ҚР Сот билігі


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

а) Конституция және Сот билігі;

б) Қылмыстық кодекс;

в) Сот жүйесі;

г) Сот төрелігінің принциптері.

ІІІ. Құқықтық мемлекет

ІV. Қорытынды

Кіріспе

Заңды қорғау дегеніміз бұзылған құқықты орнына келтіруге, заң бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекет органының мәжбүрлеу қызметі. Заңды қорғау үшін мемлекетімізде заңды қорғау органдары құрылған. Оларға Сот, Прокуратура, Ішкі Істер Органдары, Ұлттық Қауыпсіздік Комитеті жатады.

Сот билігі Қазақстан Республикасы атынан жүзеге асырылады. Оның алдына қойылған мақсат - азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңдылық пен әділеттілікті қамтамасыз ету. Сот істерді соттасушы жақтардың тікелей қатысуымен жүргізеді. Сотта іс қазақ тілінде немесе қатысушыларға түсінікті басқа тілде жүргізіледі. Сот ісі жүргізілетін тілді білмейтін адам ана тілінде сөйлеуге хақы бар. Мұндай адамның сөзін сот аудармамен қамтамасыз етеді. Сотта іс ашық жүргізіледі. Тек мемлекеттің құпиясын, отбасының сырын сақтау керек болса, іс соттың жабық мәжілісінде қаралады.

Сот билігі биліктің дербес тармағы болып табылады, оны республика атынан сот қана жүзеге асыра алады. Ол азаматтардың, олардың бірлестіктерінің құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін Конституцияның, заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз ету үшін құрылады.

Сонымен, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, сот азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайды. Егер Конституцияда, заңдар мен халықаралық шарттарда өзге де бір ескерту айтылмаған болса, республикада тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар республика азаматтарына белгіленген міндеттерді атқарады.

Конституцияда әрбір адамның құқықтары мен бостандықтары сот арқылы қорғалады деп тура көрсетілген. Бұл жерде Қазақстан азаматтығына байланысты еместігі айқын аңғарылады. Кейбір жағдайда Конституция Қазақстан Республикасының азаматы емес адамдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне байланысты мәселелерді қараудың басқаша тәртіптерін белгілейді. Мысалы, шетелдік діни бірлестіктердің қызметі Республиканың тиісті мемлекеттік органдарымен келісім бойынша жүзеге асырылады. Демек, мұндай жағдайда мәселе сот арқылы емес, әкімшілік жолымен шешіледі. Шетелдік азаматтардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғаудың сот арқылы емес, өзгеше әдістері де болуы мүмкін.

Мемлекеттік органдардың құқықтары мен заңды мүдделерін азаматтар, шетелдік азаматтар, басқа мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер бұзуы мүмкін, ондай жағдайда оларды соттар қорғайды. Мәселен, мемлекеттік органдардың жұмысына қоғамдық бірлестіктердің араласуына Конституция тыйым салады. Осындай араласу болған жағдайда мемлекеттік органдар өз құқықтары мен мүдделерін сот арқылы қорғауға хақылы.

Конституция сотқа өз нормаларының, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз ету міндетін жүктейді. Сот ең алдымен Конституцияның орындалуын қамтамасыз етуге тиіс. Бұл міндетті сот әр түрлі тәсілдермен жүзеге асырады. Маңызды тәсілдердің бірі - нақты қылмыстық, азаматтық және басқа істерді қараған кезде Конституция нормаларын тікелей қолдану болып табылады. Сот төрелігін жүзеге асырғанда, қолданылып жүрген құқық нормаларының мәніне баға береді.

Конституциялық бұл ереже соттарды іске қатысушы адамдардың сұрануы бойынша олардың өз ана тілінде мәлімдемелер жасау, түсініктер мен куәліктер беру, сотта сөз сөйлеуін қамтамасыз етуге міндеттейді.

Сот билігі Конституция, заңдар, өзге де нормативтік құқықтық актілер, халықаралық шарттар негізінде туындайтын істер мен даулардың барлығына тарайды. Бұл Конституциялық ереженің мәнісі - сотқа арыз айту үшін қандай нормативтік құқықтық актілер заңдық негіз бола алады дегенді білдіреді. Бірінші орында Конституция тұрады, оның құқықтық нормалары біреудің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа арыз айтуына негіз бола алады. Сөйтіп Конституциядан туындайтын тиянақты нұсқау - оның нормаларында тікелей ықпал ететін күш болады, сондықтан соттар нақты істерді қарағанда сол нормаларды тікелей қолдана алады.

Конституция судьяларға ешкімнің қол сұға алмайтынына кепілдік береді. Судьяны қамауға алуға, оны әкімшілік орындарына алып баруға, оған сот тәртібімен істелетін әкімшілік шараларды қолдануға болмайды. Президенттің келісімінсіз судьяны қылмыстық жауапкершілікке тартуға болмайды. Жоғарғы соттың төрағасы, Жоғарғы соттың судьялары Парламент Сенатының келісімінсіз қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Судьялар қылмыс үстінде ұсталса немесе ауыр қылмыс жасаған болса, Президент пен Сенаттың келісімінсіз-ақ қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Судья жөніндегі қылмыстық істі тек қана Республиканың Бас прокуроры қозғай алады.

Cудья лауазымына алғаш рет ұсынылған адам ант береді. Жоғарғы соттың судьялары, облыстық соттар мен соларға теңестірілген соттардың төрағалары антты Жоғарғы соттың пленумында береді. Қалған судьялар судьялардың тиісті конференцияларында береді. Судьялар антты қолдарын Қазақстан Республикасының Конституциясына қойып тұрып, мынадай мазмұнда береді: «Өзімнің міндеттерімді адал орындауға, сот төрелігін тек қана Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына бағына отырып жүзеге асыруға, ешқайда бұра тартпай, судьяның борышы қалай бұйырса, дәл сондай әділ болуға ант беремін».

Конституцияда сот төрелігінің принциптері белгіленген, судья заңды қолданғанда сол принциптерді басшылыққа алуға тиіс.

  1. Адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша оның қылмыс жасаған кінәсі жоқ деп есептелінеді. Жауапқа тартылған адам белгіленген тәртіп бойынша қылмысы дәлелденбей тұрып қылмыскер болып есептелінбейді. Демократиялық мемлекеттердің қылмыс туралы заңында танылғанындай, жорамалдау кінәлылықты көрсете алмайды. Мұны кінәсіздік жорамалы дейді. Сотқа жауапқа тартылған адам сот үкіміне дейін қылмыскер болып саналмайды.
  2. Құқықты бір рет бұзған адам сол үшін екінші ретжазаға тартылмайды. Бұл принцип құқықты бұзған қылықтардың барлығына бірдей қолданылады. Егер адам қылмыс жасаған болса, сот оған бір ғана жаза қолданады. Сол сияқты әкімшілік құқықты бір рет бұзғаны үшін әкімшілік шара бір рет қолданылады. Бұл принциптің де өзіндік «тарихи тамыры» бар. Шын қылмысы үшін де, күмәнді қылмысы үшін де таяудағы өткен кезеңдерде адамдар бірнеше рет жазаланған, тіпті өмір бойы қудаланып жүретін болған.
  3. Сотта әркім өзінің сөзін тыңдатуға хақылы. Бұл - демократиялық сот төрелігінің жалпы жұрт таныған принципі. Сот жазалаушы орган емес, ақиқатты анықтауға және мәселені әділдікпен шешуге тиісті орган. Ал мұның өзі сот процесіне қатынасушы әрбір адамның толық пікірін айтуға мүмкіндігі болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
  4. Конституция белгілі бір жағдайларға заңның кері күші болмайды деп белгілейді. Оған жататындар: а) жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін; ә) азаматтарға жаңа міндеттер артатын; б) азаматтардың жағдайын нашарлататын заңдар. Бұл принциптің мәні мынадай. Егер кісі құқықты бұзғаннан кейін заң сол құқық бұзушылық үшін жауапкершілікті жоятын немесе жұмсартатын болса, онда жаңа заң қолданылады. Егерде заң бұрынғы заңға қарағанда жауапкершілікті күшейте түсетін болса, онда бұл заң қабылданғанға дейін құқық бұзған кісіге жаңа заң қолданылмайды.
  5. Айып тағылған адам өзінің кінәсыз екендігін дәлелдеуі міндетті емес. Бұл принцип кінәсыздық жорамалынан туындайды. Егер кісі қылмыстық жаупкершілікке тартылып жатса, оның кінәлы екендігін тиісті орган дәлелдеуге тиіс. Бірақ бұдан кісі өз тағдырына немқұрайды қарасын деген мағына тумайды. Ол өзінің кінәсыздығын дәлелдеуге міндетті емес, бірақ барлық заңды тәсілдерді пайдалана отырып, өзінің кіәсыздығын дәлелдеуге хақылы.
  6. Адам өзіне- өзі қарсы куәлік беруге міндетті емес деген принцип үлкен адамгершіліктен туындайды. Орта ғасырлар заманында, тіпті кеңес дәуірінің өзінде сотталушының өзі берген куәлік дәлелдің «падишасы» деп саналатын. Ал мұндай «дәлелді» айтқызу үшін неше түрлі тәсіл қолданып, тіпті адамды аяусыз азапқа салуға дейін барған. Қазір кісі өзінің кінәсын өз еркімен мойындауы мүмкін, бірақ өзіне қарсы куәлік беруге міндетті емес. Кісіні жазалау үшін бір ғана оның мойындауы жеткіліксіз дейтін конституциялық ереже бұл принциптің кепілдігі болып табылады. Кісі өзінің жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына қарсы куәлік беруге міндетті емес дейтін конституциялық ережеде де үлкен адамгершілік мән бар. Ата- анаға, ерлі- зайыптылардың біреуі екіншісіне, басқа да туыстарға қарсы куәлік беруді қошеметтеген заман біздің есімізде. Мұндай қылықтар тіпті ерлікке де саналған. Конституцияда діни адамдардың өздеріне келіп ағынан жарыла арыздасу сөзін айтқан пенделеріне қарсы куәлік бермеуі көзделген.
  7. Сот төрелігінің маңызды бір принципі - кісінің айыптылығы жөнінде қандай да күмәнданушылық туса, соның бәрін де сотты болған адамның пайдасына қарай бейімдеу. Бұл принцип айып тағылған кісінің кінәлы екендігіне жеткілікті айғақ болмаса да, оны сотқа тартып, жазалауға бейім тұратын тергеушінің теріс пиғылына қарсы бағытталған.
  8. Заңсыз тәсілмен алынған айғақтарға заңның күш бермеуі конституциялық принцип болып табылады. Заңсыз тәсілмен айғақ алудың басты жолдары Конституцияда көрсетілген. Оның 17-бабында былай деп жазылған: 1) адамның қадір- қасиетіне қол сұғылмайды. Адамның адамшылық қасиетін қорлау жолымен алынған айғақтар заңсыз деп есептеледі. Ешкімді азаптауға, оған зорлық- зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір- қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды. Айғақтарды жинастырып, кісіге тағу кезінде адам мен азаматтың кепілдіктері мен құқықтары, сондай-ақ сол айғақтарды жинаудың, оларды кісіге тағудың процесс жүргізу заңдарында белгіленген тәртібі бұзылған болса, ондай айғақтар заңды бұзу арқылы алынған деп танылуға тиіс.
  9. Конституцияда қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға болмайды. Мұның мәнісі - егер адамның істеген қылығы заңды қылмыс деп саналмайтын болса, ол қылықты сыртқы ұқсастығына қарай заң бойынша қылмысты жауапкершілікке жататын қылықтардың қатарына жатқызуға болмайды деген сөз. Қысқасын айтқанда: егер заңда көрсетілмеген болса, онда қылмыстың болмағаны.

ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ

Азаматтық қоғамның орнығуының басты шарттарының бірі-мемлекеттің құқықтық сипат алып, әлеуметтік мазмұнға ие болуы.

ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ- құқықтық үстемдігімен, заңның жоғары құдіретімен, барлық азаматтардың құқығы мен бостандығын мойындап құрметтеумен, оған мемлекет тарапынан кепілдік берумен сипатталады.

Құқықтық мемлекеттің негізгі принциптері мыналар:

  1. Қоғамда құқықтың үстемдігі, оның мемлекеттен де биіктігі. Құқық-қоғам өмірінің түп негізі, анықтаушысы. Ол мемлекет конституциясында бекітіледі де, басқа барлық заңдар мен нормалардың, жарлықтардың өзегіне айналады.
  2. Мемлекет, оның органдары, лауазымды қызметтегі адамдар, түрлі ұйымдар және барлық азаматтар тегістей заңға бас иеді, заңға бағынады. Заң алдында барлығы да жауапты, барлығы да бірдей. Заңды сыйламайтын ел-берекесіз ел. Сүлеймен пайғамбар аитыпты деген мынадай сөз бар: «Заңға бағынбайтын елде бастық көп болады». Әрине, құқықтық мемлекеттегі кез келген заң-өмір шындығымен қабысып жатқан, іске асыру, орындау тетіктері анық нақтыланған әділ де ізгілікті, көпшілік қауымның көңілінен шығып, қолдау табатындай, оның өмір-тіршілігін, түпкілікті мүддесін бейнелейтіндей сапалы болуға тиіс. Әйтпесе заңнан әрі бедел кетеді, әрі орындалмай қағаз бетінде қалады, содан келіп берекесіздікке жол ашылады.
  3. Құқықтық мемлекет жағдайында адамның құқығы мен ар-ожданы құрметтеледі, мемлекет тарапынан қорғалып, кепілдік беріледі. 1948 жылы 10 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдаған бүкіл дүниежүзілік мәні бар «Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы» деп аталатын құжатта былай деп жазылған: «Барлық адамдар жаратылысында азат, бойындағы қасиеттері мен құқықтары тең болып туады. Олардың басында-ақыл, бойында-ар болғандықтан бір-біріне туысқандық ықыласы болуға тиіс» (1-бап) . Одан әрі: «Әрбір адам өмір сүруге, еркін болуға және жеке басына ешкімнің қол сұқпауына құқылы», -деп (3-бап) атап көрсетілген.

Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекет орнықтыруды басты мақсат ретінде алдына қоя отырып, өзінің Ата заңының «Адам және азамат» деп аталатын екінші бөлімін Адам құқығы мен бостандығын құрметтеу және қорғау мәселелеріне, оның азамат есебіндегі міндеттерін саралауға арнаған. Онда былай деп көрсетілген: «Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумасынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады» (12-бап, 2-тармақ) .

  1. Мемлекет пен жеке адамның өзара жауапкершілігі танылады. Мемлекет әрбір адамның құқықтары мен бостандықтарын конституцияға сәйкес қорғауды мойнына алып, кепілдік береді. Согымен бірге әрбір Адам азамат есебінде мемлекет алдында жауапты. Мәселен, еліміздің Ата заңында былай деп көрсетілген: «Әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті» (34-бап) . Сондай-ақ «Қазақстан Республикасын қорғау-оның азаматының қасиетті парызы және міндеті». (36-бап) . «Ұлтаралық татулықты бұзатын кез келген әрекет конституциялық емес деп танылады» (39-бап, 2-тармақ) .
  2. Біртұтас мемлекеттік билік заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінеді де, олардың іс-қимылының ұйымдасуы, қызмет атқаруы өзара тежемелік және тепе-теңдік жүйесіне негізделеді. Қазақстанды мысалға ала отырып бұл принциптің мән-мағынасын жоғарыда көрсеткен болатынмын.

Азаматтық қоғамның басты қозғаушы күші, субьектісі өзіне тән сұранымдары мен мүдделері бар Адам болып табылады. Демек, Адам мұнда шешуші басты тұлға. Оның мақсат-мүддесі мен талап-сұранымдарының қанағаттандырылу деңгейі азаматтық қоғамның өлшемі (критерий) болып табылады. Адам арқылы ғана түрлі қоғамдық қатынастар азаматтық қоғамға келіп тоғысады.

Тарихи тұрғыдан алғанда азаматтық қоғам - мемлекеттен әлдеқайда бұрын пайда болады. Ол алғашқы қауымдық құрылыс кезінде адамдардың түрлі қарапайым бірлестіктері түрінде қалыптасады. Белгілі кезеңде азаматтық қоғамөз мүдделерін қорғау қажеттігіне байланысты мемлекетті дүниеге әкеледі, оған әл-ауқат беріп қанаттандырады, билік тұтқасын ұстатады, оның құқықтық нормалар орнықтырып, заңдар қабылдап, өзіне қызмет істеуіне мүмкіндік туғызады. Алайда уақыт озған сайынмемлекет күшейе түседі, оның ықпалы мен пәрмені ұлғаяды, бірте-бірте азаматтық қоғамның аумағын бүріп, тынысын тарылта түседі. Сөйтіп өзі тудырған өзі дүниеге әкелген мемлекет енді азаматтық қоғамды қысымға алады, ығыстыра бастайды. әрине, азаматтық қоғам да мемлекетке қарсы айбын көрсетеді, түрлі қоғамдық қозғалыстар, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қысым жасайды. Қысқасы азаматтық қоғам мен мемлекет арасындағы қатынас қаишылыққа толы диалектикалық байланыспен сипатталады.

Демократиялық қоғамда азаматтық қоғам мен мемлекет бірін-бірі қуаттайды, бірін-бірі қажет етеді, үнемі келісімде болады. Ал тоталитарлық қоғамда мемлекет азаматтық қоғамды жұтып қояды. өмірдің барлық саласы қатаң мемлекет бақылауында, азаматтық қоғам нышандары жанышталып қойылған. Мәселен, Кеңес өкіметі билеген жылдары біз тоталитарлық саяси жүйе шеңберінде өмір сүрдік, азаматтық қоғамға онда орын болған жоқ. Азаматтық қоғам деген ұғым қазір бізге мүлде жаңа түсінік секілді көрініп жатқан себебі де сол. Қазір дербес тәуелсіз даму жағдайында Қазақстанда азаматтық қоғам қалыптасып келеді. Оны орнықтыру болашақ үлкен мақсатымыз. Бұл жөнінде конституциямызда да айқын көрсетілген.

Сонымен азаматтық қоғамның өмір сүруінің негізгі шарттары мыналар:

  1. оның мүшелерінің нақты меншік иесі болуы, ол меншікті өз қалауынша пайдалануы. Басқаша аитқанда меншік азаматтық қоғамдағы әрбір адамның бостандығының түп негізі.
  2. қоғамда көп түрлі әлеуметтік құрылымның және соған сәйкес сан түрлі мүдделерінің бой көрсетуі.
  3. Адамдардың әлеуметтік зерделік даму дәрежесінің жоғарылығы. Мысалы, быз кешегі бодандық дәуір діңкелетіп кеткен құлдық психологиясынан арылмай толықанда азаматтық қоғам құрамыз деуіміз бекершілік екенін түсінуіміз қажет.

Енді азаматтық қоғамның құрылымы қандай деген мәселеге келейік

  1. Экономика саласында оған мемлекеттік емес кәсіпорындар мен шаруашылық бірлестіктері жатады (кооперативтер, акционерлік қоғамдар, корпорациялар, ассоциациялар, жеке меншік кәсіпорындар, ұжымдық шаруашылықтар және т. б. )
  2. Әлеуметтік салада отбасы, мешіт, қоғамдық ұйымдар, қозғалыстар, тәуелсіз басылымдар, өзін-өзі басқару органдары, шығармашылық, кәсіптік, т. б. одақтар кіреді. Аталған құрылымдарға ықпал жасау азаматтық қоғам мемлекет арасындағы қайшылықтың мәні болып табылады.

Азаматтық қоғамның негізгі функциялары:

  1. Азаматтардың мүдделері мен игілік-қазыналарының қорғалуын қамтамасыз ету, олардың жеке және қоғамдық өміріне мемлекеттің орынсыз араласып, өз өктемдігін тықпалай беруін шектеу.
  2. Қоғамдағы мүсәпірлер мен кембағалдардың күнкөрісіне азды-көпті жасауы.
  3. Түрлі партиялар мен қозғалыстар ұиымдар арқылы мемлект саясатына араласып, ықпал жасау, өз өкілдерін мемлекеттік басқару органдарына сайлац.

Азаматтық қоғамның қалыптасу арналары:

  1. Саяси биліктің демократиялық механизмдерін қалыптастыру мемлекеттік құрылымдар мен одан тысқары қоғамдық-саяси ұйымдар арасында тепе-теңдік пен үйлесімдік табу
  2. Нарықтық қатынастардың орнығуына, меншіктің көптүрлілігінің қалыптасуына, нарық механизмінің еркін қызмет қызмет атқаруына жағдай туғызу
  3. Мемлекеттік және шаруашылық органдарының жаппай заңға бой ұсынуын қамтамасыз ету
  4. Қоғамда дамыған әлеуметтік құрылымды қалыптастыру
  5. Жеке кісілердің жоғары білім және мәдени деңгейінің, олардың Жан-дүние бостандығының болуына қол жеткізу

Марксизм-ленинизм классиктері зерттеп қоғам дамуының барысын әлемдік дәрежеде анықтап кеткен кезеңдердің реттілігі бүгінде бұзылды, капитализмнен кейінгі келесі даму сатысы коммунизмге жету мүмкін ьолмай, тек қиял ғана болып қалды. Осы уақытқа дейін, капитализмнен кейін социалистік қоғам, одан соң кемелденген социализм, одан әрі «коммунизмге» жетеміз деп Кеңнстер Одағының Коммунистік партиясы өзінің жалған идеологиясымен халықтың санасын сан-саққа «жүгірткені» баршамызға белгілі.

XYII-XYIII ғасырларда капиталистік сатыға өткен батыс өркениетінен құраған Ұлыбритания, Франция, Германия т. б. елдер 3 ғасырдан астам уақыт коммунизм құрамыз демей-ақ капиталистік құрылыстың өзінде-ақ өмір сүре отырып адамға қажетті игіліктердің бәрін жасады. Олардың құқықтық мемлекетінің арқасында, «социалистік» қоғам құрмай-ақ молшылыққа кенеліп отырған жайы бар.

Бүгінде мемлекеттің сан-алуан түрлерінің өмірге келгені белгілі. Жалпы мемлекеттер, басқару формасы мен саяси өкіметтің негізгі институтуттарының құрылысына қарай да әртүрлі болады. Қазіргі өркениетті елдердің көбі азаматтық қоғам арқылы құқықтық мемлекет дәрежесіне жеткен жайлары бар.

Сонымен азаматтық қоғам дегеніміз-мемлекеттің қызметінен тыс, топтардың, ұжымдардың, экономикалық, мәдени, рухани-адамгершілік, ұлттық, дінибелгілері бойынша біріккен құрылымдардың жиынтығы. Ол-қоғам мүшелері арасында экономикалық, мәдени, құқықтық және саяси қатынастары дамыған қоғам, олар мемлекеттен тәуелсіз, бірақ олармен бірігіп өмір сүретін әлеуметтік, экономикалық саяси мәдени және моральдық мәртебесі жоғары мемлекет. Азаматтық қоғам термині ең алғаш реет 1594 жылы Англияда қолданылған көрінеді. Ол латынның civis, азамат (гражданин) деген сөзінен civitas қоғам-обшество деген ұғыммен ұласады. Ал шын мәнінде ол XYII ғасырда Шотландияда және XIX ғасырда Германияда жүзеге асты.

Гегельдің айтуы бойынша: азаматтық қоғам бұл әлеуметтік және экономикалық қажеттіліктен туындаған, жеке адамдардың өз мүдделерін белгілі бір мөлшерде жүзеге асыратын қоғамның бір бөлігі делінсе, қазіргі ғылымда азаматтық қоғам дербес әлеуметтік-экономикалық өмір ретінде көрсетіледі. Ол экономикалық ұйымдардың, өндіріс орындарының, кооперативтердің, қайырымдылық ұйымдардың мәдени, діни бірлестіктерінің мүдделері бойынша біріккен клубтардың жергілікті өзін-өзі басқаратын органдардың т. б. сол сияқтылардың жиынтығы ретінде көрінеді. Олардың басты белгісі ол ұйымдардың мүшелерінің еркіндігі мен тәуелсіздігі ұйымдар құрамына ерікті түрде кіре алатындығы болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы Сот жүйесі
Сот жүйесінің даму мәселелері
Қaзaқcтaн Рecпубликacындa coт билiгiнiң кoнcтитуциялық нeгiздeрi
Қазақстанның сот билігінің өзекті мәселелерін анықтау
Қaзaқстaн Республикaсындaғы сот реформaсы:теңденциялaры және aлғышaрттaры
Қазақстан Республикасының сот жүйесі
Қазақстан Республикасындағы сот реформаларын талдау
Иліктің бөліну теориясындағы сот билігі түсінігі, мазмұны, функциясы
Сот билігі жүйесін жетілдірудің өзекті мәселелері
Мамандықтың пәндер каталогы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz