Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік шығыс бөлігіндегі таулы аймақтарына физика географиялық сипаттама


Мазмұны
Кіріспе:
Тарау 1: Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік шығыс бөлігіндегі таулы аймақтарына физика географиялық сипаттама.
- Іле Алатауына табиғи сипаттама.
- Іле Алатауының геологиясы және топырағы.
- Іле Алатауының климаты.
- Іле Алатауының өзендері мен көлдері.
- Жер сілкіністері
- Іле Алатауының өсімдіктері
- Іле Алатауының жануарлары.
Тарау 2: Іле Алатауындағы рекреациялық ресустар қоры және оны туризмді дамыту мақсатында пайдалану.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.
Кіріспе
Қазіргі таңда көптеген адамдар демалысын жақсы өткізудің жолдарын іздейді. Осы мәселенің өзектілігі жұмыстан тыс уақыттың көптігімен байланысты. Демалыс кең мәселелерді қамтитын қоғам үшін маңызды сала. Сол себепті адамдар уақытын бос өткізбей, тиімді әрі жанға жайлы демалыс орындарында денсаулығын күтіп, сергігені жөн.
Жер шарының тропикалық емес зонасында дәстүрлі демалыс уақыты жаз мезгілі. Әдетте осы мезгілде неше түрлі рекрациялық іс шаралар өтеді: адамдар көп баратын шомылу жерлері, яғни теңіз және мұхит жағалаулары, және демалыс орындарында, демалыс үйлерінде, турбазаларда және санаторилерде демалу. Осындай шаралардың жағдайының ұдайы нашарлауы өндіріс пен тұрмыстың ластануымен байланысты және аз, қымбат рекреациялық аудандардың түрі мен уақытының кеңеюіне әкеп соғады. Қазақстаның тәуелсіздік алуы және шетелдерде демалыс орындарының қымбат болуы, өзіміздің рекреациялық инфрактурамызды дамытуға, әр түрлі іс шараларды қолдануға мүмкіндік береді.
Қазақстан табиғи рекреационды ресурстарына бай және алуан түрлі. Көп бөлігі жазық дала мен шөл, ал оңтүстік және оңтүстік шығыс бөлігі биік таулар мен орман шалғындар. Республикамызда үлкен, суы мол өзен көлдер аз емес. Қазақстан минералды және термалды суларға бай. Ормандары, шөлдері, таулары, даласы және сулары байлығымен ерекшеленеді және жануарлар әлемінің кең таралуымен.
Табиғи зоналарды, рекреациялық аудандардың түрлерін зерттеу нәтижесінде Қазақстанның туризмі мен демалыс орындарын дамытуға қолайлы жеке аудандарды бөлуге болады: өте қолайлы, қолайлы, шағын қолайлы және қолайлы емес.
Қолайлы және өте қолайлы аудандарға Қазақстанның таулы жерлерін, яғни оңтүстік және оңтүстік шығыс пен шығысты жатқызуға болады.
Ежелден таулар биіктігі мен әдемілігімен адамдарды қызықтырған. Таулы аймақтар әртүрлі табиғи әрі минералдық ресурстарға, ормандарға, суларға, азыққа ие. Таулы аймақтар жазық даламен салыстырғанда әртүрлі табиғи жағдайлармен ерекшеленеді, ал жазық дала биіктік белдеуімен қоршалады және беткейлері әртүрлі орналасқан. Әртүрлі биік таулар, мұздықтар еш нәрсеге ұқсамайтын климаттық жағдайларымен, жануарлар, таулардан алынатын таңғажайып көріністер, қарлы шыңдар, өзгеріп отыратын өсімдіктер, сарқыраған сарқымалар, қарқылдаған тау өзендері, тұнық көлдер ерекше ландшафтың мағынасын анықтайды. Тауларға туристер, альпинистер жылдың әр мезгілінде келеді. Әдетте тау етегінен жоғары жерлерде санаторилер, демалыс үйлері, пансионаттар орналасады; одан жоғарырақ олар сирек кездеседі, бірақ туристік базалар саны кеңейеді, ал оданда жоғары базалар мен альпинистердің панасы орналасқан.
Таулы аймақтардың емдік шипалы қасиеттері үлкен роль атқарады. Бұрыннан белгілі таулы аудандардың климаты адамның артық ауруын шығаратынын және ежелден адамдар тауға сергектік пен денсаулық көзі ретінде қарайды. Оған емдік қасиетін таза, арайландырған ауа береді. Ол ағзада жылуды реттеуге көмектеседі, жүрек сауытын жаттықтырады, ал таудың сұлу пейзажы таза ауамен байланыстырылған адамның жүйесіне әсер етеді. Қазіргі таңда бірінші емдік қасиеті жақсы, адамның күшін қалпына келтіретін кең тараған аудандардың бірі таулы аймақтар. Тауда емделетін аурулар тез және тиімді емделеді(туберкулездің кей түрлері), жүрек аурулары, атеросклероз. Таулы жағдайларда бронхтық астманы, аз қалдықты, бастапқы стадиядағы гипертонияны және тағы басқа ауруларды емдейді. Тау ауасын, суын, күнді тиімді қолданғанда ағзаның жұмыс істеуі жақсарғаны байқалады, әр жағдайға шыдамды, тез бейімделетін болады. Тауда тұратын адамдардың көп болуы кездейсоқ оқиға емес.
1-бөлім
Оңтүстік және оңтүстік шығыс Қазақстанның таулы аймақтарының физикалық географиялық сипаттамасы
Оңтүстік Қазақстан таулары Орталық Азия тауларының қатары және ол батысқы қарай шөлді аудандармен жалғасып жатыр. Олар жеке таулардан тұрады. Оңтүстікте негізінен таулар өте көп кездеседі десек те қате айтпаған болар едік. Оңтүстік және оңтүстік шығыс аймақты Тянь-Шань таулы өлкесі алып жатыр. Тянь-Шань тауы жоталарының орналасу бағытына қарай:
1. Солтүстік Тянь- Шань
2. Орталық Тянь -Шань
3. Батыс Тянь- Шань
4. Шығыс Тянь -Шань
1. 1 Іле Алатауына табиғи сипаттама
Тянь- Шань Азия құрлығының қақ ортасындағы, ұзындығы- батыстан шығысқа қарай 2450 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 500 шақырымға созылған орасан тау аймағы.
Советтік Тянь-Шань Орта Азияның оңтүстігінде (40 0 30 / - 44 0 18 \ солтүстік ендік пен 67 0 10 \ - 80 0 20 \ шығыс бойлық аралығында) орналасқан, батыстан шығысқа қарай Қырғыз ССР нің территориясында, Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстанның оңтүстігінде көсіліп жатыр, ұзындығы 1200 км. Солтүстікте Іле өзенімен, оңтүстікте Ферғана алқабымен шектеледі. Тянь -Шаньның СССР жеріндегі көлемі 350 мың шаршы км астам, биіктігі теңіз деңгейінен 700 метрден 7439 метрге дейін жоғары белдеу. Тянь- Шаньның ең биік шыңдары- Жеңіс шыңы(7439 м) мен Хан Тәңірі (6995 м) - Қазақстан жерінде.
Тянь- Шань Жеңіс шыңының меридианы бойынша (Алматы облысының шығыс жақ шеті) Батыс және Шығыс Тянь-Шань болып бөлінеді. Батыс Тянь- Шань СССР жерінде, Шығыс Тянь- Шань Қытайда. СССР жерінде аумақты Хан Тәңірі мен Жеңіс шыңынан солтүстік тармақ Күнгей Алатау, Іле Алатау, Қырғыз Алатауы деп аталатын сілемдер, орта тармақ Теріскей Алатау сілемі және оңтүстік тармақ Көкше Алатауы сілемі таралады. Бұл жүйелер батысқа қарай бірқатар тау тізбектеріне тармақталады. Солтүстік батыстағылары Шу Іле таулары мен Қаратау жоталары. Батыстағысы Қырғыз және Талас Алатауы. Оңтүстік батыстағылары Шатқал, Ұғам, Піскем, Құрама таулары. Тау тізбектерінің осы шоғыры Қазақстан мен Қырғызстанның оңтүстік шығыс шекарасында аса биік тау тораптары боп тоғысады.
Іле Алатауы Тянь-Шань жоталарының неғұрлым солтүстіктегі тізбегіне жатады. Осы жойқын қарлы жотаның ұзындығы - батыстан шығысқа қарай 300 шақырымдай, ендігі - 30- 40 шақырым.
Жіңішке және Түрген өзендерінің бас жағында Іле Алатауы шығыста Сөгеті-Бұғыты тауларымен, Торайғыр жотасымен, батыста Қырғыз Алатауымен шектеседі.
Іле Алатауының ең биік шыңы Алматының шығыс жағында жиырма шақырымдай жерде. Бұл Талғар тау торабы, мұндағы Талғар шыңының биіктігі теңіз деңгейінен 5017 метр.
Іле Алатауының орташа биіктігі - 4000 м. Нақты ең биік жерлері (4500-5000м) Шелек Кебе тау торабының орта бөлігінде, осында Іле Алатауы Күнгей Алатаудың жойқын қары жотасымен тұтасады, ал Күнгей Алатаудың одан әріде батысқа таман Кемін өзенінің, шығыста Шелек өзенінің алқаптары Іле Алатауынан бөліп тұр. Түрген шатқалынан шығысқа таман Іле Алатауы бірте-бірте 3300-3400 метрге дейін аласарады. Тау жотасының батыс жақ шеті Қастек асуынан әріде Кіндіктас қыратына (2000-3000м) ауысады, мұнда мұзарт жоқ.
Іле Алатауының биік жоталарының 2600-3000 метр биіктіктегі Сырт деп аталатын жазық таулы шалғын болып келеді.
Іле Алатауының ірге түбінде өзендер мен сел тасқындарынан ыққан қуатты делювиалдық және аллювиалдық шөгінді өршіктері пайда болған, олар солтүстікке қарай сәл еңістене түскен жазыққа айналып, сонда ауыл село, қалалар мен әсем Алматы орналасқан.
Тянь- Шань жоталардың, алқаптардың, тау биігіндегі үстірттердің, мұзарттардың тізбегі. Іле Алатауының аржағында Кемін алқабы бар, оның арғы жағында Күнгей Алатаудың қуатты жотасы, содан әрі Ыстық көл қазаншұңқыры және тағы да теріскей Алатаудың аса биік, қарлы жотасы жатыр.
Тянь-Шань альпілік қатпарлы тау жоталарының қалыптасу дәуіріндегі біршама жас тау жүйелеріне жатады. Іле Алатауының жотасы соңғы он екі миллион жыл ішінде құралған, әсіресе, соңғы миллион жыл ішінде, антропоген дәуірінде бұл тау жотасы анағұрлым интенсивті түрде өскен.
Ғалымдар Іле Алатауы жоталарында тау жондарының қалыптасу процесі әліде жүріп жатыр деп санайды. Таудың жотасы жыл сайын орташа есеппен жылына 5 мм жоғары көтеріледі, мұның өзі жер сілкінуіне, тастардың құлауына, жер бедерінің өзгеруіне себепкер болады.
Іле Алатауы жотасының биіктеуі осы полиоценде басталған. 13-14 миллион жыл ішінде таудың биіктігі шамамен 2500 м жеткен. Жотаның биіктеуімен бірге тау етегіндегі бөктерлер шөгіп, жотаның шығыс жағындағы тауаралық алқаптар да бірте-бірте төмендеген. Тектоникалық әсер ету кезеңінің біршама тынышталған уақытынан кейін орта антропоген дәуірінде (осыдан 600 мың жыл бұрын) тектоникалық қимыл қозғалыстар қауырт күшейіп, таулар осы күнгі биіктігіне - 4700 м жеткен.
Іле Алатауы бедерінің қалыптасуына едәуір дәрежеде мұздықтану кезеңі әсер еткен. В. М. Чупахиннің пікіріне қарағанда, мұздықтану дәуірі екі рет болған. Алғашқысы үшінші кезеңнің (Полезой эрасы) соңына тура келеді. Ежелгі мұздықтанудың екінші дәуірі орта немесе соңғы төртінші кезеңге (Мезозой эрасы) тұспа-тұс келеді.
1. 2 Іле Алатауының геологиясы және топырағы
Іле Алатауының геологиялық құрылымы аса күрделі. Мұнда интрузивті магмалық жыныстар (гранит, гранодиорит, сиенит, диорит) кездеседі, бұлар балқыған, содан тереңде суынып, қатып қалған магмадан және шөгінді жыныстырдан құрылған саз балшық, сары топыраққа ұқсас қыртас, утас, малтатас түріндегі қатқыл денелер.
Метаморфтық тау жыныстары сланец, гнейс, липарит сияқтылар кездеседі. Метоморфизм дегеніміз жер қабағының қозғалысы нәтижесінде, жоғары қысым, температура, жер астындағы ерітінділер мен газдардың әсер етуі салдарынан терең горизонттарда интрузивтік немесе шөгінді жыныстардың өзгеруі.
Тау жотасының белдікті бөлігін бойлай жеке учаскелер түрінде неғұрлым көне, ежелгі жыныстар кездеседі, бұлар протерозой дәуірінде, осыдан 500 миллион жылдан астам қалыптасқан кристалды сланец, кварцит, гнейс, тағы сол сияқтылар. Тау жотасының үлкен бөлігі палезойлық жыныстардан гранит, гранодиорит, сиенит сияқтылардан құралған.
Тау жотасының орталық бөлігінде, әсіресе Кіші Алматы шатқалында түйірі ірі- ірі сұр граниттер кездеседі. Іле Алатауы жотасында қызыл және қызғылт гранит мейлінше мол.
Граниттің қирап ұсақталуы салдарынан кедір-бұдыр ұсақ кесек, қиыршық, құмдақ, ауыр балшық түріндегі жыныстар тау бөктерлерінде қирап шашырап жатыр. Кайнозой дәуірінен бергі анағұрлым жас тау жыныстары балшықтан, ұсақ малтатастардан, төртінші кезеңдегі қойтас малтатас шөгінділерінен құралған. Қызыл балшық Іле Алатауында Бұғыты жотасында кездеседі, мұнда гипс кен орны табылып отыр. Бұл көне балшықтар миоцен кезеңінде, қазіргі Іле Алатауының орнында жалпақ жазық көсіліп жатқан кездерде құралған. Іле Алатауының беткейіндегі доғал қойтас малтатас, құмдауыт балшықты шөгінділерінің мейлінше қалың қабаттары соңғы миллион жылдардағы өзендер мен мұздықтардың әсерінен басым болғанын көрсетеді. Ондай шөгінділер біздің заманымызда да қалыптасып жатады.
Іле Алатауының топырағы. Алматы облысының топырағын И. А. Соколов, И. А. Ассинг, А. Б. Құрманғалиев, С. К. Серпиковтар егжейлі тегжейлі жазған. Іле Алатауының жоталарындағы топырақтың Іле өзенінен бастап тау шыңдарына дейінгі көлбей кезектесуімен қысқаша танысып өтелік.
Тау етегіндегі шөл далалық белдеу. Мұның өзі тау етегінде нақты 450-650 мбиікте орналасқан кәдімгі сұр топырақ. Жауын- шашын мөлшері орта есеппен 150-350 мм. Осының арқасында мұнда тек көктемде ғана өркен жайып, жазда қурап қалатын эфемерлі (раң тәріздестер) өсімдіктер өседі. Тау етегіндегі сұр топырақта 1. 4-1. 6 процент қара шірік, 0. 11-0. 30 процент азот болады, суарған күнде мол өнім алынады.
Бұталы әр түрлі шөпті дала белдеуі. Қазір бұл мәдени бау бақшалық белдеу (теңіз деңгейінен 650-1300 метр биікте) деп аталады. 650-900 метр биікте ашық қызылқоңыр және қою қызылқоңыр топырақ кездеседі. Құрамында қара шірік 2-3. 3 процентке дейін бар. Ауа райы ұдайы жылы болғанда және суарылғанда бұл топырақта дәнді дақылдардан, қант қызылшасынан, темекіден, жүзімнен мол өнім алынады. Биіктігі 900-1300 метр тау етегінде жазықтарда қуаттылығы 60-100см орташа және шағын мөлшерлі қара шірікті таудың қара топырағы кездеседі. Бұл белдеуде жидектік, жүзімдік өсірілетін бау бақшалардың, дәнді және көкөніс дақылдарының ірі- ірі алқаптары шоғырландырылған.
Жапырақты ормандар белдеуі .
Құлдырама қара топырақтың қуаттылығы 100 см, құрамында 13. 2 процент қара шірік, 0. 72 процент азоты бар. Жауын шашын жиі жауатын болғандықтан бақша суарылмай ақ өседі.
Таулы ормандық қоңыр сұрғылт, асты күлденген топырақ анаұрлым жинақтау бөктерлерде көктерек, қайың ормандары өскен жерде райда болады және құрылымы түйіршікті жаңғақты боп келеді.
Шыршалы-ормандық немесе төменгі альпілік белдеу Іле Алатауында бәрінен бетер айқын бейнеленген, теңіз деңгейінен 1600-2800 м биікте орналасқан, мұнда солтүстік экспозициялар беткейінде бітік бетегелі шалғындармен орайласа Шренк шыршасы қалың өскен. Бұл белдеуде қоңыр түсті таулық- ормандық топырақ, шалғынды жерлерде таулық- шалғындық қара қошқылдау топырақ басым.
Альпілік белдеу шыршалы ормандардан жоғарырақта 2700-3500 м дейінгі биікте орналасқан, қуаттылығы кемдеу, қыртысы тым шөптесін, қаhашірігі аса көп таулық шалғындық альпілік топырақ орналасқан. Іле Алатауының солтүстікегі мол бөктерлерінде топырақ белдеулері өзгеруінің жалпы заңдылығын анықтадық, енді шырша ормандары өсетін жер топырақтарына тоқталып өтейік.
Қоңыр түсті таулық-ормандық топырақ. Іле Алатауының да шырша ормандарының топырағының құрамында органикалық заттар мол, қара шірікті горизонттың жоғары бөлігінде шымтезектенген және салыстырмалы түрде алғанда, қарашірікті қабаты өте қалың, осының бәрі бұл топырақты таулық-ормандық қоңыр түсті топырақтардың дербес тұрпаты деп қарауымызғы дәлел болады. Топырақтың шымтезектенген горизонтында қара шірік құрамы 25 процентке жетеді. Қоңыр түсті таулық-ормандық топырақтар өз қабаттарының қуаттылығы бойынша үшке бөлінеді: қалыңдығы 60 см және оданда тереңіректегі терең профильді ауыр саздық топырақтар, қалыңдығы 30-60 см орташа пофильді ауыр саздақ топырақтар , тастар беткейге жататын, қуаттылығы 10-30 см келетін ұсақ профильді, тым тастақты топырақтар.
Іле Алатауының шырша ормандары көбінесе қоңыр түсті таулық -ормандық тjпырақта өседі.
Қоңыр түсті шымтезектілеу ормандық шалғындық топырақтың қалыңдығы 20-40 см.
Ормандық- шалғындық топырақтың қыртысы қалың (80 см және одан да терең), тастағы кемдеу, құрамында жай ауыр балшық басым.
Тұтас алғанда Іле Алатауы ормандары өскен топырақ, жұқалығына әрі тастылығына қарамастан, солтүстік экспозицияларының бөктерлерінде ағаш өсімдіктерінің, алуан түрлі шалғындық балауса шөптердің өсуіне, ал оңтүстік бөктерлерінде шалғындық далалық өсімдіктердің өсуіне толық жарамды.
1. 3 Іле Алатауының климаты.
Барлық таулы аудандардағы сияқты Іле Алатауының климаты да тіке белдеулікке, жергілікті жердің ендігі мен бойлығына, мұхиттардан алыстығына байланысты. Евразия материгінің қақ ортасында болуы және оңтүстікке таман орналасуы жылылық мөлшерінің молаюына, ылғалдығының кемуіне, климаттың шұғыл континенталды болуына септігін тигізді. Алайда жердің абсолюттік биіктеуіне қарай тау етегінде ылғалдылық арта түседі, жаз онша ыстық болмайды, қыс жұмсақ, жайлы болады. Тау етегінде жазықтың басталар тұсынан шырқау шыңға дейін жүз км шамасындай жердің өн бойында климат бірте бірте өте ыстық, нағыз континенталды күйінен ылғалды, өте суық райға дейін өзгереді.
Іле өзені мен Қапшағай су қоймасының алқабындағы шөлді өңірде климат өте қуаң, ыстық және шұғыл континенталдық сипатта, ал тау етегіндегі шөл далалық белдеуде Алматының климаты ыстық, қуаң, континенталды. Жапырақты ормандар (және төменгі шыршалы) белдеудің климаты қоңыр салқын, жылы, ылғалдануы да жақсырақ. Сондықтан мұнда жергілікті миуа ағашы еш уақытта үсімейді. Шыршалы-талды-аршалы (жоғары шыршалы) белдеуде климат біршама суық әрі ылғалды. Қысы онша суық емес, қары қалың, күн көзі көбінесе ашық болғандықтан тау шаңғы тебу спорты үшін қолайлы. Шыршалы-талды-аршалы(жоғары шыршалы) белдеуде климат әрі суық, әрі дымқыл. Мұндай суық климат жағдайында тек аласа бойлы шырша ормандары ғана және альпілік шалғындар шекарасында қадау-қадау сирек орман ғана өсе алады.
Әр белдеудің өз көлемінде де биіктігінің, экспозицияларының, бөктерлері жарқабақты, тік жарлы болуының амплитудасы аса алшақ боп келетініне байланысты климатта өзгеріп тұрады. Тікбелдеулікке байланысты климат құбылысының жалпы заңдылықтары мен өзгерістерін білетін болғандықтан, әрбір жоғары климаттық белдеудің төмендегі, орта тұстағы және биіктегі бөлімдерінің климаттық өзгешеліктерін дәлдеп анықтауға болады. Дүние жүзіндегі таулы аудандардың бәрінде де жер ыңғайы теңіз деңгейінен жоғарылап, биіктеген сайын ауаның температурасы салқындай түседі. Жылдың жылы маусымында Іле Алатауының жоталарында әрбір 100 метр биіктеген сайын ауаның температурасы 0, 6-0, 7 градус салқындайды. Алайда қысқы маусымда таулардың төменгі бөліктерінде қысты күні ауаның температурасы әрбір 100 метр биіктікке көтерілген сайын 0, 36 градус артады. Мұның өзі ауыр суық ауаның анағұрлым төменгі жерлерге қарай ойысуына байланысты болады. Жоғарыға биіктеген сайын температураның төмендеуінің жалпы бейімдігі бұғн қарап өзгермейді. Ауаның жылдық орташа температурасы әрбір жүз метр жоғары өрлеген сайын 0, 51 градус төмендейді.
Атмосфералық жауын-шашынның мөлшері де жер-жердің бедерлеріне байланысты болады. Әрбір жүз метр жоғары өрлеген сайын бұл көрсеткіш орта есеппен 25-30 мм артады. Орманды белдеуден жоғарырақта жауын- шашын аздап кемиді. Климатқа сипаттама беру үшін жауын шашын ғана алынып қоймай, сонымен қатар ауаның температурасына байланысты ылғалдың буға айналуы сияқты табиғи құбылыстар да есепке алынады.
Таулардың төменгі белдеулерінде жапырақты ормандар өңірінде (1200-1600м) тау етегіндегілерге қарағанда климат жазда анағұрлым қоңыр салқын, қысы жұмсақ, қары мол болады, күн көзінің радиациясы тау етегіндегі жазықтармен салыстырғанда 24 процент жоғары болады. Жанға жайлы климат, таулардың жақындағы, саф ауа әсіресе қысқы мезгілде көптеген тынығушыларды, саяхатшыларды, шыңға шығушыларды өзіне тартады.
- Іле Алатауының өзендері мен көлдері
Жауын-шашын молдығының, жер бетіндегі ылғалды топыраққа сіңдіруге септесетін ормандардың, мәңгі мызғымайтын қар мен мұзарттардың арқасында таулардан талай өзен жылғалар ағып жатады. Ағыны қатты бұл асау өзендер тастан тасқа орғып, арқырап- сарқырап су тасқынын селдетеді. Бұлардың суы суық, дәмі ұнамды, егін салуға пайдалы.
Іле Алатауындағы өзендердің көпшілігі қар мен мұзарттардың бұлақтанып, тек тау жотасының батыс және шығыс тұмсықтарында ғана, мұзарт болмағандықтан, қар мен жаңбыр суынан бастау алады. Іле Алатауның неғұрлым ірі өзендері мыналар: Ұзынағаш, Шамалған, Қаскелең, Ақсай, Үлкен Алматы, Кіші Алматы, Талғар, Есік, Түрген, Шелек.
Іле Алатауының өзендерінің ені төменгі кемерінде 10-15 метр, тереңдігі 30-50 см. Олардың бәрі де Іле өзеніне құяды, бірақ жазда түгелдей дерлік егін суаруға алынады.
Мұзарттан бастау алған өзендер екі рет тасиды: бірінші рет -көктемде қар еріген кезде, екінші рет- шілде де мұзарт еріген кезде. Бұларда су тасуы жазық жерлердегі өзендердің тасығанындай емес, аса күшті тасқынды бола қоймайды, өйткені қардың еруі ұзақ уақытқа созылады. Алдымен тау етегіндегі, содан соң «сөрелердегі», сәуірде таулардың төменгі белдеулеріндегі, майда орта шендегі тау белдеулеріндегі, июньде шырқау биік тау белдеулеріндегі қар ериді. Бұлардан соң мұзарттар ери бастайды, бірақ бұлардың еруі тік белдеулікке байланысты. Мұзарттық белдеуде әдетте жазда да суық болатындықтан, мұзарттар бірте бірте ериді. Июль, август айларында бұл ауданда температура күндіз 10-18 градусқа дейін ыстық болып, қар тізбегінің төменгі сатысында және мұзарттардан созылған «жүлгелерде» қардың, мұздың еруін күшейтіп жібереді. Әдетте температра бірде жылы, бірде суық болып күрт ауысып, қар жауып қалады. Сондықтан су тасыған кезде судың ең мол болған жылдарында да оның деңгейі 50-100см ғана көтеріледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz