Еңбек психологиясы



I) Кіріспе
II) Негізгі бөлім
I) Еңбек. Шаршау мен болдыру
ІІ) Еңбек тәрбиесі
ІІІ) Еңбек нәтижесі және шаршау
IV) Еңбектің бөлінуі
V) Еңбек пен бақыт . егіз
VI) Ұлағатты сөздер
ІІІ) Қорытынды
IV) Қолданылған әдебиеттер
Еңбек адам тіршілігінің арқауы, оның өмір сүруінің басты шарты. Еңбектегі табыстар мен нәтижелер, адамның дүние танымына, нанаым- сеніміне, мақсат- мүддесіне, нақты қажетіне сәйкес келу – келмеуіне қарай әр түрлі болады. Не үшін еңбек ететіндігін бар саналығымен сезіну еңбек етудің ең басты түрткісі болып табылады.
Еңбек үстінде кісі өзіне, қоғамға қажетті материалдық игіліктерді өңдірумен бірге өзінің психологиялық қасиеттерінің жақсы жақтарын (еңбек сүйгіштік, тәртіптілік, ұқыптылық т.б ) біртіндеп қалыптастырып отырады. Еңбек үстінде кісінің өзіне-өзі қызмет ете алу қабілеті, практикалық іскерлігі, дербестігі, икем дағдысы, ынтасы мен тапқырлығы, белсенділігі шыңдала түседі.

Еңбек- адамның рухани және ден күшін жұмылдыру арқылы, өзіне дейін жасалған тәжірбиені пайдаланып, тиісті құралсаймандар мен жұмыс тәсілін қолдану арқылы жүзеге асырылатын іс- қимыл процесі.Осылайша еңбектің адамның өзінің өмірлік қажетің қамтамасыз ету жолында жұмсаған күш-жігері деп ұқсақ, онда оны байлықты жасаушы ретінде түсіндіреді.
Өзектілік: демек, адамның адам болуында еңбек шешуші рөл атқарған . Адамзат еңбекті, еңбекті құралдарын жетілдіре отырып, өзі де жетіліп, кемелдене берген. Сондықтан қоғамның даму тарихын еңбек пен еңбек құралдарының өзгеру, жетілу тарихы деуге де болар еді. Өйткені ерте замандарда еңбек түрлері , еңбек құралдары мен еңбек ету жағдайлары қазіргідей емес , мүлде қарапайым , жабайы сипатта болғаны, ақын айтқандай, « тек бір тамақ деп жорта берудің» шеңберінде болғаны белгілі. Тек бертінде, келе- келе ғана , еңбек бөлінісі негізінде, тек қана күнкөріс талабын қанағаттандыру аясынан босануға мүмкіндік туды. Ол өз ретімен басы артық құлқыннан құтылу( өлтіру) сияқты қатыгез салт-ғұрыптардын қолданудан шығып қалуына алып келді. Оған адамнын басқалар үшін де өндіруді үйренуі себеп болды.
Өндіргіш күштердін одан әрі дамып, өркендеуіне байланысты еңбек бөлінісі терендей, тармақтала түсіп , еңбектің түр- түрін көбейтті.Және оның саны ай сайын, жыл сайын дегендей, тоқтаусыз артып , молайып барады. Сонымен қатар еңбектің жана түрлерінің шығыуымен көне түрлері қолданудан қалыпта жатыр.
Мақсаты: адамның жеке тұлға ретіндегі мінез-құлқының қалыптасуы, оның өзін-өзі басқару мен тұрмыста тәлтіректемей, табанына тік басып , мығым тұра біліуі іс – қимыл шеберлігінің дамуына байланысты. Адамның осы сапалық қалыптасуындағы шешуші фактор- еңбек болып табылады. Ерікті еңбек адамның шығармашылық мүмкіндігіне кең өріс ашып , оны жүзеге асыруға жігірлендіреді.
1) Қ Жарықбаев « Жантану негіздері » Алматы- 2002
2) М Жұмабаев « педагогика» Алматы – 1992
3) Қ Жарықбаев « жалпы психология» Алматы-1993
4) С Бапбала « жалпы психология» Алматы – 2003
5) « Халық педагогикасы» ( Жақсылық, Жүнісова)
6) Т Тәжібаев « жалпы психология» Алматы-1993
7) М Жұмабаев « педагогика» Алматы-1992
8) Ұлықман Асылов , Жарылқасын Нұсқабайұлы
« ӘДЕП инабаттылық дәрістері » .
9) Қ Жарықбаев « Қазақ тәлім тәрбиесі» Алматы- 1996

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Еңбек психологиясы

Жоспар.

I) Кіріспе
II) Негізгі бөлім
I) Еңбек. Шаршау мен болдыру
ІІ) Еңбек тәрбиесі
ІІІ) Еңбек нәтижесі және шаршау
IV) Еңбектің бөлінуі
V) Еңбек пен бақыт – егіз
VI) Ұлағатты сөздер
ІІІ) Қорытынды
IV) Қолданылған әдебиеттер

І. Кіріспе

Еңбек адам тіршілігінің арқауы, оның өмір сүруінің басты шарты.
Еңбектегі табыстар мен нәтижелер, адамның дүние танымына, нанаым- сеніміне,
мақсат- мүддесіне, нақты қажетіне сәйкес келу – келмеуіне қарай әр түрлі
болады. Не үшін еңбек ететіндігін бар саналығымен сезіну еңбек етудің ең
басты түрткісі болып табылады.

Еңбек үстінде кісі өзіне, қоғамға қажетті материалдық игіліктерді
өңдірумен бірге өзінің психологиялық қасиеттерінің жақсы жақтарын (еңбек
сүйгіштік, тәртіптілік, ұқыптылық т.б ) біртіндеп қалыптастырып отырады.
Еңбек үстінде кісінің өзіне-өзі қызмет ете алу қабілеті, практикалық
іскерлігі, дербестігі, икем дағдысы, ынтасы мен тапқырлығы, белсенділігі
шыңдала түседі.

Еңбек- адамның рухани және ден күшін жұмылдыру арқылы, өзіне дейін
жасалған тәжірбиені пайдаланып, тиісті құралсаймандар мен жұмыс тәсілін
қолдану арқылы жүзеге асырылатын іс- қимыл процесі.Осылайша еңбектің
адамның өзінің өмірлік қажетің қамтамасыз ету жолында жұмсаған күш-жігері
деп ұқсақ, онда оны байлықты жасаушы ретінде түсіндіреді.
Өзектілік: демек, адамның адам болуында еңбек шешуші рөл атқарған .
Адамзат еңбекті, еңбекті құралдарын жетілдіре отырып, өзі де жетіліп,
кемелдене берген. Сондықтан қоғамның даму тарихын еңбек пен еңбек
құралдарының өзгеру, жетілу тарихы деуге де болар еді. Өйткені ерте
замандарда еңбек түрлері , еңбек құралдары мен еңбек ету жағдайлары
қазіргідей емес , мүлде қарапайым , жабайы сипатта болғаны, ақын айтқандай,
тек бір тамақ деп жорта берудің шеңберінде болғаны белгілі. Тек
бертінде, келе- келе ғана , еңбек бөлінісі негізінде, тек қана күнкөріс
талабын қанағаттандыру аясынан босануға мүмкіндік туды. Ол өз ретімен басы
артық құлқыннан құтылу( өлтіру) сияқты қатыгез салт-ғұрыптардын қолданудан
шығып қалуына алып келді. Оған адамнын басқалар үшін де өндіруді үйренуі
себеп болды.
Өндіргіш күштердін одан әрі дамып, өркендеуіне байланысты еңбек
бөлінісі терендей, тармақтала түсіп , еңбектің түр- түрін көбейтті.Және
оның саны ай сайын, жыл сайын дегендей, тоқтаусыз артып , молайып барады.
Сонымен қатар еңбектің жана түрлерінің шығыуымен көне түрлері қолданудан
қалыпта жатыр.
Мақсаты: адамның жеке тұлға ретіндегі мінез-құлқының қалыптасуы,
оның өзін-өзі басқару мен тұрмыста тәлтіректемей, табанына тік басып ,
мығым тұра біліуі іс – қимыл шеберлігінің дамуына байланысты. Адамның осы
сапалық қалыптасуындағы шешуші фактор- еңбек болып табылады. Ерікті еңбек
адамның шығармашылық мүмкіндігіне кең өріс ашып , оны жүзеге асыруға
жігірлендіреді.

II. Негізгі бөлім

I. Еңбек. Шаршау мен болдыру.

Адам психологиясын қалыптастыруда шешуші рөль атқаратын әрекеттің
бірі- еңбек.Еңбек адам тіршілігінің арқауы, оның өмір сүруінің басты шарты.
Еңбектің адам сана-сезімінің қалыптасуына қалайша әсер ететіндігі жөнінде
К.У. Ушинский: ...Еңбек тән мен рухани адам жаратылысының және жер
бетіндегі адамның тіршілігінің күрделі заңына айналады, ол адам тәнінің,
адамгершілігі мен ақыл-ойының жетіліуінің жағдайы, оның адамгершілік ар-
ұяты, бостандығы және ақыр аяғында қуанышы мен бақыты болып табылады
дейді. Еңбек әрекетінің психологиялық табиғатын А.С.Макаренко былайша
түсіндіреді : Адам жұмысты сүйіп істейтін болса, одан саналы түрде қуаныш
сезетін болса, еңбек ол үшін жеке басын және талантынтудырудың негізгі
формасы болатын болса, сонда ғана творчестволық болуы мүмкін. Еңбекке
мұндай көзқарас мүмкіндігі, тек еңбекке күш салу нағыз әрекетке айналған
кезде ғана, ешбір жұмыс көңілсіз болып көрінбейтін болса, онда бір мағна
болса ғана туады . Ұлы педагог еңбексіз тәрбиені дұрыс тәрбие деп түсінуге
болмайтындығын, еңбек адам психологиясын, кісілердің бір-бірімен ынтымақты
қарым – қатынасын қалыптастыратын негізгі фактор екендігін еске салады.
Жалпы еңбек әрекетінің ( жеке және ақыл- ой) негізгі ерекшелігі – оның
жоспарлылығы мен белгілі тәртіпке бағынатындығында. Еңбек процесі
қызметтерде арнаулы білім жүйесі, дағды, икемділіктердің болуын,
зейіпділікті, күшті ерік күшін, белгілі еңбек тәртібі қажет етеді.

Еңбектегі табыстар мен нәтижелер, адамның дүние танымына, нанаым-
сеніміне, мақсат- мүддесіне, нақты қажетіне сәйкес келу – келмеуіне қарай
әр түрлі болады. Не үшін еңбек ететіндігін бар саналығымен сезіну еңбек
етудің ең басты түрткісі болып табылады.

Еңбек үстінде кісі өзіне, қоғасға қажетті материалдық игіліктерді
өңдірумен бірге өзінің психологиялық қасиеттерінің жақсы жақтарын (еңбек
сүйгіштік, тәртіптілік, ұқыптылық т.б ) біртіндеп қалыптастырып отырады.
Еңбек үстінде кісінің өзіне-өзі қызмет ете алу қабілеті, практикалық
іскерлігі, дербестігі, икем дағдысы, ынтасы мен тапқырлығы, белсенділігі
шыңдала түседі.

Ғылым мен техниканың дамуы, адамның ой- санасының өсуі, білім жүйесі
мен дағдының оөдағыдай қалыптасуы еңбектегі қара күштің салмағын біртіндеп
кеміте береді, техниканың тетігін біліп, оны басқару оңайланады. Еңбектің
қандай түрі болса да құрметті және қадірлі, жаман еңбек болмайды. Адам өз
еңбегінің жұртқа және өзіне пайдалы екендігін, одан шығатын нәтижені үнемі
есзініп отыруы тиіс. Еңбек тек өнімді, пайдалы болып қана қоймай , ол
сонымен қатар творчествалы сипатта болуы қажет. Тұрлаулы , нәтижелі еңбек
шыдамды, ұқыпты адамның қолынан ғана келеді. Оған күшті ерік жігер, қажыр –
қайрат керек. Жалқау, керенау адамда творчестволық еңбек болмайды. Әрбір
ынтымақты ұжымда еңбек өнімділігін арртыру – ең негізгі мәселе. Мұндайда
адам еңбекке ынталы кірісетін болады, еңбекке байланысты тұрақты қызығу
қалыптаса бастайды. Адамда еңбек дағдылары мен іскерлік, шеберліктің жақсы
ұштасып келуі, адамдардың өнердегі өнертапқыштығын, творчествосын
арттырады, оның ақыл-ой әрекеті жан-жақты дами бастайды. Мұғалімдер
балаларды еңбектің кез-келген түріне, одан шығатын нәтижелерге сый –құрмет
көрсету рухын да ( еңбекке өте ұқыптылықпен қарау, онын ысырабына жол
бермеу, еңбек үстінде болатын барлық берекесіздікке қарсы аяусыз күресу)
тәрбиелеп отыруы тиіс.
Жас баланың еңбек дағдылары семьяда қалыптаса бастайды. Тіпті екі-үш
жастағы балалардың шешініп, киінуі де, ойыншықтарын жинап қоюында да еңбек
процесінің элементтері бар. Мектепке дейінгі бала ұй ішіне қолғабыс
тигізеді, үй сыпырады, гүлге су құяды, үй жануарларына жем береді т.б. Осы
айтылғандардың бәрі- еңбек процесінің нақты көріністері. Баланың жасы өскен
сайын, еңбек дағдылары да қатая түседі, оның шеңбері кеңіп, мазмұны
тереңдейді.
Бастауыш сыныптардағы еңбек тәрбиесі- баланы жүйелі түрде еңбек
дағдыларына үйретудің бірінші қадамы. Оқушының еңбекке дағдылануы бірден
дамымайды. Өйткені бала бірден өзінің еңбек етудегі мақсатын түсіне
қоймайды және одан нәтиже шығарамын деп те ойламайды.Еңбектің адамның
қандай қажетіне жарайтының, оның қоғамдық мәнің бала айқын түсінетін болуы
қажет. Еңбек сабағы зейінді тәрбиелеудің де ең жақсы құралы.Өйткені тіпті
кішкентай еңбектің өзі(инені сабақтау ) зейіннің бір жерге жиналуын,
дәлдікті, күш салуды қажет етеді. Еңбек дағдыарының мардымсыздығы төменгі
сынып оқушыларынатән қасиет. Мұндай жағдайды, мәселен жазу дағдысын
қалыптастыру кезеніңде де байқауға болады.Ол жазуға бүкіл денесін (ауыз
жыбырлату, көзін шүйілту, аяғын тіреу, мезгіл – мезгіл дем алу т.б.)
қатыстырады. Осы жайт еңбек сабағында да байқалады. Бұл оның организмін тез
шаршатады.
Қарапайым еңбек құралдарына (қайшы,ине, жіп, желім,түйреуіш т.б. )
машықтанған оқушылар бүтіндей күрделі аспаптармен жұмыс істей алуға
біртіндеп үйреніп кетеді.Адамның балғын кезінде алған еңбектік дағдылары
өмір бойына сақталады. Сондықтан төменгі сыныптарда осы дағдылардың әдемі
де оңтайлы берік болып қалыптасуына ерекше көңіл бөлу қажет. Егер еңбек
сабағы белгілі жоспармен педагогикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылса,
балалар оған бар ынтасымен кірісетін болады. Төменгі сынып оқушылары
көбінесе еңбектің нәтижесінен гөрі,оның өзіне (қайшы мен қағаз қию, инемен
тігу т.б.) қатты зейін қояды. Оларда еңбек мотивтері көріне бастайды. Бала
нендей зат болса да өз кәдесіне жаратуды ұнатады. Біраз уақыт бойына баланы
еңбек етуге итермелейтін осындай мотивтерді қолданған дұрыс. Өйткені бұл
оның еңбекке деген икемділігін, ықыласын арттыра түседі. Бұл кезде еңбектің
қоғамдық мәнің көп сөзбен айтуға бара бермеу керек. Бала заттарды өзім
тұтынам деген ниетпен істейтін болса, оны барынша жақсы жасауға тырысады.
Кейін үшінші, төртінші сынптарға барғанда, еңбектегі жеке мотивтер қоғамдық
мотивтерге жол бере бастайды. Оқушы біртіндеп өз еңбегінің қоғамдық мәніні
түсіне бастайды.

II. Еңбек тәрбиесі.

Төменгі сынып оқушылары шаршағанына қарамай қимылдайды.
Өйткені олар шамасының келу-келмеуіне қарамастан, іске қызу кіріседі.
Көбінесе еңбек тәртібі сақтала бермейді. Олардың бірі қағаз қиса екіншісі
желімдейді, үшіншісі тағы бір іспен айналысады. Істелген істің сапасына мән
беріп жатпайды, жаман болсын жақсы бір зат істеп шығардық деп ойлайды. Бұл-
көбінесе бірінші сыныптағыларға тән қасиет.
Бала біртіндеп еңбек ету арқылы көп нәрсені үйреніп білетініне көзі
жете бастайды. Мәселен үшінші сыныптағы балада “осы мен не істей аламын
екен ? ” деген ой туады да, осыған байланысты әрекет ету басталады. Оның
өзіне-өзі үңілуі, өзінің қабылетін сынап көруі - өте құптарлық іс. Егер ол
өз қолынан бір нәрсе істеп шығарса, “Ту мен де істей алады екем ғой”,-деп
төбесі көкке жеткендей масаттанады. Бұл оның психологиясына жағымды әсер
етеді. Еңбек тапсырмаларын орындау кезінде оқушыларды өзін-өзі бақылай
білуге үйретудің маңызды екені белгілі. Өзіне-өзі бақылау жасап, өзіне-өзі
есеп беру еңбек әрекетінде қажетті психологиялық сапалардың (жауап-
кершілік, инициативалық, дербестік, белсенділік, тәртіптілік т.б.)
қалыптаса түсуіне де көмектеседі. Бастауыш сынып мұғалімдері сынпта өтетін
еңбек сабақтарын қоғамдық пайдалы еңбекпен тығыз ұштастыру арқылы үлкен
тәрбиелік мәні бр жұмыстар істейді. Мәселен, оқушы тіккен кестелі орамалды
Халықаралық әйелдер мерекесі күні анасына сыйласа,өз еңбегінің кәдеге
жарағанына қатты риза болып, алдағы уақыттарда бұдан да жақсы істеуге
талпынатын болады. Әрине, мұндай істерге мұғалімдердің ақыл-кеңестері керек-
ақ.
Кейбір мектептерде еңбек сабақтарына немқұрайды қарайтын мұғалімдер
де кездеседі. Ал осындай мұғалімдердің оқушылары сабақтан тыс кездерде
болатын қоғамдық пайдалы жұмыстарда тәртіпсіздік жасауға дейін
барады.Әрине, мұндай ұйымдаспаған, мақсатсыз еңбек оқушыларда (әсіресе
отбасында ебек тәрбиесін жөнді көрмеген балаларда) салдыр-салақтық,
тәртіпсіздік, әдепсіздік сияқты теріс міңездің орныға түсуіне итермелейді
де, үлгерімі мен тәртібі жақсы деп жүрген балаларға кері әсер етіп, оларды
енжар, селсоқтық жағдайға түсіретін болады. Кейбір мұғалімдердің осындай
ісіне қынжылу жеткіліксіз, ондайлармен басқаша сөйлескен ұрыс. Бастауыш
сыныптарда еңбек сабағын ұйымдастыру мұғалімнің методикалық шберлігін аса
қажет етеді.Мәселен, мұғалім балаға жөнді талап қоймайтын болса, бала бұған
“еті өліп” үйрніп кетеді де, еңбек сабағын “дем алудың”, “тыныстаудың” бір
түрі деп ойлайтын болады. Сондықтан басқа сабақтарға қандай талаптар
қойылатын болса, еңбек сабағына да сондай талаптар қойылуы қажет. Мұғалім
еңбек сабағының баланы табандылыққа,мақсатқа ұмьылуына, өз бетіменістеуге
талпынушылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеуде басқа “пәндік” сабақтардан гөрі
біраз артықшылығы бар екенің үнемі есінен шығармауы тиіс.Өйткені оқу мен
тәрбиенің егіздігі, бізге әр нәрсенің тәрбиелік жағынанбаса назар аударып
отыруды қажет етеді. Мұғалім сондай-ақ кейбір оқушылардың еңбекке
икемсіздігінің нақты себептерін тауып, олардың еңбекке көз-қарасын дұрыс
арнаға түсірумен қатар тиісті икемділік пен дағдыларды қалыптастыруды
ойластыруы қажет.Еңбек сабақтары оқушылардың ой-өрісінің жан-жақты
қалыптасуына мүмкіндік береді.Сонымен қатар еңбек балаларды ұйымшылдық пен
тәртіптілікке, зейінділікпен бақылағыштыққа баулиды. Мұғалім еңбек үстінде
өзі оқытып, тәрбиелеп жүрген шәкірттерін жан –жақты зерттеп білуге
мүмкіндік алады, олардың творчестволық мүмкіндіктері мен қабілеттерін,
еңбекке деген сүйіспеншілікпен қосарластыра дамытатын болады.
Адам мәнсіз еңбектен шаршап, оның тіршілік әрекеті уақытша нашарлап
отыратын кездері болады. Мұндайда орталық жүйке жүйесінің сыртқы әсерге
жауап беруі әлсірейді. Кісінің өз жұмысына қызығуы, онда жауапкершілік
сезімінің күшті болуы іс-әрекеінің әр түрін дұрыс ұштастыра алуы оның мәні
мен нәтижесін саналықпен түсінуі кісіні оншама шаршата қоймайтыны хақ.
Шаршау, үлкендерге қарағанда, жас өспірімдерде көбірек байқалады. Мұны
олардың зейін тұрақсыздығынан, мидағы тежелу процесінің сыртқы
тітіркендіргіштерге қайтаратын жауап реакцияларының әлсіздігінен, оқу
материалдарын дұрыс ұға алмауынан аңғаруға болады.
Жиі шаршамау үшін оқу мен еңбекті ғылыми негізде ұйымдастырып,
бұлардың жүйелі ұштастырылуына көңіл бөлу қажет.
Шаршау организмде әр кез пайда болып отыратын заңды
психофизиологиялық құбылыс. Дұрыс ұйымдастырылған демалыстан кейін шаршау
басылады да, организм тың қалпына қайта келе бастайды. Ал, шаршау қайталана
берсе, ол оның созылмалы түрі-қажып, болдыруға ауысуы мүмкін.
Қажу немесе болдыру ми қабығының біркелкі жұмыс істеу қабылетінің
бұзылуынан байқалады да, адамның көңіл-күйіне қолайсыз әсер ете бастайды.
Мұндайда бас ауырады, адамда орынсыз ашушандық, әлсіздік, асқа тәбет
шаппау, ұйқы бұзылу, т.б. секілді қолайсыз жағдайлар туындайды. Жүйке
жүйесінің қажуы ақыл-ой жұмысының нәтижесін төмендетеді, адамның оқуға
ықыласы соқпай, оқығаның тез ұмытып қала беретін болады. Қажу, болдыру
кейде үй жағдайының тынымсыздығынан, айналасындағылармен түсінісе
алмауынан, бұған іштей ренжіп, қайғырып қиналудан да туындайды. Сондықтан
невроз ауруына шалдықпау үшін үйде және мектепте қолайсыз жағдайлар болса,
шамадан тыс көп оқуға, ұйқы режимінің, дем алу тәрібінің жүесіздігіне т.б.
жол бермеу керек.

III. Еңбектің нәтижесі және шаршау.

Жиі шаршау- болдырудың субъективтік көрсеткіші, “басталып келе
жатқан болдырудың белгісі”- дейді А.А. Ухтомский (1875-1942)
Сондықтан да әрбір адам өз мүмкіндіктерін ескере отырып, шарашу мен
болдыруға төтеп бере алатын жағдайларды үнемі еске алып отыруы абзал. Бұл
үшін:
1) жұмыс орнының тазалығы мен жинақы болуы,оның микроклиматы мен
жарықтығы, ауа тазалығы тиісті гигиеналық талапқа сай келуі тиіс.
2) әр адам өзінің жеке дара ерекшеліктерін еске алып, түрлі жұмысқа
қажетті қозғалыс қимылдарды ретімен дұрыс пайдалануы, әсіресе дене
шынықтыру мен режимнің талаптарын қатаң сақтау қажет.
3) Орыс физиологы Н.Е. Введенский (1852-1922) белгіген жұмыс қабылетің
арттырудың бес шартың сақтау, атап айтқанда:
а) жұмысқа біртіңдеп еңу
ә) жұмыс ырығын бұзбау, мұндағы біркеліктілікті сақтау
б) іс-әрекеттің жүйелі және жоспарлы болуын қамтамасыз ету
в) еңбек пен демалыстың дұрыс алмасуын қадағалау
г) еңбек нәтижесінің ұным таратқан дүрік бағалануын үнемі еске алып
отыру қажет.
Жоғарыда айтылғандай, жалпысоциологиялық теориямен қатар, жекелеген
әлеуметтік құбылыстарды және институттарды (қала, ауыл, жастар, мәдениет,
білім беру,т.б.) зерттейтін арнайы (салалық) психологияық теориялар бар.
Еңбек социологиясында да осылардын бірінен саналады.
Еңбек социологиясының зерттеу нысаны ретіндегі еңбек дегеніміз не ?
Бұл сұрақты қарастырмастан бұрын еңбектің қоғамдағы орны, рөлі және
маңызын анықтайтын бірқатар жалпы теориялық сұрақтарға тоқталу қажет.
Адамның да, қоғамның да пайда болып, қалыптасып, дамуы тек еңбекке
байланысты екені баршаға аян. "Адамды адам еткен еңбек"- деп тегін
айтылмаған. Еңбек дегеніміз – қызметтің тіршілік әреетінің басты, шешуші,
түбегейлі формасы. Оның барысында адам қажетін өтеуге керекті бүкіл
заттар мен игіліктердің жиынтығы жасалады. Адам еңбегінің өнімі – адамды
қоршайтын екінші табиғат болып табылады. Яғни, адамдардың қолымен және
ақылымен жасалған тұтастай бір жасанды әлем.
Алайда, мұнда дене еңбегі анық көрініп тұр.Адаммен табиғат тікелей
байланысты. Мәселен, жер жыртып жүрген тракторшы жерге (табиғатқа) сәйкес
әрекет етіп жүр. Ол әрекетті өзінің алдына қойған мақсатына орай жүзеге
асырады. Ал станок басында бір болшекті жонып жатқан жұмысшы –
станокшының табиғатқа ешбір қатысы жоқ секілді...Бірақ бұл олай емес. Ол
жұмыс істеп жатқан станок кеннен балқытылып алынған металдан жасалған,
кен болса жерден (табиғаттан ) алынған. Және кез келген физикалық еңбек
табиғатқа тікелей әсер етпесе де, мұны аралық баспалдақтар арқылы іске
асырады.
"Дәрігер, жазушы, мұғалім, ғалым т.б. ой еңбегі мамандарының еңбегі
не болады ?"- деген сұрақ туындайды. Міне, осы жерде Марстың тұжырымы
жарамсыз. Осы және басқа категориядағы мамандардың еңбегінде табиғатпен
қарым-қтынас жоқ, есесіне басқа адмдармен, жалпы қоғаммен қатынас бар.
Адам технология заңдары бойынша ғана емес, әдемілік заңдары бойынша да
жасампаздық еңбек атқарады, еңбек процесі мен оның нәтижелерінің
әдемілігі еңбектің эстетикалық жағын құрайды. Білікті токарьдың (металл
жонушы) қала( жұмыс істейтінің көргенде "әдемі жұмыс істейді ..." деп
сүсінетініміз де содан.
Біз еңбектің кейбір жалпы маңызы бар қызметтерін атап шықтық, әрине
бұл кез-келген еңбекте, уақыт бірлігінде және қоғамда олардың бәрі немесе
басым көпшілігі көріне береді деген ұғым тудырмайды. Адамға жақсы әсер
ету былай тұрсын, денсаулығына зиян, тұлғаның рухани құлдырауына да
әкелуі мүмкін еңбек түрлерінің де аз емес екндігі баршаға аян. Бірқ бұл,
еңбектің адам дамуындағы рөлін мойындауға кедергі болмаы тиіс.
Адам қажетін өтеу, қоғам байлығын құрастыру, тұлғаның дамуына жол ашу
сияқты басқа да бірқатар маңызды міндеттерді орындай отырып, еңбек –
еңбек қоғамның даму көзі және қоғамдық дамудың қозғаушы күші болып
есептеледі.
Біздің қоғамның қазіргі әлеуметтік дамуының ең басты мақсаттарының
бірі -әлемдегі алдыңғы қатарлы мемлееттердегідей өмір сүру деңгейіне қол
жеткізу екенігі белгілі. Ұзақ мерзімдік "Қазақстан - 2030" стратегиялық
бағдарламада осы мақсатқа жету кезендері белгіленген. Бірақ аталған
елдердің осындай деңгейге қалай жеткенін анықтауға тырыссақ, онда олардың
кез-келгенінің дамуына үлес қосқан алуан түрлі факторладың ішінде,
жоғары өнімді еңбек тұрады. Батыс пен Шығыстың көптеген елдерінде
(әсіресе Жапонияда) қазір еңбекке табыну қалыптасты, еңбек ең негізгі
құндылық, барлық ақылға келер материалдық және рухани игіліктердің көзі
ретінде зор бедлге ие.
Еңбектің қоғамдағы орасан зор, бірінші кезекті маңызы- оның сан алуан
турінде, салаларында, формаларында көрініс тапты. Бұл тарихи
кезеңдерде дамыған еңбек барысындағы әртүрлі еңбек құралдары, құрал
саймандар, т.б. қолданылғалдығы – пайда болған қоғамық еңбек бөлінісінің
нәтижесі болып табылады. Қоғамдық еңбектің әртүрлі сипаттары бойынша
бөлінуіне мына еңбек түрлері күә : индустриалдық, ауыл- шараушылық ,
кәсіптік, отбасылық т.б. әйел, бала еңбегі, шығармашылық және
қарадүсіндік еңбек, өнімді және өнімсіз еңбек, ұйымдастырушылық және
орындаушылық, білікті, біліксіз еңбек, қол еңбегі, механикаландырылған,
автоматтандырылған еңбек, кәіптік және жүздеген мамандықтары бар еңбек,
т.б.

IV. Еңбектің бөлінуі.

Қоғамдық еңбек бөлінісінің ішінде еңбектің дене және ой еңбегі
болып бөлінуіне көбірек назар аударамыз. Шын мәнініде қоғамдық-тарихи
процесс ретінде еңбек бөлінісі материалдық және рухани еңбек бөлінісі
басталған мезеттен жүзеге аса бастады.
Жалпы алғанда, барлық еңбек процессіне бұлшық еттер де, ми да
қатысады, екеуіде адамға тән болғаны секілді еңбек опреацияларында да
дене күші мен ақыл энергиясы бірлеседі.
Еңбек процессі дене және ақыл күшінің бірігуінсіз іске аспайды, алайда
бұл олардың арасындағы айырмашылықты жоққа шығармайды. Бұл айырмашылықтар
оларды еңбек процесінің негізгі элеменнтері тұрғысынан алып қарағанда
айқын көрінеді : 1) еңбек заты 2) еңбек құралы 3) еңбек нәтижесі (өнімі
).
Еңбек заты дегеніміз- еңбек құралдары әсер ететін табиғи заттары ;
еңбек құралдары-еңбек атына әсер ету үшін адамның пайдаланатын түрлі
жабдықтары.
Жоғарыда келтірілген еңбек ерекшеліктері тұрғысынан алғанда дене және
ой еңбегінің арасында қандай айырмашылықтар бар.
Дане еңбегінің заты- бұл табиғаттың бөлшегі, материалданған формасы
бар өнделмеген зат немесе бұйым, шала фабрикат (мәселен шахтер үшін көмір
қабаты, тоқыма фабрикасының жұмысшысы үшін мақта, т.б.) . Ой еңбегінің
заты – материалдық немесе материалдықемес заттарда болуы мүмкін. Мәселен,
зауыттын ғылыми лабороториясында жұмыс істеп жатқан инжинер үшін жасалып
жатқан машина конструкциясы немесе формулалары, теориялық есептеулер,
ойша модельдер, идеалдық заттар (нысандар).
Дене еңбегінің құралдары бұл техникалық құралдардың сан алуан түрлері,
олардын негізгі міндеті қол, саусақ, аяқ секілді ежелгі дене еңбегі
мүшелерін күшейту және жетілдіру. Ой еңбегінің құралдары, оның заттары
секілді руахани (теориялар, гипотезалар, кітаптар, сызбалар, т.б.) және
материалдық болуы мүмкін (әртүрлі ғылыми приборлар, эперименталдық
құрылғылар, есеп құралдары-калькуляторлар, компьютерлер, т.б. ) Олар
біздің миымыздың интелектуалдық қуатын еселеп көбейтуге арналған.
Дене еңбегінің өнімі-адамның алуан түрлі қажеттіліктерін
қанағаттандыру үшін өндірілген заттардын кең көлемі. Бірақ, бұл заттарды
жасаған адамдар миларын істетпеді деген сөз емес. Ой еңбегінің өнімі екі
түрлі сипатта болуы мүмкін : 1) таза рухани құндылық (кітап, сурет,
симфония, т.б.) 2) материалдық өндіріспен тікелей біте қайнасқан өнім,
бұл жағдайда ой еңбегін завод жұмысшылары материяға айналдырады, инжинер
оларға жұмыс бағдарламасын, есептеулер , схемалар, сызбалар түрінде
береді.
Механикалық еңбекте қол еңбегі қызметтерінд айтарлықтай бөлігін
машиналар орындайды. өндірістік процесстің бір немесе бірнеше сатысында
машиналар мен механизмдерді пайдалануға байланысты бөліктеп және кешенді
механизациялай деп айырады.
Еңбекті қайта жарақтаудың жаңа бір сатыы- автоматиация. Кең мағынада
автоматизацияны энергияны, материалдарды немесе ақпараттарды алу,
түрлендіру, тасымалдау және пайдалану процестеріне адам араласуын
толықтай немесе бөліктеп алмастыру мақсатында техникалық құралдарды
пайдалану деп сипаттауға болады. Автоматтандыруға жекелеген операциялар
мен процестер жартылай автоматтандырылса , ал кешенді автоматтандыруда
–ол бүкіл жұмыс ырғағын қамтиды. Бұл жағдайда жұмысшының міндеті тек
қана автоматтарды күйіне келтіру мен өндірістік процестерді бақылау.
Келтірілген сипаттамаларды ескере отырып, келесі еңбек топтарын
ажыратамыз :
1) қарапайым қол еңбегі ;
2) күрделі қол еңбегі;
3) қарапайым механикаландырылған ;
4) күрделі механикаландырылған;
5) қарапайым автоматтандырылған ;
6) күрделі автоматтандырылған.
1,3,5 топтар- көбіне маманданбаған, аз және орташа маманданған еңбек;
2,4,6 – орташа және жоғары маманданған еңбек . кешенді механизациялау мен
автоматтандыру кезінде 2,4,6 топтарының қарқынды дамуы іске асады, 2 және
6 кейіннен толық және тәмәмдалған автоматтандыруға ие болады.
Қол еңбегінің шығындарын азайтудын негізгі жолы – кәсіпорынды
техникалық қайта жарақтандыру, прогресивті технологиялар мен машиналарды
іске қосу.
Адам еңбегіне қандай факторлер әсер етеді және оның еңбекке араласуын
не анықтайды ? Бұл факторларды ішкі (еңбекке ықыластану- мотивация) және
сыртқы (еңбекке ынталандыру - стимулирование) деп бөлуге болады.
әлеуметтік-психологиялық тұтастық пен еңбеккерлердің ұжымға
психологиялық қосылуын арттыру –кәсіпорындарда көптеген инженерлер
атқаратын басшылық жұмыстың маңызды бөлгі болуы тиіс.
Адамдар қарым-қатынасы, көңіл-күй секілді нәзік және күрделі нәрселерді
басқаару өте қиын жұмыс, әрі белгілі бір талаптарды орындауды қажет етеді.
Соған байланысты қазақ педагогикасының қалаушы Мағжан Жұмабаев ол 1893 жылы
Қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы Молодежный совхозында
әлеуетті отбасында туған. Алғаш- 1903 жылға дейін молдадан, кейін Уфада
Ғалияда дәріс алған. 1913-1917 жылдары Омбыда мұғалімдер семинариясын, 1923-
1926 жылдары Мәскеуде Әдеби- көркем институтын бітіреді.
1913жылы тұнғыш өлендер жинағы Шолпан кітабы жарық көрді.
Осында Алтын хаким Абайға өлені жарық көрді. 1918,18,01-1918,05
абақтыда. Бұған кінәлі әулекті Үш жүз партиясының мүшелері еді. Колчагтың
қанқұйлы реакциясына қарсы болды.
Мағжан Жұмабаев Ұлт тәрбиесінің жақсылық жағы көп болғаны
сықылды жамандық жағы да көп. Қысқасы ұлт тәрбиесі қаншы қадірлі керек
керек жол болғанымен адастырмайтын дұрыс жол деуге болады .
Заманы Баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығару емес, келешек заманына
лайық қып шығару керек деп армандаған.
Мағжан Жұмабаев қазақилық тұрмыс, жағдай қалыптастырады қастерлей
отырып , онда да зиянды әдептер толып жатыр дейді. Ол тәрбиенің
психологияық бағыттарын адам түсініктер арқылы ашады. Түйсіктер- көру есту,
айыру, қасиеттеріне ерекше назар аударады. Сәбидің ә дегенің есту арқылы
өсе бастайтының айтып, әдемілікті алғаш сүюіне есту ықпалы зор дейді.

Оның педагогикалық көзқарастары 1913 жылы шыққан тұңғыш өлендермен
Шолпан кітабында байқалды. Ол Абайды ерте таныды.

Поэмалар- Батыр Баян Оқжетпестің қиясында Қорқытта
сүйіспеншіліктің махаббатың адам жанаң тәрбиелеудегі рөліне маңызы берген.

Педегогика Бастапқы кезде жөбішінде білінбейтін баланың жан
тұрмысы бала өскен сайын бірте-бірте біліне бастайды. Сондықтан баланың
дене тәрбиясы мен жан тәрбиесің қатар алып беру керек. Қатар алып бару емес
бала өскен сайын тәрбиеші күшінің көбін баланың жан тәрбиесіне жұмсай
беруге міндетті. Тегінде берік ұғу керек адамның қымбат нәрсесі де жұмбақ
нәрсесі де сол жан. Қиын тәрбие тілейтін де сол жан. Жанды дұрыс тәрбие
қыла білу үшін жанның жайын баяндайтың ғылыммен таныс болу керек.

Педагогика кітабындатәрбие басы – баладан екендігіне ерекше маңызы
беріледі.Адам табиғаты көптеген шағын калыптардың тұратынына ой салынада.
Денесіз жан жоқтығын айтып жанды тәнмен астарластыра алғандығына көңіл
бөлінбейді. Тәрбиенің денеден жан жоқтығын , жантану мәселелерінде ақынның
үлкен үрдістік қадам жасағандығы , жантану бағытындағы терендіктері, бұл
салада оның көзқарастарын әлемдік ойшыл ғұламалар ойларымен сипаттас
келетіндігі педагогика саласына Мағжанның өз бір мектеп іспеттестігі, жан
сырларының зандылығын түзуші ретіндегі ұлы жантанушы екендігін делелдейді.

V. Еңбек пен бақыт – егіз

Еңбек- адамның рухани және ден күшін жұмылдыру арқылы, өзіне дейін
жасалған тәжірбиені пайдаланып, тиісті құралсаймандар мен жұмыс тәсілін
қолдану арқылы жүзеге асырылатын іс- қимыл процесі.Осылайша еңбектің
адамның өзінің өмірлік қажетің қамтамасыз ету жолында жұмсаған күш-жігері
деп ұқсақ, онда оны байлықты жасаушы ретінде түсіндіретін ерте заман
экономистерінің тұжырымдамаларында шындық жатқаның жоққа шығару қиын.
Алайда ағылшынның әлемге әйгілі: драматургі Б. Шоудың: Істі доғарсақ,
өмір сүрудіде доғарамыз - деген сөзі тұрғысынан алып қарағанда , еңбектін
әдеп-инабат , адамгершілік категориясына жататынына көзіміз жетеді.ХХ
ғасырдың ұлы суреткерлердің бірі, атақты француз жазушысы Р. Роллан ол
жайында: Еңбек- шын инабаттылықтын бірден – бір көрінісі - деп, тайға
таңба басқандай атап көрсеткен. Осы мазмұндас тұжырымдар арғы-бергі ойшыл-
филосовтарында аз кездеспейді . Сөзімсіз дәлелсіз болмау үшін және
оқырманның көзін еңбектін адамның инабатты- парасатын танытатын басты
көрсеткіш екеніне жеткізе түсіну үшін , мысалдар келтіре кетейік, Әйгілі
ғалым – математик әрі жазушы Б Паскаль (1623-1662) Қоғам үшін де , өз
басы үшін де пайдасыз болудан және ақылға ештене істемеу үшін ғана ие
болудан ұят ештене жоқ - десе , филосов – Жон Мари Гюйо ( 1802-1885)
Адам жұмыс істеген уақытында ғана толық адам болады - дейді. Ал орыстын
данышпаны жазушысы Л.Н. Толстой : Адамды ештенеде еңбектей ізгілендіре
алмайды . Адам өзінің қадір – қасиетің еңбексіз сақтай алмайды , - деп,
өзге кеменгерлердің ойларын қостай әрі нақтылай түседі. Сол Толстой еңбек
етпеуді қылмысқа сынайды. Адамшылық қасиеттер , соның ішінде еңбек этикасы
туралы әлем даналарының ойпікірлерін толықтыра әрі терендете түсіп, өз
тарапынан тың жаналықтар ашқан, сөйтіп, жүйелі ілім жасаған кеменгер , Абай

Бақпен асқан патшадан
Мимен асқан қара арқан
Сақалын сатқан кәріден
Еңбегін сатқан бала артық-

Деп, еңбек ету мен тілемсектілік арлық пен арсыздық белгісі ретінде алып
қараса , атақты Сегіз аяқ атты өленінде.

Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық
Аздырар адам баласын,-

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заң және сот психологиясы
ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ САЛАЛАРЫ МЕН ТАРМАҚТАРЫ
Психология салалары және басқа ғылымдармен байланысы
Психология менің өмірімде және кәсібімде тақырыбында
Басқа ғылымдармен психологиямен бірігу мәселелері
Жалпы психологиялық дайындық
Арнайы психология туралы
Психология жайлы түсінік
Психологияның ғылымдар жүйесіндегі орны
Басқару психологиясы ғылым ретінде
Пәндер