Халықаралық валюта жүйесі туралы ақпарат


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

  1. Халықаралық валюта жүйесіХалықаралық валюталық жүйе. Оның мәні мен құрылымы. Халықаралық валюта жүйесінің даму эволюциясы. Халықаралық валюта жүйесін ұйымдастыру механизмі.
  2. Халықаралық және аймақтық валюталарХалықаралық валюта нарығы. Аймақтық резервтік валюталар. Халықаралық валюталық қор. Қазақстан Республикасының валюта саясаты.
  3. Валюта бағамыВалюта бағамы және оның мәні. Тағайындалатын және еркін валюта бағамдары. Атаулы және нақты бағам.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Халықаралық валюта жүйесі дүниежүзiлiк шарушылықтың шеңберiндегi сатып алу және сату айналымын тудыратын әдiстер, құрал жабдықтар және мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрi даму экономикасы халықаралық ақша кеңiстiгiндегi адекватты шарттарды талап ететiн ұлтаралық капитал үрдiсiнiң объективтi дамуын бейнелейдi. Халықаралық валюталық жүйенiң негiзгi құраушы элементтерi ретiнде әлемдiк ақшалай тауар және халықаралық өтiмдiлiк, валюталық курс, валюталық нарықтар, халықаралық валюта, қаржылық ұйымдар және мемлекетаралық валюталық келiсiм шарттарды атауға болады.

Жалпы валюта, валюта жүйесі экономикада ерекше бір орынға ие. Себебі валюта дегеннің өзі - сөзбе сөз аударғанда құн деген мағынаны білдіреді, елдің ақша бірлігі, оның шартты түрі, халықаралық төлем-есеп айрысу айналымының каналдары арқылы ұлттық ақшаларды қолданудың ерекше формасы. Әр мемлекеттің өзін тәуелсіз мемлекет ретінде айқындайтын терретория, тіл, әнұрын, жалау, ту секілді белгілер болады. Сол сияқты валюта да мемлекет белгіренің бір құралы болып табылады.

Курстық жұмыстың өзектiлiгi елiмiздiң әлемдiк нарықта алдыңғы қатарлы елдер санатына қосылуы үшiн iшкi экономикалық өсумен қатар, халықаралық экономикалық қатынастарымыз дамып, соның iшiнде өзектi саласы халықаралық валюталық қатынастардың дамуы елiмiз үшiн маңызды. Өйткенi бiздiң экономикамызда теңгемiз еркiн айналысқа шыққандықтан, әлемдегi валюта өзгерiстерi бiзге де әсер етедi.

Сондықтан біз курстық жұмыстың тақырыбын Халықаралық валюта жүйесi және валюта курсы деп алдық.

Жұмыс үш бөлiмнен тұрады: бiрiншi бөлiмде жалпы халықаралық валюталық жүйенiң түсiнiгi және құрылымы, оның пайда болу себептерi мен негiзiн құраушы элементтерi, сондай-ақ оның эволюциясының негiзгi қозғаушы күштерi туралы айтылды.

Екінші бөлімінде аймақтық резервтік валюталар, халықаралық қор, халықаралық валюта нарығы және еліміз Қазақстан Республикасының валюта саясаты туралы баяндалады.

Сәйкесiнше, үшінші бөлімде валюта бағамы, оның мәні мен түрлері, айта кетсек тағайындалатын және еркін валюта бағамдары, атаулы және нақты бағам, Бреттон- Вуд валюталық жүйесі қарастырылады.

Бұл курстық жұмысты жазудағы негiзгi мақсаттарымыз бен мiндеттерiміз мыналар:

- халықаралық валюталық жүйенiң түсiнiгiн анықтап, оның пайда болуының себептерiн талдау;

- халықаралық валюталық жүйенiң негiзгi элементтерiн анықтау;

- халықаралық валюталық жүйенiң эволюциясын зерттеу, оның әр түрлi кезеңдегi ерекшелiктерi;

- халықаралық валюталық жүйенiң, сондай-ақ аймақтық валюталық жүйенiң негiзгi ерекшелiктерiн бағалау;

- Қазақстан Республикасындағы валюталық жүйенiң қалыптасуы мен қазiргi жағдайы қарастырылды.

Ендi осы аталып кеткен мәселелерге кеңiнен тоқталайық.

1 Халықаралық валюта жүйесі

  1. Халықаралық валюталық жүйе. Оның мәні мен құрылымы.

Халықаралық валюталық жүйе (ХВЖ) - дүниежүзілік капиталистік шаруашылықтың эволюциалық дамуы нәтижесінде ХІХ ғасырдың ортасына қарай туындады. ХВЖ-нің ерекшеліктері мен сипаты дүниежүзілік шаруашылық құрылымына, оның принциптерінің сәйкестілігіне, алдынғы қатарлы елдердің мүдделеріне тәуелді болады.

ХХ ғасырдың орта шенінен бастап халықаралық экономикалық, қаржы-қаражат және валюталық қатынастар өз дамуында жаңа сатыға көтерілді. Ашық экономика құруға ұмтылыстардың басты тенденциясы сауда айырбасын жеделдетуді, халықаралық қаржыландыруды дамытуды, жаңа валюта рыноктарын құруды, әр түрлі елдер арасындағы валюталық-қаржылық қатынастарды кеңейтуді көздейді.

Валюталық қатынастар дегеніміз - дәстүрлі ақша қызметінің дүниежүзілік ақша қызметіне ауысуымен байланысты жүзеге асатын экономикалық қатынастардың жиынтығы.

Дүниежүзілік ақша сыртқы сауда мен қызмет көрсетулерді, капиталдар қозғалысын, пайданы инвестицияларға аударуды, несие және қарыз беруді, ғылыми - техникалық айырбасты, туризмді, заңды және жеке тұлғалардың ақша аударуын қамтамасыз етеді. Валюталық қатынастардың жекелеген элементтерінің қалыптасу тарихына көз салсақ, оның антик дәуірде пайда болғанын байқаймыз. Ежелгі Греция мен Ежелгі Римде валюталық қатынастар вексельдік және айырбастық қызмет түрінде жүргізілген. Сонымен бірге, валюталық қатынастар Орта ғасырда, дәлірек айтқанда, Лионда, Антверпенде және Батыс Еуропаның басқа да сауда орталықтарында «вексельдік жәрмеңкелер» түрінде жүзеге асырылғандығын атап өту керек. Бұл жерлерде барлық есеп айырысулар аудармалы вексельдер (тратталар) бойынша жүргізілген. Феодалдық және капиталистік өндірістің дамуы дәуірінде халықаралық есеп айырысулар жүйесі банктер арқылы жүзеге асырылған. Халықаралық валюталық қатынастардың дамуына әсер еткен жағдайлар:

- өндіргіш күштердің дамуы;

- дүниежүзілік нарықтың құрылуы;

- халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі;

- шаруашылықтың дүниежүзілік интернационалдануы.

Демек, халықаралық валюталық қатынастар ХЭҚ-тың алуан түрлі формаларын қалыптастыратын механизм болып табылады. ХВҚ өзінің дамуы процесінде белгілі бір ұйымдастырушылық формаларға ие болды. Осы контекст бойынша валюталық жүйе дегеніміз- валюталық қатынастарды ұйымдастырушы және реттеуші форма. Олар ұлттық заңдылықтармен немесе мемлекетаралық келісімдермен бекітілген. [1; 77, 78б]

Валюталық қатынастар ұлттық және халықаралық деңгейде жүзеге асады. Ұлттық деңгейде олар ұлттық валюта жүйесін қамтиды. Ұлттық валюта жүйесі дегеніміз - мемлекеттік заңдармен бекітілген, елдің валюталық қатынастарын ұйымдастыру нысаны (формасы) . Ұлттық валюта жүйесінің негізгі белгілеріне мыналар жатады:

- Ұлттық валюта бірлігі;

- ресми алтын-валюта қорының құрылымы;

-Ұлттық валютаның паритеті мен валюта курсын қалыптастыратын механизмі;

-валютаның айырбасталу мүмкіндігі (обратимость, конвертируемость валюты) ;

- валюталық шектеулердің денгейі;

- мемлекеттің сыртқы экономикалық есептеулерді жүзеге асыру тәртібі және т. б.

ХВЖ - ғаламдық деңгейде валюталық-қаржылық қатынастарды реттеуші механизм, сонымен бірге ол ұлттық валюталық жүйемен (ҰВЖ) өзара тығыз байланысты болады.

Халықаралық және ұлттық валюталық жүйелердің өзара байланыстылығына қарап, оларды бірдей деп есептеуге болмайды, өйткені олардың элементтері бір-бірінен ерекшеленеді.

Осы ерекшеліктерге көзімізді жеткізу үшін ҰВЖ мен ХВЖ-нің негізгі элементтерін қарастырайық.

Паритет - бұл валюталардың алтындық құрамына байланысты өзара қатысы. Паритет валюта курстарының негізінде жатыр. Бірақ паритет пен валюталық курс ешқашан да бір-біріне тең болмайды.

Валюталық курс - жекелеген елдердің валюталарының арасындағы арақатынас немесе басқа елдің валютасымен өрнектелген белгілі бір ел валютасының багасы. [2; 118, ]

Валюталық курс және паритет ұлттық валюталық жүйелер арасындағы байланыстырушы буын ретінде қызмет атқарады.

1 кесте- ҰВЖ мен ХВЖ- нің негізгі элементетері

ҰВЖ-ні сипаттайтын негізгі элементтер
ХВЖ-нің негізгі элементтері
ҰВЖ-ні сипаттайтын негізгі элементтер: 1. Ұлттық валюталық бірлік.
ХВЖ-нің негізгі элементтері: 1. Резервтік валюталар.
ҰВЖ-ні сипаттайтын негізгі элементтер: 2. Ресми алтын-валюталық резервтердін құрамы.
ХВЖ-нің негізгі элементтері: 2. Халықаралық ликвидтік активтердін құрамы мен құрылымы.
ҰВЖ-ні сипаттайтын негізгі элементтер: 3. Ұлттық валютаның паритеті және валюталық курстардың қалыптасу механизмі.
ХВЖ-нің негізгі элементтері: 3. Паритеттер мен курстардың механизмдері.
ҰВЖ-ні сипаттайтын негізгі элементтер: 4. Валюталардың конвертирлену (айырбасталыну) немесе айналымдық шарттары.
ХВЖ-нің негізгі элементтері: 4. Валюталардың өзара аыналымдылық шарттары.
ҰВЖ-ні сипаттайтын негізгі элементтер: 5. Валюталық шектеулердің бар-жоқтығы.
ХВЖ-нің негізгі элементтері: 5. Халықаралық есеп айырысулардың формалары.
ҰВЖ-ні сипаттайтын негізгі элементтер: 6. Елдердің сыртқы экономикалық есеп айырысуларды жүзеге асыру реті.
ХВЖ-нің негізгі элементтері: 6. Халықаралық валюталық нарықтар мен алтынның дүниежүзілік нарықтарының режимі.
ҰВЖ-ні сипаттайтын негізгі элементтер:
ХВЖ-нің негізгі элементтері: 7. Валюталық-қаржылық қатынастарды реттеуші мемлекетаралық валюталық-несиелік ұйымдардың (Халықаралық валюта қоры, халықаралық қайта өркендеу және даму банкі) статусы.

Халықаралық валюта жүйесі дүниежүзілік шаруашылық шеңберіндегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың нысаны.

Бұл жүйе дүниежүзілік капиталистік шаруашылықтың бірте-бірте қалыптасуы нәтижесінде пайда болып, кейінірек мемлекетаралық келісімдер арқылы заңдастырылған.

Халықаралық валюта жүйесінің негізгі элементтеріне мыналар жатады:

- ұлттық және ұжымдық валюта бірліктерінің қоры;

-халықаралық өтімді (ликвидный) активтердің құрамы мен құрылымы;

-валюталық паритеттер мен курстардың (валюта құнының ) механизмі;

- валюталардың өзара айырбасталу жағдайы;

- халықаралы есептеулердің нысандары;

-халықаралы валюта рыноктары мен дүниежүзілік алтын рыногындағы орныққан тәртіп;

-халықаралық валюта-қаржы қозғалысын реттеуші ұйымдар (Халықаралық валюта қоры - МВФ, Халықаралық даму банкі - МБРР және т. б. ) .

Халықаралық валюта жүйесінің негізгі міндеттеріне тұрақты экономикалық өсуді, инфляцияны ауыздықтауды, сыртқы экономикалық айырбас пен төлем айналымын тепе-теңдікте сақтауды қамтамасыз ету шеңберіндегі халықаралық есептеулер мен валюта рыноктарын реттеу жатады.

Халықаралық валюта жүйесі халықаралық экономикалық қатынастарды кеңейтуге, немесе, керісінше шектеуге әсер ететін ең маңызды механизмдердің бірі.

Валюталық жүйенің дамуы қоғамдық ұдайы өндіріс процесінің заңдалықтарымен анықталады.

Кейбір жағдайларда әлемдік валюталық жүйе дуниежүзілік шаруашылық құрылымына сәйкес келмеуі мүмкін. Осындай сәйкессіздік нәтижесінде әлемдік валюта жүйесі дағдарысқа ұшырап отырады, бұл дағдарыс ескі жүйенің бұзылып, оның жаңа жүйеге айырбасталуына әкеліп соғады. ХВЖ-нің эволюциясы ұлттық және әлемдік экономиканың сұраныстарына байланысты қалыптасады.

  1. Халақаралық валюталық жүйенің даму эволюциясы.

Өзінің дамуы процесінде ХВЖ төрт кезеңнен өтеді, олардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері бар.

Бірінші, алтын стандарт жүйесі. Бұл жүйе ХІХ ғасырда стихиялы түрде қалыптасты және заңды түрде 1867жылы Париж конференциясында бекітілді. Осы конференцияның шешімі бойынша, алтын әлемдік ақшанын жалғыз формасы болып есептеледі.

Алтын стандарт жүйесі төмендегі принциптерге сүйенеді:

1. Бұл жүйенің негізі - алтын монеталық стандарт. Әрбір валютаның алтындық құрамы бар, осыған сәйкес олардың алтындық паритеттері белгіленеді.

2. Әрбір валютаның алтынға аыйрбасталуы. Алтын танымал әлемдік ақша ретінде қолданылады. Әрбір валюта ел ішінде де, оның шекарасынан тыс жерлерде де еркін түрде алтынға айырбасталады.

3. Алтын құймалар монеталарға еркін түрде айырбасталады, сонымен бірге, алтын еркін импортталады, экспортталады және алтын халықаралық нарығында сатылады.

4. Алтынның ұлттық қоры және ақшаның ішкі ұсынысы арасында катаң арақатынас орнатылады.

Алтын монеталық стандарт бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін салыстырмалы түрде тиімді болды. Уақыт өте келе алтын монеталық стандарт ескіре бастады, яғни ол өсіп бара жатқан шаруашылық байланыстардың масштабына сәйкес болмай қалды.

Соғыс басталғаннан кейін жауласушы елдердің орталық банктері банкноттарды алтынға айырбастауды тоқтатты және соғыс шығындарын жабу үшін олардың эмиссиясын ұлғайтты.

Бірінші дүниежүзілік соғыс нәтижесінде қалыптасқан валюталық хаос кезеңінен кейін алтын девиздік стандарт белгіленді. Ол алтынға еркін айырбасталатын жетекші валюталарға негізделді.

Екінші, валюталық жүйе заңды түрде 1922жылы Генуядағы халықаралық экономикалық конференцияда белгіленді.

Алтын - девиздік стандарттың принципі бойынша, банкноттар алтынға емес, вексель және чек, яғни девиздерге айырбасталды. Девиздік валюта ретінде доллар мен фунт стерлинг қабылданды.

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарының өзінде жаңа дүниежүзілік валюталық жүйенің құру жұмыстары басталған еді, өйткені Генуядағы валюталық жүйенің дағдарысы тереңдей түсті.

Үшінші, халықаралық жүйе заңды түрде 1944жылы Бреттон-Вудстағы (АҚШ) халықаралық конференцияда бекітілді.

Бреттон-Вудс валюталық жүйесі төмендегі принциптерден тұрады:

1. Алтын бұрынғыдай елдер арасындағы сонғы ақшалай есеп айырысулардың функциясын орындайды.

2. Американдық доллар біртұтас резервтік валюта болды, ол алтынмен қатар әр түрлі елдердің валюталарының құндылығын анықтайтын өлшем ретінде әрекет етті, сонымен бірге, халықаралық төлем құралы болып саналады.

3. Басқа елдердің Орталық банктері мен үкімет мекемелері долларды АҚШ-тың казначействосында (қазына мекемесі) айырбастаған. Ол кездегі курс бойынша, 35 АҚШ доллары 1 тройск унцияға (31, 1035 гр. ) тең болды. Сонымен бірге, үкімет органдары және жеке адамдар алтынды жеке меншік нарықтардан сатып алу мүмкіндігіне ие болды.

4. Валюталардың өзара айырбасы және олардың бір-біріне тенестірілуі алтынмен және доллармен өрнектелген ресми валюталық паритеттер (тепе-теңдік) негізінде жүргізілді.

5. Елдер кез келген басқа валюталарға қатысты өз валюталарының өзгеріссіз курсын сақтауға тиіс болды. Нарықтық валюталық курс паритеттен тар көлемде ауытқушы еді (ХВҚ-тың жарғысы бойынша, +1 және Еуропалық валюталық келісім бойынша +0, 75 . Халықаралық валюталық операцияларда алтынның қолданылу масштабы күрт төмендеп кетті, ең басты орында доллар болды.

6. Мемлекеттер арасындағы валюталық қатынастар Халықаралық валюталық қор (ХВҚ) рақылы реттелуші еді. Бұл қор Бреттон-Вудс конференциясында құрылды.

ХВҚ-тың негізгі функциясы - осы қорға мүше елдердің валюталық паритеттерді, курстар мен валюталардың еркін айырбасталуын дұрыс жүргізуін бақылау.

Бреттон-Вудс конференциясына қатысты айтар болсақ, халықаралық валюталық жүйе ең алғаш рет үкіметаралық келісімдерге негізделе бастады

Бреттон-Вудс жүйесі ширек ғасыр ішінде әлемдік сауда мен өндірістің өсуіне ықпал етті.

Бірақ та бұл жүйе оған қатысушы елдердің барлығына тең қүқықты бере алмады және АКШ-тың Батыс Еуропа, Жапония және ХВҚ-қа мүше басқа елдердің валюталық саясатына ықпал етуіне мүмкіндік берді.

Басқа елдерге зиян келтіре отырып, АҚШ-тың позициясы күшейе бастады және соған сәйкес Бреттон-Вудс жүйесінің қарама-қайшылықтары күн санап шиеленісе түсті.

Американдық центризм принципі АҚШ - Батыс Еуропа - Жапония сияқты үш әлемдік орталықтардың пайда болуына қарай жаңа күштердің орналастырылуына сәйкес болмай қалды.

Валюталық қатынастарда доллар өзінің монополиялық жағдайын жоғалта бастады. ГФР маркасы, швейцар франкі, Батыс Еуропаның басқа валюталары және жапон иенасы американ долларына бәсекелестік жасады. АҚШ-тың төлем балансының тапшы болуы шектеулі мөлшерден асып кетті.

Долларды алтынға айырбастау АҚШ үшін өте қиынға соқты, өйткені өз резервтері есебінен алтынға төмен баға белгілеуге мәжбүр болды.

70-жылдардан бастап АҚШ ресми баға бойынша долларды алтынға айырбастаудан бас тартты.

Бреттон-Вудс жүйесі іс жүзінде күйреді.

Төртінші, халықаралық валюталық жүйе 1976жылы ХВҚ-тың Кингстонда (Ямайка) өткен кезекті мәжілісінде қабылданды. Төртінші ХВЖ-нің принциптері төмендегідей:

  1. Валюталық курстардың құны мен есептелу нүктесін айқындайтын құрал ретіндегі алтынның функциясы жойылды, яғни алтынның ресми бағасы, алтын паритеттер жойылып, доллардың алтынға айырбасталуы тоқталды.
  2. Елдер арасындағы валюталық өзара қатынастар әлемдегі елдердің ұлттық ақша бірліктерінің өзгермелі курсына негізделді. Кез келген елге валюталық курстардың кез келген режимін таңдауға мумкіндік беріледі. Жаңа жағдайларда курстардың өзгеруі екі факторға тәуелді болды:

а) валюталардың сатып алушылық қабілеті;

ә) халықаралық нарыққа валюталардың сұранысы мен ұсынысының арақатынасы.

3. Арнаулы ақша резерві (СДР), ягни (қарыз берудің арнайы құқығы) стандарты құрылды.

СДР негізгі резервтік валюта ретінде болып, басқа резервтік валюталардың рөлін азайтты. СДР алтын мен доллар альтернативасы болып табылды.

90-жылдардың басында бесінші, халықаралық валюталық жүйе - валюталардың өзгермелі курсы қалыптасты.

Бұл жүйе екі элементтен тұрады:

  1. негізгі тіреуші бірліктер таңдалады, ол бірліктер негізінде жекелеген ұлттық валюталар өздерінің валюталық курстарын сақтай алады;
  2. валюталық курстардың ауытқу диапазоны үлкен амплитудаларда жүзеге асырылады.

Валюталық курс кейбір валюталарға қатысты сақталады, басқа валюталарға қатысты валюталық курс еркін түрде өзгереді. Ямайка келісімінде қабылданған СДР алтын мен доллардың орнын басушы болып қабылдануы тиіс еді.

Алғашында СДР бірлігі доллардың осыған сәйкес құрамына теңестірілді.

1944жылдың шілде айынан бастап, СДР-дың алтындық құрамы алынып тасталды.

СДР курсы валюталық кәрзеңке негізінде анықталды.

Валюталық кәрзеңке - 16 ел валюталардың орташа өлшенген курстары, бұл елдердің сыртқы саудасы дүниежүзілік сауданың 1 -нен кем болмауы тиіс.

1978жылдың 1 шілдесінен бастап, валюталық кәрзенкенің құрамы мұнай экспорттаушы елдердің ұйымы (ОПЕК) валюталарының күшеюіне байланысты түзетілді. 1981жылдын 1 қантарынан бастап валюталық кәрзеңке 5 валютаға дейін қысқарды. Бұл қысқартудағы мақсат - СДР-дың шартты құнын есептеуді жеңілдету.

Бұл валюталарға жататындар: АҚШ доллары, ГФР маркасы, жапон иені, француз франкі, ағылшын фунт стерлингі.

Валюталық кәрзеңке - бұл белгілі бір валютаның орташа өлшенген курсын басқа валюталар жиынтығына қатысты өлшеу. Валюталық кәрзеңкені есептеуге мынадай элементтер әсер етеді: оның құрамы, валюталық компоненттердің көлемі, долларға қатысты валюталардың нарықтық курсы. Көптеген экономистердін пікірі бойынша, СДР әрі резервтік валюта, әрі несие болып табылады.

Біз жоғарыда СДР резервтік валюталық бірлікті қарастырдық, сонымен бірге, резервтік валюталық бірліктің тағы бір түрі бар. Ол - валюталар кәрзеңкесінің құны негізінде анықталған ЭКЮ бірлігі. [1; 80, 81, 82, 83б]

1. 3 Халықаралық валюта жүйесін ұйымдастыру механизмі.

Қазіргі халықаралық валюта- несиелік қатынастардың дамыған институционалдық құрылымы бар. Бұл құрылымның құрамдас бір бөлігі халықаралық валюта- қаржылық және несиелік ұйымдар болып табылады. Олар өздерінің қызмет сипатымен де, орналасқан географиялық аумағымен де ерекшеленеді. Олардың бір бөлігі тек қана валюта- қаржылық немесе несиелік мәселелермен шұғылданса, бірқатары дәл осы мәселелерді кеңейтілген контексте қарастырылады.

Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінде халықаралық валюта қоры және Бүкіл дүниежүзілік банк тобы әрекет етеді. Формалды көзқарасқа сәйкес олар БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелері болып есептелгенімен өздерінің іс- қимылы мен әрекеттерінде толық дербестікке қол жеткізген.

Валюта несиелік қатынастар халықаралық сауда қатынастарымен тығыз байланыста екендігін ескерсек, онда БҰҰ-ның сауда және даму Конференциясының (ЮНКТАД, 1964 жылы құрылған, 3-4 жылда бір рет шақырылады) валюта- несиелік проблемаларды талқылауға қатысатындығына ешқандай таңырқаудың жөні жоқ. Дегенмен, ЮНКТАД-тың мысалы, Халықаралық валюта қоры сияқты нақты шешімдер қабылдайтын функциялары жоқ. 80-ші жылдары Солтүстік пен Оңтүстік елдері арасындағы қайшылықтардың күшеюіне байланысты ЮНКТАД қызметі өзіне халықаралық қоғамдастықтың назарын аударып, жіті бақылауға алынды. Кейінірек ЮНКТАД бүкіл әлемдік өзара тәуелділік мәселелерімен шұғылдана бастады. Айталық, ЮНКТАД қазір тауарлар мен қызмет көрсетулердің халықаралық айырбасын кешенді түрде қарастырумен қатар капиталдардың, технологиялардың, валюталық және қаржылық ресурстардың дүниежүзілік қозғалысы мәселелерін зерттеуге ауысты. Бұл ұйымның жетістіктерінің бірі ретінде дамушы елдердің сыртқы берешектерін реттеу жолдары мен әдістеріне арналған идеяларының өміршеңдігін атауға болады. БҰҰ шеңберіндегі үйлестіруші орган ролі соңғы онжылдықта ЮНКТАД ұйымының беделін арттырды және аталған проблемалар төңірегіндегі оның өкілеттігі БҰҰ-ның Бас ассамблеясының шешімімен бекітілді.

Валюта- несиелік мәселелер БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтік кеңесі шеңберінде құрылған аумақтық комиссиясының қызметінде де өз көрінісін тауып отыр.

1995 жылдан бері ГАТТ-ың орнын басып, ісін жалғастырушы Бүкіл дүниежүзілік Сауда Ұйымының қызметі басталды. Бұл ұйымның халықаралық сауда қатынастары еркіндігін өрістеуге қосар үлесі мол болары сөссіз. Мұның өзі Б. С. Ұ. -ның валюта- қаржылық қатынастарға да зор әсері болатындығын көрсетеді . Халықаралық валюта- несиелік қатынастардың институционалдық құрылымдары арасында халықаралық және аумақтық даму банктері ерекше рөл атқарады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Валюта қатынастары және валюта жүйесі
Валюталық саясат
Дүниежүзілік валюта жүйесі
Валюта жүйесі: түрлері, элементтері
Дүниежүзілік валюта жүйесі туралы мәлімет
Валюталық реттеудің мақсаттары мен міндеттер
Халықаралық валюта қатынастары
Халықаралық банктік есепайырысу
Халықаралық валюта нарығының теориялық негіздері
Ақша жүйесінің қалыптасу негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz