Ойлау үдерісі



Кіріпе
Негізгі бөлім
1. Ойлау үдерісі: жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2. Ойлау түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3. Ойлау сапасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
4. Зерде және оның құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5. Ой белсенділігін көтеру әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
6. Ойлау жүйесінің бұзылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
7. Шығармашылық. Шығармашыл ойлау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
8. Қиял: жалпы сипаттама және турлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланған әдебиет тізімі
Психологиялық эксперименттің негізгі міндеті - жан дүниелік іштей психологиялык үдерістердің мәнді ерекшеліктерін шынайылықпен сырттай бақылауға жағдайлар жасап, мол нақты деректерге қол жеткізу. Зертханалық эксперимент - арнайы жағдайларда жүргізіледі, арнайы жабдықтар пайдаланылады, сыналушының әрекеттері нұсқаулармен белгіленеді, сыналуы экспериментке түсетінін біледі, бірақ оның толық мәнін аңғармауы да ықтимал.
Табиғи эксперимент — еңбек, оқу қарым-қатынастың әдеттегі жағдайларында жүргізіледі, ал адам өзінің эксперименттік сыналуда екенін сезбейді. Тестілеу әдісі - адамның белгілі психикалык сапаларын сынақтан
өткізіп, анықтау.
Психологиялық тест - сыналушының жеке басының кейбір ерек- шеліктерін анықтау үшін орындалатын, әдетте, қысқа мерзімді шағын стандартты сынақ тапсырмалары беріледі. Бұл кұнде психологияда адамның ақыл-ес даму деңгейін, кеңістікте бағыт-бағдар аңдау қабілетін, психикалық әрекетке келу мұмкіндіктерін, жадын, кәсіби іс-әрекеттерге қабілетін, тұлғалық сапаларын анықтаушы тестер жиі қолданылуда.
Құжаттарды талдау әдісі—адамның қызмет, Іс-әрекеттік өнімдерін талдауға арналған жалпы психологиялық әдістердің бір түрі. Құжаттарды талдау әдістері сапстың және сандық болып ажыралады. Сапапық тал-дауда баяндалған мәтіндік ақпарат сандық көрсеткіштерге келтіріліп, кейін математика-статистикалық өңдеуге түседі. Бұл ғылымда контент-талдау атауын алған.
Құрастырып жобалау әдісі — осы күнгі психологиялық зерттеулерде кең қолданымдағы жалпы ғылымдық әдіс. Оның мәні — психикалық кұбылыстарды таңба күйіне келтіру немесе адам іс-әрекеттерінің әрқилы түрлерін жасанды кұрастырылған ортада үйымдастыру. Осы жолмен қабылдаудың, жадтың кисынды ойлаудың кейбір кырларын қолдан жобалап жасауға, сондайақ исихикалық іс-әрекеттің бионикалық модельдерін тұрғызуға болады.
Ол заманнан бері ұланғайыр өзгерістер болды: психология дербес ғылымға айналды, адамзатқа қажет табыстарымен көзге еленді. Екі ортада ғылымдарды жүйесімен топтастырудың талай амалдары талдау, талқыдан өтті. Солар арасында аса танымал болғаны орыс философы және ғылымтанушысы Е.М. Кедров (1903-1985) ұсынған топтастыру амалы еді. Кедров пікірінше, ғылымдарды бір беткей түзулік (линейный метод) сипатымен топтастыруға болмайды. Ол барша ғылымдарды үш топқа: жаратылыстану, әлеуметтік және философиялың - бөлуді ұсынады да, олардың бастарын бір түзу бойында емес, үшбұрыш шыңдарына орналастыра қосады. Сонда, үшбұрыштың жоғары шыңында жаратылыстану қылымдары, төменгі сол жақта әлеуметтану, ал төменгі оң тарапта - философиялық пәндер жайғасады. Психология осы ғылымдардың бәрімен бірдей тығыз байланыста, сондықтан ол үшбұрыштың ішінен кең орынға ие болады.
1. Сабет Бап-Баба, 2007ж. (Бабаев). Психология негіздері: Оқу анықтамалық қолданба.
2. Алматы: Заң әдебиеті, 2007ж.
3. “Философия” Д. Кішібеков, Алматы, 2003
4. Столяренко Л.Д. «Основы психологии».- Ростов-на – Дону: «Феникс», 2006, 170-176 б.б
5. Годфуруа Ж.. Что такое психология? Т.1. – москва: Мир, 1992, 366-373 б.б.
6. Формирование творческого мышления студента. – Владивосток: Изд. Дальневосточ.универ., 1990, 56-58 б.б.
7. Солсо Р.Л. «Когнитивная психология». – Москва: Тривала, Либерея, 2002, 475-477 б.б.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріпе
Негізгі бөлім
1. Ойлау үдерісі: жалпы
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2. Ойлау
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...
3. Ойлау
сапасы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...
4. Зерде және оның
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5. Ой белсенділігін көтеру
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
6. Ойлау жүйесінің
бұзылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
7. Шығармашылық. Шығармашыл ойлау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
8. Қиял: жалпы сипаттама және
турлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланған әдебиет тізімі

Кіріспе

Психологиялық эксперименттің негізгі міндеті - жан дүниелік іштей
психологиялык үдерістердің мәнді ерекшеліктерін шынайылықпен сырттай
бақылауға жағдайлар жасап, мол нақты деректерге қол жеткізу. Зертханалық
эксперимент - арнайы жағдайларда жүргізіледі, арнайы жабдықтар
пайдаланылады, сыналушының әрекеттері нұсқаулармен белгіленеді, сыналуы
экспериментке түсетінін біледі, бірақ оның толық мәнін аңғармауы да
ықтимал.
Табиғи эксперимент — еңбек, оқу қарым-қатынастың әдеттегі
жағдайларында жүргізіледі, ал адам өзінің эксперименттік сыналуда екенін
сезбейді. Тестілеу әдісі - адамның белгілі психикалык сапаларын сынақтан
өткізіп, анықтау.
Психологиялық тест - сыналушының жеке басының кейбір ерек- шеліктерін
анықтау үшін орындалатын, әдетте, қысқа мерзімді шағын стандартты сынақ
тапсырмалары беріледі. Бұл кұнде психологияда адамның ақыл-ес даму
деңгейін, кеңістікте бағыт-бағдар аңдау қабілетін, психикалық әрекетке келу
мұмкіндіктерін, жадын, кәсіби іс-әрекеттерге қабілетін, тұлғалық сапаларын
анықтаушы тестер жиі қолданылуда.
Құжаттарды талдау әдісі—адамның қызмет, Іс-әрекеттік өнімдерін
талдауға арналған жалпы психологиялық әдістердің бір түрі. Құжаттарды
талдау әдістері сапстың және сандық болып ажыралады. Сапапық тал-дауда
баяндалған мәтіндік ақпарат сандық көрсеткіштерге келтіріліп, кейін
математика-статистикалық өңдеуге түседі. Бұл ғылымда контент-талдау атауын
алған.
Құрастырып жобалау әдісі — осы күнгі психологиялық зерттеулерде кең
қолданымдағы жалпы ғылымдық әдіс. Оның мәні — психикалық кұбылыстарды таңба
күйіне келтіру немесе адам іс-әрекеттерінің әрқилы түрлерін жасанды
кұрастырылған ортада үйымдастыру. Осы жолмен қабылдаудың, жадтың кисынды
ойлаудың кейбір кырларын қолдан жобалап жасауға, сондайақ исихикалық іс-
әрекеттің бионикалық модельдерін тұрғызуға болады.
Ол заманнан бері ұланғайыр өзгерістер болды: психология дербес
ғылымға айналды, адамзатқа қажет табыстарымен көзге еленді. Екі ортада
ғылымдарды жүйесімен топтастырудың талай амалдары талдау, талқыдан өтті.
Солар арасында аса танымал болғаны орыс философы және ғылымтанушысы Е.М.
Кедров (1903-1985) ұсынған топтастыру амалы еді. Кедров пікірінше,
ғылымдарды бір беткей түзулік (линейный метод) сипатымен топтастыруға
болмайды. Ол барша ғылымдарды үш топқа: жаратылыстану, әлеуметтік және
философиялың - бөлуді ұсынады да, олардың бастарын бір түзу бойында емес,
үшбұрыш шыңдарына орналастыра қосады. Сонда, үшбұрыштың жоғары шыңында
жаратылыстану қылымдары, төменгі сол жақта әлеуметтану, ал төменгі оң
тарапта - философиялық пәндер жайғасады. Психология осы ғылымдардың бәрімен
бірдей тығыз байланыста, сондықтан ол үшбұрыштың ішінен кең орынға ие
болады. Себебі адам ойы, ойлауы (психологияның маңызды бөлімдерінің бірі)
тек психология тұрғысынан зерттеліп қалмастан, олармен философия да, логика
да айналысады. Психология, сонымен, барша ғылыми білімдермен өзара
байланысқа келеді.
Психологияның аса маңызды мәселелерінің қандайы болмасын, басқа
ғылымдармен байланыспай шешілуі мүмкін емес. Психиканың пайда болуы мен
дамуын зерттеу ушін биология, генетика, антропология. білімдері мен
әдістерін қолдану қажет; психофизиологиялық проблемаларды шешу үшін
нейрофизиология, нейроанатомия, нейрохимия, медицина әдістерін тартуды
талап етеді; психикаға орай биологиялық және әлеуметтік жағдаяттар
байланысы проблемасы әлеуметтік, биологиялык, психологиялық білімдердің
басын қоспай мүлде шешілмейді. Осылайша, психологияның басқа ғылымдармен,
ғылым салаларымен ара қатынас түрлерін шексіз жалғастыраберуге болады.
кезегінде, психологиялық зерттеулер нәтижесінде алынған деректер
психологиямен сыбайлас пәндер үшін өте қажет.

1. Ойлау үдерісі: жалпы сипаттамасы

Ойлау — танымдық проблемаларды шешуде маңызы жоғары, нақты
жағдайларда бағыт-бағдар алып жүру үшін өте кажет болмыстың тұрақты да
заңдылықты қасиеттері мен қатынастарын жалпылап және жанама бейнелеуші
психикалық үдеріс.
Ойлау үдерісі құбылыстарының арасында ерекше мәнге ие болғандары:
1) ойлау іс-әреквттері — белгілі міндетті шешуге бағытталған ой
әрекеттері мен амалдарының жүйесі.
2) ойлау амалдары: салыстыру, қорыту, бейнақтылау, топтастыру
жүйелестіру және нақтылау;
3) ойлау формалары: пікір, ұғым, түсінік;
4) ойлау түрлері: тәжірибе-әрекеттік, көрнекі-бейнелі және теориялық
— бейнақты;
Мазмұны бойынша тәжірибелік, ғылыми, көркем өнер ойлау іс- әрекеттері
ажыралады,
Құрылымы жағынан ойлау іс-әрекеттері а) алдын ала белгілі ережелер
бойынша орындалатын алгоритмдік және б) қалыптан тыс мәселелерді
шығармашылдықпен шешуге бағышталған эвристикалық болып бөлінеді.
Бейнақтылық деңгейіне орай шпирикалық және теориялық ойлау түрлері
ажыралады.
Ой әрекеттерінің бәрі ойлау үдерісінің бірлікті байланысқан екі
тарапы ретінде көрінетін талдау (анализ) және біріктіру (синтез) өзара
ықпалдастығы негізінде орындалады.
Жеке-даралықты ойлау қызметін сипаттауда келесідей ақыл сапалары
ескеріледі: жүйелілік, бірізділік, дәлел-дәйектілік, икемділік, шапшандық
және т.б., сондай-ақ тек өкілінің ойлау типі мен интеллектуал ерек-
шеліктері.
Психологияда танылған ойлау формалары - пікір, ұғым және түсінік.
Пікір — зат жөніндегі нақты таныл, оның кандай да бір қасиетін,
байланыс не қатынастарын мақұлдау немесг терістеу. Бейнеленуші зат
мазмұнына тәуелді ойлау бірнеше түрге бөлінеді. Олар - жеке және жалпы,
шартты және тиянақты шешімді, болымды және теріскей.
Ұғым бірнеше пікірлер негізінде белгілі қорытынды жасауда
қолданылатын ойлау формасы.
Дедуктив ұғым — ықтимал, жалпыдан жалқыға келтірілген ұғым.
Индуктив ұғым — ықтимал, кейбір құбылыстардың жекеленген белгілері
бойынша барша біртекті заттар жөнінде, яғни жалқыдан жалпыға өте, берілетін
ұғым.
Түсінік — біртекті топ заттары мен құбылыстарының мәнді қасиеттерін
бейнелейтін ойлау формасы.
Ойлау әрекеттері — біртекті мәселелерді белгілі әдістермен шешуге
иегізделген қайта жасаушы (репродуктив) және ізденістік (өнімді -
продуктив) болып ажыралады. Қалыптан тыс проблемаларды шешуде қолданылатын
ойлау әрекеттері өзіндік құрылымға ие болын, ол кезеңдерге бөлініп, бірізді
орындалып барады:
1) Бастапқы кезең - танымды әрекеттің бастауы - тек өкілінің
туындаған проблемалық жағдайды түсінуі.
2) Екінші кезең — шешілетін мәселе бойынша принциптерді, жалпы жобаны,
шешу әдістеріа айқындап, ашып алу. Бұл үшін нақты құбылысты жалпы өзара
байланыстар аймағында көре біліп, оның мүмкін болған себсптерін жоғары
ықтималды болжау - гипотезалармен түсіндіру.
3) Үшінші кезең —мәселе шешімі бойынша алға тартылған гипотеза-ларды
тексеру, Бұл тексеріс әрқилы іс-әрекеттер сипат, мазмұнына орай әртүрлі
арнайы әдіс-тәсілдермен іске асырылуы мүмкін.
4) Төртінші, қорыту кезеңінде мәселе бойынша алынған нәтиже бастау
талаптарымен салыстырылады. Егер соңғы нәтиже мен бастапқы талап сәйкес
келсе, зерттелуші нысанның дұрыс ақпараттық-логикалық сұлбасының
(моделінің) жасалғаны, яғни қойылған проблеманың шешім талқаны.
Ойлау іс-әрекеттері бірінен екіншісіне ауысып баратын ой амалдары
түрінде орындалып жатады: салыстыру - жалпылау, бейнақтылау (абстрақция) —
топтастыру (классификсщия) - нақтылау. Ойлау амалдары - бір мақсат
арнасындағы ой әрекеттерінің тобы.
Салыстыру — құбылыстарды топтастыруға мүмкіндік ашатын әрі құбылыстар
және олардың қасиеттерінің ұқсастығы мен ерекшелігін айқындайтын ойлау
амалы. Жалпылау - ойлау қасиеті, сонылен бірге негізгі ой амалы. Ойдың
жалпылау ісі екі деңгейде өтеді: бірінші, ңарапайым деңгей - ұқсас заттарды
сырткы белгілері бойынша біріктіру, қосу. Екінші деңгей — заттардың мәнді
жалпы белгілерін ажырату.
Бейнақтылау (абстрақция)— құбылыстардың қандай да бір тұрғыдан мәнді
жеке қасиеттерін дерексіздендіре бейнелеу амалы.
Жалпылау және бейнақтылау негізінде топтастыру мен нақтылау ой
жұмыстары іске асады. Топтастыру (классификақия) -нысандарды мәнді
белгілері бопынша бір тоща келтіріп, басын қосу.
Нақтылау (конкретшақия) — біртұтас нысанды оның мәнді өзара байланыстары
бірігімінде танумен оны теориялық калыпка келтіру.

2. Ойлау түрлері

Психология ғылымында ойлау түрлерін ажыратуға байланысты алғашқы
қабылданған генетикалық топтастыру әдісі. Бұл бойынша ойлау әрекеті
дамуының ұш деңгейі еленген:
-тәжірибе—әрекетті ойлау — нақты заттармен тікелей байланыса, ой
қызметін орындау түрі;
-көрнекі-бейнелі ойлау—елестер мен психика өрнектерін арқау еткен
ойлау түрі;
-сөздік - логикалы немесе сөздік - рямізді ойлау - абстракт
түсініктерді пайдалану және жалпыланған заңдылықтарды ашумен байланысты
ойлау түрі.
Қолданылатын құрал-жабдықтарына тәуелді ойлау удерісі келесі түрлерге
бөлінеді:
Вербалды (сөздік) және визуалды (көру), нақты және дерексіз (абс-
тракт) ойлау. Бағыт-бағдарына орай ойлау үдерісінің келесі түрлері белгілі:
теориялықжте тәжірибелік. Болмыс құбылыстарын түсіндіре баяндау бағытынан
теориялың ой туындайды да болмысқа өзгеріс ендіру, қайта жасау бағытында
тәжірибелік (практикалық) ой пайда ету қажеттігі алға тартылады.
Ойды терендей жалпылаудан эмпирикалық және теориялық ойлар бөліне
керінеді.
Эмпирикалық (тәжірибелік) ойлау күнделікті қызмет, тіршілік
әрекеттері негізінде алғашқы қорыту, жалпылау мүмкіндігін береді. Мұндай
қорытулар абстракциялаудың ең төменгі деңгейінде орындалады.
Теориялың ойлау жалпыланған қатынастарды ашады, таным нысанын өзіне
тән қажетті байланыстар жүйесінде зерттейді, нәтижеде - адамның жасампаздық
іс-әрекеттерін қамсыздандырушы әрқилы кұбылыстардың даму заңдылықтары нақты
айқындалады.
Логикалық (қисынды ойлау - логикалық амалдар (салыстыру, жүелеу,
қорыту және т.б.) жәрдемімен орындалатын ойлау түрі. Синкретикалық
(біріктіру) ойлауда құбылыстар мәнді қатынастарынан емес, сырттай ұксастың
белгілері бойынша өзара байланыстырылады.
Шешілетін мәселе және орындалатын іс-әрекеттердің стандартты не
стандартты болмауынан келесідей ойлау түрлері ажыралады: алгоритмдік,
дискурсив, эвристиктық және шығармашыл ойлау.
Алгоритмдік ойлау — типтік мәселелерді шешуге қажет алдын ала
белгіленген ережелерге, әрекеттердің қалыпты бірізділігіне орайласкан ойлау
түрі. Дискурсив ойлау - өзара байланысты ұғымдар жүйесіне негізделген іс
әрекеті түрі. Шығармашыл ойлау - соны жаңалықтар айтуға, түбегейлі жаңа
нәтижелерге қол жеткізетін ой қызметі.
Эвристикалық ойлау — қалыптан тыс мәселе, міндеттердің шешімін табуға
бағытталтн өнімді ойлау үдерісі. Танымдық үдерістер өздерінің өту сипаттары
бойынша шұғыл сезімдік (интуитивтік) және эвристикалық (талдауға
негізделген) болып бөлінеді.
Шұғыл сезімдік (интуитивті) ойлау сипаты: өтуі шапшаң, толық түсінікке
келмеген, кезеңдері анық емес.
Ойлаудың арнайы бір түрі - аутистикалық ойлау - психикалық
сырқаттармен байланыста көрінеді (мысалы, ақылдан адасу, ес ауу
жағдайында). Өмірде мұндай сырқатты ойдың өтпелі формалары көптеп
кездеседі: нақты тәжірибеден шамалап ажырасудан бастап, негізсіз, шындыққа
тіпті жанаспайтын қиялилыққа дейін.

3. Ойлау сапасы

Ойлау өрістілігі — адамның мәселені тұтастай қамтып, сонымен бірге
оның жекеленген тұстарын да назардан шығармау қабілеті.
Ой тереңдігі— күрделі мәселелердің мәніне жете енуден көрінеді. Ой
тереңдігіне қарсы сапа - ой үстірттігі. Мұндайда адам басты нәрсені көрмей,
кажеті кем жағдайлардан аса алмайды.
Ой дербестігі—адамның жаңа міндеттерді алға тартып, басқалар
жәрдемінсіз-ақ оларды шешудің жолдарын таба білу.
Ой асығыстығы - тұлғаның кезіккен мәселені жан-жақты ойластырып алмай,
қандай да бір тарапын үзіп алып, шешім беру; жетерлі ой сарабынан өтпеген
жауаптар мен пікірлер айту әдеті.
Ой икемділігі - мәселе шешудің дәстүрлі, бұрыннан калыптаскан әдіс-
тәсілдері құрсауына маталып қалмай, қалыптан тыс шешім жолдарын
іздестірудегі еркіндігі, жағдай өзгерістеріне орай жаңаша ой жүргізу
қабілеттілігі.
Ой жүйріктігі — адамның ауыскан, бейтаныс жағдайлар мәнін Адам
түсініп, ойланумен дұрыс жол таба білу қасиеті.
Ойлау әрекетінде көрініс беретін шабандық жүйке жұйесінің 1 типі - жай
қозғалғыштығымен байланысты. Айзенк пікірінше, ақыл үдерістерінің
шапшаңдығы адамдар арасындағы ой-өріс, парасат ерекшеліктерінің негізгі
тірегі. Ой сындарлылығы - адамның өзінің де, өзгенің де ой, пікірін шынайы
бағалап білу ептілігі, алға тартылған тұжырымдар мен қорытындыларды
тиянақты әрі жан-жақты тексерістен өткізе алу қабілеті. Ойлаудың жеке-
даралықты ерекшелігі әр адамның өзіне тән, өз қызметімен байланысты ойлау
түрлерін таңдай білуіне байланысты.. Мысалы, бір адам - көрнекі - әрекеттік
ой түрін таңдаса, екіншісі - көрнекі - бейнелі ой толғастыруды қалайды, ал
үшіншісі, тұлғалық деңгейі жоғары адам - абстракт-логикалық ойлауды қару
етеді.

4. Зерде және оның құрылымы

Тұлғаның ойлау сапасы, қабілеті оның зердесінен көрінеді. Зерде
(интеллект-лат. Inteellectus - ақыл-ес) тек өкілінің ақыл-еc
қабілеттерінің тұрақты құрылылы, оның гпанымдықмүмкіндіктерінің денгейі,
адамның өмір жағдайларына бейімделуіне арқау болар психикалық тетіктері,
болмыстың мәнді өзара байланыстарын түсіне білуі, сонымен бірге тұлғаға тән
қауымдық мәдениет тәжірибесіне араласа жүру қасиеті. Қазіргі күнде зерде
мәнін түсіндірудің үш жолы бар: биологиялық тұрғыдан зерде - бұл жаңа
жағдайға саналы икемдесуге қабілеттілік;
2. педагогикалық тұрғыдан зерде - бұл оқу, оқытуға қабілеттілік;
3. құрылымдық тұрғыдан зерде - бұл барша ойлау құралдарын мақсатқа
бейімдестіре жұмылдыруға қабілеттілік және әрқилы қабілеттер бірігімі.
Адам бойындағы танымдық үдерістердің жиынтығы сол адамның ақыл,
парасатын, яғни зердесін анықтайды.
Векслер анықтауында Зерде - ақылды, саналы ойлай білу мен тір- шілік
жағдайларында ұтымды табысқа жеткізетін ауқымды қабілеттілік, яғни зерде
адамның қоршаған ортада бейімделе білу қабілетіретінде қарастырылады, Зерде
құрылымы. Ч.Спирмен көзқарасында, әрбір адам өзінің жалпы зердесінің
белгілі деңгейімен сипатталады. Осыған орай тек өкілі қоршаған ортаға
өзінше бейімдеседі. Сонымен бірге, адамдардың бәрінде әрқилы дәрежеде
дамыған, нақты қызметтерде ғана көрінетін арнайы зерделілік болады.
Торстоун жалпы зерденің әрқилы құрылым әлементтерін қарастыра отырып,
алғашқы ақыл-ес мүмкіндіктерін атайды. Олар –
1) есептеу қабілеті;
2) сөз икемділігі;
3) сөздік қабылдау;
4) кеңістікте бағдар алып жүру қабілеті;
5) ес;
6) пікір жүргізу қабілеті;
7) қабылдау шапшандығы.
Р.Кәттел пайымдауынша, әр адамның ақыл, ес, парасаттық, яғни
зерделілік мүмкіндігі тумадан беріледі. Осы қасиет тұлғаның өмір
барысындағы ойлау, дерексіздендіру (абстрақциялау) және пікір жүргізуге
деген қабілеттерінің негізін береді. Шамамен, 20 жас деңгейінде тұлғаның
зерделілік дамуы өзінің шарықтау дәрежесіне жетеді.

5. Ой белсенділігін көтеру әдістері

Ойлау әрекеттері белсенділігін көтеру үшін ой үдерістерінің әрқилы
ұйымдасқан формаларын пайдалануға болады. Солардың бірі ақыл шабуылы
(брейнсторминг). АҚШ ғалымы А.Обсорн ұсынған бұл әдістоппен жұмыс істеуде
идеялар не шешімдер туындатудың аса бір өнімді жолы ретінде кеңінен
қолданым табуда.
Ақын шабуылынұйымдастырудың негізгі ережелері келесідей:
-топ әрқилы мамандық бағытындағы түрліше ойлау еркіндігі бар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аудармадағы лексикалық трансформациялық үлгісі
Білімнің педагогикалық аспектісі - Оқушыларға ғылымды оңтайлы түсіндіру тәсілі
Критериалды бағалау туралы
Қазақ тілін оқыту әдістемесі жайлы
Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамытуда шығармашылық тапсырмаларды қолдану жолдары
Оқытудың негізгі әдіс - тәсілдері
Сөйлеу әрекеттестігі: қабылдау және түсіну үдерістері
Педагогикалық ғылымның құрылымдық элементтері
XVIII—XIX ғасырлардағы неміс философиясы. Неміс философиясындағы классисизм
Тиімді бағалау жүйесінің жоқтығы
Пәндер