Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік – шығыс аймақтарындағы аграрлық реформалар: қағидалар және тарихи тағылым (1991-2007 ж.ж.)



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3 . 13

1.тарау. Мәселенің теориялық.методологиялық негіздері ... ... ... .. 14 . 61

1.1. Нарықтық қатынасқа өту кезеңіндегі аграрлық сектордың
әлеуметтік.экономикалық жағдайы. ... ... ... ... ... ... ... ... 14 . 34

1.2. Аграрлық реформалауды жүргізудің экономикалық механизмінің
теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ...34 . 61

2.тарау. Аграрлық саясаттың әлеуметтік бағыттары ... ... ... ... ..62 . 117

2.1. Нарық қатынас жағдайында агроөнеркәсіп кешенінің
дамуы және әлемдік тәжірибе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .62 . 90

2.2. Аграрлық реформаның ұйымдастырушылық.
құқықтық заңнамаларының қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . 90 . 117

3.тарау. Аграрлық реформаның орындалуындағы жергілікті және
аймақтық өзін .өзі басқару мекемелерінің ролі ... ... . 118 . 162

3.1 Жергілікті басшылықтар мен қоғамдық мекемелердің
құрылымдық жетілдірілуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 118 . 134
3.2Жергілікті тұрғындар мен Қазақстан мемлекетіндегі әлеуметтік қажеттілікті қамтамасыз етудегі аграрлық реформалардың сәйкестігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 134 . 162

4.тарау. Қазақстан Республикасындағы аграрлық реформалардың іске
асуының әлеуметтік .экономикалық және саяси нәтижелері.. 163 . 239

4.1 Республикадағы халықтың әлеуметтік деңгейін
жақсартудағы несие серіктестіктерінің рөлі ... ... ... ... ... 163 . 194
4.2 Агроөнеркәсіптік өндірісті ұйымдастыру принциптері мен
меншік түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 195 . 239

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...240 . 251

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 252 . 262

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 263 . 287
Тақырыптың өзектілігі. «Болашағына сеніммен қарайтын халық, тарихына терең бойлайды» - деген даналық сөзі бүгінгі тәуелсіздік пен еркіндік идеологиясы саясындағы еліміз үшін арнайы айтылған секілді. Төл тарихымыздың күңгірт беттерін ашып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа, аршынды сапалық сатыға көтерілуіне қазақ елінің өткен кезеңін зерттеу, зерделеу бүгінгі күннің талабы. Себебі, тоталитарлық жүйенің идеологиялық ықпалынан арылуымен бірге тәуелсіздік идеологиясының әдістемелік негізінде тарихи дамудың ақиқат болмысын қалпына келтіру бағытында түбірлі жұмыстар атқарылды.
Отандық тарих ғылымының өзектілігі-кеңестік тоталитарлық жүйенің идеологиялық ықпалынан арылуымен бірге тәуелсіздік идеологиясының әдістемелік негізінде тарихи дамудың ақиқат болмысын қалпына келтіру бағытында түбірлі жұмыстар атқарылуда. Соның бірі - мемлекеттің аграрлық секторының қазіргі қоғамның даму кезеңіндегі негізгі мәселелердің бірі осы саланы тез арада нарық қатынасын қалыптастыру, халықты отандық азық-түлік, өнеркәсіпті шикізат өнімдерімен жеткілікті түрде қамтамасыз ету, өндірістің тиімділігін арттыру, бәсекелікке төтеп беретін өнім өндіру және әлемдегі экономикасы бәсекеге барынша қабілетті дамыған 50 елдің қатарына кіру стратегиясын іске асыру болып отыр. Сол үшін аграрлық секторда бірінші кезекте ауыл шаруашылық механизмін қалыптастыру және дамыту аса қажетті қозғаушы күштің экономикалық негізіне айналуда.
Бұл тұрғыда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: "Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты" атты Қазақстан халқына арналған 2008 жылғы жолдауында, Қазақстан 2008 жылды жаңа экономикалық жетістіктерімен, жаңарған саяси құрылымымен қарсы алды - деп көрсетті.[1]
Мемлекеттің халық шаруашылығының барлық салаларының ішінде ауыл шаруашылығында біразға созылған экономикалық дағдарыстан шығуы бірте-бірте өз нәтижесін беріп келеді. Дегенмен, өндірістің негізгі саласының бірі,- азық-түлік және шикізат мәселесін шешетін халық шаруашылығындағы өнім өндіру өсімі әлі де болса төмен деңгейде. Өндірістерде қалыптасқан жағдайларды сараптай және талдай келе аграрлық сектордағы шешілмей жатқан мәселелерді зерттеу, ауыл шаруашылық пен өндірістің экономикалық негізіне әсер ететін іс-шараларды (тиімділігін көтеретін, бәсекелікке лайықты өнім өндіру т.б.) жүзеге асыру нарық жағдайындағы киелі мәселелердің атаулысы болып отыр.
Міне, осындай жағдайда «Қазақстан-2030» Стратегиясы ауыл шаруашылығын көлемді өзгерістерге жетелейді. Стратегияны жүзеге асыру мақсатында саланы дамытудың 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламасы, Елбасының қолдауымен 2003-2005 жылдардың «Ауыл жылы» деп жариялануы, «Астық туралы», «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы», егіншіліктегі «Тұқым шаруашылығы туралы» заңдар өмірге келуімен ауыл тұрғындарын әлеуметтік қолдауға бағытталған «Ауыл аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» қабылданды.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

ӘОТ 94: 338.43.02 (574).
Қолжазба құқында

Айкөзов Сейдулла Ибадуллаұлы

Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік – шығыс аймақтарындағы аграрлық
реформалар: қағидалар және тарихи тағылым.
(1991-2007 ж.ж.)

Мамандығы: 02.00.07 – Отан тарихы

Тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған ғылыми
диссертация

Ғылыми кеңесші;
Тарих ғылымдарының докторы, профессор,

Алматы 2009

Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік – шығыс аймақтарындағы аграрлық
реформалар: қағидалар және тарихи тағылым.
(1991-2007 ж.ж.)

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3 - 13

1-тарау. Мәселенің теориялық-методологиялық негіздері ... ... ... .. 14 - 61

1.1. Нарықтық қатынасқа өту кезеңіндегі аграрлық сектордың
әлеуметтік-экономикалық жағдайы. ... ... ... ... ... ... ... ... 14 - 34

1.2. Аграрлық реформалауды жүргізудің экономикалық механизмінің
теориялық негіздері ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ...34 - 61

2-тарау. Аграрлық саясаттың әлеуметтік бағыттары ... ... ... ... ..62 - 117

2.1. Нарық қатынас жағдайында агроөнеркәсіп кешенінің
дамуы және әлемдік тәжірибе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... 62 -
90

2.2. Аграрлық реформаның ұйымдастырушылық-
құқықтық заңнамаларының қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . 90 - 117

3-тарау. Аграрлық реформаның орындалуындағы жергілікті және
аймақтық өзін -өзі басқару мекемелерінің ролі ... ... . 118 -
162

3.1 Жергілікті басшылықтар мен қоғамдық мекемелердің
құрылымдық жетілдірілуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 118 – 134
3.2Жергілікті тұрғындар мен Қазақстан мемлекетіндегі әлеуметтік
қажеттілікті қамтамасыз етудегі аграрлық реформалардың
сәйкестігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 134 - 162

4-тарау. Қазақстан Республикасындағы аграрлық реформалардың іске
асуының әлеуметтік –экономикалық және саяси нәтижелері.. 163 - 239

4.1 Республикадағы халықтың әлеуметтік деңгейін
жақсартудағы несие серіктестіктерінің рөлі ... ... ... ... ... 163 - 194
4.2 Агроөнеркәсіптік өндірісті ұйымдастыру принциптері мен
меншік түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 195 - 239

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2 40 – 251

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 252 – 262

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 263 – 287
КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Болашағына сеніммен қарайтын халық, тарихына
терең бойлайды - деген даналық сөзі бүгінгі тәуелсіздік пен еркіндік
идеологиясы саясындағы еліміз үшін арнайы айтылған секілді. Төл
тарихымыздың күңгірт беттерін ашып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық
дамуының жаңа, аршынды сапалық сатыға көтерілуіне қазақ елінің өткен
кезеңін зерттеу, зерделеу бүгінгі күннің талабы. Себебі, тоталитарлық
жүйенің идеологиялық ықпалынан арылуымен бірге тәуелсіздік идеологиясының
әдістемелік негізінде тарихи дамудың ақиқат болмысын қалпына келтіру
бағытында түбірлі жұмыстар атқарылды.
Отандық тарих ғылымының өзектілігі-кеңестік тоталитарлық жүйенің
идеологиялық ықпалынан арылуымен бірге тәуелсіздік идеологиясының
әдістемелік негізінде тарихи дамудың ақиқат болмысын қалпына келтіру
бағытында түбірлі жұмыстар атқарылуда. Соның бірі - мемлекеттің аграрлық
секторының қазіргі қоғамның даму кезеңіндегі негізгі мәселелердің бірі осы
саланы тез арада нарық қатынасын қалыптастыру, халықты отандық азық-түлік,
өнеркәсіпті шикізат өнімдерімен жеткілікті түрде қамтамасыз ету, өндірістің
тиімділігін арттыру, бәсекелікке төтеп беретін өнім өндіру және әлемдегі
экономикасы бәсекеге барынша қабілетті дамыған 50 елдің қатарына кіру
стратегиясын іске асыру болып отыр. Сол үшін аграрлық секторда бірінші
кезекте ауыл шаруашылық механизмін қалыптастыру және дамыту аса қажетті
қозғаушы күштің экономикалық негізіне айналуда.
Бұл тұрғыда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев:
"Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты
мақсаты" атты Қазақстан халқына арналған 2008 жылғы жолдауында, Қазақстан
2008 жылды жаңа экономикалық жетістіктерімен, жаңарған саяси құрылымымен
қарсы алды - деп көрсетті.[1]
Мемлекеттің халық шаруашылығының барлық салаларының ішінде ауыл
шаруашылығында біразға созылған экономикалық дағдарыстан шығуы бірте-бірте
өз нәтижесін беріп келеді. Дегенмен, өндірістің негізгі саласының бірі,-
азық-түлік және шикізат мәселесін шешетін халық шаруашылығындағы өнім
өндіру өсімі әлі де болса төмен деңгейде. Өндірістерде қалыптасқан
жағдайларды сараптай және талдай келе аграрлық сектордағы шешілмей жатқан
мәселелерді зерттеу, ауыл шаруашылық пен өндірістің экономикалық негізіне
әсер ететін іс-шараларды (тиімділігін көтеретін, бәсекелікке лайықты өнім
өндіру т.б.) жүзеге асыру нарық жағдайындағы киелі мәселелердің атаулысы
болып отыр.
Міне, осындай жағдайда Қазақстан-2030 Стратегиясы ауыл шаруашылығын
көлемді өзгерістерге жетелейді. Стратегияны жүзеге асыру мақсатында саланы
дамытудың 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламасы, Елбасының қолдауымен
2003-2005 жылдардың Ауыл жылы деп жариялануы, Астық туралы, Асыл
тұқымды мал шаруашылығы туралы, егіншіліктегі Тұқым шаруашылығы туралы
заңдар өмірге келуімен ауыл тұрғындарын әлеуметтік қолдауға бағытталған
Ауыл аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы қабылданды.
Сондай-ақ, қоғамның даму жағдайы, өндірістердегі күрделі өзгерістер,
шаруашылықты жүргізудің барлық деңгейінде басқару мен экономикалық
ынталандырудың барынша тиімді жолдары мен әдістерін іздестіру мен қолдануды
талап етуде. Шаруашылықты жүргізудің механизмін нарық қатынасына бейімдеу,
ұдайы өндіріс көрсеткіштерінің, атап айтқанда, өндірістің тиімділігі,
өнімнің сапалы түрде көлемінің өсуі, еңбек өнімділігінің көрсеткіштері,
өндіріс, айырбас, тұтыну, үлестіру жүйелерін қалыптастыру қазіргі
алғышарттардың бірі болуда.
Сонымен бүтіндей алғанда мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру
агроөнеркәсіптік кешеннің жағдайын жақсартып қана қоймай, дамытудың 2006-
2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын және 2006-2008 жылдарға арналған
бірінші кезекті шараларын жүзеге асыру үстінде.
Сондықтан, Қазақстан Республикасы үшін ауыл шаруашылығы республиканың
әлеуметтік-экономикалық дамуының деңгейін айқындаушы күштердің бірі болып
табылады.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында өз алдына ұлттық мемлекет қалыптасып,
шаруашылық жүргізудің әкімшілік әдіспен аралас нарықтық экономика
принциптеріне ауысу процесі байқалды. Әрине, бұл жылдардың қиыншылығы мен
ауыртпалығы аз болған жоқ. Әсіресе, өтпелі кезеңнің зардабы ауыл
шаруашылығына, бүкіл аграрлық секторға қолайсыз болды. Аграрлық дағдарыстың
табиғаты, негізгі себептері мен одан шығу жолдары ғылыми және көпшілік
әдебиетте аз жазылған жоқ. Осы өзекті, көкейтесті мәселе Республика
Президентінің еңбектерінде түрлі Заң және атқарушы органдардың күнделікті
іс-тәжірибелерінің күн тәртібінен түспегені белгілі. Бірақ ел
экономикасының маңызды және өмірлік қажет саласының әлеуметтік
проблемаларын, әкімшілік басқару жүйесінен нарықтық жүйеге көшуге
байланысты аграрлық саланың тұрақты және тиімді даму бағыттарын анықтайтын
теориялық және практикалық мәселелерді одан әрі зерттеп-зерделеу
керектігі ешбір күмән тудырмайды.
Социалистік қоғамнан шыққан өзге елдердегі сияқты, Қазақстан
Республикасында өткізіліп жатқан аграрлық реформаның басты мазмұны басқару
әкімшілік-әміршілдік тәсілге негізделген бір экономикалық жүйеден нарық
қатынастарына негізделген екінші экономикалық жүйеге көшу. Оның негізінде
экономикалық жүйенің іргетасының өзі-мемлекеттің меншікке монопольды
құқығынан бас тартып, оның басым бөлігін жеке және заңды тұлғаларға беруді
ойластырған меншік қатынасы жатыр.
Нарықтың өзгеру нәтижесінде аграрлық саланың шаруашылық тетігі терең
өзгерістерге ұшырайды. Ауыл шаруашылығындағы нарықтық қатынастың барлық
субъектілерінің экономикалық мүдделерінің рөлі артады. Осыған байланысты,
ауыл шаруашылығын реформалауда шаруашылық жүргізудің басымырақ нысаны болып
табылатын, өндірісті тиімді жүргізуді қамтамасыз ете алатын және табыстарды
әлеуметтік әділеттілікпен бөле алатын кооперацияға маңызды рөлі тиесілі.
Кооперация заңды нәтиже және қоғамдық еңбек бөлінісінің қажетті сатысы
ретінде, нарықтық қатынастың дамуынан туындаған шаруашылық тәртіп ретінде
өзінің дамуының тарихи кезеңінде экономикалық дамыған елдердің бәрінің
шаруашылық өмірінде үлкен маңызға ие бола бастады. Кооперацияның бір
ғасырдан астам уақыттан бергі тәжірибесі оның нарықтық экономиканың заңдары
мен принциптеріне сүйене отырып тауарлы ауылшаруашылық өндірісін
қалыптастырудағы ерекше маңызын ашып берді.
Әлемдік тәжірибеде ауыл шаруашылығы дамуының үш жолы бар: жеке
фермерлік, ірі кәсіпорындар және кооперация жолымен шаруа қожалықтары мен
ауыл шаруашылығы тауарын өндірумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің бірлесіп
шаруашылық қызметін жүргізуі. Осы үш жолдың біздің елімізде алдыңғы екеуі
жақсы жолға қойылғанымен, көлемі жағынан шағын, айналымдық қаржысы тапшы,
жағдайы ортадан төменгі дәрежедегі шаруаларды кооперациялау жолы мемлекет
тарапынан қолдау көрмей келді.
Ұзақ жылдар бойы аграрлық саладағы кооперацияның теориясы мен
тәжірибесінің дәстүрлі ғылыми-зерттеу ісін жүргізудің мүмкіндігі болмады.
Бұрынғы КСРО-ның ғылымы мен тәжірибесінде кооперация десе колхоздар алға
тартылды және оған Казпотребсоюз (Қазақстан тұтынушылар одағы) жүйесі
қосылды, өйткені тек осылар ғана ауылшаруашылық бірлестіктерінің ең
жоғарғы, жетілдірілген түрлері деп есептелді. Бұл толық дәлелденбеген
қағида және адасулар оның қайта өрлеуі мен дамуы жолында кедергі болды.
Дегенмен, шаруашылық жүргізудің жаңа жағдайында кооперация агроөнеркәсіп
кешеніндегі өзара бірігу процестермен бірге қалыптасып келе жатқан нарықтық
экономикаға сайма-сай екені анық. Аграрлық саладағы кооперативтік
қатынастар ауыл шаруашылығы өндірісін тұрақтандыруда, азық-түлік тауарларын
көбейтуде, тұрғындардың түрлі талаптарын барынша қанағаттандыруда бастапқы
рөль атқаратын болады. Аталған ерекшеліктер мен кооперацияның ауыл
шаруашылығындағы тарихи маңызы жасалған зерттеулердің өзектілігін
нақтылайды.
Солардың бірі ретінде қоғамдық-экономикалық жүйемізді одан әрі
демократияландыру мәселесі қарастырылады. Бұл мәселелерді шешудің көп
ғасырлық әлемдік тәжірибесі бар екенін ескере отырып, оны ғылыми жағынан
талдау мен пайдалы тұстарын өзімізде қолдану да бүгінгі күннің өзекті
мәселелеріне айналып отыр. Қазіргі экономикасы, ғылымы мен техникасы,
ақпараты мен пікір алмасу үрдісі қарқынды дамып келе жатқан қоғамда
басқаруды бұрынғысынша орталықтандыра берудің мүмкін еместігі күн санап
дәлелденіп келеді. Сондықтан да 2003 жылдың 4-сәуіріндегі Парламент
палаталарының бірлескен отырысында жария етілген Елбасының Қазақстан
халқына дәстүрлі Жолдауында демократияны және жергілікті басқаруды
жетілдіру мәселелерінің жан-жақты көрініс табуы жәйдан-жәй емес. Онда
елімізді демократияландыру мен тиімді басқару мәселелері қозғалып, соның
ішінде саяси және құқықтық реформалардың басым бағытын қамтитын жергілікті
мемлекеттік басқару өкілеттігін және оның қаржылық мүмкіндіктерін кеңейту
сияқты міндеттер қойылды. Осыдан барып мемлекеттік биліктің түрлі
деңгейлері арасындағы қызметтер аясын, міндеттері мен жауапкершіліктерін
нақты ажыратуды қамтамасыз ететін заңдарды одан әрі жетілдіріп, сонымен
бірге жергілікті мемлекеттік басқарудың тиімді жұмыс істеуі үшін жағдайлар
туғызу басты мақсатқа айналды.
Осындай ерекшеліктерге байланысты тақырыптың мынадай өзектілігі
айқындалады:
- біріншіден, кеңес дәуіріндегі қалыптасқан ауыл шаруашылығындағы
агроөнеркәсіптік кешен, Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі отандық
тарихтың ажырамас құрамды бөлігі ретінде үнемі назар аударуды қажет етеді.
Себебі, тарихи жағдайлармен қалыптасып, іс-жүзінде атқарылған жоспарлы
ауылшаруашылық реформалардан қазіргі кезеңдегі аграрлық сектордағы нарықтық
қатынастарға бейімдеп түбегейлі қайта қалыптастыруда өзіндік ерекшеліктерге
ие. Сол себептен, бұл мәселені қазіргі заманғы әдістемелік тұрғыда қайта
бағалауды қажет етеді.
- екіншіден, аграрлық реформаның орындалуындағы жергілікті және аймақтық
өзін-өзі басқару мекемелерінің қалыптасқан жүйесінің кешегісі, бүгінгісі
және ертеңгі жағдайларын сыни көзбен талдау барысында халықтық мүдде
тұрғысынан дамытумен байланыстыра қарастыру. Бұл мәселеге тәуелсіздік
идеологиясы тұрғысынан назар аударылар болса онда тарихи танымның игілігіне
айналатын нәтижеге қол жеткен болар еді. Нарықтық жағдайында өндірістік
қатынастарды, экономикалық ынталандыруды және шаруашылық механизмдерін
жүргізуді сол кезеңінде жетілдіріп отырмаса, қомақты күрделі қаржыларды
пайдалануда ауыл шаруашылығында тиімді нәтиже бермейді. Осыған орай,
ғылымға негізделген жалпы шаруашылық механизмі немесе нақтылап айтсақ
ұжымдық құрылымдардың шаруашылық механизмдерін жетілдіру және қалыптастыру
өте маңызды мәселе.
Тақырыптың өзектілігінің үшінші қыры – қазіргі әлеуметтік-экономикалық
қайта құрулар барысында, кеңестік кезеңдегі аграрлық реформалардың өзгеруі
оның әлеуметтік, саяси күйзелістерге ұшырауы мен жүзеге асуы тұрғысындағы
ұйымдастыру-құқықтық заңнамаларын қабылдау және осы міндетті шешуде жаңа
әдістемелік тәсілдің маңызы арта түседі деп ойлаймыз.
Тарих ғылымының зерттеу саласында ауыл шаруашылығындағы аграрлық
реформалардың қалыптасуының кейбір бөліктерін ішінара зерттеу еңбектері
кездескенімен, Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймағында жүзеге
асырылуының тарихи тәжірибесі мен өзекті мәселелері толығымен, тұтастай
зерттелген жоқ. Зерттеу тақырыбын таңдауымыздағы себебі осыдан келіп
шыққан. Диссертациялық жұмыс Қазақстан Республикасының оңтүстік және
оңтүстік-шығыс аймағындағы аграрлық сектор нарықтық қатынасқа өту мен
реформалаудың жүзеге асу барысын кешенді зерттеген алғашқы еңбек болып
табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстан Республикасының ауыл
шаруашылығында жүргізіліп жатқан реформалар мен жүзеге асыруға бағытталған
заңнамалар мен нарықтық жағдайдағы жергілікті шаруашылықтың қалыптасуы мен
дамуы үрдісін ғылыми тұрғыдан талдау арқылы оны басқаруды жетілдіру
міндеттерін іске асыру бағытында тұжырымдар мен ұсыныстар жасау болып
табылады. Себебі, бұл мәселе жеке тақырып ретінде зерттелген жоқ. XX
ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басындағы ауылшаруашылығын аграрлық
сектордағы нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен реформалау барысына
қатысты зерттеулер сипаты, мазмұны жағынан өте күрделі болды. Тақырыптың
тарихнамасының күрделі сипат алуының бірнеше себептері бар.
Біріншіден, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы жылдары ауыл
шаруашылығындағы қайта құру бағдарламалық мақсаты, әлеуметтік-саяси негізі,
ұйымдық-құқықтық заңнамалары және жергілікті басшылықтар мен өзін-өзі
басқару мекемелері өзіндік ерекшеліктерге ие тарихи құбылыс болатын.
Сондықтан да ол аймақтық оқшаулауға көнбейтін республикалық тұрғыдан
сабақтастырып қарау қажеттігі туындады. Міне, осы күрделі сипат жүргізілген
зерттеу жұмыстарының барынша әр алуандылығына негіз болды.
Екінші себеп – қоғамдық-саяси көзқарастар жүйесінің өзгермелілігінен
туындайды. Қазіргі кезеңдегі жағдайда, жоспарлы шаруашылықтан нарықтық
қатынастар қалыптасып жатқан аграрлық секторда, бірқатар объективті және
субъективті қиыншылықтар болуына қарамай, ауыл шаруашылығында реформа
жүргізуде салалық саясатын жетілдірудің икемді тәсілдерін қолдану жөніндегі
тарихшы ғалымдардың, А.Б Тұрсынбаев, Г.Ф Дахшлейгер, Б.А Төлепбаев, Ж.Б
Әбілқожин, И.Ш. Шамшатов, С.А Байтілен, С Жолдасов, И.А. Берденова, С.И.
Иманбердина.
Ауыл село еңбеккерлерінің өндіріс саласындағы еңбектерін зерттеумен
қатар, олардың әлеуметтік, мәдени саласын зерттеген Х. Абжанов, М.Х.
Асылбеков, М.Б. Тәтімов, экономика ғылымы саласындағы Л.Е Әбділдина, И.Ю
Бенке, К.Ж Жарекешев, Б.З Зиябеков, Х.Е Ертазин, Ж.О Ихданов, С.М Касымов,
М.Д. Тінәсіл, және де бір қатар басқа авторлар өз жұмыстарында көрсетуде.
Алайда зерттеулердің кооперация проблемасы әлемдік ғылым үшін жаңалық
емес. Оны зерттегендер қатарында Р.Оуэн, Ш.Фурье, Ф.
Райффейзен, Ф. Лассаль, Н.Г. Чернышевский, К. Маркстар бар.
Ресейде ауыл шаруашылығы кооперациясы мәселесімен Н.П.Макаров,
П.П.Маслов, А.А.Николаев, С.Н.Прокопович, М.И.Туган-Барановский,
А.В.Чаянов, А.Н.Челинцев, А.И.Чупров, К.А.Пажитнов, Н.Д.Кондратьевтер жете
шұғылданды.
Кеңестік кезеңнің аяғы-нарық экономикасына көшу мерзімінде ауыл
шаруашылығын әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан зерттеуде Президентіміз Н.Ә.
Назарбаев, мемлекет қайраткері Д.А. Қонаевтің, Б.М. Тұрсынбаев, С.А.
Терешенко, Ж.Кәрібжанов, сөйлеген сөздері мен ой толғау еңбектері және
естеліктері назар аудартады.
Демек, әр кезеңнің, әр ағымның тақырыпқа қатысты зерттеулерінің
деректік, әдістемелік негізі әртүрлі болғандықтан олардың арасында бір-
біріне қарама-қарсы бағалар да кездеседі. Бұндай жағдайда мәселені кешенді
түрде қарастырып, тарихи тұрғыда салыстыра бағалау қажеттігі туады.
Дегенмен, ауыл шаруашылығында қалыптасып келе жатқан нарықтық
қатынастар жағдайында халықтың тұрмыстық жағдайын жақсартудағы аграрлық
салада нарықтық қатынасқа өту барысында жүргізіліп жатқан реформаның
сәйкестік мәселелері әрі қарай талдауды қажет етеді. Зерттеулер
көрсеткендей, бұл салада шаруашылық жүргізудің жаңа жағдайына сай келетін
теориялық және әдіснамалық негізі жеткілікті дәлелденбеген.
Еліміздің аграрлық саласындағы осы процестердің әрі қарай даму
заңдылықтарын айқындау, оны одан әрі кешенді талдау, қазақстандық және
шетелдік тәжірибелерді сыни қорыту мен әдіснамалық және ғылыми-тәжірибелік
бағалауда жаңа тәсілдер мен дәстүрлі емес шешімдер іздеу өте маңызды
мәселе.
Бұл жұмыс нарық қатынасы жағдайында Қазақстанның ауыл шаруашылығы
секторындағы ауылшаруашылық өндірісінде, кооперативтік және кооперативтік
емес ұйымдық-құқықтық кәсіпорындарды заңнамалық қамтамасыз етілуі мен
ауылдық өндіріс пен аймақтық басқаруды жетілдірудің өзекті мәселелерін қоса
алғанда, аграрлық реформаны жүзеге асырудың теориялық-әдіснамалық және
тәжірибелік жақтарын кешенді зерттеуді мақсат тұтқан бастапқы еңбек болып
табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты ауыл
шаруашылығындағы аграрлық реформалардың қалыптасып жүзеге асуы және оның
тарихи тәжірибесі мен өзекті мәселелерінің теориялық-әдістемелік
концепциясы негізінде Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс
аймақтарында тиімділікпен жүзеге асыруды негіздеу болып табылады. Бұл
мақсат мынадай міндеттерді орындау арқылы нақтыланған:
- аграрлық реформалардың қалыптасуымен жүзеге асуының теориялық және
әдістемелік негіздерін талдау:
- жүргізілген аграрлық реформалардың тарихи тәжірибиесінің маңызы
мен
рөлін айқындау және олардың айырмашылығын анықтау;
- тақырыптың теориялық және заңнамалық астарын ашып беруге
көмектесетін отандық және шетелдік әдебиеттерге ғылыми талдау
жасау;
- меншік пен шаруашылық жүргізудің көптүрлілігіне өту тәсілдерін зерттеу
мақсатында өтпелі кезеңдегі аграрлық саясатты зерделеу, сонымен бірге
ұйымдық-құқықтық заңнамаларының қалыптасуы, жергілікті тұрғындар мен
Қазақстан мемлекетіндегі әлеуметтік қажеттіліктерді қамтамасыз етудегі
сәйкестігін талдау;
- нарық жағдайында республика АӨК-індегі кооперациялаудың
негізгі бағыттары мен тәсілдерін анықтау; ауыл шаруашылығында
шаруашылық жүргізудің кооперативтік нысандарын жіктеу; Болашақта аграрлық
салада кооперацияның дамуына ықпал ететін факторларды талдау; ауыл
шаруашылығындағы кооперацияға мемлекеттік қолдау көрсетудің басты
бағыттарын анықтау;
- ауылдық өндіріс пен аймақтық басқару қызметін талдау және алдағы мерзімде
оны жетілдіру үшін қандай шаралар атқарылу кажеттігін анықтау;
- тұтыну кооперативтерінің түрлері мен қызметіне талдау жасау,
оның жаңа түрлерін ұсыну үшін дәлелдер келтіру және алдағы кезде
тұтыну кооперативтерінің жұмысын жетілдіру жолдарын ұсыну:
- аграрлық реформаны орындаудағы жергілікті және аймақтық өзін-өзі басқару
мекемелерінің қызметіне талдау жасау және алдағы кезде қалай ұйымдастыру
керектігін негіздеу;
экономиканы басқарудың елімізде қалыптасқан жүйесінің кешегісі,
бүгінгісі және ертеңгісіне сыни көзбен келгендегі жағдайларын
жергілікті шаруашылықты халықтық мүдде тұрғысынан дамытумен
байланыстыра қарастыру;
жергілікті мемлекеттік басқару мен жергілікті шаруашылықты
басқару түсініктерінің аражігін ажырата көрсету үшін тиісті
заңнамалық құжаттарға талдау жасап, оларды ұдайы жетілдіріп отыру
керек екендігін дәлелдеу;
Диссертацияның ғылыми жаңалығы. Өткізілген зерттеулердің жаңалығы ауыл
шаруашылығындағы реформаның барысын Республиканың өзге өңірлеріндегі
тәжірибе мен нарықтық қатынастар жағдайына орайластыра отандық тарихта ауыл
шаруашылық реформасының қалыптасуы мен жүзеге асу тәжірибесі мен зерттелген
аймақтың ерекшеліктерін талдау арқылы іс жүзінде қолданылатын ұсыныстар
жасау. Осы кезге дейін тақырыптың бұл аспектісі отандық және шетелдік
тарихшылар тарапынан қолға алынбаған болатын. Осыған байланысты зерттеу
жұмысының мынадай ғылыми маңыздылығы мен жаңалықтарын атап көрсетеміз:
Қазақстанда ауыл шаруашылығы реформаларының алғышарттары мен шынайы
қажеттілігі, аграрлық сектордың нақты және потенциалдық даму
мүмкіндіктерін, теориялық және әлемдік тәжірибені алғаш рет тарихи талдау,
қорыту арқылы айқындалды;
аграрлық саясаттың әлеуметтік даму үрдісі мен бағыттары көрсетілді;
аграрлық реформаның іске асуының объективтік қажеттілігі айқындалды;
реформаның ұйымдастырушылық-құқықтық заңнамаларына талдау
жасалынды;
жергілікті және аймақтық өзін-өзі басқару мекемелер жүйесінің
аражігі жан-жақты сараланды;
жергілікті басшылықтар мен қоғамдық мекемелердің құрылымдық
жетілдірілуі жөнінде ғылыми тұжырымдар жасалды;
аграрлық реформаның жергілікті тұрғындар мен мемлекеттегі әлеуметтік
қажеттілікті қамтамасыз етудегі сәйкестігіне талдау жасалынды;
Қазақстан Республикасындағы аграрлық реформаның іске асуының
әлеуметтік-экономикалық және саяси нәтижелері жіктелді;
- ТМД елдері ауылшаруашылығының қалыптасу тәжірибесі қорытылып,
оның даму үрдістері, заңдылықтары мен бағыттары айқындалды;
- жүйелік тәсілдеме жолымен ауылшаруашылығындағы дағдарысты жою
және ауылшаруашылық өндірістік кешенін дамытудың тұжырымдамалық
моделі жасалды;
- аграрлық саладағы ауылдық өндіріс пен аймақтық басқаруды жетілдірудің
тиімділік көрсеткіштер жүйесі ұсынылды;
-ауыл шаруашылығы ұйымдарының ұйымдық-құқықтық нысаны
жүйесінде өндірістік кооперативтердің орны мен рөлі көрсетілді;
-тұтыну кооперативтерін айқындау принциптері мен белгілері
нақтыланды, селолық тұтыну кооперативінің басқа ұйымдардан
ерекшеліктері айқындалып, орны ролі мен функциялары көрсетілді;
оларды құрудың негізгі жолдары анықталды; селолық тұтыну
кооперативтерінің артықшылықтары, кемшіліктері мен шектеулері
айқындалды; селолық кооперативтік ұйымдардың ұйымдық-құқықтық
нысандарының негізгі модельдері анықталды, олардың ішкі шаруашылық
экономикалық қатынастарының нысаны негізделді; селолық өндірістік
және өндірістік емес кооперативтердің тиімдірек модельдері ұсынылды;
Қазақстан оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарының жекеленген
аудандарындағы ауыл шаруашылығы өндірісінде коммерциялық емес ұйымдар
құрудың тиімділігін көрсететін ұсыныстар дайындалды;
- республикадағы су пайдаланушылар бірлестіктерінің қызмет тәжірибесі
қорытылды; су пайдаланушылардың коммерциялық емес бірлестіктерін
құрудың қажеттілігі мен маңызы нақтыланды;
- су пайдалануды басқаруға фермерлердің қатысуы үшін ынталану себептері
айқындалды; су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативтерінің
ұйымдық басқару құрылымы жасалды; оларды әрі қарай жетілдіру
шаралары туралы ұсыныстар жасалды;
- аграрлық салада коммерциялық емес несиелік кооперативтердің
қажеттілігі, қызмет ету принциптері мен даму стратегиясы
анықталды; Қазақстан Республикасында ауылдық несиелік
серіктестіктердің қалыптасуы мен қызмет етуінің қазіргі жағдайы, жетілу
үрдісі, бағыттары мен кемшіліктері көрсетілді және оны әрі қарай дамыту
шаралары ұсынылды; ауылдық несиелік тұтыну кооперативтерінің қызмет
ету тетігін жетілдіру жолдары негізделді; несиелік тұтыну кооперативінің
стратегиялық жоспарының тұжырымдамалық үлгісі жасалды;
несиелендіруді дамытудың мықты және әлсіз жақтары, оның дамуына
қатер әкелуші және мүмкіндік жасаушы себептерге SWOT талдау жасалды;
- ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының негізгі параметрлері мен
ішкі шаруашылық экономикалық қатынастарының негіздері анықталды;
- Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығының бірлестіктерінің қызметін
реттейтін заңдар талданды; оның өзге елдердің заңдарымен жалпы
ұқсастықтары, айырмашылықтары анықталды; осы саладағы заңдарды одан әрі
жетілдіру шаралары ұсынылды.
Тақырыптың хронологиялық шеңбері. Қазақстан Республикасындағы нарықтық
қатынастардың алыптасуы барысында орын алған аграрлық реформалардың
тәуелсіздік жылдарындағы қалыптасуы мен жүзеге асу барысы тақырыбының
хронологиялық кезеңінің бастауы 1991 жыл болып белгіленді. Себебі
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы жергілікті
басшылықтар мен қоғамдық мекемелердің әлеуметтік-экономикалық және саяси
бағыттарының жоспарлы шаруашылықтан нарықтық қатынастарға түбегейлі бет
бұру кезеңі негіз болып, зерттеу кезеңі 2007 жылмен шектелген.
Диссертацияның практикалық құндылығы ретінде Қазақстан Республикасы
ауылшаруашылығында нарықтық қатынастың қалыптасу шарттары мен тарихи
сабақтастығы тұрғысында бай деректік материалдар негізінде жасалынған
негізгі тұжырымдар мен қорытындыларды, алынған нәтижелерді ғылыми еңбектер,
оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар дайындауға, сол сияқты әлеуметтік-
гуманитарлық бағыттағы болашақ доктор, магистр, бакалаврлары үшін Отан
тарихының теориялық және әдістемелік мәселелеріне байланысты арнайы курстар
дайындауда қолданылатындығын айтуға болады. Сол сияқты зерттеу жұмысында
қалыптасқан әдістемелік тәсілдер, Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс
аймақтарындағы Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығында нарықтық
қатынастың қалыптасу шарттары мен тарихи сабақтастығы барысын жан-жақты
зерттеп, Қазақстанның өзге аймақтарымен салыстырып саралап, тарихи таным
нысанына айналдыруға мүмкіндік береді.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі. Тақырыптық теориялық-
әдістемелік негіздемесі диссертацияда арнайы қарастырылды. Зерттеу
барысында талдау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы аграрлық реформалар (1991 – 2008 жж.)
Зерттеудің сарапталып, сыннан өтуі
Ауыл шаруашылық малдары
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы аграрлық реформалау
Қазақ шаруаларын отырықшылыққа көшірудегі мемлекет саясаты (ХХ ғ. 20-30-шы жж.)
Кеңес дәуіріндегі Қазақстандағы көші-қон үдерістері: тарихи-демографиялық аспект (1917-1991 жж.)
Шаруа (фермер) қожалығының кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ерекшеліктері
Аграрлық саясаттың шынайы ақиқаты
Авторлардың еңбектерінде жоғарғы оқу орындарымен даярланған ауыл шаруашылық мамандары
Қазақстан территориясында мемлекет пен құқықтың пайда болуы
Пәндер