Дауысты дыбыс әріптерінің емілесі


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Дауысты дыбыс әріптерінің емілесі

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

а) Дауысты дыбыстардың емілесі.

б) Дыбыстардың түрлері және дыбыстар тіркесі.

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

1. Дауысты дыбыс өкпеден шыққан ауаның ауыз қуысында еш кедергіге ұшырамай, еркін шығуынан жасалады.

2. Дауысты дыбыс буын жасауға қағысады.

3. Дауысты дыбысқа екпін түседі.

4. Тіліміздегі дауысты дыбыстар: а, ә, е, н, о, ө, ұ, ү, у, ы, і, э.

5. Дауысты дыбыс тіл, жак және еріннің қатысына қарай жуан - жіңішке, ашық - қысаң, еріндік - езулік болып жіктеледі.

Тілдің

қатысына қарай

Жуан
тілдің ұшы кейін тартылып, үсті дөңестенуі арқылы жасалады
а, о, ұ, ы, у
Жіңішке
тілдің ұшы ілгері созылып жіңішкеруі арқылы жасалады
ә, ө, ү, і, е, и, (у), э
Тілдіңқатысына қарай:

Жақтың

қатысына қарай

Жуан: Ашық
тілдің ұшы кейін тартылып, үсті дөңестенуі арқылы жасалады: жақтың кең ашылуы арқылы жасалады
а, о, ұ, ы, у: а, ә, о, ө, е, э
Тілдіңқатысына қарай: Қысаң
Жуан: жақтың тар ашылуы арқылы жасалады
тілдің ұшы кейін тартылып, үсті дөңестенуі арқылы жасалады: ы, і, и, у, ү, ұ
Тілдіңқатысына қарай:

Еріннің

қатысына қарай

Жуан: Еріндік
тілдің ұшы кейін тартылып, үсті дөңестенуі арқылы жасалады: еріннің дөңгеленіп алға қарай созылуы арқылы жасалады
а, о, ұ, ы, у: о, ө, ұ, ү, у
Тілдіңқатысына қарай: Езулік
Жуан: езудің кейін тартылуы арқылы жасалады
тілдің ұшы кейін тартылып, үсті дөңестенуі арқылы жасалады: а, ә, е, ы, і, и, э

6. Қазақ тілінің төл сөздерінде дауыстылар үндестік заңы бойынша бірыңғай жуан не жіңішке болып келеді (бұлақты, келімсек т. б. ) . Қазақ тіліндегі өзге тілдерден енген біршама кірме сөздерде дауыстылар жуан-жіңішке болып араласып келе береді (кітап, компьютер т. б. ) .

Ескерту: ё, я, ю әріптері дауысты дыбыс қызметін атқарғанмен, дауысты дыбыс түрлеріне жіктелмейді. Себебі бұлар йо, па, йу қосарлы дыбыстарынан тұрады.

1. Л әрпі ж, ш мен й әріптерінің ортасында келгенде, э болып оқылады, бірақ а әрпі жазылады. Мысалы: шай, шайнау, жай, жайлап, мән-жайы т. б.

2. Л әрпі араб-парсы тілдерінен енген сөздердің соңғы буынында келгенде, ә болып естіледі, бірақ а болып жазылады. Мысалы: Жәмила, рәсуа, Ләззат т. б.

3. О, ө, ұ, ү, ә әріптері қазақтың байырғы сөздерінде бірінші буында ғана жазылады. Мысалы: әр, көрші, құлын, ұлық, үлкен, түлкі, сәкіде, әңгіме т. б. Бұл әріптер біріккен сөздермен қос сөздердің екінші сыңарларының бірінші буындарында жазылады: Қараөткел, Қаратөбе, Айманкүл, Есенәлі, бүрсігүні, басқұр, той-топыр т. б.

ДАУЫСТЫЛАР

Фонетиканың өзекті мәселесі - тілдегі дыбыстардың санын, сапасын анықтау және сол дыбыстарға қатысты түрлі заңдардың басын ашу. Бұл салада қазақ тілінде де аз жұмыс істелген жоқ. Әсіресе дауысты дыбыстар зерттелуден кенде емес. Қайта қазақ тілі фонетикасы жайындағы негізгі зерттеулер мен монография, мақалалар тұтастай дауыстыларға арналған деуге болады. Оның үстіне мектеп, орта арнаулы, жоғарғы оқу орындарына арналған оқулықтар мен тілдің әр түрлі саласына (тарихына, диалектологиясына т. б. ) байланысты зерттеулер де дауыстыларға соқпай кете алмайтыны белгілі. Бұлай болатыны, тіліміздегі дауыстылар немесе вокализмдер (лат. hokalis - дауысты) - «сөздің жаны», немесе «сөздің жанды тамыры».

Сөйте тұра, қазіргі қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың саны, сапасы жөнінде әлі күнге бірізділік болмай келеді. Мұның өзі тіліміздің дыбыстық құрылымын, буын құрамын тұмшалап, ол жөнінде шалағай, тіпті кереғар ұғымның қалыптасуына жағдай жасап отыр. Бұдан тіліміздің фонетикалық құрылымын, болмысын шынайы түрде жете түсіну үшін дауыстылардың санын, сапасын барынша байыптап, айқындап, зерделеп алу қажеттігі туады.

Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі, оның ішінде дауысты дыбыстары жөнінде алғаш пікір айтқандар орыс ориенталистері (лат. ozientalis - шығыстық) болды. Атап айтқанда, Н. И. Ильминский, В. В. Радлов, П. М. Мелиоранский, И. Лаптев, Н. Созонтов т. б. Олар қазақ тіліндегі дауыстыларды тап басып, дәл анықтай алған жоқ. Қайсібірі а мен ә-ні, е мен і-ні ажырата алмай, енді біреулері н мен у-дауыссыздарын көрші дауыстылармен біріктіріп әуре болды. Тіпті беріде, 1927 жылы «Қазақ тілі грамматикасын» (орыс тілінде, әрине) жазған Г. В. Архангельский негізінен А. Байтұрсыновты қайталаумен қанағаттанды. Мұны ол өзі де жасырмайды. Кітапты 1924-1925 жылдары Қ. Кемеңгеров оқыған лекциялардың негізінде жазғанын және мұны А. Байтұрсыновтың мақұлдағанын айтады.

Қазақ тіл білімінің, соның ішінде фонетикасының да негізін қалаған А. Байтұрсынов өзінің 1912 жылы «Айқап» журналында жариялаған «Жазу тәртібі» деп аталатын алғашқы мақаласында: «Қазақ тілінде 24 дыбыс бар. Оның бесеуі дауысты, он жетісі дауыссыз, екеуі жарты дауысты, Дауысты дыбыстар: а, о, ұ, ы, е», - деп анықтаса, осы пікірін кейінгі оқулықтарында, 1927 жылы жазған «Дыбыстарды жіктеу туралы» деген мақаласында қайталанды.

Бұдан А. Байтұрсынов жіңішке дауыстыларды ескермеген деген ұғым тумауға тиіс. Ол: «дауысты дыбыстар а, о, ұ, ы осы тұрған күйінде жуан айтылады», - дейді де, сөздің алдында дәйекше (арнайы белгі) тұрса, «сөздің ішіндегі дауысты дыбыстарды жіңішіке айтамыз», - дейді. Яғни төрт жуап дауыстының төрт жіңішке сыңары болатынын әсте ұмытпаған. Ал бес дауысты, бес әріп сол кездегі араб графикасының мүмкіндігіне негізделген.

Мұның өзі бұларды жартылай ашық дауыстылар деп қарауды қажет етеді. Түркі тілдері фонетикасын салыстырмалы-тарихи тұрғыдан қарастыратын соңғы бір іргелі еңбекте де бұлар жартылай ашық түрінде танылған.

Дауыстылардың жіктелу кестесі

Жақтың қатысына: Жақтың қатысына
Ашық: Ашық
Жартылай ашық: Жартылай ашық
Қысаң: Қысаң
Жақтың қатысына:

Тілдің

қатысына

Ашық: жуан
Жартылай ашық: a
Қысаң:
о
ұ
у
ы
Жақтың қатысына: жіңішке
Ашық: ә
Жартылай ашық: е
Қысаң: ө
ү
і
и
Жақтың қатысына: Еріннің қатысына
Ашық: езулік
Жартылай ашық: еріндік
Қысаң: езулік

ДАУЫСТЫЛАРДЫҢ АЙТЫЛУЫ МЕН ЖАЗЫЛУЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕР

Дауысты фонөмаларға тән басты ерекшелік, белгі-қа-сивттөрдің, олардың фоееиалық мэбінің айқын да тұрақты көрінетін орны - бір буынды түбір, сондай-ақ көп буынды сөздің бас (бірінші) буыны. Сөздің екінші буынынан бастап олардың фонемалық күші әлсірей береді. Мұның өзі екінші буыннан бастап кейбір фонемалардың таңбаларын алмастырып жазуға жол береді. Мәселен: өлең (дұрысы өлөң), өнер (өнөр), өте (өтө), үлкен (үлкөн), оқы (оқұ), осы (осұ), үкі (үкү), үсі (үсү), кітап (кітәп), мұғалім (мұғалым) . Мұндай сездерді жазылуынша айту ерсі болғанмен, мағынасын түсінуге көп кедергі бола алмайды. Дұрысы, әрине, фонемалардың өздерін жазу болмақ. Дауыстылардың әрңайсысының айтылу, жазылуын зерделеп алудың маңызы зор.

1. А фонемасы - азды-көпті ерекшеліктермен тіл-тілдің бәрінде дерлік кездесетін көнеден келе жатқан фонемалардың бірі. Жазудағы таңбасы - а.

А әрпінен (фонемасынан) басталатын сөздер көне түркі тілінде («Древнетюркский словарь» (1969) бойынша) қ, г әріптерінен кейін үшінші орында тұрса, қазіргі қазақ тілінде де («Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі» (1988) бойынша) үшінші орында тұр. Ал «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» (10 томдық) 7-орынды иеленген.

Сөздің басында және бас (бірінші) буында жазылатын a әрпі ылғи да а фонемасына сай келеді, яғни өз қызметінде түрдеуге болады.

А фонемасы барынша ашық, жуан. Ал езулік күші ы, і фонемаларына қараранда әлсіз, сондықтан да ол жуан (о, ұ) еріндіктерден кейін айтыла береді: орақ, ошақ, қора, ұйа, ұлан, құрақ, сұрақ, ұйұқта (ұйықта), ұшұқта (ұшықта), ұуұста (уыста) .

А фонемасы өзге жуап (о, ұ, ы) дауыстылармен қатар сөздің барлық буындарында айтыла да, жазыла да береді. Айтуда кейде о-ға жуықтап кететін де кездері бар: ойбай (ойбай), ой-қой (айхай), ойпырой (ойпыр-ай), ойпұрмой (ойпырым-ай), соноу (сонау), осуноу (осынау), айнолайын//айдолойун (ай-налайын) . Тіпті бұлар көркем шығарма текстерінде де көздеседі.

Жазуда а кейбір жіңішке дауыстылардың таңбаларымен қатар түзейтін тұстары бар: ділда, ләззат, кітап, қазір, қажет, қабілет, қазірет, мейман, мейрам. Қазіргі кезде жазылуына жуық дыбысталып жүрген мұндай кірме (араб-парсы) сөздерді қарапайым қазақ бірыңғай не жуан, не жіңішке айтпасқа лажы жоқ: ділдә, ләзәт, кітәп, қазыр//кәзір, қадыр//кәдір т. б.

А жеке тұрып сөз (а-од, а-әріп, а-дыбыс), сөздерге жалғанатына қосымша да (ат-а, сан-а, анам-а, балам-а, ойлан-а, ойландыр-а) бола алады.

Орыс тілінің а фонемасы екпін түсіп тұрған кезде қазақ тіліндегі а-ға жуық айтылады: бал, бар, зал, класс, квас, май, стаж, старт, шар, штаб, штамп. Ал акт, адрес, армия, бак, фактор, факел, шкаф сияқты сөздерде (кейбір, к, г, е, и дыбыстардың әсерінен) ауызекі айтуда ә-гe жуықтап кететіні-байқалады. Дұрысы, а фонемасын анық айтуға тырысу көрек. Далған жағдайда екпінсіз а әлсіреп (ә, с, и, ы дыбыстарына жуықтап) он шақты түрде (аллофон) айтылады. Мұны тілімізге ертеректе енген барқыт (бархат), бәтеңке (ботинка), облыс (область), самаурын (самовар), кәрзәңке (корзинка) сияқты-сөздер де аңғартады.

КЕЙБІР ӘРІПТЕРДІҢ ДЫБЫСТЫҚ БЕЙНЕСІ

Әріп - дыбыстың шартты таңбасы. Дыбыс пен әріптің ара-қатынасын дұрыс түсініп, бірінен-бірін ажырата білудің маңызы зор.

Қазіргі қазақ жазуындағы и, у, ю, я, ё тәрізді таңбалар жазу сауатымызды арттыруға елеулі үлес қосып келеді, яғни оларды әріп ретінде емле ережесіне сай дұрыс қолдануды білеміз. Алайда олардың қандай дыбыстардың таңбасы екенін екінің бірі біле бермейді, бідген күннің өзінде тілдің дыбыстық жүйесіне сәйкес түсіне қоймайды. Мұның өзі осы әріптер кездесетін сөздердің дыбыс, буын құрамын айқындауда ағаттық, айтуда ала-құлалық, тудырып жүр.

Көпшіліктің тіл жөніндегі таным-түсінігі мектеппен шектелетіні белгілі. Сол мектептің маңдай алды шәкірттерінің көбі-ақ бұл әріптерді дауысты дыбыстар түрінде танып, аюы, уы, суы, кие, ие, ая, ұя сияқты сөздерді а-ю-ы, о-ю-ы, у-ы, су-ы, ки-е, и-е, ұ-я түрде буындайтынына таңдануға болмас.

Жоғарыда жасалған шолуда бұларды бірінші кластан бастап дауыстылар деп үйрететіні айтылды.

«Қазақ тілі» (Ш. Бектұров, М. Серғалиев) оқулығын жазып отырған профессор ру сөзінің айтылуы у-ру, екі дыбыстан тұрады (1994, 20-6. ) деп отырса, мектеп түлегіне не жорық. Сонда руы сөзі у-ру-ы болайын деп тұр ғой.

Жоғарыдағы сөздердің дыбыс, буын құрамын тұмшалап (бүркеп) танытпай тұрған и, у, ю, я әріптері екені түсінікті. Дауыстыларға жасаған шолуда и, у әрпі дүниеге қаулымен 1938 жылы келгені айтылды. Сонда қазақпен бірге келе жатқан сөздер и мен у-ға тұтқын боп, жарым-жан күйде қалама, әлде бет пердесін ашып, бар болмысын таныта ма?

Фонетиканың мақсаты да, мәні де тілдің дыбыстық құрамын тап басып, дәл анықтау болуға тиіс.

О баста ұу, үу, ый, ій сияқты қосарлы дыбыстарды таңбалау үшін алынған и, у әріптері көп ұзамай өзге дауыстылардан ерекше кейде жуан, кейде жіңішке болып келетін дауысты дыбыстар түрінде танылып, қатардағы оқушы тұрмақ, оқулық жазып жүрген тіл мамандарының өзін де біржола баурап алды. Оған себеп бұлар - орыс, парсы т. б. тілдерде жалаң дауысты дыбыстар.

Бұл екі әріп тілдің дыбыстық жүйесін бұзып, жұрттың басын қатырып болды. Оларды іштей дыбыстарға ажырату қиындығы 1983 жылы емле ережесіне: «и, у әріптері бар сөздер буындалғанда, келесі буын дауысты әріптен басталады және солай тасымалданады. Мысалы: бу-ын, су-ық, қу-а-қы, қи-ын, жи-ын», - дейтін тілдің табиғатына қайшы, зиянды заң қабылдауға мәжбүр етті (баяғы а-ю-ы, о-ю-ы осының жемісі) .

Бұл әріптер тұрған сөздердің айтылуында да ала-құлалық, қиындықтар жетіп артылады. Мәселен, «Жетісу» дегенді Жетісұу деп те, жетісүу деп те оқуға болады. Ал и әрпі тұрған сөздердің айтылуы мүлде ми қатырады (оны орфоэпияға байланысты айтамыз) .

Қысқасы, и, у әріптері жазуға оңтайлы болғанмен, тілдің болмысын көлегейлеп, шатастырып тұрғанын түсінуіміз керек.

Олай болса, қазіргі қазақ тексінде кездесетін и, у қала берді ю, я әріптерінің дыбыстық бейнесін ендігі жерде былай түсінуге тиіспіз.

И әрпі. 1. Тіліміздегі байырғы сөздердің құрамында кездескенде:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дауыссыз дыбыс әріптерінің емілесі
Оқушыларға мәтіндер арқылы тәрбие тәрбие беру жағын сұрыптау
Араб графикасына негізделген қазақ жазуының ерекшеліктері жәдид және қадим жазуының өзара айырмашылығы
Дауысты дыбыс
Дыбыс сөздің материалы
Сөзді дыбыстық - әріптік талдауды оқытудың теориялық аспектілері
Дауысты дыбыс әріптерінің емлесі
Тіл дыбыстарының түрлері
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ АНЫҚТАҒЫШЫ
Нормативтік қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтарын өткізуге арналған арналған әдістемелік нұсқау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz