Қоғамдық қор


Жоспар
Кіріспе
I Қоғамдық қор туралы жалпы сипаттама
II Қоғамдық қордың құқықтық жағдайы
III ҚР Қоғамдық қорын қалыптастыру және пайдалану
саясаты
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Құқықтар мен міндеттердің заңды иесі болу, азаматтық айналымда құқықтың дербес субъектісі ретінде қатысу, жеке тұлғаға ғана емес, сондай-ақ заңды тұлғаға да тән.
Заңды тұлғаны мынадай белгілері бойынша айқындайды: 1) ұйымдасқандық бірлігі; 2) мүліктік оқшаулығы; 3) дербес мүліктік жауапкершілігі; 4) азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы.
Әрбір занды тұлғаның ұйымдасқан бірлігі оның өзіне тән қасиеті болғандықтан занңың өзі ұйымдарды бөліп қарайды. Ұйымдасқан бірлігі заңды тұлғаның ішкі құрылымынан көрінеді, сол арқылы қызмет аясы айқындалады. Занды тұлғалар өз қызметтерін, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, Жарғы не құрылтай шарты арқылы, не тек құрылтай шарты негізінде жүзеге асырады1.
Сонымен қатар, занды тұлғалар заң құжаттарына, сондай-ақ құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз органдары арқылы азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне тиесілі міндеттерді алады. Занды тұлға органдарьшың түрлері, тағайындалу немесе сайлану тәртібі және олардың өкілеттігі заңдар мен құрылтай құжаттарында белгіленеді.
Мүліктік оқшаулық - заңды тұлғаның экономикалық-құкықтық белгісі болып табылады және оның мүлікке заттық құқығын иеленуін білдіреді. Бұл арада әңгіме оның меншік құқығы, шаруашылықты жүргізу немесе оралымды басқару құқығы туралы болып отыр. Коммерциялық ұйымдағы дербес балансының мөлшері мен мекемедегі смета занды тұлғаның оқшаулық мүлкін айқындайтьш құжаттар. Дербес мүліктік жауапкершілік дегеніміз - ол занды тұлғаның міндеттемелері бойьшша өздеріне тиесілі барлық мүлікпен жауап беруі. Ал, меншік иесі қаржыландыратын мекеме мен қазыналық кәсіпорындар Азаматтық кодекстің 44-бабы 1-тармағьшьщ 2-бөлігіне сәйкес өз міндеттемесі бойынша өз билігіндегі ақшалай қаражатпен жауап береді. Қаражат жеткіліксіз болған жағдайда мекеме мен қазыналық кәсіпорынның міңдеттемелері бойьшша (қосымша) оның құрылтайшысы жауапты болады. Занды тұлғалардың дербес мүліктік жауапкершілігі заң актілерімен тағайындалуы мүмкін.
Азаматтық кодекс заңды тұлғаларды: коммерциялық және коммерциялық емес заңды тұлғалар деп бөледі. Коммерциялық заңды тұлға - пайда табуды көздейтін ұйым болып табылады, ал кммерциялық емес заңды тұлғалар кіріс түсіру мақсатын көздемейді. Коммерциялық емес ұйым - заңды тұлға ретінде мекеме, қоғамдық бірлестік, тұтыну кооперативі, қоғамдық қор, діни бірлестік нысанындағы заңды тұлғалар болып табылады.
I Қоғамдық қор туралы жалпы сипаттама
Қор - азаматтар және (немесе) заңды түлғалар ерікті мүліктік жарналар негізінде құрған, әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім беру және өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарды көздейтін, мүшелігі жоқ коммерциялық емес ұйым. Қордың басты ерекшелігі қорды құрған тұлға оған мүше болмайды және оның ісін басқаруға тікелей араласа алмайды. Сонымен қатар жұбайлық және жақын туыстық байланысы бар адамдар осы қордың штаттағы қызметкері бола алмайды.
Қорды құрған кезде құрылтайшылардың (құрылтайшының) шешімімен тұрақты жұмыс істейтін алқалы басқару органы - қордың атқарушы органы тағайыңдайтын қамқоршылық кеңесі құрылады, ол қор қызметінің оның жарғылық мақсаттарына сай келуіне бақылау жасайды, сондай-ақ қордың жарғысында бекітілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қордың атқарушы органының басшысы мен мүшелері қордың құрылтай құжаттарын, "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Қазақстан Рспубликасының Заңын және басқа да заң актілерін бұза отырып өздері қабылдаған шешімдерінің салдарьшан келтірілген шығынның орнын бірлесе толтыруға міндетті. Мұңдай шешім қабылдаған кезде қарсы дауыс берген, қалыс қалған, отырысқа қатыспаған адамдар шығынның орнын толтыру міндетінен босатылады.
Қордың некеде тұрумен, жақын туыстықпен немесе жекжаттықпен байланыспаған басшысы мен бухгалтері болуға тиіс. Бір адамның екі қызметті қатар істеуіне болмайды2.
Құрылтайшылардың құрамына, сондай-ақ қызмет саласына қарай жеке, корпоративтік, қоғамдық, мемлекетгік қорлар құрылуы мүмкін. Қызмет мақсаттарына қарай әлеуметтк-қайырымдылық, мәдени, білім қорлары және өзге де қорлар құрылуы мүмкін. ("Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Заңның 13-бабы) .
Бір жеке адамның немесе жеке адамдардың - бір отбасы мүшелерінің өзінің (өздерінің) жеке қаражаттары есебінен құрған қоры жеке қор деп танылады. Жеке қор, соңдай-ақ жеке адамның нотариадды куәландырылған өсиеті бойьшша да құрылуы мүмкін. Жеке қордың мүлкі тұлғадан (құрылтайшыдан) немесе жеке тұлғалардан - бір отбасы мүшелерінен (құрылтайшылардан) бір жолғы және (немесе) тұрақты түсетін түсімдер есебінен, өсиет бойынша түскен мүліктен, сондай-ақ "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Заңның 35-бабында көзделген және жеке қор қызметінің мақсаттарына сай келетін басқа көздерден құрылады.
Бір заңды тұлғаның немесе бірнеше заңды тұлғалардан -коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың осы ұйымдардың қаражаттары есебінен құрған қор коорпоративтік қор деп танылады. Коорпоративтік қордың мүлкі бір немесе бірнеше заңды тұлғалардан - коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардан (құрылтайшылардан) бір жолғы және (немесе) тұрақты түсетін түсімдер есебінен, сондай-ақ "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Заңның 35-бабында көзделген және коорпоративтік қор қызметінің мақсаттарына сай келетін басқа да көздерден құрылады3.
Бір отбасының мүшелері болып табылмайтын жеке адамдардың және (немесе) занды тұлғалардың - қоғамдық бірлестіктердің құрған қоры қоғамдық қор деп танылады. Қоғамдық қордың мүлкі бір отбасы мүшелерінен - аталған қордың бірден бір қатысушыларынан түсетін түсімдер есебінен құрыла алмайды.
Мемлекеттік органдардың шешімімен құрылған, белгіленген тәртіппен мемлекеттік меншік иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы берілген, қордың мақсаттары мен міңдеттерін мемлекетгік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асыратын қор мемлекеттік қор деп танылады.
Қазақстан Республикасыньщ заңдарымен белгіленген міндетті төлемдер есебінен құрылған қорлардың құрылуына, қызметіне, қайта ұйымдастырылуына және (немесе) таратылуына байланысты туындайтын қатынастар "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Заңмен реттелетін мәселелер болып табылады.
Қоғамдық қорды басқару тәртібі мен оның органдарының қалыптасу тәртібі құрылтайшысы бекіткен жарғымен (құрылтайшыларымен) айқындалады4.
II Қоғамдық қордың құқықтық жағдайы
Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында “қор” деген ұғымды емес “қоғамдық қор” деген ұғымды ұстанып оған мынандай ресми анықтама береді: Азаматтар және (немесе) заңды тұлғалар ерікті мүліктік жарналар негізінде құрған, әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім беру және өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарды көздейтін мүшелігі жоқ коммерциялық емес ұйым қоғамдық қор деп танылады (ҚР АК 107-б. 1 т. . мен ҚР “Коммерциялық емес ұйымдар туралы” Заңның 12-б. 1. т. . ) .
Бұл анықтамадан қордың басқа заңды тұлғалардан басты ерекшелігін айқын аңғаруға болады, яғни “қор азаматтар мен (немесе) заңды тұлғалардың бірлестігі емес, азаматтар мен (немесе) заңды тұлғалардың қоғамдық пайдалы мақсаттарға жету жолындағы мүлкінің бірлестігі болып табылады. Әрине, аталған белгі қорды кез-келген өзге коммерциялық емес ұйымдардан ажыратуға мүмкіндік беретін ең елеулі ерекшеліктердің бірі болып табылады” .
Демек, қоғамдық қорды ең алдымен құрылтайшылардың мүлік шоғырландыруымен тікелей байланыстыруға болады.
Қор осы жоғарыда аталғандардан басқа сондай-ақ азаматтардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, дене шынықтыру мен спортты дамыту, заң көмегін көрсету үшін және азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін немесе материалдық емес өзге де игіліктерін қамтамасыз ету мақсаттарында құрылуы мүмкін.
Мұның бәрі қоғамдық қордың аса тиімді құқықтық құрылым екендігіне дәлел болып, жалпы кез-келген қоғам үшін аса маңызды әлеуметтік рол атқаратындығын аңғартады. Бірақ осыған қарамастан, өкінішке орай, қазіргі күнге дейін Қазақстанда қоғамдық қорлардың қызметін реттейтін заңнамалар негіздері жеткілікті дамымай, кенже қалып отыр деп айтқан болар едік. Оған дәлелді алыстан іздеудің ешбір қажеті жоқ, мәселен, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде қоғамдық қорлардың құқықтық жағдайын айқындап, қызметін реттеуге арналған тек бір ғана норма бар- ол 107-бап , дәл сол сияқты “Коммерциялық емес ұйымдар туралы” Заңда да ( бұдан әрі қарай Заң ) жалғыз ғана норма қарастырылған, яғни ол аталған Заңның 12- бабы , әрине, көріп отырғанымыздай бұл нормалар Қазақстанда қоғамдық қорлардың толыққанды қызмет атқаруы үшін жеткілікті құқықтық негіз бола алмайтындығы айтпаса да түсінікті болар. Бірақ соған қарамастан қоғамдық қорлар соңғы жылдары Қазақстанда басқа заңды тұлғалармен салыстырғанда азаматтық айналымға айтарлықтай кең тарап үлгерді.
Қоғамдық қордың құқықтық жағдайы - ол ҚР АК 107-бабына қатысты. Біздер ҚР АК 107-бабының 1 тармағының қоғамдық қор деп белгіленуде, себебі, Заңның 13- бабының 4 тармағына сәйкес, қоғамдық қор болып бір отбасының мүшелері болып табылмайтын жеке адамдардың және (немесе) заңды тұлғалардың -қоғамдық бірлестіктердің құрған қоры табылады. Яғни, бұл анықтамадан біздер қоғамдық қордың қордың дербес бір жеке түрі болып табылатындығын көреміз. Демек, қоғамдық қор ол -түр. Ал тектік ұғым ретінде қор танылуы тиіс, өйткені, тектік ұғым ретінде қор деген ұғым бір топ әр түрлі қорлардың түрлерін біріктіріп тұр. Міне осы себептерге байланысты қоғамдық қор өзі түр бола тұрып ҚР АК 107- бабының 1 тармағында көрсетілгендей тектік ұғымды белгілеуі, әрине қалыптасқан дәстүрлі құқықтық доктрина қағидаларына қайшы келеді. Сондықтанда ҚР АК 107-бабы қоғамдық қор ретінде емес жай ғана қор ретінде белгіленуі керек. Сондай-ақ осы жоғарыда аталып өткен Азаматтық кодекстің 107-бабы жалпы мазмұны тұрғысынан Заңның 12-бабына сай келіп тұрған жоқ, сол себептен де АК 107-бабын Заңның аталған нормасына сәйкестендіру қажет деп білеміз. Алдымен бұл арада құқықтық иерархияда Азаматтық кодекстің аранайы заңдардан биік тұратындығы (әрине, егер арнайы заңдардың нормаларында мұндай басымдылық тікелей қарастырылған реттерді қоспағанда) ескерілмеген, сол себептенде арнайы заң нормаларының Азаматтық кодекстің нормаларына қайшы келуі осы аталған қарама-қайшылықты құқықтық тұрғыдан өрескел қате деп тануға толық негіз берері сөзсіз.
Ю. Г. Басин, Азаматтық кодекстің текстіне өзгертулер ендірудің жағымсыз салдары болуы мүмкін, өйткені бұл құқықтық тұрақсыздыққа әкеліп соғады.
Енді қоғамдық қорлардың құрылу мәселесі - қорлар тек қана заңдардың негізінде ғана құрылып қоймай, сондай-ақ арнайы құқықтық актілердің негізінде де құрылуы мүмкін, мәселен ҚР Президентінің Жарлығы бойынша немесе ҚР Үкметінің Қаулысына сәйкес т. с. с., демек, қор құру туралы бастаманы Қазақстанда заң негізіндегі актілер қабылдау арқылы да жүзеге асыруға жол беріледі деп тұжырымдауға болады. Бірақ барлық жағдайда бұл ұйымдардың, яғни қоғамдық қорлардың құрылтай құжаттары заңнамаға қайшы келмеуі тиіс.
Бір ғана жеке адамның немесе жеке адамдардың - бір отбасы мүшелерінің өзінің (өздерінің) жеке қаражаттары есебінен құрған қоры жеке қор деп танылады. Жеке қор сондай-ақ жеке адамның нотариалды куәләндірілген өсиеті бойынша да құрылуы мүмкін. Жеке қордың мүлкі жеке тұлғадан (құрылтайшыдан) немесе жеке тұлғалардан - бір отбасы мүшелерінен (құрылтайшылардан) бір жолғы және (немесе) тұрақты түсетін түсімдер есебінен, өсиет бойынша түскен мүліктен, және жеке қор қызметінің мақсаттарына сай келетін басқа да көздерден құралады ( Заңның 13 б. 2 т. ) .
Бір заңды тұлғаның немесе бірнеше заңды тұлғалардың-коммерциялық және (немесе) коммерциялық емес ұйымдардың осы ұйымдардың қаражаты есебінен құрған қоры корпоративтік қор деп танылады. Корпоративтік қордың мүлкі бір немесе бірнеше заңды тұлғалардың коммерциялық және (немесе) коммерциялық емес ұйымдардан (құрылтайшылардан) бір жолғы және (немесе) тұрақты түсетін түсімдер есебінен және корпоративтік қор қызметінің мақсаттарына сай келетін басқа да көздерден құралады ( Заңның 13 б. 3 т. ) . Бір отбасының мүшелері болып табылмайтын жеке адамдардың және (немесе) заңды тұлғалардың -қоғамдық бірлестіктердің құрған қоры қоғамдық қор деп табылады. Қоғамдық қордың мүлкі заңды тұлғалардан -қоғамдық бірлестіктер мен жеке тұлғалардан бір жолғы және (немесе) тұрақты түсетін түсімдер есебінен және қоғамдық қор қызметінің мақсаттарына сай келетін басқа да көздерден құралады ( Заңның 13 б. 4 т. ) . Мемлекеттік органдардың шешімімен құрылған, белгіленген тәртіппен мемлекеттік меншікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы берілген, қордың мақсаттары мен міндеттерін мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын қор мемлекеттік қор деп аталады. Мемлекеттік қордың мүлкі заңдарда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің қаражаты есебінен және мемлекеттік қор қызметінің мақсаттарына сай келетін басқа да көздерден құралады.
Қазақстан Республикасының заңамаларына сәйкес қорды бір ғана тұлға, яғни жеке немесе заңды, коммерциялық болмаса коммерциялық емес ұйым, сондай-ақ осы аталған тұлғалар бірлесе отырып құра алады. Ал Заңның 13 бабының 1 тармағы, сонымен бірге, қызмет мақсаттарына қарай өзге де қорлардың құрылуына мүмкіндік береді.
Мысалы, бюджеттен тыс мемлекеттік қорлар қоғамдық қорлар бола алмайды. Сондықтан АК-тің 107-бабының ережелері оларға қолданылмайды. Бюдежттен тыс мемлекеттік қор мемлекеттік коммерциялық емес ұйымдардың дербес түрі болып табылады, оның құқықтық жағдайы өзінің қызметін реттейтін нормативтік актілермен айқындалған .
Коммерциялық емес ұйымдар туралы және де өзге де заңдарда қарастырылған қорлар заңды тұлға, яғни коммерциялық емес заңды ұйым болып табылады. Шет елдерде қорлардың құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының заңды тұлғалар жүйесіндегідей емес өзгешелеу болып келеді. Мәселен, “көптеген еуропа мемлекеттерінің заңнамалары бойынша қайырымдылық, мәдени және өзге де қызметтермен айналысатын заңды тұлғалар мекемелер деп аталады.
Қазақстанда азаматтық заңнамаларда құрылтайшы , қатысушы немесе ұйым мүшесі деген ұғымдарға ресми құқықтық анықтама берілмеген, сондықтан да аталған ұғымдардың аражігін айқындау қиын.
С. И. Климкиннің пікірінше Қазақстанда бүгінгі күнге дейін құрылтайшылардың (қатысушылардың) өздері құрған заңды тұлғалардың мүлкіне құқықтарының арақатнастарын саралайтын елеуге тұрарлықтай зерттеулер жасалған жоқ .
АК 107-бабының 3 тармағы қордың мүлкіне қор құрылтайшыларының мүліктік құқықтарын шектегенмен, қордың құрылтайшыларының қорға қатысты өздерінің мүліктік емес құқықтарын сақтап қалуына ешбір тиым салып тұрған жоқ. Мәселен, құрылтайшылардың мүліктік емес құқықтарына құрылтайшылардың қорды басқаруға қатысу құқығын жатқызуға болады. Егер осы АК 107-бабының 3 тармағының 2 бөлігіне сүйенер болсақ, онда құрылтайшылар қордың басқару органдары құрамына кіре алды деп айтуға құқықтық негіз пайда болады.
Қордың құрылтайшылары қорды басқаруға міндетті, тіпті, олардың қорды тікелей басқаруға мүлдем мүмкіндігі жоқ деп пайымдайды. Егер қордың мүшелегі жоқ коммерциялық емес ұйым екендіген ескерер болсақ бұл ретте қордың құрылтайшыларының мүліктік емес құқықтары, яғни қорды басқару құқығы заңмен шектелуі тиіс! Мысалы, қор құрылтайшыларының өз еріктерімен қорды тарату туралы шешім қабылдауларына заңмен тиым салынуы керек деп білеміз. Бұл жағдай, әрине ең алдымен қордың құқықтық табиғатының ерекшеліктеріне байланысты, өйткені “ . . . Қорды құрып және оған мүлік бергеннен кейін құрылтайшылар қордың мүлкіне барлық мүліктік құқықтарын жоғалтады, яғни қор осыдан кейін жарғыда құрылтайшылар белгілеген пайдалы мақсаттарды көздеп өз бетінше “өмір сүреді” . . . ”
Заңның 12-бабынының 5 тармағы қор құрылтайшыларының қордың мүлкіне мүліктік құқығы жоқ және оларды міндеттемелерін орындамағаны үшін жарғыда белгіленген тәртіппен құрылтайшылырдың жалпы жиналысы қордан шығаруы мүмкін деп көрсетеді. Біздіңше бұл нормада қарастырылған құқықтық санкцияны мүлік беруге байланысты өз міндеттемелерін орындамаған (тіпті жарғыда белгілеген күннің өзінде!) қор құрылтайшылары (құрылтайшысы) үшін қолдануға болмайды деп санаймыз. Себебі, қордан шығару (жалпы, “шығару” деген процедураның өзі қандайда бір мүшелікте болуды білдіреді емес пе?!) ол іс жүзінде қордан мүшеліктен шығарумен пара-пар, ал бұл Азаматтық кодекстің 107-бабының 1 тармағының және де Заңның 12-бабынының 1 тармағының талаптарын, нақты айтқанда қордың мүшелігі жоқ коммерциялық емес ұйым болатындығы туралы қағидасына қайшы келеді.
Заңның 22-бабының 1 тармағының 6 тармақшасының талаптарына сәйкес, қоғамдық қордың құрылтай құжаттарында, нақты айтқанда ұйымның жарғысында оның мүлкінің құрау көздері көрсетілуі тиіс.
Қоғамдық қордың мүлкінің құрау көздері болып Заңның 13-бабының 4 тармағының 2 бөлігіне сәйкес, мыналар табылады: заңды тұлғалардан-қоғамдық бірлестіктер мен жеке тұлғалардан бір жолғы және (немесе) тұрақты түсетін түсімдер және де осы Заңның 35-бабына сәйкес, ерікті мүліктік жарналар мен қайырмалдылықтар, заңдарда белгіленген жағдайларда тауарлар сатудан, жұмыстардан, қызмет көрсетуден түскен түсімдер (кірістер), акциялардан, облигациялардан, басқа да бағалы қағаздар мен салымдардан (депозиттерден) алынған дивиденттер және заңмен тиым салынбаған басқа да түсімдерден.
Сондай-ақ, бұл тізбе ашық болып табылады, алайда, заңдармен кейде оған шектеулер белгіленуі де мүмкін, мәселен, Заңның 13-бабының 4 тармағының 3 бөлігі қоғамдық қордың мүлкі бір отбасы мүшелерінен - аталған қордың бірден бір қатысушыларынан түсетін түсімдер есебінен құрала алмайды деп белгілейді. Біздер осы нормада берілген қордың бірден бір қатысушыларынан деген сөз тіркесінде құқықтық әрі мағыналық қате бар деп санаймыз, себебі қоғамдық қор ол - мүшелігі жоқ коммерциялық емес ұйым болып табылады, ал қатысушы деген ұғым, әрине қоғамдық қорда мүшелік бар дегенге меңзейді. Сондай-ақ Қазақстан заңнамаларында қатысушылар мен мүшелер деген ол тең ұғымдар ретінде қарастырылған сондықтанда аталған нормадағы қатысушыларынан деген сөздің орнын құрылтайшыларынан деген сөзбен алмастырған әлдеқайда дұрысырақ болар еді.
Осыған дейін жоғарыда атап өткен болатынбыз, АК 107-бабының 3 тармағына сәйкес қоғамдық қорға оның құрылтайшылары берген мүлік қордың жеке меншігі болып табылады, сол себептен де, қоғамдық қор АК 44-бабының 1 тармағында қарастырылған жалпы ережелерге сәйкес өз міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлкімен жауап береді.
АК 44-бабының 2 тармағында қарастырылған заңды тұлғаның жауапкершілігіне қатысты жалпы ереже қоғамдық қор үшін де қолдануға жатады, яғни, аталған нормаға сәйкес қордың құрылтайшылары қордың міндеттемелері бойынша, ал қор өзінің құрылтайшыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді, себебі, Қазақстан заңнамасында бұл мәселе өзгеше көзделмеген.
Қазақстан Республикасында қоғамдық қордың мүлкінің ең төменгі мөлшері заңмен белгіленбеген. Азаматтық кодекстің 107- бабының 7 тармағының 1 тармақшасы, егер қордың мақсаттарын жүзеге асыру үшін оның мүлкі жеткіліксіз болса және қажетті мүлікті алу ықтималдығы нақты болмаса, қоғамдық қордың сот шешімі бойынша таратылатындығын айтады. Демек, бұл жағдай тәжірибе тұрғысында қоғамдық қордың мүлкінің ең төменгі мөлшерінің заңмен белгіленуінің елеулі дәрежеде тәжірибелік мәні бар екендігін аңғартса керек. Бұлай болмаған ретте, қоғамдық қорды таратуға негіз болып отырған мүліктің жеткіліксіз болуы мен қажетті мүлікті алу ықтималдығын анықтауға, сондай-ақ қорды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізу мәселесін объективті құқықтық ұстанымдар. Бұл арада қоғамдық қордың мүлкінің көлемін анықтау осы қордың көздейтін пайдалы мақсаттарын жүзеге асыруға қажетті шығандарын нақты ескере отырып жүргізілгені дұрыс5.
III ҚР Қоғамдық қорын қалыптастыру
және пайдалану саясаты
Елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, болашақ ұрпақ үшін қаржы қаражатын жинақтау, қолайсыз сыртқы факторлардың әсеріне экономиканың тәуелдігін азайту мақсатында 2001 жылы Ұлттық қор құрылды.
Ұлттық қор құрылған сәттен бастап мұнай секторынан түсетін кірістердің шамамен 48 %-ы қорға жіберілді және 2005 жылдың соңында шамамен 8, 1 млрд. АҚШ доллары сомасында активтер жинақталды, бұл ЖІӨ-ге 14, 5 %-ды құрайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz