Қазақстан Республикасының банкілік қызметін мемлекеттік реттеу


ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
тақырыбы: “Қазақстан Республикасының банкілік қызметін мемлекеттік реттеу”
Алматы, 2008
Мазмұны
Кіріспе. …3-4
1 Банкiлiк қызметтң пайда болуы мен қалыптасу ерекшелiктерi… . . . ……… . . . 5-14
1-1 Банкiлiк қызмет мемлекеттiк реттеудiң объектiсi ретiнде . . . 5-14
2 Банк жүйесіндегі банкілік қадағалау15-39
2-1 Банк қызметін қадағалау мен бақылау . ……… . . . 15-20
2-2 Ұлттық банктің екіншi деңгейдегі
банктерді қадағалаудағы өкілеттігi. . . . 21-26
2-3 Банк құрудағы банкілік қадағалау . . . 26-33
2-4 Банкiлiк қадағалаудың соңғы жылдардағы есебi…. . . . 33-39
3 Банкілiк қадағалауда банкiлердiң құқықтық
мәртебесінің өзгеруі… . . . 40-50
3-1 Банктерді консервациялау40-42
3-2 Банктерді қайта құру . . . . . . . 43-45
3-3 Банктерді тарату . . . 45-48
3-4 Банктердi қадағалаудың құқықтық салдары . . . 48-50
Қорытынды. . . . . 51-52
Қолданылған әдебиеттер тiзiмi . . . …… . . . 53-54
КIРIСПЕ.
Қазақстан Республикасындағы банкiлiк жүйенiң тұрақтылығын қамтамасыз ету банкiлiк қызметтi құқықтық реттеумен байланысты болып табылады. Мемлекетiмiздiң банк жүйесi соңғы жылдарда дүние жүзiлiк дамыған мемлекеттердiң банк жүйелерiнiң деңгейiне көтерiлдi. Одақ кезiнде республикамыздағы банктер орталық банктердiң филиалдары ретiнде қызмет атқарған болатын. Банктердiң өз бетiнше банкiлiк операцияларды iс жүзiне асыруы орталық банкпен реттелiнетiн. Нарық жағдайына көшуге байланысты республикамызда екi деңгейлi банк жүйесi қалыптасты. Бүгiнгi таңда республикамызда 38 екiншi деңгейдегi банктер қызмет етуде, олардың екеуi мемлекеттiк, бiреуi мемлекет аралық қалғандары коммерциялық банктер болып табылады. Банктердiң iс жүзiне асыратын операцияларының тұрақты түрде iсжүзiне асыру үшiн құқықтық тұрғыдан барлық жағдай жасалыну керек. Қазақстан Републикасының банк жүйесiнiң және банкiлiк қызметтiң тұрақты жұмыс iстеп дамуына ел басымыздың қосқан үлесi өте зор. Өйткенi президентiмiз банк саласына орасан зор көңiл аударып Ұлттық Банктi ешқандай мемлекеттiк органдарға тәуелсiз қалыптасуына бар жағдай жасады. Екiншi деңгейдегi Банктердiң құқықтық жағдайы конститутциямен және 1995 жылғы 30 наурыздағы Ұлттық Банк туралы, 1995 жылғы 31 тамыздағы банктер және банкiлiк қызмет туралы заңдармен сондай-ақ президенттiң жарлықтарымен, Ұлттық банктiң нормативтiк құқықық актiлермен анықталынады. Осы нормативтiк құқықтық актiлер бүгiнгi таңдағы банк қызметтiнiң құқықтық негiзi болып табылады. Бiтiру жұмысында мен банкiлiк қызметтiң түрлерiне тоқталып құқықтық реттеу негiздерiн қарастырдым. Нарықтық қатынастың қалыптасуы жағдайында, кәсiпкерлiктiң даму барысында банктер ролi жылдан жылға өсуде. Банк сөзi итальян “Banco„ сөзiнен шыққан ол орындық, айырбастаушы лавкасы деген сөздi бiлдiредi. Банк бiр жағынан кредит ақша капиталының орталығын бiлдiрсе, екiншi жағынан займ алушылар орталығын бiлдiредi. Банкiлiк қызметтi құқықтық реттеудiң негiзi Қазақстан Респуликасының конституциясы болып табылады. Конституцияда ата заңымызда кәсiпкерлiк қызмет рұқсат етiледi. Банкiлiк қызмет кәсiпкерлiк қызметтiң бiр түрi болып табылады. Ата заңымыздың 4-бабында құқық ретiнде конституция, заңдар, нормативтiк құқықтық актiлер және халықаралық шарттар болып табылады. Банктердiң қызметiн құқықтық реттеу және қадағалау ҚР-ның Ұлттық Банкiсiнiң негiзгi қызметтерiнiң бiрi болып табылады. Ұлттық Банкi өз құзiретi шеңберiнде банкiлiк қызметтi реттейтiн нұсқаулар мен ережелердi қабылдайды. Сонымен қатар олардың орындалуын реттейдi және қадағалайды. Ал Ұлттық Банк қызметiн ҚР-нң Президентi қадағалайды, Ұлттық Банк президент алдында есеп бередi. ҚР-ның банк жүйесi ТМД мемлекеттерiнiң iшiнде даму қарқыны жағынан бiрiншi орында тұр. Ұлттық Банк екiншi деңгейдегi банктерге банкiлiк қызметтi iс жүзiне асыру үшiн лицензия беретiн бiрден-бiр мемлекеттiк орган болып табылады. Банктер заң талаптарын орындамаған жағдайда Ұлттық Банк олардан лицензияны қайтарып алуға құқылы.
- Банкiлiк қызметтiң пайда болуы мен қалыптасу ерекшiлiктерi
1. 1 Банкiлiк қ ызмет мемлекеттiк реттеудiң обьектiсi ретiнде
Банкiлер дегенiмiз- ақша қаржылары мен қорларды жинақтау, кредит беру, ақшалай есеп айырысу, ақшаның белгiлi-бiр түрiн айналысқа жiберу, бағалы қағаздар шығару және олармен операция жасау сияқты т. б қызмет атқаратын экономикалық арнаулы институттар. Банк товар-ақша қатынастары негiзiнде пайда болады да, оның әлеуметтiк-экономикалық ролi қоғамдық формацияның сипатымен анықталады. Банк iсiнiң кейбiр белгiлерi құл иеленушiлiк және феодалдық қоғамдарда бой көрсетедi. Орта ғасырда банк iсi ең алдымен Солтүстiк Италияның сауда өнеркәсiптi қалаларында дами бастады. "Банк" және "Банкир" терминдерiнiң түбi "стол" мағынасын беретiн итальян сөзiнен шыққан. Өйткенi ақша айырбастаушылар мен өсiмқорлар операцияларды стол басында отырып жүргiзген.
1929-33 жылдардағы дүниежүзiлiк экономикалық
дағдарыстан кейiн банк жүйесiнде мемлекеттiң ролi барынша орта түстi. Буржуазиялық мемлекеттер мақсатында Банк пен кредиттi пайдалануға күш салды.
Банк саласында мемлекеттiк меншiк жоғары дәрежеде дами бастады.
Мемлекет Банк сияқты жеке меншiктiк Банкте үкiметтi, оның iшiнде олардың соғыс шығындарын қаржыландырудың көзiне айналды. Дамып келе жатқан елдерде Банктiң көптеген ерекшелiгi бар. Бұрын бұл елдерде империалистiк елдердiң банк монополияларды үстемдiк еттi. Қазiр кейбiр елдерде ұлттық жеке меншiктiк банк капиталдары дами бастады. Бұл елдерде мемлекеттiң Банктi өз қолына алуы оларды ұлт экономикасын өркендету мақсатына пайдалануға жағдай туғызады.
Елiмiз саяси тәуелдiлiктi тоқсаныншы жылдардың басында алғанымен, экономикалық-тәуелсiздiк айналымға ұлттық валютамыз "теңге" кiргеннен кейiн ғана келгенi белгiлi.
Төл ақшамызды айналымға шығару Ұлттық банк жүйесiн, несие және ақша, қаржы жүйесiн қайта құрудың iргетасы болды десек ешбiр қателеспеймiз. Екiншiден тағы бiр қиымдық банк жүйесiн қайта құру елiмiзде жүзеге асырыла бастаған басқа да реформалармен және нарыққа өту кезеңiндегi экономикадағы толып жатқан қайшылықпен тұспа-тұс.
Мемлекет аймақтық саясат 2002 жылы реформалардың бiрте-бiрте аймақтық деңгейге көшуiн ескерiп атқарылатын болғандықтан, бiртұтас банк жүйесi кезеңiнен-ақ кең тараған мемлекеттiк банктердiң бөлiмшелерi мәселесi өте маңызды бола түспек. Банк бөлiмшелерi жөнiндегi салмақты, сындарлы саясат кем дегенде түрлi аймақтық болашағынан хабардар болуға мүмкiндiк бередi.
Банк бөлiмшелерiн дамытудың алғышарттары:
- Банк өз операцияларын жүргiзуде, түрлi салаларда жұмыс iстеуге, клиенттердiң көп түрлi болуына ұмтылады.
- Бөлiмшелер жүйесi банктерге экономикалық тұрғыдан қаржы ресурастарын тепе-тең бөлуге, ақшаның дұрыс айналымда болуын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. Қаржы көп шоғырланған аудандардағы басы артық ақшаны тез арада қаржы аз аудандарға таратуға жол ашады.
- Жергiлiктi жерлерде бөлiмшелерi бар iрi шаруашылық ұйымдары құрылады. Ал оларға сол жергiлiктiжерде несие берген оңтайлы.
Жаңа бөлiмшелер ашу мәселесiне келсек, ол мынадай жерлерде ашылғаны жөн:
- тек банк бөлiмшесi мекемесiнiң арқасында ғана айналымға түсiруге болатын жергiлiктi қаражаттың болуы;
- Жергiлiктi деңгейдегi iрi 10-15 тен кем емес клиенттiң болуы.
Қазақстан банкi жүйесiнде қызмет ететiн мамандардың интелектуалдық потенциалы қәзiргi нарықтық қатынасқа дейiнгi деңгейде қалған жалпы тұрғындардың негiзгi бөлiгiнiң дәл сондай потенциалынан жоғары. Сондықтан банктер өз дамуының жолында клиенттердi өтiп жатқан процестердiң аясына тартып, олардың бойына жаңа мәдениеттi сiңiредi.
Жинақ банктер Ассоциациясының тапсырысы бойынша 1992 жылы ТМД Статкомитетi жүргiзген iшiнара зерттеу мәлiметтерiне сәйкес ТМД-ның кейбiр мемлекеттерiнде кәспкерлiк қызметтi ұйымдастыруға арналған жиналымдар 0, 2-3% аралығында болған. Алдағы уақытта бұл көрсеткiш әрине өсе түседi деп болжайды.
Ендi Қазақстан халқына әлемдегi банктiң көмгi туралы айтар болсақ, бүкiл дүниежүзiлiк банктiң өкiлi Киоши Кодера үстiмiздегi жылдың iшiнде бiр апталық жұмыс сапарымен Қазақстанда болып, республика үкiметiн арадағы қарым-қатынастың кейбiр мәселелерiн шештi.
Банк өзiнiң атқаратын қызметiне қарай орталық эмиссиялық, коммерцилық, инвестициялық, жинақ, арнаулы салаға бейiмделген банк болып бөлiнедi.
Банктiң меншiк формасы жағынан акционерлiк, банкир үйлерi, кооперативтiк, мемлекеттiң араласуымен болатын аралас Банк, мемлекет аралық сияқты түрлерi бар.
Банк операциялары пассивтi және активтi болып бөлiнедi. Пассивтi операциялар арқылы Банк кредит беру үшiн, ресурстар құрайды, ал активтi операциялар арқылы осы ресурстарды пайда табу мақсатына пайдаланады.
Банк операциялары неғұрлым көлемдi болса, оны жүргiзуге кеткен шығын да соғұрлым аз болады. Банктiң шоғырлануы негiзiнен пайданың қорлануы арқылы банкiлердiң мемлекетi капиталының өсуi түрiнде iске асады. Мысалы: АҚШ-та 1900-1958 жылдары аралығында банкiлердiң акционерлiк капиталы 1 млрд $ 5, 6 млрд $ дейiн көбейдi. Бәсеке күрестiң барысында банкiлердiң өзара бiрiгуi немесе бiрiн-бiрi жалмап қоюы Банк шоғырлнуына жағдай жасайды. Мысалы 1900-57 жылдары Англияда осындай жолмен банкiлер саны 90-21 ге дейiн кемидi. Барлық капиталистiк елдерде Банк шоғырлауында филиалдар санының өсуi орасан зор роль атқарады. Мысалы 1952-1967 жылдары американ банкiлерiнiң филиалдар жүйесi 4 есе көбейдi. Қазiргi кездегi Банк шоғырлануының ерекшелiгi сол, ол формальдық түрде дербес болып саналатын банкiлердiңакцияларын сатып алу немесе алмасу жолымен iрi банкiлер тарапынан бақылау орнату арқылы iске асырылады. Банк шоғырлануының мұндай түрi, әсiресе АҚШ-та тараған. Мысалы: онда депозиттi 40 млрд $ асатын 500 банкiлi Холдинг-компаниялар бақылап отыр. Банк шоғырлану процесi өз дамуның жоғары сатысында банк монополияларын туғызады.
Банкiлiк қызмет ”Банктертер және банкiлiк қызмет туралы” заңның 30-бабында көрсетiлгендей -”банкiлiк операцияларды және басқа да, заңда көрсетiлген, операцияларды iске асыру болып табылады.
Субьектiлiк прициптерге негiзделе отырып, кез-келген операцияны банкiлiк деп тануға болады, себебi банкiлiк операцияны басқа, банктер тағы, үйлердi жалға алады, яғни банкiлiк операциялармен қатар, банктер басқа да iс-әрекеттердi жүзеге асырады.
Екiншi принциптi ретiнде пәндiк принциптердi алуғаболады, және осы жерде бiз банкiлiк операцияның не екенiн айтып кетуiмiз керек.
Тiкелей банкiлiк операцияға заңды анықтама берiлмеген. Алайда ”Банктертер және банкiлiк қызмет туралы” заңының 30-бабының 2-тармағында көрсетiлгендей, банкiлiк оаерацияларға клесiлер жатады:
А) Заңды тұлғалардың депозиттерiн, банк шоттарын ашуды және жүргiзудi қабылдау;
Б) Жеке тұлғалардың депозиттерiн, банк шоттарын ашуды және жүргiзудi қабылдау;
В) Банкiлермен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттiк есепшоттарынашу және жүргiзу;
В-1 Осы адамның иелiгiндегi тазартылған бағалы металдардың нақты саны көрiнiс табатын жеке және заңды тұлғалардың метал шоттарын ашу және жүргiзу;
Г) Кассалық операциялар: банкноттармен мәнеттердi қабылдау, беру, қайта есептеу ұстау, айырбастау, сұрыптау қаттап буу және сақтау;
Д) Аудару операциялары: заңды тұлғалармен жеке тұлғалардың ақшасын аудару жөнiндегi тапсырмаларын орындау;
Е) есептеу операциялар: заңды тұлғалармен жеке тұлғалардың вексельдерi мен өзге де қарыз мiндеттемелерiн есепке алу (дисконт) ;
Ж) заем операциялары төлем, мерзiм, қайтарым талаптарына сәйкес: ақшалай түрде несие беру
З) жеке тұлғалармен заңды тұлғалардың, оның iшiнде корреспондент банктердiң тапсырмасы мен олардың банктiк шоттары бойынша есеп айырсуларды жүзеге асыру;
И) сенiм (трасталық) операциялар: сенiм бiлдiрiлген адамның мүддесi үшiн және соның тапсыруымен ақшаны, тазартылған бағалы металдарды және құнды қағаздарды басқару;
К) клиринг операциялары: төлемдердi жинау, салыстыру сорттау және растау, сондай-ақ олардың өзара төлемдер өтеуiн жүзеге асыру және клирингке қатысушылардың таза көзқарасын айқындау;
Л) сейфтiк операциялар: сейф жәшiктерiн, шкафтармен үй-жайларды жалға берудi қоса клиенттердiң құжаттамалық нысанда шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттары мен қазыналарын сақтау жөнiндегi қызметтер;
М) ломбард операциялары: сақтауға алынып оңай өтетiн бағалы қағаздарды және қозғалатын мүлiктi кепiлге алып, қысқа мерзiмдi несие беру;
Н) төлем карточкаларын шығару;
О) банкноттарды, мәнеттермен қазыналарды инкассациалау және басқа жақа салып жiберу;
П) шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру;
Р) төлем құжаттарын инкассаға қабылдау;
С) чек кiтапшаларын шығару;
Т) бағалы қағаздар рыногындағы клирингтiк қызмет;
У) акредитивтi ашу мен растау жiне ол бойынша мiндеттемелердi орындау;
Ф) ақша түрiнде орындалуды көздейтiн банк кепiлдiкиерiн беру;
Х) үшiншi тұлғалар үшiн ақша түрiнде орындауды көздейтiн банктiк кепiл болушылықтар мен өзге де мiндеттемелер беру;
Жоғарыда аталған операциялар жүргiзу үшiн банкiлерге және басқа заңды тұлғаларға лицензияны Ұлттық Банк қана құқылы. Осы баптың 2-тармағында аталғаннан басқа банкiлер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын
ұйымдар
Банктiң қосымша лицензиясы болған жағдайда мына операцияларды жүзеге асыруға құқылы:
А) қымбат тазартылған бағалы металлдарды(алтын, күмiс, платина, платина тобына жататын металдар) құйма күйнде, қымбат тазартылған бағалы металдардан жасалған мәнеттердi, зергерлiк бұйымдарды сатып алу, кепiлге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату;
Б) құрамында бағалы металдармен асыл тастар бар зергерлiк бұйымдарды сатып алу, кепiлге қабылдау есепке алу, сақтау және сату;
В) вексельдермен жасалатын операциялар: вексельдердi инкассоға қабылдау, төлемшiлердiң вексельдердi төлеуi жөнiнде қызметтер көрсету, сондай-ақ делдалдық тәртiбiмен ескертпелi вексельдердi, вексельдер акцептiн төлеу;
Д) лизинг қызметiн жүзеге асыру;
Е) өз меншiгiнднгi бағалы қағаздарды эмиссиялау;
Ж) факторингтiк(сауда-саттық) операциялар: тауарларды сатып алушының қырыз мiндеттемесiн сатушыға айналым түспейтн жолмен вексель сатып алу арқылы төлеу.
Жоғарыда көрсетiлген, екiншi топ көрiнiп тұрғандай басқа да ұйымдардың құзыретiне кiредi. Сол себептен соларды тек банктiк қызметiне, банктерге жатқызуға болмайды.
Осы баптың 4-тармағында банктердiң бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметiнiң мазмұны ашылып көрсетiлген:
- Мемлекеттiк бағалы қағаздармен-делдалдық
- Диллерлiк- мемлекеттiк бағалы қағаздармен, сондай-ақ осы заңда көрсетiлгендей өзге де бағалы қағаздармен
в) кастодиалдық;
г) клириенгтiк түолерiн жүзеге асыруға құқылы. Банктердiң клирингтiк қызметтi қоспағанда бағалы қағаздар нарығында кәсiби қызметтiң жоғарыда аталған бiр немесе бiрнеше бiрлескен түрлерiн жүзеге асыруына лицензияларды Ұлттық банктiң келiсiмiмен уәкiлеттi орган бередi: Банктер және банкiлiк қызмет туралы”заңда ”Операция ” терминiмен қатар ”Мәмiле ”деген термин қолданылады. Сонымен, ендi осы екi терминдер арасындағы қарым-қатынасты қарастырайық.
Тереңге үңiлмей-ақ айта кетуiмiз қажет, ”мәмiле ”(келiсiм шарт)
-бұл тiкелей юридикалық термин, ол ”банкiлiк операциялар ” түсiнiгi болса, юридикалық мазмұнымен қатар экономикалық мазмұнына не болады. Сонымен қатар банкiлiк операцияны құқықтық, юридикалық ұғымы ретiнде мынадай түрде көрсетiлуi мүмкiн: ”негiзгi жасалатын iс-әрекеттер, яғни келiсiмдер, бiр жақты келiсiмдер, және де құқықтық қатынастарды жүзеге асыруға бағытталған iстер ”
Жоғарыда айтылғанға келетiн болсақ, онда ”банкiлiк операциялар” үлкен және кiшiгiрiм ұйымдарға байланысты болады.
Кең көлемде, үлкен ұғыммен қарастыратын болсақ, онда ол кез-келген банктердiң iс-әрекеттерi, және де жоғарыдан белгiлi болғандай субьектiлерге қарап операцияларды бөлуге өте қиын, сондықтан заң шығарушы органдар осыған көп көңiл бөледi.
Сонымен мемлекет, мүмкiн жалпы банктiк операциялар анықтамасымен байланысты болмаса да, банктерге шектеулер қояды.
Тар мағынада банк қызметiн тiкелей банк операцияларын iс жүзiне асыруды айтамыз, яғни ”Банктертер жiне банкiлiк қызмет туралы”заңда көрсетiлгендей, фактiлi және заңды немесе юридикалық әрекеттер. Аталған әрекеттердi тек банктер iс жүзiне асыра алады.
Егер банк қызметiн тұтас құбылыс ретiнде қарастыратын болсақ, онда оны анықталған банк операцияны жүргiзу арқылы, ақша немесе басқа қаржы құралдары арқылы, iске асатын банктiк кәсiби қызметi деп айтуға болады, ал ол сонымен қатар ҚР Ұлттық Банктiң лицензиясына не болуы тиiс.
Негiзiнен банк қызметiн басқа кәсiби қызметтерден бөлiп қарастыру қажет, бiрiншiден, кәсiпкерлiктiң жалпы субьектiлерден, осы ұйымдар тобы үстiмен мемлекеттiк қадағалауды және реттеудi қамтамасыз ету үшiн.
Кәсiпкерлiк субьектiлерден банктердi келесi белгiлерi, жағдайлары айырады, олардың функциялары немесе қызметтерi
депозиттер алу, кредиттер беру және мемлекеттегi төлем айпалымына жәрдем беру немесе қолғабыс.
Мемлекет өз тарапынан, жариялы түрде, банк статусын не болмаған заңды тұлғаларға “банк” деп аталуына немесе өзiн банк қызметiмен айналысатын ұйым деп атауға тыйым салады. Кез-келген банк операциясын жасауы үшiн лицензияға не болу керек, банкi болып табылмайтын кез-келген заңды тұлға кәсiби қызмет негiзiнде лицензиясыз, негiзiнен, банк операцияларын (яғни “Банктер туралы” заңның 30-бап 2-тармағына сәйкес) iс жүзiне асыра алмайды.
Сондай-ақ, банк операцияларын жүргiзу үшiн ҚР Ұлттық Банктiң лицензиясына ие болмаған заңды тұлғаларға, банк операциялар категориясына кiретiн қызметiне жарнама жасауға тыйым салынған.
Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың құқықтық жағдайы, ҚР Ұлттық Банктiң лицензиясын алу тәртiбi келесi нормативтi құқықтық актiлерде белгiленген, мысалы, 1997 жылы 12 сәуiр күнi Ұлттық Банкiнiң басқармасының қаулысымен бекiтiлген кредиттiк серiктестiк туралы ережелер жиынтығы (положение) ; ғ221 1997 жылы 23 мамыр күнi ҚР Ұлттық Банкiнiң басқармасының қаулысымен бекiтiлген Банктiк емес қаржылық ұйымдар туралы ережелер жиынтығы; 1995 жылы 16 қараша күнi ҚР Ұлттық Банкiнiң басқармасының қаулысымен бекiтiлген Ломбардтар туралы ережелер жиынтығы.
Осыған байланысты келесi жағдайды айта кету қажет, соңғы жылдары әр түрлi қаржы топтар, ұйымдар, халықтық ақталып тұтындыратын, бiрақ банкi болып табылмайтын ұйымдар саны көбее түстi. Халық өз ақталып тұтындырып (көбiнесе процестер арқылы немесеәр түрлi басқа мүлiктiк игiлiктерi арқылы), аталған ұйымдар негiзiнен банк операцияларын жүзеге асырады; олар кредиторлар сұранысып қанағаттандыру үшiн жеткiлiктi жорғылық қорға ие болмайды. Мысал ретiнде келесi атақты ұйымдарды айта аламыз, ”МММ”, ”КонерИнвест” және тағы басқалары. Олардың қызметi пирамидалық принциптi негiзiнде салынған, басынан бастап көбiнесе қылмыстық бетiлерiне не болып отырады. Халық мүдделерiн қорғау тарапынан мемлекет аталған қызметке тыйым салуы тиiс.
Реттеу қызметi-ол, А. М. Витченко айтуы бойынша, ”заңды құқықтардың анықталуы және қатысушылар мiндеттерi, құқықтармен мiндеттерiн сақтауменен байланысты, мемлекеттiң қоғамдық қатынастарға әсер етуi” болып табылады.
Келесi жағдайда ұмытпауымыз керек, банк қызметтерiнiң мемлекеттiк реттелуi сол мемлекеттегi орын алып отыратын банкiлiк жүйе тегiнде жүзеге асырылады. Мемлекет нақты орын алған банк жүйесiне байланыстыбелгiлi бiр құқықтармен қатысушыларды қамтамасыз етедi және мiндеттердi анықтады.
Банк жүйесiнiң салынуына байланысты келесi үш моделiн немесе түрiн бөлiп қарастыруға болады:
- Мемлекеттiк моделi;
- Мемлекеттiк емес моделi;
- Аралас моделi;
Бiрiншi банкiлiк жүйенiң моделiне мысал ретiнде Совет Ресейдiң революциядағыкетiп 1920 жылдар аралығы қамтитын мерзiмiн қарастыра аламыз 1917 жылы 14 желтоқсан күнi қабылданған Орталық Атқару Комитетiнiң банктердi ұлттандыру туралы Декретi бойынша, ”халықтық ауыл-шаруашылығының дұрыс ұйымдары үшiн, банк спекуляциясына жол бермеуi үшiн және дүниежүзiндегi жұмысшылар және крестиандар және барлық еңбек етуiхалықты банк капиталының эксплутациядан азат ету үшiн, халық және кедей топтың мүддесiн қорғаушы Ресей Республикасының Халық банкiн құру үшiн, ”бiрiншi деп, банк iсiн мемлекет монополиясы деп таныды,
екiншiден, өз тарапына декрет қосты, сондай-ақ таратылған банктердiң активтерiмен поссивтерi Халық банкiне көштi. Монополияны, яғни банк iсiнiң монополиясын, Мемлекеттiк банкi iс жүзiне асырады, кейiн аты Халық банкiне ауыстырылуы.
Осыған сай келетiн мемлекеттiк моделi Совет Одағында отызыншы жылдарынан бастап сексенiншi жылдар соңына дейiн болып отырған.
Жалпы, қорыта келiп мұндай банкiлiк жүйенiң моделi орын алған кезiнде тек мемлекеттiк банктер орын алуы; мысалы СССР мемлекеттiк банкi мемлекет тарапынан өз қызметiн атқарып, билiк етуiн құзырына ие болған
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz