Халықаралық кәсіпкерлік қызмет: табиғаты, нысаны, ерекшелігі


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Экономика және бизнес факультеті

Экономикалық теория кафедрасы

Диплом жұмысы

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ: ТАБИҒАТЫ, НЫСАНЫ, ЕРЕКШЕЛІГІ

Орындаған

4 курс студенті Зиятов Қ.

Ғылыми жетекші,

э. ғ. к., доцент Айтбембетова А. Б.

(қолы, күні)

Норма бақылаушы Садуллаева А. П.

(қолы, күні)

Қорғауға жіберілді

кафедра меңгерушісі,

э. ғ. д. профессор Әубәкірова Ж. Я.

(қолы, күні)

Алматы, 2010

МАЗМҰНЫ
МАЗМҰНЫ:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
КІРІСПЕ
3
1
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ТЕОРИЯСЫНЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
5
1. 1
Әлемдік экономикалық қатынастардағы кәсіпкерліктің ролі
5
1. 2
Халықаралық кәсіпкерліктің корпоративтік құрылым ретінде интеграциялануы
8
1. 3
Халықаралық кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу шаралары
19
2
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҰДАЙЫ ӨНДІРІСТІК ТИІМДІЛІГІ
27
2. 1
Көпұлтты корпорацияларды басқару жолдары
27
2. 2
Қазақстанда халықаралық бағдарланған кәсіпкерлік құрылымдардың қалыптасуы мен дамуы
33
2. 3
ҚР халықаралық бағыттағы кәсіпорынды дағдарысқа қарсы басқару: шетелдік тәжірибе
38
ҚОРЫТЫНДЫ
47
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
49
ҚОСЫМШАЛАР
51
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ

Әлемдік экономика немесе дүниежүзілік шаруашылық дегеніміз - ұлттық шаруашылықтың жиынтығы. Ол үздіксіз қозғалыста және өсу үстінде болады. Өзара күрделі байланыстардың нәтижесінде бір-біріне қарама-қайшы, бірақ та біртұтас әлемдік экономикалық жүйе қалыптастырады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Дағдарыстан - дамуға» атты 2009 жылдың 6 наурызында болған Жыл сайынғы Халыққа Жолдауында «Қазақстанда қанша дағдарыс болса да басты басымдықтар өзгерген жоқ. Сол басымдықтардың бірі - кәсіпкерлікті дамыту» делінген. Мемлекет басшысы бұл мәселеге еліміз өз тәуелсіздігіне ие болған кезден-ақ ерекше көңіл бөле бастаған. Себебі, кәсіпкерлік дегеніміз - бүкіл тіршіліктің тұтқасы. Сан түрлі кәсіпті меңгермей, сол кәсіптерді жылдан жылға жетілдіріп отырмай ешбір ел алға баса алмайды. «Кәсібі бардың - нәсібі бар» деп біздің қазақ халқы де тегін айтпаса керек. Осы әлемді шарлаған дағдарыс тұсында да Үкімет оның салдарларын еңсеру жөнінде басты басымдықтарды айқындағанда сол басты басымдықтың бірі ретінде кәсіпкерлікті қолдау ісіне ерекше мән берді және оның сан түрлі амалдарын жасады.

Әлемдік тәжірибе кәсіпкерлік жүйесінде шағын бизнес оның икемділігі мен бейімділігін айқындайтын қазіргі заманғы нарықтық экономиканы қайта құрудың серпінді элементі болып табылатындығы туралы куәландырып отыр. Шағын, орта және ірі бизнесті шебер үйлестіруден экономикалық жүйенің жұмыс істеуінің тиімділігі де, экономикалық өсу, ЖІӨ-нің құрылымы мен сапасы байланысты. Шағын және орта бизнестің айрықша рөлі әлеуметтік шиеленісті төмендетумен, мемлекет есебінен дағдылы әлеуметтік масылдықты жеңумен айқындалады. Сайып келгенде қалыптасқан жағдайда неғұрлым өзекті болып отырған шағын және орта бизнесті дамыту дағдарысты жеңудің елеулі факторы: өндірістің құлдырауы, жұмыссыздықтың өсуі, тұтыну сұранысын азайту, ғылыми-техникалық прогрестің баяулауы болып табылады.

Халықаралық өндіріс және ғылыми-техникалық кәсіпкерліктің алғышарттары екі деңгейде көрінеді: елдердің деңгейіне байланысты алғышарттар және фирма, ұйым деңгейіндегі жергілікті алғышарттар. Сандық айырмашылық - құралдардың көлеміне қатысты, ғылыми-техникалық дамумен және технологияларды импорттаумен айқындалады. Ал, сапалық айырма - зерттеу әдістеріне, ғылыми-техникалық өнімдердің экспорттық және импорттық бағдарына қатысты және т. б.

Елдегі ғылыми-техникалық потенциал, тауарлық немесе технологиялық мінездемесіне және де халықаралық тасымалдау технологиясы НИОКР меншігінің құрамын іздеуін, ғылыми-техниканың дұрыс нәтижелерін қамтамасыз етеді. Мұндай ұқсастық, ғылыми-техникалық іріктемедегі мемлекет дамуына немесе жеке формалардың дамуына әсер етеді. Елдің мамандандыру аясына кірмеген, ғылым мен техникасы, техникалық дәрежеге шетел технологиясымен қатар көтерілуді мақсат етеді. Ғылыми өндірісті экспорттауда, сонымен қатар жаңаша іс-жүзіндегі сараптаулары жетістікке жеткен елдер - инновациялық дамудың кейбір жобаларына жол ашады. Одан әрі қарай, ғылыми зерттеулік және тәжірибелік құрастырмалар жұмысы, мемлекеттік және рыноктық формалар меншігін жүргізуге жол ашады. Бұндай стратегия Қытайда, Оңтүстік шығыс Азияда қабылданған. Бұған классикалық мысал ретінде - автомобиль өндірісінің жетілдірудегі бәсеке қабілеттілігі және есептеу техникалары үшін тиімділігі жоғары құралдарды, Оңтүстік Кореядағы тұрмыстық электроникаларды келтіруге болады.

Халықаралық ғылыми-техникалық жергілікті өнім өндірудің және тұтынудың бөліктері төмендегідей болады:

- ресурстардың көтерілуі, ғылыми-техникалық мәселелерді шынайы түрде шешу;

- қысқа материалды-техникалық базаның бөлек шығарушы институты, лабораториясы; жаңа ғылыми шешімдерді дайындықсыз қабылдау;

- ғылыми-техникалық сәйкессіздіктердің қабылдаудың стратегиялық өнімдерді шығаруды дамыту;

- жаңа стратегиялық мүмкіндіктерді, қоршаған ортаның құрамындағы халықаралық технологияларды беру;

- ресурстардың көтерілуі, ғылыми-техникалық мәселелерді шынайы түрде шешу;

Әсіресе мағынаға ие болған ғылыми-техникалық айырбас және әріптестердің халықаралық мәселелерді шешудің алдын алатын ұжымдар, конкурентттік қабілетпен бағаны жоғарылату және өндірілген өнімдерді жеткізу. Бұл стратегияда кеңінен қолданылатын “басқалар шығаруға шамасы келмейтін, сондай-ақ арзан әрі сапалы өнім шығару қажет”.

Зерттеудің теориялық-әдістемелік негізін әлемдік экономикадағы кәсіпкерлік теориясына қатысты іргелі еңбектер және отандық ғалымдардың еңбектері мен кәсіпкерлік қызмет туралы қабылданған шешімдер мен құжаттар пайдаланылды.

Зерттеудің мақсаты - кәсіпкерлік қызметті халықаралық экономикалық қатынастар тұрғысынан зерделеу.

Қойылған мақсатты орындау үшін төмендегі міндеттерді шешу көзделеді:

  • кәсіпкерліктің теориялық аспектілерінің даму ерекшелігін анықтау;
  • кәсіпкерліктің корпоративтік құрылымдарын айқындау;
  • кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу шараларын анықтау;
  • ҚР халықаралық бағыттағы кәсіпорында дағдарысқа қарсы басқару әдістерін анықтау.

Зерттеу нысаны - әлемдік экономикадағы кәсіпкерлік қызмет.

Зерттеу пәні - кәсіпкерлік қызметті дамытудағы сыртқы экономикалық қатынастар жиынтығы.

Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Қолданылған әдебиеттер тізімі отандық және шетелдік авторлардың, заңнамалық және нормативтік құжаттар актілерінің, статистикалық мәліметтерден тұрады. Жұмыста 1 кесте, 4 сурет көрсетілген.

1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ТЕОРИЯСЫНЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1. 1 Әлемдік экономикалық қатынастардағы кәсіпкерліктің ролі

Әлемдік шаруашылықтың құрылымы және әлемдік экономикалық қатынастар - елдер арасындағы өндірістік күш пен өндірістік қатынастардың деңгейімен анықталады. Әлем әр түрлі әлеуметтік-экономикалық жүйеге бөлінеді. Олар халықаралық топтарға бірігеді. Сонымен қатар, олар бір-біріне ұқсамайтын, егеменді, өз беттерінше экономикалық субъекттер болып табылады. Біртұтас әлемге кіретін елдер эволюциялық даму нәтижесіне қарай тарихи-географиялық, ұлттық, діндік және әлеуметтік-саяси жағынан жан-жақты ерекшеліктерге ие. Ол елдер көздеген мақсаты даму механизмінің қызметі жағынан бір-біріне ұқсамайды. Алайда қазіргі кезеңдегі кез келген ел дүниежүзілік байланыссыз толық экономикалық дамуда болуы мүмкін емес.

«Халықаралық экономика құрылымына ұлттық экономикалық құрылымдар анықтаушы әсер береді. Оның ішінде құрылымдардың көп түрлілігі негізгі шарт болып табылады. Шындағында да, егер әуелден халықаралық экономикалық қатынастар даму деңгейі, мамандану саласы, нақты және көзге көрінетін ұйымдық құрыламдары әр түрлі елдер арасында болатындығын мойындамаған болсақ, онда оны зерттеудің де мағынасы болмаған болар еді. Бұл ерекшеліктерден табиғи факторлардың нәтижесін, жеке тұлғалардың, топтардың немесе мемлекеттің қабылдаған шешімдерінің салдарын тең мөлшерде көруге болады» - деп жазады белгілі француз саяси қайраткері, ғалым-экономист Р. Бар. Ол ұлттық экономика құрылымдарының халықаралық экономикалық қатынастарға әсер ететін 4 критерийін ұсынады: даму деңгейі, халық шаруашылығының құрылымы, оның ұйымдасуы мен экономикалық қуаттылығы [1; 49б. ] .

Экономиканы сипаттайтын көрсеткіштер өте көп, сондықтан елдерді топтастыру көптеген параметрлер арқылы, топтастырудың өзінің мақсаттарына байланысты жүргізілуі мүмкін. Соған қарамастан ХЭҚ-ды талдау кезінде біз нақты критерийлер негізінде жекелеген топтарға бөлінген белгілі бір мемлекеттермен жұмыс істейміз.

Біріккен Ұлттар Ұйымы әлем елдерін бірнеше нышандары бойынша топтастырды.

Елдерді Адам Даму Индексі бойынша топтастыру.

Екінші топтастыру тәсілі - американ долларында есептелетін жалпы ұлттық өнімнің адам басына шаққандағы көрсеткіш. Бұл көрсеткіш бойынша елді бір топқа жатқызу критерийлері уақыт аралығында өзгеріп отыратындығын атап кету қажет. Дүниежүзілік банктің 1995 жылғы соңғы топтастыруында әлем елдерін бұл көрсеткіш бойынша 4 топқа бөлген:

1. Төмен табыс - 765 және одан төмен - 63 ел

2. Орта төмен табыс - 766-3035 - 65 ел

3. Орта жоғар табыс - 3036-9385 - 30 ел.

4. Жоғары табыс - 9386 және одан жоғары - 51 ел.

АҚШ долларымен есептелген бұл көрсеткіш халық өмір деңгейін нақты көрсетпеуі мүмкін, өйткені оның бағамына әр түрлі факторлар әсер етеді. Бірақ ол қазіргі әлемдегі экономикалық теңсіздіктің әсерлі сипаттамасын береді. Бұл елдердің халықаралық экономикалық қатынастарда, соның ішінде осы қатынастардың қарқындылығында және әр түрлі топтарға жататын елдер арасындағы қарым-қатынаста «тең құқылы» субъект ретінде қатыса алмайтыны түсінікті.

Үшінші топтастыру экономикалық даму бойынша жүргізілген. Бұл жерде бірқатар түсінік беріп өркеніміз жөн. Біз экономикалық даму деңгейін адам басына алынатын табыс көрсеткішімен бейнелеуге әдеттенгенбіз. Бірақ табыс деңгейі әр елде әр түрлі жағдайларға байланысты қалыптасады. Мысалы Парсы түбегінің мұнай өндіруші елдері ЖҰӨ өнім бойынша бірінші топтағы елдер қатарына кіреді, бірақ жоғары табыс деңгейі бір немесе бірнеше тауар есебінен құрылғандықтан, оларды өндірісі дамыған елдер қатарына жатқыза алмаймыз. Елдерді экономикалық дамуы бойынша топтастырғанда, мұндағы мәселе экономиканың «кешенділігі», яғни оның ресурстарды тауып қана қоймай, оны өңдеу мүмкіндігі туралы болып отыр [2; 24 б. ] . Осы нышаны бойынша елдер екі үлкен топқа бөлінген: өнеркәсібі дамыған елдер және дамушы елдер. Соңғыларының ішінен артта қалған, нашар дамыған елдер тобы бөлінеді. Қазақстан бұл топтастыру бойынша өнеркәсібі дамыған елдер қатарына кіреді, бірақ көптеген көрсеткіштер бойынша дамушы елдер қатарына жатамыз. Табыс деңгейі мен экономика «кешенділігі» ХЭҚ қатысушыларының ішкі және сыртқы экономикалық саясатындағы іс-әрекетін айқындап, олардың ХЭҚ-на қай дәрежеде қатыса алатынын анықтайды.

Дүниежүзілік шаруашылықтың пайда болуы өндірістің халықаралық мамандануы мен кооперациясы сияқты түрлерін өмірге келтірді. Олардың шаруашылық өмірінің ғана емес, белгілі даму деңгейінде ұлттық экономикалардың интеграциясын тудырады. Әлемде интеграция процесі бір қалыпсыз, қайшылықты өтуде. Қазір ол әлемдік экономикалық процестердің ажырамас бөлігі болып жер шарының белгілі бір аймақтарында ХЭҚ-ы шоғырландыруда.

Бірақ бұл мемлекеттер экономикалық жағынан даму деңгейімен ғана емес, экономикалық жүйенің типтері мен модельдері бойынша да әр түрлі. өздерінінің мүдделерін қорғау үшін олар топтарға бірігеді. Бұл жерде мұндай топтарды ұйымдастырудың формальды негіздерінің ешқандай маңызы жоқ. Бірақ бұл мәселенің нақты жағы Солтүстік-Оңтүстік, Шығыс-Батыс, Еуропа-Солтүстік Америка-Жапония, тағы басқадай топтардың арасында ХЭҚ пайда болуында. Бұл тенденцияға қарама-қарсы трансұлттық компаниялардың маңызы тез өсуде. Трансұлттық компаниялар ұлттық шекараларды жойып, ХЭҚ-ға ішкі фирмалық қатынастарды әкелді. Трансұлттық компаниялар экономикалық қатынастардың жаңа түрлерін әкелмесе де, олардың іс-әрекеті тұрақталған ХЭҚ-дың түрлерін өзгертеді.

ХХ ғасырдың басына дейін келген индустриалды өндіріс өткен “дәстүрлі өндірістің” ірі тарихи кезеңінде болмаған экономикада өндірістік ресурстарды рационалды пайдалануға алып келді. Нақ осындай экономика өзінің белгілі бір даму сатысында өндірісті ұйымдастырудың корпоративті формасына көшуге алып келді.

Өндірістің нақты “ресурстық” немесе “тұтыну” бағытынан өндіруші қожалық ететін экономика ма, әлде тұтынушы қожалық ететін экономика ма соны білуге болады. Сондықтан да әр кезде қандай да бір қызмет ету механизмі мен қозғалысы бар экономика болады деп дәлелдеп жатудың қажеті жоқ. Мысалы, рыноктық экономиканың капиталистік жүйесінде нақты қожайындар тұтынушылар болып табылады, онда сатып ала отырып немесе сатып алудан бас тарта отырып, олар кәсіпорынды кім басқаруы керек және капиталды кім иеленуі қажет соны шешеді. Сондай-ақ олар “не”, “қанша” және “қандай сапада” өндіру қажет екендігін анықтайды.

Кәсіпкер үшін олардың қарым-қатынастары пайдаға, я болмаса шығынға келіп ұласады, яғни кедейлерді байытып, байларды кедейлендіріп отырады. Сондықтан да кәсіпкер тұтынушыға қызмет көрсетуін жоғарылатуға тырысады.

Индустриалды экономика шеңберінде ресурстарды басқаруға ерекше көңіл бөлінеді. Рынок экономикасы қалыптасып, ілгері дамыған кезеңінде еркін бәсеке кең тарады, рыноктық қызметтің өкілі ретінде жеке капитал болды. Мақсаты өз шығындары мен пайдасын есептеу және өндірісті рыноктық ұйымдастыру барысында өнеркәсіпті шоғырландыру болғанымен, оның үлес салмағы айтарлықтай көп болмады, өйткені өндірісті шоғырландыру тенденциясы күшейді. Оның басты мақсаты - өз шығындары мен табыстарын жүйелеу немесе реттеу. Бірақ өндірісті рыноктық ұйымдастыру өндірістің шоғырлану тенденциясын күшейтеді. Бірте-бірте өндірістік бизнестің ұйымдық құрылымының жіктелуі байқалып, жеке капитал формаларымен қатар, құрылым фирмалары - монополиялар пайда бола бастады. Монополия билігі бәсекені күшейтті, ол бәсекелестік күрестің өте қатаң және жаңа формаларының туындауына әкеліп соқты. Анықтаулар бойынша таза монополия жағдайларында бәсеке болмайды, яғни, монополия бәсекенің қарама-қарсылығы болып табылады.

Экономикалық теорияда "кәсіпкерлік" түсінігі өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Кәсіпкерлік концепциясының бірінші кезеңі "кәсіпкерлік теориясының" классигі Р. Контильон есімімен байланысты. Ол бірінші рет кәсіпкерліктің негізгі тұлғасын анықтады: "Кәсіпкер - белгілі бағада сатып алушы, белгісіз бағада сатушы, яғни тәуекелге барушы адам" .

Классикалық экономикалық теорияда кәсіпкерлік ұдайы өндірістің негізі ретінде тәуекел үшін табыс алушы ретінде қарастырылды. Рыноктық экономика теориясының негізін салушы Адам Смит “кәсіпкер” терминін кәсіпорын иесі түсінігі ретінде қолданған. Р. Кантильонның пікіріне қосыла отырып, А. Смит кәсіпкер капитал иесі бола отырып, қандайда бір коммерциялық мақсаттарды жүзеге асырып, пайда табу үшін тәуекелге барады деп көрсетеді.

Кәсіпкердің ролі туралы түсініктер әрі қарай Д. Рикардоның “Начала политэкономии и налогового обложения” еңбегінде дамытылды. Д. Рикардо еркін кәсіпкерлік қызметті жақтай отырып, оны тиімді шаруашылық жүргізудің міндетті элементі ретінде қарастырған. Тәуекелді төмендету үшін кәсіпкерге негізгі өндіріс факторларын: жер, еңбек, капиталды тиімді үйлестіруіне тура келеді.

Жан Батист Сэй кәсіпкерлік туралы өте кең түсінік берген. Ол кәсіпкерлік қызметті жоғары бағалауымен қатар, оның өнім жасаудағы белсенді ролін мойындайды. Жалпы, Сэй кәсіпкерді - менеджерге жақынырақ деген ой айтады. Ал, К. Маркс капиталист немесе өндіріс құрал-жабдықтардың меншік иесінің қызметін кәсіпкерлікпен теңестірді. К. Маркс өндірістік ресурстың ерекше түрі ретіндегі кәсіпкерлік қабілетке көңіл бөлмеді, бірақ қосымша пайда жинақтаудың маңызды факторы болып табылатын инновацияға алғашқылардың бірі болып көңіл аударды [3; 43б. ] .

Классикалық экономикалық теорияның өкілі Джон С. Милль “кәсіпкерлік” терминін қарастыруда кәсіпкердің негізгі қызметтеріне басқару, бақылау, өзіне тәуекелділікті қабылдауды жатқызады.

Кәсіпкерлік теориясының дамуындағы екінші кезеңнің ерекшелігі - кәсіпкердің ұйымдастырушылық және кәсіпкерлік икемділігінің қосымша фактор ретінде саналуы. ХІХ-ХХ ғғ. Альфред Маршалл өндірістің классикалық үш факторы: еңбек, жер, капиталға төртінші фактор - ұйымдастыруды қосады. Осы уақыттан бастап кәсіпкерлік түсінігі де, қызметтері де кеңейді.

Кәсіпкерлік теориясының қалыптасуында Й. Шумпетердің "тиімді монополия" концепциясының ролі ерекше. Оның айтуынша, кәсіпкерліктің мәнін жаңашылдық механизмі құрайды. Кәсіпкер - экономикадағы барлық динамикалық өзгерістерге негізгі жаңалық енгізуші.

Кәсіпкердің жеке қасиеттерін көптеген теоретиктер қарастырды, бірақ Й. Шумпетер ғана оларды жүйелеуге тырысты. Сонымен қатар, өзінің жаңашыл сипатына байланысты менеджердің қызметінен де ерекшелейді. Бірақ, кәсіпкер - бұл ойлап табушы да емес, тек сол ойлап тапқандарды экономикалық түрде жүзеге асырушы адам.

Кәсіпкерліктің қалыптасуы мен даму теориясында П. Друкер, Б. Карлоффтың тұжырымдары көңіл аударуға тұрарлық: олар кәсіпкерлікті инновациялық менеджментпен байланыстырады. П. Друкер экономикалық ғылымға және шаруашылық тәжірибеге "кәсіпкерлік кәсіпорын", "кәсіпкерлік қоғам", "кәсіпкерлік басқару" түсініктерін енгізе отырып, кәсіпкерліктің мәнін бизнесті жүргізу үшін мүмкіндікті анықтау және жүзеге асыру қабілетімен байланыстырады.

Жалпы, кәсіпкерлік теориясының дамуы кәсіпкерліктің тұлғалық, экономикалық және ұйымдастырушылық, жаңашылдық, тәуекелге барушылық сипатын көрсететін қызмет түрі.

1. 2 Әлемдік кәсіпкерліктің корпоративтік құрылым ретінде интеграциялануы

Кәсіпкерлік пайданы жоғарылату немесе ұлғайту мақсатында кәсіпкерлік сектор, капиталды бөлу жағымен қатар, оларды біріктіру жағына да бағыттауын күшейтеді. Капиталды қызмет етуші - өндірістік және қаржылық деп бөлу нәтижесінде акционерлік қоғамдар құрылды.

Кәсіпкерліктің акционерлік формасын өндірістік дамыған мемлекеттер берген. АҚ-ның гүлденуі ХІХ ғасырдың үшінші - ХХ ғасырдың басына келеді. Қазіргі шарттарда корпоративтік кәсіпкерлік өндірістік дамыған елдерде анықтаушы форма болып табылады. АҚШ-да АҚ-ның үлесі басқа меншік формаларының арасында 14% құрайды, бірақ олар жалпы ұлттық өнімнің 87% береді.

Өндірістік дамыған елдерде АҚ өндірістік күштерді дамытудың қарапайым шешімі болды, мұның себептері мынада:

- өндірістің масштабы мен көлемінің өсуі қоғам алдында мақсаттарды итермелеген, капиталдың жеке жиналу шегінде шешімі болмайтын болғандықтан, жеке капиталдың барлығын үлкен капиталға біріктіруге тура келді.

- өндірісті ұйымдастыру бөліктік бастаулар түрінде және барлық біріккен кәсіпорын қатысушыларының қызығушылықтарын ескере отырып жүзеге асырылуы мүмкін.

Ресейде бұл үрдіс жоғарыдан логикалық реформаға байланысты басталды. Ресейде АҚ бұл - бұрынғы дәстүрлік өндірістік жүйе мен нарық талаптары және жекеменшіктің бірігу формасы. Сондықтан меншіктің коллективті-жеке формасы қарама-қайшылықтарды шешу құралы болды.

Акционерлік қоғам - бағалы қағаздар мен акцияларды сату жолымен құрылатын капиталды бірлестік. Алғашқы акционерлік қоғамдар Англияда (1600ж. ағылшын Ост Инд компаниясы) пайда болған. Акционерлік капитал капитализмнің экономикалық құрылымының маңызды құрамына айналып, капиталды жинақтау болып табылады. Олар өндірісті шоғырландыру және орталықтандыру процестерін жүргізудегі тұтынумен тікелей байланысты. Капиталды қоғамдастыру (ортақтастыру) процесі материалды негізінде кәсіпорындар пайда болды.

Акционерлік қоғамның негізгі ерекшелігінің мәні - жұмысшылар арасында акцияларды тарату, компания ісіне жеке қатысуының деңгейі аз болғанына қарамастан, біріге иемденушілік сезімін тудыру.

Кәсіпорынды басқарудағы ең қиын жұмыс - бұл білінбейтін жұмыс, ал физикалық еңбекпен айналысатын қызметкерлер кәсіпорынды басқарудағы еңбектің жоғары формасымен айналысатындарға қарағанда жұмысы анағұрлым жеңіл келеді. Кәсіпкерлік қызметтің акционерлік формасы капитал ресурстарын жинақтауды жылдамдатады, басымды дамуын қажет ететін салаларды шоғырландыру мүмкіндігін ұлғайтады.

Кәсіпкерлік қызметтің акционерлік формасының ары қарай дамуы, меншіктің жаңа үлесіне негізделетін: шектеулі жауапкершілікті қоғамдар, әр түрлі серіктестіктер, яғни компанияның жаңа ұйымдық - құқықтық формасының құрылуынан көрінеді.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік - тек мүліктік емес, өз салымдары бойынша ғана жауапкершілігі болатын қоғам қатысушыларының капиталын біріктіру формасы. Акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестік арасындағы негізгі айырмашылықтар төмендегідей:

- біріншіден, акционерлік капиталдың жарғылық қоры тек құрылтайшылар құралдарының құрылтайшы компанияның (құрылтайшы инкорпорация) акцияларына айырбас есебінен ғана құрылмайды, ол сонымен қатар, жазылым инкорпорациясы процесінде барлық тілектестерге компания акцияларын еркін сату есебінен де құрыла алады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық қоры, мүлікті түрде салынады, оның құрылтайшыларының пайлық салымдары есебінен де құрыла алады;

- екіншіден, акционерлік қоғамды құру үшін, жарғылық капиталдың ең аз мөлшері (минимумы) және бір акцияның ең аз мөлшері (минималды) анықталуы қажет. Жауапкершілігі шектеулі қоғам құру үшін жарғылық қор мөлшері аз болады;

- үшіншіден, акционерлік қоғамды құру үшін - қатысушылардың белгілі бір мөлшері (минимумы) қажет, әдетте, акционерлердің жоғарғы шегі

орнатылмайды. Әдетте, жауапкершілігі шектеулі қоғамдағы пайшылардың саны, компаниядағы акционерлер санына қарағанда, өте аз мөлшерлі болады, ал кейбір мемлекеттерде жауапкершілігі шектеулі қоғамды бір адам да (мысалы, Жапония мен Германия Федеративті Республикасы мемлекеттерінде) құра алады;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лизинг шартының түрлері
Лизинг институның жалпы сипаттамасы
Банкілік операциялар
Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметінің жалпы сипаттамасы
Сатып алу-сатудың шартының элементтері
МҮЛІКТІ ИЕЛІКТЕН АЛУДАН ТУЫНДАЙТЫН МІНДЕТТМЕЛЕР
Лизингтік төлемдерге банк комиссиясын үнемдеу
Қазақстандағы халықаралық жалгерлiктiң жағдайы мен ерекшелiктерi және оның даму перспективалары
Инвестициялық қолдау мен оның салаларын дамыту
Қазақстанда қаржылық лизингтің даму жолдары мен мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz