Пайдақорлық зорлық қылмыстарының криминологиялық сипаттамасы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 84 бет
Таңдаулыға:
КІРІСПЕ
Зерттеу өзектілігі. Қазіргі таңда пайдақорлық- зорлық қылмыстары өршіп тұр. Ал олардың виктимологиялық профилактикасы қиын мәселе болып табылады. Соңғы кездердегі әлеуметтік өзгерістер, экономикалық дағдарыс, саяси өмірдегі тұрақсыздық және т. б. объективті жаңалықтар еліміздегі қылмыстың күрт өсуіне себепкер болды. Мемлекетімізде қалыптасқан криминогенді жағдай үрей туғызып қана қоймай, өзіне құқық қорғау органдарының ғана емес, сонымен қатар ғылыми қызметкерлердің де назарын аудартып отыр. Сондай-ақ, оны алдын алу жолында жәбірленушінің виктимологиялық мінез-құлқы тұрғысынан да қарайды. Пайдақорлық-зорлық қылмыстарының жәбірленушісінің мінез-құлқын зерттеу арқылы оларды қорғау шараларын іске асыра отырып, виктимділік деңгейін төмендетуге байланысты бірқатар проблемаларды шешуге болады. бұл жерде маңызды орынды виктимологиялық профилактиканың арнайы алдын алу шараларының ішіндегі әдістер мен жолдар атқарады.
Пайдақорлық-зорлық қылмыстарын зерттеу өзектілігі әлі күнге күн тәртібінен түскен жоқ керісінше, өсіп отыр. Бұл зерттеудің өзектілігі негізінен жұмыстың пайдақорлық-зорлық қылмыстарын алдын алуға және олардың виктимологиялық профилактикасын жүзеге асыру жолдарын ұсынуға негізделеді.
Жұмыстың зерттелу деңгейі. Пайдақорлық-зорлық қылмыстарымен күрес мәселелері бойынша диссертациялық зерттеу жөніндегі еңбектер A. C. Золотарев, A. B. Ситковский, М. Поповичтің үлесіне тиесілі. Көптеген шетелдік және отандық ғалымдармен виктимологиялық профилактика мен криминалды виктимологияның жалпытеориялық мәселелері қарастырылған. Әр түрлі қылмыстардың виктимологиялық профилактикасына байланысты диссертациялық жұмыстар орындалған. (Е. А. Гинтовт, О. В. Лукичев, В. Г. Скрипкин, С. В. Надтока, А. П. Некрасов, Д. Р. Усманова және т. б. ) . Құрбантану ғылымының дамуына үлес қосқандар қатарында Қазақстандық қылмыстанушылар да баршылық. Олардың қатарында: Е. О. Алауханов, А. Ә. Биебаева, А. Ещанов, Е. К. Кайрулла, И. К. Котова, И. Корзун, Н. Д. Мухамедьянов, Б. К. Сыздық және т. б. бар.
Қазақстан Республикасында қылмыстылықтың өршуі криминалдық құбылыстар мен процесстердің даму тенденциясына әкелді. Криминологиялық зерттеулер көрсеткендей, Қазақстан қылмыстылығында өте күрделі процесстер жүріп жатыр. Халықты қылмысты әрекеттерге тарту, ауыр және күш қолдану қылмыстарының көбеюі, қылмыстылықтың латенттілігі осы жағымсыз құбылыстың негізгі тенденциялары болып табылады.
Сарапшылардың бағалауы бойынша латентті қылмыстылық Қазақстанда тіркелген қылмыстылықпен салыстырғанда үш-бес есе жоғары көрсеткішке ие. Дегенмен, қазіргі уақытта тіркелген қылмыстылық қоғамның криминалдану деңгейін өлшейтін бірден бір құрал болып табылады. Сол себепті ҚР-дағы криминалдық жағдай аталған мәліметтерді ескере отырып, объективті түрде қосымша бағалауды қажет етеді
Зерттеудің мақсаты Пайдақорлық-зорлық қылмыстарының қылмыстық құрамын талдау, пайдақорлық-зорлық қылмыстарын алдын алудың мәнін, түрлерін және виктимологиялық алдын алу жолдарын анықтау.
Зерттеудің міндеті. Аталған мақсатқа сәйкес келесідей міндеттер қойылған: пайдақорлық-зорлық қылмыстарының алдын алудың» анықтамасын нақтылау; зорлық-пайдақорлық қылмыстарын виктимологиялық алдын алуды ұйымдастырудың теориялық және практикалық мәселелерін талдау; пайдақорлық-зорлық қылмыстарын виктимологиялық алдын алудың түрлерін, жолдарын, тәсілдерін ғылыми тұрғыда жетілдіру мақсатында өзіндік ұсыныстарды енгізу.
Зерттеу объектісі з орлық-пайдақорлық қылмыстарының қазіргі уақыттағы көрінісі, оның әр саладағы құбылыстары, профилактикасы, пайдақорлық-зорлық қылмыстарының шығу тегі.
Зерттеу пәні: зорлық-пайдақорлық қылмыстарының қазіргі кездегі жағдайы, виктимологиялық алдын алу түрлері, әдістері, негізгі жолдары зерттеу пәні болып табылады.
Зерттеу әдістері: социологиялық, психологиялық, тарихи, логикалық, нақты-әлеуметтік, статистикалық әдістер де қолданылды.
Зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңызы с татистикалық құбылыстар негізінде аталған құбылыстың даму заңдылықтарын, оның динамикасын зерттеу арқылы өз тұжырымдарымды енгізу. Виктимологиялық зерттеу жүргізу арқылы зорлық-пайдақорлық қылмыстарын алдын алу мақсатында тиімді ұсыныстар мен тұжырымдар ұсыну, сондай-ақ олардың практикада қолданылуы тиімділіктерін атап өту. Зерттеудің теориялық негіздерін Е. О. Алауханов, С. М Рахметов, А. А Пионтковский, Я. М. Брайнин, Р. Т. Нуртаев, А. Б. Сахаров, Ғ. И. Баймурзин, А. Ш. Ещанов, Д. В. Ривман т. б еңбектері құрайды.
Ғылыми зерттеудің жаңалығы: Бұл жұмыста пайдақорлық-зорлық қылмыстарын алдын алудың кешенді мәселелері зерттелген. Аталған қылмыстардың қоғамға қауіптілін ескере отырып, оларды алдын алуға бағытталған нақты шаралар мен ұсыныстар ашып көрсетілген.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар Пайдақорлық-зорлық қылмыстарының сақтандыру шараларын анықтап, ал, негізгі әлеуметтік сипатамалары зерттеледі.
Пайдақорлық-зорлық қылмыстарының виктимологиялық профилактикасы-бұл аталған қылмыстарды алдын алуға және адамдар арасындағы виктимділік деңгейін төмендетуге, виктимді мінез-құлықтың қалыптасуына әсер ететін жағдайлар мен факторларды анықтауға, бейтараптандыруға, жоюға бағытталған адамдардың, мемлекеттік, қоғамдық және өзге институттардың қызметі. Зерттеудің құрылымы мен көлемінің сипаттамасы:
Зерттеу жұмысы екі тараудан, алты бөлімнен, кіріспе, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
1 ПАЙДАҚОРЛЫҚ ЗОРЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРЫНЫҢ КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
- Пайдақорлық -зорлық қылмыстарының түсінігі
Адам құқықтарын қорғаудың халықаралық институционалдық тетіктерінің арасынан Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі комитеттің, Азаптауға қарсы комитеттің, Нәсілдік кемсітуді жою туралы комитеттің және Әйелдерге байланысты кемсітушілікті жою жөніндегі комитеттің жеке шағымдарды қабылдау жөніндегі құзыреттілігін қабылдады.
Криминология ғылымы қылмыстың нысанын, сонымен қатар оның өзге әлеуметтік құбылыстармен байланысын терең талдауға, қылмыстылықтың және оған ықпал жасайтын, әсіресе, қазіргі жағдайдағы себептерге түсінік беруге, адамдардың әлеуметтік тұрмысына, идеология мен экономикадағы өзгерістерге қарай қылмыстардың сипатына көз жүгіртуге мүмкіндік аламыз. Пайдақорлық дегеніміз-материалды пайда табуға деген құмарлық, құштарлық [1, 23 б. ] .
Пайдақорлық қылмыстылық- әлемдегі ең көп таралған криминалды феномен болып табылады. Бұл қылмыстылық экономикасы дамыған мемлекеттерде 90%, ал дамушы мемлекеттерде барлық тіркелген қылмыс санының 60%-ын құрайды. [2, 234б. ] Пайдақорлық қылмыстылығы қылмыстық заңның 21 бабында көрініс тапқан. Пайдақорлық қылмыстылығы субъективтік жақтың қажетті белгісі ретінде жаза тағайындағанда келесідей қылмыстарда ескерілген (135, 139, 198, 225, 271, 307, 314, 315, 380 баптарда) . Келесідей ауырлатылған қылмыстарда көрініс тапқан (96-баптың 2-бөлігі «з» тармағында, 125-баптың 2-бөлігі «з» тармағында, 126-баптың 2-бөлігі «з» тармағында, 127 баптың 2-бөлігі «а» тармағында, 134-баптың 2-бөлігі «и»тармағында, 238-баптың 2-бөлігі «д» тармағында, 324-баптың 2-бөлігі, 351-баптың 2-бөлігі, 352-баптың 2-бөлігінде) . Пайдақорлық қылмыстылығы- құқыққа қайшы, қайтарымсыз, сондай-ақ, пайда табу жолында жасалған қылмыстардың жиынтығы. Аталған түсініктің негізгі «пайдақорлық» және «пайдақорлық мотивация» категорялары болып табылады. Пайдақорлық дегеніміз пайда, көп жағдайда материалды пайда деген мағынада қолданылады. [3, 242б. ] . Сәйкесінші, пайдақорлық мотивация -адамның мінез-құлқының пайдаға, табысқа деген ұмтылысы. Жалпы алып қарағанда пайдақорлық әр адамға тән нәрсе, өйткені, кімде-кім болмасын іс-әрекеттерді өзіне, өзінің пайдасына зиян келтіре отырып жасауына адамзаттың табиғатына жат қылық болып табылады. Кейбір пайдақорлық көріністері қоғам мүдделеріне қайшы келеді деп анықталады(антиқоғамдық) . Осыған сәйкес құқықта, негізінен қылмыстық құқықта пайдақорлық категориясы неғұрлым тар мағынада- құқыққа қайшы, қайтарымсыз мүліктік пайда табуға, оның заңсыз екенін біле отырып тырысу деп түсініледі (пайдақорлық мақсат және пайдакүнемдік ниет) .
Баюға тырысып жатқанын сезінбеу (барлық адамдарға тән), заңды жолдармен баюға тырысу, заңсыз тәсілдермен баю, алайда келтірілген шығындардың орнын толтыру құқықта пайдақорлық болып табылмайды. Алайда, бұл орайда пайдакүнемдік мүдде болмауы керек. Көп жағдайларда пайдақорлық ниет қылмыстық заң нормаларында қылмыстың белгісі ретінде көрсетілмейді. Негізінен бұл баға экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарға жақын. Бұл ерекшеліктің себебі, пайдақорлық мотивация заңсыз экономикалық қызметке, негізінен заңсыз кәсіпкерлікке тән болып табылады. Ресей Федерациясының қылмыстық заңнамасы бойынша пайдақорлық мотивация 90 түрлі қоғамға қауіпті іс-әрекеттердің белгісі ретінде сипатталады. Пайдақорлық қылмыстардың көп түрлері экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды (32), меншікке қарсы қылмыстарды (9), сондай-ақ мемлекеттік билік мүдделеріне және мемлекеттік қызмет пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметіне қарсы қылмыстарды құрайды. (8) Бірақ та пайдақорлық қылмыстар адам өміріне қарсы (пайда табу мақсатымен немесе жалданып адам өлтіру), бостандыққа қарсы (пайдакүнемдік ниетте адам ұрлау), тұлғаның конституциялық құқықтарына қарсы (пайдакүнемдікпен жеке өмірдің қол сұғылмаушылығын бұзу), кәмелетке толмағандардың дұрыс даму, қалыптасу мүдделеріне қарсы (кәмелетке толмағандарды саудаға салу), қоғамдық қауіпсіздікке қарсы (ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасау үшін қылмыстық қоғамдастық құру), халықтың денсаулығына қарсы (есірткі заттарды ұрлау немесе қорқытып алу), қоршаған ортаға қарсы (заңсыз аңшылық), конституциялық құрылысқа қарсы (пайда табу мүдделеріне байланысты мемлекеттік опасыздық жасау), басқару тәртібіне қарсы (пайда табу мүддесіне байланысты құжаттарды бүлдіру немесе ұрлау, мөрлерді ұрлау немесе бүлдіру) қылмыстарды да құрайды.
Екі түрлі критерийлерге байланысты пайдақорлық қылмыстарды меншікке қарсы қылмыстар (бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіруді қоспағанда) және экономикалық қызмет пен коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар деп сәйкестендіруге болады.
Пайдақорлық қылмыстылық- бұл құқыққа қайшы, қайтарымсыз мүліктік пайда табу мақсатымен экономика саласына қол сұғатын қылмыстық құқықтық жазаланатын іс -әрекеттердің жиынтығы болып табылады.
Қол сұғушылық жүзеге асырылатын экономикалық қатынастардың сипатына байланысты пайдақорлық қылмыстарды үш топқа бөлуге болады:
1) меншікке қарсы пайдақорлық қылмыстар (ұрлық, алаяқтық, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, тонау, қарақшылық, қорқытып алушылық, ерекше құнды заттарды ұрлау, алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру, автомобильді немесе өзге көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену)
2) экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар (табиғат пайдалану жөніндегі заңсыз мәмілелерді тіркеу, заңсыз кәсіпкерлік, заңсыз банктік қызмет, жалған кәсіпкерлік т. б)
3) коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы пайдақорлық қылмыстар (өкілеттіктерді теріс пайдалану, жекеше нотариустардың және аудиторлық ұйымның құрамында жұмыс істейтін аудиторлардың өкілеттіктерді теріс пайдалануы, жекеше күзет қызметі қызметшілерінің өкілеттіктерін асыра пайдалану, коммерциялық атып алу) .
Зорлық қылмыстары дегеніміз-тұлғаға физикалық немесе психикалық жәбір көрсетумен не болмаса көрсетемін деп қорқытумен байланысты қылмыстар аталады. Зорлық қылмыстылықтың түбінде зорлық жатқанымен, зорлық қылмыстылығының негізін зорлықпен қатар, күш қолдану да құрай алады. Зорлық қылмыстарының шеңбері кең болып келеді. Олар Қылмыстық Кодекстің келесідей баптарында көрініс тапқан. Атап айтсақ, 96-100, 102-110, 112, 113, 120, 121, 125- 127, 133, 137, 145, 151, 156, 159, 160, 163, 168, 169, 172, 178, 179, 181, 240, 257, 270, 321, 341, 347, 368-баптар. Осылайша, нағыз зорлықпен жасалатын қылмыстар 53 қылмыс құрамында, ал күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқытумен жасалған зорлық қылмыстары 29 қылмыс құрамында, аса саралаушы сипат ретінде 12 қылмыс құрамында кездеседі, яғни, барлық қылмысты қосқанда 94 қылмыс құрамында зорлық қылмыстары кездеседі. Демек пайдақорлық-зорлық қылмыстары материалды пайда табуды көздеп, қасақаналықты танытады. Ал, пайдақорлық-зорлық қылмыстылығы болса, пайдақорлық пен зорлық қылмыстылығының түйіскен тұсынан пайда болады екен. Бұған дәлел, пайдақорлық қылмыстарының барлығы дерлік зорлықпен күш қолдану арқылы жасалмайды, ал зорлық қылмысы болса, әр кез пайдақорлық мақсатпен жүзеге асып жатпайды. Қорытындыласақ, пайдақорлық-зорлық қылмыстары материалды пайдаға негізделіп, құқыққа қайшы, тұлғаның еркіне қарсы жасалып, сондай-ақ, ол адамға органикалық, психикалық, физиологиялық зиян келтіру мақсатында жүзеге асырылатын белгілі бір мемлекетте, белгілі бір уақыт аралығында жүзеге асырылатын қылмыстардың жиынтығынан тұратын қылмыстылық. Адамның құқықтары мен бостандықтары жүйесінде меншікке құқықтың алатын орны зор. Себебі ол адамның табыстылық деңгейін сипаттайтын көрсеткіш. Аталған қылмыстар экономикалық қатынастарды реттейді, сол себепті де олардың атқаратын міндеттері көп болып келеді. Әлеуметтік құндылықтар жүйесінде меншікке құқық адамның әлеуметтік игіліктер ішіндегі ең маңыздысы ретінде танылады. Сондықтан да меншік тәрізді игілікке қол сұғу адамның өз басына қол сұғушылығымен бірдей десек те болады. Біз пайдақорлық пен зорлықтың мәнін аша келе, қорқыту да қылмыс құрамының қажетті белгісі ретінде болатын кездерді атап кетсек: 102, 112, 113, 120, 121, 123, 151, 153, 172, 179, 181, 200, 226, 230, 233, 238, 240, 257, 270, 321, 341, 347, 361, 368-баптарда. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің негізінде жатқан міндеттерінің негізгісі- меншікті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау болып табылады. Меншікке қарсы қылмыстарды әдебиеттерде мүліктік қылмыстары деп те жатады. Мысалы, 1922ж. және де 1926 жылғы қылмыстық заңнамаларда тиісті тараулардың тақырыптары да солай аталған екен. Бұл аталған екі сөздің мағынасы бірдей. Себебі, меншікке қарсы жасалған қылмыстардың барлығының дерлік заты мүлік болып келеді. Пайдақорлық-зорлық қылмыстары негізінен меншікке қарсы жасалады. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес, меншік құқығы дегеніміз- субъектінің өзіне тиесілі мүлікті иемденуге, пайдалануға, оған билік жүргізуге құқығының заң актілері жүзінде мойындалуы және қорғалуы. [4, 23б. ] Меншікке қарсы қылмыстар пайда табу мақсатымен, сондай-ақ пайда табу мақсатынсыз болып екіге бөлінеді. Пайда табу мақсатындағы қылмыстардың қылмыстардың субъективтік жағының мендетті белгісі- пайда табуды көздеу болып табылады. [5, 24б. ] Пайдақорлық-зорлық қылмыстардының барлығы дерлік қасақаналықпен жүзеге асырылады, өйткені, оларды абайсызда жасау мүмкін емес. Қылмыстық заң бойынша, пайдақорлық дегеніміз- кез келген формада: не материалдық пайда алу арқылы, не материалдық шығындардан құтылу арқылы материалдық пайда түсіру. [6, 64 б. ] Пайдақорлық-зорлық қылмыстылығы қазіргі таңдағы ең қауіпті қылмыстардың бірі болып саналады. Оларды жасау жолдары да өзінің сан-қырлылығымен, асқан пайымдылығымен ерекшеленеді. Ал жеке қарап талдасақ, осы екеуінің ішіндегі ең қауіпті түрі зорлық қылмыстылығы болып табылады. Оны жасау да, оның зардаптары да аса ауыр болып келеді. Атап айтсақ, адам өлтіру, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру қылмыстары қоғам үшін өте үлкен қауіп туғызады. Криминологиялық тұрғыдан алып қарасақ, зорлық қылмыстарын жасау себептері тұлғаның жеке басымен де тығыз байланысты болып келеді. Көбінесе бұл қылмыстар қатыгез, білімі жоқ, аяушылық сезімінен жұрдай адамдарға тән. Ал пайдақорлық қылмыстары болса, жоғары білімі бар, пайдакүнемдік мақсатта күн көруге тырысатын, оңай жолмен табыс тапқысы келетін адамдарға тән. Пайдақорлық қылмыстарының ішіндегі ең бір қиын ашылатын түрі алаяқтық болып табылады. Алаяқтықты нағыз кеменгерлер жасайды, яғни ақыл-ойы терең, ойлау қабілеті жоғары, жан-жақты қабілетті адамдар. Алаяқтықты жасайтын тұлғалар әдетте адамдардың сеніміне кіріп, оларды алдап, арбап, олардың ту сыртынан өздерінің ойларын іске асырып жатады. Бұл орайда алаяқтар өздерінің ойларын іске асыруда өте шебер де, айлакер болып келеді. Алаяқтық қылмысын негізінен бұрын құқық қорғау органдарында істеген немесе қаражат табу жағынан тәжірибесі мол адамдар жасайды. Бұл да пайдақорлық қылмысының ең бір қауіпті түрі болып табылады. Пайдақорлық қоғамға үлкен қауіп туғызады. Ал зорлықпен күш көрсету одан бетер қатер туғызады. Себебі зорлық қоғам тыныштығын бұзады, адамдарға үлкен қасірет әкеледі. Зорлық қылмысының нәтижесінде адам өлімі, түрлі ауыр жарақат болып жатады.
Қазіргі таңда адам өмірі мен денсаулығына қарсы қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық мәселесі бірсыпыра аз және күрделі болғандықтан әрдайым өзекті мәселе болып табылады. Адам өмірі мен денсаулығы мемлекеттің аса жоғары құндылығы болғандықтан әрдайым құқықтық қорғауды қажет етеді. Адам органдарының заңсыз тасымалы трансплантологияның пайда болуы мен дамуының туындауымен байланысты. оның дамуының бастапқы кездеріне септігін тигізген кеңес дәрігерлері, ал операция жасау кезінде үлес қосқандар америкалықтар болып табылады. Осылайша, әлемдегі бүйрек ауыстыру операциясын алғаш рет 1933 ж кеңес хирургы Юрий Вороной жасаған [6, 17б. ] .
Көптеген елдерге адамдар өз органдарын ақша үш сатуға барады. Осы арқылы пайда тапқысы келеді. Әсіресе бұл құбылыс дамуы жағынан артта қалған елдерге тән. Олар жұмыссыздықтың және амал жоқтықтың кесірінен аталған қылмысқа барады. Органдарын трансплантациялау мақсатында балаларын саудаға сатқандар да баршылық. Мұндай криминалдық жағдайдың ушығуына біршама факторлар септігін тигізген. Оның ішінде: Донорлық органдарға деген қажеттілік. 90-шы жж. өзінің қаржылық жағдайын нығайту мен баю мақсатындағы барлық қылмыстарға баратын ұйымдасқан топтардың пайда болуы. Тиісті деңгейде материалдық қамтамасыз етілмеген медициналық қызметкерлердің көптігі. Органдардың және адам тіндерінің трансплантациясы саласындағы құқықтық реттеу тиімділігінің болмауы [7, 207б. ] .
Әркім денсаулығының қауіпсіздігі мен медициналық көмек алуға құқылы екендігі Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдендіріледі. Осы ережені сақтау мақстында мемлекет адамдардың денсаулығының тұрақты қалпын сақтау және оны нығайту мақсатында әрдайым көмек береді. Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігінің ресми емес мәліметтеріне сәйкес адам органдарын заңсыз алуды жүзеге асыратын заңсыз клиникалар бар. Ішкі Істер министрлігінің мәліметтеріне сәйкес 2008 ж Қазақстанда кәмелетке толмағандардың саудасы жөніндегі 30 қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізілген. Олардың үшеуі ОҚО болса, біреуі Алматы облысында жүргізілген. Статистикалық деректерге сәйкес, мысалға, 2003 ж Қазақстан Республикасының соттарымен Қылмыстық Кодекстің 133 бабыда (кәмелетке толмағандарды саудаға салу) көрсетілген қылмыс үшін сегіз адам сотталған, олардың жетеуі әйел адамдар. Аталған қылмыстың қоғамға қауіптілігі сол, бұл қылмыстың жәбірленушісі- кәмелетке толмаған тұлға. Кәмелетке толмағандар өте жиі қылмыс құрбанына айналады, өйткені, оларды ұстау да, олардың қарсылығын жеңу де оңай [8, 49б. ] .
Бұл қылмысты профилактикасы:
Қазақстан Республикасында адам органдары мен тіндерінің заңсыз алынумен күрес жүргізу үшін уақытылы оларды ашу керек. Бұл құрбандарды анықтаудың тиімді механизмін анықтауға өз септігін тигізеді.
Әрекеттің қылмыстық құрамын теориялық тұрғыдан талдағанда, қылмыс құрамын талдай келе, қылмысты объектісіне ерекше назар аударудың маңызы зор. Қылмыстық қол сұғушылытың объектісі- кез келген қылмыстың қажетті элементі болып табылады. Ал әрбір қылмыс белгілі бір объектіге қол сұғатыны белгілі. Ешқандай мүддеге қол сұқпайтын қылмыс болмайды [9, 122 б. ] .
Қылмыстың объектісі әртүрлі болуы мүмкін «материалдық, саяси, сондай-ақ, мәдени, материалдық емес те» [10, 123 б. ] . Қылмыстық заң теориясында мүдде ұғымына бір-біріне ұқсамайтын қарама-қайшы анықтамалар берілген. В. Я. Тацийдің пікірінше, криминалистер мүдде ұғымына түсініктеме беруде алуан пікірлі. Ғалымдардың бұл пікірлерін үш бағытқа бөлу қарастырылған:
мүдде- қылмыс объектісі ретінде танылатын қоғамдық қатынастың негізгі құрылымдық элементтерінің негізі;
мүдде мен қоғамдық қатынастар мүлдем ұқсас емес әр түрлі түсініктер, сол себепті мүдде ұғымы қылмыс объектісін зерттеуде қолданылмауы керек;
мүдде тек қоғамдық қатынас мәнін ғана білдіріп қоятын элемент қана емес, ол өзінше бір қатынас [11, 66 б. ] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz