шығыс Қазақстанның қылқанжапырақты ормандары бірінші орында. Олар самырсын, шырша, кедр ағаштарынан тұрады. Екінші орында шоқ қарағайлы ормандар, үшінші орында - Тянь-Шань шыршасынан тұратын таулы ормандар тұр.

Орман шаруашылығының ғылыми-зерттеу интитутының есептеулері бойынша Қазақстанның облыстарында болашақ қорғаныштық ормандар отырғызу қажет.

Солтүстік Қазақстан облысында ормандарды етістік жерлердің көлемінен 1, 6%-ға жеткізу. Павлодар - 4, 0%, Астана - 3, 8%, Ақтөбе - 3, 9% жеткізу жобаланған.

Егістік қорғайтын ормандардың көлемін солтүстік және батыс облыстарда 3, 3%-ға дейін көтеру керек.

Оңтүстіктің суамалы егістік жерлері мен оңтүстік шығыста орман белдеуіне 3, 5% жер берілуі қажет. Қазақстанның орташа егістік қорғауға арналған орман белдеуін 3%-ға дейін жеткізу көзделіп отыр. Қазіргі кездегі табиғи және жасанды ормандар 3, 6% құрайды. республиканың жалпы ормандылығын шамамен 6-7%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бұл экологиялық тұрғыдан негізделген. Республиканың ормандылығын тек белгілі бір экологиялық шектеулі мөлшерде және бұрын орман өскен жерлерде жүргізу қажет.

Барлық нәрсенің өз орны болады: су көп жерлерде - орман мен шалғындық, құрғақ жерлерде - даланың шөптесін өсімдіктері басым. Далалы жерлерде орман отырғызу тәжірибесі оның тиімсіз екенін көрсетеді. Бұл ағаштар 15-20 жасқа жеткенде өздігінен кеуіп кетеді. Олай болса, адам экология заңдарын танан білуі, дұрыс пайдалану мүмкін, бірақ ешкім бұл заңды өзгерте алмайды. Әлі де болса Қазақстанның ормандарының экологиясы толық зерттелмеген. Болашақтағы орман өсіру мен қалпына келтіру экологиялық тұрғыдан қарау керек.

3. ҚазаҚстанныҢ Қазіргі кездегі климатыныҢ

Өзгеру мӘселелері

1992 жылы қабылданған Климаттың өзгеруі туралы БҰҰ Халықаралық Рамалық конвенциясы дүние жүзі мемлекеттеррінің алдына климаттың жылынуы мен оның зиянды зардаптарын болдырмау мәселелерін қойды. Климаттың өзгерту туралы конвенция адамзат назарын төтенше бұзылуларға аударын отыр. Олар ең алдымен планетаның атмосферамен өзара әрекеттесетін және атмосферадан тарайтын күн энергиясының жолын өзгертеді. Осының нәтижесінде ғаламдық климаттың өзгерту қаупі туып отыр. Бұдан туындайтын негізгі салдар - жер бетінің орташа температурасының көтеріруі және ауа райының кең құқымды аймақтарда өзгертуі, т. б. эффектілер болуы мүмкін.

Үкіметаралық климаттың өзгеруі мәселесімен айналасатын топтың сарапшыларының мәлтметтері бойынша өнеркәсіптік даму басталғанға дейін 1850 жылмен салыстырғанда, қазіргі уақытта дейін ғаламдық температура 0, 5 0 С-ға көтерілген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан жерінің зерттелу тарихы
ТМД елдерінің таңбасы
Табиғат жағдайларын зерттеу тарихының басты кезеңдері
Геоэкология пәнінен дәрістер кешені
Геоэкология пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері
Оңтүстік Қазақстан
Қазақстан Республикасы мен Норвегия корольдігінің экономикалық қарым – қатынастары
Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы халықтың қоныстану жүйесі
Географиядан проблемалық оқытудың белгілері
Пәнді оқытуда жоспарланған нәтижелер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz