Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту ерекшеліктері
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту ерекшеліктері
1.1. Қабілетті қалыптастыру жолдары
1.2. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау ерекшеліктері
1.3. Ойлау формалары
2. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту жолдары
2.1. Оқыту барысында балалардың ойлау процесін дамыту
2.2. Шығармашылық тапсырмаларды балалардың ой өрісін дамытуға колдану
2.3. Ойлау процесінің даму деңгейін анықтау және дамыту әдістемелері
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ
Адамның барлық нағыз адамдық қасиеттері өз өміріне тәлім-тәрбие нәтижесінде қалыптасады.
Бастауыш сынып оқушыларының таным процестері дамуына оқытудың тигізетін әсері өте үлкен. Дамыта оқыту проблемалары 18 ғасырдан бері зерттелуде. Швейцар ғалымы И.Г.Песталоцци оқу барысында балалардың қабылдау және еске сақтау қабілетін дамыту проблемасын зерттеуді бастаған. Бұл идеяны К.Д.Ушинский, Л.С.Выготский жалғастырған. Д.Б.Занков дамыта оқытуға қазіргі технологияларды қолданып, жалпы ақыл-ойды дамыту жолдарын анықтаған. Қазіргі бастауыш мектеп бағдарламасы барлық таным процестерді жедел дамыту жолдарын ескере отырып жасалған оқулықтар мазмұны ойлауды дамытуға үлкен үлесін қосады. Дегенмен осы проблеманы шешу үшін әр мұғалім ойлау қабілетінің ерекшеліктерін, оны дамыту жолдарын толық түсінуі қажет. Балалардың осы ерекшеліктеріне жан-жақты түсіну үшін бітіру жұмыс тақырыбын «Бастауыш сынып оқушыларының қабілетін дамыту ерекшеліктері» деп анықтадық.
Осы тақырыпты зерттеу мақсатының бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамытуға әсерін тигізетін тәсілдері анықтау деп белгіледік. Зерттеу міндеттерін келесі түрде анықтадық:
1. Ойлау қабілеті туралы ұғымды анықтап бастауыш сынып оқушылары ойлау процесінің ерекшеліктерінің ғылыми-теориялық негіздерімен танысу.
2. Бастауыш сынып оқушылары ойлау процесінің дамытуға халық педагогикасы мен психологиясы элементтерін қолдану ерекшеліктерін зерттеу.
3. Ойлау процесті дамытуға шығармашылық тигізетін әсерін көрсету.
Осы анықталған мақсат пен міндеттерді орындау үшін қабілеттің анықтамасы және ерекшеліктеріне сүйене отырып, ойлау қабілетті дамытуға әсерін тигізетін жағдайларды анықтау арқылы, ойлауды дамыту жолдарын зерттедік. Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдап және озық тәжірибелі мұғалімдердің мақалалары мен дидактикалық материалдарымен танысып, оның біршамасын бітіру жұмыста қолдандық.
Жиналған материалдарды логикалық жүйеге келтіріп бітіру жұмысының құрлысын анықтадық. Ол кіріспе, екі тарау, қорытынды және пайдаланған әдебиеттерден тұрады.
Кіріспеде тақырыптық актуалдылығы дәлелденіп, міндет-мақсаттары анықталды.
Бірінші тарауда қазіргі ғалымдар Д.Б.Занков, М.И.Махмұтов, Б.Тұрғынбаева, В.В.Давыдов, Б.М.Теплов т.б. қабілет табиғаты, бастауыш сынып оқушылырының ойлау ерекшеліктері және оның формалары: ойлау қабілетін дамытуға әсерін тигізетін себептер талданған.
Екінші тарауда оқыту барысында бастауыш сыныпта ойлау процесін дамытуға халық ауыз әдебиеті элементтерін, шығармашылық тапсырмаларды, дидактикалық ойындарды қолданудың тигізетін әсері талданған. Қортындыда ойлау қабілетін дамыту ерекшеліктерін оқу процесінде қолдау туралы нұсқалар жасаған.

Әдебиеттер тізімі:
1. Айтмамбетова Б.Р., Керимов Л.К. Оқыту әдістері. Алматы, 1992.
2. Абрамова Г.С. Практическая психология. М., 2001.
3. Битянова М.Р. Практическая психология. М., М., 1997.
4. Бірмағамбетов Э. Бастауыш сынып пәндерін оқыту. «Бастауыш мектеп». 1999, 6.
5. Венгер А.Л. Схема индивидуального обследования детей школьного возраста. М., 1999.
6. Базыкеева Г. 10 санның құрылымын оқыту. «Бастауыш мектеп», 1999, 6.
7. Гильбух Ю.З. Внимание: одаренные дети. М., 1991.
8. Гатаулин Г.Ф. Сабақ түрлері және оның құрылымы. «Бастауыш мектеп», 1998, 5.
9. Крутецкий А.В. Жас және педагогикалық психология. Алматы, 1979.
10. Қоянбаев Ж.Б. , Қоянбаев Р.М. Педагогика. Астана, 1999.
11. Қыдыршаев А. Балалардық жас ерекшеліктерін ескеру. «Ұлағат», 2000, 1.
12. Немов Р.С. Психология. В 3 томах. М., 1995.
13. Махмутов М.И. Развивающее обучение. М., 1976.
14. Мухина В.С. Детская психология. М., 1990.
15. Мухина В.С. Изучение особенностей детской психологии. М., 1990.
16. Манасбаева Қ. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері. «Бастауыш мектеп», 1999, 2.
17. Овчарова Р.В. Детская психология. М., 1999.
18. Ордабекова Г. Дидактикалық ойындарды қолдану. «Бастауыш мектеп», 1997, 3.
19. Психологические тесты . М., 2002.
20. Психологические методы. Под ред. А.А.Бодалева. Ленинград, 1997.
21. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образолвании. М., 1995.
22. Сәрсенғалиева Т., Дүтбаева Қ. Табиғатпен таныстыруда өткізілетін дәстүрден тыс сабақ. «Бастауыш мектеп», 1998, 5.
23. Тұрғынбаева Б. Бастауыш кластар үшін ұсынылатын үлгі тақырыптар. Алматы, 1993.

ПІКІР
Бастауыш сынып оқушылары жас кезеңі баланың барлық қабілеттерінің
нышаны ашылып, ойлау процесінің көрініс беретін шағы. Бұл жұмысты сынып
мұғалімдер мен мектеп психологі ұйымдастырады. Мектеп психологі
психодиагностикалық зерттеулер жүргізіп, таным процестерінде ақаулықтар бар
балаларға дер кезінде көмек көрсетсе, осы жұмысты ғылыми-әдістемелік
негізделген тұрғыда ұйымдастыруса, балалардың ішінде нашар дамығаны сирек
кездеседі. Осы тұрғыдан қарағанда _________________ дипломдық жұмысының
тақырыбы көкескесті проблемалардың бірін зерттеуге арналған.
Диплом жұмысы кіріспе, екі тарау, алты параграф, қорытынды және
әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде диплом жұмысы тақырыбының
актуалдылығы дәлелденіп, зерттеу мақсаты мен міндеттері, қолданылған ғылыми
зерттеу әдістемелері анықталған.
Бірінші тарауда қабілет анықтамасына сүйене отырып осы қасиетті
қалыптастыру жолдары көрсетілген. Сонымен қатар психологиялық қызмет
көрсету барысында балалардың ойлау ерекшеліктерін анықтау, оны
нормативтермен салыстырып барлық формаларының көрініс беру ерекшеліктерін
қадағалаудың қажеттілігі дәлелденген.
Екінші тарауда ойлау процесін оқыту барысында дамытуға ұлттық ойындар
элементтерін қолдану туралы ұсыныстар жасалған. Балалардың ой өрісін
дамытуға психологиялық шығармашылық тапсырмаларды орындатудың және
логикалық ойлауды қалыптастырып, оның даму деңгейін зерттеуге қолданылатын
әдістемелер көрсетілген.
Зерттеу нәтижесінде оқушылардың логикалық ойлауы дамиды және танымдық
қызығушылығы асады деп қорытынды жасап, шығармашылық тапсырмаларды қолдану
жолдарын анықтаған.
Қорытындыда зерттеу барысында мектеп психологиялық қызметінің бастауыш
сынып оқушыларының ойлау процестерін дамытуға арнайы тәсілдерді қолдану
қажеттілігін көрсете отырып, ұлттық ойындар, мақал-мәтелдер және
шығармашылық тапсырмалардың қосатын үлесін нақты анықтаған.
____________________ дипломдық жұмысы теориялық және әдістемелік
жағынан талаптарға сай орындалған студенттің дербес жүргізген
зерттеулерінің нәтижесі болып табылады. Ол тақырыпты толық ашып, алдына
қойған зерттеу міндеттерін толық орындады және өзінің психологиялық
қызметті орындауға даярлығын көрсетті.
Дипломдық жұмыс талаптарға сай орындалып, көркемделінген. Оны қорғауға
ұсынуға және жоғары бағалауға болады.
ПІКІР
Бастауыш сыныптарда оқушыларыдың шығармашылық қабілетін дамытып, ойлау
процестеріне әсерін тигізетін әдіс-тәсілдерін қолданудың ролі өте үлкен.
Бұл жұмысты сынып мұғалімдер мен мектеп психологтары қосылып ұйымдастырады.
Мектептері психологиялық қызметтің мүмкіншіліктері өте мол.
Психодиагностикалық зерттеулер жүргізіп, таным процестерінің даму деңгейін
дер кезінде бағалап отыру арқылы балаларды дамыта оқыту мәселелерін тиімді
шешуге мүмкіндік береді. Сондықтан Пернебаев Нұрболдың дипломдық
зерттеуінің тақырыбы барлық уақытта актуалды проблемалардың бірі.

әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде диплом жүмысы тақырыбының

Бірінші тарауда қабілет анықтамасына сүйене отырып осы қасиетті зерттеу
тарихы, оны қалыптастыру жолдары көрсетілген. Мектеп психологиялық
қызметінің балалардың ойлау ерекшеліктерін анықтауға, оны нормативтермен
салыстырып барлық формаларының көрініс беру ерекшеліктерін қадағалаудың
қажеттілігі дәлелденіп, дамыту жолдары көрсетілген.

Зерттеу нәтижесінде оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға және
танымдық қызығушылығы асыруға мүмкіндіктер мол деп қорытынды жасап,
шығармашылық тапсырмаларды қоладыну жолдарын анықтаған.

_________________ дипломдық жұмысы теориялық және әдістемелік жағынан
талаптарға сай орындалған студенттің дербес жүргізген зерттеулерінің
нәтижесі болып табылады. Ол тақырыпты толық ашып, алдына қойған зерттеу
міндеттерін толық орындады және өзінің психологиялық қызметті орындауға
даярлығын көрсетті.
Дипломдық жұмыс талаптарға сай орындалып, көркемделінген. Диплом
жұмысын жоғары бағалауға болады деген ұсыныс айтамын.
Мазмұны
Кіріспе
1. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту ерекшеліктері
1.1. Қабілетті қалыптастыру жолдары
1.2. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау ерекшеліктері
1.3. Ойлау формалары
2. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту жолдары
2.1. Оқыту барысында балалардың ойлау процесін дамыту
2.2. Шығармашылық тапсырмаларды балалардың ой өрісін дамытуға колдану
2.3. Ойлау процесінің даму деңгейін анықтау және дамыту әдістемелері
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Адамның барлық нағыз адамдық қасиеттері өз өміріне тәлім-тәрбие
нәтижесінде қалыптасады.
Бастауыш сынып оқушыларының таным процестері дамуына оқытудың тигізетін
әсері өте үлкен. Дамыта оқыту проблемалары 18 ғасырдан бері зерттелуде.
Швейцар ғалымы И.Г.Песталоцци оқу барысында балалардың қабылдау және еске
сақтау қабілетін дамыту проблемасын зерттеуді бастаған. Бұл идеяны
К.Д.Ушинский, Л.С.Выготский жалғастырған. Д.Б.Занков дамыта оқытуға қазіргі
технологияларды қолданып, жалпы ақыл-ойды дамыту жолдарын анықтаған.
Қазіргі бастауыш мектеп бағдарламасы барлық таным процестерді жедел дамыту
жолдарын ескере отырып жасалған оқулықтар мазмұны ойлауды дамытуға үлкен
үлесін қосады. Дегенмен осы проблеманы шешу үшін әр мұғалім ойлау
қабілетінің ерекшеліктерін, оны дамыту жолдарын толық түсінуі қажет.
Балалардың осы ерекшеліктеріне жан-жақты түсіну үшін бітіру жұмыс тақырыбын
Бастауыш сынып оқушыларының қабілетін дамыту ерекшеліктері деп анықтадық.
Осы тақырыпты зерттеу мақсатының бастауыш сынып оқушыларының ойлау
қабілетін дамытуға әсерін тигізетін тәсілдері анықтау деп белгіледік.
Зерттеу міндеттерін келесі түрде анықтадық:
1. Ойлау қабілеті туралы ұғымды анықтап бастауыш сынып оқушылары ойлау
процесінің ерекшеліктерінің ғылыми-теориялық негіздерімен танысу.
2. Бастауыш сынып оқушылары ойлау процесінің дамытуға халық
педагогикасы мен психологиясы элементтерін қолдану ерекшеліктерін зерттеу.
3. Ойлау процесті дамытуға шығармашылық тигізетін әсерін көрсету.
Осы анықталған мақсат пен міндеттерді орындау үшін қабілеттің
анықтамасы және ерекшеліктеріне сүйене отырып, ойлау қабілетті дамытуға
әсерін тигізетін жағдайларды анықтау арқылы, ойлауды дамыту жолдарын
зерттедік. Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдап және озық тәжірибелі
мұғалімдердің мақалалары мен дидактикалық материалдарымен танысып, оның
біршамасын бітіру жұмыста қолдандық.
Жиналған материалдарды логикалық жүйеге келтіріп бітіру жұмысының
құрлысын анықтадық. Ол кіріспе, екі тарау, қорытынды және пайдаланған
әдебиеттерден тұрады.
Кіріспеде тақырыптық актуалдылығы дәлелденіп, міндет-мақсаттары
анықталды.
Бірінші тарауда қазіргі ғалымдар Д.Б.Занков, М.И.Махмұтов,
Б.Тұрғынбаева, В.В.Давыдов, Б.М.Теплов т.б. қабілет табиғаты, бастауыш
сынып оқушылырының ойлау ерекшеліктері және оның формалары: ойлау қабілетін
дамытуға әсерін тигізетін себептер талданған.
Екінші тарауда оқыту барысында бастауыш сыныпта ойлау процесін дамытуға
халық ауыз әдебиеті элементтерін, шығармашылық тапсырмаларды, дидактикалық
ойындарды қолданудың тигізетін әсері талданған. Қортындыда ойлау қабілетін
дамыту ерекшеліктерін оқу процесінде қолдау туралы нұсқалар жасаған.

Адамның қоршаған орта ерекшеліктеріне икемделу, білім мен іскерлікті
меңгеру оның қабілетіне байланысты. Қабілет дегеніміз адамның білімді,
іскерлікті тез және сапалы меңгеруі. Жаңа туған баланың қоршаған ортаны,
өзін-өзі танып білуге қабілетінің нышандары генотипінде болады. Осы
нышандар қасиетке айналу үшін бала адамдар арасында өсіп, күнделікті
тіршілік барысында қарым-қатынас жасауға, қоршаған ортада өзін емін-ерік
сезінуге негіз болады. Барлық адамға тән іс-әрекет түрлеріне адамның
қабілеті өз өмірінде қалыптасады.
Бастауыш сыныпта оқыту барысында баланық білім мен қабілеттілігін
қалыптастырады. Қазіргі мектептегі дамыта оқыту баланың таным процестерін
дамытып, барлық іс-әрекет түріне қабілеттілігін қалыптастыруға үлкен ықпал
жасайды. Оқу барысында баланың танымдық қабілетін дамыту жолдарын зерттеген
И.Г.Песталоцци, К.Д.Ушинский, Д.Б.Занков, М.И.Махмутов, Б.Тұрғынбаева,
К.Бозжанова т.б. ғалымдар осы проблеманы жан-жақты зерттеген. Б.М.Теплов
қабілет табиғаты және оны қалыптастыру жолдарын анықтаған.
Қабілеттің дамуына әсерін тигізетін факторлар өте көп. Олардың
әрқайсысының тигізетін әсері өте мол.
Қабілеттің ойдағыдай дамуы адамға тиісті білім жүйесінің, икемділік пен
дағдының болуына байланысты. Мәселен, оқушыда техникалық қабілеттің
ойдағыдай дамуы үшін техникалық конструкциялардың құрылысын жақсы білуі,
оны тәрбие жүзінде пайдалана алуы қажет. Баланың білімі тереңдеп,
икемділігі артып, дағдысы көбейе түссе, онық қабілеті де ойдағыдай (дамуы
үшін) дамып отырады. Мәселен, кейбір мұғалімдер өз оқушыларының үлгеріміне
көңілі онша тола қоймайды. Ол өз оқушысының бар мүмкіндігімен жұмыс
істемейтіндігін айта келіп, егер ол сабаққа бар ынтасымен кірісетін болса,
бұдан да гөрі жақсы оқи алар еді-ау деп қынжылады. Бұл жерде мұғалім
қолынан істесе, іс келетін, дағдыға тез машықтанғыш баланың, қажырлы
әрекетке бостын жөнді ұсына алмағандықтан, қабілетін жөнді көрсете алмай
отырғанын айтып отыр.
Оқу-тәрбие процесінде қабілет, білім, дағды, ептілік сияқты
психологиялық ұғымдарды өз мәнінде түсіне алмау мұғалімдерді педагогикалық
қателерге ұшыратуы да мүмкін. Мұны дәлелдейтін мысалдар көп. Сурет
академиясына оқуға келген Суриковтың арнаулы қабілеті ерте көрінгенмен де,
сурет салуға қажетті дағды мен білімі болмаған. Сондықтан да ол академияға
қабылданбаған. Академияның мұғалімдері Суриковтың сурет өнеріне тиісті
білімі мен дағдысының жоқтығына қарап, оның зор қабілеттілігін көре алмай,
үлкен қате жіберген. Кейін ол өзінің зор қабілетінің арақасында сурет
өнеріне қажетті білім мен дағдыны екі-үш ай ішінде меңгереді де, академияға
түсуге право алады.
Бұл мысалдар академиялардың Суриков жөніндегі пікірлері қате
болғандығын аңғартады. Бұл мысалы адамның қабілеттілігін білімі мен
икемділігі, дағдыларды тез меңгеруге жағдай туғызатынын, сондай-ақ
балалардың қабілеттерін дұрыс байқай алып, онымен санасып отырудың
қажеттілігіне мұғалімдердің зер салуын керек етеді.
Кез-келген адамның екі-үш түрлі іс-әрекетті атқаруға бейімділігі
болады. Бұл – адам қабілетінің жалпы түрі, өмір сүруі мен тіршілік етуге
деген икемі және әрекетшіл көрінісі. Адам әрекетсіз, еңбексіз ешқандай іс
тындыра алмайтын болса, ол өмір сүре алмас еді. Жалпы қабілет адамның жеке
басының әрекетімен байланысты түрде жүзеге асады. Адамның даралық
ерекшеліктерінен оның арнаулы (түрі) қабілеті де аңғарылады. Қабілеттің
арнаулы түрі белгілі бір істі үздік орындаудан, оған деген ықылас-ынтадан,
дағды мен икемділіктен айқын көрінеді.
Адамның істеген ісі мен әрекетін бағалап көрмей тұрып, оны сол іске
қабілетті не қабілетсіз деп келіп айтуға болмайды.
Қабілет негізінен екіге бөлінеді. Адамның ақыл-ой өзгешеліктерінің жеке
қасиеттерін көрсететін кез келген адамнан табылатын қабілет жалпы қабілет
деп аталады. Ақылдың орамдығы мен сыншылдығы, материалды еске тез қалдыра
алу, зейінділік пен бақылағаштық, зеректік пен тапқырлық т.б. осы секілді
ақыл-ой әрекетінде көрінетін өзгешеліктер жалпы қабілет болып табылады.
Іс-әрекеттің және салаларында ғана көрініп, оның нәтижелі орындалуына
мүмкіндік беретін қабілетті арнаулы қабілет деп атайды. Бұған суретшінің,
музыканттың, актердің, спортшының, математика - ғалымның, ақын-жазушының
қабілеттерін жатқызуға болады. Соңғы кездері кейбір зерттеушілер қабілеттің
үшінші түрі деп практикалық іске қабілеттілікті айтып жүр. Бұған
ұйымдастырушылық, педагогтық, конструктивті-техникалық қабілеттерді
жатқызады. Қабілеттердің осы түрлері іс-әрекеттің басты сапаларына орайлас
бөлінеді.
Адам қабілетінің дамуы қоғамның дамуына, оның әлеуметтік сипатына
ғылыми-техникалық прогреске байланысты болып отырады.
Адамдардың қабілетінде және адамға тән айырмашылықтар да болады, яғни
іс-әрекет нәтижесі әр адамда әр түрлі. Біреудің ісі сапалы, екіншісінікі
сапасыз. Дәлірек айтқанда, адам қабілетіндегі айырмашылқтар олардың істеген
істерінің нәтижесінен, немесе онық сәтті не сәтсіздігінен байқалады.
Қызығушылық адамда объектіні жан-жақты танып білуге ұмтылудан туындайды. Ал
бестімділік – нақты іс-әрекетті орындауға талпыну. Қызығушылық пен
бестімділік сапаларының үнемі өзара үйлесім тауып, бір бағытта тоғысып
отыруы өте қиын. Оған түрлі жағдайлар да себепші болады. Мысалы, адамның
бейнелеу, көркемөнер туындыларын тамашалауы ықтимал, бірақ ол осы
салалардағы өнер түрлерімен шұғылдануға бейімсіз болуы мүмкін. Дегенмен,
белгілі бір іс-әрекет түріне қабілеті бар адамдардың қызығушылығы мен
бейімділігі бір-бірімен үйлесім тауып, қабыса алады.
Адам қабілетін аз, көп деп сан жағынан өлшеудің ғылымға қажеттігі
шамалы. Өйткені алғашқы кезде түрлі себептеріне көріне алмаған қабілеттің
оның есейген шағында көрінуі де ғажап емес.
Іс-әрекетпен айналысқанда адамнық жетістікке жетуі үшін қабілет,
қызығушылық, бейімділіктен тыс оның мінез-құлқында мынадай сапалылық
көріністер беруі қажет: ең алдымен, еңбексүйгіштік, табандылық, батылдық.
Осындай ерекше қабілеттілігі бар адамның өзі де айтарлықтай табысқа қол
жеткізе бермейді. Негізі, адам өзінің іс-әрекетіне, жеке басына сын көзімен
қарап, басындағы жетістік, кемістігін икемі мен күш-қуатын, мінезінің
ұнамды болуы ықтимал. Бұл мысалда да бірінші адамның іске қабілеттілігі
екіншіге қарағанда әлде қайда жоғары екендігі көрініп тұр.
Қандай да болмасын бірер нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Ол біреуде
күшті, біреуде шамалы болып келуі мүмкін. Тәжірибе мен парасат адамдардың
тең емес екенін дәлелдейді дегенде теңдік деп адамдардың қабілеттерінің
теңдігі немесе дене күштері мен рухани қабілеттіктерінің бірдейлігін
түсінеді.
Қабілеттердің дамып қалыптасуы әр түрлі деңгейде жүріп отырады.
Мәселен, оның алғашқы деңгейін репродуктивтік десе, екінші, негізгі
деңгейін шығармашылық қабілет дейді. Бірінші деңгейде адам білім игеруге,
іс-әрекетті қажетті дәрежеде іске асыруда икемділік көрсетсе, екінші
деңгейде жаңа сапаны туынды жасай алу мүмкіндігін көресетеді. Қабілет
жалпы, арнаулы және тәжірибелік, ал соңғысы ұйымдастырушылық, мұғалімдік
болып бірнеше түрге бөлінеді. Адам тіршілік иесі, оған қоса ол жаны бар
нәрсе ретінде табиғи күшке, өмір қуатына ие, әрекетшіл тіршілік иесі онда
бұл күштер нышан мен қабілет түрінде өмір сүрді дейді К.Маркс. Ғылым осы
тұрғыдан қабілеттердің дамуында нышан туралы айтқанымыз жөн.
Әрбір адамның іс-әрекеті орындау тәсілі сол адамдардың психикалық таным
процесінің даму ерекшеліктеріне, жүйке жүйесі талдағыштарының жұмысына,
сезім мүшелерінің сыртқы тітіркендіргіштерге әсерленіп, қабылдау
жылдамдығына және адамның жеке даралық қасиетіне байланысты. Қабілеттілік –
адамдағы жеке дара өзіндік ерекшелік, яғни бір адамның екінші адамнан
айырмашылығын көрсететін психологиялық сипат. Қабілеттің мұндай сипаттарын
былайша түсіндіруге болады. Мысалы, саусақтарының салалы болуы - көбінесе
музыканттарға, ал бойшаң болып келу – баскетболшы-спортшыларға тән
ерекшелік. Адам бойындағы ерекшеліктер қабілетіліктің тек белгілі бір іс-
әрекетке орай табысқа жетуге көмектесетін белгілері ғана. Қабілеттілікке
аса қажетті қасиет, мысалы, музыка саласында әуенді есту мен ырғақты сезу,
оларды бір-бірінен айыру болып табылады. Ал қимыл-әрекет реакцияларының
жылдамдылығын неғұрлым жоғары деңгейге болса, спорт түрлерімен шұғылдануға
өзіндік әсері мен пайдасы тиуі даусыз.
Қабілеттіліктің өлшемі – белгілі бір істің нәтижелі болып орындалуында.
Қабілет адамнық іс-әрекетінің белгілі бір түріне, өнер саласының біріне
жарамдылығын жақсы көрсете алады. Белгілі бір істі үздік орындауға
мүмкіндік беретін адамның әр түрлі жеке қасиеттерінің қиысып келуін, яғни
адам қасиеттерінің синтезін қабілет деп атайды.
Қабілеттің дамуы оны қажет ететін қызымет саласында және әрекетпен
үйрену үстінде көрініп отырады.
Ұнамсыз сапаларын айқын ажырата аларлық деңгейде болуы керек. Адам
қабілетінің даралық ерекшеліктеріне талант, дарындылық, данышпандық сияқты
қасиеттер де жатады. Дарындылық – адамның белгілі бір іске деген айрықша
қабілеттілігі, өмірдің қандайда бір саласында өзін ерекше қырынан көрсетуі.
Мұны мынадан айқынырақ түсінуге болады: қазақ даласында өздерінің ақындық,
әншілік, серілік қасиеттерімен танылған Ақан сері, Біржан сал, Әсет, Мади
тәрізді басқа да таланттарадан есімдері осы кезге дейін ел есінде.
Қабілеттің жоғары деңгейде дамуы талант деп аталады. Талант – адамның нақты
бір істі нәтижелі орындаудағы қабілеттінің біршама жағымды қасиеттерінің
өзара байланысты түрде үндесуі. Талантты адам өмірде белгілі бір пайдалы
әрекетпен шұғылданады, сол бағытта ірі жетістіктерге де жетеді.
Адам қабілетіндегі, дарындылығы мен таланты одан әрі дамып, данышпандық
қасиетін тудырады. Бұл – адамның ақыл-асты мен іс-әрекетінің ең жоғары
дәрежеге көтерілуі. Данышпандық қасиет – адамның жалпы және арнаулы
қабілеттерінің жинақталып, ерекше нәтижелерге қол жеткізуі. Данышпан
адамның іс-әрекет нәтижелері адамнық әлеуметтік өмірі мен қоғамдық
тіршілігінің жақсаруына елеулі үлес қосып, мәдени-рухани, саяси-
экономикалық т.б. салалардық өркендеуіне әсер етеді, қоғамның тарихи
дамуында өшпес із қалдырады. Сондай адамдар қатарына Аристотель, Платон,
Әбу Нәсір, әл -Фараби сияқты ғұламалар, қазақтың Аблай хан, Төле би, Әйтеке
би, Абай тәрізді біртуар перзенттерін жатқызуға болады.
Қабілетке қатысты мәселелерді қорыта айтсақ, қабілет – адамның даралық
психологиялық қасиеті. Мұндай өзіндік қасиеттер жеке адамның тұлғасын,
кісілік сипатын, іс-әрекетінің нәтижелерін жалпы қауымның игілігіне
айналдырады. Психология ғалымында соңғы 1-1,5 ғасыр бойында адам
қабілетінің даму деңгейі және оның қалыптасу тәжірибесі зерттеулер арқылы
анықтала бастады.
Адам қабілетінің әр қилы болып келуі сигнал жүйелерінің ерекшеліктеріне
де байланысты. Жүйе әрекетінің жеке көріністеріне келуін И.П.Павлов адамға
тән жүйке қызметінің үш түрлі типі болады деп тұжырымдады. Егер адамның
нерв әрекетінде бірінші сигнал жүйесінің жұмысы басым болса, оны өнерлі
тип, ал екіншісі сигнал жүйесінің жұмысы басым болса, ойшіл тип деп
атауды ұйғарды. И.П.Павлов сигнал жүйелерінің әрекеттің кез келген түрінен
байқалады және олар өмірінде бір-біріне ауысып, өзгеріп отырады. Бұл
өзгеруі тәлім-тәрбиемен байланысты деп көрсеткен. Л.В. Лурияның
зерттеулерінде адамның қабілетінің оқу, ойын барысындағы іс-әрекетпен
байланысты екенін дәлелдеген.
1.2. Бастауыш сынып оқушыларының қабілетін ойлау ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқушыларының таным процестеріне талдау беруге көшелік.
Бастауыш сынып оқушыларының негізгі таным процестері (қабылдау, зейін,
жат пен ес, қиял, ойлану) мектепке кіргеннен кейін недәуір өзгерістерге
ұшырайды. Осының ішінен біз дипломдың зерттеуімізде ойлау процесінің
ерекшеліктеріне және оны дамыту жолдарына тоқтап өттік.
Бастауыш сынып оқушысының ойлау процесіне келсек, осының қаншалықты
дамығаны туралы әр түрлі пікірлер бар. Л.С.Выготскийдің пікірі, бойынша
оқымай жүрген ойын баласы оқуға кіргеннен соң ойымен интеллектысы үлкен
өзгеріске ұшырайды: яғни натуральдық ойдан, мәдени, немесе ұғым арқылы
ойлануға көшеді.
Ой операцияларының түрлері бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетінде
әр түрлі тереңдікте кездеседі. 1 кластағылар нақты затқа, не солардың
көшірмесіне (үлгісіне, суретіне т.б.) негізделе отырып, тапсырманы
орындайды. Сол затқа не оның көшірмесін көз алдынан алып кетсе, тапсырманы
орындау қиынға түседі. 2-3 кластағылар бірте-бірте заттың жеке
қасиеттеріне, әсіресе негізгі белгілерін есінде қалдырып, соларды
мүмкіндікше топтастыруға үйренеді. Осының өзі сол заттың не оның көшірмесі
жоқ кезінде жабайы тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді.
Ал аталған операциялар - өзінше динамикалық болып тұратын процессуалдық
құбылыстар. Осы құбылыстар, яғни операциялар жүзеге асу үшін тиісті
бейнелерге елестету бейнесіне, не ұғымға негізделуі тиіс.
Бастауыш сынып оқушының бірте-бірте ой өрісінің қалыптасып және
заттарды тиісті ұғымдарға жатқыза алуына қалай өзінің ойын құрбылары
арасында дәлелдеуге үйрене бастайды. Ол не болса, соған көнбейді,
өзгелерден дәлел келтіруді талап етеді. Дәлелдеу үшін бала тиісті жүйелерге
(логиканың негіздеріне) сүйенеді. Сонымен қатар өзінің пікіріне, не берген
жауабына сынмен қарап: пікіріне не ісіне өзгерісінің бағыты тұрғысына қарай
алуға үйренеді. Әркім өзінің пікіріне не ісіне талдау жасап сынмен қарауды
рефлексиянық қарапайым түрі деп аталады. Рефлексияға не болу ойланудың
шарты және оның жемісі бола тұрып, оқу үстінде 7-11 жастағыларда қалыптаса
бастайды деу, бұл жастағылардың ақыл-ойының недәуір қалыптасып қалғанына
дәлел бола алады.
Ойлау процесі бірнеше кезеңдерден өтеді. Ол қажеттіліктен немесе
бірдемелерді түсіну, түсіндіру керектігінен басталады. Бұл, ойлау
әрекетінің бірінші кезеңі.
Ойлау процесінің пайда болуы үшін екі шарт қажет:
1) жаңа әдеттен тыс нәрсені белгілі нәрседен айыра білу;
2) бұл жаңа және бейтаныс нәрсені тануға: түсінуге, сырын ашуға ұмтылу.
Ойлау процесіні пайда болуында адамның қоршаған дүниеден байқаған жаңа,
белгісіз нәрселерге қызығуының да елеулі маңызы бар.
Күтпеген, бейтаныс жағдайлармен кездескенде адам алдына міндет қоя
білуі керек. Ойы жоғары дәрежеде дамыған, жеткілікті мөлшерде мол өмір
тәжірибесі бар ересек адамдар әдетте өздері-ақ міндетті аңғарады және
мәселе қоя біледі. Сөйтіп, олар үшін нені танып білу керектігі, яғни ой
нысанасы мен ой процесінің бағыты айқын болады. Ой әрекетінің міндетті
атқару және қоя білу сияқты бірінші кезеңі осылай аяқталады.
Ойлау процесінің келесі кезеңі қойылған мәселені шешу.
Анализ-синтез формасы әр түрлі формада болады, әр дәрежеде өтеді, бірақ
адам қандай ой міндетін атқарса да ол ылғи анализ-синтезді қолдайды.
Анализ – бүтінді бөлшектеп майдалау, мүшелеу, қайсыбір жақтардан, жеке
бөлшектерден, белгілерден бөліп қарау, ажырату, абстракиялау. Синтез -
бөлшектерді, жақтарды, белгілерді біріктіру, жалпылау, топтау, бүтін құрау.
Анализ бен синтез ешуақытта бір-бірінен оқшау тұрмайды, біртұтас ой
процесінің екі жағын құрайды. Атап айтқанда, анализ бен синтездің өзара
байланысы мен өзара тәуелділігі ой процесінің мәнін, ядросын құрайды.
Анализ бен синтездің өзара қатынасы мынандай тәуелділіктерден көрінеді:
1. Анализ бүтіннің бөлшектерін, жақтарын, белгілерін ажыратуға ғана
емес, сонымен бірге бүтіннің осы бөлшектері арасында болатын байланыстарды,
тәуелділіктерді қатынастарды ашуға бағытталатындықтан бүтінді талдаудық өзі
әрі синтездеу болады.
2. Анализдік - синтездік процестің тұтастығы талдауға түпкі негіз бағыт
беретіндігінен және жасалынған жұмыс нәтижесінде тереңірек және толығырақ
танылатын сол негізді танудың құралы, жолы, тәсілі болатындығынан көрінеді.
3. Ой процесінің сәтті болуы яғни қойылған мәселені шешуге әкелуі оның
осы үш буыны бір-біріне сайма-сай болған жағдайда жүзеге асады.
4. Ойлау процесі, яғни талдау-синтездеу әр дәрежеде өтеді – ол не
заттарды қолға ұстап әрекет ету, оларды практика жүзінде мүшелеу және
біріктіру түріне жүзеге асады, немесе міндет көрнекі түрде қойылады.
Талдау – синтездеу ой процесінің негізі бола отырып, жеке сипатқа не әр
түрлі операцияларында көрініс береді. Ол операциялар мыналар:
Салыстыру – бұл қаншада салыстырылатын заттардың ұқсастығы мен
айырмашылығын анықтау.
Салыстыру жолымен оқушылар әр түрліліктің жалпылығы және ұқсастықтың әр
түрлілігін оңай табады.
Салыстыру – зат, құбылыс, оқиғаларды ойша топтаудың негізі.
Топтау – бұл салыстырудан барып шығатын күрделірек операция. Басты және
қосалқы ұқсас белгілер негізінде заттар класс, тек, түр сияқты топтарға
бөлінеді.
Жүйелеу – заттар мен құбылыстарды топтастыру, осы топтың ішінен одан
кіші топтар мен бөліктерді саралайды. Бұл – кішкене топтар да ортақ
белгілер негізінде құрылады, бірақ ол белгілер бұл түр, класс өкілдерінің
бәрінде кездесе бермейтін жеке белгілер болып келеді.
Жалпылау жалпылардың ең қарапайым түрі ұқсас заттарды олардың кездейсоқ
ортақ белгісіне қарай біріктіру болып табылады.
Нақтылау дегеніміз – жалпыланған білімді нақтылы жеке жағдайда қолдану,
бұл үшін осы жеке жағдайды тағыда талап, оның белгілі ереже, ұғым, заңға
сай келетін белгілерін айрықшалау керек.
1.3. Ойлау формалары
Ойлау түрлі формаларда жүзеге асады. Ой процесінің негізгі формалары –
пікір және ой қорытындысы болып табылады. Олардың формалары да алуан түрлі
болып келеді. Осы мәселелерге де тоқтап өтейік.
Пікір дегеніміз – құбылыстар арасында байланыс орнату.
Пікірде адам белгілі зат туралы өзінің ойын айтады, олардың заттар
арасына орнатқан байланысын немесе қайсыбір құбылысқа деген өз қатынасын
білдіреді. Демек, пікірде тек ой, яғни танымдық процесс қана бейнеленбейді.
Пікірден адамның сезімі де, оның ниеті де көрініп отырады. Пікірдің
көрінісі және оны сипаттайтын ерекшеліктері де көп.
Адам өз пікірінің шынында да ақиқат жайды білдіретініне, дұрыс екеніне
басқаларды немесе, тіпті, өзін-өзі нандырғысы келсе, ол оны негіздейді. Бұл
үшін адам өмірден белгілі және тексерілген фактілерді, ғылыми дәлелдеген
заңдарды келтіреді, түрлі дәлелдерге сүйеніп, логикалық болжамдар жасайды.
Мұндай жағдайда пайымдау пайда болады.
Пікірдің әр түрін, оның формаларын, ерекшеліктерін логика ғылымы
зерттейді. Психология, негізінен ойлау формасы ретінде пікірдің мазмұнын
зерттейді.
Көпшілік жағдайда адам пікірлер жүйесін ғана емес, сондай-ақ ой
қорытындысы жүйесін де, яғни, ол бар деректер негізінде жасаған тұжырымды
да пайдаланады. Ой қорытындысы бірнеше жеке жағдайдан шығатын жалпы
тұжырымға қарай ойысу болуы мүмкін. Бұл – индуктивтік ой қорытындысы.
Бірақ жалпы заң, ережеден жеке жағдайда қарай ойысы тұжырым жасауға да
болады. Бұл дедуктивті ой қорытындысы.
Ой әрекетінде ой қорытындысы бұл екі формасы бір-бірінен бөлек өмір
сүре алмайды. Олар біртұтас ой процесінің екі жағын немесе екі буын құрай
отырып, ажырамас бірлікте болады.
Ой қорытындыларын адам ой әрекеті мен күнделікті практикада пайдаланып
отырады. Бірақ ой қорытындысы адамды мәселені теріс шешуге де әкелуі
мүмкін.
Ең бастысы – бар білім мен ой әрекет тәсілдерін пайдалана отырып, әр
нақты жағдайда түрлі операцияларды орынды және тиісті үйлесім, жүйесімен
қолдана білу.
Адам әрекет еткенде, мазмұны жағынан да, шешу тәсілі жағынан да алуан
түрлі мәселелермен кездеседі.
Тәжірибелік немесе практикалық ойлау. Машина моторының неліктен бір
қалыпты жұмыс істемей тұрғандығын білу үшін шофер капотты көтереді,
мотородың қызуын байқайды, контактілері тексереді, егер қажет болса
сымдардың ұшын тазартады, кей жерлердегі шайбаларды нықтайды, свечаларды
алып қарайды, майды үстемелейді. Ойдың мұндай түрін практикалық немесе
әрекетті деп аталады. Ол міндеттің көрнекі түрде, немесе нақтылы түрде
берілуімен сипатталады. Оны шешу тәсілі – практикалық әрекетпен байланысты
жүреді. Сонымен қатар практикалық немесе тәжірибелі ойлаудың барлық іс-
әрекеттерге негіз болып адамның өміріне қажетті іскерлік пен дағдының
негізі болып келеді.
Нақтылы - бейнелі ойлау - мәселені шеше отырып адам өзінде бар көрнекі
бейнелерді пайдаланса, нақтылы бейнелік ойлау көрініс береді. Керек жерге
қай жолмен тезірек жетуге болатынын ойластырған адам барар жолдың барлығын
көрнекі бейнемен елестетіп шығады. Ол олардың әрқайсысының ұзақтығын, жол
сипатын, жүріп өтуге кететін уақытын салыстырып, талдайды, мәселені ойша
шешеді. Ойлаудың мұндай түрі нақтылы - бейнелік деп аталады да ол заттармен
құбылыстар бейнесін дәл қайталауға мүмкіндік береді.
Теориялық ойлау – ойлау процесінің ең күрделі түрі. Адам алдында тұрған
проблемалар егер мәселен, теориялық түрде қойылса, оны шешу үшін
абстракциялың ұғымдарды, теориялық білімдерді пайдаланып шешу талап
етіледі. Мұндай әрекеттер өте күрделі ойлау арқылы жүзеге асырылады.
Мысалы, оқушыға оқыған шығармасының әдеби каһармандарының қайсысының
пікірі дұрыс екенін анықтау тапсырылса, ол кітап қаһармандарының барлық
нақтылы қылықтарын талдаудан өткізуі керек. Мұндай әрекет теориялық ой
арқылы жүргізіледі, сондықтан әрекеттің түріде теориялық талдау деп
аталады.
Теориялық ойлардық жоғары формалары – заңдарды ашу, ғылыми болжамдар
жасау, күрделі өндірістік процесті жоспарлау міндетті түрде практикадан
шығады да құрамына азды-көпті жалпыланған елестерді енгізеді.
Әр адам бірқатар мамандық, темперамент, мінез, жас ерекшеліктерге ие.
Жеке адамдық ерекшеліктер адамның барлық танымдық әрекетінен, соның ішінде
оның ойлауынан айқын көрінеді. Ойлаудың субъективтік факторы - адамның
зейіні қандай екеніне байланысты. Мәселенің өзіне аударатындығына, олардың
әрқайсысын ол қалай шешетіндігінен, мәселені шешкенде қандай сезімге
болатындығынан, шешімді қалай және қай бағытта іздейтіндігінен, сәттілік
пен сәтсіздікке деген реакциясының қандай екендігінен көрініс береді.
Субъективті фактордың ролі ойлауды адамның айрықша қызмет ретінде
қарастырғанда айқынырақ көрінеді. Қызмет адам орындайтын және белгілі бір
ақылға қонымды мақсатқа жетуге бағытталған әрекеттер жүйесі. Қызмет белгілі
түрткісінен туады.
Еңбекпен бірге адамның практикалық қызметіне ене отырып, оған саналы,
күрделі, бағыт-бағдарлы және жасампаз сипат беретін ойлау да пайда болды.
Ақыл-ой қызметінің айрықша эмоциялық-еріктік жақтарының қосылатындығы
болып табылады.
Адамның сезімдері оның ойлау процесіне үш түрлі формада орналасады.
Біріншіден, ол адамдарды қиындығы мол ақыл-ой жұмысына жұмылдыратын түрткі,
мотивтер.
Ақыл-ой және арнаулы ой қызметінің мотиві кейбір әжептеуір қиын мәселе
шешуге мәжбүрлік болуы мүмкін. Көп жағдайда адамды ақыл-ой қызметіне жарыс,
өзімшілдік, жоғары баға алу, мансапқа мотивтер де итермелейді. Мотив сипаты
бүкіл ой процесінің өтуіне әсерін тигізеді. Ойлаудың бұл ерекшелігі ақыл-ой
қызметінің бүкіл процесіне ақылға қонымды және дәлелді сипат береді.
Біз қорытынды ретінде оқушының ақыл-ойының әлі күнге дейін еске
алынбаған мүмкіншілігіне көңіл бөлейік. Осы уақытқа дейін бастауыш
мектептегілер тым жас болғандықтан, таным процестерінің, әсіресе ой
әрекетінің әлі қалыптаспаған, жетілмеген шақтары бар. Осылай деу
зерттеулерге сүйеніп отыр. Бірақ біз адамның менталитеттік немесе ақыл
жасының ортасы үш жас дедік. Ал мәселенің шын мәні осылай жетіспеген
кемшілік бар деудің себебі неліктен? Осы мәселені тексеріп қарағанда бұл
жастағылардың ой-өрісінің әлі күнге дейін еске алынбаған және тауысып
бітпеген мүмкіншілігі бар екені анықталады. Бұл жәйіт мына сияқты
деректерге негізделеді:
- біріншіден, әлеумет қоғамның алға өріс алдына қарай 7-11 жастағы
балалар тиісті байланыс құралдары (телевизор, радио т.б.) арқылы түрлі
жаңалықтарды естіп, өзінің сол мағлұматтарға орай байлығын көбейтіп, осының
нәтижесінде үлкендерге күтпеген сұрақтар қойып отырады.
- Екіншіден, қазіргі кіші оқушының мүмкіншілігін өткен дәуірлердегі осы
жастағылармен бірден-бір теңестіруге болмайды. Оған бүгінгі кезде 3
сыныптан бастап баланы шет тілін, не алгебра, геометрия сабақтарына оқыту
тәжірибелері дәлел бола алады. Осы жәйіттерге сүйеніп, кіші оқушының әлі
толық аңғарылмаған, бүгінгі күнге дейін тексеріліп бітпеген оқуға деген
қабілеті бар дейді. Осыны бастауыш сыныпта еске алған жөн.
Осы қағидаларға сүйене отырып барысында дамыта оқыту теориясына сай
келтіру мүмкіндіктерін толық қамтуға тырысты. Осы проблеманы зерттеушілер
Б.Тұрғынбаева басқарған топ көптеген жылдар бойы Алматы мектептеріне
жүргізген дамыта оқыту эксперименттеріне сүйене отырып, балалардың таным
процестерін дамытуға үлкен қосатын оқулықтар және дидактикалық материалдар
жасалған.
Бастауыш сыныптар осы бағдарлама бойынша төрт жыл жұмыс жасады. Оның
нәтижесі әр мектепте әр түрлі жүріп жатыр. Жұмыс сапасы мұғалімнің жаңа
бағдарламаны меңгеруі, оны қолдану әдістемесін толық түсінуі, балаларды
дамыту тәсілдерді тиімді пайдалануға даярлығы үлкен үлесін қосады.
2004-2005 оқу жылынан бастап мектепалды сыныбына бес жасқа келген
балалар қабылданады. Олардың таным процестерін дамыту және мектеп
бағдарламасын меңгеруге даярлау әдістемелері әлі қалыптасқан жоқ. Сондықтан
мектеп психологі алдында тағы бір күрделі проблема туғанын атап өту керек.
2 тарау. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту тәсілдері
2.1 Оқыту барысында ойлау процесін дамыту.
Бастауыш сыныптарда оқыту барысында балалардың таным процестерін
дамытуға, олардың тіл байлығын және өз ойын сөйлеу арқылы басқарларға
жеткізу тәсілдерін қолдаудың ойлау процесін дамытуға қосатын үлесі өте
үлкен. Қ. Жарықбаев, С. Қалиев осы тәсілдер ретінде халық педагогикасы
элементтерін қолдануды ұсынады. Қазақ халқының бай тәжірибесінде көптеген
оқу процесінде қолданылатын ойындар, өлеңдер, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар
т.б. ауыз әдебиет туындылары бар. Олардың терең мазмұны балалардың тіл
байлығы мен ой-өрісін дамытып, сонымен қатар барлық қабілетін дамытуға
үлкен үлесін қосады. Осы материалдарды іріктеп алып, оны тақырыпқа
байланысты қолдану-оқыту барысында оқушылардық ойлау процесін дамыту
проблемасын шешудің тиімді жолы болады.
Халық педагогикасында қалыптасқан балаларға арналған ойындар олардың
білімін қалыптастырып, он пысықтауға, үй тапсырмасын орындау жолдарын
түсіндіруге, білімдерді бір-бірімен ұштастырып, ұғымдық қорын
қалыптастыруға жәрдем береді. Қазіргі мектеп бағдарламасы ұлттық ойындарды
кеңінен қолдануға өте ыңғайлы. Көптеген ойындар баланың тапқырлығын,
табиғат құбылыстарын, қоршаған табиғат ерекшеліктерін түсініп меңгеруге
арналған. Осндай мән-мағынасы өте терең және жан-жақты дамуға, баланың
байқағыштығын тәрбиелеуге үлкен үлесін қосып, ойлау қабілетін дамытатын
ойындардың бірі Аңдардың айтысы деп аталды. Бұл ойында қатысушылар
жүргізушінің талабына сай белгілі бір тақырыпқа сай келетін әндер орындап,
онда аңдардың дауыстарын, қылықтарын бейнелеп, олардың өзіне тән
ерекшеліктерін сипаттап көрсетеді талап етеді. Мұның өзі хайуанаттар әлемі
жөнінде нақты ұғымдарды қалыптастырып, сонымен қатар музыкалық және
артистік қабілетін дамытады. Топтасып ән айту, бірін-бірі тыңдап әрекет
жасау дағдысын жетілдіреді.
Әр ойынды жүргізу және қатысушылардың орындау ережелері бар. Ол
ережелердің тірбиелік мәні өте үлкен. Бұларға ойынның барысы белгіленді,
балалардың тәртібі мен іс-әрекеттің реті, олардың өзара қарым-қатынасына
қойылатын талаптар анықталады. Сондықтан ойнау барысында тәртіп сақтауына,
ерік-жігерінің қалыптасуна мүмкіндік туады. Мысалы: Қоғи көп ойынында
қаздар тек қана кемпірдің Олай болса сендердің біреуіңді алып қаламын
деген сөзінен соң ғана тізбегін жазбай кемпірден қаша жөнелуі керек. Ойын
шапшаңдықты, ептілікті, тиянақтылықты, тез бағдар табуы, ұжымдық ұйымшылдық
көрсетуді, бір-біріне көмектесуді, жауапкершілікті, батыл қимылды талап
етеді.
Бұл ойындағы ерекшелік – билеп жүріп хормен өлең айтуды өзара үйлесімді
әрекет ұйымдастыруда байқалады. Хормен ән айтып, би қимылын жасаған сайын
кеудедегі қоңырау әшекейлер өзара үндесіп жатады. Яғни, әуен саздары мен
қоңырау сылдыры ойнаушылардың қимылдарына сүйемелдеушілік жасап тұрғандай
болады.
Өйткені ойындағы қимылдар жай қимыл емес, оларды әуеннің ырғағына
байланысты жасалған қимылдар болып табылады.
Мұндай ойындар халықтық педагогикада өте көп және мазмұндары да
бағыттары да бірін-бірі қайталамайтындай сан-алуан, әрі қызықты. Олар
Алқан соқпақ, Тақия тамақ, Тартыс, Айгөлек т.б. Қай ойынды алсақ
та, бәрінде де би элементтері кездеседі, ән, күй, тақпақ, мәнерлі қимыл мен
ыммен жасалатын көріністер бір-бірімен алмасып жатады. Бұлардың бірі
нақтыланған жағдайға қарай актерлік үлгіде, сахналық үзінді түрінде
орындалады. Ойын барысында қатысушылар өздерін күнделікті тіршілік
жағдайында сезінбейді, керісінше, мүлде бөлек ортада сезім, поэзия, өнер
әлемінде сезінеді. Олар ойнаған рольдерінен эстетикалық ләззат алуға
талпынады.
Ойын барысында қатынасушылардың тәртібіне бірыңғай талаптар қойылды:
- қалай отыру, өзін дұрыс ұстау;
- қандай мөлшерде бір-бірімен сөйлесу қажет т.б.
осы айтылғандардың бәрінен қазақ ойындары драма және сахналық өмірдің
әрқилы элементтерімен аса толықтырылған деп қорытынды жасауға болады.
Сонымен бірге осы ойындардың кең тұрғыда таралуы ондағы қатысушылар мен
көріп тамашалаушылар санының артуы – мұның тәрбиелік мәнін тереңдетеді.
Мысал ретінде қаламақ ойынды келтіруге болады. Соқыр теке ойынында
жүргізуші ойынға қатысушылардың әрқайсысына мал атын қойып шығады. Ең соңғы
аталған бала Тентек теке болады:
Бұзау, бота, құлыншақ,
Тоқты, серке, тай торпақ,
Тана, тайлақ, құнан, дөнен, бесті бар.
Малдың жасын айыра біл, естіп ал
Бұқа, бура, айғыр, қошқар, теке бар
Көзін байла, теке-теке бақ-бақ.
Соқыр теке қайдан бізді таппақ.
Ойын сызылған шеңбердің ішінде айналады. Жүргізуші Тентек текені
ортаға шақырып, көзін таңа бастағанда Тентек теке былай деп өлеңдетеді:
Қараңғыда көзім жоқ,
Тиып кетсем сөзім жоқ,
Маған жақын келіңдер,
Бір қыз ұстап беріңдер.
Көзі байланған Соқыр текені айнала қоршағандар оны мазақтап:
Соқыр, соқыр, соқырақ,
Оқ көзіңе топырақ
Топырағын алайын,
Тотияиын салайын.
Ал ұстап көр, батырым,
Міне келе жатырмын! -
деп өлеңді айтып болысымен әр жаққа ойнаушылар қашады. Ал Соқыр теке
олардың бірін ұстауға тырысады, ұстаған баласы оның орнына тұрады. Сөйтіп
ойын одан әрі жалғасады.
Бастама ойын ретінде көптеген санамақтарды келтіруге болады. Олар
мәнерлеп сөйлеуге үйретеді.
Қуыр, қуыр, қуырмаш
Тауықтарға тары шаш!
Бас бармақ,
Балалы үйрек,
Ортан терек,
Шылдыр шүмек,
Кішкене бөбек
Сен, тұр – қойға бар!
Сен, тұр – қозыға бар!
Сен, тұр – жылқыңа бар!
Сен, тұр – сиырыңа бар!
... Ал сен алаңдамай.
Қазан түбін жалап,
Үйде жат.
Мына жерде құрт бар,
Мына жерде май бар,
Мына жерде қатық бар,
Қытық, Қытық ...
Осылайша балалардың тақпақты нәшіне келтіріп оқу дағдысы қалыптасады.
Осы сияқты санамақтар, қызықты орындалатын әуендер, тіпті адамдардың өзара
қарым-қатынасында кездесетін қызықты әқгімелерді жылдам, берік есте
сақталады. Оны балалар өздерінің күнделікті ойындарында қызығып
сүйіспеншілікпен қайталайды.
Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты осындай
санамақтар мен қаламақтар мазмұны оларға өте жақын, түсінікті. Олар
балалардың ой өрісін, тілін тез дамытуға өте икемді. Сонымен қатар
ойындарға қатысу арқылы балалардық мінез-құлқы сыйысымды болып, қарым-
қатынас мәдениетін меңгереді, әдептілікке, басқалармен санасуға,
тілалғыштыққа баулиды. Ойын кейіпкерлерінің мінез-құлығына қарап жақсы мен
жаманды ажыратуға мүмкіндік береді.
Халық ойындарының көптеген түрлерін сабақтан тыс бос уақытты, үзіліс
кездері ұйымдастыруға қолдануға мүмкіншлік өте мол. Сондықтан бастауыш
сынып оқушылар өмірінде осы ойын түрлері үлкен орын алуға тиіс.
Ойындар мен қатар халық шығармалары туындыларының бірі жұмбақтарды
қолдану балаларды аңғарымпаздыққа, тапқырлыққа, зеректілікке ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz