Инженерлік жүйелерге,желілерге жалпы сипаттама


Жоспар:
- Инженерлік жүйелерге, желілерге жалпы сипаттама
- Даму тарихы
- Сумен қамту.
- Жылумен жабдықтау.
- Ауаны желдету және баптау.
- Электр энергиясын.
- Телефон станциялары мен желілері.
- Қолданған әдебиеттер тізімі.
Инженерлік жүйелерге, желілерге жалпы сипаттама
Қазіргі кезде қоғам мен табиғат арасындағы байланыс проблемалары толық өңделмеген. Қоршаған ортаның тұрақты экологиялық дамуындағы күрделі мәселелер әртүлі ғылымдардың әдістері мен шешілде. Қоршаған ортаны қорғауда, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануда маңызды болып табылатын қолданбалы экология саналады. Сонымен қатар қолданбалы экологияның құрлымына инженерлік экология кіреді. Ол экономиканың нақты салаларының табиғатқа тигізетін әсерін зерттеп, табиғи ресурстарды пайдаланудың нормаларын және оларды қалыпты түрде сақтау шараларын қарастырады.
Инженерлік экология- қоршаған ортаға инженерлік, яғни өнеркәсіптік, су шаруашылық және т. б ғимараттардың әсерін зерттейді.
Әр түрлі жаратылыстану пәндері мен экономика техника салаларының қосылу нәтижесінде пайда болған бұл ғылыми- техникалық құрылымдар мен қондырғылар қоршаған орта мен байланыс үйлесімділігін қамтамасыз етуге арналған.
Экология қоршаған ортаны қорғау саласындағы практикалық қолданылуымен қатар, жаратылыстану және техникалық пәндермен байланысып интегралды ғылымға айналды.
Инженерлік экология адамның қоршаған ортамен, экономиканың түрлі салаларымен өзара қарым-қатнасын оңтайландыруға негізделген.
Инженерлік экология экономиканың нақты саласының табиғатқа тигізетін әсерін зерттейді, халықтың өмірлік қамтамасыз ету және өндірістік әрекет өрісінде табиғи ресурстарды пайдаланудың нормаларын және сақтау шараларын өңдейді.
Инженерлік жүйелер, желілер мен жабдықтар: Инженерлік жүйелердің жіктелуі және олардың қоршаған орта мен адамға әсер етуі. Сумен қамтамасыз ету жүйелері, олардың жұмыс істеу режимі және суды тұтыну. Бас тоғандық және су көтергіш құрылыстар. Су құбыры желісі. Су тарту жүйелері. Су тартқыш желілер. Жылумен қамту және жылуды тұтыну жүйелері. Жылу желілері. Ыстық сумен қамтамасыз ету. Желде- ту жүйелері және олардың жабдықтары. Газбен қам- тамасыз ету жүйелері. Елді мекендердің және өнеркәсіп қорғалу тиімділігін бақылайтын аспаптар. сіптік кәсіпорындардың көлігі. Ақпарат жүйелері. Хабар тарату, радио және телетрансляция желілері. Өлшенетін шамалардың өзгерулері; өлшеулердің әртүрлі принциптеріне негізделген талдау әдістері; микрокли- мат, желдету жүйелерінің, шаң-газ тәртібінің, шаң-газ ұстаушы жүйелердің параметрлерін бақылау үшін арналған аспаптар; атмосферлік ауаның, табиғи және ағынды сулардың, тұщы судың күйлерін бақылайтын аспаптар; жарықты, шу, діріл. "Техника мен технологияның қауіпсіздігіне"қойылатын жалпы талаптар. Өндірісті механика ландыру және ав- томаттандыру. Электр газбен пістіру жұмыстарының қауіпсіздігі. Көтеру - тасымалдау машиналары мен ме- ханизмдерді пайдалану қауіпсіздігі, жаңа үлгілерді әзірлеу және сынау кезіндегі қауіпсіздік талаптары, олардың құрылымдарына қойылатын талаптар. Көлік құралдарымен адамдарды және жүктерді тасымалдау қауіпсіздігі. Қысым астында жұмыс істейтін ыдыстар- ды пайдалану қауіпсіздігі.
Сумен қамту. Су құбыры желілері мен ғимараттар .
Сумен қамту жүйелерінің негізгі элементтері. Су құбыры желілерін жобалау ұстанымы мен гидравликалық есептеу әдістері. Өнеркәсіп кәсіпорындарын сумен қамту жүйелері. Жағалаудан сумен қамту көздерінен су алу ғимаратына арналған санитарлы қорғау аймағы. Жер асты сумен қамту көздерінен су алу ғимаратына арналған санитарлы қорғау аймағы. Реттеуіш және қосалқы ыдыстар-маңыздылығы, орнату, қондырғылар мен есептеу. Арна түріндегі өзеннен су алу ғимараты. Жағалау түріндегі өзеннен су алу ғимараты. Жер асты суын алуға арналған ғимараттың негізгі түрі. Суды дайындаудың ұстаным үлгілері. Елді мекендерге арналған суды дайындаудың негізгі есебі мен үлгісін таңдау. Табиғи көздердегі судың сапасын бағалау және өңдеудің негізгі әдістері. Коагулирленген суға арналған ғимарат кешені. Тұндырғыштар, қалдықтардың қалқыма қабаттарынан мөлдірлету және жедел сүзгілердің жұмыс ұстанымы мен негізгі құрылымы. Зарарсыздандырылған суға арналған ғимараттар мен әдістері. Табиғи суды өңдеудің арнаулы әдістері. Суды дайындау бекеттеріндегі қалдықтарды өңдеу ғимараты.
Су құбыры және канализациялық сорғыш бекеттері-маңыздылығы, жіктелуі және негізгі технологиялық қондырғыларды таңдау. Сорғыш бекеттерінің негізгі есептеу ұстанымдары (I, IІ көтеру канализациялық сорғыш бекеттері) . Сорғыш бекетерін құрылымдық рәсімдеу және қосалқы қондырғылары.
Сарқынды сулардың түрлері. Суды әкету желілерін жобалау ұстанымы және есептеу. Сарқынды суларды биологиялық тазарту әдістері мен ғимараты. Сарқынды суларды механикалық тазарту ғимараты. Тазартылған сарқынды суларды тастау орнындағы санитарлы қорғау аймағы. Орталық үйірту, жылумен өңдеу, вакуммдік және реагентпен қалдықтарды өңдеу. Канализациялық сорғыш бекеттерінің маңыздылығы және қондырғылары.
Өнеркәсіпті сумен қамту сұлбасы мен жүйелері, сумен қамтудың салқындату жүйелері, өнеркәсіп кәсіпорнындағы суларды өңдеу әдістері, өнеркәсіпті сумен қамтуға арналған ғимаратты жобалау ұстанымы. Өнеркәсіптік канализация сұлбасы мен жүйелері. Өнеркәсіптік сарқынды суларды тазарту мен жою әдістері. Өнеркәсіптік сарқынды суларды тазарту ғимараттары.
Су қорларының рөлі мен маңызы, оларды пайдалану ұстанымдары мен стратегиясы. Суларды пайдаланудың негізгі көрсеткіштері. Суды пайдалануды еспке алу және жоспарлау. Қазақстан Республикасының қошаған ортаны қорғау туралы заңы (жалпы ереже) . Қазақстан Республикасының су кодексі (негізгі ереже) . ҚОҚ саласындағы азаматтар мен қоғамдық бірлестіктер құқығы мен міндеттері. Табиғи қорлар мен табиғатты пайдалану. Су бассейнінің ластануына өндірістік кәсіпорыдарының әсері. Ұйғарынды-шекті тастандылар нормативтер түсінігі, анықтау және есептеу.
Жылумен жабдықтау
Жылу жеткізу түрлері. Жылумаңыз алмасу, жылу өткізгіштік, жылу жеткізу. Еркін конвекция. Қажетті конвекция. Конвекциялық жылумаңыз алмасуы. Сәулелену және конвекциялық күрделі жылумаңыз алмасу. Тұрақты күйдегі және тұрақсыз кездегі жылу өткізгіштік. Беттер арасындағы, әлсіз ортадағы бөлінген сәулелену жылумаңыз алмасу. Жылуды пайдаға асыру әдістерінің сипаттамасы. Газдардың қалдықтарын қайта өңделген жылумаңыз алмасқан жылуды пайдаға асыру. Газдардың қалдықтарын рекуперативтік жылумаңыз алмасқан жылуды пайдаға асыру. Жылыту күштік қондырғыларындағы (қазандықтағы пайдаға асыратын, турбинды қондырғылар) газ түтіндері қалдықтары жылуын пайдаға асыру.
Ауаны желдету және баптау
Желдету (татынша: ventіlatіo - желдету) - үй бөлмелерінде, өндіріс орындарында, т. б. реттеулі ауа алмастыруға, адам денсаулығына қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ технологиялық процестердің талаптарына сай құрал-жабдықтар мен құрылыстық құрылымдарды, материалдарды, азық-түлікті, т. б. сақтауға арналған шаралар жүйесі.
Желдету ағындата желдету, сора желдету, ағындата-сора желдету, жалпылай алмастыра желдету және жергілікті желдету болып бөлінеді. Ағындата желдету ішке тек таза ауа беруді қамтамасыз етеді. Ал ауаны тысқа шығару іштегі қысымның артуына байланысты саңылаулардан, есіктің ашылып-жабылуы кезінде іске асады. Сора желдету желдетілетін бөлмедегі ауаны әкету үшін қолданылады. Бұл жағдайда бөлмедегі ауа қысымы кемиді де, есіктен және саңылаудан таза ауа кіреді. Ағындата-сора желдетуде таза ауаның енуі мен лас ауаның әкетілуі бір мезгілде қатар жүреді. Бұл әдіс ауа алмасуы үнемі қарқынды жүрген кезде ғана тиімді.
Жалпылай алмастыра желдету бөлмеде бөлінетін шектен тыс зиянды заттардың, жылу мен будың таза ауамен залалсыз шекке дейін араласуына негізделген. Ал жергілікті желдетуде зиянды заттар (газ, бу, т. б. ) олардың пайда болатын жерлерінен сору құралдары арқылы тысқа шығарылады. Бұл әдіс шектеулі кеңістікте ғана қолайлы ауа ортасын тудыра алады. Желдету үйдің және сыртқы температураларының айырмашылығы мен желдің әсерінен (мысалы, үймерет аэрациясы) болатын табиғи желдету және механикалық әсер ету арқылы (ауа желдеткіштер арқылы қозғалысқа түсіріледі) атқарылатын механикалық желдету болып ажыратылады. Ауаны желдету мен баптаудың гигиениялық және физикалық негіздері. Бөлмедегі жылу, ауа теңгерімі мен құйылған ауаны өңдеу. Жұмыс белдеуіндегі ауаны тазартумен қамтамасыз ету мақсатында жылу, ылғалдар мен басқа зиянды шығарындылардың ауаалмасуын есептеу әдістері. Өнеркәсіп және азаматтық ғимараттарындағы желдету жүйесін жобалау негіздері. Адамдардың жұмыстайтын және технологиялық үдерістері үшін белгіленген бөлмелердегі талап етілетін оңтайлы шағын климатын жасау. Ғимараттардағы самалдату және суыту жүйесін жобалау негіздері.
Ауа алмастыруды қамтамасыз ететін техникалық құрал-жабдықтар жиынтығы да желдету деп аталады. Сырттан сорылып алынатын ауаны шаң-тозаңнан тазарту үшін желдету жүйелеріне ауа сүзгілер орнатылады, ал тысқа шығарылатын ауа шаң тұтқыштар - абсорбер және адсорберлер арқылы тазартылады.
Электр энергиясын
Қазақстанның энергетика жүйесі - электр энергиясы мен қуатын өндіру және электрмен жабдықтау жүйесі; ұлттық экономиканың өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымындағы маңызды сала әрі өнеркәсіптің басқа салаларын дамытудың басты базасы. Кеңестік билік дәуіріне дейінгі кезеңде өндіргіш күштердің даму деңгейі төмен болуы себепті оның энергет. базасы Қазақстанда тым кенже қалды. Электр энергетикасы секторын реформалау бағдарламасын дәйектілікпен іске асыру нәтижесінде 2000 жылдан бастап оң өзгерістерге қол жеткізілді: екі жақты мерзімдік (форвардтық) келісімшарттар рыногі құрылып, жұмыс істей бастады. Қазақстанның электр энергетикасы секторының бастапқы экспорттық әлеуеті 2001 жылдың басында 500 - 1000 мВт деп бағаланды. Мыс., Екібастұз АЭС компаниясы 2001 жылдан Ресейге (Омбы қ-ның маңына) 300 мВт электр қуатын экспортқа шығара бастады. 2030 ж-ға дейін электр энергетикасын дамыту бағдарламасы шеңберінде Қазақстанның электр энергетикасы жөнінен тәуелсіздігін қамтамасыз етудің 2005 жылға дейінгі жоспары әзірленді.
Нарықтық экономика жағдайында электр энергетикасы секторындағы табиғи монополияның барлық құрылымдары уәкілетті орган (Энергетика және табиғи ресурстар мин. ) тарапынан мемлекеттік бақылауға алынған. Электр қуатын тарату және бөлу жөніндегі тарифтерді Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі реттеп отырады. 2000 ж. 1 сәуірде Тарифтер жөніндегі бөлімшеаралық комиссия “КЕGOC” ААҚ-ның аймақаралық деңгейдегі электр тораптары бойынша электр қуатын тарату жөніндегі қызмет көрсетуіне арналған тарифті есептеудің жаңа әдістемесін қолданысқа енгізді.
Электр энергетикасы секторындағы реформаларды тереңдетудің 2000 жылдан басталған кезекті кезеңі Респ. электр қуатының көтерме сауда рыногін жетілдіру тұжырымдамасына негізделді. Бұл тұжырымдамаға сәйкес электр қуаты рыногінің қазақстандық операторы құрылды, оған электр қуатын өндіру мен тұтыну процестерін нарықтық жолмен басқару міндеті жүктелген.
Қазақстан Республикасының электр энергетикасы секторын қайта құру негізінде электр энергетикасы нысандары түрлі меншік иелерінің қолына көшті: ірі электр ст-лары шет елдік компанияларға тиесілі, кернеуі 220 және одан жоғары кВ электр тораптарын басқару, диспетчерлеу, т. б. мәселелерді шешу міндеттері электр тораптарын басқару жөніндегі қазақстандық компания - KEGOC-қа жүктелді; кернеуі 110 және одан төмен кВ электр тораптары бұрынғы энергетика жүйесі шеңберінде таратушы электр компанияларының басқаруында; электр қуатын өндірушілерден сатып алу және оны тұтынушыларға сату міндеті Электр қуаты рыногінің қазақстандық операторына жүктелген. Қазақстан өзендерінің су энергетика әлеуеті 200 млрд. кВт/сағ, ал пайдалануға экон. тиімді су-энергия қоры 23 - 27 млрд. кВт/сағ деп бағаланды. Қазіргі кезде гидравлик. энергияның экон. әлеуетін пайдаға асыру деңгейі небәрі 20%-ды құрайды. Жел қуатын пайдалану, үшін Жоңғар қақпасы ауданында (100 - 110 млрд. кВт/сағ), Маңғыстау тауларында (100 - 140 млрд. кВт/сағ), т. б. аудандарда қолайлы жағдайлар бар. Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарының аумағында негізінен жылытуға және ыстық сумен қамтамасыз етуге жарамды геотермиялы су қорлары анықталды. Жер асты суын пайдалану жылына 1 млн. т шартты отын үнемдеуге мүмкіндік береді. Республикада күн энергиясы мен биомассаның да белгілі бір әлеуеті бар. Энергияның мұндай әдеттен тыс көздерінің тех. әлеуеті 13 млрд. кВт/сағатқа бағаланып отыр, соның ішінде жылына 5000 - 6000 сағатты қамтамасыз ететін кепілді қуат - 380 мВт. Энергия өндірімі 1, 9 - 2, 3 млрд. кВт/сағ.
Телефон станциялары мен желілері
Байланыс құралдары қазіргі кездегі ең басты қажеттіліктердің бірі болып табылады. Ол өте маңызды экономикалық және әлеуметтік қызмет атқарады. Осы заманғы байланыс құралдарының көмегімен Жер шарының ең шалғай орналасқан аудандарымен, тіпті ғарышпен де байланыс жасалады. Бірақ дүниежүзінде байланыс жүйесі біркелкі таралмаған, тіпті адамзаттың тең жартысына жуығы "телефон" дегеннің не екенін де білмейді.
Байланыс жүйесі өте күшті дамыған ел - АҚШ. Оның үлесіне дүниежүзінлегі телефон жүйелерінің 2/5-сі, ең жаңа байланыс жүйелерінің 9/10-ы тиесілі. Оған нақты мысал ретінде мынаны айтуға болады: Нью-Йорктің Манхаттен ауданындағы телефон желісінің саны бүкіл Африка материгіндегі желілер санымен бірдей.
Байланыс:
1) әр түрлі техникалық құралдар арқылы ақпарат беру және қабылдау;
2) почта, телефон, телеграф, радио, т. б. хабарын таратуды қамтамасыз ететін халық шаруашылығының бір саласы. Ерте кезде хабар жаяу жүргінші немесе салтатты кісі арқылы ауызша, сондай-ақ, от, дабыл, қада, белгі арқылы жеткізілген. Қоғамдағы өзгерістер мен дамуға, тех. жетістіктерге орай Байланыс құралдары жетіле түсті. 18 ғасырдың аяғында оптикалық телеграф пайда болды. 19 ғасырда сым бойымен тез хабар бере алатын телеграф аппараттары шықты. 1837 жылы сызық пен нүкте (код) арқылы тұтас сөздерді бере алатын Морзе аппаратын, 1876 жылы телефон, 1895 жылы радиобайланыс құралы ойлап табылды. Техника құрал-жабдықтарының сипатына қарай Байланыс почта және электрлік Байланыс болып бөлінеді. Почта Байланысы арқылы хат, газет, журнал, бандероль, т. б. жеткізіп беру және ақша аудару қызметтері атқарылады. Бүгінде почта корреспонденцияларын іріктеудің автоматтандырылған жүйелері қолданылады. Электрлік Байланыс құрылымы бойынша сым арқылы және радиотолқын арқылы таралатын байланыс болып, ал ақпарат түрі бойынша телефон, телеграф, фототелеграф, телевизия, т. б. болып бірнеше түрге бөлінеді. Телеграф аппараттары бағанадағы сым, жер асты кабелі, радиорелелік желілер арқылы жалғасады. Телеграф техникасының жетілдірілген түрі - факсимильді байланыс (фототелеграфия) . Онымен газет беттерінің көшірмесі, фотография, сурет, қолжазба, сызба, сондай-ақ, Байланыстың басқа түрімен қабылданбайтын құжаттар беріледі. Телефон Байланысы: халықаралық, қалааралық және жергілікті болып бөлінеді. Қалааралық телефон-телеграф Байланыссы көбінесе, симметриялық және коаксиальдык кабельдерден тұратын магистралдық желілер арқылы жүргізіледі. Жергілікті жердегі (қаладағы) телефон байланысы автоматты телефон стансалары (АТС) арқылы жұмыс істейді. Онда бір абонентті екінші абонентке стансадағы автомат-аспаптар жалғайды. Қалааралық байланыс телеграф, фототелеграф, телевизия және радиорелелік желілері арқылы да беріледі. Радиобайланыс қазіргі заманда өте кең тараған.
3) сәйкестілік, сілтеме, байланыстарды редакциялау кезінде - символ/символ, символ/адрес немесе адрес/адрес типінің сәйкестілігі; кибернетикалық жүйе жайында - әсер, ықпал; мәліметтерді қашықтан өндеу желісіндегі мәліметтерді жеткізу құралдарының жиынтығы; объектілер арасындағы қатынас; программалық модульдердің әрекетгестік механизмі; гипермәтіннің белгіленген элементі; сол элементті тышқанмен басқару арқылы мәтіннің басқа бөлігіне ауысу; желілердегі байланыс түйіні; екі байланыс торабын жалғастыру жабдығы.
Қазақстандағы байланыс жүйелері
20 ғасырдын басында Қазақстанда 250 почта-телеграф пункті болды. Электр Байланысның техника құралдары мен телевизияны пайдалану 1950-1960 жылдары басталды. Осы кезеңге дейін республикалық байланыс құралдарының негізін бағаналы желілер мен коммутациялық қондырғылар құрады. 1950 жылы Алматыда 800 нөмірлік АТС, 1956-1957 жылдары Алматы, Қарағанды, Өскемен қалаларында тұңғыш телевизия орталықтары салынды. 1960-1975 жылдары қалалардағы АТС-ті автоматтандырудың үлес салмағы 97%-ке жетті. 1966 жылы Қазақстанның батыс және оңтүстік облысы арқылы өткен Мәскеу-Ташкент Байланыс кабелі желісінің құрылысы аяқталды. Бұдан соң Новосибирск-Алматы, Самара-Атырау-Жаңа Өзен кабель магистральдары, 1967 жылы “Орбита” ғарыш қабылдау станциясы іске қосылды, халықаралық телефон байланысын автоматтандыру басталды. 1972 жылы Алматыда Қазақстанды КСРО-ның 120 қаласымен байланыстыратын АРМ-20 халықаралық автоматты телефон станциясы іске қосылды. 20 ғасырдың аяғына қарай Қазақстандағы Байланыс желілері телекоммуникацияның цифрлы жүйелері негізінде өзгертіле бастады. Республикадағы халықаралық телефон байланысы 2 жер үстілік телепорттар арқылы жүзеге асырылады. Республикада халықаралық телефон байланысы 1992 жылы Алматыда және 1995 жылы Ақмолада Жер серігі телеайлақтары арқылы қамтамасыз етілді. Халықаралық автоматты коммутациялық станциялар С-12 жүйесіндегі цифрлы станциялармен ауыстырылды. Аумағы зор, халқының орналасу тығыздығы әркелкі, кабель желілерін тартуға болмайтын қиын жерлері көп Қазақстанда ғарыштық спутник арқылы байланыс аса тиімді. 20 ғасырдың 90-жылдары Қазақстанда байланыстың телефакс, ұялы радиобайланыс, пейджинг, транкинг, интернет сияқты жаңа түрлері пайда болды. Республиканың 7 облыс орталығында 7000 абонент ұялы байланыс, 12 ірі қаласында 5000 абонент дербес радиошақыру (пейджинг) қызметін пайдаланып келеді. 1996-1997 жылдары пайдалануға берілген Ақмола-Қарағанды талшықты-оптикалық желі Қазақстандағы халықаралық цифрлы Байланыс торабының негізін қалады. 1998 жылы республикадағы халықаралық телефон каналдарының ұзындығы 43 млн 363 мың км-ге жетті. Республика қалаларында жалпы сыйым. 1. 856. 997 нөмірлік 637 АТС, ауылдық жерлерде жалпы сыйымд. 573945 нөмірлік АТС-тер жұмыс істеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz