Ес туралы



1. Ес туралы жалпы түсінік
2. Естің түрлері
3. Ес туралы теориялар
4. Естің дамуы және оны тәрбиелеу
5. Естің типологиялық ерекшеліктері
Ес — ең күрделі психикалық әрекеттердің бірі. Ол айналамыздағы бізге әсер етуші дүниені, ондаған заттар мен құбылыстарды жүйкемізде сәулелендірудің айрықша бір түрі. Сыртқы дүниенің әсері арқылы бұрын мида пайда болған бейнелер, іс-түссіз жоғалып кетпейді, көп уақытқа дейін баста сақталып тұрады.
Ес деп, бұрын тәжірибеде қабылдаған нәрселерді мида қалдыратын жаңғыртатын және оларды кейіннен танып, еске түсіретін психикалық функцияларды айтады. Бұл үшін әсер етуші заттар мен нәроелердің бейнелері, біздің басымызда сақталып отыруы тиіс. Сондай-ақ олар өздігінсн, не болмаса әдейілеп еске түсіріп немесеоларды қайтадан танитын боламыз. Естің адам өмірінде алатын орны зор. Егер адамда ес болмаса, барлық дүниедегі заттар, болмыстар бізге әрқашан да жаңа, өткен тәжірибемізде болмаған, оларды еш уақытта қабылдамаған, сезбеген құбылыс болып табылар еді. Адам баласы ессіз тіршілік етуі мүмкін емес. Мұнсыз ол өмір бойы жиналған рухани байлық пен мұраны меңгере алмай, тіпті қоғамда, ғылымның, тарихтың, өнердің, барлық мәдениет атаулының ешбір өсіп-даму прогресі де болмас еді.
Естің физиологиялық негіздері ми үлкен жарты шарлары қыртысының күрделі әрекетімен байланысты. Сырттан келетін сан алуан тітіркендіргіштер адамның сезім мүшелері арқылы миға әсер етіп, онда өзіндік «іздер», «белгілер» калдырып отырады. Бірақ ол «іздер», «дақтар» не екенін, ол қандай іздер, қандай дақтар екені осы күнге дейін белгісіз болып отыр. Еетің физиологиялық негіздерін ашуда И. П. Павловтың шартты рефлекс туралы заңы бізге кәп көмек көрсетеді. Өткен тарауда айтқанымыздай, егер итке шартты рефлекс пайда болдыру үшін тәжірибе жасайтын болсақ, ең алдымен шартты қоздырғыш есебінде жарықты немесе қоңыраумсн әсер ете отырып, әрі оған тамақ беру керек. Егер бұл әрекетті біз бір-ақ рет жасасақ, онда екінші рет жарықты жаққанда бір дегеннен иттің аузынан сілекей ағып, шартты рефлекс пайда бола қоймас еді. Біз бұл тәжірибені бірнеше рет қайталағанда ғана итке шартты рефлекс пайда болуынан байқадық. Мұндай жағдайда иттің миында екі жүйке орталығы, бірі—көру, екіншісі — тамақ орталығы қозу жағдайында болып, бұл екеуінің арасында уақытша жүйке бекіп, бір қалыпқа түсуі мүмкін.
1. Т.Тәжібаев «Жалпы психология»
2. Ж.И.Намазбаева «Психология».

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
1. Ес туралы жалпы түсінік
2. Естің түрлері
3. Ес туралы теориялар
4. Естің дамуы және оны тәрбиелеу
5. Естің типологиялық ерекшеліктері
1. Ес туралы жалпы түсінік
Ес — ең күрделі психикалық әрекеттердің бірі. Ол айналамыздағы бізге
әсер етуші дүниені, ондаған заттар мен құбылыстарды жүйкемізде
сәулелендірудің айрықша бір түрі. Сыртқы дүниенің әсері арқылы бұрын мида
пайда болған бейнелер, іс-түссіз жоғалып кетпейді, көп уақытқа дейін баста
сақталып тұрады.
Ес деп, бұрын тәжірибеде қабылдаған нәрселерді мида қалдыратын
жаңғыртатын және оларды кейіннен танып, еске түсіретін психикалық
функцияларды айтады. Бұл үшін әсер етуші заттар мен нәроелердің бейнелері,
біздің басымызда сақталып отыруы тиіс. Сондай-ақ олар өздігінсн, не болмаса
әдейілеп еске түсіріп немесеоларды қайтадан танитын боламыз. Естің адам
өмірінде алатын орны зор. Егер адамда ес болмаса, барлық дүниедегі заттар,
болмыстар бізге әрқашан да жаңа, өткен тәжірибемізде болмаған, оларды еш
уақытта қабылдамаған, сезбеген құбылыс болып табылар еді. Адам баласы ессіз
тіршілік етуі мүмкін емес. Мұнсыз ол өмір бойы жиналған рухани байлық пен
мұраны меңгере алмай, тіпті қоғамда, ғылымның, тарихтың, өнердің, барлық
мәдениет атаулының ешбір өсіп-даму прогресі де болмас еді.
Естің физиологиялық негіздері ми үлкен жарты шарлары қыртысының күрделі
әрекетімен байланысты. Сырттан келетін сан алуан тітіркендіргіштер адамның
сезім мүшелері арқылы миға әсер етіп, онда өзіндік іздер, белгілер
калдырып отырады. Бірақ ол іздер, дақтар не екенін, ол қандай іздер,
қандай дақтар екені осы күнге дейін белгісіз болып отыр. Еетің
физиологиялық негіздерін ашуда И. П. Павловтың шартты рефлекс туралы заңы
бізге кәп көмек көрсетеді. Өткен тарауда айтқанымыздай, егер итке шартты
рефлекс пайда болдыру үшін тәжірибе жасайтын болсақ, ең алдымен шартты
қоздырғыш есебінде жарықты немесе қоңыраумсн әсер ете отырып, әрі оған
тамақ беру керек. Егер бұл әрекетті біз бір-ақ рет жасасақ, онда екінші рет
жарықты жаққанда бір дегеннен иттің аузынан сілекей ағып, шартты рефлекс
пайда бола қоймас еді. Біз бұл тәжірибені бірнеше рет қайталағанда ғана
итке шартты рефлекс пайда болуынан байқадық. Мұндай жағдайда иттің миында
екі жүйке орталығы, бірі—көру, екіншісі — тамақ орталығы қозу жағдайында
болып, бұл екеуінің арасында уақытша жүйке бекіп, бір қалыпқа түсуі мүмкін.
Павловтың айтуынша, адамдарда шартты рефлекстердің көмегімен
қалыптасып отырады. Сөйтіп, адам есінің физиологиялык, негізінде мидағы
дамыған жүйке байланыстары жатады. Адамның есі мимен байланысты екенін мына
төмендегі фактілер жақсы көрсетеді. Мысалы адамның желкесіне зақым келсе,
ол бүрын көрген нәрселерін тани алмайтын болады, не болмаса самайына зақым
келген адам бір естігенін екінші естігенде түсіне алмайтын болады, мидың
төбе бөлігіне зақым келген адам бүрынғы қимыл-қозғалыстарын орындай
алмайтын болады. Бұдан біз адамның есі мидың әрекетімен байланысты
екендігін, адам миының үлкен жарты шарлары қыртысының әрекеті екендігін
білуге болады.
2. Естің түрлері.

Ес адамның эр тңдмй іс-әрекеттерімен байланысты болып, тіршілікте аса
қызмет атқаратын болғандықтан, оның түрлері мен көріністері әр қилы, Естің
бөлінуі адамның түрлі әрекет ерекшеліктеріне байланысты жүргізіліп, олар
есте қалдыру, қайта жаңғырту үрдістерімен тығыз ұштасады. Іс әрекет
сипаттарына орай, ес үш түрге негізделіп бөлінеді: 1. Психикалық
белсенділік сипатына байланысты: қимыл-қозғалыс, эмоциялық-сезімдік,
бейнелі-көрнекілік және сөздік-мағыналық (логикалық); 2, Іс-әрекеттің
мақсат сипатына қарай: ерікті, еріксіз ес; 3. Адамның материалдарды қанша
уақытқа дейін есте сақтай алатындығына қарай: қысқа және ұзақ мерзімді,
сондай-ақ оперативтік ес.
Қимыл-қозғалыстық ес алуан түрлі күрделі қозғалыстарды еске сақтау,
сақтау қажет болған жағдайда жеткілікті нақтылықпен қайта жаңғырту болып
табылады. Ол қимыл-қозғалыстық, еңбектік, спорттық икемділіктер мен
дағдыларды қалыптастыруға қатысады.
Адамның бастан кешірген түрлі сезімдері мен эмоциялық күйлерін есте
қалдырып отыруын сезімдік ес деп атаймыз. Өз айналасындағы заттармен
құбылыстарға көңіл-күйінің қандай қатынаста болғанын қайта жаңғыртып, түрлі
іс-әрекеттерді атқаруға жетелейді.
Эмоциялық ес адам басынан кешкендерін еске түсіргенде, бозарады, не
қызарады. Өйткені, оның басынан өткен әр алуан жағдайлар оған күшті әсер
етіп, эмоциялық күйге ұшыратады. Белгілі мэні тұрғысынан алғанда, бұл естің
басқа түрлерімен салыстырғанда әлдеқайда күшті болады.
Бейнелі-көрнекілік ес заттар мен құбылыстардың қасиеттерін, нақты
бейнесін ойда қалдырып, қайта жаңғыртуда айқын көрініс береді. Естің бұл
түрі арқылы табиғат көрінісі, бастан кешкен оқиғалар, дыбыс, иіс, дәм
жаңғыртылады. Осыған орай бейнелі-көрнекілі ес - көру, есту, сипау, иіс,
дәм естері болып бөлінеді. Егер қалыпты дамыған адамдар үшін есту есі мен
көру есінің маңызы зор болса, ал соқыр, саңырау адамдарда мұның есесіне
сипау9 иіс, дәм естері (түйсіктердің осы түрлеріндегі сияқты) өте жақсы
дамып, басқа естердің кемістіктерін толықтырады. Бейнелі ес, әсіресе
көркемөнер кәсібімен шұғылданатын адамдарда жоғары әрі өте нәзік түрде
дамыған болады.
Кейде эйдетикалық есі бар адамдар да кездеседі. Мұндай адамдар заттар
мен құбылыстарды көз алдына нақты елестетіп, олардың жеке қасиеттері мен
бөлшектерін айқын ажырата алады. Олардың сезім мүшелері сыртқы
тітіркендіргіштерге күшті қозудың нәтижесі болып саналады.
Сөздік-мағыналық (логикалық) ес біздегі ой, ұғым, пікір, ой
қорытындылары сияқты түрлі формалар арқылы із қалдырып отырады. Ойдың
қандай формасы болса да тілмен, сөзбен байланысты. Естің бұл түрінің сөздік-
мағыналық деп аталуы да сондықтан. Бұрын қабылданған нәрселерді қажет
кезінде біз сез, не олардың мәнін есте сақтау арқьшы жаңғыртамыз. Егер
бейнелі есте бірінші сигнал жүйесінің қызметі басым болса, сөздік-мағыналық
есте екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады. Нәрселердің мән-жайын есте
сақтау логикалық-мағыналық, ал белгілі үзінділер мен сөз тіркестерін,
мазмұндарды сөзбе-сөз жаттап алу механикалық түрде есте қалдыру деп
аталады. Сөздік-мағыналық ес оқушылардың білім жүйесі мен оқу материалдарын
есте сақтауда жетекші мэнге ие. Естің бұл түрлері адамның әр қилы іс-
эрекеттерінің алмасып отыруына, ниеттілегіне, мақсат-мүддесіне орай түрлі
тәсілдерге ауысып оның бойындағы тұрақты қасиеттері больш қалыптасады.
3. Ес жайындағы теориялар.
Өмір тіршілігіне қажетті нәрселердің бәрінің ес үрдісінсіз болуы
мүмкін емес. Адамның бұрын қабылдаған нәрселері мен құбылыс бейнелерінің,
көңіл-күйлерінің ойда еақталып, қажет кезінде қайта жаңғыруы - ес үрдісі
деп саналады. Ес осы заманғы психология ғылымының даму сатысында өзекті
мәселеленің бірі болып табылады.
Психология есті органикалық функция ретінде өте ертеден бастап
қарастырған және бұл функцияның физиологиялық негіздерінің ашылуына ерте
қол жеткізді. Э. Мейманның айтуынша дәстүрлі психологияда ес көп жағдайда
физиологиялық функция ретінде зерттеледі және психологтар есті өте ерте
кезден бастап органикалық материяның жалпы қасиеттеріне жақындата бастады.
Ес қандай болмасын ұйымдастырылған материяның негізгі қасиеті болып
табылады. А. Семон [52] естің органикалық негіздерін белгілеу үшін ерекше
"мнема" терминін енгізді, бірақ психологиялық және физиологиялық
түсініктердің жақындауы кезінде әдеттегідей, ол өзі сол түсінікті бір
рухани функция немесе идеалистік түсінік ретінде қарастыра бастады. Бірақ
"мнема" сөзімен бэрінен де жақсы мидың және жүйке ұлпаларының түрлі
қасиеттеріне байланысты көрініс беретін, естің органикалық функцияларының
бірлігін атау. Бұл мағынада қазіргі кездегі көптеген психологтар мнема
немесе мнемикалық функция дегенде естің жаратылыстық жағын бөліп көрсетеді.
А. Берсон атақты материя мен ес жайлы зерттеуінде екі түрлі ес бар деген
тұжырымға келді: олар - ми есі және жан есі, бұлардың әр қайсысы өз
заңдылықтарына ие.
Кеңес психологиясында жалпы психологиялық іс-әрекет теориясымен байланысты
бағыт есті зерттеуде кең даму алды. Бұл теория контекстінде ес түрлі
хабарларды еске сақтау, сақтау қайта жаңғырту - мнемикалық мақсатарын
шешуге бағынышты, теориялық және практикалық әрекеттер жүйесі енетін,
психологиялық іс-әрекеттің ерекше түрі ретінде көрініс береді, онда
мнемикалық әрекеттер мен операцияның құрылымы, ес
өнімділігінің құрылымында есте сақтау мақсаты мен қүралдарының алатын
орнына байланыстығы, мнемикалық іс-әрекетті ұйымдастырудан тікелей және
жанамаланған еске сақтаудың салыстырмалы өнімділігінің тәуелділігі.
Есті іс-әрекет ретінде зерттеудің негізін француз ғалымдары, жекеше
айтқанда Жан Пиаже қалаған. Ол адғашқылардың бірі болып, есті материалды
еске сақтау, өңдеу мен сақтауға бағытталған әрекеттер жүйесі ретінде
түсіндіре бастаған. Психологияның франциялық мектебімен барлық ес
үрдістерінің әлеуметтік шарттанғандығы және естің адамның практикалық іс-
әрекетіне тэуелді болатындығы дәлелденді.
Кеңес психологиясында бұл концепция жоғары психикалық функциялардың
пайда болуының мәдени-тарихи теориясында жалғасын тауып, дамыды. Ес
дамуының фило жэне онтогенездік кезеңдері бөлініп көрсетілді. Естің іс-
әрекеттік теориясы бойынша әр түрлі елестер арасындағы ассоцияциялар -
байланыстардың түзілуі, сондай-ақ материалдың еске сақталынуы және қайта
жаңғыртылуы адамның осы мнемикалық өңдеу үрдісінде, ол материалмен не
жасайтындығымен түсіндіріледі.
А.А. Смирнов өз зерттеулерінде еске сақтаудьщ жақсы не жаман өтетін
жағдайларын және оның механизмдерінің ерекшеліктерін ашатын бірқатар
қызықты негіздер ашты. Оның дәлелдегені -әрекеттер ойларға қарағанда жақсы
есте сақталады, ал ол әрекеттердің арасында жақсырақ есте сақталатындары
-қиындықтарды өтумен байланыстылары, соның ішінде сол қиындықтардың өзі.
Естің филогенетикалық дамуын түсінуге П.П. Блонский айтарлықтай үлес
қосты. Ол ересек адамда бар естің түрлері оның тарихи дамуының әр түрлі
деңгейлері болып табылады жэне оларды соған сәйкес ес кемелденуінің
филогенетикалық деңгейлері деп санауға болады деген ойды айтып эрі қарай
дамытты. Бұл естің келесі кезектілігіне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың ес процесінің даму ерекшеліктері
Ес жадысын қалыптастыру ерекшеліктерін анықтау
Антикалық, Шетел және Ресей психологиясындағы ес мәселесі
Ес туралы жалпы мәлімет
Ес дамытудың тәсілдері мен шаралары
Қабылдау туралы жалпы түсінік
Ес туралы жалпы ұғым мен теориялар.
Зерттеудің теориялық мәні
Ес және адам
Ес процесінің даму жолдары оны қалыптастырудың ғылыми – теориялық негіздері
Пәндер