Институционалды бағыт



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3


БӨЛІМ1. ИНСТИТУЦИОНАЛДЫ БАҒЫТ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ АЛҒЫШАРТТАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.1 Институционалды бағыт әдістемесінің қалыптасу алғышарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2. Институциналды бағыттардың әдістемелік ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

БӨЛІМ 2. ЕРЕЖЕЛЕР МЕН ИНСТИТУТТАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2.1. Норма инститтардың базалық негізі ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
2.2. Институционалды әдістемелер деңгейлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
Қазіргі институционалды теория ХХ ғасырдың екінші жартысында нақты тарихи алғышарттар негізінде қалыптасты. Ең басты себеп ретінде неоклассикалық теорияның нақты экономикалық мәселелерді түсіндірудегі қолданылу ауқымының таралуы қарастырылады.
ХІХ ғасырдың аяғы және ХХ ғасырдың бас кезінде экономика ғылымында басымдық танытқан неоклассикалық бағыт экономиканы өздігінен реттелетін жүе ретінде анықтап, құн қалыптасу үрдісі рыноктағы ұсыныс пен сұраныс арқылы, яғни игіліктің шекті пайдалылығына негізделген тұтынушы талғамы арқылы түсіндіреледі.
Неоклассикалық бағыттың зерттеу әдістері қатарында статикалық талдау, математикалық әдіс кең қолданылып, олардың көмегімен рыноктық экономиканың тиімділігін дәлелдеуге, кез келген жағдайда кез келген таңдау жүргізуші индивидтердің міңез-құлқын дәл суреттеуге тырысты. Таңдаудың пәні, таңдау жасаудағы сыртқы жағдайлар, тарихи кезең сиякты басқа да факторлар ескерілмеді. Демек, шектелген ресурстар жағдайында кез келген таңдау жүргізуді талдауда неоклассикальқ аналитикалық модель өзгеріссіз қолданылған.
1. Методы институциональной предпосылки./ В. Г. Марачва: ИНФРА – М,1997/.
2. Институциональная экономика.Под.рук. Д. С. Львова. М
3. История экономических учений/ Под. общ. Ред. А. Г. Худокормова :
4. Институционалды экономика/ Ғ. Р. Даулиева : Қазақ университеті – Алматы, 2006/.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3

БӨЛІМ1. ИНСТИТУЦИОНАЛДЫ БАҒЫТ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ
АЛҒЫШАРТТАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.1 Институционалды бағыт әдістемесінің қалыптасу
алғышарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2. Институциналды бағыттардың әдістемелік
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

БӨЛІМ 2. ЕРЕЖЕЛЕР МЕН
ИНСТИТУТТАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
0
2.1. Норма инститтардың базалық негізі
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10

2.2. Институционалды әдістемелер
деңгейлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... 15

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... 18

КІРІСПЕ:

Қазіргі институционалды теория ХХ ғасырдың екінші жартысында нақты
тарихи алғышарттар негізінде қалыптасты. Ең басты себеп ретінде
неоклассикалық теорияның нақты экономикалық мәселелерді түсіндірудегі
қолданылу ауқымының таралуы қарастырылады.
ХІХ ғасырдың аяғы және ХХ ғасырдың бас кезінде экономика ғылымында
басымдық танытқан неоклассикалық бағыт экономиканы өздігінен реттелетін жүе
ретінде анықтап, құн қалыптасу үрдісі рыноктағы ұсыныс пен сұраныс арқылы,
яғни игіліктің шекті пайдалылығына негізделген тұтынушы талғамы арқылы
түсіндіреледі.
Неоклассикалық бағыттың зерттеу әдістері қатарында статикалық талдау,
математикалық әдіс кең қолданылып, олардың көмегімен рыноктық экономиканың
тиімділігін дәлелдеуге, кез келген жағдайда кез келген таңдау жүргізуші
индивидтердің міңез-құлқын дәл суреттеуге тырысты. Таңдаудың пәні, таңдау
жасаудағы сыртқы жағдайлар, тарихи кезең сиякты басқа да факторлар
ескерілмеді. Демек, шектелген ресурстар жағдайында кез келген таңдау
жүргізуді талдауда неоклассикальқ аналитикалық модель өзгеріссіз
қолданылған.

1.ИНСТИТУЦИОНАЛДЫ БАҒЫТ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ АЛҒЫШАРТТАРЫ
1.1. Институционалды экономикалық әдістемесінің қалыптасу алғышарттары.
Классикалық экономикалық теорияның космополитизмі, оның кез келген
жағдайлардағы әмбебаптылығының күмәнділігі алғашкы рет тарихи мектеп
өкілдерінің, кейіннен Дж. Кейнс көзқарастарында байқалды. Дж. Кейнстің
пікірінше, классикалық постулаттар тек қолда бар ресурстардың толық
қамтылуы жағдайында орындалады, ал керісінше жағдайда аналитикалық
құндылығы жоғалады. Сонымен қатар, неоклассикалық модельдің қолданылу
ауқымын тарылтатын бірқатар шектемелер неоклассикалық рыноктың негізгі
шарттарынан, олардың қарама қайшылықтарынан туындайды.
Біріншіден, неоклассикалық рынок моделінде таңдау жүргізуші
индивидтердің толық ақпаратқа ие болуы қарастырылады. Рынок жағдайы туралы
барлық қажетті ақпарат баға арқылы алынады және тепе-теңдік бағасы туралы
ақпарат айырбасқа қатысушыларға өз мудделеріне сай мәміле жасауға мүмкіндік
беретіні болжамданады. Алайда, ақпараттың толықтығы тек екі жағдайда ғана,
яғни баганың орталықтан қалыптасуы және локальды рынок жағдайында
орындалады.
Екіншіден, мәмілеге қатысушылардың өзара барынша аз тәуелділігі, бір
индивидтің таңдау туралы шешімі басқалардың шешімдеріне тәуелсіз және
оларға әсер етпеуі тұжырымдалады. Шешім қабылдаудағы барынша аз тәуелділік
жетілген бәсеке рыногында мумкін. Жетілген бәсеке жағдайында экономикалық
таңдаудың нысаны ретінде ресурстардың ерекшелілік дәрежесі төмендейді және
монополиялық бәсекеге ауысу тенденциясы орын алады. Сондьқтан, рыноктың
құрылымы неоклассикалык модельдің қолданылу шегін анықтайтын келесі
факторды құрайды.
Үшіншіден, таңдау жүргізуші индивидтердің экономикалық адам идеалына
сәйкестігі неоклассикалық модельдің келесі қолданылу алғышартын құрайды.
Сонымен, неоклассикалық рыноктағы идеалды қатысушының сипатты белгілері
қандай?
- оның мінез- құлқы максатқа бағытталған рационалды;
- оның мінез-құлкы утилитарлы, яғни іс-әрекеті пайдалылықты барынша
арттыруға бағытталады; утилитаризмнің қарапайым және күрделі формалары
ажыратылады: бірінші жағдайда индивид тек пайдалылықты барынша арттыруға
ұмтылса, екінші жағдайда алынған пайдалылық көлемін жеке іс-әрекетімен
байланыстырады;
- экономикалық адам мәміленің басқа қатысушыларына эмпатия сезімінде,
басқаша айтқанда өзін басқалардың орнына қоя білуі қажет; эмоционалды
сипаттағы симпатиядан эмпатияның айырмашылығы оның бейтараптылығында;
- мәмілеге қатысушылар арасында сенім болуы қажет; сенімнің болуы
контрагентің мінез-құлқын болжау, рынок жағдайы туралы күтімдерді
қалыптастыру алғышарттарын білдіреді;
- мәмілеге қатысушылар интерпретативт1 рационалдылылыққа қабілетті болуы
қажет; интерпретативті рационалдылық бір жағынан, басқалардың іс-әрекет
мақсаты мен жоспарын дұрыс түсіне білуді, екінші жағынан, өз мақсаты мен
іс-әрекетін басқалардың дұрыс түсінуін жеңілдетуді білдіреді.
Интерпретативті рационалдылық алғышарты ретінде фокальды нүктелер, яғни
барлық индивидтер кездейсоқ таңдайтын мінез-құлықтың жалпыға танымал
нұсқалары, келісімдер қарастырылады.
Неоклассикалық модельдің қарастырылған шарттары бір бірімен қарама-
қайшылықта. Демек, рынокты ұйымдастыру, рыноктағы индивидтердің мінез-құлқы
сияқты факторларға қызығушылық неоклассикалық теорияны шектеумен қатар,
рынок моделін құруда жаңа теориялық негіздемелерді қажет етеді.

1.2. Институциналды экономикалық бағыттарының әдістемелік ерекшеліктері
Қазіргі институционалды теория өз дамуында ғылыми-әдістемелік тұрғыда
екі іргелі бағыт - "ескі" институционализм және неоклассикадан бастау
алады. Бұл теория екі бағытта дамыды: неоинституционалды теория және жаңа
институционалды теория.
Қазіргі институционализмнің ескі институционализмнен бірқатар
айырмашылықтары бар.
Біріншіден, "ескі" институционализм өкілдері экономикалық мәселелерді
басқа қоғамдық ғылымдардың әдістерін қолдана отыра зерттейді.
Неоинституционалды теория, керісінше қоғамдық ғылым салаларындағы саяси,
құкьқтық және басқа да мәселелерді неоклассикалық экономикалык теорияның,
әсіресе, қазіргі микроэкономика және ойындар теориясының әдістерін қолдана
отыра зерттейді. Бұл ғылымға "экономикалық империализм" атымен енген.
Екіншіден, ескі институционализм негізінен индуктивті әдісті
қолданылып, жеке жағдайлардан жалпы жағдайларды талдаған. Инститтутардың
біртұтас тоериясы қалыптасқан жоқ. Қазіргі институционализм дедуктивті
әдісті қолдану арқылы институттапды біртұтас теория негізінде талдауға
тырысады.
Үшіншіден, ескі институционализм радикалды экономикалық ағым
ретінде индивидтердің мүддесін қорғауда ұжымдық іс - әрекетке
баса назар аударды. Холизм әдістемесі негізінде зерттеуді
индивидтен емес, институттан бастайды. Басқаша айтқанда,
институттардың сипаттамасынан индивиддердің сипаттамалары
алынады. Ал институттардың мәні олардың макродеңгейдегі
қатынастарды ұдайы өндірудегі қызметінен түсіндіріледі.
Институционалды детерминизм қағидасы басым: инститтутар кездейсоқ дамудағы
негізгі тежеуші, тұрақтандырушы фактор ретінде қарастырылады. Институттар
бұрынғы үрдістердің нәтижесі болғандықтан бұрынғы жағдайларға бейімделген,
сондықтан олар әлеуметтік, психологиялық инерцияның факторы болып табылады.
Демек, институттар кейінгі дамудың шектерін құрайды.
Неоинституционализм әдістемелік индивидуализмді қолданады. Яғни,
зерттеудің орталық мәселесі - өз еркімен өз мүддесіне сәйкес шешім
қабылдайтын тәуелсиз индивид. Институттарды өз іс-әрекеттерін үйлестіруде
қолданатын индивидтердің мүддесі мен мінез-құлкы арқылы институттардың мәні
түсіндіріледі. Ешқандай ұйым (фирма немесе мемлекет) өз мүшелерінен бөлек,
дербес өмір сүре алмайды. Сондыктан, олардың сипаттамасы дербес агенттердің
мақсатты бағытталған мінез-құлкы тұрғысында талданады.
Әдістемелік индивидуализм қағидасы одан әрі институттардың кездейсоқ
эволюциясы концепциясында дамытылды. Бұл концепцияға сәйкес, институттар
адамдардың іс-әрекет нәтижесінде, бірақ олардың тілектері арқылы емес,
керісінше, кездейсоқ; турде пайда болады. Кеңестік және уақыттық
белгісіздік жағдайында экономикалық агенттердің субъективті күтімдері мен
объективті нақтылықтың сәйкестілігі қандай механизм негізінде қамтамасыз
етіледі? Осы ретте Ф. Хайектің кездейсоқ тәртіп теориясы талдауды дамытады.
Хайектің талдауы нормалар, мінез-құлық типтері, дәстүр, дін сияқты тағы да
басқалардың жиынтығы ретінде анықталатын шынайы мінез-құлық ережесі
қағидасына негізделеді. Шынайы мінез-құлық ережелері байқаулар және
қателіктер жолымен әлеуметтік-экономикалық даму барысында іріктелінеді;
индивидтер жоспарына неғұрлым сәйкесітігін қамтамасыз ету мақсатында
олардың сыртқы орта өзгерістеріне бейімділігі жоғары. Бұл ережелер белгілі
бір жағдайларда үнемі қайталана отыра, кездейсоқ тәртіптің көрінісі болып
табылады.
Казіргі уақытқа дейін ескі және неоинституционалды теориялардың
дуализмі байқалады. Екі бағытта неоклассикалық теория негізінде немесе оның
әсерінде пайда болған. Егер институционалды ағымның бірінші бағыты
(неоинституционалды экономика) неоклассикалык парадигманы зерттеудің
барынша жаңа салаларын тарту аркылы кеңейтіп, тереңдетсе, екінші бағыт
(жаңа институционалды экономика) ескі институционализмге көбірек жүгіне
отыра, неоклассиканы жоққа шығарып, институционалды экономиканы
қалыптастырды.
Институционалды экономика маржиналды және тепе-теңдік талдау әдістерінен
бас тартып, эволюциялық-әлеуметтану әдістерін кең қолданады. Экономиканы
үнемі сыртқы ортаның әсерінде болатын эволюциялық ашық жүйе ретінде
талдайды.
Неоинституционалды экономика неоклассиканың ғылыми негізін өзгеріссіз
қалдырып, дәстүрлі микроэкономикалық әдістерге сүйене отыра, бұрын
неоклассикалық теорияда ғылыми зерттеу нысаны болмаған мәселелерді
талдайды. Дәстүрлі неоклассиканың шеңберінде қала отыра, неоинституционалды
экономика оның бірқатар алғышарттарын ғана өзгертеді (толық рационалдылық,
ақпараттарын абсолютті толықтығы, жетілген бәсекеге, тепе-тендіктің тек
баға механизмі арқылы қалыптасуы,т.б.). Қоғамдық ғылымдардың басқа
салаларын (әлеуметтану, психология, құқық, саясат, т.б.) талдауда, бұл
бағыт дәстүрлі микроэкономикалық талдау әдістерін қолданып, әртурлі
қоғамдық қатынастарды рационалды ойлаушы экономикалық адам тұрғысында
талдауға тырысты. Сондықтан, адамдар арасындағы қарым-қатынас өзара ұтымды
айырбас тұрғысында талданады. Бұл ұстаным контрактілі парадигма деп
аталады.
Неоинституционалды экономиканың зерттеушілік бағдарламасы алғаш рет
Р. Коуздың Фирма табиғаты, Әлеуметтік шығындар мәселесі еңбектерінде
қалыптасты. Осы бағдарлама шеңберінде неоклассикалық теорияға бірқатар
өзгерістер енгізілді..
Біріншіден, түрлі меншік және контракт формалары қарастырылады. Жеке
меншікпен қатар ұжымдық, мемлекеттік, акционерлік меншік формалары
талданып, әртүрлі меншік режимдерінің салыстырмалы тиімділігі олардың
рынокта мәміле жасауды қамтамасыз етуі бойынша салыстырылады. Осы бағыттың
іргелі теориялары: меншік құқығы теориясы (Р. Коуз, Р. Познер, С. Пейович),
оптималды контракт теориясы (Дж. Стиглиц, Й. Макнил), қоғамдық таңдау
теориясы (Дж. Бьюкенен, Г. Таллок), конституционды экономика теориясы (В.
Ванберг). Конституционды экономиканың ерекшелігі неоклассикалық қоғамдық
таңдау теориясы және ескі институционализмнің құрамдас бөлігі ретіндегі
тәртіп теориясының элементтерін біріктіруінде.
Екіншіден, неоклассикалық модельге ақпараттық шығындар, ақпараттың
асимметриясы түсініктері енгізіледі. Яғни, рынок жағдайы және мәміле туралы
ақпараттарды іздеу және қол жетумен байланысты шығындар.
Үшіншіден, өндірістік немесе трансформационды шығындармен қатар
неоинституционалистер трансакционды шығындардың болуын қарастырады.
Трансакционды шығындар теориясында (Р. Коуз, О. Уильямсон) мәміле жасауда
қалыптасатын барлық шығындар трансакционды шығындар ретінде анықталады.
Жаңа экономикалық тарих (Д. Найт) теориясы трансакционды шығындар және
меншік құқықтары теорияларын қолдану негізінде қалыптасты.
Жаңа институционалды экономика неоклассиканың постулаттарына тәуелсіз,
институттардың жаңа теориясын қалыптастырды. Бұл бағытттың бағдарламасы кең
түрде келісімдер экономикасы өкілдерінің (Л. Тевено, О. Фавро, А. Орлеан)
еңбектерінде келтірілген.
Жаңа институтционалды экономика, біріншіден ойындар теориясын (Дж.
фон Нейман, О. Моргенштерн) қолдана отыра неоклассикалык жалпы тепе-теңдік
моделін өзгертеді. Ойындар теориясы экономикалық теориядағы дербес бағыт
болса да, жаңа институционалды экономиканың моделдері ойындар теориясы
арқылы құрылды. Ойындар теориясы бірқатар болжамдардан құрылады:
- бірнеше тепе-теңдік нүктелері болуы мүмкін;
- тепе-тендік нуктелері Парето бойынша оптимум нүктесіне сәйкес болуы
міндетті емес;
- тепе-тендік мулдем болмауы мүмкін.
Екіншіден, когнитивті шектемелерді енгізу арқылы, толық емес
рационалдылық теориясы (Г. Саймон) дамытылады. Бұл теорияға сәйкес, индивид
мәміле жене рынок жағдайы туралы барлық ақпаратты жинауға және жинақталған
ақпаратты оптималды түрде өңдеуге кабілетті. Ақпаратты өңдеуге
кабілеттілік, ақыл-ой сирек ресурс ретінде қарастырылады. Бұл
неоклассикалық рационалды тандау моделінің, оның негізідегі оптималдылық
қағидаларының өзгеруіне әкелді Аталған кағида қанағаттылық қағидасымен
ауыстырылды.
Үшіншіден, жаңа институционалды теория неоклассикалық теориядағы
индивидтер талғамының экзогенді сипаты және тұрақтылығын терістеп,
институттар және индивидтердің шешім қабылдаудағы байланыстың екі жақты
сипатын негіздейді. Институттар индивидтер тандауының шектеме болғанымен
де, индивидтер институционалды шектемелерді өзгертуге қабілетті.

Келісімдер экономикасы бұл бағыттың іргелі теорияларының бірі,
институционалды талдаудың ең жас және қарқынды даму үстіндегі бағыты.
Келісімдер экономикасы ХХғ. 80-ші жылдарының ортасында Францияда
қалыптасты. Талдаудың басты мәселесі - индивидтер арасындағы қарым
қатынастың жалпы шектемесі ретіндегі келісімдер.

2. ЕРЕЖЕЛЕР МЕН ИНСТИТУТТАР

1. Норма инститтардың базалық негізі ретінде

Экономикалық теорияда экономикалық агенттердің (тұлғалардың) мінез құлқы
шектелген ресурстарды рационалды пайдалану туралы тізбекті шешім қабылдау
ретінде қарастырылады. Экономикалық тұлға өзінің мақсатты функциясында
қолда бар ресурстардың шектеулігне сүйене отыра, ресурстарды барынша жоғары
пайда әкелетіндей бөледі
Экономикалық мінез-құлықтың бұл түсіндірмесі бірқатар алғышарттарға
негізделеді. Солардың ішіндегі ең бастысы - ресурстарды қолдану нұсқаларын
таңдау саналы сипатта жүреді, яғни, агенттердің өз іс-әрекет мақсаты және
мүмкіндіктері туралы белгілі бір білімі болатындығы болжамданады. Демек,
кез-келген шешім қабылдаудағы басты мәселе - ақпарат. Қажетті ақпарат
экономикалық агенттің жадында болуы мумкін немесе арнайы жинақталуы қажет.
Бірінші жағдайда шешім қабылдау жедел жүрсе, екінші жағдайда қажетті
ақпаратты іздестіру, оған қол жеткізуге шығындар жұмсалады және шешім
қабылдау белгілі бір уакытқа созылады. Сондықтан, экономикалык шешім
қабылдауда ақпараттың және уақыттың шектемелері болады.
Қажетті ақпаратты жинақтауға ұзақ уақыт қажет болса, индивид толық емес
ақпарат жағдайында қол бар ресурстардың тиімділігінен ұтылатындығын біле
тұра, шешім қабылдауға мәжбүр болады. Оның үстіне. шаруашылық жургізуші
тұлғалардың жинақталған ақпаратты ең тиімді іс-әрекет нұсқасын таңдау
мақсатында өңдеу және қайта өңдеу кабілеттері шектелген. Осы себепті, нақты
экономикалық тұлғалар шектелген рационалды тұлғалар болып табылады.
Шектелген рационалдылық - экономикалық агенттердің ақпаратты өңдеу
мумкіндіктерінің шектеулігі. Осыдан, индивидтер мінез-құлқында белгілі бір
үлгілерге жүгіну қажетті туындайды. Норма немесе ереже – белгілі бір
жағдайларда индивидтердің мінез-құлқын анықтаушы үлгілер.
Норма адамдар арасындағы қарым-қатынастың негізгі реттеушісі болып
табылады. Норма индивидтің әртүрлі жағдайларда өзін қалай ұстау қажеттігін
анықтайды. Норманы орындау еркті сипатта және санкция (әлеуметтік,
экономикалык, занды) арқылы жүзеге асуы мумкін.
Жалпы түрде мінез-құлық ережелері жүйесі неміс экономисі Виктор
Ванбергтің Ережелер жане экономикалық теориядағы таңдау еңбегінде
ұсынылады. Мінез-құлық ережелері генетикалық түрде және мәдениет арқылы
жүре қалыптасатын ережелерге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Институционализм туралы
Институционализм
Кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық-құқықтық және институционалды қамтамасыз етілуі
Институционалды инвесторлардың мәні жане олардың қызымет ету механизмдері
Жаңа институционалдық Экономикалық теория
Институционалдық экономика
Бағалы қағаздар нарығындағы институционалды инвесторлардың қалыптасуындағы құқықтық негіздер
Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасуы
Қазақстан Республикасындағы қор нарығының қызметінталдау
Діннің қоғам өміріндегі рөлі
Пәндер