Бюджет жүйесі туралы



I Кіріспе


II Негізгі бөлім:
Бюджет жүйесінің экономикалық мазмұны
Бюджет процесінің негізгі кезеңдері
Бюджеттік жоспарлау
Қазақстандағы бюджеттік бағдарламалау ерекшеліктері


III Қорытынды


Пайдаланылған әдебиет тізімі
Мемлекетті мемлекет деп тану үшін ең алдымен оның халқы, жері, әскері, тілі, салт-дәстүрі (ұлттық ерекшелік), басқаратын органдары мен Президенті болуы қажет. Халық, жер, тіл, салт-дәстүр (ұлттық ерекшелік) мәселелерін жетілдіруді, жағдайын жақсартуды, бар ниетімен жетілдіруге ұмтылатындар болып мемлекеттік органдар мен Президент саналады. Сондықтан да Мемлекеттік органдар өздерінің қызметтерін жүзеге асыру үшін басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы мақсатпен әр елде аймақтардың шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір әкімшілік-территориялық бірліктерді абаттандыруды, заң шығарушы билікті, басқару аппаратын ұстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін олардың ақша ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттер тармақтарының желісі құрылады.
Міне осы мемлекеттің қаржысын қалыптастыру, пайдалану, бақылау Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінде тұйықталған. Ағымдағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес бюджет жүйесінің құрылымы республикалық бюджеттен, жергілікті бюджеттен, Ұлттық қордан және Қазақстан Республикасының Президенті төтенше жағдайды жариялағанда, төтенше мемлекеттік бюджеттен тұрады. Сонымен қатар бюджет жүйесінің негізгі қағидалары болып бірлік, толықтық, реалистік, транспаренттілік, дәйектілік, тиімділік және нәтижелілік, басымдық, жаупкершілік, дербестік саналады және олар бүкіл мемлекеттік бюджет механизмін жүзеге асыратын құрал болып табылады.
1. Жуйриков К.К. Бюджет: составление, утверждение, исполнение. Учебное пособие. Алматы: 2003г.
2. Қ.Қ. Ілиясов, С. Құлпыбаев Қаржы. Оқулық. – Алматы: 2005ж
3. Елубаева Ж.М. Бюджетная система Республики Казахстан: теория, практика и направления развития.– Алматы: 2004г.
4. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (10.01.2006 жыл бойынша өзгертулер мен толықтырулармен бірге)
5. Қазақстан Республикасының Конституциясы – Алматы: Қазақстан, 2000ж.
6. «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы Заңы.
7. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) – Алматы: ЮРИСТ, 2005ж.
8. «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылдың 16 мамырдағы Заңы.
9. «Бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауды жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Респуьликасы Үкіметінің 2004 жылдың 21 шілдедегі №779 Қаулысы.
10. Н.Ә. Назарбаев Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына Жолдауы. Астана: 2005ж.
11. Ж.Елубаева Казахстан и стандарты прозрачности бюджетной системы//Қаржы-қаражат, №2, 2004ж
12. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің бюллетені, №7, Астана – 2005ж.
13. Н.Ә. Назарбаев Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Астана: 2006ж.
14. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп Комитетінің Бюллетені. №4, Астана – 2005ж.
15. Интыкбаева С.Ж. Фискальная политика и ее роль в обеспечении устойчивого развития экономики Казахстана. –Алматы:2002г.
16. Ж. Елубаева, А. Нуржигитов Оценка эффективности бюджетных программ: новые инструменты//Қаржы-қаражат, №6, 2005г.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
I Кіріспе

II Негізгі бөлім:
• Бюджет жүйесінің экономикалық мазмұны
• Бюджет процесінің негізгі кезеңдері
• Бюджеттік жоспарлау
• Қазақстандағы бюджеттік бағдарламалау ерекшеліктері

III Қорытынды

Пайдаланылған әдебиет тізімі

КІРІСПЕ

Мемлекетті мемлекет деп тану үшін ең алдымен оның халқы, жері, әскері,
тілі, салт-дәстүрі (ұлттық ерекшелік), басқаратын органдары мен Президенті
болуы қажет. Халық, жер, тіл, салт-дәстүр (ұлттық ерекшелік) мәселелерін
жетілдіруді, жағдайын жақсартуды, бар ниетімен жетілдіруге ұмтылатындар
болып мемлекеттік органдар мен Президент саналады. Сондықтан да Мемлекеттік
органдар өздерінің қызметтерін жүзеге асыру үшін басқарудың барлық
деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы мақсатпен әр елде
аймақтардың шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір әкімшілік-
территориялық бірліктерді абаттандыруды, заң шығарушы билікті, басқару
аппаратын ұстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін олардың ақша
ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттер тармақтарының желісі
құрылады.
Міне осы мемлекеттің қаржысын қалыптастыру, пайдалану, бақылау
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінде тұйықталған. Ағымдағы Қазақстан
Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес бюджет жүйесінің құрылымы
республикалық бюджеттен, жергілікті бюджеттен, Ұлттық қордан және Қазақстан
Республикасының Президенті төтенше жағдайды жариялағанда, төтенше
мемлекеттік бюджеттен тұрады. Сонымен қатар бюджет жүйесінің негізгі
қағидалары болып бірлік, толықтық, реалистік, транспаренттілік, дәйектілік,
тиімділік және нәтижелілік, басымдық, жаупкершілік, дербестік саналады және
олар бүкіл мемлекеттік бюджет механизмін жүзеге асыратын құрал болып
табылады.

Бюджет жүйесінің экономикалық мазмұны

Дамыған елдердің шаруашылық механизмдерінің маңызды құрама бөлігі
болып мемлекеттік қаржы саналады. Ал сол елдің мемлекеттік қаржысының
негізін мемлекеттік бюджет құрайды. Мемлекеттік бюджет – ол мемлекеттің
орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық
қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық
өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық
өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын ақша қатынастарын
білдіреді. Бюджеттердің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығыстарын
қалыптастыру, оларды теңдестіру процесінде заңмен реттеліп отыратын белгілі
бір қаржылық өзара қарым-қатынастар пайда болады. Осы элементтердің барлығы
– бюджет жүйесін ұйымдастыру мен құрудың қағидаттары, оның буындарының
өзара қатынастары мен байланысының ұйымдық нысандары бюджет құқықтарының
жиынтығы – бюджет құрылымын құрайды.
Дүниежүзінің әр түрлі елдерінде бюджет құрылымы мемлекеттің
құрылысына, аумақтық-әкімшілік бірлігіне, экономиканың даму деңгейіне және
нақтылы мемлекеттің басқа айрықша белгілеріне байланысты өзгешіліктермен
ерекшеленеді.
Бюджет құрылымында басты орынды бюджет жүйесі алатындығы баршаға
мәлім, бірақ сол бюджет жүйесінің нақты түсінігіне теоретик ғалымдардың
беретін анықтамалары әр түрлі.
П.Н. Шуляк, Н.П. Белотелов, Г.М. Колпаков деген Ресей экономист
ғалымдардың ойынша, елдің бюджет жүйесі – бұл экономикалық қатынастар мен
құқықтық нормаларға негізделіп, жалпыланған бюджеттер мен бюджеттік емес
қорлар жиынтығы.
К.К. Ілиясов, С. Құлпыбаев деген ғалымдардың еңбектерінде бюджет
жүйесі – экономикалық қатынастар мен құқықтық нормаларға негізделген түрлі
деңгейлер бюджеттерінің, сонымен бірге бюджет үрдісі мен қатынастарының
жиынтығын білдіреді.
Бюджет жүйесі – үкіметтің бүкіл өндіріс пен қайта бөлу үрдісіне
ауқымды әсер ететін құралы. Мұнда бюджет жүйесі фискалдық, экономикалық
реттеу және табыстарды біркелкілеу қызметтерін атқарады.
Еліміздің бюджет жүйесі бюджет құрылымының унитарлы типімен
анықталады.
Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексіне сәйкес бюджет жүйесi –
бюджеттердiң және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, сондай-ақ
бюджеттiк процестер мен қатынастардың жиынтығы.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі экономикалық қатынастарға және
тиісті құқықтық нормаларға негізделген әр түрлі деңгейлерді қамтиды. Олар:
республикалық бюджет;
облыс бюджеті, республикалық маңызы бар қала бюджеті, Астана бюджеті;
Қазақстан Республикасында Бюджет кодексімен белгіленген жағдайларда
төтенше мемлекеттік бюджет құрастырылып, бекітілуі мүмкін (1-сызба).

1-сызба. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі

Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінің басты бөлігі
республикалық бюджетте шоғырланған.
Республикалық бюджет – бұл Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінде
көрсетілген салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және
орталық мемлекеттік органдардың, оған бағынышты мекемелердің қызметтері мен
мақсаттарын қаржылық қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясаттың жалпы
республикалық бағыттарын жүзеге асыруға бағытталған Қазақстан
Республикасының заңымен сәйкес қаржы жылына бекітілген орталықтандырылған
ақша қоры.
Жергілікті бюджеттерге (әкімшілік-аймақтық бірліктердің бюджеттері) –
облысытық бюджеттер, қалалардың (республикалық маңызы бар қала), Астана
бюджеті, аудан бюджеті (облыстық маңызы бар қала бюджеті) жатады.
Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала бюджеті, Астана бюджеті
– бұл Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінде көрсетілген салықтық
және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және облыстық деңгейдегі,
республикалық маңызы бар қаланың, Астананың жергілікті мемлекеттік
органдарды, оған бағынышты мекемелер қызметтері мен мақсаттарын қаржылық
қамтамасыз етуге және сәйкес әкімшілік-территориялық бірліктің мемлекеттік
саясат бағыттарын жүзеге асыруға бағытталған аудан (облыстық маңызы бар
қала) мәслихатының сәйкес қаржы жылына бекіткен орталықтандырылған ақша
қоры.
Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті – бұл Қазақстан
Республикасының Бюджет кодексінде көрсетілген салықтық және басқа да
түсімдер есебінен қалыптастырылатын және ауданның (облыстық маңызы бар
қаланың) мемлекеттік органдар, оған бағынышты мемлекеттік мекемелер
қызметтері мен мақсаттарын қаржылық қамтамасыз етуге және сәйкес ауданда
(облыстық маңызы бар қалада) мемлекеттік саясат бағыттарын жүзеге асыруға
бағытталған аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының сәйкес қаржы
жылына бекіткен орталықтандырылған ақша қоры.
Бюджет жүйесінің қызмет етуі бюджеттердің әр түрлі деңгейлерінің өзара
байланысына негізделеді және оларды әзірлеу, қарау, бекіту, атқару, бақылау
тәртібімен, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы
туралы есеппен қамтамасыз етіледі.

Бюджет процесінің негізгі кезеңдері

Жүйелі түрде қарастыратын болсақ бюджет процесі бірнеше кезеңдерден
өтеді.
Бірінші кезең. Бюджеттердің жоспарлануы.
Бюджеттi жоспарлау жоспарланып отырған кезеңге арналған бюджет
түсiмдерiнiң көлемiн және басымдықты ескере отырып, мемлекеттiң әлеуметтiк-
экономикалық даму мiндеттерiне сәйкес оларды пайдалану бағыттарын айқындау
жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу процесi болып табылады.
Екінші кезең. Бюджеттер жобасының қабылдануы.
Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның
жобасын әзiрлеу.
Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның
жобасын Қазақстан Республикасының Үкiметi жоспарланып отырған жыл алдындағы
жылдың 1 қыркүйегiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Парламентiне
енгiзедi. Сонымен қатар Үкiмет алдағы қаржы жылына арналған республикалық
бюджет туралы заңның жобасымен бiр мезгiлде мынадай құжаттарды және
материалдарды табыс етеді:
1) әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмді жоспары;
      2) алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдi фискалдық саясат;
      3) республикалық бюджеттiк бағдарламалар паспорттарының
жобалары;
      4) республикалық бюджеттiң түсiмдерi бойынша негiздемелер мен
болжамдық есептер;
      5) соңғы есептiлiк күнгi жағдай бойынша мемлекеттiк және
мемлекет кепiлдiк берген борыштың жайы туралы деректер;
      6) алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасында
негiзге алынған шешiмдердi ашып көрсететiн түсiндiрме жазба.
Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Республикалық
бюджеттiк комиссия қабылдаған шешiмдердiң негiзiнде алдағы қаржы жылына
арналған республикалық бюджет жобасының түпкiлiктi нұсқасын жасап, оны
Республикалық бюджеттiк комиссияның қарауына енгiзедi.
Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының түпкiлiктi
нұсқасын қарау және айқындау жоспарланып отырған қаржы жылының алдындағы
жылдың 1 тамызынан кешiктiрiлмей аяқталады.
Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының
мәтiнiнде:
1) алдағы қаржы жылындағы республикалық бюджет кiрiстерiнiң,
шығындарының, операциялық сальдосының, таза бюджеттiк кредит беруiнiң,
қаржы активтерiмен жүргiзiлетiн операциялар бойынша сальдосының,
тапшылығының (профицитiнiң), тапшылығын қаржыландырудың (профициттi
пайдаланудың) көлемдерi;
      2) жалақының, зейнетақының, айлық есептiк көрсеткiштiң ең
төменгi мөлшерi;
      3) жергiлiктi бюджеттерден республикалық бюджетке бюджеттiк
алып қоюлар көлемi;
      4) республикалық бюджеттен жергiлiктi бюджеттерге берiлетiн
бюджеттiк субвенциялар көлемi;
      5) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң резервi мөлшерi;
      6) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерi бойынша
мiндеттемелердi орындау сомасы;
      7) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктер беру
лимитi;
      8) үкiметтiк борыш лимитi;
      9) басқа да ережелер болуға тиiс.
Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган облыстың,
республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттiк комиссиясы қабылдаған
шешiмдерi негiзiнде тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджет,
республикалық маңызы бар қала, астана бюджетi жобасының түпкiлiктi нұсқасын
жасап, оны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттiк
комиссиясының қарауына енгiзедi.
Алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар
қала, астана бюджетi жобасының түпкiлiктi нұсқасын қарау және айқындау
жоспарланып отырған қаржы жылының алдындағы жылдың 15 қыркүйегiнен
кешiктiрiлмей аяқталады.
Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган ауданның
(облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясы қабылдаған шешiмдер
негiзiнде тиісті қаржы жылына арналған ауданның (облыстық маңызы бар
қаланың) бюджетi жобасының түпкiлiктi нұсқасын жасап, оны ауданның
(облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
Алдағы қаржы жылына арналған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)
бюджетi жобасының түпкiлiктi нұсқасын қарау және айқындау жоспарланып
отырған қаржы жылының алдындағы жылдың 1 қазанынан кешiктiрiлмей аяқталады.
Шешiм жобасының мәтiнiнде келесідей ережелер көрініс табуы қажет:
      1)алдағы қаржы жылына арналған бюджет кiрiстерiнiң,
шығындарының, операциялық сальдосының, таза бюджеттiк кредит беруiнiң,
қаржы активтерiмен жүргiзiлетiн операциялары бойынша сальдосының,
тапшылығының (профицитiнiң), тапшылығын қаржыландырудың (профициттi
пайдаланудың) көлемдерi;
      2) жергiлiктi атқарушы органның резервi мөлшерi;
      3) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiнен облыстық
бюджетке бюджеттiк алып қоюлары көлемi және т.б.
      Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетi туралы шешiмнiң
жобасына мынадай деректер бірге тіркеледі:
      1) Тиiстi қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала)
бюджетiнiң жобасы қоса тiркеледi. Бұл ретте түсiмдер санаттар, сыныптар
және iшкi сыныптар бойынша баяндалады, ал шығыстар функционалдық топтар,
бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi және бюджеттiк бағдарламалар бойынша
баяндалады. "Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профициттi пайдалану)" бөлiмi
жалпы сомамен ұсынылады;
      2) бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iске асыруға
және заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға
бағытталған бюджеттік бағдарламаларға бөлiнген, аудан (облыстық маңызы бар
қала) бюджетiнiң бюджеттiк даму бағдарламаларының тiзбесi;
      3) тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттi атқару
процесiнде секвестрлеуге жатпайтын, соның iшiнде тиiстi қаржы жылына
арналған облыстық бюджеттiң бекiтiлгенi туралы облыстық мәслихаттың
шешiмiмен белгiленген бюджеттiк бағдарламалар тiзбесi;
      4) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн сатудан аудан
(облыстық маңызы бар қала) бюджетiне түсетiн түсiмдер көлемi;
      5) әрбiр қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң,
ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң бюджеттiк бағдарламалары және
т.б.
      Тиісті қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала)
бюджетiнiң жобасын бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган
ағымдағы жылдың 15 қазанынан кешiктiрмей ауданның (облыстық маңызы бар
қаланың) жергiлiктi атқарушы органына қарауға табыс етедi.   
Үшінші кезең. Бюджеттердің атқарылуы мен нақтылануы.
Бюджетке түсімдердің түсуін, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын
қамтамасыз ету, сондай-ақ бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті
пайдалану) жөніндегі іс шаралар кешенін орындау бюджеттің атқарылуы болып
табылады.
Мынадай жағдайларда – бюджет түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын
ұлғайтуды көздейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері
қабылданған немесе өзгертілген және бюджетті атқару барысында бюджет
түсімдері олардың бекітілген жылдық көлемінен он пайыздан астам сомаға
төмендеген жағдайларда міндетті түрде бюджетті нақтылау жүргізіледі.
Республикалық немесе жергілікті бюджетті нақтылауға бюджеттің
кірістері жөніндегі жылдық жоспар қаржы жылының бірінші тоқсанының
қорытындылары бойынша кем дегенде отыз пайызға немесе бірінші жарты
жылдығының қорытындылары бойынша алпыс пайызға және үш тоқсанның
қорытындылары бойынша сексен пайыздан астам орындалған жағдайда жол
беріледі.
Бюджетті атқару кезінде бекітілген бюджетке түсетін түсімдер
қысқартылған, соның нәтижесінде бекітілген бюджеттік бағдарламаларды толық
көлемде қаржыландыру мүмкін болмайтын жағдайда секвестр – бюджет
қаражаттарын жұмсауға белгілі бір шектерде тиым салуды көздейтін арнайы
тетік енгізіледі.
Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда немесе
жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімінде секвестрлеуге жатпайтын
республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі
белгіленеді.
Бюджеттік бағдарламаларды олардың бекітілген жылдық көлемінің он
пайызынан кем сомаға секвестрлеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе
жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша, ал он пайыздан астам сомаға
секвестрлеу заңның немесе мәслихат шешімінің негізінде жүзеге асырылуы
мүмкін.
Бюджеттік бағдарламалар қысқартылған жағдайда олардың басымдығы мен
әлеуметтік бағыттылығы ескеріледі.
Төртінші кезең. Бюджеттердің атқарылуы туралы есеп.
Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп бекітілген,
нақтыланған, түзетілген республикалық бюджеттің кассалық атқарылуын
көрсетеді.
Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепке түсіндірме
жазба мен түсімдер бойынша атқарылуы туралы, сондай-ақ республикалық
бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауды қоса алғанда, олардың іске
асырылуы туралы талдамалық есеп қоса тіркеледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын ағымдағы жылдың 1
мамырынан кешіктірмей республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық
есептік қосымшаларымен бірге Қазақстан Республикасының Парламентіне және
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне табыс
етеді.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті
бюджеттік қатынастарды реттеу саласында республикалық бюджеттің атқарылуына
сыртқы бақылауды жүргізу тәртібін белгілейді, ішкі бақылау жөніндегі
орталық уәкілетті органмен бірлесіп мемлекеттік қаржы бақылауының
стандарттарын әзірлейді, сондай-ақ оларды бекітеді және олардың сақталуына,
республикалық бюджеттің және төтенше мемлекеттік бюджеттің атқарылуына,
бақылау іс-шараларының қорытындылары бойынша қабылданған шешімдердің
орындалуына бақылауды және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге
де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Бюджеттік жоспарлау

Бюджеттік жоспарлау – мемлекеттің қаржы саясатының талаптарына
бағындырылған қаржылық жоспарлаудың маңызды құрама бөлігі. Мұндай
жоспарлаудың экономикалық мәні елдің жалпыұлттық әлеуметтік-экономикалық
дамуы негізінде түрлі деңгейдегі бюджеттерді жасау мен олардың атқарылуы
процесінде бюджет жүйесінің буындары арасында қоғамдық өнімнің құны мен
ұлттық табысты бөлу және қайта бөлуде болып отыр. Бюджеттік жоспарлау
барысында қаржы елдің дамуының мемлекеттік бағдарламасының экономикалық
және сапалық көрсеткіштеріне және табиғи, материал, еңбек және қаржы
ресурстарына белсенді ықпал жасайды.
Бюджеттiк жоспарлау жоспарланып отырған кезеңге арналған бюджет
түсiмдерiнiң көлемiн және басымдықты ескере отырып, мемлекеттiң әлеуметтiк-
экономикалық даму мiндеттерiне сәйкес оларды пайдалану бағыттарын айқындау
жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу процесi болып табылады.
Бюджет бiр қаржы жылына жоспарланады. Кезектi қаржы жылына арналған
бюджеттiң жобасымен бiр мезгiлде алдағы үш жылдық кезеңге арналған
бюджеттiң болжамы жасалады.
Республикалық бюджеттiң жобасын әзiрлеу тәртiбiн Қазақстан
Республикасының Президентi айқындайды. Жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын
әзiрлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
Бюджеттiң жоспарлануы кезінде мынадай принциптер орындалады:
      1) сабақтастық принципi - бюджеттi алдыңғы кезеңде негiзге алынған
орта мерзiмдi фискалдық саясат бағыттарын сақтап, өткен және ағымдағы қаржы
жылдары бюджетiнiң атқарылу нәтижелерiн ескере отырып жоспарлау;
      2) басымдық принципi - бюджеттi алдағы орта мерзiмдi ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бюджет және бюджет құрылысы
Қазақстан Республикасының бюджет заңдары
Бюджет жүйесі туралы ақпарат
Қаржы жүйесі
Бюджет жүйесінің түсінігі
Қаржы жүйесінің әлемдік тәжірибесі
Егемен Қазақстан жағдайындағы мемлекет бюджетiнiң ерекшелiктерi
Қаржылық реттеудің қажеттілігі
Қазақстан бюджетін қалыптастырудың ерекшеліктері
Экономикадағы қаржы жүйесінің рөлі
Пәндер