Микробалдырлар



1. Кіріспе
2. Микробалдырларды биоиндикацияда қолдануы.
3. Микробалдырлар . су экожүйесінің индикаторлары.
4. Биоиндикация экожүйенің ақпараттық компоненттерін іздеу ретінде
Қоршаған ортаның ластану мәселелерін шешуде биологиялық әдістер индикация және оның жағдайын бақылау маңызды орынды алады. "Биоиндикация", биомониторинг – ғылыми әдебиеттердегі түсініктер ғана емес, сонымен бірге қазіргі кезде ортаның сапасын бағалау қызметінде жиі қолданылатын әдіс. Жануарлар мен өсімдіктер организмдерін ластандың биоиндикаторы ретінде екі жағдайда қолдануға болады. Егер олар өз ұлпаларында ластаушы заттарды қоршаған ортаның құрамынан біршама жоғары жинаса немесе олар басқа организмдерге салыстырғанда белгілі поллютанттардың әсеріне төзімділігі жоғары болса қолдануға болады.
Соңғы жылдары әр түрлі ортаның ластануында организмдерді индикация және мониторингте пайдалану тәжірибелердің қорытынды шолулары аз емес.
Биология ғылымдары қоршаған ортаның жағдайының мониторингі жайлы түсінікте маңызды орынды алады. Биологияның көптеген салалары, бірінші кезеңде экология, физиология және генетика, қоршаған ортаның биологиялық компоненттерінің жағдайын теориялық және практикалық бақылау негізінде жете зерттеулерді пайдаланады.
Жалпы мониторингтің бастапқы кезеңі "биоэкология" және "санитарлы – гигиеналық" мониторинг болып саналады, олардың негізгі мәселелері қоршаған ортаның жағдайларын адам және елді мекен денсаулығына әсері көз қарасында бағалау болып саналады, өйткені дәл осы көрсеткіштер қоршаған ортаның сапасын анықтайды. Қазіргі кезде теңіз ортасының экологиялық мониторинг жағдайын өткізу үшін организмдік және популяциялық деңгейге сәйкес және де биотестілеу және генетикалық бақылау мәліметтерінен тұратын биологиялық көрсеткіштер жүйесі өңделген.
Шет ел зерттеушілерінің жұмыстарында биологиялық мониторингтің басты мақсаты мен міндеті әртүрлі биологиялық әдістермен қоршаған ортаның сапасын организмдер көмегімен бақылауды жете зерртеу және қолдануды енгізу болып табылатын көз қарастар басым.
Гидробионттардың көмегімен биотест жүргізуді ластанған табиғи сулардың улылығын бағалау, қалдық сулардың улылығын бақылау, экстракттар мен шайындылардың улылығын тез бағалау, лабораториялық жағдайда санитарлы – гигиеналық негіздегі орталарға химиялық анализ жасау үшін қолдануға болады.
Қоршаған ортадағы олардың құрамына химиялық әдістермен бақылау, орнату практикалық мүмкін емес. Бұдан басқа, қоршаған ортаның жағдайын физика – химиялық әдістермен индикация жүргізу ластануға экожүйенің "үн қату" сұрағына тікелей жауап бермейді. Сондықтан бұл жүйеде қоршаған орта жағдайларына жоғары сезімталдығымен ерекшеленетін балдырлардың көптеген түрлері сулардың, топырақтың, ауаның биологиялық анализінің әдістері маңызды орынды алады.
1. Google сайты
2. Пиментел Флоресь Хосе Луис. Микроводоросли – как обьект биомониторинга в условиях антропогенного стресса при действии тяжелых металлов: автореф….канд.биол.наук.- Москва, 2004 – 25 с.
3. Ленова Л.И., Ступина В.В. Водоросли в доочистке сточных вод. – Киев: Наукова думка, 1990.- 18

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Микробалдырларды биоиндикацияда қолдануы.

Қоршаған ортаның ластану мәселелерін шешуде биологиялық әдістер индикация
және оның жағдайын бақылау маңызды орынды алады. "Биоиндикация",
биомониторинг – ғылыми әдебиеттердегі түсініктер ғана емес, сонымен бірге
қазіргі кезде ортаның сапасын бағалау қызметінде жиі қолданылатын әдіс.
Жануарлар мен өсімдіктер организмдерін ластандың биоиндикаторы ретінде екі
жағдайда қолдануға болады. Егер олар өз ұлпаларында ластаушы заттарды
қоршаған ортаның құрамынан біршама жоғары жинаса немесе олар басқа
организмдерге салыстырғанда белгілі поллютанттардың әсеріне төзімділігі
жоғары болса қолдануға болады.
Соңғы жылдары әр түрлі ортаның ластануында организмдерді индикация және
мониторингте пайдалану тәжірибелердің қорытынды шолулары аз емес.

Биология ғылымдары қоршаған ортаның жағдайының мониторингі жайлы
түсінікте маңызды орынды алады. Биологияның көптеген салалары, бірінші
кезеңде экология, физиология және генетика, қоршаған ортаның биологиялық
компоненттерінің жағдайын теориялық және практикалық бақылау негізінде жете
зерттеулерді пайдаланады.

Жалпы мониторингтің бастапқы кезеңі "биоэкология" және "санитарлы –
гигиеналық" мониторинг болып саналады, олардың негізгі мәселелері қоршаған
ортаның жағдайларын адам және елді мекен денсаулығына әсері көз қарасында
бағалау болып саналады, өйткені дәл осы көрсеткіштер қоршаған ортаның
сапасын анықтайды. Қазіргі кезде теңіз ортасының экологиялық мониторинг
жағдайын өткізу үшін организмдік және популяциялық деңгейге сәйкес және де
биотестілеу және генетикалық бақылау мәліметтерінен тұратын биологиялық
көрсеткіштер жүйесі өңделген.
Шет ел зерттеушілерінің жұмыстарында биологиялық мониторингтің басты
мақсаты мен міндеті әртүрлі биологиялық әдістермен қоршаған ортаның сапасын
организмдер көмегімен бақылауды жете зерртеу және қолдануды енгізу болып
табылатын көз қарастар басым.
Гидробионттардың көмегімен биотест жүргізуді ластанған табиғи сулардың
улылығын бағалау, қалдық сулардың улылығын бақылау, экстракттар мен
шайындылардың улылығын тез бағалау, лабораториялық жағдайда санитарлы –
гигиеналық негіздегі орталарға химиялық анализ жасау үшін қолдануға болады.
Қоршаған ортадағы олардың құрамына химиялық әдістермен бақылау, орнату
практикалық мүмкін емес. Бұдан басқа, қоршаған ортаның жағдайын физика –
химиялық әдістермен индикация жүргізу ластануға экожүйенің "үн қату"
сұрағына тікелей жауап бермейді. Сондықтан бұл жүйеде қоршаған орта
жағдайларына жоғары сезімталдығымен ерекшеленетін балдырлардың көптеген
түрлері сулардың, топырақтың, ауаның биологиялық анализінің әдістері
маңызды орынды алады.
Теңіз балдырлары – теңіздің ластануларын, оның ішінде мұнай және
радиоактивті ластануларды зерттеуде қолайлы тест обьект . Сонымен бірге
балдырларды топырақты пестицидтермен және басқа улы заттармен ластану
деңгейін анықтауда, топырақтың антропогенді өзгерістерінің бағыттарын,
бұзылған жерлердің жағдайын анықтауда қолданылады. Соған байланысты,
көптеген балдырлардың индикаторлық мағынасы олардың өсу жағдайына да
тәуелді, сондықтан судың сапробтылығының нақты индикаторлық түрлерін ғана
емес және олардың санын және экожүйедегі басқа организмдермен қатынасында
есепке алу керек. Индикатор ретінде нақты балдырлардың түрлерін қолдануда
дифференциальды шешуге мүмкіндік беретін басқа да қосымша көрсеткіштер
қажет.Соның ішінде индикаторлық түрлерінің популяциялық жағдайының
мәліметтерін ескеру орынды (олардың жастық және морфологиялық
ерекшеліктері, зиянды құрылымдарының кездесу жиілігі). Көкжасыл балдырларды
лабораториялық дақылдарын терең сәулелендіруден кейін, олардан кейбір
аномальды құрылымдар табылған, оларды радиациялық ауру симптомы ретінде
қарастыруға болады.
Қоршаған ортаның ластануының көрсеткіші – сапробты организмдердің атласын
қосымша зиянды әсерлердің негізінде пайда болған қосымша морфологиялық кем
– тарлық атласын құру қажет. Балдырлардың популяциясының жағдайын
морфологиялық бақылау тестілерін жете зертттеу – экологиялық мониторинг
әдістерінің әбден жетілдіру жолдарының бірі.
Су экожүйелерінің ластану деңгейлеріне тест жүргізу микробалдырлардың
альгологиялық таза дақылдарынан протококалы балдырлар – Chlorella,
Scenedesmus Chamydomonas туыстарының өкілдері, көкжасыл балдырлардан –
Microcystis phanizomenon, Anabaena эвгенлалы балдырлардан – Euglena
gracilis диатомды балдырлардан – Stephanodiscus Hantzshii және т.б.
перспективті қолданылады. Бұл бір клеткалы эукариотты организмдерді
қолданудың негізгі артықшылығы олардың лабораториялық жағдайда көптеген
ұрпақтар бойы клетка популяциясын бақылауға мүмкіндік беретін жоғарғы көбею
жылдамдығы болып саналады. Теңіз балдырлары теңіздің мұнай және радиациялық
заттармен ластануын зерттеуде өте қолайлы обьект болып табылады.
Балдырларды, сондай – ақ топырақтың пестицидтер және басқа да улы заттармен
ластану дәрежесін, антропогендік факторлар әсерінен өзгеру бағытын және
эрозияға ұшыраған жерлер жағдайын анықтауға қолданылады.
Балдырлардың улы әсерлерге қайтаратын реакциялары әртүрлі. Тест дақылдағы
тірі және өлі клеткалардың қатынасы, фотосинтез қарқындылығы, хлорофилл
және каротиноид мөлшері, дақылдағы жалпы клетка саны сияқты тест функциялар
көрсеткіштер ретінде қолданылады.
Микробалдырлар – су экожүйесінің индикаторлары.

Қазір антропогенді әсерлерге ұшырайтын тоған жүйелерінің әрі қарай дамуын
болжау және оны қайта қалпына келтіру жолдарын іздеу өзекті мәселен болып
саналады.
Судың биологиялық анализінің негізін XVIII ғасырдың 60 – 70 жылдары
А.Мюллер мен Ф.Кон салып кетті. Ал XIX ғасырдың соңында Мец тұщы тоған
суларының флора және фауна өкілдеріне санитарлық және экологиялық сипаттама
берді. Судың санитарлық және биологиялық анализінің принципі негізінде
тоған суларына қалдық лас сулардың құйылуынан бір қатар гидробионттардың
тіршілігінің жойылуының нәтижесінде судың әр түрлі ластану деңгейін
сипаттайтын арнайы организмдер бірлестігі пайда болуымен аяқталады. 1908 –
1909 жылдары Кольквитц пен Марссонның сапробты индикаторлы организмдердің
тізімін жариялағаннан кейін судың сапасының санитарлы – биологиялық болжау
практикада кең қолдау тапты.
Сапробтылыққа нақты түсінікті Ресейдегі санитарлы – гидробиологияның
негізін салушылар проф. Я.Я.Никитинский мен Г.И.Долгов берді. "Сапробтылық
– берілгенорганизмнің әр түрлі органикалық заттардың құрамында, әр түрлі
ластану деңгейіне байланысты олардың суда даму қабілетінің физиологиялық
қасиетінің кешені".
Бірақ Кольквитц пен Марссонның сапробтылық жүйесі бір қатар
кемшіліктерден тұратын және оны жөндеуді қажет етеді. Авторлар судың
ластаану деңгейінің жүйесін арнайы бірлестікпен емес, басшылық етуші
индикатор формалармен сипаттады. Сондықтан сапробты организмдер тізімі
шамамен 1000 түрден тұрады. Физикалық және химиялық әдістерді қолдануға
қарамастан, гидробионттар табиғи судың сапасының өзгеруінің сезімтал
индикаторы болып табылғандықтан, сапробтылық тізімін толық жетілдіру
қосымша зерттеулерді талап етті.
Г.И.Долгов индикаторлы түрлердің тізімін қарастыруда организмдердің
ластану аймағына сәйкестілігін ілеспелі формаларға тәуелділігімен анықтау
қажеттілігіне сүйенеді. Ол ластану деңгейін бағалауда негізгі назарды жеке
индикаторлық түрлерге емес, олардың бірлестігіне аударды. Бұл оған
индикаторлы – организмдердің тізімін 10 түрге дейін қысқартуға мүмкіндік
берді.
"Тірі индикаторлар шамасының" сезімталдығын жоғарлату үшін Чех
зерттеушісі Сладечек индикатор – организмдердің айырмашылықтарын жасады. Ол
сапробты организмдер жүйесін 4 топқа бөлді: катаробты (ауыз сулары),
лимносапробты (Кольквиц пен Марссон жүйесіне сәйкес), эусапробты
(бактериялық бұзылуларға ұшырайтын тұрмыстық және өндірістік қалдық сулар)
және транссапробты (ластанулары бактериялық ластануларға әкелмейтін қалдық
сулар). Сонымен бірге индикаторлы организмдердің сезімталдығын, ластанудың
әсерін организмдердің тіршілігін жоймастан алдын – ала физиологиялық
өзгерістерін бақылай отырып жоғарлатуға болады.
Сонымен көптеген зерттеулер нәтижесінде қазіргі кезде сапробтылық
деңгейін көрсететін тізімі өзгертіліп, судың тазалығының деңгейін бағалауда
бірнеше сапробтылық аймақтарға бөледі. Ксеносапробты немесе каторобты аймақ
– судың өте тазалығымен сипатталады. Бұл аймақта сапрофитті микрофлора мен
су саңырауқұлақтары кездеспейді, өте жиі қарапайымдылармен балдырлар
кездеседі. Бұл аймақтың сулары өте тұнық және гидробионттардың әсерінен
"гүлдену" құбылысы байқалмайды.
Олигосапробты аймаққа қалдық сулар құйылмайтын барлық табиғи сулар
жатады. Бұл аймақта көптеген гидробионттар мен сапрофитті микрофлора
дамиды, судың тұнықтылығы нашарлау. Барлық гидробионттар біркелкі дамиды,
ешқашан бір түр жалпы дамып "гүлдену" құбылысы байқалмайды.
Мезосапробты аймақта органикалық текті ластанулар байқалады. Бұл аймаққа
жалпы саны 100 мыңмл дейін жететін сапрофитті бактериялардың кешені тән.
Басқа аймақтардан балдыр мен қарапайымдылардың түрлерінің әртүрлілігімен
ерекшеленеді. Мезосапробты аймақта балдырлардың "гүлденуі" 10 – 80 млнмл –
ге жетуі мүмкін. Мезосапробты аймақ өзінің бір қатар айырмашылықтарымен
ерекшеленеді. Бұл аймақта гетеротрофты және автотрофты организмдерге
жататын бактериялар, көптеген қарапайымдылар, көк жасыл, вольвоксты,
эвгленалы, диатомды балдырлар өсіп өнеді, олар гетеротрофты қоректенуден
оңай автотрофты қоректенуге өте алады. Бұл аймақтың биоценозы өте төзімді
олар полисапробты аймақтада кездесуі мүмкін, бірақ сандық қатынасы өзгеше
болады.
Полисапробты аймақта ластану еріген органикалық заттардың шамадан тыс
көбеюінен, оттегінің жетіспеушілігімен шіріген иісімен, судың
тұнықтылығының нашарлығымен ерекшеленеді. Бұнда негізінен гетеротрофты
бактериялар қарапайымдылар, эвгленалы, көк жасыл, вольвоксты балдырлар көп
кездеседі.
Эвтрофикациялану салдарының көрнекті көрсеткіші ретінде экожүйедегі өзін
реттеу процесінің бұзылуының және биоценозда бір немесе бірнеше кең
бейімделген балдырлардың доминантты орынды алу нәтижесінде су
обьектілерінің "гүлднеу" процесін келтіруге болады. Гүлдену кезінде судың
түсі оны әкелетін организмнің түсіне концентрациясына байланысты ашық
жасылдан сары жасыл, сарғылт немесе сары, ашық қызылға дейін өзгереді.
Гүлдену кезінде балдырлардың жеке түрлерінің саны тез жоғарылайды. Мысалы,
судың қызыл түспен гүлденуі белгілеген жағдайда негізінен пирофитті
балдырлар Gonyaulux poledra (16Ł106клл), Gymnodium sp және перидинді
балдырлар Cochlodinium sp (20Ł106клл, 30Ł106клл), Cxuvilla baltica
(80Ł106клл) кездеседі. Диатомды балдырлар Sceletonema costatum,
Eutreptiela puscher, Aulacodiscus kittonii var africanus, Pyramimonas
cruciata, сонымен бірге жасыл флагелляттардың дамуының әсерінен "қызыл
тасу" құбылысы белгіленген. Су "гүлденуінде" кең таралған түрі көк жасыл
балдырлардың жеке түрлерінің көбеюінің нәтижесінде пайда болатын гүлдену.
Судың "гүлденуі" пайда болғанда ерекше назарды экожүйеге антропогенді
әсердің салдары ретінде олардың өзгерген орта жағдайын бейімделу
реакциясының жауабы ретінде қаралады. Гүлдену кезеңінде жоғарғы экологиялық
төзімділікке күрделі көп түрлі құрылым түрлерінің азайуынан кедейленіп
қарапайымдалады.
Көптеген өзендер мен көлдерге сәйкес эвтрофикациялану Эри көлінде ерекше
байқалады. 1900 жылға дейін 1962 жылдары фитопланктонның бентос құрамы және
балықтардың негізгі түрлері, судың химиялық құрамы тіптен өзгеріп кетті.
Сонымен бірге, Cladophora glomerata өсу белсенділігі жоғарлап, ортада
әсіресе су түбінде оттегінің жетіспеуі бақыланды. Көлдің биогенді және
органикалық заттармен ластануы төменгі қабаттағы оттегінің мөлшерін
төмендеуіне әкеледі. Көлдің орта бөлігіндегі төменгі қабатында оттегінің
жетіспеуі 130000 т құрды. Көлдердің артық қоректік заттармен толуы
альгофлора өкілдерінің өсуін стимулдеп, судың гүлденуін туғызды, ұқсас
жағдайлар АҚШ-тың басқада көлдерінде Гурон, Онтарио, Канада көлдерінде,
Ресейде Байкал көлінде және т.б. көлдерде байқалды. Мысалы, олиготрофты
Байкал көлінде фитопланктон жиынтығы 1958 – 1959 жылдарға қарағанда төрт –
бес есе көбейген байқалған. Бірқатар Швейцария көлдерінде эвтрофикациялану
нәтижесінде көктемнің бас кезінен бастап балдырлардың жаппай дамуы жүреді.
Алғашында диатомды, кейбір көк жасыл (Oscillatoria) балдырлар, кейінірек
жасыл балдырлар (Spirogyra, Ulotrix) дамиды. Жазғы мерзімде көп мөлшерде 3
м тереңдікте кездесетін тастармен діңгектерде дамитын жасыл жіп тәрізді
балдырлар (Cladophora, Rhizoclonium, Microspora, Oedogonium, Mougeatia,
Zygnema) көп мөлшерде дамиды. Ал қыркүйек және қараша айларында
Hydrodiction reticulatum жаппай дамиды. Балдырлардың жаппай өлуінен,
органикалық заттардың ыдырауынан еріген оттегінің мөлшері бірден төмендеп
күкіртті сутек және органикалық заттардың ыдырауының өнімдері металимнион
тіптен гиполимнионда пайда болады, бұл су сапасына кері әсерін тигізеді.
Судың "гүлденуі" сонымен бірге әртүрлі географикалық аймақтардағы су
қоймаларында да бақыланды. Су қоймаларының гүлденуінің қарқынды жүруі әлсіз
су алмасуы кезінде байқалады. Көк жасыл балдырлардың су қоймаларында
қарқынды дамуы географиялық аймаққа, морфометрияға, сарқырама жағдайына,
эвтрофикациялану деңгейіне, гидрологиялық жағдайына және ластану сипатына
байланысты өзгеріп отырады. Эвтрофикациялану нәтижесі ретінде көк жасыл
балдырлардың хлорококкаль пирофитті, вольвоксты балдырлардың қатысуымен
"гүлдену" Кара – Чумыш су қоймасында, Балтық жағалауларындағы су
қоймаларында белгіленген.
Сонымен су қабаттарының биогенді және органикалық заттармен байуымен
бірлесіп жүретін эвтрофикациялану салдарынан балдырлардың дамуының
интенсификациясынан "гүлдену" деңгейіне дейін жететін тоған суларының
биологиялық өнімділігі жоғарлайды. Бұл жағдайда заттардың продукциялануы
утилизация мен деструкциядан жоғарлауының арасындағы балансталған жүйенің
бұзылуы жүреді. Гидробиоценозда көп жағдайда доминантты орынға көк жасыл –
Microcystis aeruginosa, Aphanizomenon flos – aquae, Oscillatoria, Anabaena
туысының өкілдерінің балдырлары кіреді. Негізінен "гүлдену" кезеңінде
гидробиоценозда бәсекелесу нәтижесінде "гүлденудің" бір ғана доминантты
қоздырушысы дамиды. Мысалы, Днепр су қоймасында "гүлдену" Microcystis
aeruginosa, және Aphanizomenon flos – aquae балдырларының дамуынан пайда
болады. Бірақ бір қатар жағдайда балдырлардың басқа типтерінің дамуы
интенсификацияланған. Олар диатомды (Иркутск, Красноярск, Братск су
қоймаларында), эвгеналы (Дубоссарск), жасыл жіп тәрізді балдырлар
(Кременчукск), көк жасыл және жасыл жіп тәрізді балдырлар (Эри көлінде),
спирогиралар (Эри көлінің су өткізгіш қондырғыларында). Ал кейбір диатомды
балдырлар "гүлдену" құбылысын қысқы кезеңде тудырады. Сонымен бірге,
әдебиеттерде "гүлденудің" аралас популяциялармен интенсификацияланған
жағдайларда кездеседі.
Балдырлардың өзіндік тазалану процесінде маңызды орынды алатыны белгілі.
Олар фотосинтез процесінде ортаға оттегіні бөліп шығарып, судың оттегіне
қанығу деңгейін және органикалық заттарды минерализациялануын жоғарлатады.
Органикалық заттардың жаңадан пайда болуымен байланысты метаболизм процесі
үшін балдырлар судан әртүрлі биогенді элементтерді және еріген органикалық
заттарды жұтып өзіндік тазалану процесіне әсерін тигізеді. Бірақ
балдырлардың өзіндік тазалану процесіндегі жағымды жақтары айтарлықтай
мөлшерде олардың концентрациясы мен белсенді тіршілік қабілетіне
байланысты. Балдырлардың бір түрінің жоғарғы концентрацияға дейін көбеюі
және функцианальды деңгейінің төмендеуінде түйіннің бірінші өнімділігі
ретінде жағымды жақтары жағымсыз жаққа ауысып өзіндік тазалану факторы
өзіндік ластану немесе биологиялық ластануға ауысады, және экожүйені
қарапайымдатып, оларды экстремальды факторлардың әсеріне төзімділігін
төмендетеді.
Артық "гүлдену" құбылысының қаупі келесі жағдайларда пайда болады.
Біріншіден, "гүлдену" қоздырушыларының ішінде улы түрлері кездеседі. Олар
өзінің тіршілік әрекетінде су гидробионттары, жылы қанды жануарлар мен
адамдар үшін зиянды биологиялық белсенділігі жоғары заттарды өндіреді.
Екіншіден, балдырлар тіршілік ету процесінде ортаны сілтісіздендіріп
патогенді микрофлорамен адам өміріне зиянды ішек ауруларының қоздырушылары,
оның ішінде тырысқақ вибрионының өсуіне қолайлы жағдайлар жасайды.
Үшіншіден, балдырлар тіршілігін жойя отырып фитодетрит жағдайында су
қабатының терең қабатындағы оттегі режиміне әсер етеді. Төртіншіден,
балдырлардың "гүлдену" кезеңінде қысқа толқынды жарықты сіңіру жоғарлайды
да судың термиялық режиміне әсер етеді. Гүлденуге ұшыраған тоған суларында
беткі тартылу мөлшері төмендеп, беткі қабатпен байланысты гидробионттардың
тіршілігінің жойылуына әкеліп соғады.
Балдырлардың шамадан тыс артық дамуы бірінші болып көк жасыл балдырлар,
биоценоздың қырылуына айтарлықтай әсер етеді. "Гүлденудің" қоздырушылары
көк жасыл балдырлар тіршілік ету процесі барысында альгофлораның басқа
өкілдерінің тіршілік етуін басып отыратын заттар бөліп шығарады. Судың
"гүлденуінің" негізгі қоздырушылары Microcystis aeruginosa, және
Aphanizomenon flos – aquae балдырлары тіршілік ету барысында клеткаларымен
белсенді метаболиттер бөліп шығаруы, олардың тіршілік ету процесінің
интенсификациясына сәйкес келеді және өсу қарқының тежеуіштерді өзінің
логарифмдік фазасында өндіреді. Судың "гүлденуін" қоздырушы көк жасыл
балдырлар альгофлораның басқа өкілдерінің өсуін химиялық жолмен ғана
баспайды, сонымен бірге олар судың беткі қабатында қабықша түзейді, ол су
қабатын күн радиациясының енуін экранизацияландырып су қабатындағы
балдырларға жарықтың жетіспеушілігін тудырады. Бұл олардың өсуін тежеп,
оттекті өндіруін төмендетіп, тіршілігін жоюға әкеледі. Демек, судың
эвтрофикациялану қарама – қарсы жауап ретінде альгофлораның жеке түрлерінің
бірінші болып көк жасыл балдырлардың қарқынды "гүлдену" деңгейіне дейін
жоғарғы биомасса концентрациясын түзуі мен көбеюі ондағы гидродинамикалық
жағдайдың өзгеруі және оттегіне қанығу деңгейі экожүйенің өзіне зиян,
себебі экожүйенің экстремальды сыртқы орта факторларына төзімділігі
төмендейді. Сонымен тоған суларының биогенді және органикалық заттарға
баюына жауап ретінде артық қоректік элементтерді өсімдік өнімі ретінде
пайдаланатын бірінші фотосинтездеуші түйін ретінде әртүрлі тоған
экожүйелерінде балдырлардың дамуының интенсификациясы жүреді. Экология
заңдарына сүйене отырып су экожүйесінің бұл реакциясын экологияның тіршілік
етуге талпынуы және экзогенді экстремальды әсерлермен үздіксіз биотикалық
айналымды тұрақтандыруға бейімделу деп қарастыруға болады. Бұл бағытта
экологиялық тепе – теңдікті реттеуші табиғи жолдар әрекет етеді, осы жолмен
тоған суларының санитарлық және биологиялық жағдайын жақсартуда тиімді
жолды көрсете отырып экожүйенің эволюциясы жүреді. Сондықтан, бірінші
кезеңде тоған суларына биогенді заттардың түсуін тоқтату қажет. Егер бұл
берілген кезеңде мүмкін болмаса, экожүйенің биотикалық айналымына кіру және
түзелген артық энергия мен заттарды биологиялық өнім ретінде пайдалану
жолдарын табу керек. Өзін реттеуші биотикалық айналым қызметін бастау үшін
су экожүйесінде пайдаланатын артық биогенді элементтер көп пайдалануы
қажет. Көк жасыл балдырлардың су экожүйелерінде түзелген зиянды өнімдері
ортадан артық биогенді өнім ретотикалық айналым қызметін бастау үшін су
экожүйесінде пайдаланатын артық биогенді элементтер көп пайдалануы қажет.
Көк жасыл балдырлардың су экожүйелерінде түзелген зиянды өнімдері ортадан
артық биогенді өнім ретінде шығарылып тасталуы қажет, бұл су экожүйесінің
қалыпты қызмет етуі үшін қажет.
Қазіргі кезде тоғандарда доминантты орынды алатын балдырлардың мезгілдік
флуктуациясын реттейтін факторларды табу маңызды болып табылады. Бір қатар
тоғандарда балдырлардың динамикасына мезгілдік циклдің әртүрлі кезеңінде
сыртқы ортаның факторлардың әсері табылған. Әртүрлі балдырлар тобының
оптимальды өсу шынында да күннің ұзақтығына және жарықтың орташа
интенсивтілігіне, температура және қоректік заттарды сіңіру кинетикасына
байланысты әртүрлі болады.
Барлық жұмытар конструктивті сипатталғандықтан көп әдеби мәліметтерден
жалпы қорытынды шығару қиын, өйткені сыртқы орта факторларының комбинациясы
мен тепе – теңдігі өте күрделі және әр тоған суының өзіндік ерешелігі бар.
Сонымен бірге, жылдан жылға бақыланған бір тоған суымен трофиялық ұқсас
әртүрлі тоған суының мезгілдік сукцессиясының ұқсастығын белгілеу қажет.
Шынында да сукцессиялық модельдер, қалай болғанда да таксономиялық топтар
деңгейінде көптеген мезо- және эвтрофты суларда анықталуы мүмкін. Бірлестік
түрлерінің мезгілдік динамикасы эвтрофты тоғандардың кең әртүрлілігінде
диатомдылар мен криптомонадтардан басталып жасыл балдырлар, көк жасыл
балдырлар мен динофлагелляттармен аяқталады. Бұл жерден кейбір
фундаментальды принциптер жеке тоғандардың сөзсіз өздеріне тән толық
ерекшеліктерін санамайды деген қорытынды жасауға болады. Түрлік
доминанттылықтың өзгеруі негізінен кенеттен және көптеген сыртқы орта
факторларының өзгеруінің салдарының нәтижесінде пайда болады. Льюис бұл
қағиданы кейбір трофиялық тоғандар үшін әділ екенін көрсетті. Раунд
қоршаған ортаның бұл өзгерісін "шоқтық кезең" деп атап, мағынасына көңіл
бермеді. Осындай "шоқтың" бірі көлдердегі термиялық стагнацияның
басталуынан кейін жүреді. Күннің орташа ұзақтығын және эпилимнетикалық
судың температурасының тең ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Микробалдырлардың аралас өскен дақылдарының құрғақ биомассасын алу және олардың өнімділігін зерттеу
Микробалдыр Chlorella vulgaris және Chlorella pyrenoidosa штамдарының аралас дақылдарының қоюланған суспензиясын алып, құс шаруашылығының өнімділігіне әсерін зерттеу
Микробалдырлардың түрлік құрамын анықтау
Микоризалы саңырауқұлақтар
Бурабай көлінің экологиялық жағдайын микробалдырлар көмегімен бағалау
Микробалдырлар туралы мәлімет
Микробалдырлар негізіндегі биологиялық белсенді жемдік қоспалардың ауылшаруашылық жануарлардың ішек микрофлорасына әсерін зерттеу
Кадмийге сезімтал CHLAMYDOMONAS REINHARDTII мутантты штамдарын алу және оларды қолдану
Ластанған су экожүйелерін бақылауға арналған микробалдырлардың тест-штамдарын алу
Жиі пайдаланылатын әдістер
Пәндер