Банк табыстылығын басқару


КІРІСПЕ
2004 жылы 1 қаңтарда ресми дерек бойынша деңгейлі банктердің жиынтық таза табыс көлемі 30, 1 млрд теңге құрады. Ал бұл көрсеткіш 2003 жылы 1 қаңтарда 20, 6 млрд теңге болған еді. Өз кезінде Ұлттық банктің төрағасы А. Г. Марченко Қазақстан экономикасының мұнай - газ өндірісіне тәуелділігінің артуына қарамастан, қаржылық сектор ең пайдалы болып табылды деп ескерткені дұрыс келді. Қазіргі статистика бұған куә. Бұл көрсеткіш сонымен қатар банктердің ісі бұрын соңды болмаған жағдайда жылжығанын көрсетеді. Алдыңғы қатарлылары тез және оңай түрде шетел нарығына орналасуда. Бір сөзбен айтқанда банктер Орталық банк қойған нормативтерді орындау және несиелендіру мен басқада банк өнімдірді ұсыну мақсатында активтер көлемін бір қалыпты арттыруда, капитал үлесінде шет қалдырмай. Жылдық нәтиже бойынша жетекші банктер Казкоммерцбанк, ТуранАлем банк және Халық банк активтері тез және үлкен көлемде өсті. Сәйкесінше пайда көлеміде оларда үлкен. Казкоммерцбанкта 4, 1 млрд теңге, Халық банкте 3, 050 млрд теңге, ТуранАлем банкте 1, 666 млрд теңге.
Банктердің жоғарғы қарқынды дамуы экономиканың өрлеуіне жол ашады. Кіші және орта бизнестердің дамуы кезінде болашақта көп қаражат көздерін талап етеді. Соны қанағаттандыруға ірі өаржылық институттардың болуы қажет.
Өткен жылдары банктердің пайдасы әрдайым жақсы болған жоқ. Мысал ретінде 90 жылдары болған республиканың қаржылық организміндегі температурасының өзгеруі банк харекетіне кері әсер етуімен және жекешелендіру үрдісі мен банктік жеке бизнесінің оңды болуы.
1998 жылы Қазақстан экономикасы әлемдік конъюнктура әсеріне ұшырады және өзпайдасына емес Қазақстанның негізгі экспорт өнім түрлер бағасының төмендеуі, республикаға негізгі сауда серіктестері мен инвесторы болып келетін, елдердің жалпы экономикалық жағдайының төмендеуі. Мұндай жағдайда банктер жоғарғы пайданы алуды көздемеді.
1999 жылы халықаралық қаржылық дағдарыс әсері толықтай кетпеуінен, сыртқы экономикалық харекетпен айналым отандық кәсіпорындарды белгілі мерзім бойы депрессивті жағдайда ұстады. Сәуір айындағы ұлттық валюта бағамын босату салдарынан банктер табысы негізінен клиенттік валюталық несиелерді және бағалы қағаздарды қайта бағалаудан түскен табыстар құрады. 2000 жылы ғана Қазақстан экономикалық өсу тенденциясы суреттеле басталды. ЖІӨ 1999 жылы 2, 7 өсуімен салыстырғанда 2003 жылы 9, 8 өсті. АҚШ долларымен салыстырғанда теңгенің девальвациясы 5, 2 дейін төмендеді, инфляция қарқыны 9, 8. кәсіпкершілік құрылымының белсенділік деңгейі жоғарлады. Халықтың табысы тұрақты түрде өсті. Осының барлығы банк қызметіне сұраныстарын арттырды, соның ішінде депозит пен несиеге ерекше. Қаржылық секторда «екінші тыныс» ашылды. Ал бұл уақытта қазақстандық банктер капитал мен актив көрсеткіштері жақсара түсті. Бірақта банктерге өткен жылғы қарыздар бойынша провизияларға қаражатты жұмсауға тура келді, оның себебі еркін қалқыма валюта айырбастау бағамының ауысуы қарызгерлердің қаржылық жағдайын төмендетіп жіберді.
Соңғы жылдары отандық банктердің активтері тез қарқынмен көбеюде. Бұл көбею меншікті капиталдың және түсетін пайданың артуымен жүруде. Бірақ бұл түсетін табыстар бірнеше операция арқылы артуда. Қазіргі таңда Қазақстанның БӘС (Бүкіл Әлемдік Сауда ұйымы) ұйымына кірген жағдайда қазақстандық банктер шет елдердің банктеріне бәсекелеске түсуі өте ауыр тиеюі мүмкін. Сондықтан отандық банктер экономикалық өсу қарқыны кезінде активтерін тиімді орналастыру болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаттары:
- коммерциялық банктің табыстылығын бағалау;
- банк операцияларының рентабелділігін талдау;
- банк табыстылығына әсер ететін факторларды ашып қарастыру;
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
- Коммерциялық банк табыстылығын басқару теориясын қарастыру;
- банк табысы мен шығысына талдау жүргізу;
- банктер рентабелділігін сипаттайтын көрсеткіштерді ашу;
- банк пайдасын талдау;
- банктердің рентабелділік көрсеткіштерін өзара салыстыру; ТАРАУ БАНК ТАБЫСТЫЛЫҒЫН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІБанк табыстылығын басқару
Қазіргі жағдайда коммерциялық банктер харекеті бәсекелестіктің күшеюімен, орталық банктердің бақылауының қаталдануымен және пайданың қысқаруымен сипатталады. Бірақ капитал рентабелділігі мен пайдалылығын арттыру мақсатында банктер жаңа қызметтер түрлерін енгізуді, клиенттерге қызмет көрсету деңгейінің тәжірибесін көтеруде, өнімдер мен қызметтердің өзіндік құнын қысқартуды, ұйымдық құрылым негізінде ресурстарда үнемдеуге, банк капитализациясы мен өсуінің өзара тиімді қатынасын табуға тырысуда.
Басқару үдерісі екі негізгі жағдайдан тұрады: жоспарлау мен бақылаудан. Банк қабылдаған шаралардың толық жүзеге асуы үшін банктің жоспарлау мен бақылау төмендегі үлгі 1 кесте түрінде үдерісі жетілдіру керек.
Кез - келген ұйымның бәсекелес ортадағы өмір сүрудегі негізгі элементі стратегиялық және ағымдық жоспарлау болып табылады. Банк страгиялық даму жоспарлау кезінде экономикалық мүмкіншіліктің болашағын болжамдайды: актив көлемін, банк пассивін өсу көздерін, тәуекелді қаржылық нәтиже мен материалдық базаны. Стратегиялық жоспардың соңғы сатысы банкке актив көлемін өсуіне жағдай туғызып, оған әсер ететін қаржылық тәуекелділіктерді азайтатын қажетті капитал көлемін анықтау. Банктің стратегиялық жоспары нақты мәселелерді шешуге бағытталған ағымдық жоспарларды жүзеге асыру арқылы орындайды. Қазіргі кезде банктік басқару көбінесе өзінің жеке тәуелсіз табыс пен шығыс бюджеті бар бөлімше орталықтар негізіндегі орталықтанбаған жүйеге сүйенеді. Клиенттер табыстылығы мен өнімдерді басқару мақсатында да осыған ұқсас бюджет қалыптастырылады. Мұндай басқару жүйесі банк басшылығына әр түрлі саладаның рентабелділігін, банк ұсынатын қызметтері мен өнімдердің пайдалылық деңгейін анықтауға және клиенттерді табыстылығына қарай бөлуге мүмкіндік береді.
1-кесте
Банктің басқару үдерісі
Мүмкін болатын жағдай
Стратегияны таңдау
Қаржылық тәуекелділікті бағалау
Стратегиялық жоспар
Банктің жылдық бюджеті
Жауапкершілік орталықтар бойынша жылдық бюджеті
Клиенттер бойынша бюджет
Банктің экономикалық ресурсы
Жауапкершілік орталықтар бойынша эономикалық ресурстар
Клиенттер бойынша ресурстар
Кадрларды және жұмыс жүктілігін басқару
Құндылық бақылау
Үрдістерді және құрылымды талдау
Банк өзінің алдына қойған мақсатын үздіксіз бақылауында ұстау керек. Сонымен қатар бақылау банк бөлімшер харекетінің экономикалық көрсеткіштеріне, қаржылық және кадрлық ресурстарды пайдалану тиімділігіне қарап отыру қажет. Егер банктің ұйымдық бөлімше құрылымы қойылған талаптарға жауап бермесе, жаңадан қойылған басқару міндеттеріне сай банк құрылымын қайта жобалау қажеттілік туады.
Ұйымдастыру құрылымы аудандық, жоспарлау және бүкіл банктік деңгейде орындала алады. Аудандық деңгейдегі ұйымдастырылу аудандық басқару жүйесінге бөлімдер мен филиалдардың және олар атқаратын операцияларға бақылау орнату арқылы жүргізіле алады. Жоспарлау харекет деңгейінде банк маңызды бөлімшелерді қайта құруға, әр қызмет бөлімшелердің мақсатын анықтауға, басшылықты күшейтуге, басқару мен бақылауды жетілдіруге немесе операциялар тиімділігін арттыруға, клиенттерге қызмет көрсетуін жақсартуға болады.
Фундаменталді қайта құру кезінде банктің болашақ дамуына қарап нақты мәселелеріне көңіл аудару керек, қабылданған стратегиялық жоспарларға байланысты құрылымдық өзгерістер өткізу.
Алдымен банктің стратегиясы мен қайта құруды басқаратын маңызды бөлімшелерді анықтап алу қажет. сондықтан төмендегі талаптарды орындау қажет:
- банк бөлімшелерінен ағымдық жоспарға сай банктік бизнестегі өнім/нарыққа бағытталған рентабелділікті құрып, оны басқаратын және сол бойынша жауап беретін бөлімшелер құру (мысалы, жеке және VIP клиенттерге, кіші бизнеске, халықаралық қызмет көрсету және т. б. )
- негізгі басқарудан технология, актив пен пассивті басқару, ақпарактты басқару, жоспарлау және т. б. салаларда харекет ететін бөлімшелер құрып, оны маманданған қызметкерлермен қамтамасыздандырып, олардың міндеттерін, құқықтарын және алдына қойылған мақсаттарды нақты белгілеу
- аудандық және филиалдық деңгейдегі харекет ететін бөлімшелердің саласын кеңейтуге, жоспар деңгейін жоғарлату және жаңа операциялармен паралелді бөлімшелерді құру
- аудандық басқару жүйесіндегі басқару мен бақылаудың тиімділігін арттыруды қамтамасыздандыру
- банкті басқаруға қажет негізгі үдеріс пен ақпаратты құрылымдық басқаруды енгізу
Сонымен қатар банк сыртқы және ішкі ортадағы өзгерістер жөнінде ескеріп отыру ақпарат жинағының тұрақты түрде өсіп отыратындығын айта кету керек. Банктің ақпаратқа деген қажеттілігі сыртқы ортадан келетін қауіптіліктің және ортадан туатын қауіптер қатарына ғаламдану, нарық тұрақсыздығы, клиент талғамдарының жоғарлауы, экономикалық жағдайлардың өзгеруі. Банктің ішкі мәселелерін тудыратын факторларға: жаңа өнімдерді өндіру, ақпараттық технологияны пайдалану, құрылымдық және ұйымдастырушылық өзгерістерді басқару, шығындар жұмсалуын бақылау, тәуекелділікті басқару.
Бұл ақпаратты талдау мен пайдалану банктің даму бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді: бизнестің стратегиясын белгілеу, бизнес нарығының дамуы мен құнын бағалау, атқаратын операциялар түрлеріне байланысты бизнесті басқаруын анықтау. Бұл үдерісті екінші сызба арқылы көрсетуге болады.
Бизнес стратегиясын жоспарлау кезінде банктің корпоратив стратегиясымен сай келуін ескеріп, нарыққа және шығынға талдау жүргізу, нәтижелігін бағалау. Әр банкке харекет нәтижесін бағалайтын өз жүйесінің болу қажет. Бұл жүйе арқасында:
- харекет нәтижесін жоспармен салыстыру;
- тәуекелге бақылауды орнату;
- капиталды тиімді бөлуін қамтамасыздандыру;
- іске асырылып жатқан стратегияларды талдау;
Харакет нәтижесін өлшейтін жүйенің мақсаты мен міндетін анықтау маңызды.
Банктің харакетін бақылау мен басқарудың түрлі тәсілдерін қолдану арқылы әр түрлі жақсарту бағыт бойынша жүргізіле алады: клиенттерге қызмет көрсету деңгейін артыру, қызмет көрсету деңгейін жоғарлату, әрекет ететін саланы кеңейту, актив сапасын жақсартып, банк қуатын толық пайдалану және қаржылы тәуекелділікті азайту. Бұл тәсілдің барлығы банк пайдасы мен рентабелділігінің өсуіне әкеледі.
Банк харакетінің басты көрсеткіштерінің бірі банк рентабелдігі болып табылады. Өйткені бұл көрсеткіш харакет нәтижелілігін көрсетеді және экономикалық үрдіске қатысушылар үшін де маңызды.
Банк құрылтайшылары рентабелділіктің артуына мүдделі, себебі көрсеткіш инвестицияның табыстылық деңгейін сипаттайды. Банк рентабелділігінің өсуі салымшыларға да, кредиторларға да пайдалы, өйткені қосымша қалыптасатын резерв ретінде каптиалдың өсу көзі болып харакеттің кеңеюіне, қызмет көрсету сапасының жақсаруына жағдай туғызады.
Банк қарызгерлеріне де жанама болсада банк пайдасының артуы пайдалы, себебі берілетін несие капитал көлемі мен құрылымына байланысты.
Экономикалық үрдістің қатысушылар мүддесін қамтамасыздандыра отырып, банктер пайдалылық пен табыстылылықты басқаруға үлкен көңіл бөлуде. Пайдалылықты басқару банктік рентабелділіктің тұрақтылығына және өсуіне мүмкіндік беретін жалпы табыстылықтың өсуіне және бүкіл шығысына қатаң бақылау орнатуға көңіл бөлуді талап етеді.
Пайдалылықты басқарумен қатар банк табыс пен шығыс ағымдарын реттеп отыру керек. Өйткені экономикалық жағдайлар өзгерістері банктік харекеттің нәтижесіне үздіксіз әсер етеді. Банктік тәуелділіктердің өсуі банк рентабелділігін басқару мен бақылаудағы бірінші кезекті мәселе болып табылады.
Банк табыстылығы мен рентабелділікті бағалау қажеттілігін анықтайтын факторларға мыналар жатады:
- банк активтерінің өнімділік мүмкіндіктерін білуге;
- капиталды өсіруге;
- даму мен өсу қажеттілігі;
- инвесторлар мен несие берушілердің сенімін арттыру үшін;
- жағымсыз жағдайлардың алдын алу үшін;
- дивиденд көлемін жоғарлату мақсатында;
Банк табыстылығы мен рентабелділігін бақылауының негізгі мақсаты төмендегілер:
- банк басқаруын оптимизациялау;
- банк қызметкерлер жұмысын ынталандыру;
- табыс пен рентабелділікті басқару жүйесінің тиімділігін сендіру;
Бұл бағыттардың әр қайсысы өзіндік міндеттерді шешеді. Бірақ жиынтық ретінде банк харакетінің нәтижесін жақсартады. Рентабелділікті басқарумен бірге жауапкершілік орталықтарын пайдалану әр функциялы бірліктің үлесін анықтауға мүмкіндік береді; клиенттерге көрсететін қызмет рентабелділігі негізгі клиенттерден түсетін табыс деңгейін бағалауға; жеке банктік өнім мен қызмет түрінің рентабелділігі әр банктік өнім мен қызметтің өзіндік құны жөнінде ақпарат береді.
Жалпы алынған ақпарат негізінде табыс көздері мен банк шығындарын анықтауға және бұлар арқылы бүкіл банк негізінде табыстылылық пен пайдалылықты арттыру бағытындағы басқару шешімдерін орындау мүмкіндік береді. Қазіргі кезде банк харекетін талдауда банктің жалпы нәтижесін бағалау жеткіліксіз болғандықтан, клиенттердің, өнімдердің сипатына байланысты рентабелділік деңгейін бақылау маңызды орын алады.
Ұйымдастырушылық бөлімшелер деңгейіндегі банк рентабелділігін басқару жауапкершілік орталықтар басқаруы деп аталады.
Жауапкершілік орталықтың басқару жүйесін ұйымдастыру кезінде келесі маңызды сұрақтарды шешу қажет:
- банк бөлімшелерін жауапкершілік орталықтарына байланысты бөлу;
- басқару есебіне шот жоспарын құру;
- табысты тарату тәртібін белгілеу;
- ішкі қаражат аударым тәсілдерін анықтау;
- жауапкершілік орталықтардың харекетін бағалайтын көрсеткіштер мен басқару есеп түрлерін анықтау;
- жауапкершілік орталықтар бойынша шығындар таратылуын қамтамасыз ету;
Бірінші сатыда жауапкершілік орталықтардың қайсысы құрылатынын анықтау қажет; орталық харекеттерін белгілеп, оларды басқару концепциясын қабылдау.
Жауапкершілік орталықтарына екі анықтама беруге болады: 1) бұл бір қызмет немесе өнім өндіретін құрылымдық бөлімше; 2) жауапкершілік орталықтар - бұл нақты белгіленген жеке мақсаты, бюджеті және есебі бар басқару бірлігі;
Банк харекеті кез - келген кәсіпорын секілді бірнеше бөліктен құрыла алады. Бұл бөліктер төменде келтірілгендермен байланысты болу мүмкін:
- банк басқаруымен;
- қамтамасыз үрдісімен және банктік бизнесті қолдау үрдісімен;
- банктің ағымдық жоспарын орындаудаға операциялармен және басқа қызмет түрлерінің харекеттерімен, яғни бизнес үрдісімен;
Сол себепті жауапкершілік орталықтарын басқару жүйесі табыс пен шығынды есептейтін шоттар жоспарын белгілеу мен жауапкершілік орталықтар бойынша жалпы шығынды бөлу кезінде қадағалап отыру қажет.
Банк бөлімшелерін жауапкершілік орталықтар бойынша бөлгенде төмендегі жағдайларды ескеруді талап етеді:
- бөлімшені қалыптастыратын ақпараттық ағымдарды;
- өндірілетін және тұтынылатын өнімдер мен қызметтер;
- бөлімшелерден өтетін ақша ағымдарының тұтынылуын немесе топтастырылуын анықтау;
- бөлімше өндіретін өнім мен қызмет түрінің тұтынушысын анықтау;
Банк бөлімшесінің функциясы мен тұтынылатын өнім мен қызметтер түрлеріне байланысты банк бөлімшелері пайда орталықтары (бизнес орталықтар), қамтамасыздандыру және қолдау орталықтары, банкті басқару орталықтары деп топтастырылады.
Пайда орталықтары - бұл клиенттердің банктік өнімге қажеттілігін қанағаттандыруға және пайда әкелуді қамтамасыз ететін бизнес бірлігі.
Қарастырылған бизнес бірлігі дегеніміз бизнес - үрдісі мен белгілі функцияны орындауға ұйымдастырылған адамдар мен техникалық құралдардың жиынтығы.
Банк бизнесін қамтамасыздандыру бөлімшесі - банк харекетін қамтамасыздандыратын бухгалтерлік, методологиялық, ақпараттық, материалды техникалық, заңгерлік функциялармен байланысты бизнес - бірлік типі.
Бизнесті қолдау бөлімшесі - бизнес үрдісін атқару кезінде нормативтік заң шығармашылық талаптардың орындалуын, сонымен қатар тәуекелділікті бақылауға жәрдемдесетін бизнес - бірлік типі.
Банктің басқару бөлімшесі - банк басшылығы қабылдаған жоспарларды, ішкі бақылауды, мониторингті, инжинирингті, банк харекет жоспарын түзетуді іске асыру бизнес - бірлігінің типі.
Әр орталық өнімдер мен қызмет көрсетуге қажет ресурстар (материалдфқ, қаржылық және т. б. ) көздері болады. өндірілген өнім басқа орталықтың немесе банк клиенттерінің тұтынуына жұмсалады.
Басқару мақсатында пайдаланатын ресурстардың құндық сипаты болу керек. Құндық ақпараттан қосымша басқа мәліметтер болу қажет. Оларға бағалау мен есептеуге қиын қызмет көрсету сапасы келетін және банк қызметкердің мамандық деңгейі.
Жауапкершілік орталықтардың типін анықтау критерияларына төмендегілер жатады:
- сыртқы және ішкі тұтынушыларға өнім мен қызмет көрсету түрлерін ұсыну;
- тіке табыстарды алу;
- бір технологиялық тізбекті құрайтын өзара байланысты немесе ұқсас операциялар мен қызмет көрсету кешені;
- орталық басшысының орталықтың ақша түріндегі табыс алу мен шығынды қалыптастыру бойынша жауапкер болу мүмкіндігі;
Жауапкершілік орталығы шығарған өнімдерді сыртқы ортаға сатылуы бухгалтерлік есепте табыс ретінде қабылданады. Сонымен бірге жауапкершілік орталық өнімдердің өзара алмасуы табыс түрінде бағалануыда, бағаланбауыда мүмкін.
Егер жауапкершілік орталық басшысы өнімнің ақша түрінде сыртқы шығарылуына жауап беретін болып, бірақ қалыптасатын шығынға жауап бермесе, онда жауап орталығы табыс орталығы деп аталады.
Егер басқару есеп жүйесі жауапкершілік орталығында пайда болған шығынды өлшейтін болып, өнімді табыс түрінде бағаламаса бұл жауапкершілік орталық шығын орталығы деп аталады.
Банктің алдына қойылған мақсаттарға байланысты кейбір шығын орталықтары ретінде қарастырылып, трансферттік бағанықолдануды талап етеді.
Пайда орталықтар басшыларының харекеті алынатын пайдамен өлшенетін болуына байланысты, банк тұтынылатын ресурстар мен шығарылатын өнім санының көбеюіне ынталы, өйткені бұлар өз кезегінде пайданың артуына әкеледі.
Ірі компаниялар мен банктердегі пайда орталығы концепциясын қолдану пайда бойынша жауапкершілікті децентрализациялаудың негізгі құралы болып табылады.
Жауапкершілік орталықтың пайда орталығына айналу үшін мына жағдайларға сай болу керек:
- орталықтың табыс пен қалыптастыратын шығынды анықтайтын бухгалтерлік есепті көбейтіп бөлшектеу;
- орталық басшысына көрсетілетін қызметтің сапалық және сандық шараларды немесе өнім санының шығынға қатынасын қабылдауға артықшылық беру. Сонымен қатар орталық басшысы өнімнің кіру мен шығаруына бақылау мүмкіндігі болу керек.
Пайда орталығы банктің қаржы құрылымында маңызды орын алады, себебі кез - келген кәсіпорын секілді банкте өз харекетінде пайда табуды көздейді. Көбінесе банктерде бірнеше пайда орталықтары болады: несиелендіру, есептік - кассалық қызмет көрсету; қазнашылық; бағалы қағаздармен операциялар және т. б.
Шығындар орталықтарына жоғарыда айтылып кеткендей басқару жүйесіндегі орталықта пайда болып шығындарды есептеумен айналысатын бөлімше. Әр бөлімше өзіне жүктелген жұмысты атқарады, бірақ көптеген жағдайда шығындарды анықтауға мүмкін емес. Мысалы, жоспарлау мен талдауды басқару, заңгерлік басқару немесе ішкі банктік бақылау бөлімшесі.
Бизнес орталықтың жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған барлық орталықтарды шығын орталықтарына жатқызуға болады:
- бизнесті қолдау орталығы;
- банк харекетін қамтамасыздандыру және қызмет көрсету орталығы:
- жалпы басқару орталығы;
Банкті қолдау орталықтары белгілі бір банк операцияларды жүзеге асыру кезінде заң шығармашылық және нормативті актілерге сай болуын, нарықты зерттеугемен, клиенттерді тартумен айналысады.
Қамтамасыз ету мен қызмет көрсету орталықтары банк харекетіне материалдық, техникалық, ақпараттық қызметтермен қамтамасыздандыруға бағытталған бөлімшелер тобы.
Жалпы басқару орталықтары басқару, бақылау және жалпы банктік есеп функцияларын атқаратын банк бөлімшелері.
Банк бөлімшелерінің жауапкершілік орталықтар тобы бойынша бөлу банк жарлығымен бекітіледі.
- Коммерциялық банк пайдасын қалыптастыру мен қолдану
Коммерциялық банктің жиынтық табысына қарыз операцияларының, қызмет көрсеткені үшін алынатын төлем көлемінің нормасы және актив мөлшері мен құны әсер етеді. Банктік қызметте қарыз және инвестиция операцияларынан түсетін табыстар банктік табыстың 90 % қамтамасыз етеді .
Баланстық пайданың көлемі төменде көрсетілген негіздерде тексеріледі:
- банк пайдасының қалыптасуы заңдылыққа сай болуын қарастыру;
- банк шығысымен байланысты операцияларының мазмұнын талдау;
- қаржылық резервтер қалыптастыруын бақылау;
- пайданың қолданылуын және шығыстар шоты бойынша көрсетілу дұрыстылығын салыстыру.
Банктік іс жеке адаммен тікелей қатынасы жағынан жеке сипатты иеленеді. Банк коммуналды қоғамдық кәсіпорындар секілді қоғамдық мүдделерді қоздырады және олардың қызметі үздіксіз болу керек. Банктер басқа саладағы компаниялар сияқты операцияларды тоқтатып немесе қызметкерлер санын тез қысқартып жібере алмайды. Бірақ бұл банк басшылығының банктік шығысты бақылауын реттей алмайды дегенін білдірмейді. Қазіргі таңда банктер ұйымдастырушылық құрылымды жетілдіру есебінен харекет ететін облыс көлемін арттырып және көп жұмыс түрін автоматтандыру арқылы операциялық шығыс төмендеуіне әкелді.
Несие операциясы коммерциялық банк жиынтық табысының негізгі табыс көзі болып табылады. Банк тәжірибесінде қарыз пайызы операциялық табыстың 65% құрайды.
Банктік қарыздың пайыз мөлшерлемесі басқа ақша нарығындағы міндеттемелер мөлшерлемелерінен айырмашылығы мөлшерлеме деңгейі банк пен қарызгердің келісімі арқылы жүзеге асуына байланысты банктер арасында қарыз мөлшерлемелері өзара тең емес.
Мөлшерлемеде әр қарыздың өзіне тән сипаты, сонымен қатар қарыз капиталындағы сұраныс пен ұсыныс қатынастары көрінеді. Мөлшерлеме әр қарыздың түрі бойынша көлемі мен мерзіміне, қарыздың өтелуін бақылау мен дайындауға кеткен шығындарға, кепілдікпен қамтамасыздандыру дәрежесіне және қарызгер депозит шотының жағдайына тәуелді. Сонымен қатар банк пайыз мөлшерлемесіне әдеп - ғұрып пен дәстүр, банк арасындағы бәсекелес деңгейі, пайыз мөлшерлемесінің максималды нүктесін белгілейтін нормативті актілер, шаруашылықтың даму жағдайын бағалайтын банкирлер мен қарызгерлер болжамы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz