Жастар және уақыт «Астана - жастар қаласы»


Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

Әл-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Журналистика факультеті

Телерадиожурналистика кафедрасы

Бітіру жұмысы

Жастар және уақыт

«Астана - жастар қаласы»

Орындаған 4-курс студенті Сая Меңдекеева

Ғылыми жетекші Жидегүл Әбдіжәділқызы

ф. ғ. к, доцент

Норма бақылаушы Мәриям Майлықұтова,

аға оқытушы

Кафедра меңгерушісінің

рұқсатымен А. АБейсенқұлов

қорғауға жіберілді ф. ғ. к, доцент

Алматы 2010

Мазмұны

КІРІСПЕ . . . 3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

I ТАРАУ Телефильм жасаудағы теориялық ақпараттардың маңыздылығы . . . 5

II ТАРАУ Елорда─ еліміздің тұғыры . . . 9

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 19

СІЛТЕМЕЛЕР КӨРСЕТКІШІ . . . 20

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 21

ҚОСЫМШАЛАР МАТЕРИАЛ . . . 22

КІРІСПЕ

Телевизия - бұл тарихта болған бұқаралық ақпарат құралдарының ең қауқарлысы, әрі ең әсерлісі. Радиода тек дыбыс, газетте мәтін және статикалық суреттер (сапалы болмаса да) бар болса, ал телевизиялық журналистика дыбыс, мәтін мен бейнені шебер пайдалана сабақтастыра отырып, осылардың арасында таңдаудың кең мүмкіндігін береді. Әлемнің көп мемлекетінде жүргізілген әлеуметтік зерттеулер көрсеткендей, халықтың 70 пайызына телевизиялық жаңалықтар негізгі ақпарат көзі екенін көрсетті. Бұл жәйт журналистерге, жаңалықтар қызметінің шығармашылық тобына түрлі ерекшеліктегі көрерменнен құралған қоғам алдында зор жауапкершілікпен қоса, айрықша мақсат-міндеттерді жүктеп отыр. Бұл мақсат-міндеттер күнделікті елімізде болып жатқан жаңалықтарды азаматтық қоғам мүддесімен сәйкесетіндей барынша шынайы, бүкпесіз тарату ұстанымымен үндеседі. Қазақ телевизиясы бүгінге дейін көптеген отандық ғалымдардың еңбегіне арқау болды. Атап айтсақ, телевизиялық журналистика негіздерін зерттеген С. Мазғұтов, тележурналистиканың жанрларын, табиғатын зерттеуші М. Барманқұлов, Қазақстан теледидарының қалыптасуы мен дамуын зерттеген Қ. Аманбаев, Н. Омашұлы, Қ. Тұрсын, қазақ телевизиясының жекелеген проблемаларына тоқталған Ғ. Ыбыраева, теледидардағы көптілділік мәселесін зерттеуші Ә. Сүлейменова сынды көптеген қазақстандық зерттеушілердің телевизияның әр саласында ғылыми-теориялық құндылығы зор еңбектерімен танылды. Соған қарамастан, синкретті өнер саналатын бұл саланың әлі де ғалымдар назарына түспеген тұстары өте көп екені даусыз.

Бітіру жұмысының өзектілігі. Арқаның төріндегі арман қалада, Астанада бой көтерген ескерткіш кешендердің жастарға, олардың тәрбиесіне берер тағылымы мол. Оның еліміздегі ұлттар мен ұлыстардың бірлігін, татулығын сақтауда зор рөл атқаратыны айқын. Астана төрінен орын алған алып ғимараттардың жастарды отансүйгіштікке, патриоттыққа тәрбиелеудегі рөлі зор екені сөзсіз. Ұлтымыздың ұлттық болмысын ұлықтап, елдігімізді бейнелейтін, жас буынға үлгі-өнеге беретін осындай рухани құндылықтарымыз көбейе берсін!

Зерттеу нысаны. Астана қаласының дамуы, елордадағы жаңа зәулім ғимараттары, Астана туризмі, құрылыс нысандары, білім жүйесі, жастар саясаты, даму жолындағы үрдістер.

Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері. Астана ─жастар қаласы. Елорда тұрғындарының санын еліміздің барлық аймақтарынан білімге талпынып, жұмыс іздеп, арман қуып келген жігіттер мен қыздар еселеп өсіруде. Олардың бір-бірімен танысып, жүректері табысып, шаңырақ құрып жатқаны еліміз бен қоғамның іргетасын нығайтып жатқанының белгісі. Астананың бүгінгі ажарын жастардың кескін-келбет, бет-бейнесі, өмір салты, армандарымен салыстыру ләзім. Екеуіне де жастық жігер, албырттық, талпыныс, жаңаша ойлау еркіндігі, сұлулық пен сымбат тән. Қазақ елі тәуелсіздігінің тұңғышы - әсем қала Астана, оның әлемнің сәулет өнеріндегі жетістіктерінің соңғы үлгісімен бой көтерген ғажайып ғимараттары, салтанатты сарайлары - сол ертеңге қалар мұра, ұрпаққа қызмет етер игілік екені ақиқат.

Зертеудің шығармашылық жаңалығы. «Еуразия жұлдызы» фильмінде тележурналистика теориясындағы экран тіліне байланысты ұғымдар практика жүзінде көрініс тапты. Демек, оның мағынасына сәйкестендірілген музыка және табиғи дыбыстық тәсілдер топтамасы, әр түрлі анимациялық эффекттер, микстер қолданылды. Фильмде қойылымдық-композициялық және хронометраждық-уақыттық ұғымдар толық қамтылды. Сондай─ақ, шығармашылық жұмысымда тақырыптық яғни, көрініске сай әуен-музыка қолданылды, әдебиеттерде оны фондық музыка дейді. Фильмде экран тілі неғұрлым қарапайым монтаждалды, яғни, механикалық және көркем монтаж жасалды. Оған қоса, ақпаратты кадрлар іріктеліп, түсірілім шебер тәсілдермен орындалды.

Жұмыстың зерттеу әдістері

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндетіне сай сипаттамалы, тарихи-салыстырмалы, статистикалық есептеу, жаппай іріктеп алу, талдау тәсілдері қолданылды.

Бітіру жұмысының құрылымы - Бітіру жұмысы кіріспеден,

2 тараудан, қорытындыдан, сілтемелерден, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымша материалдардан тұрады.

Бірінші тарауда алдымен телесюжет дайындаудағы теориялық қағидалар ды практикалық тұрғыда ұштастыру мәселелері қаралады. Осыны негізге ала отырып тележурналист үшін теориялық және практикалық білімді қатар қоладану көзделді. Телетіл, сөйлеу тілі, экран тілі ұғымдарына толық теориялық анықтамалар берілді. Екінші тарауда шығармашылық жұмыстың маңыздылығы айқындалды. Бүгінде Астана жас тәуелсіз мемлекеттің табыстары мен гүлденуінің көрсеткішіне айналды. Бұл - барша Қазақстанды дамытуға қуат береді. Ал әсіресе, жастардың өсіп-өнуіне зор мүмкіндіктер ашады.

I Телефильм жасаудағы теориялық ақпараттардың маңыздылығы

Орыс кинематографы М. Шеркович телевизияның алғашқы күндерінде «телевизия адамдардың ара-қатынасының бір түрі . . . Ақпараттық мәні бар белгілерді сезім арқылы беру және қабылдау» деген. Кейінірек, американдық телезерттеуші Маклю Н. : «Телевизияның арқасында әлем үлкен бір ауылға айналды» - деген. Одан кейін МГУ профессоры А. Я. Юровский «Теледидардың шығармашылықтың бір түрі ретінде өзіндік көркем тілі болады. Және оның құрамдас үш бөлігі бар».

Жалпы, тіл қатынас құралы дейтін болсақ, қатынас деген ой алмасу, ұғымдар жеткізу, ақпарат-мәліметтер беру арқылы екі субъектінің бірін-бірі түсінісуі; ал құрал - дыбыстар мен қимыл-құбылыстардан тұратын жиынтық ұғым. Сонымен теледидардың тілін былай тұжырымдаймыз: « телетіл белгілі бір ойды, ақпаратты жеткізуді мақсат еткен құбылыс пен кимыл-әрекеттердің жиынтығы. Ол ойды, ұғымды тасымалдайтын техникалық және эмоциялық, дыбыстық тәсілдер топтамасы ».

Теледидардың үш тілі: экран тілі - бейнекөрініс арқылы түсінік ақпарат беруді қамтамасыз етеді; екінші сөйлеу тілі - кадрдегі және кадрден тыс делінетін екі бөліктен тұрып, сөз арқылы ұғым береді; үшіншісі -музыка және табиғи дыбыстарды алдыңғы екі тілге үйлестіре қолданып, қосымша ұғым береді.

Экран тілі. Телетілдің негізгісі - экран тілі 1933-жылы дүниеге келген телевизияға дейін театрда және кинода болған. 1885-жылдан түсіріле бастаған кино алдымен, экран тілін қалыптастырды. Онан 1930-жылдарға қарай сөйлеу тілі мен музыка тілін қалыптастырды. Бейне-баян тілі деп түсінетін бұл құрамдастың өзі екі тәсіл арқылы жасалады. Біріншісі, бейнекамера арқылы түсіріледі, екіншісі монтаж столы, яғни, бейнемонтаж пульті арқылы құрастырылады.

Камерадан алынатын бейнекөріністің көркемдеуші көптеген тәсілдері бар.

  1. Кадр - кино не бейнекамераны бір рет іске қосып-тоқтатқанда алынатын кино не бейнетаспаға түсірілген көріністік материал. Оның қойылымдық-композициялық және хронометраждық-уақыттық ұғымдары болады. Кадрды режиссердың объектіні дайындаудағы өмірдегі көрініс түріндегі ұғымда болады.
  2. План - кино не бейнекамераның нысанды көрсету мөлшері. Бұл үшке: ірі, орта және жалпы мөлшер болып бөлінеді. Бұлар ақпараттық және көркемдік қажетіктерді қамтамасыз етеді.
  3. Ракурс - кино не бейнекамераның түсіру нысанына қарау бұрышы. Камера төменнен қараса кадрдегі нысан көтермеленеді. Жоғарыдан қараса, нысанның маңызы төмендетіледі. Осы сияқты нысанға әр қырынан қараудың қосымша ақпараты болады.

Экран тілінідегі монтаж

Монтаж грек сөзі - құрау, жинау дегенді білдіреді. Кинодағы монтаж «Өрт сөндіруші» деген алғашқы фильмдердің бірінде дүниеге келді. Оған дейін бір кадрлы кино болған. Яғни, бір зарядталған кинотаспа бірден түсіріліп, көрсетілетін болған.

Ал «өрт сөніруші» фильмінде үш кадр жалғастырылған.

1-кадр: Өртсөндіруші мекемесінің ауласынан шығып бара жатқан өртсөндіргі машина.

2-кадр: Өтреніп жатқан үйге келіп тоқтаған машина, терезеге саты қойылып, өрт сөндірушілер терезеден ішке енеді.

3-кадр: Жалын лапылдаған терезеден өрт сөндірушілер бала құшақтап алып шығады.

Бүгінгі кезде монтаждың көптеген түрлері бар. Олардың негізгісі мыналар:

  1. Механикалық монтаж. Теледидарда - кодировка. Түсірілген материалдарды көру.
  2. Логикалық монтаж. Түсірілген материал сценарийдегі жүйемен кесіп жалғанады.
  3. Көркем монтаж. Мұның негізін қалаған кинорежиссер С. Эйзенштейн: мағыналары әртүрлі екі кадрды жалғау арқылы үшінші бір мағына алу, деп анықтама берген. Сөйтіп, онысын ассоциативтік тәсіл деп жариялаған. Ассоциация - латынша(3-мәні бойынша) психологияда алдыңғы тәжірибедегі санада пайда болған ұғымдардың байланысын білдіетін, аралас және қарама-қарсы ұқсастықтарды сездіретін ойда қалған түсініктер.

Сөйлеу тілі

Көрермендер мұны басты тіл құрамдасы деп түсінеді. Ал, киногерлер оны екінші орынға қояды. Кинорежиссер ғалым М. Голдовская, өкінішке орай телевизияда «сөйлеу тілі - бірінші» дегенді мойындауға мәжбүрміз деген пікір айтқан. Бұл бүкіл кинематографистердің пікірі. Кинода көп сөйлеу - режиссердің әлсіздігін танытады (осы орайда бірнеше мысал келтіріледі) .

Сөйлеу тілі екіге бөлінеді. Бірінші - кадрдегі, мұнда сөйлеуші адам экраннан көрінеді, екіншіде - сөйлеуші көрінбейді, тек сөзі естіледі. Бұларды түсіру тәсілі де ерекше.

Сөйлеу тілін көркемдеу тәсілдері ауызекек сөйлеу тілін жетілдіру сияқты. Бірақ, телесөйлеу тілі ауызеке сөйлеу тілі емес, ол қағазға түсірілген мәтінді де қамтиды. Теледидардағы сөзді көркемдеуде экран тілі мен музыка тілі міндетті түрде ескеріледі. Мұндағы басты шарт - бұлардың үшеуі бірін-бірі қайталамауға тырысуы керек. Олар тең дәрежедегі құрамдастар ретінде ұғым беруді мақсат етеді.

Музыка тілі

Кинода музыка тілі оның алғашқы күндерінде-ақ, пайда бола бастаған. Тілсіз киноны үлкен залда көріп отырғандарға экран жанына қойылған пианинода әуен құрастырып ойнайтын музыканттар болған. Кейін дыбыс жазу аппараттары пайда болғаннан кейін, көріністік қатар арнайы таңдалған музыкалармен көркемделді.

Жалпы музыка өмірдегі құбылыстарды сазгерлердің ұғымымен пайда болатын дыбыстық шығарма. Осы орайда Құрманғазының, Тәттімбетің, Динаның, т. б. күйлерінің шығу тарихымен айтатын ойларын таныту мақсатында әңгіме болады. Осылай музыканың өзіндік тілін ұғына алатын болсақ, біз оны телетін құрамдасы етіп қолдануға өреміз жететін болады. Музыка тілінің атқаратын қызметіне қарай бірнеше түрге бөлуге болады.

  1. Музыка акцент - бейне-баян тіліндегі әлде-бір көрініске, мәселеге назар аудару үшін, берілетін музыкалық аккорд.
  2. Музыка синтез - монтажалған эпизодтарды бір-бірімен жалғау үшін белгілі бір музыканы қолдану әдісі.
  3. Музыка контрапункт - көріністегі мазмұнға қарсы музыканы пайдалану арқылы тілді көркемдеу. Бұлардың бәрі музыканы көркемдік мақсата пайдалану тәсілдеріне жатады.
  4. Мұнан басқа музыканытақырыптық, яғни, көрініске сай әуен-музыка беру. әдебиеттерде оны фондық музыка дейді.

Дыбыстық тіл. Дыбысты көркем шығарма тіл ретінде театрда және радиода қолднып келгенін білеміз. Ал теледидардағы дыбысты пайдаланудың өзіндік ерекшелігі сол - мұнда дыбыс көрініске, бейне-баян тіліне бағынышты. Негізгі айырмашылығы сол - теледидарда дыбыс көріністің өз дыбысы ретінде, яғни, табиғи дыбыстар бейнетүсіріліммен бірге жазылады. Мұны тақырыптық немесе фондық дыбыстар деп те айтамыз. Бірақ, осы дыбыстарды полифониялық тәсілдер арқылы көркем тілге де айналдыруға болатынын ескеру керек. Дыбыстың да көркемдеу тәсілдеріне қарай бөлуге болады. Алғашқысы - фондық дыбыстар дегенде түсірілім кезінде бейнетаспаға көрініспен қабат жазылатын табиғи дыбыстарды айтамыз. Дыбыстарды музыка сияқты «акцент», «синтез», «контрапункт» деген сияқты көркем қолданыс тәсілдері тұрғысында қолдануға болады. Дыбыс та ділдердің контексінде драматургиялық, комедиялық ньюанстарды бейнелей алады. Бұған көптеген мысалдар айтуға болады. Мысалы паровоздың қышқыруы, күннің күркіреуі, аттың дүбірі немесе бұлақ сылдыры, бозторғай шырылы - әрқайсының өз әсері, өз ассоциациясы бар.

Теле тілддің стильдік сипаттары. Бұл тақырып екі аспект бойынша қарастырылады. Біріншісі телеберілімдердің жанрларына байланысты стильдік ізденістер мен ерекшеліктер. Ақпараттық публицистикада экран тілі неғұрлым қарапайым монтаждалады, ақпаратты кадрлар іріктеледі, түсірілім репортаждық тәсілмен орындаады. Яғни, бұл жанрда экран тілі өзінің көркемдеу мүмүкіндіктерін көп пайдаланбай, телеграфтық деген ұғымдағы стильге икемделеді. Бұл жанрда сөйлеу тілі бүкіл салмақты көтереді және жетекші ролье ие болады. Ал музыка мен дыбыстық тілдер көбінесе қажет бола бемейді. Осы ерекшеліктердің негізінде телетілдің ақпараттық ресми тіл-стилі қалыптасады. Бірақ, бұл нақты тұжырым емес. Өйткені, телешығармашылық оны орындаушының қабілет-талантына байланысты түрленіп отырады. Талдамалы публицистикада экран тілі мен сөйлеу тілі қатар сөйлеп, бірін-ірі толықтырып, дәлелдеп отыруы керек. Ал музыка мен дыбыстық тілдер де қосымша ақпарат көзі ретінде де, көркемдеу құралы болып та қолданылады. Ал көркем публицистика да экран тілі бірінші кезекке шығуға міндетті. Себеп, теледидар тілін көркемдеуші еңалдымен осы бейнебаян қолданыстары болып табылады. Бірінші көрсететінді көрікті, әсерлі, адам таңданарлықтай етіп, монтаждап алғаннан кейін, музыкамен дыбыстық тіл іске қосылады. Яғни, бұлар кінші орындағы құрамдасқа айналады. Ең соңында, сөйлеу тілі алдыңғы екі құрамдастың жеткізе алмағанын ой ақпараттарын толықтыруы керек.

Телетілдің шығармашылық стилі

Бұл әрбір телеарнаның, әрбір телешығармашының өзіндік бағыты мен ұстанымдарына орай қалыптасатын стиль. Бұл турасында көп мысалдар айтылады. Кейбір арналар аппозицияны мақұлдайды. Сондықтан оның өзіндік стилі болады. Айталық, бір оқиғаны, сюжетті әртүрлі арна өз баяндауы бойынша бере алады. Бір факіні экран тілі арқылы екі түрлі трактовка жасауға болады. Ракурс арқылы көрсетілімнің мән-маңызына әсер ету, монтаж арқылы ассоциация туғызу, көрініс мөлшері арқылы «жақсыны асырып, жаманды жасыруға» немесе «түймедейді түйедей» етуге болады. Осы сияқты сөйлеу тілін астарлы сөз мақал-мәтелдер арқылы түрленліру арқылы да, бір фактіні бірнеше мәнге келтіруге болатыны белгілі. Осындай мақсатта, музыка және дыбыстық тілді де пайдалануға болады. Бұл тақырып, екі арнаның немесе әртүрлі тележурналистердің нақты шығармашылығын көрсету арқылы толығырақ түсіндіріледі.

II Елорда─ еліміздің тұғыры

Сарыарқаның сары белінде Қанжығалы қарт Бөгенбай елінде ұлан-байтақ қазақ жерінің қасиетті орталығында мемлекетіміздің жаңа астанасының бой көтеруі, жаңа бір мәдени-ғылыми һәм саяси-экономикалық алып ортаның, Отанымыздың күретамырына қан жүгіртетін, жан бітіретін сәулетті, қуатты орданың дүниеге келуі, әлбетте, барша жақсылықтардың игіліктердің шоғырлануы. Тарихқа үңілсек, 1830 жылдың маусым айында Есіл өзені бойындағы Қараөткел тұсында Астана қаласының алғашқы іргетасы қаланды. 1832 жылы Ақмола ішкі округі ресми түрде жарияланып, оның округтік аға сұлтаны болып Қоңырқұлжа Құдаймендіұлы тағайындалды. Ал 1838 жылы Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсылық білдірген жергілікті халықтың көтеріліс деңгейін іле-шала Кенесары Қасымұлы Ақмола бекінісін алу үшін патша әскерлеріне қарсы алғаш шабуыл жасады. Сөздікке жүгініп, парсы түбірінен қазақша түсінігін іздейтін болсақ, « астана» - табалдырық, босаға, кіре беріс, сарайдың қақпасы, салтанатты орда есігі деген ұғымдарды білдіреді. Астана жас тәуелсіз мемлекеттің тарихына өз алтын бетін жазып үлгерді. Өздеріңізге белгілі, 90-жылдардың ортасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ешкім күтпеген жерден оңтүстікте орналасқан Алматы қаласынан республикамыздың қақ ортасына астананы ауыстыру туралы шешім қабылдады. Көп ұзамай Астана еліміздің экономикалық, саяси, мәдени өмірдің қайнаған ортасына айналды. Қазіргі кезде елорда халқының саны жарты милионнан асты. 1-ші маусымның мәліметтері бойынша халық саны 538 мың 300 адамды құраған. Қазақстандық менеджмент, экономика және болжамдау институтының зерттеу тобының есептері бойынша 2030 жылға қарай Астанада 1 млн. 200 мың адам тұратын болады.

Астана ең алдымен, жастар қаласы. Елорда тұрғындарының санын еліміздің барлық аймақтарынан білімге талпынып, жұмыс іздеп, арман қуып келген жігіттер мен қыздар еселеп өсіруде. Олардың бір-бірімен танысып, жүректері табысып, шаңырақ құрып жатқаны еліміз бен қоғамның іргетасын нығайтып жатқанының белгісі. Астананың бүгінгі ажарын жастардың кескін-келбет, бет-бейнесі, өмір салты, армандарымен салыстыру ләзім. Екеуіне де жастық жігер, албырттық, талпыныс, жаңаша ойлау еркіндігі, сұлулық пен сымбат тән. Астана - бұл кең даладағы жай қала ғана емес, саяси ерік-жігер көрінісінің нышаны . Бұл саяси батыл қадам. Астана шаңырағы әлі де болса биіктей түспек. Жаңа астананың келешегі бүтіндей XXI ғасырдың еншісінде жатыр. Ал оның ертеңгі еңсесін көтеретін бүгінгі жас жеткіншектеріміз. Әрине, қазіргі заманға сай Астананың көркін жаңа сәулеттік ғимараттар ашып тұр, олар қаланың ажарын танымайтындай етіп өзгертті. Объектілердің жобалауына шетелдік сәулетшілер, алдыңғы қатарлы құрылыс компаниялары тартылды. 2002 жылы қолайлы ивестициялық хал-ахуалды қалыптастырып, жеке инвесторларды тартуға жол ашқан “Астана - жаңа қала” арнайы экономикалық аймақты құру туралы Жарлық шықты. Елорданың бас жоспарын жасауына үлкен көңіл бөлінді. Ең үздік бас жоспарына екі конкурс жарияланды. Екінші конкурсқа Ресей, Италия, Жапон, Австралия, Германия, Түркия, Польша, Өзбекстан, Беларус және т. б. елдердің шығармашылық топтары мен шеберлері қатысты. Қаланы салуда және оны қайта жаңартуда міндетті түрде әлемнің озық тәжірибелері мен дәстүрлі жетістіктер қолданылды. Бірінші кезекте, қаланың бұрынғы орталық көшелерін қайта күрделі жөндеуден өткізу, оны елорда мәртебесін сай жасау міндеті тұрды. Бұл жұмысты жүргізген кезде ашық түстерді көбірек қолдануды тапсырды. Екінші кезекте, Есілдің сол жағалауында арнайы әкімшіліктің құрылысы басталды. Келесі жылдың күзінен бастап орталықтың жұмысы толық ұйымдастырылатын болады. Осы жылы тағы да бір маңызды әкімшілік орталық - Министрліктер үйі пайдалануға берілді. Аталған нысанның жалпы аумағы - 228 мың шаршы метрді құрайды. Нысан құрылысы шамамен 1, 5 шақырымды қамтиды. Онда 20 блок бар. Министірліктер үйінде жұмыс кабинеттері мен офистік бөлмелермен қатар 4 конференция залы, 6 асхана, мұрағат, мұражай, емхана орналасқан.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Астана қаласы әкімшілігінің жастар саясаты бөлімінің айналысатын қызметтерін жеңілдететін автоматтандырылған жүйесі
«Астана: жас қала - жастар қаласы»
Жастар арасындағы құқық тәртіп бұзу әрекеттерінің алдын алудағы әлеуметтік жұмыс
Зырян ауданында атқарылыған жұмыстар
Жастар саясатының бағыттары
Дзюдоның спортының пайда болу тарихы
Қазіргі заманғы қала жағдайындағы жастардың құндылықты бағдарлануы
Жастар ортасындағы нашақорлық
Нашақорлық - ғасыр дерті. Қазақстанда нашақорлықпен күрес шаралары
Қазақстан Республикасындағы туризм саласы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz