Инфляциялық процес


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 2

І. Инфляция теориясы

  1. Инфляцияның мәні, себептері, зардаптары . . . 4
  2. Инфляцияның түрлері . . . 9
  3. Инфляцияға қарсы саясат . . . 15

ІІ. Қазақстан Республикасындағы инфляциялық процестің даму ерекшеліктері.

  1. Ифляциялық процестің дамуы . . . 23
  2. Инфляцияны реттеу және ақша айналымын тұрақтандыру әдістері……. 25

Қорытынды . . . 29

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 30

Кіріспе

«Инфляция» термині (латынның inflatio сөзінен шыққан - кебіну, ісіну) ақша айнлысына қатысты ХІХ ғасырдың орта шенінде пайда болды және АҚШ - тың Азамат соғысы жылдары 1861 - 1865 жылдары қағаз долларының “гринбектердің” қипасыз көп шығарушылармен байланысты болды. ХІХ ғасырда бұл термин сондай - ақ Англия мен Францияда қолданылады. Экономикалық әдебиеттерде ол 20 - сшншы жылдары жазыла бастады

Біз жалпы инфляцияның пайда болу себебін, дамуын, оның шығысын көрсетіп және оның динамикасына қалай әсер ететіні туралы тоқталғым келді. Осы жағдай көп ғалымдар алдарында мынадай сұрақтар қояды: неге инфляцияны бақылау өте қиын, неге жоспар мен үкіметтердің есептеулеріне қарамастан инфляция бар, неге біз инфляция туралы уайымдауымыз керек, инфляция қандай зиян немесе пайда алып келеді, инфляциядан айырылу үшін экономика құрылғыларынан біз өзгерте аламыз ба, мәселен алатын стандартына оралып, яғни қағаз ақшаларды алтынға ауыстырып немесе инфляция кезінде бізге өмір сүруге оңай болу үшін экономиканы қайта құру керек пе?

Қазақстанда рефрманың алғашқы жылдары бағаның қозғалысы көптеген факторлармен айқындалады, олардың басымдылығы: азық - түлік тауарларына және кейбір тауарларға арналған бағаның белсенділігін шекті деңгейін біртіндеп алып тастау, энергия ресурстарына арналған бағаны ынталандыру және ұлттық валютаның құнсыздануы. Осы тұтыну тауарларына бағаың өсуін - 1998 жылы 1, 9% - ға дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Тұтыну нарығындағы бағаның 1999 жылы өсіп кетуі (17, 8% - ға ), негізінен, теңгенің “құбылмалы айырбастау бағамын” енгізуге байланысты, ал тұтыну тауарларына және қызымет көрсетуге арналған баға өсімі 2000 жылы 9, 8% - дан 2004 жылы 6, 7%-ға дейін баяулағаны байқалды. Тұтастай алғанда 1995-2006 жылдары инфляция мынадай болды: 1995 жылы - 60, 3%; 1996 жылы - 28, 7%; 1998 жылы - 1, 9%; 1999 жылы - 17, 8%; 2000 жылы - 9, 8% 2001 жылы 6, 4%; 2002 жылы - 6, 6%; 2003 жылы -6, 8%; 2004 жылы - 6, 7%; 2005 жылы -7, 6; 2006 жылы қаңтар - шілде -5, 1%. Бірақ 2005 жылдан бастап бағаның жаңадан көтерілуі байқалды.

Қазір инфляция үйреншікті болып, оның маштабы өсуде. Бірақ тек халықтың кең қабаты ғана емес, оның қағидалары механизмдері, түсінігі және ол туралы ақпараттар мамандарының өздері де жетік иемденбеген.

І. Инфляция теориясы

  1. Инфляцияның мәні, себептері, зардаптары

Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптеген бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті ақшаның шығуымен бірге пайда болды әрі ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп саналады. .

Инфляцияның дәстүрлі ең жалпы анықтамасы - тауар айналымының қажеттілігімен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша массасымен лықа толып кетуі, оның құнсыздануы және соның өсуі; ақшаның сатып алуға жарамдылығының төмендеп кетуі. Инфляция кезінде қоғамдық өндіріс процесінің алшақтықтарына және артық көп ақшаның шығарылуына байланысты ақша айналысының заңы бұзылады. Инфляция кез келген экономикалық даму үлгісіне тән объективті құбылыс. Шынында да қауырт жағдайларда, мысалы соғыс революция және сол сияқты кездейсоқ жағдайларда экономиканы дамыту үшін мемлекеттік шығындарды қағаз ақша шығарумен қаржыландыру ақша айналымының күрт “көтеріліп”, қағаз ақшаның құнсыздануына әкеп соғады. Оның әр елдегі соғыс жылдарындағы ақша айналымынан көруге болады. ХІХ ғасырдың бас кезіндегі Англияның Наполионға қарсы соғысы; 1789 - 1791 ж. ж. Француз революциясы; әсіресе дүниежүзілік соғыстан кейін Германияда инфляция жоғары қарқынға жетті. Осы келтірілген мәселелер инфляцияның бұрыннан келе жатқан айырықша құбылыс екенін дәлелдейді. Инфляция тауар бағаларының өсуінен көрінгенімен, ол тек ақшаға тән құбылыс емес. Ол күрделі әлеументтік - экономикалық құбылыс, оны тудырушы рынок шаруашылығының түрлі саласындағы ұдайы өндіріс сәйкестілігінің бұзылуы. Инфляция - дүниежүзіндегі көптеген елдердің экономикалық өміріндегі ең өткір проблемалардың бірі.

Осы заманғы инфляция жүйелі сипатымен көрінетін ерекшеліктерге ие және бұл құбылыс тек бағаның өсу нәтижесінде туындайтын ақшаның арзандау көрінісі ғана емес, сонымен қоса ол бүкіл ел экономикасын мүшкіл халіне байланысты болып келеді. Инфляцияның негізгі себебі - халық шаруашылығының әр түрлі салаларындағы: қор жинау мен тұтынудың, сұраныс пен ұсыныстың, мемлекеттік табыстар мен шығындардың, несиенің, капитал көлемі мен мөлшерінің, айналымдағы ақша массасының мөлшері мен шаруашылықтағы ақша сұранысының тепе - теңдігі бұзылғаны болып табылады.

Осы заманға инфляция өндіріс процесінің өзінде туады, бірақ оның нақты көрінісі ақша саласында анықталады. Содықтан, инфляцияны артық ақша белгілерінің эмиссиясымен жиі байланыстырады. Бұл салыстырмалы түсінік. Егер ақша эмиссиясы тауарлар өндірісі мен қызметтердің өсуіне сәйкес болып, олардың қарқындары үйлессе, бұл инфляция құбылысы емес, айналым арналарының толып кетуі болмайды. Алайда, экономика толық жұмыс істеу үшін және айналым арналарының аса толу кезінің қашан және айналым саласының қай шегіне дейін ақшамен толтыруға болатынын анықтау өте қиын. Осындай инфляцияны зерттеу жеткіліксіз болғанымен инфляцияға қарсы дұрыс шаралар жетілдіру оңайға түспейді.

Инфляцияның табиғатын түсіну мен инфляцияға қарсы шараларды мемлекеттік әрекеттердің теориялық негізгі ретінде қазіргі заманда ақшаның сандық теориясында, оның монетаристік немесе кейнсиандық талдауында болады. Осы теория инфляцияның себебін нарықтардың тұрақты тепе - теңсіздігінен туындап және ақша қажеттілігі оның ұсынысынан үнемі жоғары болғанымен көрінеді деп ұйғарады.

Инфляция - ақша жүйесінің дағдарысты жай - күйі.

Ақшаның құнсыздануына мына факторлар себепші болады:

Айналысқа артық ақшаның шығарылуы;

Қолайсыз төлем балансы;

Үкіметеке сенімнің жоғалуы.

Ұзақ уақыт бойы инфляцияны монетарлық құбылыс деп санай отырып, ол ақшаның құнсыздануы мен тауар бағаларының өсуі тұрғысында түсіндіріліп келеді. Әлі де бірқатар шетелдік авторлар инфляцияны экономикада бағаның жалпы деңгейінің артуы ретінде анықталады. Алайда инфляцияның тауар бағасының өсуінде көрінгенімен оны тек таза ақша феноменіне жатқыза салуға болмайды. Бұл нарықтық шаруашылықтың түрлі сфераларындағы ұдайы өндірістің сәйкессіздігінен туатын күрделі әлеументтік - экономикалық құбылыс. Инфляция әлемнің көптеген елдеріндегі экономиканың қазіргі дамуының ең өткір проблемаларының бірі болып есептеледі.

Бүгінде инфляция бағаның өсуі нәтижесінде ақшаның сатып алу жарамдылығының құлдырауымен ғана емес, сонымен бірге елдің экономикалық дамуының жалпы қолайсыз ахуалымен де байланысты. Инфляцияға өндіріс пен өткізу сферасыныңдағы әртүрлі факторлар тудырған өндіріс процесінің қарама - қайшылықтары себепші болады. Инфляцияның әуел бастағы себебі - ұлттық шаруашылықтың түрлі сфераларындағы жинақтау мен тұтыну, сұраным мен ұсыным, мемлекеттің кірістері мен шығыстары, айналысындағы ақша массасы мен шаруашылықтың ақшаға қажеттілігі арасындағы алшақтықтар.

Инфляцияның ішкі және сыртқы факторларын (себептерін) айыра білу қажат. Ішкі факторлардың арасындағы ақшаға жатпайтын және ақшалай - монетарлық факторларды бөлуге болады. Ақшаға жатпайтындарды - бұл шаруашылық сәйкестігінің бұзылуы, экономиканың циклдық дамуы, өндірістің монополизациялануы, инвестициялардың теңгерімсіздігі, әлеументтік - саяси сипаттағы ерекше жағдайлар және басқалары. Ақшалай факторларға мемлекеттік қаржының дағдарысы және бюджет тапшылығы, мемлекеттік борыштың өсуі, ақша эмиссиясы, сондай - ақ несие жүйесінің кеңеюі, ақша айналысы жылдамдығының артуы нәтижесінде несие құралдарының өсуі және басқалары жатады.

Бағаның өсуі және ақшаның шамадан көп шығуы бұл тек инфляцияның сыртқы көрінісі ғана: ұлттық шаруашылық пропорциясының бұзылуы, жалпы тепе - теңдіктің бұзылуы инфляцияның терең себептері. әлемдік экономикалық әдебиеттерде инфляцияны және ұлттық шаруашылықты баланссыздыққа алып келетін үш негізгі күйін бөліп көрсетеді.

- қағаз ақша эмиссиясы мемлекеттік монополия, сыртқы сауда өндіріссіздігі, әскери және басқа шығындар, қазіргі мемлекеттің функциясымен байланысты;

  • жалақының деңгейіне және мөлшеріне кәсіподақтардың монополиясы;
  • жеке шығындар мен балгілі бір бағаларға ірі фирмалардың монополизмі.

Осы үш себептермен бір - бірімен байланысты және әрқайсысы баланстарды бұзып, ұсыныс пен сұраныстыңөсуіне немесе төмендеуіне алып келуі мүмкін. Инфляцияға қарсы нарықты шара қолдану үшін инфляцияның қайнар көзін білу керек.

Нарықтық экономикаға тән көптеген басқа көріністер сияқты инфляция бір мағыналық болып бағаланбайды. Инфляцияның экономикалық өсуге себепкер болатын бізге онша мәләм емес. Сондықтан инфляцияны жалпы жаман деп, басу, жою, керек деп қаруға болмайды. Ол экономиканы дамыту үшін мемлекеттің қолданылатын құралы болуы мүмкін. Инфляция пайда мөлшері мен бағаның өсуіне әсер етеді, алдымен конъюнкутраны өмірге әкелетін фактор ретінде болады., бірақ мемлекеттегі экономикалық тұрақсыздықты күшейтетін тежеушіге айналады.

Нарықтық экономикасы дамығанелдерге жылжымалы инфляция экономикалық өсудің қалыпты факторы ретінде қаралады. Себебі олар үлкен әлемдік экономикалық шығындарды алып келеді. Инфляцияға қарсы күрес ол макроэкономикалық мәселе болып табылады. Мемлекет алдында мынадай негізгі мәселелер тұрады: радикалды шара арқылы инфляцияны жою немесе оған бейімделу. Әр елдер осы дилемманы өздігінше шешеді. Мәселен, АҚШ және Ұлыбритания инфляциямен активті түрде күресуде, ал басқа мемлекеттер болса комплексті бейімделетін мемлекеттік шаралар құруда.

ХХ ғасыр ортасындағы өнеркәсібі дамыған елдерге инфляциялық тенденция тән. Оған негізгі екі фактор әсер етті: қаржы және ақша - несие жүйесінің ауытқымай қайта құрылуы және экономикада олигополиялық құрылымның қалыптасуы. кәсіпкердің бағаны котеру арқылы табыстың артынан қуулы ерікті бәсекені шектеді. Ақша айналымы мен бағаның құрылуының тұрақтылығын алтын монеталы стандарт анықталады. Банкотты алтынға еркін айырбастау ақшаның құнсыздануына әкелмейді делінді. Сонымен қатар қатаң сәйкестікте орналасқан алтын қорлары бар банктер айналымға балгілі бір мөлшерде банкнот шығаруы мүмкін болды.

Сонымен, баға өсуінің инфляциялық себептерне нені жатқызамыз? Инфляция көп сәйкессіздіктермен байланысты екенін еске ұстап, оның ішіндегі ең бастыларын айтайық. Біріншіден, мемлекеттік шығыстар мен кірістердің тепе - теңдігінің бұзылуы, баланстың болмауы. Ол мемлекеттік бюджеттің тапшылығынан көрінеді. Егер дефицит Орталық эмиссия банкісімен пайдаланса, онда айналыста ақша массасы көбейеді. Айырбастың сандық теңдігін MV=PO еске түсірсек, M мен P көрсеткіштері өсуінің байланысы анық. Екіншіден, осындай жолмен, әдіспен инвестицияны қаржыландыру жүргізілген жағдайда да бағаның инфляциялық өсуі болады. Әсіресе экономиканы милитариландырумен байланысты инвестиция инфляцияны өршітеді. Ұлттық табысты әскери мақсатына пайдалану, өндірістік емес шығындар - олар қоғамдық байлықты текке рәсуа етеді. Әскери ассигнациялар бір сәтке ғана қосымша төлем қабілеті бар сұраныс туғызып, тауармен қамтамасыз етілмеген ақша массасының өсуіне әкеледі. Әскери шығындардың өсуі мемлекеттік бюджетті тұрақты тапшылық жағдайына және мемлекеттік қарыздардың ұдайы өсуіне ұрындырады. Үшіншіден, баға деңгейінің жалпы өсуі қазіргі рыноктық экономиканың ерекшелігіне байланысты. Бұл кезең жетілген бәсеке кезіндегі рынокта көптеген өндірушілер болып, өнімнің түрі аз, капитал ауысуы оңай уақытта мүлдем ұқсамайды. Қазіргі рынок белгілі дәрежеде олигополиялық рынок. Ал олигополист (жетілмеген бәсекелес) едәуір дәрежеде бағаны билейді. Олигополиялар бағаны өсіруді бірінші болып бастырмаса да, олар оны қолдауға ынталы. Жетілмеген бәсекелес бағаның жоғары деңгейін ұстап тұру үшін өндіріс пен тауар ұстануды қарастыру арқылы дифицит жасауға тырысады. Өздері билік жүргізетін рынокта бағаның төмендеуін болдырмау үшін олигополия мен монополия икемді тауар ұсынысына қарсы болады. Салаға жаңа өндірушілердің келуін тежеу үшін олигополистерге жиынтық сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келмеуі көмектеседі. Төртіншіден, елдің экономикасының ашық болуы оның бірте - бірте әлемдік шаруашылық байланыстарға тартыулы барысында “импорттық” инфляцияның қауіпі туады. Бесіншіден, инфляция өзіне - өзі дем беретін сипат алады. Батыс елдердң көптеген экономистері және біздің елімізде де осы факторды ерекше көрсетуде. Халық пен өндірушілердің инфляцияны күту себептерін жою инфляцияға қарсы саясаттың ең басты міндеті.

Инфляцияның зардаптары күрделі және көп түрлі болып келеді. Инфляцияның жоғары деңгейі баға мен пайда нормасын жоғарлатып, уақытша конъюктураны жандандырыады. Процестің у шығыуы барысында инфляция ұдайы өндіріске кедергі келтіріп, қоғемдағы экономикалық және әлеументтік шелінстерді тьөмендетеді. Инфляция аттың текіріктеп шауып, бой бернмеген кезіндегідей шаруашылықтың шырқын бұзып, айтарлықтай зин келтіріп, экономикалық саясатты жүргізуге жол бермейді. Бағаның әр түрлі өсуі экономика салалаларының арасындағы сәйкестілікті бұзып, тұтынушылар сұранысын бүркемелеп, ішкі рынокта тауарлар өткізуді қиындатады. Мұндай инфляция тұтынушының ақшадан тауарға ауысуын күшейтіп, бұл процесті таудан аққан тасқынға айналдырып, тауарға тапшылық тудырып, ақша қорлануына ынтаны жойып, ақша - несие жүйесінің қызыметін бұзады. Бұдан басқа халықтың жинағы құнсызлданады, банктер, несие беретін мекемелер зиян шегеді. өндірістің интернационалдануы инфляцияны бір елден екіншісіне аударады, халықаралық валюта және несие қатынастары күрделенеді.

1. 2. Инфляцияның түрлері

Инфляция - экономикадағы жалпы баға деңгейінің тұрақты көтерілуінен ақшаның құнсыздану процесі. Соңғы кезге дейін дүниежүзілік шаруашылықта инфляция, әдетте, төтенше жағдайларға байланысты пайда болатын еді. Мысалы, соғыс жылдарында мемлекеттер әскери шығындарын жабу үшін кқөп көлемде қағаз ақшларды шығаруға мәжбүр болды. Соңғы жылдары бірқатар елдердің экономикасы үшін ол айықпас ауруға, ұдайы өндірістің тұрақты факторына айналды.

Инфляция қарқыны жай, орташа жүруі кезінде бағаның өсуі 10% - тен аспайды. Экономикалық теория, мысалы, кейнсшілер, мұндай инфляцияны экономикалық даму үшін оңды жағдай деп, ал мемлекетті тиімді экономикалық саясат жүргізуші субъекті деп есептейді. Мұндай инфляция өндіріс пен сұраныстың өзгерген жағдайларына қарай бағаларды түзеп отыруға мүмкіндік береді.

Дүниежүзілік тәжірбие инфляцияны мына шартты түрлерге бөледі:

● экономикадағы қамтитын аумағына байланысты - жергілікті және әлемдік инфляция;

● жүру қарқынына байланысты - біркелкі (баға үнемі төмен қарқынмен өседі), үздіксіз және сатылы инфляция;

●даму қарқынына байланысты - жылжымалы инфляция- онда бағаның өсуі қарқыны жылына орташа 5-10 проценттен аспайды; қарқынды инфляция - онда бағаның өсуі жылына орташа 10 проценттен 50 процентке дейін (ал кейде 100 процентке) жетеді; ұшқыр инфляция - онда бағаның өсуі жылына 100 проценттен асады; Халықаралық валюта қоры баға айына 50 процентке өссе, оны ұшқыр инфляцияның ішіндегі аса ұшқыр инфляция (супергиперинфляция) деп аталады. Егер инфляция өндірістің құлдырауымен ұштаса оны страфляция деп атайды;

● әсер ететін факторлар бойынша - сұраныс инфляциясы және шығын инфляциясы.

Инфляция - бұл кез келген экономикалық даму үлгісіне тән объективті құбылыс. Инфляцияның себептері айналыс және өндіріс сласында орын алады. Қазіргі инфляция мынадай факторларға байланысты: 1) Ақша айналысының факторларына: бюджет тапшылығын жабуға пайдаланған, шексіз көп ақшаның эмиссиялануы есебінен айналыс аясының артық ақша массасына толып кетуі; халық шаруашылығының артық несие толуы. 2) Ақшалай емес факторларға : қоғамдық өндірістегі теңсіздікке, шаруашылықтың шығындық механизмеіне, мемлекеттің экономикалық саясаты, оның ішінде, салық саясаты, баға сияқты, сыртқы экономикалық саясатына байланысты факторлар жатады.

Сұраныс инфляциясы ақшалы факторларға байланысты туындайды, яғни айналыстағы ақша массасы “көтеріліп”, соның салдарынан төлем қабілеті бар сұраныста жоғары болады. Ал сол кездегі бірқалыпты баға жағдайына өндірістің оралымсыздығы сұранысты қанағаттандыра алмайды. Сөйтіп, жиынтық сұраныс экономиканың өндірістік мүмкіндіктерінен жоғарлап, бағаның көтерілуіне соқтырады.

Ақша массасының “көтерілуі” себептерінің ең негізгі - әскери шығындардың өсуі, яғни шығарылған әскери техника күнбекүнгі өмірде қолдануға жарамайтындықтан оның ақшалы эквиваленті бюджеттің тапшылығын тудырады. Тапшылықты жою үшін айналымға қосымша ақша массасы шығарылады, немесе ақша нарығына мемлекеттік зайымдар орналастырылады. Бюджет тапшылығын жоюдың бірінші жолы өркендеген мемлекеттерге тән. Айналысқа қосымша ақша массасын шығарудың алғашқы сатылында өндірістің дамуы, жұмыссыздықтың азаюы және бағаның төмендеуі тепе - теңдік орнайды. Сондықтан аз мөлшерлі инфляция пайдалы деген қорытынды шығарады, себебі ондай инфляция артық өндіру дағдарысынан және жұмыс орындарының қысқаруынан сақтандырады. Одан әрі бүкіл экономикада бос жұмыс болмаған және дамымаған сұранысқа өнімді қосымша шығара алмаған жағдайда баға өседі. Осыдан кейін өндірістің құлдырауына, оның тиімділігінің төмендеуіне және инфляцияның қарқындауына себепші факторлар әсер ете бастайды.

Сөйтіп, сұраныс инфляциясы кезінде шектеулі ұсыныспен салыстырғанда айнлыста артық ақша массасының болуы бағаланады жоғарылатылады және ақшаны құнсыздандырады.

Сұраныс инфляциясы мынадай факторлардың әсерінен туады:

● әскери шығыстардың өсуі, яғни әскери техникалардың азаматтық салаларында пайдалану қажеттігінен, нәтижесінде ақша баламасы айналыс үшін артық болып қалады;

● мемлекеттік бюджет тапшылығы және ішкі қағаздардың өсуі, яғни мемлекеттердің қысқа және орта мерзімді міндеттемелерін шығару есебінен бюджет тапшылығын жабу, нәтижесінде мемлекеттің ішкі қарызы артады;

● несиелік экспанциялау, яғни елдің орталық банкінің комерциялық банктер мен үкіметке несие беретін несиелер көлемінің ұлғаюын сипаттайды;

● импортталған инфляция, яғни шетел валюталарын сатып алу барысында тауар айналымына қажеттіліктің үстіне ұлттық валютаның эмиссиялануы;

● ауыр өнеркәсіп саласына өте көп мөлшерде инвестиция жұмсау.

Шығын инфляциясы өндіріс шығындарын көбеюіне байланысты әсіресе еңбек ақының көбейуіне байланысты бағаның өсуі. Ол - ең алдымен жалақы төлеуге шығындардың өсуі. Тауар бағасының өсуі халықтың табысы төмендеп, жалақыны қайта индекстеу қажеттігін талап етеді. Жалақының өсуі өз кезіндегі өнімді өндіру шығындардың өсуіне, пайданың төмендеуіне, қолданып жүрген баға бойынша шарттарын өнім көлемінің қысқаруына әкеп соғады. Пайданы сақтап қалу мақсатына өндірушілер тауар бағасын көтеруге мәжбүр болады. Нәтижесінде инфляциялық серіппе (спираль) пайда болады: бағаның көтерілуі жалақының өсуін талап етсе, жалақының өсуі бағаны көтереді. Бұл жалақы мен бағаның “инфляция серіппе” теориясы деп аталады.

Шығын инфляциясы өнімнің әрібір өлшемінің шығыны көтеріліп, соған байланысты баға өскенде ғана пайда болады. Алайда жалақы бағаны құрайтын элементтердің тек біреуі ғана. Сонымен қатар, тауар өндірісі шикізат, энергия көздерін алу, транспорт қызметін төлеу шығындары көтерілкуіне байланысты да қымбаттайды. Шикізат пен энергия ресурстарының және оларды тасымалдаудың қымбаттауы, яғни материялдық шығындардың өсуі - бүкіл әлемде болатын заңды поцесс. Оған қарсы тұратын фактор - өнімнің әрбір өлшемінің шығындарын төмендетін жаңа технологияны пайдалану. Шығын инфляциясы мен сұраныс инфляциясы бірімен - бірі тығыз байланысты. Қазіргі кезде келген экономика жүйесін инфляцияға ұшырататын - немесе сұраныс инфляциясына немесе шығын инфляциясына әсер ететін факторлар.

Шығындар инфляциясы мен сүраныс инфляциясы бір - бірімен тығыз байланысты және біріне - бірі себепші, оларды дәл ара - жігін ажырату мүмкін емес. Оны мынадай жүйеліктен байқауға болады:

ріс

Шағын инфляциясы - бұл баға белгілеу процесіне әсер ететін мынадай факторлардың болуымен сипатталады:

● еңбек өнімділігінің өсуін азайту және өндірістің құрылуы;

● көрсетілетін қызметтің маңызының артуы;

● бір өнім бірлігіне жұмсалатын шығынының өсуінің жеделдетілуі, әсіресе жалақының өсуі;

● энергетикалық дағдарыс;

инфляция

Өнеркәсібі дамыған елдерде жылжымалы инфляция тән, яғни жылдан жылға ауыстыратын бірқалыпты ақшаның құнсыздануы. Батыс экономистерінің жобалауынша инфляцияның бұл түрі өндіріс пен жалпы ұлттық өнімнің өсуінің ынталандыруы мүмкін. Ал дамушы мемлекеттерде қарқынды және үшқыр инфляция басымдау болады. Инфляцияға әсер ететін фактролар, оның түрлері және инфляцияның әлеументтік - экономикалық зардаптарын жою шаралары да әр елдің экономикалық өсуінің ерекшеліктеріне байланысты болады. Дамушы елдердің инфляциясының даму жағдайлары мен оған әсер ететін факторларға байланысты төмендегідей жіктеуге болады.

Бірінші топтағы елдерге Латын Америкасының дамушы мемлекеттері жатады, оларда 80 -жылдардың аяғы 90 - жылдардың бас кезінде экономикалық тепе - теңдіктің жоқтығы, мемлекет бюджетінің тұрақты тапшылығы, ішкі саясатта ақша шығару станогы мен үнемі индекстелу миханизімінің қолданылуы байқалып, ал сыртқы экономикалық ортада жүйелі түрде ұлттық валютаның курсы төмендеді. Никарагуда, мысалы, 1990 жылы ақшаның құнсыздануы 8500 процетке, Перуде - 8291, 5 процентке жетті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сұраныс инфлияциясының өсуі
Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы саясаты
Инфляцияның экономикадағы ролі мен мәні
Жалпы экономикалық тепе – теңдік және оның бұзылуы
Бюджеттік процестер
Инфляция әлеуметтік – экономикалық құбылыс ретінде. ҚР инфляцияға қарсы саясаты
Бюджет процессі
Орталық банктің нақты ақша эмиссиясын қысқарту арқылы айналыстағы ақша массасының ауқымын азайту
Жұмыссыздықпен күрес
Қазақстан Республикасының 2004-2006 жылдардағы бюджеттік жүйесін талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz