Қылмыстардың көптігі және олардың түрлері туралы
І Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Қылмыстардың көптігі және олардың түрлері
1.1. Қылмыстың бірнеше мәрте жасалуы
1.2. Қылмыстардың жиынтығы
ІІ Тарау
2. Қылмыстын қайталануы
2.1. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау
2.2. Қылмыстардың қайталануы жағдайындағы жаза тағайындау
Қорытынды
Қолданылған әдебиет тізімі

Қылмыстық құқықтың ең маңызды кағидаларының бірі — қылмыстық жазаға және қылмыстық жауапқа тек қана қылмыс істегенге кінәлі адам ғана тартылатындығы болып табылады. Бұл қағидат Қылмыстық кодекстің арнаулы бабында атап көрсетілген. Онда адам қылмысқа қатысты кінәсі анықталған қоғамдық қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздігі) және пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жазаға тартылуы тиіс. Объективті айыптауға, яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейді. Қасақана немесе абайсызда әрекет жасаған адам ғана қылмысқа кінәлі деп танылады делінген (19-бап). Қылмыстық құқықта белгілі бір қоғамға зияңды зардап орын алады немесе қоғамға зиянды іс-әрекет істеді екен деп кінәсізден-кінәсіз жауапқа тартуға мүлдем жол берілмейді. Бұл — қылмыстық кұкықтың табиғатына жаткұбылыс.
Сонымен, кінә дегеніміз бұл адамның өзінін қасақаналықпен немесе абайсызда істейтін қоғамға қауіпті іс-әрекетіне және оның қоғамға зиянды зардабына деген көзқарастарының жиынтығының көрсеткіші болып табылады.
Істелген әрбір қылмыс үшін кінәнің болуы — объективті ақиқат. Қылмыстың субъектісінің кінәлілігі туралы тұжырымды сот іс бойынша жинақтаған дәлелдемелер арқылы анықтайды. Кінә екі түрлі — қасақаналық және абайсыздық нысанда болады.Кінә туралы сөз қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға кауіпті іс- әрекеттерді, яғни қылмысты істеген жағдайда ғана болады. Қылмыс құрамы болмаса кінә туралы сөз де болмайды. Кінә психологиялық, сондай-ақ әлеуметтік ұғымдардың жиынтығы, адамның істеген әрекетінін немесе әрекетсіздігінің қоғамға қауіпті зияндылығын және одан туатын зардапты сезінуі немесе сезінуге мүмкіндік болуы кінәнің психологиялық мазмұнын құрайды. Адамның әзінің істеген іс-әрекетінің және одан туындайтын зар-даптың, яғни оның қоғамға кауіпті мәнін сезінуі немесе сезінуге мүмкіндігі болуы кінәнін әлеуметтік мазмұнын құрайды.

1. Қазақстан Республиқасы Жоғарғы Сотының 1994 жылғы 27 мамырдағы «Соттардың рецидивті қылмыстар жөніндегі істерді қарау тәжірибесі туралы» нормативтік қаулысы.
2.Дагелъ П.С. Множественность преступлений. Владивосток, 1969.
3. Красиков Ю.А. Множественность преступления (понятие, виды, наказуемость). М., 1988.
4. Қараев Т.Э. Повторность преступления. М., 1983.
5. МалковВ.П. Множественность преступления и ее формы по советскому уголовному праву. Казань, 1982.
6. МалковВ.П. Совокупность преступлений (вопросы квали¬фикации и назначения наказания). Казань, 1974.
7. МалковВ.П., Тиморшин Х.А. Множественность преступле¬ния: Учеб. пособие. Уфа, 1995.
8. Панько КА. Вопросы общей теории рецидива в советском уголовном праве. Воронеж, 1988.
9. Яковлев A.M. Борьба с рецидивной преступностью. М., 1964.

Мазмұны
І Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Қылмыстардың көптігі және олардың түрлері
1.1. Қылмыстың бірнеше мәрте жасалуы
1.2. Қылмыстардың жиынтығы
ІІ Тарау
2. Қылмыстын қайталануы
2.1. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау
2.2. Қылмыстардың қайталануы жағдайындағы жаза тағайындау
Қорытынды
Қолданылған әдебиет тізімі
Кіріспе
Қылмыстық құқықтың ең маңызды кағидаларының бірі — қылмыстық жазаға
және қылмыстық жауапқа тек қана қылмыс істегенге кінәлі адам ғана
тартылатындығы болып табылады. Бұл қағидат Қылмыстық кодекстің арнаулы
бабында атап көрсетілген. Онда адам қылмысқа қатысты кінәсі анықталған
қоғамдық қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздігі) және пайда болған
қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жазаға тартылуы тиіс.
Объективті айыптауға, яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін қылмыстық
жауаптылыққа жол берілмейді. Қасақана немесе абайсызда әрекет жасаған адам
ғана қылмысқа кінәлі деп танылады делінген (19-бап). Қылмыстық құқықта
белгілі бір қоғамға зияңды зардап орын алады немесе қоғамға зиянды іс-
әрекет істеді екен деп кінәсізден-кінәсіз жауапқа тартуға мүлдем жол
берілмейді. Бұл — қылмыстық кұкықтың табиғатына жаткұбылыс.
Сонымен, кінә дегеніміз бұл адамның өзінін қасақаналықпен немесе
абайсызда істейтін қоғамға қауіпті іс-әрекетіне және оның қоғамға зиянды
зардабына деген көзқарастарының жиынтығының көрсеткіші болып табылады.
Істелген әрбір қылмыс үшін кінәнің болуы — объективті ақиқат.
Қылмыстың субъектісінің кінәлілігі туралы тұжырымды сот іс бойынша
жинақтаған дәлелдемелер арқылы анықтайды. Кінә екі түрлі — қасақаналық және
абайсыздық нысанда болады.Кінә туралы сөз қылмыстық заңда көрсетілген
қоғамға кауіпті іс- әрекеттерді, яғни қылмысты істеген жағдайда ғана
болады. Қылмыс құрамы болмаса кінә туралы сөз де болмайды. Кінә
психологиялық, сондай-ақ әлеуметтік ұғымдардың жиынтығы, адамның істеген
әрекетінін немесе әрекетсіздігінің қоғамға қауіпті зияндылығын және одан
туатын зардапты сезінуі немесе сезінуге мүмкіндік болуы кінәнің
психологиялық мазмұнын құрайды. Адамның әзінің істеген іс-әрекетінің және
одан туындайтын зар-даптың, яғни оның қоғамға кауіпті мәнін сезінуі немесе
сезінуге мүмкіндігі болуы кінәнін әлеуметтік мазмұнын құрайды.
Қылмыстың заты қылмыс құрамының факультативті белгісі болып табылады.
Дегенмен де қылмыстың объектісінен оның затын ажырата білген жөн. Өйткені
біршама қылмыстар оның затына, бұйымына әсер етумен байланысты болады.
Қылмыстың затына әсер ету арқылы қылмыскер оны бұлдіруі, жоюы немесе оның
жағдайын өзгертуі мумкін. Мысалы, диверсия жасағанда әр турлі құрылыстар,
кәсіпорындар жойылуы мүмкін, ұрлықта зат меншік иесінің иелігінен
қылмыскердің иелігіне өтуі мүмкін. Қылмыс жасау барысында қылмыскердің
тікелей әсер етуіне тап болатын материалдық заттар, бұйымдар қылмыстың заты
болып саналады. Қылмыстың затын оның объектісімен шатастыруға болмайды.
Қылмыстың объектісі коғамдық қатынастар, ал қылмыстын, заты сыртқы
дүниедегі материалдық нәрселер, қылмыскер соған әсер ету арқылы тиісті
объектіге қол сұғуды жүзеге асырады, яғни қоғамдық қатынастарды бұзады.
Мысалы, біреудің автокөлігін ұрлауда қылмыстың заты болып, автокөліктің өзі
болады, ал объектісі болып соған меншіктік құқығы саналады. Міне осы
қоғамдық қатынастар (заты емес) қылмыстың объектісі болып табылады.
Қылмысты саралау үшін де қылмысты қол сұғу затының маңызы ерекше.
Кейбір жағдайларда қылмыс затының кұны, бағасы қылмысты саралауға тікелей
әсер етеді. Мысалы, ірі мөлшердегі, аса ірі мөлшердегі зиян ұрлықтың,
мүлікті ысырап етудің дұрыс саралануына тікелей әсері бар.
Кейбір жағдайларда қылмыс затының құрамының өзіне ұксас қылмыстарды
бірінен-бірін ажыратуға, қылмысты әрекетті қылмысты емес әрекеттен
ажыратуға тікелей әсер етеді. Мысалы, атыс каруын ұқыпсыз сақтау қоғамдық
қауіпсіздікке қарсы қол сұғуды құрайды (253-бап). Ал аңшылық мылтығын ұрлау
меншікке қарсы қылмыс болып табылады.
Қылмыс затының мәні, оның ерекшелігі жазаның көлеміне де әсер етеді.
Мысалы, ұрланған муліктің көлемі оны саралауға, жаза көлемін белгілеуге
әсер етеді.

Бір адамның бір (жеке) немесе бірнеше қылмыс істеуі мүмкін. Жеке
қылмыс деп қылмыстық занда көрсетілген бір әрекеттен, зардаптан, кінәнің
нысанынан құралатын бір құрамды білдіретін және Ерекше бөлімнің бір бабымен
ғана сараланатын қылмысты айтамыз.
Кейбір жағдайларда бір адам бірнеше қылмысты істеуі мүмкін, мұндай
жағдайда олардың іс-әрекетін дұрыс саралау үшін қыл-
мыстардыңкөптігініңтүсінігін дүрыс анықтау керек. Қылмыстық жауапқа
тартудың, мерзімі ескірмеген немесе сотталғандықтан арылмаған немесе
сотталғандығы жойылмаған жағдайда бір адамның екі немесе одан да көп
қылмыстарды істеуін қылмыстар көптігі деп айтамыз. Қылмыстардың көптігінің
өзіндік белгілері: бір адамның екі немесе одан да коп әрқайсысы жеке-жеке
құрам болып табылатын қылмысты істеуі болып табылады.
Сондықтан әкімшілік құқық бұзушылық іс-әрекеті қылмыстар көптігіне
жатпайды. Сондай-ақ, қылмыстық жауапқа тарту мерзімі ескірген немесе
сотталғандықтан арылған немесе ондай атағы жойылған іс-әрекеттер қылмыс
көптігіне жатпайды.
Қылмыстардың көптігін жеке қылмыстардан ажырата білген жөн. Жеке
қылмыстар мен қылмыстардың көптігін ажырату, те[1]ргеу, сот қызметінде аса
маңызды рөл аткдрады. Кейбір жағдайларда оны ажырату белгілі бір тұрғыда
қиындық та туғызады. Өйткені, жеке қылмыстардың өзі жай, күрделі құрамға,
созылмалы, жалғасқан қылмыстар болып және басқа да түрлерге бөлінеді. Жай
(бір) құрамда, бір объектіге, бір әрекет арқылы кінәнің бір нысанынен зиян
келтіру арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, 175-баптың 1-бөлігі бөтеннің
мүлкін жасырын түрде ұрлау. Бұл жерде бір объектіге (біреудің меншігіне)
бір әрекет (жасырын ұрлау) арқылы бір кінә нысанымен (қасақаналықпен)
жәбірленушіге зиян келтіріліп отыр.
Күрделі құрамы екі немесе одан да кеп іс-әрекеттерден құралатын, оның
әрқайсысының бірінен-бірін бөліп қарағанда жай түрдегі қылмыс құрамына
жататын, бірақ ішкі бірлігі бойынша бір қылмысты құрайтын қылмыстардың
жиынтығын айтамыз. Мысалы, қарақшылықтың құрамын алайық. Мұнда бетен
біреудін мүлкіне иелік ету жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына кауіпті
күш жұмсау арқылы жүзеге асырылады (179-бап). Бұл жағдайда және әр түрлі
қылмыстық әрекеттер (жәбірленушінің) өмірі мен денсаулығына қауіпті күш
көрсету және мүлікті иемдену немесе (иемденуге оқталу) бір күрделі қылмыс
құрамын-қарақшылықты құрайды, бірақ осы әрекет ішкі бірлігіне байланысты
бір қылмыс құрамын құрап тұр. Жеке, күрделі құрамның бір түрі — балета
әрекетті қылмыс болып табылады.
Оның ерекшелігі сол қылмыстық занда көрсетілген әрбір әрекет немесе
әрекетсіздік біткен қылмыс құрамын көрсетеді. Мысалы, 165-бапта бір қылмыс
құрамы мемлекетке опасыздық туралы жауаптылық көрсетілген, осы қылмыстың
объективтік жағының әр түрлі мынандай балама әрекеттерінің әрқайсысы жеке-
жеке біткен қылмысты білдіреді: жау жағына шығып кету; шпиондық жасау;
мемлекеттік құпияны жатқа беру; Қазақстан Республиқасына дұшпандық әрекет
жүргізу; шетелдік мемлекетке, шетелдік ұйымға және олардың өкілдеріне өзге
де комек көрсету. Қылмыстық кодекстің 223-бабында да бірнеше балама
әрекеттердің жиынтығынан тұратын бір қылмыс құрамы туралы сөз болады, мұнда
тұтынушыларды кем өлшеу, кем тарту, кем санау немесе тұтынушыларды өзгедей
алдау әрекеттерінің әрқайсысы жеке-ленген қылмыс құрамының біткен түрін
білдіреді, осы әре-кеттердің біреуін немесе бірнешеуін істегенде де бір
ғана қылмыс істелді деп есептеледі.
Созыямалы қылмыс кінәлінін өзіне қылмыстық заң жазамен қорқытып
жүктеген міндеттемелерін ұзақ мерзімге орындамай әрекет немесе әрекетсіздік
арқылы белгілі бір қылмыс құрамын үзіліссіз, белгілі бір уақыт аралығында
жүзеге асыруы болып табылады.
Мұндай созылмалы қылмыстардың қатарына бөлімді немесе қызмет орнын өз
бетімен тастап кету (372-бап), балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата-анасын
бағуға арналған қаражатты төлеуден әдейі бұлтару (136-бап), қаруды, оқ-
дәріні және жарылғыш заттарды заңсыз алып журу, сақтау, алу, жасау және
өткізу (251-бап); қылмыс туралы хабарламау (364-бап) және басқалары жатады.
Мұндай жағдайларда қылмысты әрекет кінәлінің кінәсін өзі мойындап келген
уақытына немесе оның екімет органы арқылы ұсталуына байланысты жағдайларда
ғана үзіледі. Оған дейін істеген іс-әрекет бір (жеке) созылмалы қылмыс
ретінде қарастырылады. Жалгасқан қылмыс пен ортақ мақсатқа жетуге
бағытталған ұқсас (бірдей) қылмысты әрекеттерден құралатын, жиынтығында бір
қылмыс болып табылатын қылмыстарды айтамыз. Мұндай қылмыстарға мысалы, 223-
бапта керсетілген тұтынушыларды алдау, үнемі ұрып-соғу немесе басқа да
әрекеттермен азап-тау (107-бап) сияқты қылмыс құрамдары, сондай-ақ мемлекет
мүлкін өзара ұксас әр түрлі қылмысты әрекеттер арқылы тегін, заңсыз иелік
ету мақсатымен жасалған, нәтижесінде бір қылмыс болып табылатын талан-
тараждар жатады. Жоғарыда сөз болған жеке қылмыстардан қылмыстардың
көптігін ажырата білу керек. Сондықтан да ең алдымен қылмыстардың көптігіне
дұрыс анықтама берген жөн. Қылмыстық құқықта қылмыстардың кептігі деп
адамның екі немесе одан да кеп қылмысты кінәлі түрде істеуін айтамыз.[2]
1.1. Қылмыстың бірнеше мәрте жасалуы
Іс-әрекеттін құрылымына қарай қылмыстық кұкык қылмыстардың көптігін
мынадай үш нысанға бөледі: қылмыстың бірнеше мәрте жасалуы, қылмыстың
жиынтығы, қылмыстың қайталануы.
Қылмыстық кодекстің белгілі бір бабында немесе Ерекше бөлім бабының
белігінде кезделген екі немесе одан да көп әрекетті істеу қылмыстардың
бірнешерет жасалуы деп танылады (11-бап, 1-бөлігі). Сол сияқты Кодекстің
Ерекше бөлімінің түрлі баптарында көзделген екі немесе одан да кеп қылмыс
жасау осы Кодексте арнайы көрсетілген жағдайларда ғана бірнеше рет жасалған
деп танылуы мүмкін (11-бап, 2-бөлігі).
Осы заңның мазмұнына сәйкес қылмысты бірнеше мәрте жасады деп тану
үшін бірінші және одан кейінгі қылмыстарды істеуде уақыты женінен үзіліс
болуы және қылмыстық жауапқа тартудың ескіруі болмаса, егер сотталған
болса, сотталғандыктан арылмаса немесе сотталғандығы жойылмауы негізгі шарт
болып табылады. Егер бұрын істелген қылмыстар үшін оны істеген адам
қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатылған болса немесе занда
белгіленген тәртіп бойынша осы қылмыстары үшін сотталғандықтан арылса
немесе сотталғандығы жойылса, қылмыс бірнеше мәрте жасалды деп танылмайды.
Сол сияқты жалғаспалы қылмыстар да бірнеше мәрте жасалған қылмыс болып
табылмайды.
Қылмыстық құқық теориясында бірнеше мәрте жасалған қылмыс жалпы және
арнаулы болып екі түрге бөлінеді.
Бірнеше мәрте жасалған қылмыстың жалпы қайталануы деп істелген
қылмыстың коғамға кауіптілігінің мәні мен дәрежесіне қарамастан кез келген
басқа бір қылмысты қайталап жасаушылықты айтамыз. Қылмыстың жалпы
қайталануы қылмысты саралауға әсер етпейді, бірақ жаңа тағайындалғанда
жазаны ауырлататын мән-жай ретінде есепке алынуы мүмкін (54-баптын 1-
бөлігі, а тармағы).
Бірнеше мәрте жасалған қылмыстың арнаулы қайталануы — адамның ұқсас
немесе бір тектес қылмысты іс-әрекетті тағы да жасауы болып табылады.[3]
Бұл жердегі сөз болып отырған ұксас қылмысқа бір қылмыстық құрамына
жататын қылмыстың қайталанып істелуі жатады (Мысалы, бұрын адам өлтірген
адамның адам өлтіруі 96-бап, 2-бөлігі, н тармақшасы, денсаулыққа қасақана
ауыр зиян келтіруді бірнеше рет жасаса 103-бап, 2-бөлігі, ктармағы).
Бір тектес қылмыстар деп объективтік, субъективтік белгілері ұқсас,
кінәнің бір түрлі нысаны орын алатын, бір немесе бірнеше ұксас объектіге
қылмысты қол сұғатын қылмыстарды айтамыз (мысалы, ұрлық, тонау, қарақшылық
және т. б.). Қылмыстық кодекстін 175-бабында бөтеннің мүлкін ұрлауға,
бірнеше рет жасауға түсінік берілгенде бір тектес қылмыстар құрамы еске
алынған. Бірнеше мәрте жасалған қылмыс деп тану үшін кінәлі адам бұрынғы
қылмысы үшін сотталуы немесе сол іс-әрекеті үшін ол әлі де қылмыстық
жауапқа тартылмауы кажет. Бірнеше мәрте қылмыс жасады деп тану үшін оны
қылмыстық жауапқа тартудың мерзімі ескерілмеуі, сондай-ақ оның
сотталғандығы жойылмауы немесе одан арылмауы қажет. Бұл мәселеге Республика
Жоғарғы Соты бірнеше рет мән берген.
Бұрынғы істеген қылмыс біткен немесе бітпегеніне, кінәлінің сол
қылмыс үшін орындаушы ретінде немесе қылмысқа қатысушы ретіңде қатысуына
қарамастан тағы да істеген қылмысы, іс-әрекеті бірнеше мәрте жасалған деп
танылады.
Үнемі (ұдайы) жасаған қылмыстар да бірнеше мәрте жасалған қылмысқа
жатады. Үнемі қылмыс жасау кейбір қылмыс құрамдарының қажетті белгісі болуы
мүмкін. Мысалы, 107-бапта көрсетілген азаптау. Мұнда ұдайы ұрып-соғу
немесе өзге де күш қолдану әрекеттері жолымен тән зардабын немесе
психикалық зардап шеккізу азаптау деп белгіленген.
Қылмыстардың әлденеше рет жасалуы оны Кодексте неғұрлым қатаң жазаға
әкеп соктыратын мән-жай ретінде көзделген жағдайларда адамның жасаған
қылмысы осы Кодекстің Ерекше бөлімінің қылмыстарды бірнеше мәрте жасағаны
үшін жазалауды көздейтін бабының тиісті белігі бойынша айқындалады (11-бап,
5-бөлігі).
1.2. Қылмыстардың жиынтығы
Қылмыстық Кодекстің түрлі баптарында немесе баптарының беліктерінде
көзделген, адам солардың бірде-біреуі үшін сотталмаған немесе заңмен
белгіленген негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаған екі
немесе одан да көп әрекеттерді жасау қылмыстардың жиынтығы деп танылады.
Қылмыстардың жиынтығында адам, егер жасалған әрекеттердің белгілері
осы Кодекстің бір бабының немесе бабының бір бөлігінің неғұрлым кдтаң жаза
қолдануды көздейтін нормасымен камтылмаған болса, әрбір жасалған қылмыс
үшін осы Кодекстің тиісті бабы немесе бабының бөлігі бойынша қылмыстық
жауапқа тартылады (12-бап, 1-бөлігі).
Осы Кодекстің екі немесе одан да көп баптарында көзделген қылмыстардың
белгілері бар іс-әрекет (әрекетсіздік) те қылмыстардың жиынтығы деп
танылады. Адам қылмыстардың мұндай жиынтығында, егер бір әрекеттің
белгілері осы Кодекс бабынын басқа әрекет үшін неғұрлым қатаң жаза
қолдануды көздейтін нормасымен камтылмаған болса, әрбір қылмыс үшін осы
Кодекстің тиісті баптары бойынша қылмыстық жауапқа тартылады (12-бап, 2-
бөлігі).[4]
Егер адам Қылмыстық кодекстің әр түрлі баптарында, ал жеке реттерде
баптардың бөлігінде көрсетілген екі немесе одан да кеп қылмыстарды істесе,
онын бірде біреуі үшін сотталмаса немесе заңмен белгіленген негіздер
бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаса, онда оның іс-әрекетіңде
қылмыстың жиынтығы бар деп танылады. Басқа сөзбен айтқанда, қылмыстардың
жиынтығыңда кінәлі түрде істелген іс-әрекетте екі немесе одан да кеп
қылмыстың құрамы болады. Кінәлінің істеген іс-әрекеті Қылмыстық кодекстің
Ерекше бөлімінде көрсетілген баптардың әр түрлі бөлігінің немесе бір баптың
неше түрлі тармақшаларында көрсетілген қылмыс құрамының белгілеріне сәйкес
болуы керек. Сол сияқты адамның істеген біркелкі әрекетінің біреуі біткен
қылмыс та, басқасы қылмысқа дайындалуды, окталуды немесе қылмысқа қатысуды
түзетін болса, онда мұндай әрекет те қылмыстың жиынтығы болып табынады.
Қылмыстың жиынтығы болу үшін адам істеген іс-әрекеттің біреуі үшін де
сотталмаған немесе заңмен белгіленген негіздер бойынша қылмыстық
жауаптылықтан босатылмаған болуы керек, осыған байланысты Қылмыстық
кодекстің 65,66,67,68,69, 73, 76-баптарында көрсетілген шын өкінуіне
байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату, қажетті қорғану шегінен асқан
кезде қылмыстық жауаптылықтан босату; жәбірленушімен та-туласуына
байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату; жағдайдың өзгеруіне байланысты
қылмыстық жауаптылықтан босату; ескіру мерзімі өтуіне байланысты қылмыстық
жауаптылықтан босату; айыптау үкімінің ескіру мерзімі бойынша жазаны
өтеуден босату, айыптау үкімінің ескіру мерзімі бойынша жазаны өтеуден
босату, рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық
жауаптылықпен жазадан босату сияқты фактілер қылмыс жиынтығында орын алмауы
керек.
Егер мұндай мәселелер болса, онда ондай іс-әрекетте қылмыстың
жиынтығы болмайды. Заң әдебиетінде қылмыстың жиынтығы идеалдық және нақты
(реалды) болып екі түрге бөлінеді.
Қылмыстың идеалдық жиынтығы деп кінәлінін бір іс-әрекетінен бірден
қылмыстық заңның әр түрлі баптары, бір баптың әр түрлі бөліктері,
тармакшалары бойынша сараланатын екі немесе одан да көп қылмыстардың
істелуін айтамыз. Қылмыстың идеалдық жиынтығына Ш-ның іс-әрекеті мысал бола
алады. Ш. өзініңтанысы К-ның саяжайына келеді. Ш. К-нің саяжайда қатты мас
болып, ұйықтап жатқанын көріп, одан кек алу мақсаты-мен, есік, терезені
сыртынан мықтап бекітіп, дәлізде тұрған 10 литр бензинді саяжай ішіне
шашып, от кояды. Өрттен саяжай өртеніп, ішіндегі К. ауыр жарақат алып 4
тәуліктен соң ауруханада қайтыс болады. Ш. бір әрекетпен (К-нің саяжайын
өртеу арқылы) екі қылмыс істеді: 1) бөтеннің мүлкін өрт жіберу арқылы
қасақана құрту (87-бап, 2-бөлігі, а тармағы); 2) кісіні кек алу
мақсатымен қасақана өлтіру (96-бап, 1-бөлігі). Егер кінәлі адам бір әрекет
арқылы бір мезгідце қылмыс істеуге оқтшіумен бірге екінші бір біткен
қылмыстың құрамын орында-са бұл да қылмыстың вдеалдық жиынтығы болады.
Мысалы У, тертінші қабаттағы пәтерінде түрып жолда өтіп бара жатқан өзінің
жек көретін танысы С-ны ауыр жаралау максатымен төртінші қабаттан С-ға
қаратып жұдырықтай тас лақты-рады. Тас С-ға тимей Ж деген әйелге тиіп, оған
ауыр дене жарақа-тын түсіреді. Осы мысалдан У-дың бір әрекетінен екі қылмыс
жасағанын керіп отырмыз. Оның біріншісі С-ға ауыр дене жара-қатыи салуға
оқталу, екіншісі Т-ға абайсызда ауыр дене жарақа-тын түсіру. Қылмыстың
накты жиынтығы деп адамның әр түрлі іс-әрекеті арқылы қылмыстық заңның әр
түрлі бабына (баптың белімдеріне, баптың тармақшаларына) жататын қылмыс
жаса-уын айтамыз. Қылмыстың жиынтығын вдеаддық және накты деп
болудінтеориялықта, прақтикалықтамаңызы зор. Қылмыстың нақты жиынтығынъщ
зиявдылығы вдеалдық жиынтыққа Қараганда қомакты болады, сол үшін де оған
қатаңырақ жаза мөлшері бслгіленеді. Оның үстіне Қылмыстық кодекстің 54-
бабының 1-бөлігінің а тармағына сәйкес қылмыстың накты жиынтығында бұрын
бір қылмыс істеген адамның жанадан қылмыс істеуі, қыл-мыстардың қайталануы,
жауаптылықғы ауырлататын мән-жай-ларға жатады.
Қынмыстың жиынтығын нормалар бәсекелестігінен ажырата ,білу қажет. Нормалар
бәсекелесі Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінін бірнеше баптарын бірдей
камтитын бір қылмыс арқылы көрініс табады. Нормалар бәсекелесінде сот
Қылмыстық кодекстің бірнеше баптарынан сол іс-әрекетке тән бір бапты ғана
бөліп алып, іс-әрекетті сол бойынша саралайды.[5]
Жалпы және арнаулы нормалар бәсекелесі болғанда арнаулы норма қолданынады.
Егер арнаулы нормалар өзара бәсекеге түссе, онда жазаны жеңілдететін мән-
жайларды керсететін қылмыстық күқылық нормаға артықшылық беріледі.Егер
белгілі бір және нақ сол әрекет осы Кодекстің тиісті баптарының жалпы және
арнаулы нормаларының белгілеріне сәйкес келсе, қылмыстардың жиынтығы
болмайды және қылмыстық жауаптылық осы Кодекстін ерекше белімінің арнаулы
нор-маны камтитын бабы бойынша туыңдайды (12-бап, 3-бөлігі). Яғни басқаша
айтқанда, егер бір қылмысты іс-әрекет екінші бір қылмыстын міндетті белгісі
ретіңце қорінсе, қылмыстың жиын-тығы болмайды. Мысалы: кызмет өкілеттігін
пайдаланып қиянат жасау жеке қылмыс (307-бап), ол сонымен бірге бөтеннің
мүлкін талан-таражға салудың тәсілі ретінде қорінуі де мүмкін (176-бап-тың
2- бөлігі, в тармағы), сонғы жағдайда барлық іс-әрекет бір қылмыс болып
табылады да, косымша 307-баппен саралануға жат-пайды.
2. Қылмыстын қайталануы
Бұрын қасақана жасаған қылмысы үшін сотталғандығы бар адамнын қасақана
қылмыс жасауы қылмыстың қайталануы деп танылады(13-бап, 1-бөлігі).
Қылмыстың қайталануын білу үшін бұрын міндетті түрде сот-талғандығы,
бұрынғы істеген қылмысы үшін жазаны толық неме-се ішінара өтеуі, соңғы
қасақана қылмысты істегенде сотталған-дық атағының болуы шарт. Яғни,
қылмыстың қайталануы, көптік қылмыстардың ішіндегі ең қауіпті түрінің бірі.
Қасақана қылмыс істеп, сол үшін сотталып, одан тиісті қорытынды шығармай,
тағы да қасақана қылмыс істеудің өзі мұндай адамдардың мемле-кет, қоғам,
жеке азаматтардың мүддесіне кауіптірек екендігін көрсетеді.
Осыған орай Қазақстан Республиқасы Жоғарғы Сотының 1999 жылы 30
сәуірдегі Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың зандылықты сақтауы
туралы № 1 нормативтік қаулысына сәйкес соттардың назары бұрын сотталған,
бірақ түзелгісі келмейтін адамдарға занда көрсетілген жазалаудың қатаң
шараларының қолданылуы керектігіне аударыдды. Республика Жоғарғы Сотының
жоғарыда аталған қаулысының 2-тармағында соттар Қылмыстық кодекстің
қылмыстың қайталануын (рецидивін) тану кезінде кез келген алынып
тасталмаған немесе бұрын жойылған соттылықгар емес, олардың тек ересек
жастағы жасаған қылмысына байланысты соттылық қана негіз болып табылатынын
ескеруі керек, — делінген.[6]
Бұрын бас бостандығынан айырылуға сотталған адам деп — бұрын занды
күшіне енген сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру жазасы
тағайындалған: түзеу мекемесінде өтеуге жататын, онын ішінде, бұл жазаны ол
адам әтемеген жағдайда да (мысалы, өтеуден құтқарса, ҚҚ-нің 73-бабы
негізінде жазаны өтеуден босатылған жағдайда) ҚҚ-нін 75-бабына сәйкес
үкімнін ескіру мерзімі етіп кетуіне байланысты жазаны өтеуден босатылған
реттерден басқа; шартты түрде (Казак КСР ҚҚ-нің 40-бабы немесе ҚР КК-нің 63-
бабы), үкімді орындауды кейінге калдыру шарасын қолданып (Қазақ КРС КК-
нің41-1, ҚР ҚҚ-нің 72,74-баптары); міндетті түрде енбекке қатыстыру арқылы
(Қазақ ҚСР ҚҚ-нің 23-2-бабы) шартты сотталған адамды санау керек.
Осыған орай бас бостандығынан шартты түрде (Қазақ КСР ҚҚ-нің 40- бабын
немесе ҚР ҚҚ-нің 63-бабын қолдану арқылы) немесе үкімді орындауды кейінге
қалдыру арқылы (Қазақ КСР ҚҚ-інің 41-1-бабы немесе ҚР ҚҚ-нің 72, 74-
баптары) немесе міндетті түрде еңбекке қатыстыру (Қазақ КСР ҚҚ-нін 23-2-
бабы) арқылы айырылған жағдайларда, егер бұл адам сынақ мерзімі ішінде
немесе үкімді орындауды кейінге калдырған мерзім ішіңце немесе шартты
соттылық не кейінге қалдыру шарасы жойылып, сотталған адам үкім бойынша
тағайындалған бас бостандығынан айыру жазаны өтеу үшін тиісті мекемеге
жіберілген кезде жаңа қылмыс жасаса да, оның бұрынғы алынып тасталған
немесе өтелмеген соттылығы қылмыстың рецидивін таныған кезде ескерілуі
тиіс.[7]
Сот үкімі бойынша ҚҚ-нің 43-бабының 4-бөлігінде және 45-бабынын 2-
бөлігіңце көзделген негіздер бойынша (түзеу жұмыстарына бас бостандығын
шектеуге) тағайындалған жаза бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылса,
бүндай адамдарды бас бостаңдығынан айыруға сотталған деп қарауға
болмайды,—деп атап көрсетілген. Яғни бұл жерде қылмыстың қайталануын
анықтаудың маңызының ерекшелектеріне зор мән беріліп отыр. Өйткені
қылмыстың қайталануы соттың мұндай адамдарға қатаңырақ жаза тағайындауына
негіз береді және бұрын сотталған-дығы бар адамдарға заң бойынша ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz