«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның 2007 жылы қаңтар-қыркүйек айларында атқарған жұмысының қорытындысы


Мұнай мен табиғи туындылардың Жердің бетіне шығатыны туралы жергілікті халыққа ежелгі кезден белгілі болды. Бұған Майтөбе (масляный холм), Қараарна (черное русло), Майкөмген (место захоронения масла), Қарашүңгіл (черная впадина), Жақсымай (хорошее масло), Қарамай (черное масло), Қаратоң (черный затвердевший грунт), Мұнайлы (нефтяное) және басқалары сияқты көптеген орографиялық және гидрографиялық объектілер: шатқалдардың, бұлақтардың, құдықтардың және т.с.с. қазақша атаулары соған айғақ..
Бастапқы кезең. Халықта Әукетай-Шағыл ауданындағы (Орал-Жайық өзен аралығында) «Киелі от туралы» аңыз сақталды, кейін белгілі болғандай, ол жанатын газдың шығуына арналыпты. ХІХ ғасырда атақты діни қызметкер және емші Мәтенқожа малдың қотыры мен адамдардың тері ауруларын Ойыл өзенінің төменгі ағымындағы құмның астынан шығатын қара маймен емдепті. Жібек жолымен Қытайдан Үндістанға жүрген сауда керуендері арбаларының дөңгелектерін жағу үшін Зайсан ойысындағы Қарамай шатқалында жиналып қалған қара майды пайдаланғаны туралы саяхатшылардың естеліктері де сақталды.
XVI ғасырдың аяғында Патшалық Ресей Қазақстанның байтақ еліне назар аудара бастады және XVIІ ғасырда империяның шығыс шекараларын нығайту, оңтүстік елдерге сауда жолдарын іздеу мақсатында көпестер отрядын, әскери типографтар мен табиғат зерттеушілерді оқтын-оқтын жіберіп тұрды. Атырау облысының аймағындағы мұнай туралы алғашқы мәліметтер 1717 жылы І Петрдың Жарлығымен Ембі өзенінің төменгі ағыны арқылы Хиуаға әскери-топографиялық экспедицияны ұйымдастырған Бекович-Черкасскийдің жазуларында, одан кейін 1869 жылы географ Н. Северцевтің жарияланған есебінде (Ш.Есенов және басқалары, 1968) анықталды.
1768 жылы ұйымдастырылған ғылыми экспедицияның (С. Гмелин, И. Лепехин, П. Паллас) есептерінде Батыс Қазақстанның геологиясы мен пайдалы қазбалары – көмір, мұнай, жанғыш жіктастар мен минералдық заттар туралы кейбір мәліметтер бар. 1874 жылы Қарашүңгілдегі, Доссор мен Иманқарадағы мұнайдың шығуын зерттеген Ресейдің Геологиялық комитетінің тау-кен инженері Д.Кирпичников: «Мұнайдың қорлары бар екені сөзсіз, алайда, ауызсу, елді мекендермен қатынасу жолдары, пішендікке ыңғайлы шабындықтар мен дала болмағандықтан, бұл байлақты пайдалану өту қиын» деп жазған.
Сол кездегі білімді адамдардың бірі Григорий Силыч Карелин 1827 жылы Қазақ даласының батыс аймағына барып, топографиялық түсіруді жүргізді, өңірдің флорасы мен фаунасын зерттеді. Осы жерде Бөкей ханның баласы Жәңгір ханмен кездесті. Г.С. Карелин Жәңгір ханға қатты әсер қалдырды және Жәңгір хан оған кеңесші болып жұмыс істеуді ұсынды. 1832 жылы Карелин Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігін зерттеу бойынша ірі экспедицияның жетекшісі болып тағайындалды. Экспедиция журналының кіріспесінде ол: «Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауларына географиялық тұрғыдан лайық назар аударылған жоқ. Бұл елсіз далаға жолшыбай болмаса, теңізшілер де сирек келетін. Кемінде 900 шақырым жердегі Гурьев пен ескі Маңғышлақ арасындағы жерге бірде-бір табиғат зерттеуші де келген жоқ. Жері байтақ болғандықтан, Орта Азиямен болашақта сауда жасауға және саяси қатынастарымызға негіз болатын жерге қатыстылығының біз үшін маңызы зор» деп жазды (Орыс географиялық қоғамының жалпы география жөніндегі жазулары, 1883, 10-т., 5-бет).

Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі: Материал
Көлемі: 34 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 300 теңге




ҚазМұнайГаз ҰК АҚ-ның 2007 жылы қаңтар-қыркүйек айларында атқарған
жұмысының қорытындысы және 2007 жылға арналған жоспары жөнінде (жедел дере
2007 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында ҚазМұнайГаз ҰК АҚ компаниялар
тобында шоғырландырылған деректер бойынша 12 404 мың тонна мұнай мен газ
конденсаты өндірілді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен
салыстырғанда 0,45  пайызға жоғары. 2007 жылы 17 162 мың тонна мұнай мен
газ конденсатын өндіру жоспарлануда.
2007 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында шоғырландырылған деректер бойынша 4
306 мың тонна мұнай өңделді (бұл 9 айға арналып жасалған жоспар бойынша
100%). 2007 жылы 5 750 мың тонна мұнай өңделеді деп жоспарлануда.
 ҚазТрансОйл АҚ жүйесі бойынша 2007 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 33
916 мың тонна мұнай тасымалданды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен
салыстырғанда 5,94 пайызға көп. 2007 жылы жоспар бойынша  ҚазТрансОйл АҚ
магистралды құбыр жолдары арқылы 43 325 мың тонна мұнай
тасымалданбақшы.           
Интергаз Орталық Азия АҚ-ының магистралды құбыр жолдары арқылы 2007
жылдың қаңтар-қыркүйек айларында  84.987 млрд текше метр газ тасымалданды.
2007 жылы 124,8 млрд текше метр газ тасымалданады деп жоспарлануда.
2007 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында компанияның шоғырландырылған кірісі
772,6 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда
5,31 пайызға көп.
Компанияда белсенді инвестициялық саясат жүргізілуде. Қаңтар-қыркүйек
айларында компания  өз қаржысы есебінен капиталға 100,7 млрд теңге
жұмсады. Соның ішінде  95,8  млрд теңге өндіріске жұмсалды, бұл өткен
жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,9 пайызға көп.
ҚазМұнайГаз Ұлттық компаниясына бағынышты және еншілес компаниялардың
тапсырған есебі бойынша қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстан
Республикасының бюджетіне жалпы сомасы 130,6 млрд теңге салық төленген.
 

Мұнай мен табиғи туындылардың Жердің бетіне шығатыны туралы жергілікті
халыққа ежелгі кезден белгілі болды. Бұған Майтөбе (масляный холм),
Қараарна (черное русло), Майкөмген (место захоронения масла), Қарашүңгіл
(черная впадина), Жақсымай (хорошее масло), Қарамай (черное масло),
Қаратоң (черный затвердевший грунт), Мұнайлы (нефтяное) және басқалары
сияқты көптеген орографиялық және гидрографиялық объектілер: шатқалдардың,
бұлақтардың, құдықтардың және т.с.с. қазақша атаулары соған айғақ..
Бастапқы кезең. Халықта Әукетай-Шағыл ауданындағы (Орал-Жайық өзен
аралығында) Киелі от туралы аңыз сақталды, кейін белгілі болғандай, ол
жанатын газдың шығуына арналыпты. ХІХ ғасырда атақты діни қызметкер және
емші Мәтенқожа малдың қотыры мен адамдардың тері ауруларын Ойыл өзенінің
төменгі ағымындағы құмның астынан шығатын қара маймен емдепті. Жібек
жолымен Қытайдан Үндістанға жүрген сауда керуендері арбаларының
дөңгелектерін жағу үшін Зайсан ойысындағы Қарамай шатқалында жиналып
қалған қара майды пайдаланғаны туралы саяхатшылардың естеліктері де
сақталды.
XVI ғасырдың аяғында Патшалық Ресей Қазақстанның байтақ еліне назар аудара
бастады және XVIІ ғасырда империяның шығыс шекараларын нығайту, оңтүстік
елдерге сауда жолдарын іздеу мақсатында көпестер отрядын, әскери
типографтар мен табиғат зерттеушілерді оқтын-оқтын жіберіп тұрды. Атырау
облысының аймағындағы мұнай туралы алғашқы мәліметтер 1717 жылы І Петрдың
Жарлығымен Ембі өзенінің төменгі ағыны арқылы Хиуаға әскери-топографиялық
экспедицияны ұйымдастырған Бекович-Черкасскийдің жазуларында, одан кейін
1869 жылы географ Н. Северцевтің жарияланған есебінде (Ш.Есенов және
басқалары, 1968) анықталды.
1768 жылы ұйымдастырылған ғылыми экспедицияның (С. Гмелин, И. Лепехин, П.
Паллас) есептерінде Батыс Қазақстанның геологиясы мен пайдалы қазбалары –
көмір, мұнай, жанғыш жіктастар мен минералдық заттар туралы кейбір
мәліметтер бар. 1874 жылы Қарашүңгілдегі, Доссор мен Иманқарадағы мұнайдың
шығуын зерттеген Ресейдің Геологиялық комитетінің тау-кен инженері
Д.Кирпичников: Мұнайдың қорлары бар екені сөзсіз, алайда, ауызсу, елді
мекендермен қатынасу жолдары, пішендікке ыңғайлы шабындықтар мен дала
болмағандықтан, бұл байлақты пайдалану өту қиын деп жазған.
Сол кездегі білімді адамдардың бірі Григорий Силыч Карелин 1827 жылы Қазақ
даласының батыс аймағына барып, топографиялық түсіруді жүргізді, өңірдің
флорасы мен фаунасын зерттеді. Осы жерде Бөкей ханның баласы Жәңгір ханмен
кездесті. Г.С. Карелин Жәңгір ханға қатты әсер қалдырды және Жәңгір хан
оған кеңесші болып жұмыс істеуді ұсынды. 1832 жылы Карелин Каспий
теңізінің солтүстік-шығыс бөлігін зерттеу бойынша ірі экспедицияның
жетекшісі болып тағайындалды. Экспедиция журналының кіріспесінде ол:
Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауларына географиялық тұрғыдан
лайық назар аударылған жоқ. Бұл елсіз далаға жолшыбай болмаса, теңізшілер
де сирек келетін. Кемінде 900 шақырым жердегі Гурьев пен ескі Маңғышлақ
арасындағы жерге бірде-бір табиғат зерттеуші де келген жоқ. Жері байтақ
болғандықтан, Орта Азиямен болашақта сауда жасауға және саяси
қатынастарымызға негіз болатын жерге қатыстылығының біз үшін маңызы зор
деп жазды (Орыс географиялық қоғамының жалпы география жөніндегі жазулары,
1883, 10-т., 5-бет).
Батыс Қазақстанды зерттеушілер Маңғыстау түбегіне қатты назар аударды.
Зерттеулер 1864 жылы М.И.Ивановтың экспедициясы Маңғыстау түбегінде
мұнайдың алғашқы белгілерін тапқанда басталды. 1887 жылы Н.И.Андрусов,
М.В.Баярунас геологтары маршруттық түсіруге кірісті (М.А.Мирзоев
Маңғыстау: ғасырлар үні, Алма-Ата, Қазақстан баспасы, 1994ж.).
1851-1853 жылдары Бозащы түбегін зерттеу жалғастырылды. Экспедицияның
материалдары 1855 жылы Орыс географиялық қоғамының Жаршысында жарияланды.
Осы жұмыстарда Үстірттің, Маңғыстау мен Бозащы түбектерінің рельефі,
гидрографиясы, өсімдік жамылғысы, егжей-тегжейлі сипатталды, геологиялық
шолу жүргізілді, жерасты суының, топырағы мен климатының сипаттамасы
берілді.
Түркістанға жүргізу көзделген темір жол трассасын зерттеу және өңірдің
табиғи байлығын зерттеу мақсатында 1892 жылы Батыс Қазақстанға жіберілген
С.Никитин геологы бастаған арнайы экспедицияның зерттеулері аймақтың мұнай
байлығын геологиялық тұрғыдан мақсатты зерттеу және ашу үшін өте маңызды
болды. Мұнайдың шығуын зерттеу кезінде экспедиция қолмен бұрғылау
станоктарын алғаш рет пайдаланды. Бір мезгілде ауыз су, кейінірек –
фосфориттер мен көмір белсенді түрде зерттелді.
С.Никитиннің экспедициясы Қарашүңгілде, Доссор мен Ескенеде анықтаған және
оң бағаланған мұнайдың белгілері сол кездегі мұнай қоғамының назарын
аударды. 1892 жылдың аяғында кәсіпкерлердің Доссордың жекелеген
учаскелерін барлауға алғашқы өтінімдері пайда болды. одан кейін Орал-Ембі
және Батыс Қазақстанның басқа да аймақтарында мұнайды іздеуге және
барлауға арналған көптеген қоғамдар, серіктестіктер мен фирмалар пайда
болды. Оның ішінде Орал-Каспий мұнай қоғамы (ОКМҚ), Ембі-Каспий,
Ағайынды Нобельдердің серіктестігі, Ембі, Орал мұнайы және басқалары
ең ірілері болды. 1894 ж. петербургтық кәсіпкерлер тобы мұнай кен
орындарын іздеуге және барлауға концессия алды. Алғашқы мұнай барлау
объектілері  Доссор, Қаратоң, Қарашүңгіл және Ескене болды. Өз иелігіне
Ембі-Каспий қоғамының концессиясын алған С.Леманның компаниясы
Қарашүңгілде тереңдігі 38-ден бастап 275 метрге дейін 21 ұңғы бұрғылады.
1899 жылдың қарашасында, осында, №7 ұңғымада, 40 метр тереңдіктегі карст
қуысының гипстелген жынысынан жеңіл мұнай атқылады. Бұл оқиға қазақтардың
ежелгі жерінде мұнайдың ашылуы деп әділ саналады. 1906-1909 жылдары
Қаратонның жоғарғы мелдік шөгінділеріндегі 3-4 ұңғымасында
мұнай-кәсіпшілік мұнайдың ағындары байқалды. 1910 ж. С.Леманның компаниясы
Орал-Каспий қоғамына ағылшын кәсіпкерлерінің қаражатын тарта отырып,
Доссорда терең бұрғылауды ұйымдастырды. 1911 жылдың 29 сәуірінде
Доссордағы 225-226 метр тереңдігінде  орташа юра шөгінділерін ашқан №3
ұңғымада мұнай фонтаны қатты атқылады. Ұңғыма 30 сағат бойы атқылады және
16 700 пұт мұнай берді.
Орал облысының 1913 жылғы Шолуында (әскери губернатордың есебіне қосымша)
Орал облысының Гурьев уезінде баяғыда басталған барлау табысты болды.
Орал-Каспий мұнай қоғамына Доссорда әрбіреуі 10 ондықтан 5 учаске, Мақат
жерінде 10 ондықтан 1 учаске және Ескенеде 10 ондықтан 1 учаске берілді.
1914 жылдың 1 қаңтарына қарай Гурьев уезінің әр жерінде мұнай өндіруге
бөлінген 29 учаске пайда болды. 1913 ж. Орал-Каспий Мұнай Қоғамы Доссорда
4 450 615 пұт мұнай өндірді (Әскери губернатордың бүкіл бодандық есебіне
қосымша Орал облысының 1913 жылғы шолуы, Батыс Қазақстан облысының
Мемлекеттік мұрағаты, Мұрағаттық мұражай).
1900-1917 жылдары Ембі ауданын есептемегенде, Орал-Жайық өзендерінің
арасында (Новобогатинск, Черная Речка), батыс Мұғажар етегінде (Мәртөк,
Итассай), Каспий маңының орталық бөлігінде (Мәтенқожа) және Ақтөбелік Орал
өңірінде (Жуса) іздеу-барлау жұмыстары жүргізілді. Барлауға 20 құрылым
тартылды, оларда 166 барлау және 177 пайдалану ұңғымасы бұрғыланды.
Мақатта, Солтүстік Ескене мен бірқатар басқа да алаңдарда барлау жұмыстары
жүргізілді. Солтүстік Ескенеде 7 ұңғыма, Қарашүңгілде 19 ұңғыма
бұрғыланды. Доссорда жиынтық өтпе жолы 30 мың қ.м. 32 барлау және 100
пайдалану ұңғымасы, ал Мақатта – 12 ұңғыма (5800 қ.м.) бұрғыланды. 1915
жылы Мақатты сынамалы бұрғылау басталды. Өнеркәсіптік мұнай юра
шөгінділерінен алынды, бір ұңғымада мұнай 18,5 сағат бойы атқылап, 250
тонна мұнай берді. Н.Леманның компаниясы Қаратоңда 20 барлау ұңғымасын
бұрғылады. Барлық дерлік ұңғымада мұнай анықталды, олардан тәулігіне 8-ден
160 тоннаға дейін мұнай айдады. 1912 жылы Новобогатинск кен орнында барлау
жұмыстары басталды, онда 32 ұңғыма бұрғыланды (6 195 қ.м.). 1913 жылы
Черная Речка, Білеулі, Жыңғылды, 1917 жылы – Иманқара, Дөңгелексор, жалтыр
алаңдарын бұрғылаумен игеру басталды. Ең басында мұнайды фонтандық әдіспен
өндірді, ал одан кейін, өзінен-өзі атқылау сарқылғандықтан, мұнайды
қауғамен тарту арқылы ұңғыманың сағасында салынған тереңдіктен айдады. Осы
қарапайым әдіс Ембіде 20 жылдан астам қолданылды.
Мұнай өндіру тарихында 1912 жылғы 10 сәуірдегі үкіметтік актімен құрылған
Ембі мұнай-кәсіпшілік және сауда акционерлік қоғамы (1911-1919 жж.)
ерекше орын алады. Оның құрылтайшылары толық стат кеңесшісі Э.Л.Нобель,
стат кеңесшісі Т.В.Белозерский және текті құрметті азамат И.И.Стахеев (ҚР
ОММ, 681-қор, 1-тізімдеме, 13-іс) болды. Мұнай-кәсіпшілік акционерлік
қоғамының барлық қаржы операциялары Орыс-Азия банкі арқылы жүргізілді.
1924 жылы ВСНХ отырысында Орал-Ембі ауданы және оны дамыту
перспективалары деген баяндамада былай делінді: Доссор мен Мақат
кәсіпшіліктері – ауданның бүкіл мұнай өнеркәсібінің алғышарты болып
табылады. Кен орындарын мақсатты барлау 1924-1927 жылдары жүзеге асырылды.
Нәтижесінде алты перспективалық аймақ болып мыналар айқындалды: 1. Сағыз
дельтасындағы барлық кен орындар қосылған Доссор, осы топтан солтүстік
жақтағы газ кен орындары, ең солтүстік кен орны Мәтен-қожа, сондай-ақ
өнеркәсіптік атауы – Доссор және Мақат екі кен орны; 2. Оңтүстік Өңір -
Ембі өзенінен оңтүстік жақтағы барлық кен орындары, сондай-ақ өзеннің
төменгі ағыны бойындағы кен орындар. Бұл – Қаратоң, Қарашүңгіл, Стар-Төбе,
Мұнайлы, Қосшағыл, Жылан-Баста және басқалары; 3. Новобогат өңірі - Орал
өзенінен батыс жақтағы, Каспий теңізінің жағалауы бойындағы кен орындары
(Новобогат пен Черная речка кен орындары). Бұл ретте, революцияға дейін
ағайынды Нобельдер барлап бұрғылаумен 60 000 пұт жеңіл мұнай фонтанын
шығарды; 4. Иманқара өңірі - Иманқара ауданындағы кен орындар тобы.
Мұнда Иманқара, Қойқара, Қызылкөл, Жусалысай мен Күлжан, сондай-ақ
Жыланқабақ, Қарамұрат, Ұшақ күмбездері мен Чубан-Таме кен орындары
орналасқан. 5. Терісқаққан өңірі - Сағыз өзенінің жоғарғы ағынының және
Ембі өзенінің орта ағынының жанындағы кен орындары. Шамамен 15 кен орны
бар. Бұл аудан аз зерттелген. 6. Темір өңірі, оған Жанағаш, Кейқабас,
Исатай, Мәртөк, Құрсай және басқа да кен орындары жатады. Орал-Ембі
ауданында орасан мүмкіндіктер бар және болашақта өте көп мұнай беруі
ықтимал..
1915 ж. шөгу жағдайын және шөгінділер мен жыныс-коллекторларының  құрылымы
секілді мұнай-кәсіпшілік сипатындағы зерттеулер үшін полигон сияқты болған
Мақат кен орнында 105 ұңғымасынан өндіру жүргізіліп жатты. 1916 ж.
Ағайынды Нобель серіктестігі Жуса құрылымында тереңдігі 238 м. және 132
м. екі ұңғыма бұрғылады. Осында ашылған тұз Жусалық мұнай белгілерін
Орал-Ембі аймағының кен орындарымен салыстыруға мүмкіндік берді.
Орал-Ембі аймағы ақгвардияшылардан босатылғаннан кейін осы аймақты
өнеркәсіптік тұрғыдан кеңінен игеру проблемасын 1920 ж. В.И.Ленин көтерді.
Алыс орналасқан және елсіз Ембі өңірін елдің орталығымен біріктіру
мақсатында, оның бастамашылығымен Александров Гай-Ембі темір жолы салына
бастады. Темір жолын салу күшті мұнай өнеркәсібін құру және кеңейту үшін
қажетті шарт болды (Б. Сағынғалиев, Үлкен Ембі тарихы, Алматы,  Өлке,
2002 ж.).
ХХ ғасырдың 20-шы жылдарында Орал аймағының индустриясын дамыту негізгі
бағыт болған жоқ. Орал губерниялық жер отрядының 1922-23 операциялық
жылға арналған қысқа жоспары кіріспесінің Пайдалы қазбалар деген
бөлігінде, атап айтқанда, былай деп жазылды: Орал губерниясының пайдалы
қазбалары көп емес. Қазіргі уақытта тек мұнайы мен тұзының өнеркәсіптік
маңызы зор. Мұнай жері Каспий теңізінің қасындағы губернияның шығысында
және бір бөлігі оңтүстік-батысында ғана бар. 1914 жылы, біздің мұнай
өнеркәсібі үшін ең сәтті жылда, Орал губерниясында 16 654 700 пұт мұнай
өндірілді, бұл Ресейдегі өндірудің 34-бөлігін және әлемдік мұнай өндірудің
224-бөлігін құрайды (Батыс Қазақстан облысының Мемлекеттік мұрағаты,
24-қор, 101-іс).
Іздеу жұмыстарын кеңейту қайта ұйымдастыру қажеттілігін тудырды. Кеңес
кезеңінде мұнай саласы мемлекет меншігіне алынды, барлық отандық және
шетелдік ұсақ серіктестер, кәсіпорындар мен фирмалар таратылды. Олардың
орнына іздеу мен барлау құқықтары берілген әр түрлі тресттер
ұйымдастырылды. 1920 жылы мұнай кен орындарын өнеркәсіптік игеру үшін өз
қолына пайдалану және іздеу бұрғылауды шоғырландырған 1922 жылы
Ембімұнай тресті болып құрылған Мәскеу қаласындағы Орал-Ембі ауданының
мұнай кәсіпшіліктерін басқару құрылды. Доссор мен Мақатты игерумен қатар
1930 жылы Байшонаста, 1931 және 1932 жылдары Сағыз бен Ескенеде тиісінше
мұнай иірімдерінің ашылуына әкелген күмбездерде бұрын іздеу жүргізді.
Мұнайды жинау, тазалау және тасымалдауға дайындау Доссор мен Мақатта
жүргізілді, онда конструкциясы қазіргі инженер-конструкторларды таң
қалдыратын үлкен сыйымдылықтар (2-3 мың (3) метрге дейін) жиналды. 20-шы
жылдары мұнай сыйымдылықтарының көлемдері Доссорда 37 482 т, Мақатта – 16
142 т. болды. Ракушаның мұнай айдау зауыттарында 141 717 т. мұнай, 5 528
т. дистиллят, ал Ескенің резервуарларында – 1394 т мұнай болды.
1926-27 жж. Ембімұнай тресінің кәсіпшіліктері мұнайды тереңдік
насостармен және компрессорлармен өндіре бастады. Бір мезгілде,
қазандықтар мен тұрмыстық мұқтаждар үшін  табиғи газды пайдалана бастады.
Доссорда пайдалану ұңғымалары қосылған газ магистралі салынды.
Батыс Қазақстанның геологиялық құрылымын зерттеудің және мұнайлылығын
бағалаудың бастапқы кезеңінде С.Никитиннің, П.Православцевтің,
А.Замятиннің, С.Миронов пен Н.Тихоновичтің Каспий өңірі бойынша,
Н.Андрусов пен Баярунастың Маңғыстау бойынша зерттеулері өте маңызды
болды. Осы кезеңдегі зерттеулердің геологиялық қорытындыларынан юралық,
мелдік және кайнозой шөгінділердің стратиграфиясын игеру, Каспий маңында
кеңінен тараған құрылымдардың тұз күмбезін табиғатын анықтау, оның
тектоникалық схемасын жасау, Н.Андрусовтың Маңғыстаудың күрделі
мегаантикдиналиін бөліп шығаруы, бірқатар кен орындарының мұнайлылық
жағдайын жалпылама түрінде жариялауы және ірі ауқымды карталарын жасауы,
негізгі мұнайлы қабаттар (мелдік С. Никитин бойынша, юралық А.Замятин мен
Н.Тихонович бойынша) туралы түсініктерді әзірлеу ең маңызды болып
табылады.
Қалыптасу кезеңі. ХХ ғасырдың 20-шы жылдарының екінші бөлігінде Ембінің
мұнайшылары бұрғылау жұмыстарының дамуына, ұңғыма тереңдігінің ұлғаюына,
мұнай иірімдерін ашуға және барлауға әсерін тигізген роторлық айналмалы 
бұрғылауды қолдана бастады. Ембідегі айналмалы бұрғылау КСРО бойынша алғаш
рет қолданылды. Осының нәтижесінде ұңғымалардың орташа тереңдігі 1927
жылдағы 196,7 метрден 1932 жылы 637,7 метрге дейін өсті. Ембінің
мұнайшылары сол кезде КСРО мен Еуропа бойынша бірінші болып 2500-2800 метр
тереңдікке дейін қатты бұрғылауды игерді.
1927 ж. И.М.Губкин ВСНХ-ның Мұнай өнеркәсіпшілігі кеңесінің отырысында
жасаған Орал-Ембі ауданының даму перспективалары атты баяндамасында
былай деген: Анағұрлым ерте барлау жұмыстары өткен ғасырдың аяғында –
1889 жылы болды. Алғашқы жұмыстарды Леман Каспий теңізінің жағалауындағы
Қаратоңнан шамамен 35-40 километр қашықтықта орналасқан Қарашүңгіл
шатқалында жүргізді. Осы Қарашүңгілде Леман 17 ұсақ бұрғылау ұңғымаларын
жүргізді, ал 1899 жылдың қарашасында бір ұңғыма 40 метр тереңдіктен мұнай
ағыны тәулігіне 90 000 пұтқа дейін болған мұнай фонтаны атқылады. Осындай
нәтиже осы ауданға және басқа да мұнай кәсіпкерлеріне назар аудартты және
1916-1917 жылдары Ембі-Каспий осында орташа алғанда тереңдігі 150 метр
бұрғылау ұңғымаларын салды. Одан кейін Ембі ауданын дамытуға өте мұқият
назар аудару қажеттілігі туралы айта келіп, И.М.Губкин былай деді: ...Осы
тұрғыдан Ембімұнайға мемлекет көмектессе, әділ болады деп ойлаймын.
Көмекті әр түрлі жолмен көрсетуге болады: мысалы, Ембімұнайды барлық салық
және борышқорлық міндеттемелерден босатып, түсетін бүкіл табысты барлау
жұмыстарын одан әрі дамытуға түгелімен жұмсауға болады (ҚР ОММ, 196-қор,
1-тізімдеме, 234-іс).
КСРО ВСНХ-ның Бас тау-кен отынын басқарудың геологиялық комитеті Ембідегі
геологиялық-іздеу жұмыстарына тікелей басшылық етті. 1931 ж. М.И.Губкин
Орал-Ембі ауданының дамуына ерекше назар аударды. КСРО Ғылым академиясының
төтенше сессиясында М.И.Губкин өз баяндамасында: Белсенді әрі батыл
барлау Орал-Ембі ауданынан көптеген ондаған миллион тонна өндірілетін
орасан ауданға айналдыруы мүмкін. Мұнда барынша көп қаражат жіберіп, осы
ауданға үздіксіз бақылау жүргізу керек деп атап өтті.
1925-1926 жылдары Батыс Қазақстанның аумағында геологиялық-барлау
жұмыстарын дамытуға жаңа импульс берілді. 1925 ж. Ембімұнай тресінің
жұмысын тексеру қорытындылары бойынша мұнайшылардың алдында 5-7 жылдың
ішінде Ақтөбе облысының солтүстік аудандарының (Темір ауданының) аумағында
алаңы 3500 шаршы шақырым, мұнайлылық белгілері бар құрылым барлансын деген
нақты міндет қойылды. Осы міндеттерге сәйкес 30-шы жылдардың басында іздеу
жұмыстары Оңтүстік Ембінің шегінен шығып, Ақтөбе облысының аумағында
жүргізіле бастады. Осыған байланысты Гурьев (Атырау) қаласында
Ақтөбемұнайбарлау аумақтық трестін, ал кейінірек Қазмұнайбарлау
трестін құру қажеттілігі туындады. Осындай қайта құру кен орындарын саланы
іздеумен және барлаумен ғана айналысатын өндіру кәсіпорындары мен
ұйымдарға функционалдық тұрғыдан бөлу қажеттілігіне байланысты болды,
себебі аталған екі функцияның бір қолда болуы саланы мұнай-газ кен
орындарын іздеумен және барлаумен байланысты шұғыл жұмыстарды жүргізудегі
кейбір қиындықтарды тудыратын дағарадай құрылымға айналдырды.
1931 ж. құрылған Ақтөбемұнайбарлау трестінің №10 ұңғыманы бұрғылаумен
Ақтөбе облысында Шұбарқұдық кен орнын ашты. Екі жылдан кейін Жақсымай кен
орны ашылды. Екі кен орны да Гурьевтен алыс боды. Көп ұзамай, өндірілген
мұнайды тасымалдау проблемасы туындады, ол Шұбарқұдық пен Жақсымай кен
орындарын Доссормен және Мақатпен біріктірген Гурьев-Қандағаш темір жолын
салумен шешілді.
Осылайша, 20-шы жылдардың аяғына қарай геологиялық-барлау жұмыстары
кеңейді, оған Ақтөбе облысының бірталай бөлігін геологиялық-барлау
жұмыстарымен қамту ықпал етті. 5 жыл ішінде Батыс Қазақстаннынң мұнай
байлықтарын зерттеумен 135 геологиялық және геофизикалық партия айналысты.
Бұл жұмыс көлемінің едәуір өсуіне әкелді. Мысалы, егер өңірдің мұнай
байлықтарын мемлекеттің меншігіне бергенге дейін 42328 қ.м. ұңғыма (орташа
есеппен жылына 5300 м.) бұрғыланса, онда 1920 жылдан кейін 284  мың қ.м.
(орташа есеппен жылына 20600 қ.м.) бұрғыланды. 1920-1929 жж. Орал-Ембі
ауданының кәсіпшіліктерінде 1630 мың т немесе бүкіл революцияға дейінгі
кезеңде алынған көлеммен салыстырғанда 19% артық мұнай өндірілді.
Өндірілген мұнайдың ең үлкен көлемі – 1931 жылы болды, онда 417536 т
өндірілді.
ҚАССР-дің Халық Комиссарлары кеңесі Ембімұнайды Қосшағыл және Ескене кен
орындарын іске қосуға, сондай-ақ сонда электр станцияларын салуға, мұнай
қоймалары мен су құбырын салуға міндеттеген Ембі-Мұнайды дамыту жөніндегі
іс-шаралар туралы 1934 жылғы 29 қаңтардағы №86 арнайы қаулыны қабылдады.
Қаулыда Мақат-Қосшағыл темір жолын салу және Ескенеге тармақ жіберу
қажеттілігіне үлкен назар бөлінді. Мұнайшылардың дұрыс жағдай жасау
мәселелері де назарсыз қалған жоқ, мұнай кәсіпшіліктерінде және Гурьев
қаласында тұрғын үй салу, сондай-ақ осы секілді шаруашылықтарды (бақша,
сүт фермалары, мал өсіру шаруашылықтары) құру ұсынылды. Бұдан басқа,
тиісті органдарға мұнай кәсіпшіліктерінде жұмыс істеу үшін 200 жұмысшы мен
құрылыс мамандығы бар 100 білікті маманды жалдау туралы мәселені шешу де
ұсынылды (Атырау облысының мемлекеттік мұрағаты, 7-қор, 38тізімдеме, 1,
2-бет.)
1925 жылдан бастап, Еуропадағы алғашқы геофизикалық тәжірибелерден кейін
(1912-1916 ж., Этвеш) Ембі мұнайлы ауданында зерттеулердің геофизикалық
әдістері қолданыла бастады, атап айтқанда, Б.Нумеровтың басшылығымен Z-40
гравитациялық вариометрлермен түсіру сыналды. Айналатын таразылардың
көмегімен салмақты өлшеу тиімділігі карталау және Каспий ойпаңының
жағдайында күмбездердің тұз ядроларының шөгу тереңдігін айқындау кезінде
бірден расталды. 1930 ж. Ембімұнай тресінде геологиялық-барлау конторасы
құрылған кезде болашақ совет академигі Э.Фотадидің басшылығымен дербес
гравиметрлік сектор ұйымдастырылды. 1932 ж. жұмыс көлемдерінің өсу
салдарынан геологиялық-барлау конторасы трестен бөлініп, кейін
Қазмұнайгеогеофизика тресі болып қайта құрылды.
1940 жылға қарай 1:100000-1:200000 масштабында 92 түсіру орындалды. 1932
жылдан бастап, түз күмбезді құрылымдарды нақтылау кезінде 1:25000-1:50000
масштабын түсіру пайдаланылды. 1939-1937 жж. Үстірт аумағының беті
маятниктік зерттеудің сирек желісімен жабылды. 1940 жылы айтарлықтай
қымбат Z-40, S-20  және басқа да түрдегі вариометрлердің орнына өнімділігі
жоғары және анағұрлым үнемді әр түрлі гравиметрлер қолданыла бастады.
Сынған толқындар әдісі (СТӘ) қолданылған алғашқы тәжірибелі
сейсмикалық-барлау жұмыстары түз күмбездерін зерттеу мақсатында Ембі
мұнайлы ауданында 1929 жылы жүргізілді. СТӘ-ні қолдану арқасында
конфигурацияны және тұз күмбездері ядроларының шөгу тереңдігін айқындау
дұрыстығын арттыру мүмкіндігі пайда болды. Тұз үстіндегі шөгінділерді
бөлшектеу мүмкіндігін анықтау мақсатында 1934 жылдан бастап шағылысқан
толқындар әдісімен (ШТӘ) тәжірибелі жұмыстар жүргізіле бастады. 1931-1935
ж. СТӘ сейсмикалық жұмыстар орындалды, атап айтқанда, Торғай ойпаңындағы
ШТӘ, онда палеозой фундаментінің шөгу тереңдігі айқындалды. 1935-1936 ж.
палеозой фундаментіндегі депрессияларды іздеу мақсатында Шымкент қаласынан
оңтүстікке қарай СТӘ сейсмикалық-барлау орындалды. 1938-1948 жж. ШТӘ, ал
1940 ж. СТӘ Орталық Қазақстан палеозой массивінің солтүстік батпасындағы
мезозой-кайнозой қабатын Петропавл қаласының ауданындағы Батыс Сібір
плитасының тұнба шөгінділеріне бөлшектеуге мүмкіндік берді. 1934 ж. бастап
Ембімұнай мен Ақтөбемұнай тресттері, ал 1939 жылдан бастап
Қазақстанмұнайкомбинат  сейсмикалық барлауды үлкен көлемдерде жүргізді.
Сейсмикалық-барлау жұмыстарының көлемдері ұдайы өсіп жатты, бұл ретте 35
құрылымда орындалған сейсмикалық-барлау бейніндегі 5331 км-ого ішіндегі
4620 км Батыс Қазақстанда болды. Сейсмикалық-барлау қалыптасқан кезең
нақты геологиялық міндеттерді шешу үшін оны сынаумен сипатталады.
Профильдеудің электр-барлау әдісін 1929 жылы бірінші рет Мемгеоком
партиясы Каспий маңындағы тұз күмбезді құрылымдарда сынады. 1930 жылдан
бастап Шлюмберже фирмасы бірлесе отырып, вертикалдық электр зондтау әдісін
(ВЭЗ) мұнайлы Ембі ауданында 1934 жылға дейін жүргізді, алайда ВЭЗ
деректерін сандық интепретациялау мүмкіндігі болмағандықтан, осы әдіспен
жұмыс істеу көпке дейін тоқтатылды. 1936 жылы Каспий маңында теллурлық
зондтау әдісі бірінші рет сыналды.
1929 жылдан бастап Доссор, Ескене, Новобогатинск, Жаманкейкебас
күмбездерінде жүргізілген тәжірибелі магнитометрлік зерттеулер тұз
күмбезді құрылымдарды зерттеу кезінде магнит-барлау тиімсіз екенін
көрсетті, сондықтан да 1931-1937 ж. бас мемлекеттік магниттік түсіру өте
сирек байқау желісімен ғана жүргізілді.
Доссор, Мақат (Ембімұнай тресті) және Мортық, Жуса (Ақтөбемұнайбарлау
тресті) мен басқа да кәсіпшіліктерде Ұңғымалардағы кәсіпшілік (каротаждық)
геофизикалық зерттеулер 1932-1934 жж. бастап жүргізіле бастады. Шлюмберже
фирмасымен бірлесіп, ұңғыма каротажы көрінетін кедергілер (КК) және
өздігінен пайда болатын поляризация (ӨП) әдістерімен жүргізілді. Барлық
құрылымдық-іздеу ұңғымаларындағы электрлік каротаж 1938 жылдан бастап
жүргізіліп келеді. Осы кезде Гурьев қаласында Ембімұнай тресінің
кәсіпшіліктеріне қызмет көрсеткен дербес электр-барлау конторасы (бастығы
М.Қадысов) құрылды. Жекелеген партия каротажды Ақтөбе облысының
кәсіпшіліктерінде де жүргізді.
ВКП(б) 17 және 18-съездерінде Ембі мұнай ауданын дамытуға үлкен назар
аударылды. Онда қабылданған құжаттар мұнай байлақтарын іздеудің негізгі
бағыттарын айқындады. Оңтүстік Ембінің мұнай кәсіпшіліктерін басқаруды
жақсарту және Солтүстік Ембінің жаңа аудандарын игеру мақсатында 1936
жылдың 22-23 желтоқсанында Халық комиссарларының кеңесі Ембімұнай
тресінің құрамынан кәсіпшіліктердің Солтүстік (Темір) ауданын бөліп
шығарып, оның негізінде Ақтөбемұнай тресін құруды ұйғарды. Жаңадан
құрылған трест басқарушысының лауазымына ірі маман, дарынды өндіріс
ұйымдастырушысы, белгілі совет ғалым-геолог И.М.Губкиннің оқушыларының
бірі, бұрын бірнеше жыл Ембімұнай трест басқарушысы болып жұмыс істеген
Я.В.Лаврентьев тағайындалды (З.Б.Байдосов, Ж.С.Сейітпағамбетов,
Г.С.Сұлтанғалиева, Р.Н.Нұржанов Ақтөбелік мұнай: тарихы және қазіргі
заманғы. Ақтөбе, 2000ж.).
Тұтастай алғанда, осы кезеңнің іздеу-барлау жұмыстары тұз күмбездерін
зерттеу үшін қажетті, оған ең алдымен гравиметрия мен сейсмикалық-барлау
кірген зерттеулердің ұтымды кешенін айқындауға мүмкіндік берді. Іздеу және
барлау геологиялық-геофизикалық жұмыстарды жандандыру қажеттілігін
мойындау 1940 жылы республикалық ауқымда алғашқы геофизикалық қызметті
ұйымдастыруға әкелді. Сонда Қазақ геологиялық басқарманың жанында
М.Морозов басқарған геофизикалық топ құрылды.
1935 жылдың қарашасында Ембінің мұнай және химия өнеркәсібін дамыту
мәселелеріне арналған КСРО ҒА-ның арнайы сессиясы өтті, онда академик И.
Губкин нақты міндетті: елдің шығысында өнімділік қуаты Кавказдықтан кем
болмайтын мұнай базасын құру туралы баяндады. Екінші мұнай базасының ірі
бөліктері Батыс Орал және Орал-Ембі мұнай аудандары болады. Сессияда осы
аудандарға ғылыми экспедицияны жіберу шешімі қабылданды. 1936 жылы Ембі
ауданына В.Батурин басқарған ғылыми экспедиция шықты. Экпедицияға қатысқан
Ю.Косыгин, И.Юркевич, А.Яншин кунгур ярусының әр түрлі нысандары
егжей-тегжейлі сипаттады, хемоген қабатының кунгурлық жасын дәлелдеді,
орта юра шөгінділерін егжей-тегжей бөлшектеді. Мұнайлы Орал-Ембі ауданы
Хобдин және Аралсор гравитациялық максимумдарының шекарасында екі бөлікке
бөлінді, астынан мұнай миграциясы туралы ой айтылды, осыған орай
жыныстардың коллекторлық қасиеттері ескеріліп, тасталындылардың қасындағы
мұнай белгілеріне ерекше назар аудару ұсынылды (Үлкен Ембі, 1937).
Мұнай саласын дамыту Гурьев облысының аумағымен ғана шектелмейді. 1930 ж.
Шұбарқұдық тұз күмбезіндегі мұнайды ашқан алғашқы барлау ұңғымасы
бұрғыланды, бұл туралы 1933 ж. академик И.М. Губкин Ғылым академиясының
сессиясында баяндады. Алты жылдан кейін осында мұнай кәсіпшілігі іске
қосылып, Ақтөбемұнай тресі құрылды, одан кейін оның атауы
Ақтөбемұнайбарлау деп өзгерді. Ұлы Отан соғысы жылдарында жұмыс істеп
тұрған Жақсымай кен орны іске қосылды.
1930-1947 жж. Ақтөбе облысында шамамен 90 ұңғыма бұрғыланды, ал 1958 жылы
сол кезде алғашқы анықталған тұз күмбезі Кеңқияқта крелисутық ұңғыма
бұрғыланды. Осылайша өте ірі Кеңқияқ мұнай кен орны ашылды, барлау бірнеше
жыл жүрді және 1962 жылы аяқталды. 1967 жылы Кеңқияқ кен орны мұнай бере
бастады.
1959 жылдан бастап жұмыс істеп жатқандардың қатарына 1967 ж. кірген
бірнеше мұнай және екі газ кен орны (Бостағай мен Қызылой), ал одан кейін
– Құмсай, Көкжиде, Мортық және Ембі өзені бассейнінің солтүстік
бөлігіндегі басқа да кен орындар ашылды.
60-шы жылдары айтарлықтай тереңдіктегі тұзасты шөгінділердегі мұнай мен
газды іздеуге қатысты үлкен перспективалар ашылды. Бірінші рет тұзасты
шөгінділер Жаңажолдың, ал 1967 ж. Құмсайдың іздеу алаңдарында зерттелді.
1978 жылы Жаңажол мұнай-газ конденсатты кен орнында 3000 метр тереңдіктен
жоғары дебиттік мұнай ағыны бірінші рет алынды. Ол 1983 жылдан бастап
игеріліп жатыр. 1983 жылы Қожасай мен Өріктау, ал Синельник кен орындары
ашылды, оларда шамамен 115 миллион текше метр газдың баланстық қорлары
қамтылған.
1996 жылдан бастап Лақтыбай, Жаңатаң, Шығыс Ақжар, Әлібекмола мен Қожасай
мұнай кен орындарында барлау жұмыстары жүргізілді. Оңтүстік Әлібекмола кен
орнында мұнай фонтаны атқылады. 1997 жылдың аяғына қарай Ақтөбе облысының
шегінде тұзүсті кешенде 7 мұнай кен орны белгілі болды, ал тұзасты кешенде
– 6 мұнай және 4 мұнай-газ конденсатты кен орны белгілі болды.
2000 ж. Лақтыбай кен орнын барлау аяқталды, ондағы мұнай 4500 метр
тереңдіктегі тұзасты шөгінділерде орналасқан. Өткен ғасырдың аяғына қарай
Ақтөбе облысы өнеркәсіптік қорлар бойынша Қазақстанда үшінші орында (900
млн. тонна), ал газдың қорлары бойынша – төртінші орында (200 млн. текше
метрден астам) болды.
Әскери бесжылдықтарда Батыс Қазақстанда, негізінде Ембі ауданында, 53-ке
дейін геологиялық-барлау және 60-қа дейін геофизикалық партия жұмыс
істеді. Геологиялық зерттеулердің қорытындылары 1939-1941 жылдары
шығарылған L-38, M-38, L-39 парақтарының 1:1 000  000 масштабының
масштабындағы Мемлекеттік геологиялық картасында көрсетілген.
Ембімұнай комбинаты өзінің негізгі қызметі – мұнай мен газды өндіруден
басқа, қасындағы жұмыс істеп тұрған мұнай кәсіпшіліктерінің қорларын өсіру
мақсатында іздеу мен барлаудың шағын көлемде жүргізді. Осы жұмыстар,
негізінде, кемінде 10 кен орны жұмы істеп жатқан Оңтүстік Ембі аумағында
орындалды. Осылайша, 1935 ж. Ембімұнай комбинаты №6 ұңғыманы
бұрғыланғанда Қосшағыл күмбезінде мұнай фонтаны атқылады, бір жыл ішінде
кен орны игеріле бастады.
Мұнай өндіру көлемдері өсе келе, мұнайды темір жолмен және су көлігімен 
тасымалдау уақыт өте келе қиындай түсті. 30-шы жылдары салынған
Доссор-Гурьев мұнай құбырларының, әсіресе, Ақтөбе облысының кәсіпшілігінен
өтетін Каспий-Орск мұнай магистралінің халық шаруашылық маңызы зор болды.
Каспий-Орск мұнай құбыры 3 жылда салынды, 1935 жылдың қазанында ол іске
қосылды. Осы мұнай құбырымен Ембінің 65%-і Орскіге айдалды.
30-шы жылдары іздеу-барлау жұмыстарын тездету және бірқатар кен орындарын
ашу әскери қимылдарының басталу ықтималдығы жыл сайын өткір сезіле
бастаған елдің шығысындағы мұнай-газ өндіруші өнеркәсібінің мықты шикізат
базасын құруға байланысты болды. 1937 жылы Қазмұнайбарлау тресі Құлсары
кен орнын ашты. Қазақстанмұнай комбинаты белсенді жүргізген мұнай іздеу
жұмыстары (Ембімұнай комбинаты таратылғаннан кейін) 1941-1942 жылдары
Нармонданақ, Бекбике мен Жолдыбай кен орындарын аз уақытта іске қосумен
аяқталды. Осылайша, 30-шы жылдары және 40-шы жылдардың басында Оңтүстік
Ембі негізгі мұнай-газ кен орындары ашылды және бұрынғы КСРО-ның шығысында
мұнай-газ өндіруші кәсіпорындардың мықты шикізат базасы құрылды. 1940 жылы
бір жылда мұнай өндіру көлемі 750 мың тоннаға жетті.
Алайда, Каспий маңы аумағын зерттеу деңгейі өте қалыпсыз болды, Елтон,
Басқыншақ, Індер аудандары мен Ембі ауданының жекелеген мұнай кен
орындарында шоғырланды, ал Орталық Каспий өңірінің байтақ аумақтарында
барлаушылық маршруттық түсіру де болған жоқ. Сол кезде белгілі болған 400
перспективалық құрылымның 88 құрылымында ғана барлау бұрғылау жүргізілді.
Ұлы Отан соғысы (1941-1945 жж.) ел үшін үлкен ауыр кезең болды. Майкөп
және Грозный мұнай аудандарының өз қызметін уақытша тоқтатқан өндірістерді
өтеу мақсатында Қазақстанда мұнай өндіруді жан-жақты белсендету өте
маңызды әскери-шаруашылық міндет болды, ол табысты шешілген жағдайда елдің
халық шаруашылығының бірінші кезектегі мұқтаждарын және Совет Армиясының
әскери қабілетін қанағаттандыруға байланысты болды.
Қазақстанның КП Орталық комитеті 1942 жылдың желтоқсанында Доссор мұнай
кәсіпшілігінде партиялық-шаруашылық активті жүргізді, онда мұнай
кәсіпшіліктерінің жұмыстарын жақсарту жөніндегі нақты іс-шаралар және
мұнай өндіруді ұлғайту үшін қажетті қосымша ресурстарды тарту кешені
әзірленді.
Соғыс жылдары Орал-Ембі ауданының мұнайшылары тәулігіне 12-13 сағаттан,
демалыссыз, қызу қарқынмен жұмыс істеді, барлық мұнай кәсіпшіліктерінде
фронттық бригадалар ұйымдастырылды. Осы кезеңде сұйықтықты белсенді түрде
іріктеу, тесіктерді қосымша ату, пайдалану әдістері торпедалау секілді
прогрессивті әдістер қолданылды. Ұңғымалардың жедел өтуіне
материалдық-техникалық құралдары анағұрлым аз жұмсалды. Көп материалдар
мен цементті үнемдейтін кондукторсыз бұрғылау игерілді. Барлаушылар Ембіде
Отан соғысы кезеңінде өнеркәсіптік игеруге енгізілген және он мың тонна
жоғары сапалы мұнай берген жаңа үш кен орнын ашты. Жаңа кәсіпорындар іске
қосылды, Гурьев қаласында ірі мұнай өңдеу зауыты құрылды (Т. Шәукенбаев
Қазақстанның мұнай өнеркәсібінің экономикасы. Қазақстан баспасы,
Алма-Ата, 1974 ж.).
1941-1945 жж. жылына орташа есеппен 800 мың тонна мұнай өндірілді. Ұлы
Отан соғысы жылдары Орал-Ембі мұнайлы облысында геологиялық зерттеулер
шоғырландырылды. Іздеу-түсіру және сейсмикалық-барлау жұмыстарының,
картировка мен құрылымдық-іздеу бұрғылаудың елеулі көлемдері Нармонданақ,
Күзбақ, Қызылжар, Мұнайлы, Қошқар, Дүйсеке және басқа да тұз күмбездерінде
шоғырланды. Күмбездердің бір бөлігі терең бұрғылаумен өнеркәсіптік
барлауға тартылды. Бұл ретте мұнайдың өнеркәсіптік мұнай иірімдері
Мұнайлыда, Жолдыбайда, Нармонданақта және Құлсарыда анықталды, кейін олар
60-шы жылдарға дейін негізгі пайдалану объектілері болды. Маңғыстауды
зерттеле берді. Маңғыстау геологиялық-барлау экспедициясының аға геологы
Чувелев жасаған Маңғышлақтағы пайдалы қазбалар туралы мәселеге қысқаша
түсіндірме жазбада, атап айтқанда, былай деп жазылды: Маңғышлақтағы
жыныстар құрылымының антиклиналдық сипаты, ал кейде диапиризмнің сипаты
(Орал-Ембі ауданының түрі бойынша өтетін өзек) Маңғышлақтың жер қойнауында
мұнайдың жиналу ықтималдығын көрсетеді. Төбежік даласында Форт-Шевченкодан
50 километр қашықтықта Ханга-баба антиклиналінің төменгі мелдық
шөгінділерінде анық мұнайлылық белгілері бар жаныстар табылды (Маңғыстау
облысының мемлекеттік ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
««ҚТЖ» ҰҚ» АҚ «Қарабас» станса жұмысының жоспар-болжауы»
«Қазмұнайгаз» ақ кадрлық қызметін талдау
"ҚТЖ» ҰҚ» АҚ «Қарабас» станса жұмысының жоспар-болжауы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-НЫҢ қызметіне техникалық экономикалық талдау
ҚазМұнайГаз Ұлттық компаниясы
ҚазМұнайГаз
«ҚазМұнайГаз» мұнай компаниясы
«Абди компани» ақ-ның қызметіне сипаттама
«МаңғыстауМұнайГаз» АҚ-ның қаржылық ресурстарынның тұрақтылығын зерттеу
Қазмұнайгаз” ұлттық компаниясы
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь