Қазақстандағы қола дәуірі туралы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1 . ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚОЛА ДӘУІРІ
1.1. Мәселенің теориялық.методологиялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2. Қола дәуіріне жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР МЕН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Бүгінде Қазақстан өз тарихында күрделі бетбұрыс кезеңін басынан кешіріп отыр. Республика тәуелсіздік алып, дүниежүзілік қоғамдастық таныған егеменді мемлекетке айналды. Қазақ халқының , Қазақстан Республикасының тарихында жаңа дәуір басталды.
Республика бетбұрыс кезеңінде болып жатқан ғаламат өзгерістер тарих ғылымының алдына көптеген проблемалар қойды. Қазақ халқының төл тарихының қайта жандандырып, бай мәдени мұраларының жете бағалануы басты мәселелердің бірі болып табылды.
ХХ ғасырда Қазақстан тарихы жөнінде көптеген еңбектер жарық көрді. Бірақ тарих саласында негізгі нақты және теориялық қағидалары толығымен мойындала қойған жоқ . Дегенмен де, бұл еңбектер көне дәуірлерді зерттеу үшін және өткенге сыни көзбен қарау кезінде қажет болатын нақты тарихи ақпараттарды берді. Қазіргі таңда Қазақстан тарихының даму кезеңдері жөнінде жаңа материалдарды жинақтап, оларды Кеңес үкіметі тұсында жазылған еңбектермен салыстыра отырып, терең тарихнамалық талдаулар жасап, бірқатар қағидаларды нақтылау жолға қойылып отыр.
Белгілі бір әлеуметтік – экономикалық формацияның дамуына байланысты адамзат тарихи ұзақ – ұзақ кезеңдерге бөлінеді. Археологияда кезеңдендірудің өзіндік әдісі жасалған, оған сәйкес адамзат тарихы тас, қола мен темір және ортағасырлар дәуірлеріне бөлінеді. Көне дәуір ескерткіштерінің ашылуы, Қазақстанның ежелгі тарихы мен археологиясын жаңа қырынан алып көрсетуге мүмкіндік береді.
Қазақстанның археологиялық ескерткіштері туралы алғашқы мәліметтер орта ғасырлардағы ғалымдар мен тарихшылар, географтар мен саяхатшылардың еңбектерінде кездеседі. Олар өз еңбектерінде өздері тікелей көзімен көрген немесе өздеріне айту бойынша мәлім болған әдеттен тыс заттар, бейнелер, өз замандарынан көп бұрын болған қалалар мен қоныстардың жұрттарын, оқиғаларды айтып кеткен.
Қазақстанның өткендегісін ғылыми зерттеуде І Петрдің көне мұраларға ұқыпты қарауға, оларды суреттеу мен жинауға әмір берген жарлықтары, сондай-ақ оның бастамасы бойынша Сібірді және Ресейге іргелес жатқан Қазақстан жерін зерттеу мақсатымен қолданылған шаралары маңызды рөл атқарды.
Қазан төңкерісіне дейін қазақ халқы тарихының көне дәуірлеріне айтарлықтай зерттеу жұмыстары жүргізіле қойған жоқ. Болған күннің өзінде ғылыми сапасы төмен, кездейсоқ табылған көне дәуірлердің құрал – саймандары жайлы хабарлар ғана.
Қазақстандағы қола дәуірінің зерттелуі – Кеңес үкіметінің кезінде ғылыми жағынан жүйелі жолға қойылды. Арнайы ұйымдастырылған экспедициялар қола дәуіріне тән ескерткіштерді ашып, Қазақстан аумағында тарихқа андронов және беғазы – дәндібай мәдениеті деген атпен енген тайпалар мекендегенін дәлелдеп берді. Қол дәуіріндегі Қазақстан тарихын зерттеуде бұл ескерткіштердің маңызы зор. Қола дәуірінің ескерткіштері Қазақстанның төрт бұрышынан да табылған. Мәселен Орталық Қазақстанды зерттеу үшін ұйымдастырылған «Нұра экспедициясының» көрнекті мүшелері П.С.Рыков, М.И.Артамонов, М.П.Грязнов, К.Арзютов, И.В.Сыницин сияқты ғалымдар андронов және беғазы – дәндібай мәдениетінің қоныстары мен зираттарын тауып, зерттеп, қазу жұмыстарын жүргізіп көне дәуір тарихына өз үлестерін қосты. Қазақстанның батыс бөлігінде қола дәуірінің ескерткіштерін зерттеген О.А.Кривцова – Гракова, Солтүстік Қазақстанды А.М.Оразбаев, Шығыс Қазақстанды С.С.Черников, кейіннен оған А.Г. Максимова қосылған, Солтүстік Қазақстан мен Батыс Қазақстанды В.С. Сорокин, Жетісуды А.Н. Бернштам, К.А.Акишев зерттеп, қола дәуіріне қатысты құнды мәліметтер тапқан.
1.Кадырбаев М.К.,Курманкулов Ж.К., Культура древних скотоводов и металлургов Сары-Арки. - Алма-Ата ,1992 . -247 С.
2.Маргулан А.Х.,Акишев К.А.,Кадырбаев М.К., Оразбаев А.М.Древняя культура Центрального Казахстана. - Алма-Ата: Наука ,1966 . - 432 С .
3.Маргулан А.Х. Бегазы-дандыбаевская культура Центрального Казахстана. - Алма-Ата: Наука ,1979 . -360 С .
4.Теплоухов С.А. Опыт классификации древних металлургических культур Минусинского края // Материалы по этнографии. - Л ,1926. Т.4. Вып.2 .- 156 С .
5.Рыков П.С.Нуринская экспедиция (1933 г) // Проблемы истории материальной культуры.1933. №9-10 . - 135 С .
6.Грязнов М.П.Погребения бронзовой эпохи в Западном Казахстане // Казахи: Антропологические очерки. - Л ,1927. Вып.2 . - 36 С .
7.Оразбаев А.М.Памятники эпохи бронзы Центрального Казахстана // Труды Ин-та истории, археологии и этнографии АН КазССР. - Алма-Ата ,1959. Т.7. Сер.археол. - 210 С .
8.Максимова А.Г.Эпоха бронзы Восточного Казахстана // Труды Ин-та истории, археологии и этнографии АН КазССР. - Алма-Ата ,1959. Т.7. Сер.археол. - 203 С .
9.Черников С.С.Восточный Казахстан в эпоху бронзы // Материалы и исследования по археологии СССР. - Л ,1960. №88 . -196 С .
10.Оразбаев А.М.Северный Казахстан в эпоху бронзы // Труды Ин-та истории, археологии и этнографии АН КазССР. - Алма-Ата ,1958. Т.5. Сер.археол. - 185 С .
11.Зданович Г.Б.Керамика эпохи бронзы Северо-Казахстанской области // ВАУ. - С ,1973.Вып.12 . - 187 С .
12.Сорокин В.С.Могильник бронзовой эпохи Тасты-Бутак 1 в Западном Казахстане // Материалы и исследования по археологии СССР. - М-Л ,1962. №120 . - 257 С .
13.Агеева Е.И., Максимова А.Г.Отчет Павлодарской археологической экспедиции 1955 г //Труды Ин-та истории, археологии и этнографии АН КазССР.1959 Т.7. Сер.археол. - 165 С .
14.Қазақ совет энциклопедиясы. - Алма-Ата ,1975.6 том.- 640 б

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1 . ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚОЛА ДӘУІРІ
1.1. Мәселенің теориялық-методологиялық негіздері
... ... ... ... ... ... ... ..
1.2. Қола дәуіріне жалпы сипаттама
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР МЕН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
Бүгінде Қазақстан өз тарихында күрделі бетбұрыс кезеңін басынан
кешіріп отыр. Республика тәуелсіздік алып, дүниежүзілік қоғамдастық
таныған егеменді мемлекетке айналды. Қазақ халқының , Қазақстан
Республикасының тарихында жаңа дәуір басталды.
Республика бетбұрыс кезеңінде болып жатқан ғаламат өзгерістер
тарих ғылымының алдына көптеген проблемалар қойды. Қазақ халқының төл
тарихының қайта жандандырып, бай мәдени мұраларының жете бағалануы басты
мәселелердің бірі болып табылды.
ХХ ғасырда Қазақстан тарихы жөнінде көптеген еңбектер жарық көрді.
Бірақ тарих саласында негізгі нақты және теориялық қағидалары толығымен
мойындала қойған жоқ . Дегенмен де, бұл еңбектер көне дәуірлерді зерттеу
үшін және өткенге сыни көзбен қарау кезінде қажет болатын нақты тарихи
ақпараттарды берді. Қазіргі таңда Қазақстан тарихының даму кезеңдері
жөнінде жаңа материалдарды жинақтап, оларды Кеңес үкіметі тұсында жазылған
еңбектермен салыстыра отырып, терең тарихнамалық талдаулар жасап, бірқатар
қағидаларды нақтылау жолға қойылып отыр.
Белгілі бір әлеуметтік – экономикалық формацияның дамуына байланысты
адамзат тарихи ұзақ – ұзақ кезеңдерге бөлінеді. Археологияда
кезеңдендірудің өзіндік әдісі жасалған, оған сәйкес адамзат тарихы тас,
қола мен темір және ортағасырлар дәуірлеріне бөлінеді. Көне дәуір
ескерткіштерінің ашылуы, Қазақстанның ежелгі тарихы мен археологиясын жаңа
қырынан алып көрсетуге мүмкіндік береді.
Қазақстанның археологиялық ескерткіштері туралы алғашқы мәліметтер
орта ғасырлардағы ғалымдар мен тарихшылар, географтар мен саяхатшылардың
еңбектерінде кездеседі. Олар өз еңбектерінде өздері тікелей көзімен көрген
немесе өздеріне айту бойынша мәлім болған әдеттен тыс заттар, бейнелер, өз
замандарынан көп бұрын болған қалалар мен қоныстардың жұрттарын, оқиғаларды
айтып кеткен.
Қазақстанның өткендегісін ғылыми зерттеуде І Петрдің көне мұраларға
ұқыпты қарауға, оларды суреттеу мен жинауға әмір берген жарлықтары, сондай-
ақ оның бастамасы бойынша Сібірді және Ресейге іргелес жатқан Қазақстан
жерін зерттеу мақсатымен қолданылған шаралары маңызды рөл атқарды.
Қазан төңкерісіне дейін қазақ халқы тарихының көне дәуірлеріне
айтарлықтай зерттеу жұмыстары жүргізіле қойған жоқ. Болған күннің өзінде
ғылыми сапасы төмен, кездейсоқ табылған көне дәуірлердің құрал –
саймандары жайлы хабарлар ғана.
Қазақстандағы қола дәуірінің зерттелуі – Кеңес үкіметінің кезінде
ғылыми жағынан жүйелі жолға қойылды. Арнайы ұйымдастырылған экспедициялар
қола дәуіріне тән ескерткіштерді ашып, Қазақстан аумағында тарихқа андронов
және беғазы – дәндібай мәдениеті деген атпен енген тайпалар мекендегенін
дәлелдеп берді. Қол дәуіріндегі Қазақстан тарихын зерттеуде бұл
ескерткіштердің маңызы зор. Қола дәуірінің ескерткіштері Қазақстанның төрт
бұрышынан да табылған. Мәселен Орталық Қазақстанды зерттеу үшін
ұйымдастырылған Нұра экспедициясының көрнекті мүшелері П.С.Рыков,
М.И.Артамонов, М.П.Грязнов, К.Арзютов, И.В.Сыницин сияқты ғалымдар
андронов және беғазы – дәндібай мәдениетінің қоныстары мен зираттарын
тауып, зерттеп, қазу жұмыстарын жүргізіп көне дәуір тарихына өз үлестерін
қосты. Қазақстанның батыс бөлігінде қола дәуірінің ескерткіштерін зерттеген
О.А.Кривцова – Гракова, Солтүстік Қазақстанды А.М.Оразбаев, Шығыс
Қазақстанды С.С.Черников, кейіннен оған А.Г. Максимова қосылған,
Солтүстік Қазақстан мен Батыс Қазақстанды В.С. Сорокин, Жетісуды А.Н.
Бернштам, К.А.Акишев зерттеп, қола дәуіріне қатысты құнды мәліметтер
тапқан.

1. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚОЛА ДӘУІРІ
1.1.Мәселенің теориялық-методологиялық негіздері. Тарихымыз бүгінгі
таңда өтпелі кезеңді бастан кешіруде. Маркстік, таптық концепциядан бас
тартып, жаңа тәуелсіз методологиялық принциптерді іздестіруге бас бұрған
отандық тарихымыздың және тарихнамамыздың методологиялық және теориялық
мәселелері аз емес. Осы арада Қазақстан тарихындағы қола дәуірінің
теориялық-методологиялық негіздерін де жеке бір мәселе ретінде қарастыруды
қажет ететіндігін ескере отырып, бұл мәселеге тоқталып өтуді жөн санадық.
Қола - мыстың әр түрлі элементтер (қалайы, алюминий, берилий,
қорғасын, кремний, кадмий, хром т.б) қосылған қорытпасы. Қосылған
элементтердің атына сәйкес қола қалайылы, алюминийлі, берилийлі т.б
аталады. Қоланың түсі әр түрлі. Қышқыл әсерінен жасылдау түстен қою қызыл,
қоңыр кейде қара түске дейін өзгереді. Қола көне заманнан бері әшекейлік
бұйымдар мен мүсіндер құюға пайдаланылып келген. Қоланың балқу
температурасы мыстан төмен әрі берік, өте жақсы құймалық қасиеті бар.
Ерте заманда негізінен қалайылы қола пайдаланылса, орта ғасырларда
күміс қосылған қола кең тараған. Қолаға қосымша әр түрлі элементтер қосу
арқылы сипаттамалары әр қилы қорытпалар алынады. Мысалы, мырыш қоланың
технологиялық қасиеттерін жақсартады әрі оны арзандатады; фосфор қоланың
құймалық қасиетін, қаттылығын, төзімділігін, антифрикциялық қасиеттерін
арттырады, никель қорытпаның түйірлерін ұсақтайды, механикалық
көрсеткіштері мен коррозияға төзімділігін арттырады. Қорғасын мыспен қатты
ерітінді түзбейтіндіктен, қола құрылымында домалақ түйірлер түрінде
кездеседі. Қорғасын қосылған қоланың механикалық қасиеттері нашарлайды,
бірақ құйманың тығыздығы артады, әрі кесіп өңдеу процестері оңайлайды және
антифрикциялық қасиеттері жақсарады.
ХХ ғасырда құрамында қалайы жоқ, бірақ әр түрлі сипаттамалары
қалайылы қоладан тиімді қолалар жасалған. Бұлардың ішінде ең көп тарағаны-
мыс пен алюминийге қосымша түрде никель, марганец, темір т.б. элементтер
қосылған алюминий қолалар.
Қола сонымен қатар өнерде сән және қосалқы өнер бұйымдары мен мүсін
құюда көне заманнан бері қолданылып келе жатқан материал. Қоланың ұнтақтары
ағаштан, сүйектен, қара металдан, гипстен жасалған бұйымдарды әсемдеу үшін
пайдалану арқылы мүсіндердің шағын бөліктеріне дейін нұсқаға дәл етіп құюға
болады 14.592 .
Қола дәуірі - адамзат қоғамындағы тарихи-мәдени кезең. Ол қола
металлургиясының кең қанат жайып,еңбек құралдары мен қаружарақ жасауға
арналған негізгі материалға айналуымен сипатталады. Бұл кезде неолит
дәуірінің мәдениеті дамып, металл игеріле бастады. Адам баласы мысты
энеолит дәуірінде игерген болатын. Оған қарағанда,қоланың қатты әрі берік
болуы құрал-саймандардың сапасын арттырып, еңбек өнімділігін жоғарылата
түсті. Қола дәуірінің мәдениеттері металл кендері көп жерлерде дамыған.
Қола дәуірінің хронологиялық шегі б.з.б. 4-мыңжылдықтың аяғы мен б.з.б.1-
мыңжылдықтың басын қамтиды 15.30 . Ежелгі қола құралдары Оңтүстік Иран,
Түркия мен Месопотамиядан табылды. Кейінірек олар Мысырға (б.з.б.4-
мыңжылдық аяғы),Үндістанға (б.з.б.3-мыңжылдық соңы), Қытайға (б.з.б.2-
мыңжылдық ортасы) және Еуропаға, Қазақстанға (б.з.б.2-мыңжылдық) тарады.
Қола дәуірінің Америкада өз тарихы бар. Мұнда металлургия орталығы Перу мен
Боливия жерінде болды. Африкадағы қола дәуірі туралы мәселе археологиялық
зерттеулердің жеткіліксіздігіне байланысты әлі толық шешілмей келеді.
Қола дәуірінде Азияда бұрын қалыптасқан қала мәдениеті (Месопотамия,
Элам, Мысыр, Сирия) одан әрі дами түсті және жаңа мәдениеттер (Үндістанда-
Хараппа, Қытайда-Инь) қалыптасты. Мұндай жағдай Еуропада да байқалды. Қала
жұрттары, сарайлар, жергілікті жазу,т.б. деректер Еуропадағы өзіндік мәдени
орталық еді. Бұл дәуірде кен қорына бай кавказдың маңызы зор болды. Ол
Шығыс Еуропаның далалық аудандарын мыс бұйымдарымен жабдықтайтын
Еуразиядағы ең ірі металлургия орталықтарының біріне айналды.
Қазақ жерін сол тұста мекендеген тайпалардың осы кезеңдегі
мәдениеттері қола дәуірі ескерткіштері алғаш ашылған жерлердің атымен
-Андрон мәдениеті, Беғазы-Дәндібай мәдениеті деп аталған. Андронов
мәдениеті - б.з.б. 2-мыңжылдықтың басында Батыс Сібір мен Қазақстанды
мекендеген тайпалардың мәдениеті. Оған жататын археологиялық мұралар алғаш
1914 жылы Ачинск қаласы маңындағы Андронов деревнясының қасынан
табылған.Андронов мәдениеті деп аталу себебі осыдан 16.502 .
Ал Беғазы-дәндібай мәдениеті қола дәуірінің соңғы кезеңінде (б.з.б.9-
8 ғғ.) Қазақстан жерінде өркендеген мәдениет болып саналады. Көне заманның
жойқын белгілері әсіресе Беғазы тауының бір тармағында (Беғазыбұлақ,
Қаратал) сақталғандықтан ,Беғазы-дәндібай мәдениеті деп аталған.Беғазы-
дәндібай мәдениетінің ерекшелігі ескі қола мәдениеттің түрлері өзгеріп,
соның негізінде оған ұқсамайтын жаңа мәдениет түрлері қалыптасқан 17.226.
Енді мәселенің методологиялық негіздеріне келейік. Методолгогиялық
мәселелердің дұрыс қойылуы ғылымда оқиғалар мен құбылыстарды объективті
түрде терең зерттеуге жол ашады. Маркстік-лениндік методологияның ескіруіне
байланысты бұл мәселе өзекті бола түседі. Кеңестік тарихи зерттеулерде
идеялық-методологиялық бағытқа баса назар аударылды. Методология тарихнама
саласындағы кез келген жұмыстың айқындаушысы және жетекші арқауы деп
саналды. Бірақ кеңістік кезеңде методология мен философия, методология мен
теория, методология мен методика ұғымдары және олардың ұқсастықтары мен
айырмашылықтары, өзара байланысының дәрежесі туралы пікірталастар жүрді,
олардың мәні айқын,анықтамасы нақты болмады. Барлық қоғамдық ғылымдар
үшін дүние тану теориясы мен методы деп жарияланған тарихи материализм
ғылым бола тұрып, мұнымен бірге жұмысшы табының мүдделерін тікелей
білдіреді. Бұл мағынасында олпартиялық ғылым деп көрсетілді. Бұл
партиялық ғылымның басты қағидаларының бірі қоғамдық-экономикалық
формация ұғымы негізінде, белгілі бір қоғамдық құрылысты жеке зерттеу ғана
оның ішкі мәнін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді делінген 18.13 .
Т.Омарбеков көрсеткендей кезінде жоғарыдан берілген идеологиялық
нұсқаумен жазылып келген, таптық және партиялық принциптерді басшылыққа
алған тарихымыз шын мәнінде халықтың тарихы болудан ғөрі партияның тарихы
болуға күш салды, ал бұл тарихымызды сарай тарихына айналдыратын жол еді.
Оның үстіне біздің тарихымыз маркстік-лениндік бес қоғамдық-экономикалық
формация іліміне табан тіреп арқа сүйеген тарихқа айналды 19.17 .
Ал енді бүгінгі егеменді Қазақстан маркстік-лениндік методологиядан
бас тартып, қазақ халқы ұлттық жаңару, топтасу процесін бастан кешіп,ұлттық
мемлекетіне қол жеткізген тұста өз тарихымызды жазудың жаңа методологиялық
принциптерін қалыптастырудың маңызы арта түсуде.Алайда тарихнаманың мұндай
күрделі мәселесімен бас қатырып жүрген зерттеушілеріміз саусақпен
санарлықтай ғана.
Археологиялық зерттеулердің нәтижесінде зерттеушілер қола дәуіріндегі
Қазақстан тарихына қатысты ғылыми дәрежесі жоғары көптеген еңбектер жазып
қалдырғанмен, оларға тарихнамалық талдаулардың жасалмағандығы мәселенің
методологиясын ашуда қиындықтар туғызып отыр. Дегенмен зерттеушілер қола
дәуірін кезеңдеуге байланысты методологиялық принциптерді қалыптастыруда
біршама еңбектенген.
Жалпы Қазақстандағы қола дәуірін үш тарихи кезеңге бөліп қарастыруға
болады деп ойлаймыз. Олар:алдыңғы кезең (б.з.б XVIII-XVI ғғ.), ортаңғы
кезең (б.з.б XV-XII ғғ.), соңғы кезең (б.з.б XII-VII ғасырдың басы).
Андронов мәдениеті қола дәуірінің алдыңғы және ортаңғы кезеңіне, ал Беғазы-
Дәндібай мәдениеті соңғы кезеңіне тұстас келеді.Андронов мәдениетінінің
ескеркіштерін кезеңдеуге бөліп ,топтастыруды бастаған С.А.Теплоухов 4
болды. Ол андронов мәдениетінің уақытын б.з.б. ІІ мыңжылдықтың 1-ші жартысы
және б.з.б. І мыңжылдықтың басы деп көрсеткен. 1930 жылы М.П.Грязнов қола
дәуірінің мәдениетін алдыңғы, ортаңғы, соңғы деп үш кезеңге бөлген.
Автордың ойынша алдыңғы қола дәуірі, Минусинск далаларынан бастап
Қазақстанның далалық аймақтарын, Батыс және Шығыс Сібірді қамтыған. Ал қола
құралдары екінші кезеңде пайда болған. Үшінші кезеңде, қатпарлы пышақтар
және біздер пайда болған 20.158-162 .
1948 жылы К.В.Сальников андронов мәдениетінің үш сатылы кезеңдеуін
ұсынды. Ол мынандай үш кезеңге бөлген:федоров (б.э.д.2 мыңыншы жыл), алакөл
(б.э.д. 11-9 ғғ.), замараев (б.э.д. 8-7 ғғ.). Кейіннен жаңа мәліметтер
бойынша бұл хронологияға мынандай түзетулер енгізген: 1кезең, федоров -
б.э.д.18-16 ғғ.; 2 кезең, алакөл - б.э.д.15-12 ғғ; 3 кезең, замараев -
б.э.д.12-8 ғғ 1.10 .
Ғалымдар арасында тарихты жазуда екі түрлі бағыт қалыптасқан.
Алғашқы бағыт формациялық бағыт, яғни әлі де бес қоғамдық-экономикалық
формациялардан толық бас тартпау бағыты. Екінші, жаңа бағыт өркениеттілік
көзқарасты ұстанған 19.18 .Тарих ғылымдарының профессоры Т.Омарбеков
монографиясында тарихымызды жазу ісінде қоғам дамуына өркениетті көзқарасты
басшылыққа алуымыз қажет дей келе С.Е.Десницкий тәрізді ғұламалар ұсынған
өркениетті көзқарастарға ерекше тоқталған. Еңбекте С.Е.Десницкийдің
көзқарасы былай көрініс тапқан: Орыстың XVIII ғасырдың екінші жартысындағы
үлкен ағартушыларының бірі С.Е.Десницкий бүкіл адамзат тарихын мынадай төрт
кезеңге бөлді: жабайылық; бақташылық; диханшылық; сауда-саттық.
Т.Омарбеков бүгінгі сауда-саттық, яғни нарық кезеңін ең жоғарғы саты
ретінде қарастырып отырған Қазақстан қоғамының бүгінгі және өткені шынында
да С.Е.Десницкийдің тарихи даму сатыларымен үндесіп жатыр деген 19.19 .
Ғалым тарихымызды жазуда таптық және бес формациялық принциптерден
бас тартып, өркениеттілік көзқарасты қабылдауда қандай методологиялық
негізгі принципті басшылыққа алу керектігін айқындауда ресейлік
әріптестерінің пікірлерін көрсеткен. Мәселен, олар тарихты жаңаша жазуда
Тарих-адам қызметі деген методологиялық принципті басшылыққа алуды
ұсынған. Осыған орай Т.Омарбеков Тарих-адам қызметіпринципі сонымен қатар
саяси, географиялық, ұлттық этностық, жалпыадамзаттық көзқарастың бәрін
аясына сиғызып жіберетін түсінік және бұл принцип бізді маркстіклениндік
аурулардан айықтыруы мүмкін деп баяндайды. Дегенмен, бұл қағида ұлттық
санамызды көтеруге, ұлттық мемлекетімізді нығайтуға тікелей қызмет ете
алады ма деген мәселені алдыға тарып,осыны ойластыруды жөн санаған. Осы
арада ғалым бүгінгі Қазақстанда қалыптасқан көпұлтты ахуал бұл қағиданы
нақтырақ етіп Қазақстан тарихы-қазақ халқының тарихы деп ықшамдап алуға
мүмкіндік бере қоймайтындығын айтқан. Сондықтан республика тарихын шынайы
жазуда республикадағы өзімізден басқа этностар тарихын да жазуды назарда
ұстау керектігін ескерткен 19.20 .
Методологиялық мәселелердің кешегісі мен бүгінгісі жөніндегі өзекті
мәселелер тарих ғылымдарының профессоры О.Х.Мұхатованың диссертациясында да
орын алған. Зерттеуші методологияның анықтамасын беруде ресейлік
тарихшылардың пікірлеріне сүйенуді жөн деп тапқан. Оның себебін
методологиялық зерттеулерде ресейлік тарихшылардың біршама белсенділік
танытып, дәйекті көзқарастар білдіргендігімен түсіндіреді. Мәселен,
В.В.Журавлевтың мынандай тұжырымын келтіреді: ...тарихи зерттеу
методологиясы-бұл тарихи білімді дүниеге келтіру және олардың принциптерін
реттеу. Методология бұл тұста ғалымның қарамағындағы малай немесе құлдық
ұруды талап ететін патша емес. Яғни методологияны не істесем де өзім
білемін деген принципті ұстанып, оны біржақты дәріптеуге немесе елеусіз
қалдыруға болмайды. Нағыз тарихшы ең алдымен өмір бойы методологиялық
жағынан жетіледі. Ол ғылымда жинақталған методологиялық қазынамен бірге
өседі, ал соңғысы ғалымның күш-қайратының арқасында молаяды 26.17
.Сонымен қатар Л.М.Спириннің: Методология белгілі бір мәселені зерттеудің
ғылыми әдістемелері. Тарих ғылымындағы зерттеу тәсілдері мен жолдары, яғни
нақтырақ айтсақ методология математикадағыдай дайын формула емес, ол өзін
теориялық жетілдіруді және үздіксіз ізденістер арқылы қалыптастыруды талап
етеді. Методологиялық негіз оъективті,тарихи принциптерді басшылыққа алып,
шынайы деректерге сүйеніп, салыстырмалы зерттеу жүргізу барысында
зерттеушілердің ой-пікір түйіндеуі нәтижесінде қалыптасады. Принциптер
дегеніміз - ғылымның негізгі, жетекші ұғымдары. Олар тарихтың объективті
заңдарын оқып-үйренуден туындайды, соның нәтижесі ретінде саналады және осы
мағынада заңдылықтар іспеттес болады деген пікіріне тоқтала
отырып,зерттеуші өз тарапынан заңдылық пен принциптердің айырмасын
көрсетеді. Оның көрсетуінше заңдылықтар объективті түрде зерттеушіден тыс
әрекет етеді, ал принциптер-логикалық категория болып саналған 26.18 .
Кеңес дәуіріндегі тарих ғылымындағы маркстік-лениндік тарихилық,
партиялық, объективтілік принциптері кеңінен қолданылды.
О.Х.Мұхатованың ойынша кеңес одағының күйреуі және оның әкімшіл-
әміршіл жүйесінің ыдырауына орай ондаған жылдар бойы ғылымда, соның ішінде
тарих ғылымында үстемдік еткен маркстік-лениндік методология дағдарысқа
ұшыраған. Автор жоғарыда біз көрсетіп кеткен методологиялық принциптердің
жаңа бағытта зерттеу жұмыстарын жүргізуде барлығы бірдей қолданыла
бермейтіндігін айтқан. Мәселен, партиялық принциптін тарихи оқиғалар мен
құбылыстарды зерделеуде жарамсыз деп тапқан. Мұның себебін кез келген
тарихи процесті әлеуметтік, таптық тұрғыда қарастырып,партиялық принципте
баға беру біржақты пікір, тұжырым түйіндеуге негіз қалайтындығымен
түсіндіреді 26.20 . Бұл пікір қолдауға тұрарлық. Себебі тарихымызды
белгілі бір әлеуметтік топтың немесе таптың мүддесін қорғай отырып жазу
үлкен қателікке ұрындырады. Бүгінгі таңда бұл мәселеге біз толық көз
жеткізіп отырмыз. Сондықтан тарихилық және объективтік принциптердің тарихи
оқиғалар мен құбылыстардың шынайылығын көрсетуде маңызы артып отыр. Сонымен
қатар заман талабына сай ұлттық принциптер мен құндылықтар басшылыққа
алынуы қажет. Біз қола дәуіріндегі Қазақстан тарихының тарихнамасын
талдауда тарихилық және объективтік принциптерге сүйендік.

1.2. Қола дәуіріне жалпы сипаттама. Неолит дәуірінде – ақ байқала
бастаған шаруашылық өзгерістері б.з.б ІІ мыңжылдықта малшылық – егіншілік
экономикасы мен жоғарғы дамыған металлургияның қалыптасуына жеткізді.
Өндіруші тұрпаттағы экономикаға көшу Қазақстан аумағындағы бүкіл жағдайды
түбірінен өзгертті. Қоныстарын жиі өзгертетін, жігерлі пысық малшы тайпалар
ұлан – байтақ және қуатты бірлестіктер құрды; бұлардың қалыптасуында соғыс
қақтығыстары едәуір рөл атқарды. Қару енді жаб,айы хайуандарды аулау үшін
ғана емес, сонымен қатар тайпалар арасындағы қақтығыстарда да жиі
пайдаланылатын болды. Қару жасау бірте – бірте металл өңдеудің дербес
саласына айналды.
Археологиялық материалдар бойынша, андронов тұрпатты ескерткіштер
қалдырған далалық малшы – егінші тайпалардың мәдени ортақтығы жақсы мәлім.
Барлық жергілікті өзгешеліктеріне қарамаста, ұлан – байтақ аумаққа тараған
бұл тайпалар неолит дәуіріндегі тайпалық ала – құлалықты айқын мәдени
біркелкілік ауыстырғанын көрсетті .
Қола дәуіріндегі қоғамның ілгері басуы екі факторға байланысты.
Олардың бірі – жаңа дәуірді белгілеген фактор палеометалдардың өндірістік
жолмен игерілуі болды .
Б.з.б. ІІ жыңжылдықтың ортасында қазақстан тайпалары қола бұйымдар
жасау ісін меңгерді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қола дәуiрі ескерткіштері
Қазақстандағы қола дәуірінің археологиялық ерекшеліктері
Тас және қола дәуірлері кезеңіндегі Қазақстан
Қазақстан жеріндегі тас дәуірі, қола дәуірі, темір дәуірі
Шығыс Қазақстандағы қола дәуірінің тарихнамасы
Қола дәуірінің тарихнамасы
Қазақстандағы ежелгі қола және тас дәуірі
Орталық Қазақстанда Нұра кезеңі
Әуелгі қола мәдениеті
Қазақстандағы қола дәуірінің ауқымында жазылған ғылыми еңбектер мен мақалалардағы авторлардың ойларын, тұжырымдарын, қорытындыларын тарихнамалық тұрғыдан талдай отырып қола дәуірінің зерттелу деңгейін анықтау
Пәндер