Класс. Талшықтылар - mastigophora


Жоспар
I . Жалпы сипаттама
II. КЛАСС. ТАЛШЫҚТЫЛАР - MASTIGOPHORA
III. Құрылысы мен физиологиясы.
IV. Көбеюі.
Қорытынды
БІРКЛЕТКАЛЬІЛАР ПАТШАЛЫҚ ТАРМАҒЫ
I. Жалпы сипаттама
Бірклеткалылар (Protozoa) - денесі морфилогияльіқ (құрылысы жағынан бір клеткадан тұратын және тіршілік қызметтері бойынша дербес, жеке организмге сай жануарлар. Олар жеке организмге тән зат алмасу, тітіркену, қозғалу, өніп-өсу, ортага бейімделу, ас қорыту, зәр шығару, тыныс алу және т. б. қызметтерді аткарады.
Қарапаиымдылардың жарықты анықтай білеттін қабілеті жарық сезгіш органелла-көзше арқылы іске асады. Көзшенің ультранәзік құрылысын зерттегенде, оның құрамында цитоплазмаға батып тұрған түрі өзгерген талшық бары анықталды. Қарапайымдылардың ас қорыту органеллалары әртүрлі: қарапайым ас қорыту вакуолясынан немесе көпіршіктерден клеткалы ауыз, ауыз оймышы, жұтқын-шақ, қылаулатқынықа дейін күрделенеді.
Зәр шыгару органеллалары-жиырылғыш вакуолъдер цитоплазмада жиналып қалған метаболизм (зат алмасу) сұйық өнімдерін сыртқа шығарудан басқа қарапайымның денесіне қоршаған ортадан келген артық судан босату қызметін де атқарады. Бұл арада зәр шығару мен осмореттеу, яғни организмнің ішкі ортасының тұрақ-тылығын сақтау қызметтері бірігіп қатар жүреді. Теңіз қарапайымдылары мен паразит формаларында жиырылғыш вакуольдер болмайды, себебі оларды қоршаған сұйықтың осмос қысымы тұщы суға қарағанда өте жоғары, сондықтан сұйық зат алмасу өнімдері диффузды түрде бүкіл денесі арқылы шығарылады.
II. КЛАСС. ТАЛШЫҚТЫЛАР - MASTIGOPHORA
Талшықтылар класының негізгі белгісі - қозғалу органоидының қызметін атқаратын бір немесе бірнеше талшықтардың болуы. Талшықтар Mastigophora тіршілігінің көп кезеңдерінде тұрақты кездеседі, сол сияқты аздаған түрлерінде уақытша немесе тұрақты түрде жалған-аяқтар (псевдоподиялар) да болуы мүмкін. Осы белгілер саркодалылар мен талшықтылардың арасындағы жақындықты және айқын ажырататын шекараның жоқтығын көрсететіндіктен бұл екі класты бір Sarcomastigophora типіне жатқызуға негіз береді. Талшықтылардың маңызы әсімдіктер мен жануарлар дүниесінің арасындағы аралық форма екендігінде.
III. Құрылысы мен физиологиясы.
Талшықтылардың дене мөлшері мен пішіні әртүрлі: жұмыртқа, цилиндр, шар, шөлмек тәрізді жөне т. б. Кейде Dinoflagellata отряды екілдерінің денесінде әртүрлі өсінділер пайда болып, ереқше пішінге ие болады. Цитоплазма экто- және эндоплазмаға бөлінеді. Кейбір талшықтылар цитоплазмасының сырты жұқа жарғақпен қапталған. Кейбір түрлерінде жалғанаяқтары жасалынады. Басқа түрлерінде эктоплазманың сыртқы қабаты тығыздалып, пелликула жасалынады да талшықтының дене пішіні өзгермей, тұрақтанады. Сол сияқты, көшпілік талшықтыларды клеткасының сыртында әртүрлі хитин тәрізді органикалық заттардан (қауымды түрлер) немесе әсімдік клеткалары сияқты клетчаткадан (өсімдік тәрізді талдықтылар) түратын ерекше қабық пайда болады.
IV. Көбеюі.
Көпшілік талшықтыларға екіге бөліну арқылыі жүретін жыныссыз көбею тән. Ұзынынын бөліну арқылы өсіп-өнеді. Алдымен митоз жолымен ядросы, одан кейін бүкіл денесі алдыңғы жағынан бөліне бастайды. Талшық аппаратының құрамындағы кинетосома мен парабазаль денешігі де бөлінеді. Ескі талшығы пайда болған екі особьтың бірінде қалады да, екіншісінің талшығы кинетосомадан жасалынады. Бөліну тьныштық жағдайында жүреді, қарапайымды талшығын тастап, жұмырланады да тығыз қабықпен қапталады (цисталанады) . Цистаның ішінде жәңдік бір немесе бірнеше рет бөлініп ұсақ клеткалар пайда болғанымен дене көлемі үлкеймейді. Пайда болған клеткалардың көлемі ұлғаймайтын және өсу кезеңі болмайтын бөліну процесін палинтомия деп атайды (бұл процесс көпклеткалы жаңуарлардың жұмыртқасының бөлінуін еске түсіреді) .
Талшықтылар, әсіресе Phytomastigina класс тармағының өкілдері қауымдасып тіршілік етеді. Особтар бір-бірімен толық ажыратылмай тұрып бөліну аяқталмай қалса қауымдар пайда болады. Қауымдар пішіні мен даму әдісіне қарай ажыратылады. Тұщы суда жиі кездесетін ағаш тәрізді қауым. Dinobryon көрсетілген. Шар тәрізді қауым жасайтын әртүрлі өсімдік тектес талшықтылар бейнеленген. Особьтардың арасында мөлдір сілемейлі зат қабаты бөлініп шығып, бүкіл қауым қабырғасында орналасқан бір қабат клеткалары бар қуыс сілемейлі щарға айналады. Қауымның құрамына енетін особьтардың саны 4-тен (Gonium) 10 мыңға дейін (Volvox) болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz