Бейметалдардың ашылу тарихы


Бейметалдардың ашылу тарихы
Бор. Бордың табиғаттағы қосылысы-бура алхимиктерге белгілі болған және араб оқымыстысы Гебер (721-815) шығармаларында кездеседі. 1702 ж. В. Гомберг бураны күкірт қышқылымен қосып қыздырғанда ақ түсті кристалдар алды. Ол «Гомберг тұзы» деген атпен қолданылды. Швед химигі Т. Бергман (1735-1784) бұл заттың тұз емес, қышқылдарға жататынын дәлелдеді. Сондықтан А. Лавуазье бор радикалын элементтер тізіміне кіргізді.
Ағылшын химигі Г. Дэви сілтілерді және сілтілік жер металдарын электр тогымен айырған соң бор радикалын жіктеуге талаптанды. Көп әуреленіп ақырында 1808 ж. 30-маусымда жаңа элемент алғанын хабарлады. Бірақ ол тоғыз күнге кешікті. Бұл элементті Л. Ж. Гей-Люссак және Л. Ж. Гиснар бос күйінде бор радикалынан бөліп алып, «бор» деген ат беріп үлгерген еді. Сондықтан оны ашу иелігі осы оқымыстыларға тиді. Олар борды бос күйіндегі калийді пайдаланып металтермиялық әдіспен алды. Белсенді металл бор ангидридін тотықсыздандырды.
Бордың бурадан басқа табиғатта кездесетін минералдары- индерит және оның қосылыстарын алу үшін пайдаланылады.
Кремний. Кремний оттектен кейінгі жер қыртысында кең таралған (28%) элемент. Қосылысы жағынан алғанда кремний адамның алғаш іске жаратқан элементі. Өйткені тас қару- осы кремнийдің қосылысы. Ежелден белгілі шыны кремнийдің туындысы. Кремнийдің оттекпен қосылысы- кремнезем ХIX ғасырға дейін элементтер тізімінде жүрді.
Бос күйіндегі кремнийді 1823 ж. Я. Берцелиус алды. Ол кремний оксиді, темір және көмірдің қоспасын қыздырғанда ферросилиций құймасы түзілетінін дәлелдеді. Қызған құйманың үстінен металл калийдің буын жіберіп бос күйіндегі кремнийді бөліп шығарды. Бұған дейін кремнеземнен бос күйіндегі элементті (таза емес) Л. Гей-Люссак және Л. Тенар алған болатын (1811 ж. ) . Бірақ олар өз зерттеулерін ақырына дейін жеткізіп тинақтамады. Сондықтан кремнийді ашу Я. Берцелиуске тиесілі болып қалды.
Көміртек. Карбонеум-көміртек ғалымдардың пайымдауынша адамның ең алғаш танысқан элементерінің бірі. Оның бір дәлелі латынша «карбон», орысша «уголь» сөздері «жану» деген мағынаны білдіреді. Жану құбылысымен адам ертеректе найзағай отынан шығатын өрт арқылы танысқан болуы керек. Өрттен кейін шала жанған ағаштың көмірленгенін көрді, әрі қарай тағы жанатынын байқады.
Кейінірек от жағуды игерген соң көмірмен металл қорытуды үйренді. Ауаны аз қатыстырып ағашты қыздыру арқылы көмір алу тәсілі де ертеден белгілі. Плиний Старшийдің ( біздің эрамыздың 23-79 жж. ) «Табиғат тарихы» еңбегінде жазылған көмір алу тәсілінің қазіргі кездегіден айырмасы шамалы. Ағаш көмірінің газ және еріген күйіндегі заттарды сіңіру қасиетін 1785 ж. академик Г. Е. Ловиц ашты. Бұл қасиеті түрлі заттарды тазарту және улы газдардан қорғану үшін пайдаланылады.
Көміртектің табиғатта кездесетін жай заттары- графит және алмаз да ежелден белгілі. Көпке дейін олардың бір-біріне қатысы анықталмады. 1694 ж. итальян ғалымдары алмаздың «із» қалдырмай жанып кететінін байқады. Жүз жылдан соң А. Лавуазье осы тәжірибені қайталады. Екеуінің де жанғанда көмірқышқыл газын түзетінін тәжірибе жүзінде дәлелдеді. Көп ұзамай 1797 ж. С. Теннант алмаз бен графиттің бірдей мөлшерін жаққанда көмірқышқыл газының да бірдей мөлшері түзілетінін жариялады. Екі жылдан соң А. Гитон де Морво алмаз, графит және кокстың негізі бір екенін түсіндіріп берді. Жайлап қыздыру арқылы алмазды графитке, графитті көмірқышқыл газына айналдырды. 1955 ж. алғашқы жасанды алмаз алынды. Көміртек- органикалық қосылыстардың негізгі элементі. Миллиондаған органикалық заттар-көміртектің қосылыстары. Ағаш қана емес, барлық органикалық заттар ауа жеткіліксіз жағдайда жанғанда көмірленеді. Оны біз кез келген тағам күйгенде көріп жүрміз.
Күкірт. Табиғатта бос күйінде кездеседі. Көбінесе жанартау атқылағанда түзіледі. Ертеден белгілі болғанымен нақты пайдаға асырылған жылы беймәлім. Қазба қалдықтардан египеттіктер 4000 жыл бұрын матаны ағарту үшін күкіртті қолданғаны туралы дерек алынды. Олар күкірт қосылыстарынан алуанг түрлі бояулар әзірлеген.
Біздің жыл санауымыздан 900 жыл бұрын Гомер шығармаларында тұтанған күкірт диоксидінің аластаушы және түссіздендіруші қасиеті туралы айтылады. Жорықтан оралған Одиссей күтушісіне «Маған үйді шайтаннан аластайтын күкірт пен от әкел», - деп бұйырады. Плиний Старшийдің «Табиғат тарихы» кітабында мынадай дерек бар: «күкірт тұрғын үйлерді аластау үшін қолданылады, өйткені оның жын-шайтандарды аластайтынына жұрт мықтап сенгеді». Шынында да күкірт адам керегіне жараған тұңғыш инсекцид. Күкірт жанғанда түзілетін өткір иісті газдың жәндіктерді құртатынын адам өте ерте кезде байқаған және осы қасиетін пайдаланған.
Күкірт жанғыштықтың белгісі ретінде алхимиктердің теориялық пайымдауларында маңызды рөл атқарды. Роджер Бэкон сынап пен күкіртті металдар мен минералдарды тудыратын бастапқы элементтер есебінде түсінді және уағыздады. Араб алхимигі Гебер күкіртттің біртектілігі, ұшқыштығы, қыздырғанда алтыннан өзге металдармен қосылысқа түсетіні туралы жазды.
Күкірттің қасиеттері, алынуы және қолданылуы туралы нақты деректер металлургиялық химияның негізін салушы Г. Агриколаның еңбектерінде кездеседі.
Ол «Күкіртке бай кенді жалпақ қаңылтырда жағады, балқып бөлінген күкірт қаңылтырдың тесіктері арқылы суы бар қыш ыдысқа ағып құйылады» деп жазды. Агрикола кендерінен күкірт алу тәсілдері туралы мағлұиаттар келтіреді. «Күкірт, -деп жазды ол, -темір, қола немесе тас кесегін ататын аса қауіпті оқ-дәрінің құрамына кіреді».
Византия жазушысы Максим Грек 1250 ж. күкірттің «грек оты» деген атпен соғыс ісінде қолданылатын қоспаның құрамына кіретіні туралы жазған. Бұл қоспа бір бөлік күкірт, екі бөлік көмір және алты бөлік селитрадан тұрады. Мұның Х1Х ғасырда пайдаланылған оқ-дәріден айырмасы шамалы.
Күкірт ежелден іске жаратылғанымен оның элемент екенін ХVIII-ғ. А. Лавуазье анықтап, 19 ғ-да Г. Дэви және Ж. Гей-Люссак химиялық талдау арқылы дәлелдеді.
Орта ғасырларда ұзақ жылдар іздегенімен химиялық элементтерді іздеп, табуда алхимия айтулы нәтижеге жетпеді. Оның мақсаты және элемент туралы теориялық түсінігі шындықтан тым алшақ жатты. Бұл кезде ашылған фосфор, мышьяк, сурьма, висмут және мырыш туралы нақты пікір айту қиын. Өйткені олардың кендері мен минералдары ерте заманнан белгілі болды. Адамның әр түрлі қажетіне жаратылып келді. Алхимия дәуірінде аталған элементтердің қосылыстары- қышқылдары және тұздары алынып зерттелді. Алтын іздеп сарылған алхимиктер лабараторияларында және дәріханаларында сан алуан тәжірибелер жасалды. Нәтижесінде күтпеген жерден жаңа элемент ашылды. Саудадан жолы болмай, алхимиямен шұғылданып жүргенде фосфорды ашқан Г. Брандтың тәжірибелері бұл пікірді растай түседі.
Фосфор. Ашылу тарихы қилы оқиғаларға толы элементтің бірі. Француз ғалымы Ф. Гефер жинаған мәліметтерге қарағанда Х11 ғасырда араб алхимигі Алхид Бехилдің зәр заты, көмір және құм қоспасын қыздырып алған жаңа заты фосфорға ұқсайды. Бұл жаңалық көпке дейін белгісіз күйінде қалып, 500 жылдан соң 1669 ж. Г. Бранд фосфорды қайтадан ашты. Ол зәр сұйығын жинап бір-екі ай ашыған соң қоюланғанша буландырды. Оған құм және көмір қосып мойнақта қыздырды. Алдымен суы буланды. Ыдыс қатты қызғанда көгілдір жарық шығаратын жаңа зат түзілгені байқалды. Ол Брандтың күткеніндей «философия тасы» болмай шықты. Сөйтсе де алған затының жарық шығаратын қасиетін ақша табу үшін пайдаланды, ғажайып зат туралы хабар Еуропаға тарады. Г. Брандт фосфор алудың құпиясын ағылшын И. Д. Крафтқа сатты. Фосфордың өздігінен жарық шығаратын ғажайып сәулесін ақылы көрсету арқылы байлыққа кенелді. Г. Бранд және И. Крафт, бұлардан кейін фосфорды бөліп алған И. Кункель фосфор алу кезіндегі химиялық пройестерді нақты түсінбеді. Қазіргі көзқарас бойынша зәр сұйығы ашығанда натрий мен аммонийдің гидрофосфаты түзіледі. Оны қыздырғанда натрий метафосфатына айналады, бөлінген аммиак ұшып шығады. Метафосфат құммен әрекеттескенде силикат және фосфор ангидриді пайда болады.
Г. Бранд, И. Крафт, И. Кункель фосфор алу тәсілін құпия күйінде сақтады. Тек Роберт Бойль ғана Англияның корольдік қоғамына құпия хатпен хабарлады. (1680 ж. )
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz