Дамыған елдердің банк жүйесі
Кіріспе
I. Еуропаның жекеленген мемлекеттерінің банк жүйелері
1.1. АҚШ.тың банктік жүйесі
1.2. Ұлыбритания банк жүйесі
1.3. Германия банк жүйесі
1.4. Франция банк жүйесі
II. Азияның жекеленген мемлекеттерінің банк жүйесі
2.1. Жапония банк жүйесі
2.2. Қытай банк жүйесі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Банк жүйесінің маңызды элементі банктер болып табылады. Қазіргі қоғамда банктер әртүрлі операциялармен айналысады. Банктер арқылы халық шаруашылығын қаржыландыру, бағалы қағаздарды сатып алу-сату, кей жағдайларда делдалдық мәмелелер мен мүлікті басқаруға байланысты қызметтер жүзеге асырылады.
Ағылшын Ұлттық жинақ банкінің міндеті: халықтың жинағын қабылдау және мемлекеттік қарызды қаржыландыру, несие бермейді.
Ағылшын банктері қысқа мерзімді несие беруде овердрафтты қолданады. Овердрафтың берілетін мерзімі бірнеше айдан бірнеше жылға созылады, бірақ жылына бір рет несиенің толық қайтарылуын талап етеді. Оведрафтта пайыздық қойылым күн сайын қалған кайтарылмаган сомаға қойылады. Несиенің бұл түрі клиент үшін арзан болып табылады, өйткені әрбір клиент өзінің қолданған сомасына ғана төлейді.
90 жылдардың ортасында Ұлттық банктер өзіндік экономикасы мен мемлекетті қаржыландыруға аз көңіл бөлді, осыған байланысты Ұлыбритания дамыған елдердің қатарында болды.
Тиімді нарық экономикасын құру орталық банк қызметтерінің шегін белгілей отырып, коммерциялық банктердің қызметін ажырататын екі сатылы банк жүйесіндегі несиелік істің жетілдіруін талап етеді. Экономиканың өсуін ынталандыратын, бірақ инфляциялық процесстерге әкелмейтін ақша массасының мөлшерін белгілеу орталық банктің басты қызметін білдіреді. Коммерциялық банктер секторы меншіктің формаларына қарай, капиталды орталықтан басқаруға тәуелді болмай, өзінде бар қаражат көлемін тиімді де ұтымды пайдалану қадамдарын жасауда. Себебі, капиталды дұрыс пайдаланбау, яғни несиелер беру барысына көңіл аудармау коммерциялық банктерді пайдасыздыққа әкелері сөзсіз
Нарықтық экономикалы елімізді дамыған елдердің банк жүйелерінің қызмет ету ерекшеліктерін ескеру қажет екені бәрімізге аян.

1. Российская банковская энциклопедия //Под общ. ред. д.э.н., профессора Лаврушина О.И. - М: ЭТА, 1995 г.
2. Котелкин С.В. Международная финансовая система - М.: Экономист, 2004 г.
3. Смит В. Происхождение центральных банков - М.: Институт национальной модели экономики, 1996 г,
4. Ключников К.Ф. Международные банки развития - М.: 1974 г.
5. Самодурова Н.В. Всемирный банк - М.: Финансы и статистика, 2003 г.
6. Деринг Хани Ульрих Универсальный банк - банк будущего — М..МО, 1999г.
7. Жуков Е. Ф. Деньги, кредит, банки - М.: ЮНИТИ, 1999 г.
8. Ілияс А.Ә., Керімбекова Н.Н. Дамыған елдердің банк жүйесі. – Алматы, 2006

Жоспары
Кіріспе
I. Еуропаның жекеленген мемлекеттерінің банк жүйелері
1.1. АҚШ-тың банктік жүйесі
1.2. Ұлыбритания банк жүйесі
1.3. Германия банк жүйесі
1.4. Франция банк жүйесі
II. Азияның жекеленген мемлекеттерінің банк жүйесі
2.1. Жапония банк жүйесі
2.2. Қытай банк жүйесі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Банк жүйесінің маңызды элементі банктер болып табылады. Қазіргі қоғамда
банктер әртүрлі операциялармен айналысады. Банктер арқылы халық
шаруашылығын қаржыландыру, бағалы қағаздарды сатып алу-сату, кей
жағдайларда делдалдық мәмелелер мен мүлікті басқаруға байланысты қызметтер
жүзеге асырылады.
Ағылшын Ұлттық жинақ банкінің міндеті: халықтың жинағын қабылдау және
мемлекеттік қарызды қаржыландыру, несие бермейді.
Ағылшын банктері қысқа мерзімді несие беруде овердрафтты қолданады.
Овердрафтың берілетін мерзімі бірнеше айдан бірнеше жылға созылады, бірақ
жылына бір рет несиенің толық қайтарылуын талап етеді. Оведрафтта пайыздық
қойылым күн сайын қалған кайтарылмаган сомаға қойылады. Несиенің бұл түрі
клиент үшін арзан болып табылады, өйткені әрбір клиент өзінің қолданған
сомасына ғана төлейді.
90 жылдардың ортасында Ұлттық банктер өзіндік экономикасы мен
мемлекетті қаржыландыруға аз көңіл бөлді, осыған байланысты Ұлыбритания
дамыған елдердің қатарында болды.
Тиімді нарық экономикасын құру орталық банк қызметтерінің шегін
белгілей отырып, коммерциялық банктердің қызметін ажырататын екі сатылы
банк жүйесіндегі несиелік істің жетілдіруін талап етеді. Экономиканың
өсуін ынталандыратын, бірақ инфляциялық процесстерге әкелмейтін
ақша массасының мөлшерін белгілеу орталық банктің басты
қызметін білдіреді. Коммерциялық банктер секторы меншіктің формаларына
қарай, капиталды орталықтан басқаруға тәуелді болмай, өзінде бар
қаражат көлемін тиімді де ұтымды пайдалану қадамдарын жасауда.
Себебі, капиталды дұрыс пайдаланбау, яғни несиелер беру
барысына көңіл аудармау коммерциялық банктерді пайдасыздыққа әкелері
сөзсіз
Нарықтық экономикалы елімізді дамыған елдердің банк жүйелерінің қызмет
ету ерекшеліктерін ескеру қажет екені бәрімізге аян.
Қазіргі уақытта құқықтың өзгеруі, техника-технологияның күннен-күнге
дамуы банктер мен жинақтау мекемелердің арасындағы болған өзгешеліктерін
өшіре бастады, яғни олардың арасындағы бәсекенің де қатая түсуіне ықпал
етті. Бәсекелестік депозиттік жөне активті операцияларын қамтиды.
Коммерциялық банктер қолдану және ипотекалық несие үлесін көбейтеді. Соның
нәтижесінде жинақ мекемелері жаңа жұмыс істеу аяларын іздей бастайды.
Курстық жұмыстың мақсаты: банк жүйесі саласындағы біліктілікті
тереңдету, әр түрлі мемлекеттердің банк жүйелерінің ерекшеліктерінен
мағлұмат беру болып табылады.
Курстық жұмыста дамыған елдердің банк жүйелерінің ерекшеліктерін,
орталық банктері мен коммерциялық банктерінің қызметтері мен ақша жүйелері
қарастырылған.
Курстық жұмыс кіріспе, негізгі бөлімнен, қорытынды және қолданылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1 АҚШ-тын банктік жүйесі
АҚШ-тың Федералды резервтік жүйесінін қалыптасуы мен ұйымдастырылуы
АҚШ банктік жүйесінің негізгі ерекшелігі
АҚШ-тың коммерциялық банктері
АҚШ-тың банктік емес қаржылык мекемелері
АҚШ-тың банктік жүйесі 1776 жылы өзінің тәуелсіздігін жариялаған
күннен бастап пайда болды. АҚШ-та алғашқы банк 1791 жылы құрылған. Ол
Конгрестен ақшаны эмиссиялау құқығын ала отырып, коммерциялық банктердің
бірқатар қызметтерін қатар атқарған.
АҚШ банктік жүйесіне келесі факторлар әсер етті:
1. экономикалық дағдарыстар;
2. мемлекеттің және жергілікті билік органдарының қызметтері.
АҚШ банктік жүйесі мыналардан тұрады:
3. Ұлттық банктер мен штат банктерінен;
4. ФРЖ-не кіретін немесе кірмейтін банктерден;
5. филиалдары жоқ банктерден;
6. американдық банктердің шетелдік филиалдары мен бөлімдерінен.
АҚШ банктік жүйесінің негізгі ерекшелігі оның екі жақты
бағынуында - федералды үкіметке де және жекелеген штаттар
биліктеріне. Әрбір штатта банк ісінің дамуы дербес жүрді, және олар
банктерге чартер (лицензияларды) беріп отырды. 1864 жылы қабылданған Ұлттық
банктік акті Федералды үкіметіне банктік операцияларды лицензиялауға
құқығын береді. АҚШ-тың банкі жүйесінде федералды резервтік банктен басқа
мынадай банктері бар:
1. Коммерциялық банктер.
2. Инвестициялық банктер.
3. Өзара-жинақ банкілері.
4. Банкирлік үйлер.
5. Банктік холдинг -компаниялары.
"Орталық банктің құрылуы туралы" 1913 жылы қабылданған заңға сәйкес, осы
уақытқа дейін жұмыс жасап отырған үш деңгейлі-басқарушылар кеңесінен,
Федералды резервтік жүйеге мүше банктерден тұратын Федералды Резервтік
жүйенің (ФРЖ) негізі қаланды.
ФРЖ-нің құрылымы оның функционалдық кешенін құрайтын 5 буынға бөлінеді:
1. ФРЖ Басқару кешені.
2. Федералды резервтік 12 банк.
3. ФРЖ-ға мүше 6000 коммерциялық банктер.
4. Ашық нарықтағы операциялар жүргізетін федералды комитет.
5. Федералдық кеңес беру кеңесі.
АҚШ-тың ФРЖ-сы басқару және ұйымдастыру қағидаларына қарай басқа дамыған
елдердің орталық банктерінен ерекшеленеді. ФРЖ-ның құқықтық мәртебесі
өзгеше, федералды резервтік банктер үкіметі жөне қаржы министрлігімен тығыз
байланыста болғанымен ол заңды түрде мемлекеттік институт болып табылмайды.
ФРЖ-ның жарғысына сәйкес оның меншік капиталы ФРЖ-ға мүше жеке меншік
коммерциялық банктердің қосқан жарнасынан құрылады.
ФРЖ-ның құрылуы туралы заңда оның мемлекеттік басқару жүйесі тұрғысындағы
тәуелсіздік қағидалары қарастырылады. Бұл қағидалар ФРЖ-ның ұйымдастырылу
және қызмет ету ерекшеліктерін анықтайтын кейбір заңдылықтарда көрініс
тапқан.
ФРЖ-ның қызметі өзінің меншікті ішкі қаражаттары есебінен
қаржыландырылады, мысалы қызметінен алынған табыстарының 80 % қазынаға
тапсырылады. Енді ФРЖ ұйымдастыру құрылымындағы ерекшеліктерге тоқталайық.
1. ФРЖ-нің басқару кеңесі - бұл банктік жүйені басқаратын ең жоғарғы
орган болып табылады. Оның құрамына АҚШ-ның президенті мен ұзақ уақытқа (14
жылға) тағайындалатын (сенаттың келімінен соң) 7 негізгі мүше кіреді. Олар
президенттің рұқсатынсыз қызметінен босай алмайды.
Басқару Кеңесі сенатқа емес ең жоғарғы заң шығарушы орган -Конгрестің
алдында есеп береді. Басқару Кеңесінің мүшелері мемлекеттік ұйымдардың,
резервтік банктердің және ірі өнеркөсіптік, ауыл шаруашылық, сауда және
банктік монополиялардың өкілдерінен сайланады.
ФРЖ-ның Басқару Кеңесі АҚШ Конгресіне ФРЖ-ның операциялары туралы жылдық
баяндамаларын және жылына екі мәрте экономика жағдайы мен ФРЖ-ның ақша
массасы мен несиелерге қатысты мақсатты бағыттары туралы арнайы
баяндамаларын табыс етіп отырады. Басқару кеңесі елдің төлем жүйесінің
үздіксіз қызмет етуін қамтамасыз етеді, сол сияқты тұтыну несиесі
аумағындағы қызметтерді реттеуге бағытталған (жеке несиелеу туралы, тең
несиелік мүмкіндік туралы және тұрғын үй ипотекалары бойынша
ашық ақпараттар туралы) федералдык заңдардың орындалуын қатаң бакылап
отырады. ФРЖ-ның Басқару кеңесі Федералдык резервтік банктердің қызметін
бақылаумен қатар, резервтік банктер мен ФРЖ-ға мүше басқа да резервтік
округтарда, сол сияқты шет елдерде филиалын құруы туралы шешім кабылдайды
және жылына бір рет резервтік банктердің қызметіне ревизия жүргізеді.
1978 жылы ФРЖ-нің Басқару Кеңесі АҚШ-да қызмет ететін шетелдік
банктердің филиалдары мен бөлімшелері үшін жоғарғы шекті пайыз
мөлшерлемесін және резервтік талаптарды белгілеу, федералды резервтік
банктердің оларға несие беру қызметі туралы сұрақтарды шешу, олардың АҚШ
аумағында жүзеге асыратын банктік операцияларын бақылау туралы өкілеттігін
алады.
ФРЖ-ның басқару кеңесінің басты қызметі - ақша-несие саясатын дайындау.
Бұдан басқа бұл Кеңес әр түрлі банктік институттар мен федералды резервтік
банктерге қатысты қадағалау және реттеу қызметтерін де жүзеге асырады.
Кеңестің төрағасы халықаралық валюта - қаржы мәселелері бойынша үкіметтің
осы төңіректегі саясатын ретке келтіріп отыратын Ұлттық кеңес беру
Кеңесінің мүшесі болып табылады.
ФРЖ-ның Басқару Кеңесі ФРЖ-ның ақша-несие саясаты аясында кең
өкілеттіліктерге ие болып келеді:
1. Федералды резервтік банктердің бюджетін бекітеді.
Барлық 12 федералды резервтік банктердің есепке алу мөлшерін бекітеді жөне
қайта қарайды.
ФРЖ-ның ашық нарықтағы операциялары жөніндегі Комитеті арқылы ФРЖ-ның
бағалы қағаздарымен жасалатын операциялардағы саясатын анықтайды.
4. Бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға қатысты барлық талаптарды
реттейді.
2. Ашық нарықтағы операциялар бойынша федералды комитет ФРЖ-ның
құрылғанына 20 жыл болғаннан кейін, 1933 жылы құрылды. Алғашқы жылдары
комитеттің ашық нарықтағы бағалы қағаздармен жасалатын операциялары әр
резервтік банк орналасқан жерде жекеше түрде жүргізіледі.
3. Федералдық кеңес беру кеңесі де 12 адамнан тұрады. Бұл кеңестің
мүшелері I жыл мерзімге федералды резервтік банктерден тағайындалады. ФРЖ-
нің кеңес беру (консультациялық) кеңесінің қызметтері: ақша-несие
саясатына, алтынмен жасалатын операцияларға, банкноттарды
эмиссиялау және шетел банктерінің операцияларына байланысты сұрақтар жайлы
қызмет көрсетеді.
4.ФРЖ операцияларын 12 федералды резервтік банктер жүзеге асырады. Бұл
банктер және олардың 25 бөлімшесі ірі қалаларда орналасқан. АҚШ
аумақтарында ФРЖ-нің құрылуы туралы заңға сәйкес 12 федералды резервтік
округқа бөлінген. Федералды резервтік банктер орталық банктің банкноталарды
эмиссиялау және тағы басқа да қызметтерін жүзеге асырады.
1.2. Ұлыбритания банк жүйесі
Ұлыбритания банк жүйесі бойынша дүние жүзінде дамыған болып табылады.
Ағылшын банктерінің ерекшелігі халықаралық экономикалық қатынастарда қызмет
көрсету саласы жоғарғы деңгейде болғандықтан. Лондон дүние жүзінде банктің
саны бойынша бірінші орын алады; мұнда шетел валюталық нарығы қалыптасқан,
ағылшын банктері халықаралық операцияларды жүзеге асыруда дамыған.
Ұлыбритания банк жүйесі екі деңгейлі болып келеді. Жоғарғы деңгейде -
Орталық банк, төменгі деңгейге - коммерциялық банктер жатады.
Ұлыбританияның орталық банкі - ағылшын банкі - арнайы парламент актісімен
1964 жылы құрылған.

дамыған елдердің қатарында болды. Британдық банк жүйесінің құрылымы
жеткілікті түрде жөне көбінесе ыңғайлы болып келеді. Ол келесі түрдегі
қаржы институттарынан тұрады:
- Англия банкі;
- депозиттік банктер;
- сауда үйлері (акцептік және эмиссиондық);
- шетел банктері;
- есеп үйлері;
- ұлттық жинақ банкі;
- трасталық жинақ банктері;
- құрылыс ұйымдары;
- халықаралық банктік консорциумдар.
Жоғарыда келтірілген банктік ұйымдарды басқаша бөлуге болады, сандық
сапасына қарай бөлек және көтерме. Бөлек банктер -коммерциялық, негізінде
депозиттік, кез келген клиент түріне қызмет көрсетеді. Ақ көтерме банктер
дамыған сауда компаниялары мен қаржы институттарымен ірі істер бойынша
келісім шарт жүргізеді. Іс жүзінде екі түрдегі банктер де ірі операцияларды
жүзеге асырады.
XX ғ. 70 ж. кез келген елдегі сияқты Ұлыбританияда кез келген банк ашу
үшін орталық банктің немесе органдардың келісімі керек болмаған, 1948 жылғы
компаниялар туралы заң бойынша банк ашу үшін тіркелу керек болды. 1979
жылдан бері коммерциялық банктер басқа мекеменің іс - әрекеттеріне тереңнен
араласа бастады, мысалы,
- Қызмет көрсету, бұрын сауда үйлерінің ғана қызметі болған;
- сақтандыру саласына қатысты;
- компанияларды біріктіру;
- несие беру саласы;
- ипотекалық несие нарығында құрылыс ұйымдарымен бәсекеге түсу;
- лизингтік және факторингтік операцияларын жүзеге асырды. Негізгі
коммерциялық британдық банктер жоғары дәрежелі болып саналады. Барлық
американдық коммерциялық банктерге сияқты бұл банктерге де ұзақ уақыт бойы
өз шоттары үшін акциялар мен операциялар және эмиссиялық операциялар
жүгізуге рұқсат берілмеді, олардың биржалық қорға араласуға құқығы
болмаған. Бірақ депозиттік банктерде трасталық операциялар кең көлемде
жүзеге асырылды.
Депозиттік банктер негізінен қысқа мерзімді депозиттік және несиелік
операциялар, есеп жүргізу операцияларын атқарды. Сондықтан негізгі бөлігін
клирингтік банкі құрады, егер клиенттердің екі жақты келісімі болса, онда
клирингтік келісім жүргізеді. Ірі депозиттік, соның ішінде клирингтік
банктердің қатарына, мына банктерді жатқызуға болады: Барклейз, Скотленд
банкі, Ллойдс, Мидленд, Нешнл Вестминстер, Стандарт чартед банкі.
Негізгі жүргізушілердің қатарына - кооперативтік банк, Йоркшир банкі,
Ұлттык Жиро банкі жатады. Бұл банктерде кассаның
автоматтық машиналарымен қолдануы бойынша дамыған. Банктердің арасында
халықтың салымдары бойынша өткір бәсеке жүруде. Осындай жинақтарды көбейту
үшін қызмет көрсету саласын түрлендіреді, сонымен қаржы супермаркетке
айналады.
Депозиттік банктердің қатарына несие саласы дамыған қаржы үйлері
жатады.
Лондонда негізгі қаржы мекемелеріне - депозиттік банктің қатарына
жататын сауда банктері жатады. Бұлар сауда ұжымдарынан пайда болған, олар
келе-келе банктік операцияларды жүзеге асырады. Көне жанұялық банктік үйлер
- сауда банктерінің негізгі бөлігін құрайды.
Сауда Банкі атауымен аталатын банктерінің қызметтері бір-біріне мүлде
ұқсамайды. Клирингтік банктерге қарағанда бұл банктер өздерінің қаржылық
жағдайы туралы есеп беруге міндетті емес, сондықтан көп жылдар бойы жай
дамып отырды. Сауда банктері клирингтік банктерге қарағанда саны жағынан аз
болғанымен көлемді шеңбердегі операциялар жүргізеді, олар:
- үшінші жақтың бағалы қағаздарының эмиссиялық операциясы, екінші
бағалы қағаздар нарығына бақылау жүргізу, американдық инвестициялық
компаниялардың операцияларын;
- Акцептік үйлердің акцептік несие операциясы Акцептікке: Гамброс
банк, Хилл, т.б. (35 түрі бар).
Қаржылық инжиниринг, қаржы проблемаларын шешу, қозғалмалы мүлік
операцияларын, халықаралық проект, фирмалардың бірігуі кезінде жүргізетін
операция.
Осы операцияларды жүргізе отырып сауда Банктері Еуропа нарығындағы
капиталы тұрақты орынды иеленді.
Коммерциялық банктер - ірі несиелік операцияларды жүзеге асыратын
коммерциялық банктердің бірігуі. Бұл банктер мамандандырылған көпұлттық
қарыз берушілерді иеленеді. Негізінде бұл банктер әлемнің жүргізуші
банктерінің іскерлік іс-әрекетінің қатысуымен пайда болған.
Ұлыбританияның қаржылық спецификалық мекемелері - есеп (немесе
дисконттық) үйлер болып табылады. Алғашқылары 1825 жылы пайда болған.
Алғашында жеке мекеме болған Англия банкі рыноктың жағдайымен және қорғаныс
жағын ойлап кәсіпорындардың вексельдерін қайта есептеумен айналыспауды
шешті. Сол кезде қаржы бөлімдерінің Вексельдік Брокерлер деп аталатын бір
қатары осы бағалы қағаздарды есепке алуды өз қолдарына алды. Кейініректе
бұлар мемлекеттің апталық аукционда шығарылатын вексельдерді сатып алатын
ірі есеп үйлеріне айналды.
90 жылдан бастап Англяда көптеген бірігу мен бөлінуден кейін 9 есеп
үйлері негізделеді, бұлар барлық операциялардың 50 пайызын атқарады.
Ірі британдық несиелік жүйенің негізгілерінің бірі - құрылыс ұйымдары.
Біріншілері 18 ғасыр аяғында тұрғылықты халықтың өздерінің тұрғын үйлерін
салудағы құрылысты қаржыландырумен пайда болған. Қазіргі күнде құрылыс
ұйымдары бірмезгілде тұрғын үйге ипотекалық несие беретін жинақ банктері
мен организациялардың қызметін атқарды. 1994 жылы олардың саны 84 болған.
Ең ірілері: Галифакс, Нешнцайд, Вулвич.
Жинақ банктері. Көне Ұлыбританияда мұндай екі мекеме болған: а)
трасталық - жинақ банкі, бұл банктік ТСБ холдингімен (әлемдегі ірі жинақ
мекемесі). Ұлттық жиробанк, мемлекеттік ведомстволар мен жергілікті басқару
органдары жергілікті халықпен есеп-айрысу кезінде ұлттық жиробанктің қызмет
көрсетуін пайдаланады. Бұл банк мемлекеттік болып табылады.
1.3. Германия банк жүйесі
Германияның бүгінгі банк жүйесінің құрылымы бірден қалыптасқан жоқ.
1875 жылы наурыз айында Прусск банкісінің негізінде Райхсбанк құрылып, оған
райхсканслер, банк президенті және банк басқармасы жетекшілік жасаған. 1924
жылы қабылданған заңға сәйкес Райхсбанк Үкіметтен бөлініп шықты.
1933 жылы Үкіметтен ұлтшыл-социалистердің келуімен Германияда Орталық
банктің Үкіметке бағынуы біртіндеп қайта қалпына келтірілген.
1939 жылы қабылданған Райхсбанк туралы арнайы заң банкті
райхсканслерге толық бағынышты етті. Райхсбанк және оның еншілес
институттарының фашистері ешқандай да материалды қамтамасыз етілмеген
басқыншылық маркаларды өздерінің аумақтарында шығару үшін пайдаланды.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін кеңес басқыншылығының аймағында
Райхсбанктің қызметі тоқтатылды, ал батыс аумақтарда екі сатылы банктік
жүйе енгізілді.
Германияның әр жерлерінде бұрынғы Райхсбанк бөлімдері
ізінде орталық банктер құрылып, олардың қызметі 1948 жылы ақпан айынан
бастап, Немістің жер банкілерінің тәжірибелеріне сүйене отырып
жүзеге асырылды.
1957 жылы қабылданған Немістің федералды банкі (Бундесбанк) туралы заң
негізінде орталық банктер Бундесбанктің бас басқармалары бола отырып,
бірқатар ұйымдастырылу дербестігіне қол жеткізді.
Немістің федералдық банкі Бундесбанк - Германияның орталық банкі болып
табылады. Ол Франкфурт-на-Майнедегі орталық басқармасы мен 9 жергілікті
орталық банктерден (1992 жылға дейін он бір болған) және 200 бас
бөлімшелері мен филиалдарынан тұрады.
Федералдық банктің компетенциясы мен міндеттері жайлы арнайы заң жұмыс
жасайды. Федералдық банк капиталы мемлекетке тиесілі болғандықтан, ол
мемлекеттік банк болып саналады. Федералдық банк өзіне берілген құқықтарына
сай федералдық үкіметтің нұсқауларын орындауға міндетті емес. Ол тек
федералдық үкіметке экономикалық саясат облысында көмек береді. Банктің
орталық Кеңесі мен федералдық үкімет арасындағы өзара ынтымақтастық, көбіне
ақша-несие саясатына федералдық банк президентінің араласуына байланысты
қалыптасқан. Ал федералдық үкімет өз жағынан банктің орталық Кеңесінің
барлық мәжілістеріне қатынаса алады. Оның дауыс алу құқығы жоқ, бірақ та
кейбір кеңес шешімдеріне өзінің өтінішін жасай алады.
Шетелдің басқа да орталық банктері сияқты немістің федералдық банкі
банкнотты шығаруға монополиялық қүқыққа ие болуымен қатар валютаның
түрақтылығын қамтамасыз етуге міндетті. Осы мақсатта федералдық банктің
ақша айналымын реттеу жөне экономиканы несиелеу мүмкіндігі бар.
1с жүзінде Бундесбанк Үкіметтің экономикалық саясатын жүргізгенімен де
ол заңды түлға болып саналады. Несиелік мекемелер үшін, ол сонғы сатыдағы
қайта қаржыландыру көзі немесе банктердің банкісі болып табылады.
Германиядағы банктік жүйенің басты буынын коммерциялық банктер құрайды.
Оларды ең бастысы, үлкен әмбебаптық дәрежелері ажыратып тұрады. Іс жүзінде
олар айналыспайтын банктік операциялар жоқтың қасы десе де болады. Олардың
үлесіне Германияның несиелік институттары жүзеге асыратын операциялардың
жалпы көлемінің бөлігі тиеді.
Бүгінгі таңда Германияда жоғарғы деңгейде бақылау ұйымдастыру жүйесі
қалыптасқан. XIX ғасырдың соңына қарай ірі акционерлік банктер үшін арнайы
есепке алу енгізілген. Бақылау бойынша банк заңдылықтарының жетілдірілуіне
экономикалық дағдарыстар ықпал етті. 1929-1933 жылдары Дүниежүзілік
дағдарыстан соң, Германия, банктік аяға қойылатын бақылауды күшейтті. Сол
уақыттарда алғашқы мемлекеттік бақылау ұйымдары құрылды. 1961 жылы
қабылданған Несие жүйесі туралы жаңа заң несиелік жүйеге қадағалау жасайтын
арнайы құрылған Федералдық ведомствоға бақылауды жүзеге асыруды жүктеді.
Ақша айналымы капиталын үздіксіз қамтамасыз ету, өнеркәсіптік
кәсіпорындар мен жеке шаруашылықтарды қаржыландыру, қаражат жинақтаудың
кеңейтілген мүмкіндіктері банктердің маңызды мәселелерінің біріне айналуда.
Есеп айырысу және басқа қызметтерге қарағанда несиелік қызметі бойынша
банк көбіне тәуекелге барады. Банктердің маңызды
міндеттеріне несиелік тәуекелді басқарумен қатар, несиелерді берілу
мерзімдеріне қарай трансформациялау жатады. Салым иелерінің
көпшілігі өздерінің капиталдарын қысқа мерзімге салғанды тиімді санайды. Ал
экономикадағы күрделі қаржыны қаржыландыруды өз кезегінде ұзақ мерзімді
капитал жұмсалымын талап етеді. Сондықтан банктер капиталдың әр түрлі
мерзімдерде берілуін ыңғайластырып отыруға тиісті.
Сонымен қатар банктердің келесі бір міндеті-берілетін капитал
шамаларының өзара сәйкес келуіне көңіл аудару болып табылады.
Несиені тәуекелдік дәрежесіне, берілу мерзіміне және шамасына қарай
трансформациялау банктердің негізгі қызметін білдіреді.
Банктердің келесі бір маңызды қызметіне ақша айналымын
ұйымдастыру жатады.
Германия банктік жүйесінің өнеркәсібі жағынан дамыған басқа елдердегі
банк жүйелерімен салыстырғандағы ерекшелігі оның құрылымында жұмыс істейтін
әмбебап несиелік мекемелердің басым болуынан көрінеді.
Германиядағы 4000-ға жуық жұмыс жасайтын несиелік мекемелер, олардың
қызметінің түрлеріне қарай әмбебап және мамандандырылған
немесе олардың құқықтық формаларына байланысты жеке не қоғамдық-құқықтық
несиелік мекемелерге бөлінеді.
Жеке коммерциялық банктер секторы 350-ге жуық немесе 7000-
нан астам филиалдарын және 200 мыңдай қызметкерді қамтиды. Бұл секторға
үш ірі банк, 200-дей аймақтық банктер, 80 жеке, 60-қа жуық шетел
банктерінің филиалдары кіреді.
Жеке комммерциялық банктердің ортақ маңызды белгісі-қысқа мерзімді
несиелік келісім істерімен айналысу. Соңғы кездері ұзақ мерзімде несие беру
көлемі де артып келеді. Әсіресе, жеке коммерциялық банктер бағалы
қағаздарға күрделі қаржы жұмсау саласында кеңес беру, мүлікті басқару
барысында қарқындылық танытуда. Шамамен, тұрақты пайызды бағалы қағаздардың
барлығының инвестициялық сертификаттар және акциялар - осы жеке банктердің
бағалы қағаздарына арналған депо шотында болып табылады. Сауда-саттық
қатынастарындағы төлем есеп айырысуларын орындаудағы және шетелмен
капиталдар айналымы төңірегіндегі жеке банктердің қызметі өте маңызды.
Үш ірі банк: Дойчебанк, Дрезднербанк және Коммерцбанк (1871 жылы
империя тұсында ірге тасы қаланған) немістің белгілі және ірі несиелік
мекемелерін құрайды. Осы үш банк те акционерлік қоғамдар негізінде
құрылған. Әр банктің 200000-нан 300000 дейін акционерлері бар, олардың
бөлігін банктің қызметкерлері алады.
Бұл банктер кең көлемде қызметтер көрсететін әмбебап банктер болып
табылады. Әсіресе, сыртқы сауданы қаржыландыруда, эмиссиялық келісім-
істерде және клиенттердің бағалы қағаздарын басқару саласында бұл
банктердің маңызы жоғары.
1.4. Франция банк жүйесі
1800 жылы Наполеонның жарлығы бойынша жеке акционерлік қоғам ретінде
құрылды. 1848 жылы 9 банк және түрлі Франция парламенттері Франция банкіне
қосылған еді және де банктің 38 конторларынан басқа қазіргі уақытта 100 ден
аса конторлары, бөлімдері бар.
Францияда банк 8 бас директорлардан тұрады. Банк мемлекеттік қарыздарды
басқаруға қатысады, бірақ оған мемлекеттік несиелік институттарынан басқа
мемлекеттік қазынаның, сонымен бірге мемлекеттік мекемелерге немесе
кәсіпорынға несие беруге құқы жоқ.
Франция банкі пайда болған кезден бастап басқа елдің орталық банкінің
қызметінен басқа қызметтерді жүзеге асырады.
Франция банк жүйесі басында франциялық Орталық банкі түрінде Франция
Орталық Банкі 1993 жылдан бастап белгілі бір дәрежедегі тәуелсіздікке ие
болды. Оның тәуелсіздігі мыналармен қамтамасыз етіледі. Үкіметтің жалпы
экономикалық саясатында бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін - ақша
несие саясатын анықтаумен жүргізу жауапкершілігімен және оның басшылығының
коллекциялық заң бойынша банктің басқарушысы республика президентіне және
парламентке жылына 1 рет банктің операциялары ақша-несие саясатымен оның
перспективалары туралы есеп беруі.
Ақша - несие ақша-несие саясаты негізгі құрамы пайыздық ставкаларды
реттеу. Олардың динамикасы тікелей франктің валюталық бағасына және
айналыстағы ақша сомына әсер етеді.
Франктің айырбас бағасы режимінің және паритетін үкімет орнатады. Ал
орталық банк мемлекеттік атынан жөне экономика қаржы министрлігі
қалыптастыратын валюталық саясатын жалпы бағыт аралас франк пен метал
валютасына қатынасын реттейді.
Франция орталық банкінің негізгі басқару органдары:
1. Ақша - несие саясаты бойынша кеңес.
2. Бас кеңес.
Ақша-несие саясаты бойынша кеңес - ақша несие саясатын жасау 1941-1945
жылғы заңға сәйкес барлық банктер клиенттерге қызмет көрсетуге берілген
несиенің ұзақтығына байланысты келесідей бөлінеді:
1 - Депозиттік - 2 жылға дейінгі салымдарды қабылдайтын банк.
2- Іскерлік - бағалы қағаздармен ұзақ мерзімдегі операцияларға
мамандандырылған, фирмаларды біріктіруге, сатып алуға байланысты қызмет
көрсету, жылжымайтын мүлікпен операцияларды және басқа да операцияларды
жүзеге асыру. Сонымен қатар американдық инвестициялық банктерден
ерекшелігі, көбінесе бағалы қағаздармен операцияларды жүргізеді,
Франция банкі кең инвестициялық
операцияларды жүзеге асырды.
- ұзақ және орта мерзімді несие банктері - 2 жыл мерзімнен аз
болмайтын мерзімге несие беру және төлем айналым қызметін
көрсетеді, Француз банктерінің классификациясын шартты түрде 9
негізгі топты бөледі:
1. топта, 3 ірі көп филиалды Француз банктері біріктіреді.
2. топқа, жеткілікті 20 ірі универсалды мекемені қосқан.
3. топқа, орта және кіші көлемдегі 26 банк біріктірілген, бұл бір несие
бірнеше аймақта универсалды іс-әрекетті жүргізетін банктер.
4. топқа, 3 топқа қарағанда іс әрекетінің көлемінен ерекшелінетін
жергілікті 40 банктер кіреді.
5. топқа, 60 мамандандырылған банктер.
6. топқа, кассалық банктер ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz