Қаз ҰТУ мамандықтары туралы мәлімет алу (Turbo C)


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:
КУРСТЫҚ ЖОБАҒА ТҮСІНІКТЕМЕ ЖАЗБА
Тақырыбы : „Қаз ҰТУ мамандықтары туралы мәлімет алу”
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУҒА ТАПСЫРМА
Студент: Карибаева С. Ж
Тақырыбы: Қаз ҮТУ мамандықтары туралы мәлімет алу
Аяқталған жұмысты тапсыру уақыты: 25. 04. 2005
Жұмыс барысында қолданылатын бастапқы мәліметтер мазмұны, жұмысты сипаттайтын негізгі бөлім қорытынды.
Сызба материалдар саны:
Жұмыс жетекшісі:доцент Мұртазина Ә. Ө
Тапсырманы орындауға қабылдап алған студент: Карибаева С. Ж
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1 Есептің қойылымы . .
2Теория . . .
- Іздеу алгоритмдері . . . Сызықты іздеу . . . Тосқауылы бар іздеу . . .
Си тілінде файл типінің баяндалуы
Си тілінде қолданылған графикалық функциялар
3 Есептің шығару алгоритмі
4 Программаның баяндалуы . . .
4. 1 Жалпы мағлұмат.
4. 2 Функционалдық қолдану
4. 3 Қолданылатын техникалық жабдықтар
4. 4 Программаның шақырылуы мен жүктелуі . . .
4. 5Логикалықструктурасы. Қорытынды . . .
Әдебиеттер тізімі . . .
Қосымша . . .
Курстық жұмыс тапсырмасын орындау программасының листингісі . . .
Кіріспе
Курстық жұмыс студенттің осы мезетке дейін алған білімін көрсетуге мүмкіндік береді. Менің курстық жұмысымның тақырыбы “ҚазҰТУ мамандықтары туралы мәлімет алу. ”Бұл тақырып көптеген адамдарға көмегін тигізеді және күнделікті өмірде қолданылып тұрады. Тақырыптың жалпы мақсаты-анықтама құрастыру. Ал анықтама дегеніміз-сізге қажетті ақпаратты алу. Енді тақырыптың кіріспесіне тереңірек тоқталып өтейік.
Сіздің балаңыздың немесе немереңіздің, бауырыңыздың, досыңыздың жоғарғы оқу орнына түсетін уақыты таяп қалды. Енді сіздің алдыңызда үлкен жауапкершілік тұр. Бұл жауапкершілік-мамандық таңдау. Сіз әлемдегі ең білімді мамандық иегері болуды армандайсыз. Бұл арманға қол жеткізу, әрине, сіздің қолыңызда. Бірақ, сіз қандай жақсы мамандықтар бар және қандай оқу орнына түсу керек екендігін білмейсіз. Сіз көп уайымдамаңыз, сізге менің курстық жобам көптен бір көмегін көрсетеді. Егер сіз Қаз ҰТУ-ға оқуға түскіңіз келсе, сізге осы оқу орны жайлы мәлімет керек болады. Онда қандай мамандықтар бар, оқу ақысы қанша деген сияқты сұрақтарға жауап алғыңыз келеді. Менің курстық жобам осындай сұрақтарға жауап беру төңірегінде жасалған. Сонымен, бұл курстық жоба арқылы ҚазҰТУ-дың мамандықтарын, оқу ақысын, факультеттерін және сол мамандыққа сәйкес кодтарын біле аламыз.
Бұл жұмыстың жасау принципі бойынша мен сізге жоғарыда аталған ақпаратты шығарып беремін. Жалпы қарап отырсақ, сізге анықтама өте қажетті. Сондықтан бұл курстық жұмыс анықтамаға негізделіп жазылған.
1 Есептің қойылымы
Курстық жұмыстың тақырыбы:ҚазҰТУ мамандықтары туралы мәлімет алу. ҚазҰТУ мамандықтары туралы мәліметтер келесі пункттерді қамтиды:мамандықтың аты, оның шифры, оқу мерзімі, контрактті түрде оқытудың бағасы. Берілген параметрлер бойынша іздеуді қарастыратын Қаз ҰТУ мамандықтары туралы анықтама құрастырып, іздеу нәтижесін result. txt текстік файылына жазу керек.
Теория
Қолданылатын әдістер
2. 1 Iздеу алгоритмдерi
Iздеу алгоритмдерi мысалы массивте белгiлi қасиеттерi бар элементтердi табу үшiн қолданылады. Әдетте элементтiң алғашқы және соңғы кiрулерiн iздеудегi есеп берiлгендерiмен ажыратады. Төменде келтiрiлген барлық алгоритмдерде N бүтiн санды А массивiнде Х-қа тең элемент iздеу керек деп есептеледi.
2. 2 Сызықты iздеу
Сызықты iздеу екi еселi шарты бар циклмен ( while немесе do while ) орындалады. Бiрiншi шарт индекстiң массивке тиiстiлiгiн тексередi, мысалы, (i<=N) . Екiншi шарт - бұл iздеудiң шарты. Бiздiң жағдайда while циклiнде бұл iздеудi жалғастыру шарты: (A[i] <>X), ал do while циклiнде бұл iздеудi аяқтау шарты: (A[i] =X) . Цикл денесiнде әдетте тек жалғыз оператор: массивтегi индекстiң өзгеруi ғана жазылады.
Циклдан шыққаннан кейiн қай шарт бойынша шыққанымызды тексеруiмiз керек. Әдетте if операторында циклдiң бiрiншi шартын қайталайды. Бұл шарт орындалуын while циклi жағдайында шарттың орындалуын, ал do while циклiмен оның бұзылуы кезiнде сәттi iздеу деп айтуға болады.
Мысалы: Сызықты iздеу.
float Poisk1(int a[100], int n, int x)
{
scanf ("%d", &n) ;
for (i=0; i<n; i++)
printf ("Массивтi енгiзiңiз") ;
scanf ("%d", &a[i] ) ;
printf ("Iзделiнетiн санды енгiзiңiз\") ;
scanf ("%d", &x) ;
i=1;
while (i<=n) && (a[i] <>x)
i++;
{ do i++;
while (i>n) !! (a[i] =x) ; }
if (i<=n)
printf (" a массивiне ", i, "орында, x, " санының бiрiншi кiруi ")
else printf( "тапқан жоқпыз") ;
}
Соңғы кiрудi iздеу кезiнде енгiзгеннен кейiн келесi операторлар жүру керек.
i=n;
while (i>=1) && (a[i] <>x) i--;
if (i>=1) printf (" a массивiне ", i, " орында", x, " санының соңғы кiруi ")
else printf ("тапқан жоқпыз") ;
2. 3 Тосқауылы бар iздеу
Тосқауылы бар iздеу әрбiр рет массив шекарасымен байланысқан циклдегi шартты iздей бермеу идеясынан тұрады. Бұны массивке тосқауыл орнату: iздеу шартын қанағаттандыратын кез-келген элемент орнату арқылы жүзеге асыруға болады. Бұл жағдайда индекстiң өзгеруiне шек қойылады.
Ендi тек iздеу шарты ғана қалып, табылған элементте немесе тосқауылда циклдан шығуға болады. Мұндай жағдайда циклдан шыққаннан кейiн бiз тосқауылды тапқан жоқ па екендiгi тексерiледi. Тосқауылы бар iздеудi есептеу қиындығы сызықтыға қарағанда төмен, бiрақ сондай тiзбектi өлшемiдi, N - массив элемент саны бар.
Тосқауылды орнатудың екi тәсiлi бар: қосымша элемент немесе массивтiң ең шеткi элементiнiң орнына.
Мысалы: Тосқауылы бар iздеу
float Poisk2a(int a[10], int n, int x)
{
scanf ("%d", &n) ;
for (i=0; i<n; i++)
printf ("Массивтi енгiзiңiз\n") ;
scanf ("%d", &a[i] ) ;
printf ("Iзделiнетiн санды енгiзiңiз") ;
scanf ("d%", ”&x) ;
a[i+1] :=x; /*қосымша элемент арқылы тосқауыл қою*/
i=1;
while (a[i] <>x) i++;
if (i<=N) printf (" a массивiне ", i, " орында", x, " санының бiрiншi кiруi ")
else printf ("тапқан жоқпыз") ;
}
float Poisk2b(int a[100], intn, int x, int I, int y)
{
scanf ("%d", &n) ;
for (i=0; i<n; i++) scanf ("%d", &a[i] ) ;
scanf ("%d", &x) ;
y=a[n] ; /*соңғы элементтi сақтау*/
a[n] =x; /*тосқауылды массивтiң соңғы орнына орнату*/
i=1;
while (a[i] <>x) i++;
if (i<n) !! (y==x)
printf (" A массивiне ", i, " орында", X, " санының бiрiншi кiруi ")
else printf ("тапқан жоқпыз") ;
a[n] =y; /*массивтiң оңғы элементiн қалпына келтiру*/
}
СИ тіліндегі FILE типінің баяндалуы
Ең алдымен СИ тілінде файл типімен жұмыс істеу үшін stdio. h басты файлын іске қосу керек . File структурасындағы компоненттер арқылы мәліметтермен жұмыс істеуге болады. Мысалыға: буфер көрсеткіші, ағымдағы мәлімет позициясының көрсеткіші және де басқа мәліметтер. Ағынды ашқан кезде программаға ағын көрсеткіші қайтып оралады. Бұл көрсеткіш ағынды идентифицирлейді де қалған операйиялардың барлығында да қолдана береді. Мысалы ағын көрсеткіші fp программада келесі түрде баяндалуы мүмкін:
# include <stdio. h>
FILE *fp
Ағынды ашу функциясы іске қосылғанда ағын көрсеткіші мәнге ие болады:
Fp=fopen (файл аты, ашу режимі) ;
Файл аты мен ашу режимінің параметрлері символдар массивіне сілтейтін көрсеткіш болып табылады. Символдар массиві ағынмен байланысқан файл атын және ашу режимінің жолын қамтиды. Бірақ оны файлды ашу үшін де қолдана беруге болады:
Fp=fopen (“1. txt”, ”r” ) ;
Бұл жерде 1. txt ағынмен байланысты файл аты, r- белгілі бір режимнің белгіленуі.
Стандарт бойынша ағынмен байланыстырылған файлды келесі режимдерде ашуға болады:
“w”- текстік файл жазу үшін ашылады. Егер ол файл бар болса ондағы мәліметтер өшіріліп, файл қайта құрылады.
“r”- бұрыннан бар файл оқу үшін ғана ашылады.
“a”- текстік файл оған жаңа ақпараттар енгізу үшін ашылады. “w”- режиміне қарағанда “a”- режимі файлдағы ақпаратты жоймайды тек ғана соңына қосады.
“w+”- жаңа текстік файл ашылады оған кейін өзгертулер енгізуге болады. Егер ондай файл бар болса, онда ондағы мәліметтер жойылады. Егер жаңа енгізулер файл соңында орналасқан болса, онда бұл файл ұлғаяды.
“r+”- бұрыннан бар файл оқу үшін ашылады және оның кез-келген жеріне жаңа мәлімет енгізуге болады, бірақ бұл режимде файл соңына мәлімет енгізе алмайсыз яғни, файлдың ұлғаюы мүмкін емес.
“a+”- жаңа файл құрылады, бұл файлға өзгертулер енгізуге болады. Файлдың кез-келген жерінде жазып оны оқуға болады. “w+”-режимімен салыстырғанда файлды ашу кезінде ондағы мәліметтер жойылмайды, ал, “r+”- режимімен салыстырғанда “a+”-режимінде файл сооңына мәлімет енгізуге болады.
PERROR() функциясы S көрсеткішінің адресіне символдар қатарын енгізе алады. Одан кейін қос нүкте, пробел, қате туралы ескерту орналасады. Қате нөмірі int errno айнымалысына енгізіледі. Файл ашылғаннан кейін оны оқуға және оған жаңа мәліметтер жазуға болады. Дискідегі ашылған файлдарды жұмыс істеп болғаннан кейін жабуды ұмытпаған жөн. Ол үшін мына кітапханалық функция қолданылады : int fclose .
Ашылған файлды қайта ашуға болады, егер файл int fclose функциясының көмегімен жабылған болса.
Стандартты файлдар және олармен жұмыс істеуге арналған функциялар.
Программа іске қосылғанда автоматты түрде бес ағын іске қосылады. Олардың ішіндегі ең маңыздысы болып келесілері табылады:
- Енгізу стандартты ағыны(stdin)
- Шығару стандартты ағыны) (stdout)
- Қателерді ескертетін шығару стандартты ағыны(stderr)
Си тілінде стандартты ағындар көмегімен енгізу-шығару үшін келесі функциялар анықталған:
- Getchar() /putchar() -бөлек символды енгізу-шығару
- Gets() /puts() -жолды енгізу-шығару
- Scanf() /printf() -мәліметтерді форматтау режиміндегі енгізу-шығару
1. Бөлек символды енгізу-шығару үшін кітапханалық функциялар қолданған өте қолайлы. Getchar() /putchar() прототиптері келесі түрде болады:
int getchar(void) ;
int putchar(int c) ;
Getchar() функциясы бір символдың енгізуін қамтамасыз етеді. Қатынас жасағанда бұл функция өзін шақырған функцияға енгізілген бір символ қайтарады.
putchar() функциясы стандартты ағынға бір символ енгізеді. Сондай-ақ өзін шақырған функцияға жаңа енгізілген символды қайтарады.
2. Енгізу -шығару операцияларының ең бір белгілі түрі ол- символдар қатарын енгізіп-шығару. Си тілінің кітапханасына стандартты ағындар арқылы мәліметтер алмасу үшін қатарды енгізу-шығару Gets() /puts() - функйиялары енгізілген . Оларды диалогтық жүйе құрғанда пайдаланған өте қолайлы. Бұл функциялардың прототиптері келесі түрде болады:
char *gets(char*s) ;
int puts(char * s) ;
Екі функцияға да аргумент ортақ. Егер қатар дұрыс оқылған болса, онда сол маасив адресін қайтарады. Ал егер қате жіберілген болса, онда NULL мәні қайтарылады.
3Си тілінің кітапханасына форматты енгізу- шығару функциялары енгізілген. Мұндай функциялврды қолдану берілген форматта программа құруға зор мүмкіндік береді. Және де оны оқу кезінде синтаксистік жөндеулер енгізуге болады. Стандарттық ағындармен жұмыс істеу үшін форматтық режимде екі функция анықталған:
Scanf() -форматтық енгізу
printf() -форматтық шығару
Файлды ашып-жабу. Осы операцияларды орындау үшін келесі функциялар арқылы жаңа файл ашу керек: open(), sopen(), creat() .
Егер бірнеше программалар орындалып жатып файлды ашу керек болса, онда sopen() функциясын қолданамыз. Әрине бұл егер оқу режиміндегі файлға кіру керек болса. Файлды ашқан кезде программаға файл дескрипторы оралады. Ал оның мәні бүтінсанды болып табылады.
Файлды ашу режимінің константалары:
Файлды жазу үшін ашу
Файлды бинарлық режимде ашу
Жаңа файл құрып оны ашу
Файлды оқу үшін ашу
Файлды жазу үшін де оқу үшін де ашу
Файлды текстік режимде ашу
Бұрынғы файлды ашып оның ішіндегілерді жою
Белгілі бір файлға кіру үшін арнайы командалар болады. Мысалы:
R- файлдан оқу рұқсат етіледі
W- файлға жазу рұқсат етіледі
X- файлдың іске қосылуы рұқсат етіледі
Негізінен файлдармен жұмыс істегенде ұсынылған функцияларды пайдаланған өте тиімді.
Си тілінде қолданылған графикалық функциялар
Графикалық функциялар белгіленуі үшін мына функциялар қолданылады: void far initgraph (int far -drive-, int far “mode, char far-path”) ;
Бірінші параметр кітапханаға жұмыс жасайтын адаптер типін көрсетеді. Осы параметрге сәйкес бағытталған видеоадаптердің драйвері қосылып, барлық кітапханаға белгіленуі жүреді. Стандартты драйверлерді: CGA, EGA, VGA, DETECT, т. б. көрсететін бірнеше тұрақтылар анықталған.
DETECT мағынасы кітапханаға бар видеоадаптердің типін өзі анықтау керек.
Graphresult функциясы алдындағы int far graphresult(void) графикалық операциясының анықтау кодын қайтарады.
GrOk мәні дұрыс аяқталғанын көрсетеді. Кітапханамен жұмысты аяқтау үшін closegraph функцияларын міндетті түрде шақыру қажет.
Программа графикалық режимге өтіп, экран бетінің шетіне тіктөртбұрышты салады. Қате байқалған жағдайда стандартты диагностикалық хабар береді. Кітапхана белгілініп болған соң адаптер сәйкесінше режимге көшеді де экран тазартылып онда келесі координаталық жүйе орнатылады. Экранның сол жақ жоғарғы бұрышында алғашқы нүкте (0, 0) координаталарымен орналасқан.
Бөлек нүктелермен жұмыс. Putpixel функциясы баяндалған color түстің пикселін координатасы (x, y) болатын пиксел түсін қайтарады:
Void far putpixel (int x, int y, int Color)
Getpix функциясы координатасы (x, y) болатын пиксел түсін қаитарады: unsigned far getpixel(int x, int y) ;
Сызықтық обьектілерді салу. Сызықтық обьектіні салуда перо негізгі құрал болып табылады. Өйткені осы құралмен сурет салады. Перо келесі қасиеттерге ие: түсі, қалыңдығы, шаблоны.
Setcolor процедурасы пероның түсін анықтайды:
void far setcolor (int color) ;
setlinestyle функциясы пероның калған параметрлерін анықтайды:
void far setlinestyle(int style, unsigned pattern, nt thckness) ;
Бірінші параметрі шаблон сызығын береді. Көп жағдайда параметр ретінде алдын-ала анықталған шаблон пайдаланылады
Шеңбер салу. Circle функциясы r радиусы және центрі (x, y) нүктелерінде болатын шеңбер салады: void far circle (int x, inty, int )
3 Есептің алгоритмін жасау
Алгоритм дегеніміз есепті шешетін операциялар тізімі. Ол есепті шешу процесі. Есептің программасын жазып, оның түбіне жету үшін қолдануға қажетті немесе жеткілікті процедуралар мен функциялар жиыны.
1. Файл ұйымдастырамыз
2. Оның ішіне барлық мәліметті енгізу
3. Қажетті институт атын енгізу
4. Оның нәтижесін result. txr-текстік файлына жазамыз
5. Енгізілген институт туралы мәліметтерді шығару
Программаның баяндалуы
1. Жалпы мағлұматтар
Бұл программа Си тілінде жазылған. Оны жазу үшін TС. exe файлдары, графикалық кітапханалар, стандартты модульдер қажетті және жеткілікті.
2. Функционалдық қолдану
Бұл программа жоғарыда берілген есептің Си тілде шығарылу жолын тексеріп, оларды салыстыруға арналған. Ол Си тілі арқылы іске асады.
3. Қолданылатын техникалық жобдықтар
Программаны жазып тексеру үшін компьютер, ал оны баспаға шығару үшін принтер қажет.
4. Программаның шақырылуы мен жүктелуі
а) компьютерді қосамыз
ә) Turbo С программасын ашамыз
б) программаны орындау C trl+ F9
в) нәтижесін көру Alt+F5
г) программаны сақтау F2
д) программадан шығу Alt+X
5. Логикалық структурасы
Қорытынды
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz