Жеке кәсіпкерлік туралы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3бет

1. Жеке кәсіпкерліктің түсінігі ... ... ... ... ... ... ... .4бет
2. Жеке кәсіпкерліктің түрлері ... ... ... ... ... ... ... .5 бет
3. Жеке кәсіпкерлік субъектілері ... ... ... ... ... ... .7 бет
4. Жеке кәсіпкерлікті рәсімдеу тәртібі ... ... ... . 8.9 беттер

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12 бет
Нарықтық қатынастар аясында жүзеге асырылып жатқан кәсіпкерлік қызметтің мемлекет тарапында және экономика өмірінде атқаратын рөлінің ұшан-теңіз екені дәлелдеуді қажет қылмайды. Қазіргі таңда гүлденіп, кемеліне келіп дамып тұрған өркениетті елдердің қайсысы болмасын кезінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыта отырып, айтарлықтай дәрежеге жеткені баршаға мәлім.
Бүгінде республикамызда экономиканы қайта құру жолында оның негізі болып табылатын кәсіпкерлік қатынастарды дамытып, жандандыру және олардың ұйымдық-құқықтық нысандары мен мемлекеттік-құқықтық реттеу әдістерін жетілдіру күн тәртібіндегі мәселелер бойынша бірінші кезекке қойылып отыр.
Қазақстан Республикасының заңдары қазіргі таңда кәсіпкерліктің екі негізгі түрін бөліп қарастырады. Олар: жеке және мемлекеттік. Жеке кәсіпкерлік қызмет азаматтардың меншігіне негізделеді. Осыдан келіп жеке кәсіпкерлікке анықтама беретін болсақ, жекеше кәсіпкерлік түрі ретінде жеке кәсіпкерлік – азаматтардың бастама жасайтын қызметі, ол табыс табуға бағытталған, азаматтардың өздерінің меншігіне негізделген және олардың тәуекелі мен мүліктік жауапкершілігі арқылы азаматтар артынан жүзеге асырылады.
Мен осы кәсіпкерліктің түсінігі атты студенттік өзіндік жұмысымда кәсіпкерлікті еліміздің жандарғыш күші деп біле отырып, кәсіпкерліктің теориялық қыр-сырына сондай-ақ оның түрлеріне, жүзеге асырушы субъектілеріне және осы қызмет түрімен айналысу үшін қажетті жеке кәсіпкерлікті рәсімдеу тәртібімен таныстырып өткім келеді.
1. Жеке кәсіпкерлік туралы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы заңы.

2. Төлеуғалиев А. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы 1999жыл

3. Правовое обеспечение индивидуального предпринимательство: проблемы, теории и практики И.В. Амирханова, В.А. Романкова

4. Правовые формы предпринимательства в Р.К. С.И. Климкин, г. Алматы 1997 г

5. Азаматтық құқық 1-том, М.К. Сулейменов, Ю.Басин, г.Алматы, 2003 жыл-736 бет

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...3бет

1. Жеке кәсіпкерліктің түсінігі ... ... ... ... ... ... ... .4бет
2. Жеке кәсіпкерліктің түрлері ... ... ... ... ... ... ... .5 бет
3. Жеке кәсіпкерлік субъектілері ... ... ... ... ... ... .7 бет
4. Жеке кәсіпкерлікті рәсімдеу тәртібі ... ... ... . 8-9 беттер

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12 бет

Кіріспе

Нарықтық қатынастар аясында жүзеге асырылып жатқан кәсіпкерлік қызметтің
мемлекет тарапында және экономика өмірінде атқаратын рөлінің ұшан-теңіз
екені дәлелдеуді қажет қылмайды. Қазіргі таңда гүлденіп, кемеліне келіп
дамып тұрған өркениетті елдердің қайсысы болмасын кезінде шағын және орта
кәсіпкерлікті дамыта отырып, айтарлықтай дәрежеге жеткені баршаға мәлім.
Бүгінде республикамызда экономиканы қайта құру жолында оның негізі болып
табылатын кәсіпкерлік қатынастарды дамытып, жандандыру және олардың ұйымдық-
құқықтық нысандары мен мемлекеттік-құқықтық реттеу әдістерін жетілдіру күн
тәртібіндегі мәселелер бойынша бірінші кезекке қойылып отыр.
Қазақстан Республикасының заңдары қазіргі таңда кәсіпкерліктің екі
негізгі түрін бөліп қарастырады. Олар: жеке және мемлекеттік. Жеке
кәсіпкерлік қызмет азаматтардың меншігіне негізделеді. Осыдан келіп жеке
кәсіпкерлікке анықтама беретін болсақ, жекеше кәсіпкерлік түрі ретінде жеке
кәсіпкерлік – азаматтардың бастама жасайтын қызметі, ол табыс табуға
бағытталған, азаматтардың өздерінің меншігіне негізделген және олардың
тәуекелі мен мүліктік жауапкершілігі арқылы азаматтар артынан жүзеге
асырылады.
Мен осы кәсіпкерліктің түсінігі атты студенттік өзіндік жұмысымда
кәсіпкерлікті еліміздің жандарғыш күші деп біле отырып, кәсіпкерліктің
теориялық қыр-сырына сондай-ақ оның түрлеріне, жүзеге асырушы
субъектілеріне және осы қызмет түрімен айналысу үшін қажетті жеке
кәсіпкерлікті рәсімдеу тәртібімен таныстырып өткім келеді.

Жеке кәсіпкерліктің түсінігі
Кәсіпкерлік қызмет рыноктың сұранымына қарай, оны қанағаттандыру үшін
және рынок белгілеген жағдайлар бойынша жүзеге асырылады. Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексінің 10-бабы мұндай қызметті азаматтар мен
заңды тұлғалардың тауарларға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) сұранымды
қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, кәсіпкердің атынан,
оның есебінен тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге
асыралатын ынталы қызметі ретінде анықтайды.
Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес кәсіпкерлік қызметтің негізі ретінде
меншік екі түрге бөлінеді: жеке және мемлекеттік. Қызметінің негізіне
байланысты кәсіпкерліктің түрлері ажыратылады. Олар: жеке кәсіпкерлік және
мемлекеттік кәсіпкерлік. Заңды тұлға құрмай және заңды тұлға белгілері
болмаған жағдайда кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке адам жеке
кәсіпкерлік субьектілері болып табылады.
Жеке кәсіпкерлік қызмет жеке меншікке негізделеді. Ал, мемлекеттік
кәсіпкерлік қызмет түрі мемлекеттік меншікке негізделеді. Жеке кәсіпкерлік
құрамындағы субьектілеріне байланысты мынандай екі нысанға бөлінеді – жеке
немесе заңды тұлғалардың кәсіпкерлігі және мемлекеттік заңды тұлға
нысанындағы мемлекеттік кәсіпкерлік. Жеке кәсіпкерлік қызметті
субьектілерінің құрамына байланысты дара кәсіпкерлік және мемлекеттік емес
заңды тұлғалардың кәсіпкерлігі деп бөледі. Сандық құрамына байланысты жеке
кәсіпкерлік қызмет дара кәсіпкерлік және бірлескен кәсіпкерлік болып
бөлінеді.
Дара кәсіпкерлік – ол осы кәсіпкердің мүлкінің негізінде және заңда
қарастырылған меншікті иелену, пайдалану құқығын беретін, өзге де құжаттар
негізінде жүзеге асырылады.
Бірлескен кәсіпкерлік топтасқан бірнеше жеке тұлғалардың мүлкіңің
негізінде жүзеге асырылады. Кәсіпкерліктің бұл түрі өз кезегінде жай
серіктестік нысанында құрылуы мүмкін.
Жеке кәсіпкерліктің түрлері
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Жеке
кәсіпкерлік туралы заңы жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке
кәсіпкерлікті жүзеге асыруына байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды
реттейді, Қазақстан Республикасындағы жеке кәсіпкерліктің еркіндігін
қамтамасыз ететін негізгі құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар
мен кепілдіктерді айқындайды. Осы заңға сәйкес жеке кәсіпкерлік
субъектілеріне Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген
ұйымдық-құқықтық нысанда ғана құрыла алатын заңды тұлға, шағын, орта және
ірі кәсіпкерлік субьектілерін жатқызуға болады.1 Соның ішінде, шағын
кәсіпкерлік субъектілері болып заңды тұлға құрмаған, жұмыскерлерінің жылдық
орташа саны елу адамнан аспайтын дара
кәсіпкерлер және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, жұмыскерлерінің
жылдық орташа саны елу адамнан аспайтын және жыл бойғы активтерінің
орташа жылдық құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет
туралы заңда белгіленген алпыс мың
еселенген айлық есептік көрсеткіштен
аспайтын заңды тұлғалар болып табылады. Шағын кәсіпкерлік субъектілері
жұмыскерлерінің жылдық орташа саны осы субъектінің филиалдарының, өкілдері
мен басқа да оқшау бөлімшелерінің жұмыскерлерін қоса алғанда, барлық
жұмыскерлері ескеріле отырып айқындалады.
Ал, орта кәсіпкерлік субъектілері болып заңды тұлға құрмаған,
жұмыскерлерінің жылдық орташа саны елу адамнан астам дара кәсіпкерлер және
жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, жұмыскерлерінің жылдық орташа
саны елу адамнан астам, бірақ екі жүз елу адамнан аспайтын және жыл бойғы
активтерінің орташа жылдық құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық
бюджет туралы заңда белгіленген үш жүз жиырма бес мың еселенген айлық
есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар бо-
__________________________________
1. Правовые формы предпринимательства в Р.К. С.И. Климкин, г. Алматы 1997
г, с 12
лып табылады. Жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын, жұмыскерлерінің жылдық
орташа саны екі жүз елу адамнан артық немесе жыл бойғы активтерінің жалпы
құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда
белгіленген үш жүз жиырма бес мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен
асатын заңды тұлғалар ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.2
Дара кәсіпкерлік өзіндік немесе бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге
асырылады. өзіндік кәсіпкерлікті бір жеке тұлға өзіне меншік құқығымен
тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және оған билік
етуге жол беретін өзге де құқыққа орай дербес жүзеге асырады. Некеде
тұратын жеке тұлға жұбайын кәсіпкер ретінде көрсетпей өзіндік кәсіпкерлікті
жүзеге асырған кезде ол жұбайдың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға
келісімі талап етілмейді. Жеке тұлға өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асыру
үшін ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін пайдаланған жағдайларда, егер заңдарда

немесе неке шартында не ерлі-зайыптылардың арасындағы өзге келісімде
өзгеше көзделмесе, мұндай пайдалануға жұбайының келісімі қажет.
Бірлескен кәсіпкерлікті жеке тұлғалар тобы өздеріне ортақ меншік
құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға
және оған билік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай жүзеге асырады.
Бірлескен кәсіпкерлік кезінде жеке кәсіпкерлікпен байланысты барлық
мәмілелер бірлескен кәсіпкерліктің барлық қатысушыларының атынан жасалады,
ал құқықтар мен міндеттер олардың атынан алынады және жүзеге асырылады.
Бірлескен кәсіпкерліктің нысандары:
1. ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен меншігі негізінде жүзеге асырылатын
ерлі-зайыптылардың кәсіпкерлігі;
шаруа (фермер) қожалығының ортақ бірлескен меншігі немесе жекешелендірілген
тұрғын үйге ортақ бірлескен меншік негізінде
__________________________________
2. Азаматтық құқық 1-том, М.К. Сулейменов, Ю.Басин, г.Алматы, 2003 жыл-16
бет
жүзеге асырылатын отбасылық кәсіпкерлік;
2. жеке кәсіпкерлік ортақ үлестік меншік негізінде жүзеге асырылатын жай
серіктестік болып табылады.
Ерлі-зайыптылардың кәсіпкерлігін жүзеге асырған кезде жұбайлардың бірі
екінші жұбайдың келісімімен іскерлік айналымда ерлі-зайыптылардың атынан
әрекет етеді, келісім дара кәсіпкерді тіркеу кезінде расталуы немесе дара
кәсіпкердің қызметі мемлекеттік тіркеусіз жүзеге асырылған жағдайларда
жазбаша түрде көрсетіліп, нотариалдық жолмен куәландырылуы мүмкін. Ерлі-
зайыптылардың біреуінің іскерлік айналымда ерлі-зайыптылар атынан әрекет
етуіне екіншісінің келісімі болмаған кезде іскерлік айналымда әрекет ететін
жұбай дара кәсіпкерлікті өзіндік кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратындығы
көзделеді.
Дара кәсіпкерлер өз міндеттемелері бойынша, Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес өндіріп алынбайтын мүлікті қоспағанда, өздерінің барлық
мүлкімен жауапты болады. Жеке тұлға өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асырған
кезде өзіне меншік құқығымен тиесілі барлық мүлкімен, соның ішінде ерлі-
зайыптылардың ортақ меншігіндегі үлесімен жауапты болады.3

Жеке кәсіпкерлік субъектілері
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің егер Қазақстан Республикасының
заңдарында өзгеше көзделмесе, жеке кәсіпкерліктің кез-келген түрі жүзеге
асыруға; жалдамалы еңбекті пайдалана отырып, жеке кәсіпкерлікті жүзеге
асыруға; филиалдар мен өкілдіктер құруға; өндірілген тауарларға (жұмыстар,
көрсетілетін қызметтер) бағасын дербес белгілеуге; жеке кәсіпкерлік
субъектілеріне өтеулі негізде қаражат беруге; өзінің құқықтық қабілеті
шегінде сыртқы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің азаматтық құқықтық реттелуі
Кәсіпкерлік құқықтың принциптері
Жеке кәсіпкерліктің құқықтық мәртебесі және жеке кәсіпкерлікті бақылау
Жеке кәсіпкерлік субъектісі
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің құқықтық негіздері
Кәсіпкерлік - құқықтық заң бойынша
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау және дамыту туралы ақпарат
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту.Жеке кәсіпкерлік туралы заң жайлы
Шағын кәсіпкерліктің түсінігі мен қызметінің құқықтық негіздері
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту.Жеке кәсіпкерлік заңы туралы
Пәндер