Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымын қалыптастыру жолдары


Мазмұны
І. Кіріспе . . . 3-9
ІІ. Негізгі бөлім
І тарау. Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымын қалыптастырудың теориялық мәселелері
І. 1. Дүниетаным және оның мәні мен мазмұны……… . . .
І. 2. Ұлттық дүниетаным және оның ерекшеліктері
ІІ тарау. Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымын қалыптастыру жолдары
ІІ. 1. Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастырудағы жеке пәндердің алатын орны
ІІ. 2. Қазақ ағартушы ғалымдарының бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымын қалыптастыруға байланысты көзқарастары
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымшалар
Кіріспе
Диплом жұмысының көкейкестілігі. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының қоғамдық өмірінде жүріп жатқан демократиялық өзгерістерге байланысты белгілі әлеуметтік шарттарды ескере отырып, жеке тұлғаны қалыптастыруды көздеген білім беру жүйесіне қойылатын талаптар күшейе түсуде. Сол талаптардың бірі - оқушының дүниетанымын қалыптастыруда елеулі ықпал жасайтын білім мазмұнын жетілдіру. Білім - дүниетанудың кәусар бұлағы. Ол неғұрлым тереңдеген сайын дүниетаным да қалыптасып, тұрақтана түседі.
Дүниетанымның қалыптасуына адам, табиғат, қоғам туралы білімдер тірек болады. Адам, табиғат, қоғам - біртұтас дүние. Адам, табиғат, қоғам арасындағы байланысты және оларды үнемі бірлікте дамитынын оқушылар бастауыш сыныптан бастап оқып, түсінуі жолға қойылып отыр. Өйткені дүниетануды бастауыш сыныпта оқытудың барысында оқушының таным процесі дамиды. Танымға көмегін тигізетін оқушының сезім мүшелерінің жұмысы арқылы олар сыртқы дүниені қабылдайды. Әртүрлі оқу әрекеттері нәтижесінде олар дүниені біртұтас бірлікте сезініп, қабылдау арқылы санасында білім қоры жиналып, ой-өрісі кеңейеді.
«Дүниетаным», «таным», «қазақ дүниетанымы» саласында көптеген құнды ой-пікірлер мен көзқарастар философ ғалымдардың (С. Б. Крымский, Б. М. Кедров. Э. Нысанбаев, А. Қасабеков, М. Орынбеков, Ж. Алтаев, Кішібеков және т. б. ) еңбектерінде жан-жақты талқыланып келеді.
Оқушылардың танымдық әрекеттерінің түрлері болса бірқатар психологтар мен педагогтардың еңбектерінде (М. А. Данилов, И. Я. Лернер, Л. В. Занков, М. И. Махмудов, А. А. Люблинская, А. Н. Леонтьев, Н. Б. Менчинская, П. Я. Голперин, Д. Б. Эльконин, М. И. Левина, Ю. К. Бабанский, Т. И. Шамова, С. П. Баранов) зерттеу объектісіне қарай жүйелі талданған.
Г. И. Шукина оқып білу жаңадан шындық ашу емес, бұрыннан белгілі адам тәжірибесінен өткен шындықтардың жиынтығын меңгеру. Сондықтан бұл шындықтарды оқушылар санасына жеткізу үшін ең алдымен мұғалімдер осы білімдерді шәкіртке жеткізудің әдіс-тәсілдерін меңгеруі керек деп дәлелдейді. Б. П. Баранов оқытуды жеке бастың психологиялық дамуын тездету үшін және қоршаған ортаның бұрыннан белгілі заңдылықтарын оқушыларға меңгерту үшін жасанды ұйымдастырылған танымдық іс-әрекеттердің жиынтығы деп санайды. Осы жайында тіпті өз кезінде Я. А. Коменский болса, «мүмкіндігінше адамдар білімді кітап бойынша ғана емес аспаннан, жерден, еменнен, жөкеден, яғни, басқа біреудің байқағанынан, не сол жайында берген мәлімдемесінен емес, заттың өзінен алсын» - деп тұжырымдайды.
Оқушылардың танымдық әрекетін арттыруда проблемалық оқытудың атқаратын ролінің ерекше екендігін, оны ұйымдастыру әдістері оқушылардың ойлау процесі мен ізденушілік әрекетінің дамуына елеулі әсерін тигізетінін қазақтың белгілі дидактері И. Нұғыманов, Т. Сабыров және т. б. өз еңбектерінде дәлелдеп отыр. Бұл пікірлер оқытудың басты мақсаты - оқушыларға айқын дүние заңдылықтарын, заттарын, фактілерін таныту деген түсінік береді.
Әлбетте, бұл пікірлермен толығымен келісуге болады. Өйткені, қоршаған заттар мен құбылыстар жайында білім алып, оны нақты қабылдау барысында оқушылар әртүрлі оқу әрекеттерін қолданады. Алдымен затты не құбылысты көру әрекеті арқылы түрі, түсі, пішінін, көлемін анықтап, таныса, ұстап сезіну әрекеті арқылы оның күйін, қатты-жұмсақтығын және басқа да сапасын айқындау, онан әрі затты не құбылысты бақылау іс-әрекеттері негізінде ой қорытып, заттарды салыстырып, айырмашылығы мен ұқсастығын табады. Міне, осындай түрлі таным әрекеттері нәтижесінде оқушылар затты не құбылысты қабылдайды және олардың ғылыми ұғымның негізі қаланады. Осы аталған әрекеттер арқылы түсінік алған оқушыларда келешекте эмоциялық, іскерлік, интеллектуалдық дағдылардың дамуына жағдай туады.
Зерттеу проблемасы саласында жарық көрген арнайы ғылыми еңбектерге, оқу-әдістемелік құралдарға, олардың бастауыш сынып оқушыларының оқу-тәрбие процесіне ендірілу тәжірибесіне жасаған талдау барысында дүниетануды оқытудың теориялық негізіне байланысты кемшіліктер жағдайлар байқалды:
- оқушылар дүниетанымын қалыптастырып, оларға қоршаған дүниеден ғылыми және экологиялық білім негізін меңгертуде пәннің маңызы сараланғанмен, осы кезге дейін осы бағдарламалық талаптардың өз деңгейінде жүзеге аспай отырғаны;
- бастауыш сыныпта табиғаттан берілетін білімнің адам өмірімен, қоғаммен байланысы толық ашылмағандығы, мектептердің үнемі аударма оқулықтарды пайдаланумен шектеліп келгендігі;
- оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыратын өздігінен жұмыс істеу әрекеттерін ұйымдастыруға негіз болып, бағыт беретін оқытудың әдіс-тәсілдерін зерттеуге арналған әдістемелік жұмыстардың жеткіліксіздігі;
- бастауыш сыныптағы дүниетануды оқытудың ең бастысы, негізгісі ретінде сөздік әдіспен шектелуі, оқушылар белсенділігін арттыратын, ізденушілігін дамытатын жағдаяттардың жасалмауы, осының салдарынан оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің төмендеп, көріп байқағандарын қайталап айтумен шектелетіндігі:
- осы кезге дейін бастауыш сынып оқушыларына қоршаған ортадан білім берудің әдістемелік мәселелерін жүйелі зерттеген монографиялық еңбектердің жоқтығы.
Бүгінгі күні білім мазмұнын кіріктіріп оқыту арқылы оның ғылыми деңгейін көтеру мәселесі қойылып отырған жағдайда бастауыш сыныпта оқушыларға табиғат, адам, қоғам жайында беретін білім негізінде олардың дүние танымын қалыптастыру үшін дүниетануды оқытудың ғылыми әдістемелік жүйесін жасау орынды талаптардың бірі.
Бастауыш сыныпта «Дүниетану» пәні оқылмағанымен, оқу бағдарламасына қоршаған дүниеден ұғым беретін материалдар, яғни, дүниетану материалдары бастауыштың бірінші сыныбында «Айналамен таныстыру», екінші сыныбында «Табиғаттану» пәндері арқылы меңгерілсе, соңғы жылдары мазмұны да, мақсаты да жаңа «Дүниетану» пәні республиканың барлық бастауыш сыныптарына ендіріліп отыр. Бұл пән бойынша оқушыларға еліміздің табиғаты, табиғи байлығы, экономикасы, ғылымы мен мәдениеті, этика, әдеп, эстетика, құқық пен өнері, адам-адам, адам-қоғам, адам-табиғат арасындағы қарым-қатынас түрлері жайында ғылыми-сарамандық ұғымдар беріледі. Пәнді оқып меңгеру барысында оқушылар дүниенің үш құрамдас бөлігі: адам, қоғам, табиғат саласынан білім алады. Атап айтсақ, қоршаған дүние заттары, құбылыстары, табиғат, экология туралы ғылыми түсінік қалыптасады. Тарихи деректер жайында жалпы мағлұмат алып, халықтың салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі, табиғат байлығы, мәдени-әдеби, көркем-қолөнер шығармашылығы арасындағы байланысты, сабақтастықты көре білуге үйренеді. Пәннен алған ұғымдарын басқа пәндермен кіріктіре оқу арқылы дүниенің тұтастығы жайында жүйелі білім негізі қалыптасады.
Дүниетанымның қалыптасуы ұзақ және күрделі процесс. Оның нәтижесінде жеке көзқарастар және сенім жүйесі дамиды, қалыптасады. Олар жеке адамның әрекет жасауына басшылық етеді. Дүниетаным процесінде әртүрлі факторлар, мәселен әлеуметтік микроорта мен тәжірибе жаппай ақпарат құралдары т. б. әсер етеді. Олардың әрқайсысы іс-әрекетіне әртүрлі ықпал жасайды.
Бастауыш сынып оқушысының өмірге, табиғатқа көзқарасының қалыптасу процесі дүниетаным идеясы элементтерін игеруден, яғни білімнің, ғылымның негіздерін және мінез-құлықтарын, белгілі нормаларын білу, оларды сақтай білуден басталады.
Білім мен тәрбие беру арқылы адамның ой-сезіміне, мінез-құлқына, дүниетанымына әсер етуге болады. Ғұлама ойшыл Әл-Фараби айтқандай адамдағы үш қабілетті дұрыс жолға қойып тәрбиелеу арқылы дұрыс нәтижеге жетуге мүмкіндік туады. Дүниедегі ең бағалы байлық - адам болғандықтан, оның қоршаған дүниеге көзқарасы, білу деңгейі қоғам дамуында, табиғатты сақтауда және өзінің тұлға ретінде қалыптасуында негізгі орын алады. Оның адамдық қасиеттері, ұстайтын жолы, дүниеге көзқарасы, мақсат-тілегі, мінез-құлқы, моралдық бейнесі іштей өзімен бірге тумайды, қоғамда, басқа адамдар арасында өмір сүру барысында қалыптасады. Сондықтан да дүниетанымды дұрыс қалыптастыру бастауыш мектеп қабырғасында басталады да өмір талабына, ғылым дамуына жалғаса береді. Міне осы орайда зерттеу тақырыбымды «Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымын қалыптастыру » деп алуыма себеп болды.
Зерттеу мақсаты: Дүниетанымның теориялық негіздерін, оның бастауыш сынып оқушылары тұлғасының қалыптасуының ұлттық дүниетанымын қалыптастыру әдістемесін зерттеу.
Зерттеу объектісі: Оқу үрдісінде бастауыш мектеп оқушыларының ұлттық дүниетанымын қалыптастырудың жолдары.
Зерттеу пәні: Сыныпта және сыныптан тыс жұмыстарда бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру процесі.
Зерттеу міндеттері:
• Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру жайында әдебиеттермен танысу, оларға талдау жасау;
• Ұлттық дүниетаным түрлерін айқындау;
• Дүниетаным ұғымының мәнін ашу;
• Оқушылардың дүниеге көзқарасын қалыптастырудағы мектеп жұмысының негізгі әдістерімен танысу;
• Оқушылардың бойында адамгершілік қасиетін арттыру жолдарын анықтау;
• Сыныптан тыс тәрбие жұмыстары түрлерін дүниетаныммен байланыстыру.
• Бастауыш сынып оқушысының дүниетанымы қалыптасуының әдіснамалық және психологиялық негіздерін айқындау;
• Жеке тұлғаның дүниетанымдық қалыптасуының жолдары мен тәсілдерін анықтау;
• Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымының қалыптасуын экспериментальдық түрде анықтау.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: Жеке тұлға теориясы, дүниетаным туралы философиялық, психологиялық, педагогикалық жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтардың өзара сабақтастық теориясы, қазіргі гуманистік тұжырымдар, білім туралы мемлекеттік саясат болып табылады.
Зерттеу көздері: Философия, психология, педагогика, психологтардың, педагогтардың дүниетаным туралы зерттеу еңбектері. Қазақстан республикасының «Білім туралы» заңы, ғылым және білім министрлігінің тұжырымдамалары, кешендері, бағдарламалары, ұлттық дүниетанымды тиімді пайдаланудың жүзеге асыру жөніндегі озық тәжірибелері.
Зерттеудің ғылыми-педагогикалық әдістері: Зерттеу мәселесіне байланысты тақырып бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге, қолөнер мұраларына теориялық талдау жасау; бақылау, әңгімелесу, сауалнама жүргізу, озық тәжірибелерді зерделеу, жинақтау, қорыту.
Зерттеу базасы: Шымкент қаласындағы №25 Т. Рысқұлов атындағы этнопедагогикалық-гуманитарлық гимназия мектебі, Төлеби ауданы Аққұм ауылы Қ. Тыныбаев атындағы орта мектеп.
Зерттеу кезеңдері: І кезеңде зерттеу проблемасы бойынша жарық көрген философиялық, психологиялық, педагогикалық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалынды; адамзат дүниетанымының қалыптасуы мен тарихи дамуы дүниетанымдық көзқарастардың қалыптасуы туралы материалдар жинастырылды. ІІ кезеңде зерттеу тақырыбы бойынша жиналған теориялық және этнопедагогикалық материалдарға талдау жалғастырылды. Баспа бетінде жарық көрген халқымыздың дүниетанымдық мұралары, әдеби деректері жинастырылып, жүйеленді.
Зерттеу жұмысының дәлелділігі мен негізділігі: Зерттеудің ғылыми-педагогикалық бағыты мен зерттеу пәніне сәйкес өзара байланыстағы кешенді әдіс-тәсілдік қолданумен тәжірибелік-эксперименттік зерттеудің мақсат пен міндетке сәйкестілігімен, алынған бастапқы және соңғы нәтижелердің математикалық әдістерімен, қорытындылауымен зерттеу жұмысының қорытынды нәтижесін практикаға ендірумен қамтамасыз етіледі.
Зерттеу жұмысының ғылыми негізі мен практика жүзінде қолдану нәтижелері: Бірінші Республикалық аймақтық «Елімнің самғауы биік» атты М. Жұмабаев атындағы педагогикалық оқуларында талқыланып, шығармашылық еңбектер жинағында жарық көрді.
Диплом жұмыстың құрылымы: Диплом жұмыс кіріспе, екі тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде зерттеу жұмысының көкейкестілігі анықталып, ғылыми аппараты баяндалады.
«Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымын қалыптастырудың теориялық мәселелері» атты бірінші тарауда дүниетаным және оның мәні мен мазмұны және ұлттық дүниетаным және оның ерекшеліктері анықталып, қарастырылады.
«Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымын қалыптастыру жолдары» атты екінші тарауында бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастырудағы жеке пәндердің алатын орны мен қазақ ағартушы ғалымдарының ұлттық дүниетанымды қалыптастыруға арналған көзқарастары баяндалады.
Қорытындысында оқушылардың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастырудың теориялық тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріледі.
Қосымшада қазақша ұзындық өлшемдері және дүниетану пәнінен сабақ үлгілері ұсынылады.
І тарау. Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымын қалыптастырудың теориялық мәселелері
І. 1. Дүниетаным және оның мәні мен мазмұны
Дүниетаным мәселесін қарастырғанда ең алдымен бұл сөздің лексикалық құрамдас бөліктеріне назар аударған жөн. Ол екі сөзден қүралған: дүние және таным (дүние, көзқарас) . Демек, дүниетаным дегеніміз адамның санасының спецификалық түрі, оның қоршаған ортаға көзқарасы және осы ортада өзінің орны туралы түсінігі. Әрине, қоршаған ортада байланысып жатқан өзгерістерге, процесстерге қатысты әр адамның өзіндік ойы, көзқарасы болады. Бірақ бүл көзқарастардың сапалық деңгейі әр түрлі болады: күнделікті өмірге тиісті, сана-сезімге негізделген - тұрмыстық, теориялық түсінікке негізделген -ғылыми дүниетаным. Сонымен қатар бұл көзқарастарды толықтығына, мазмұндылығына, тереңдігіне қарай одан әрі талқылауға болады. Мектеп тәрбиесі жайында сөз қозғағанда ғылыми дүниетаным, оның тереңдігі, толықтығы, кеңдігі негізге алынады. Бұл жағдайда дүниетаным сөзін қалай түсінуге болады? Ж. Б. Қоянбаев және Р. М. Қоянбаева жазған «Педагогика» атты еңбегінде дүниетанымға келесідей анықтама береді: «Дүниетаным дегеніміз объективті дүниеге және ондағы адамның алатын орнына, адамның өзін қоршаған шындыққа жэне өзіне қатынасы туралы көзқарастар жүйесі, сонымен қатар осы көзқарастарға тәуелді адамдардың өмірлік позициясын, олардың сенімдері, мұраттары таным жэне іс-әрекет принциптері, құндылық бағдарламалары». Ал, «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясында «қоғамдық сана мен жеке адам санасының ең жоғарғы деңгейі», - деген. Ол өзінің қызметі мен мәдени міндеті бойынша адамның біртұтас дүниедегі бағдарларының кешені болып табылады.
Дүниетаным - ақиқатты рухани практикалық түрғыдан игеру жүйесі. Соның ішінде білім мен сенім жиынтығы, адамдардың адамгершілік мұраттары мен әлеуметтік мінез-кұлқы реттегіштері, саяси бағдарлар, қоршаған ортаға деген психологиялық жэне эстетикалық көзқарас дүниені түсіну жэне дүниені өзгерту дүниетаным түсінігінен қуат алады. Дүниетаным - жеке адам және оның қоғамдағы орны, сана-сезімдік қалпы жайлы ұғымдардың жиынтығы, дүниенің біртұтастығын түсіну нәтижесі.
Дүниетанымға Э. И. Моносзан мынадай анықтама берген: «Дүниетаным -дегеніміз жалпыланған көзқарастар жиынтығы, оның құрамына қоршаған табиғи және әлеуметтік ортаға байланысты ойы, сенімі мен мұраттары жатады. Ол жалпылама адамның өмірлік бағыт-бағдарын белгілейді». Ал, Н. К. Гончаров бұл мәселені кеңірек талқылады, ол дүниетанымды «тұлға білімінің жиынтығы», «оның көзқарастарының жүйесін», «оның қоршаған орта мен айналасындағы адамдарға деген ойын білдіруін», «сенімдердің жиынтығы» түрінде комплексті қарастырды.
Бұл жерде дүниетаным деп адамның білім жүйесін, оның көзқарастарын, сенімдері мен мұраттарын өз бойында жинақтайтын сананың ерекше бір түрі. Ол адамның табиғат пен қоғамның дамуына, саясатқа, өмірдегі мақсатына деген негізгі ойларды жинақтап, белгілі бір салаға салады.
Бұл анықтама дүниетаным мәнін ғана ашпай, оның құрылымы жайында да түсінік береді. Оның негізгі құрылымдық компоненттері болып а) ғылыми білім жүйесі, ә) көзқарастары, б) сенімдері, в) адам мұраттары. Өз кезегінде бұл компоненттерді 2 топқа жіктеуге болады: объективті (ғылыми білім жүйесі)
- субъективті (көзқарастар, сенімдер, адам мұраттары)
Білім: объективтік дүниені бейнелейтін адам баласының мол тәжірибиесі. Білім арқылы жеке адам табиғатының және қоғам құбылыстарының объективтік жақтарын зерттейді, түсінеді, ұғады. Ғылыми дүниетаным қалыптасуының және дүниетанымы дамуының үлкен тірегі. Міне, осының нәтижесінде білім әр адамның көзқарасына, сеніміне айналады. Дегенмен, кейбір адамдардың білімділік деңгейі жоғары болғанымен олардың дүниеге көзқарасы дұрыс қалыптаспаған, яғни жалғыз білімнің өзі ғана дүниетанымның кепілі емес. Бүл жайында немістің атақты ақыны Иоган Гете былай деген екен: «Менің білетінімді өзге де білуі мүмкін бірақ, мүндай жүрек жалғыз менде ғана». Адамның білімі оның дүниетанымына айналуы үшін, субъективті қасиетке ие болуы керек, адамның көзқарасы мен мұратына айналуы тиіс.
Көзқарас жеке адамның табиғи және әлеуметтік құбылыстарын түсіндіру туралы пайымдауы, ой тұжырымы. Адамзаттың пайда болу тарихын түсіндіруде әр түрлі көзқарастардың бар екені мәлім. Мысалы, материалистер мұндай проблеманы ғылыми дүниетаным тұрғысынан дәлелдесе, ал дін ілімінің өкілдері тәңірдің қалауымен деп тұжырымдайды.
Көзқарас, әрине, дүниетанымға үлкен әсерін тигізеді және де оның іс-қимылдарына, құлық тәрбиесіне де әсер етпей қоймайды. Дегенмен, кейбір жағдайда адамда түсінік пен көзқарас дұрыс қалыптасқанымен, ол іс-әрекетпен нақтыланбайды. Мысалы, бір ұры өзге адамның жекеменшігіне қол сұғу дұрыс емес екендігін біле түра өз ісін ары қарай жалғастыра береді. Адамның дүниетанымы сеніммен нақтыланғанда мүндай жағдай туындамас еді.
Сенім терең, тиянақты ойланып айтылатын идеялардың жиынтығы. Сенім жеке адам өмірлік позициясының беріктігін анықтайды, мінез-құлқын сипаттайды. Әр түрлі идея адам сенімінің негізгі, шындықты терең тану, оның соңынан еріп отыру;
Адам мұраты жеке түсінудің жоғары кемелі, адам баласының жоғары мұрат-мақсаттары, өмірге ұмтылушылығы. Мұрат айналадағы өмірді жетілдіруде және қоғамның әлеуметтік-экономикалық үдеуін дамытуда адамның сезімін оятады.
«Дүниетану» ұғымының ғылыми негізі. Қазақстан Республикасының егемендік алған алғашқы жылдарынан бастап білім беру мәселесінің дамуына аса мән берілуде. Білім беру барысында оқушының жеке тұлғасын жан-жақты жетілдіруге, олардың танымдық әрекетін дамытуға, ой-санасын қалыптастыруға ерекше назар аударылып отыр. Мұның дәлелі республикамыздағы «Білім туралы» заңының қабылдануы.
Президент Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан-2030» атты Қазақстан халқына Жолдауында болашақ қоғам мүшелері - жастардың қандай болуға тиіс екендігін айта келіп, «Біздің балаларымыз білігі жоғары жұмысшылар мен фермерлер, инженерлер, банкирлер және өнер қайраткерлері, магазиндердің иелері, мұғалімдер мен дәрігерлер, зауыттар мен фабрикалардың иелері, биржа делдалдары және спортшылары болады. Олар мұнай, газ бен электр қуатын, тамақ өнімдерін өндіретін, әрі олармен әлемдік экономиканы қамтамасыз ететін болады . . . », - дейді.
Жастардың болашақка деген бағыт-бағдары отбасында, мектеп қабырғасында, жалпы қоғамдық деңгейде алсақ, бүкіл қоршаған дүние ортасында қалыптасады. Әрине, қоршаған дүниенің әр саласының көзқарасқа тигізетін әсері, беретін білімі, тәрбиеге ықпалы әртүрлі. Мемлекетіміз осының бәрін ескеріп, білім беру жүйесін баса дамытуға, оның дүниежүзілік деңгейге көтерілуіне аса мән беруде. Осындай аса маңызды сенім жүктеліп отырған жастарымыздың болашақта мемлекеттік жауапты қызметтерді атқаратындай, өз мүддесінен гөрі халықтық мүддені жоғары қоятын деңгейде өсіп жетілуі үшін оларға сапалы білім беру, саналылыққа тәрбиелеу, жеке бас құндылығын көтеру оқу-ағарту саласының үлесіне тиеді.
Осыған байланысты білімнің мазмұнын, оқыту әдістері мен сабақты ұйымдастыру нысандарын жетілдіруді нақтылай түсу қажеттілігі туындайды. Білімнің әрбір бөлігі оқушы дүниетанымын қалыптастыруға септігін тигізіп, олардың әлем туралы ой жүйесін дамытуға негіз салуы тиіс. Орта білім стандартында «Мектептің әрбір саласында жеке тұлғаны дамыту міндетіне сай білім мазмұнының толық жүзеге асуын қамтамасыз ету» талабы қойылып отыр. Мұнда әсіресе, оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру мәселесі басты орынды алмақ.
«Дүниетаным, дүниеге көзқарас дегеніміз - айнала қоршаған орта, бүкіл әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктін мәні, мағынасы туралы көзқарастың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы». Дүниетанымның көзі - білім. Білім неғұрлым тереңдеген сайын дүниетаным да қалыптасып, тұрақтанады. Мектеп қабырғасында алған білімнің шындығы мен ғылымилығы практика жүзінде қолдану барысында айқындала түспек. Осы арқылы адам, заттар, құбылыстар арасындағы қарым-қатынас пайда болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz