Қазақ ою - өрнегі



КІРІСПЕ


1. Қазақ ою . өрнегінің классификациялық жіктелуі

2. Қазақ ою . өрнегінің дүниетанымдық түсінікпен байланысы

3. Форма мен бояу түсінігінде үндестіктер


ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

СУРЕТТЕ КӨРСЕТУ
Қазақтың ұлттық ою-өрнектері мен оның атаулары көп. Ғылымдар әзірше 200-дей түрін ғана анықтады. Біз солардың халық арасында көп тараған мүйіз тектес ою-өрнектерді сөз етпекпіз.
Ою-өрнектердің бұл тобың қазақ халқының ою-өрнектерінің төркіні деуге болады. Өйткені барлық жаңа буындар осының негізінде жасалып, тек атаулары өзгеріп отырған. Мысалы, қошқар, арқар мүйіз, сынық мүйіз, өркеш мүйіз, төртқұлақ, түйе табан, сыңар өкше, қос алқа, құс қанаты, қас табан т.б. ою-өрнектердің негізгі арқауы. Осы элементтердің ою-өрнек композициясы жасалады. Қазақ оюларының мазмұны мал өсіру мен аңшылықты, жер-су, көшіп-қону көріністерін, күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі заттардың сыртқы бейнесін аңғартады және бәрінде де мүйіз оюы үнемі араласып отырады. Әрбір оюшы ою-өрнек жасап, отырған от беріп, оны түрмысты қолданған. Ою деген сөзбен өрнек деген сөздің мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында бір нәрсені ойып, кесіп алып жасалған немесе екі затты оя кесіп қияластырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағына жатады.
Тағы – біреулер өсімдіктердің әр түрлі көріністерінін (мысалы, сынып жатқан иш, ағаш бұталардың, сүйеулі тұрған сырықтардың бұрыш көрістерінен) шықса керек деседі. Ал енді біреулер геометриялық түрлердің шыға бастауы өрнек жасаушылардың өнерлердің өрістей түсуіне байланысты, олардың ойлап, қиялдауынан туған дейді. Демек ою-өрнектердің шығу тарихы олардың сюжеттік мазмұны мен атаулары туралы мәселе әлі де болса көп зерттеуді талап етеді.
1. Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері. Алматы: 1987
2. Өмірбекова М.Ш. Ою-өрнектің қолданылуы. Алматы: 1995
3. Қазақ совет энцеклопедиясы. Алматы: 1995
4. Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнері. Алматы: 1995
5. Нурланова Қ. Қазақ ою-өрнегі. Мәдениет және тұрмысы. 1972 № 2
6. Әбдіғапбарова Ұ.М. Қазақтың ұлттық оюөрнектері. Алматы: 1999
7. Ибраева К. Казахский орнамент. Алматы: 1994
8. Тәжімұратов Ә. Шебердің қолы ортақ. Алматы: 1977
9. Байжігітов Б.К. Өнер тарихы мен теориясы. Алматы: 1999

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
Казақтың Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университеті
Практикалық қазақ тілі кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы:

ҚазаҚ ОЮ - ӨрнегІ

Орындаған:

Тексерген:

АЛМАТЫ-ж.

ЖОСПАР

КІРІСПЕ

1. Қазақ ою - өрнегінің классификациялық жіктелуі

2. Қазақ ою - өрнегінің дүниетанымдық түсінікпен байланысы

3. Форма мен бояу түсінігінде үндестіктер

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

СУРЕТТЕ КӨРСЕТУ
КІРІСПЕ

Қазақтың ұлттық ою-өрнектері мен оның атаулары көп. Ғылымдар әзірше
200-дей түрін ғана анықтады. Біз солардың халық арасында көп тараған мүйіз
тектес ою-өрнектерді сөз етпекпіз.
Ою-өрнектердің бұл тобың қазақ халқының ою-өрнектерінің төркіні деуге
болады. Өйткені барлық жаңа буындар осының негізінде жасалып, тек атаулары
өзгеріп отырған. Мысалы, қошқар, арқар мүйіз, сынық мүйіз, өркеш мүйіз,
төртқұлақ, түйе табан, сыңар өкше, қос алқа, құс қанаты, қас табан т.б. ою-
өрнектердің негізгі арқауы. Осы элементтердің ою-өрнек композициясы
жасалады. Қазақ оюларының мазмұны мал өсіру мен аңшылықты, жер-су, көшіп-
қону көріністерін, күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі заттардың сыртқы
бейнесін аңғартады және бәрінде де мүйіз оюы үнемі араласып отырады. Әрбір
оюшы ою-өрнек жасап, отырған от беріп, оны түрмысты қолданған. Ою деген
сөзбен өрнек деген сөздің мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында бір нәрсені
ойып, кесіп алып жасалған немесе екі затты оя кесіп қияластырып жасау, бір
нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағына жатады.
Тағы – біреулер өсімдіктердің әр түрлі көріністерінін (мысалы, сынып
жатқан иш, ағаш бұталардың, сүйеулі тұрған сырықтардың бұрыш көрістерінен)
шықса керек деседі. Ал енді біреулер геометриялық түрлердің шыға бастауы
өрнек жасаушылардың өнерлердің өрістей түсуіне байланысты, олардың ойлап,
қиялдауынан туған дейді. Демек ою-өрнектердің шығу тарихы олардың сюжеттік
мазмұны мен атаулары туралы мәселе әлі де болса көп зерттеуді талап етеді.(
1. Қазақ ою - өрнегінің классификациялық жіктелуі

Дүниентанымдық проблемада аспан әлемінің, космос әсерінің алатын орны
да ерекше. Қазақтар жер бетіндегі өмірге жұлдыздардың әсер ететіне сенеді.
Оған қалыптасқан саят жоралар мен тілек баталар мысше бола алады: “күнің
ашық болсын”, “Тәңір жарылқасын”, “Жулдызың жансын”. Аспаннан ағып түскен
жұлдызды көрген қазақтар “менің жұлдызым жоғары” дейді. Немесе қарт
әжейлер ернің шалп еткізеді.
Жалпы түркі халықтарының әдеби дерктерінде дүние хауосты емес, жүйелі
бейнеленеді. Кеше жатып алдынан қыз кездестіреді. Үйленіп, одан үш бала
туады. Біріншісіне “Күн” деп, екіншісіне “Ай” деп үшіншісіне “Жұлдыз” деп
ат қояды.
Қазақ жұлдыз атауларын да аңыз әңгішелерімен байланыстырады:
Сүмбіле,Қамбар жұлдызы, Өмір Зая, Тұл қатын, Қызыл жұлдыз, Есік қырған,
Қоңырқай жұлдыз, т.т. “Жетіқарақшыны таныған жеті қараңғы түнде адаспас”
дейді қазақ мәтелі. Жетіқарақшы үркердің қызын ұрлап, қарақшы атанған деген
түсініп бар. Дегенмен “қарақшы” сөзінің ежелгі түсінігі “қарауыл”, “пір”
деген мағынаны білдірсе керек.
“Шолпан” жұлдызы таңға жақын туатына мәлім. Шөлді жерлерде күндізгі
ыстаққа ұрбынбас үшін, керуеншілер Шолпан туа жол жүріп, күн ысыған кезде
көліктерін шалдырып демалады. Сондықтан оны “Көреун жұлдызы” деп те атайды.
Шолпан әрдайым көк аспан өрісінде жарқырай көрінеду. Сондықтан жұлдыз
секілді ажарлы болсын деп қыздарының атын Шолпан қоюы қазақтарда жиі
кездеседі.(
“Ай”, “жартыай” өрнектері шынында да аспандағы айды мезгеп жасалынған.
Бұлар көбінесе діни орындардыың архитектуралық безендіруінде, мешіт-
медреселердің мұнараларында, мазараттарда, жайнамаз сияқты заттарда көбірек
кездеседі. “Ай” өрнегінің ислам діні келуден көптеген жылдар бұрын шыққаны
анық. Мұның себебі де жоқ емес. Бір замандарда көптеген қауымдар ай мен
күнге, от пен жұлдызға табынған. Жаратылыс құбылыстарынан мағлұматсыз
заманда ай да, күн де, жұлдыз да тәңірі болып көрінген. Осыған байланысты
аспан әлеміндегі денелердің ең көрнектісі және құбылысы көп айды олар
тәңірі тұтып жалбарынған, оған құрбандықтар шалған. Қазақтың тілек тілер,
бата қылар жиындарда көк қасқа малды айтып союы да осы ескілік нанымнан
қалған әдет. Көк дегенде, түсіне қарай аспанды тұспалдаса, қасқа дегенде
сол көктегі (аспандағы) айды тұспалдаған.
Қазірде “ай”, “жарты ай”, “айшық” өрнектері, әріне, бұл ұғымнан
әлдеқашан тазарып, тек өрнек, әдемілітің бір түрі ғана болып қалған. Кейбір
өрнектердегі дөңгелене келіп түйіскен жарты айлардың қосындылары “табақ”,
“тана” өрнектері сияқты әдемі түрлер жасайды. “Ай” өрнегі қазақтан басқа
елдерде де кездеседі.
“Айбалта” – ай сияқты құдіретті балта деген ұғымнан туған. Мұндай
өрнек көбінесе ат-тұрмандарда, батырлардын қару-жарақтарында, кестелі
киімдерде, кежімдерде, архитектуралық өрнектерде, әр түрлі мәнерлерде
кездеседі. Бұл өрнек көп халықтарға ортақ, әсіресе олардың зергерлік,
ұсталық ағаш оюларында кездесетін түрлері көп.
“Айыр” – айыр (екі) өркешті түйе, айыр тұяқты малдардың бақайы, сондай-
ақ айыр қой-ешкі, сиыр малдарының бақай арасынан шығу болып шығатын дерт.
Пішен ашалайтын құралды да айыр дейді. Ал мұның, яғни айырдың, өрнекте
берілетін түрі көбінесе айыр тұяқты малдардың бақайы мен түйенің өркешін,
қос өркешті түйенің өзін тұспалдап, әр түрлі мәнерде беруден шыққан. “Айыр”
өрнегін кейде екі ырғақ жақтауын түйістіріп те жасайды. Бұл өрнектің әр
жердегі шеберлердің орындауында кездесетін әр алуан мәнерлері бар. Сол
сияқты оны кейде “айыр” десе, кейде “айыртұяқ”, “өркеш”, “текемүйіз” деп те
атай береді.
“Алақан” деп көбінесе көп тармақты өрнектердің ортасында солардың
негізгі сабағын, алақанын, қамшының өрімін сапқа жалғап тұратын жалпақ
былғарыны айтады. Қазақ және қырғыз, қарақалпақ, дағыстан сияқты елдерде
кәдімгі бес саусақты алақан бейнелі өрнек бар, оны да “алақан” дейді.
“Алақұрт” – көбінесе ши орауында, сырмақ шетіндегі жиектерде, төсек,
жүқаяқ, кебеже, асадал сияқты заттардың шеттерінде, “су” өрнектерінің
кейбір түрлерінде кездеседі. Ол ақ пен қарадан, қызыл мен жасылдан, көк пен
сарыдан бунақталып келетін ұзынша желі. Соған қарай “қызықұрт”,
“сарыалақұрт”, “қаралақұрт”, “бунақ”, “буын өрнек” деп те аталады. Мұндай
өрнектер кесте ісінде көп кездеседі.
“Аламыш, алаша” өрнектері жарыса жасалған көп түсті жолақтардан
құралады. Кейде сол жолақтардың ішінде геометриялық фигурлар тектес не
“мүйіз” өрнектерінің желілі түрлерінен құралған түрлі түсті өрнектер
болады. “Аламыш” өрнегі шахмат тақтасының сызығы сияқты жарыса салынған
қысқа-қысқа, кейде көлемді ұзын сызықтардан (желілерден) түзіледі. Мұндай
өрнектер ши орауында, терме бауларда, кілем-алашаларда, сүйек өрнектерінде
көбірек кездеседі. Ондай өрнектерді кейбір жерлерде “ендірме” деп те
атайды.
“Арпабас” - өсімдіктердің қияқтарын, астық өсімдіктерінің бастарын
бейнелеп салынған, сабақты қияққа ұқсайтын жазық мүйіз өрнегі. Түскиіз,
кестелі тон, шалбар, тақия сияқты киім-кешектерде, зергерлік істерде,
ағашқа қарап отырып, өрнек салуда, түрлі шілтерлі тоқу өрнектерінде көбірек
кездеседі.
“Атауыз, атерін” деп аталатын өрнектер малдың аузын, үстіңгі және
астыңғы еріндердің түйісіп тұрған бейнесін еске түсіреді. Көбінесе кесте,
көркем тігіс, әр түрлі маталарды оюластырып құрауда, сандыққап, аяққап
сияқты мүліктердің жиегінде, киімдердің өңірінде кездеседі. Өрнек арқасымен
түйіскен немесе түйіспей жақындасып тұрған жарты шеңберлерден түзіледі.
Кейде жарты шеңберлер ұзынынан ұзақ бір тұтас жолақ болып келеді де, бір
заттың шет-шетін тегіс қоршаған жиек өрнегі болып тұрады. “Атерін”
өрнегінде әрбір жарты шеңберлердің ортасында неше түрлі мүйіз, өсімдік,
геометриялық фигуралар тектес ұсақ кестелер салынады. “Атауыз”, “атерін”
өрнектерін ірілеу етіп қиып (тегінде киіздің өзін қиып оюластырғанда
өрнектің тым ұсақ болмауы керек, өйткені сырмақ шеберлері қырдасын
қалдырмауға тырысады) оны сырмақ оюына қолданады.
“Бағана өрнек” – (“баған” деп те айтады) тіреу, діңгек деген ұғымды
тұспалдайды. Бұл өрнек көбінесе үйдің босағасында, ішкі тіреулерінде (баған
колонналарында), асадал мен кебежелердің аяқтарында, қырларында, айна
қойғыштардың шетінде, піспек саптарының жоғарғы жақ басында, түрлі
түреулерде, адалбақанның бойында жиі ұшырайды. Бұл өрнек негізінен бірнеше
жіліншік бунақтар мен шығарланған шарлардың қосындыларынан түзіледі және ол
ылғи тік немесе ұзынынан бойлап салынады.
“Балға”, “балта” өрнектері өздері аттас заттарға ұқсас келеді.
Геометриялық ұзынша төрткүл, кейде мүйіз мәнерінде жасалады (көбінесе
баспаша “г” әрпіне немесе “т” әрпінің бейнесіне ұқсас). Бір ескеретін
жағдай, бұрын қазақта “балға таңба” дейтін ру таңбалары жиі қолданылатын-
ды. Сондықтан осы ру таңбаларымен аттас және соған ұқсас өрнектердің де
жасалуы мүмкін. Өйткені қайсыбір шеберлер өз ісінің маркасы есебінде, осы
өз руының таңбасын бейнелеген болуы керек деге жорамалдар да бар. “Балға”,
“балта” өрнектері түрлі кестелерде, қолмен тігілетін көркем тігіс өнерінде,
өрмек істерінде жиі кездеседі. Сондай-ақ осы өрнектің атымен аталып және
оған ұқсас түрімен орындалатын кірпіш қалау, там соғу әдісі де бар. Оны
“бағалап қалау” немесе “балта қалау” деп атайды.
“Балта өрнек”. Балдақ деп қазақ көзі жоқ жүзікті, жүзік сияқты шығырды
атаған, сондай шығырларды шымылдыққа бау өткізетін ілмек етіп пайдаланған.
Кей жерлерде жұмыр білезікті де балдақ дейді. Бүркіт ұстаушының қолын сүйеп
тұратын, аша ауыз таянышын да балдақ дейді. Оның себебі бұл құралдың бүркіт
ұстаған қолды білегіне киіліп тұратын жоғарғы басы балдақ сияқты жарты
шығыр формасында келеді. Осы ұғымдардың негізінде туған “балдақ” өрнектері
зергерлік істерде жұмыр, кейде жалпақ балдақ (жүзік, білезік, шығыр)
тәрізді іші бос дөңгелек түрінде жасалады. Кейде балдақтар бірімен бірі
қосыла, шеңберге шеңбер ілмелене келіп, күрделі өрнек түзейді. “Балдақ”
өрнегі көбінесе кестеде, ағашта, алтын, күміс заттарында қолданылады.
“Бес дөңгелек” кейде қатар төрт бұрыш түрінде келетін бұл өрнектер бір
кездердегі ру таңбалары мен төрт түлік малға басылатын таңбаларды еске
түсіреді. Мұндай өрнектер қолөнер істерінің барлығына тән. Сондай-ақ “бес
жапырақ”, “бес гүл”, “төртгүл”, “үшгүл” делініп өрнек атауларының бас
буындары өрнек элементтерінің санын көрсетеді де, екінші буындар сыңары сол
өрнекте тұспалданып тұрған заттың атын көрсетеді. “Бесгүл”, “төртгүл”,
“үшгүл”, деген сөздер “бес бұрыш”, “төртбұрыш”, “үшбұрыш” деген ұғымды
білдіреді. Ал “бесжапырақ”, “бесгүл”, деген өрнек түрлері нақтылы санды
заттық мағынада тұр. Соңғы екі өрнек “Райхангүл”, дейтін өрнекке ұқсас.
(Бұл туралы “су” өрнегінде берілген халық аңызында толығырақ айтылған).
“Су” өрнегі. “Су” деп әрбір өрнекті бөліп тұрған ұзын жолақты айтады.
“Су” өрнегі кейде екі қатар сызық аралығында ирек сызық жасай отырып,
дөңгелек төртбұрышты бейнелерді жасайды, ерте уақытта судан өту қиын
болатын. Көбінесе шекара сондай бір судың бойымен межеленген. Мұны қазіргі
замандастардың сөздері де растайды. Мәселен, Семей облысы, Новопокров
ауданы, Еңбекшіқазақ селосында тұратын Бурақан деген шебер: “Су өрнегі
өрнек пен өрнектің арасындағы шекараны білдіреді”, - дейді.
Шығыс Қазақстан облысында Самара ауданы Жамбыл атындағы колхозда
тұратын 89 жастағы ағаш шебері, әрі етікші Жаппар “су”, “бессаусақ”,
“бесгүл” оюлары туралы ертегісінде былай дейді: “Бар байлығына көзі
тоймаған ” Сұмырайхан жер бетіндегі су біткенді өзімдікі деп жар салып,
малды, жанды сусыз қырғынға ұшыратады. Ұсақ хандықтарды жаулап алып, суды
өзіне пайда түсіретін байлық көзіне айналдырады. Бірақ халық еріккен ханның
қалағанындай жүріп-тұра алмайды. Күшті қарсылықтар көрсетіп, бітіспес
күреске шығады. Уақытша жаулап алған елдердің халқы ханның жандайшаптарынан
су бар жерлерді жасырып қалуға тырысқан. Қазақ халқының “Сұмырай келсе су
құрыйды” дейтіні осыдан шыққан екен.
Осы су үшін болған бұл күресте Сұмырайхан Райхан деген шебер қыздың оң
қолының бес саусағын шауып тастайды. Алайда халық жеңіп, Сұмырайханды
өлтіреді. Суды пайдалану еркіндігін күшпен алған халық осы уақиғаға
байланысты ою-өрнекке “су” деген ескерткіш өрнек қосқан. Жер-ана Райханның
бес саусағын бес тармақты гүл етіп жер бетіне жайқалтып өсіреді. Бес
жапырақты қызғалдақтың ою-өрнекке енуі Райханның бес саусағының ескерткіші
ретінде қалған екен деседі.
Тағы бір аңызда: “Ертеде адам тәңірісі ай болыптымыс. Соған
жалбарынып, табынған халық оның құрметіне Аймүйіз” деген өрнек жасаған екен
деседі.
Бұл жорамалдарға қарағанда, өмірдегі болған оқиғалар мен аңыздардың,
діни ұғымдардың өрнек, әшекей істерінің кейбір элементтеріне әсер еткендігі
байқалады. Осындай өткен замандағы әдебиеттер мен халық аузындағы
деректерге, қазіргі қарт шеберлердің айтуларына қарағанда, ою-өрнектердің
қайсысы болса да бір ұғымды бейнелеуден туғандығы анықтала түседі.
“Бестемше”, “алтытаспа”, “бұзаутіс”, “жыланбауыр”, “қос тіл”, “қос
таңдай”, “өнекітаспа”, “өрім өрнек”, “өткерме”, “торкөз”, “таңдай”,
“шарбақ”, “түйемұрындық”, “төрттаспа”, “ұштаспа”, “түйме” деп аталатын
өрнектер таспаны өру мәнерінің түрі мен атауларынан алынған. Бұлар,
әсіресе, кестеде, тігісте, өргенде, ескенде, ширатқанда, тоқығанда әдемі
келетін мәнерлі өрнектер. Түрлі білезік, сырғаларда, сәукеленің
салпыншақтарында, ат-тұрмандарда осындай мәнер түрі көп.
“Бүлдірген”, “бүркөз”, “жармагүл”, “жауқазын”, “желі”, “қоза”,
“селеубас”, “түйетабан”, “шытырман” дегендер сияқты бірталай өрнектер жерде
өсетін шөп, жеміс, ағаш, бұталарды тұспалдап өрнектеуден қалыптасып,
атаулары да осыған сәйкес аталған. Сол сияқты мүйіз өрнегінің көптеген
мәнерлері кейде жер байлағына байланысты түрлене түседі. Ондай өсімдік
тектес өрнектердің кейбірі жайлауды, орманды жерлерді, саялы жеміс
ағаштарын, биік бәйтерек, қалың шырмауықты, гүл-бәйшешекті және т.б.
мензейді. Ал “қоза” өрнегі халқымыздың ежелгі кәсібінің бірі мақта
шаруашылығынан туған (қоза – мақтаның қауышағы).
“Ергенек”. Қазақ тілінде киіз үй босағасының ортан беліне жететіндей
етіп бөлек тоқыған есік сияқты шарбақты немесе кереге көз етіп көктеген
бірнеше сабау ағашты ергенек дейді. Киіз үйге мал, ит кірмеу үшін, кейде
сол ергенекті көлденең қоя салатын әдет болған. Қазақ жақсы көрген баласын
айналып-толғанғанда “есігіңе ергенек болайын” деп жатады. Онысы “есігіңе
күзетші болайын” дегені. Соған байланысты Найманның бір руы “Ергенекті елі”
деп аталады. Ергенектеу әдісі көбінесе кестеде, қол тігісінде, ши орауда,
тал шыбықтардан түрлі заттар тоқығанда қолданылады.
“Егіз” немесе “жұп” деп аталатын өрнек өте арғы заманнан келе жатқан
және бүкіл шығыс халықтарына ортақ өрнек. “Егіз” өрнегінің бейнесі шеңбер,
әлем кеңістігі өлі және тірі табиғат, дүние деген ұғымды білдіреді.
Шеңбердің іші бір балықтың қақ жарған екі жартысы сияқты болып бейнеленген.
Ол әлемдегі (дүниедегі) заттар да, заттық ұғымдар да барлығы да егіз деген
пайымдауды білдіреді. Бұл өрнектің мазмұны бойынша ешбір дара, бір жақты,
сыңар нәрсе де, ұғым да жоқ. Мысалы, ай мен күн егіз, баршылық пен жоқшылық
егіз. Ер мен әйел, жақсылық пен жаманшылық, бақыт пен сор т.б. барлығы да
егіз және бірінің орнын бірі басып ауысып отырады деген ұғымды білдіреді
екен.
“Ебелек” (кейде оны “қаңғалақ” деп те атайды, ал “қаңғалақ” деп
ертеректе ұршықты айтқан) зырылдауықтың не ұршықтың басын, самолеттің
пропеллерінің бейнесін еске түсіретін өрнек. Археологиялық қазындылар мен
ою-өрнек туралы жазбаларға қарағанда, бұл өрнек өзге өрнектердің
бірсыпырасынан соңырақ шыққан.
“Ендірме” өрнегі екі затты сыналап көлемдеу әдісінде қолданылады. Бұл
көбінесе бір басы үшкір келген геометриялық үшбұрыштардан түзеледі.
“Жапырақ”, “жармагүл”, “жауқазын”, “жетігүл”, “жұлдызгүл”, “үшқұлақ”,
“шытырман” деп аталатын өрнекетер де өсімдік тектес бейнелерді тұспалдайды.
Бірақ бұлар кейде заттардың натуралдық қалпында кестеленсе, кейде “мүйіз”
өрнегімен, кейде геометриялық сынық сызықтар арқылы сипатталады. Мұндай
өрнектер бірсыпыра заттардың бетіне жеке-жеке, кейде көп тармақ болып
желіленіп келу арқылы бүтін бір сюжетті (жайлау, орман, жазық дала, кең
сахараны) мегзеп жасалады. Кейде осы өрнектер жоғарыда айтылып кеткен
өсімдік тектес басқаша атаулардағы өрнектермен тұтасып, өте күрделі бір
пейзажды бейнелейді. Мұндай өрнектерді кесте мен қол тігісінен, әр түрлі
маталардың гүлдерінен, сырға, тана, қапсырмалардан тағы басқа көптеген
мүліктердің бедерлі гүлдерінен, шілтерлеп тоқылған заттардан кездестіруге
болады.
“Жіліншік”. Малдың жілік сүйектерінің негізінде туған атау. Бірақ
ертетекте қазақ тілінде “жіліншік” деген сөз бір буын, бір бөлек, бір түйін
деген ұғымдарды да білдірген. Мысалы, домалақтамай, ұзыннан шумақталып
жиналған кесте жіпті “бір жіліншік кесте жіп әкелдім” деп те айтатын. Сол
сияқты ұзынша келіп, қағаз қапқа салған, жемістен істеген шайды да бұрын
“жіліншік шай” десе, кейде “бір жіліншік сабын ала кел” деп те сәлем
айтатын. Осыған орай “жіліншік өрнегіне ұзынша келген, кейде қатар екі
сызық бейнесінен құралатын буынды өрнектер жатады.
“Иректер”. “Ирек”, “ирек су” өрнектері кейде түзу сызықтардың
сынықтары, кейде доғал сынықтардың ұштасуы арқылы жасалады. Ондай сызықтар
бірнеше қатар сызықтар түрінде қатарласа келеді. Кейде бір иректің іші
екінші ирекке қарсы келіп, төртбұрыштар мен “сағат бау”, “саты” тәріздес
өрнектер, жүйесін түзейді. Мұндай мәнерлер кейде көп иректі “тандай”
өрнектерін жасайды. Қазақ шеберлерінің қол істерінің қол істерінде
киімдердің шет-шетінде, жағасында, тақия жиегінде, “су” өрнектерінің
ішінде, сақина-білезіктерде, шидің, сырмақтың шеттерінде, кебеже, жүқаяқ,
табақтардың ернеулерінде, әдіп тігістерінде көбірек кездеседі. Семей
облысында болған Омаралин Түсіпжан деген кәрі құлақ шебер: “Ирек өрнектері
адамның өмірін, өмір жолын меңзейді. Өмір жолы дегеніміз шынында да ирек-
ирек қой”, - деп түсіндіреді.

“Бір қисық жол дүние бұрандаған,
Басқа дәулет бақ қайтса құралмаған...” –

деген өлең жолдары да бар.
“Кавказ” (қарала). Бұл өрнек зергерліктегі ең бір ұнасымды деп
саналатын мәнер. Зергерлер сырға, білезік, сақина, ердің қасы, таралғы,
тартпа, семсердің сабы, садақтың әшекейлерін аппақ күмістің бетіне қара
дақпен оюлап, өрнек жүргізу арқылы әсемдейді. “Кавказ” өрнегінің туған жері
Кавказ тауын мекендеген елдер болса керек, содан барып басқа халықтарға
тарап, “кавказ білезік”, “кавказ жүзік”, “кавказ өрнегі” деген мәнер
түрлері шыққан. Мұхтар Әуезов: “Абпй... айдаудан қашқан кавказдық бір
зергерді ұзақ сақтап, елдің зергерлерін жиып, әлгі қашқыннан күміске қарала
жүргізуді үйреттіреді. Сонда Абай нақысқа қазақтың өз оюларын салғызып үлгі
таратады” дейді. Сөйтіп “кавказдау” деген ұғымның омындай өнер алмасудың
нәтижесінде туғандығын делелдейді.
“Кавказ” (қарала өрнек) үлгісімен мүйіз, ирек, гүл, жапырақ
өрнектерінің бәрі де сәнді жасалады. Бірақ бұл айтылғандарға қарап “кавказ
өрнегі” қазақ арасына тек ХІХ ғасырларда ғана келген екен деген түсінік
тумайды. Зергерлер жасаған көп заттардағы “кавказ” өрнегі өте ерте кездегі
мұраларда да кездеседі.
“Кавказ” өрнегімен жасалған қазақ қолөнерінің үлгілері туралы Мұхамед-
Салық Бабажанов деген кісі 1830 жылы Н. Небольсинге жазған хатында: “Мархұм
Жәңгір хан Фатима деген ханымы сырқат болғандықтан оны Пятигорскідегі ыстық
суға емдеуге апарады. Ханның қасына ерген 70 адам нөкері сол жақтағы черкеш
шеберлері жасаған ат-тұрман, қару-жарақтарға өте қызығып келді. Хан сол
жолы бір черкешті семьясымен өз ордасына (Бөкей ордасына) алып келіп,
қарала күміс (кавказ) өнерін қазақ шеберлеріне үйретуге қосты”, - дейді.
Бұл туралы қазақ ғылымы марқұм Э.А. Масанов: “Қалай да болса кавказ
өрнегін Орта Азия шеберлері VІІІ-ХІV ғасырларда білгені анық”, - деп
жасады.
Ақ күміске қарала өрнек жасайтын қоспаны қазақ шеберлері төрт түрлі
заттың қосынды балқымасынан жасаған. Олар: күміс, қорғасын, қызыл мыс,
күкірт. Оны қолдану рецепті былай: бір бөлім күміске сол мөлшерде мыс,
күкірт қосылады. Осы екі қосындының 14 мөлшерінде қорғасын қосылып,
қоспаларды балқыту кезінде қажетінше күкірт араластырылып отырған. Осындай
балқытып алынған қорытпаны беті өрнектеліп, түрпіленіп ойылған күміс
қалыпқа құяды. Балқып тұрған қорытпа әлгі күмістің шапқан (түрпіленген)
жеріне мықтап жабысқан соң үстін күміс ысқышпен ыспалап жалтыратады.
Кавказ жүргізіп өрнектеудің Оңтүстік Қазақстан шеберлерінің арасында
тағы бір өзгеше әдісі бар. 1958 жылы жүргізілген Қазақ ССР экспедициясының
материалдарында былай деп көрсетілген: “Қарала жүргізілетін күміс
бұйымдарының бетіне үшкір біз тәрізденген арнаулы аспаппен иректеп
ойғыштап, керек болған өрнекті жүргізіп алады”. Бұдан соң кәдімгі шыны мен
алғаш көмірін ұнтақтап үгеді де оған құрғақ мұсатыр араластырып қорытқышпен
отқа ұстап балқытады.
Ағаш көмірі балқыған шынының түсін қарайту үшін қосады. Осыдан кейін
дайын тұрған күміс бұйымның бетіндегі алдын-ала жүргізілген өрнектің ізді
нұсқасын мұсатырмен сүртіп жіберіп, балқып тұрған қоспаны ирек іздерді
бойлата құяды да, суыған соң бетін егеп, ыспалап тегістейді1. Зергерлер
ісінде қарала жүргізіп кавказдау әдісі қазіргі шеберлер арасында да көп
қолданып жүр.
“Қабырға” өрнегі көбінесе кестеде, қолмен көркемдеп тігуде ағаш бетіне
бедер түсіру сияқты істерде қолданылады. Өрнектің түрі малдың қабырғасына
ұқсас, кейде тандайланып, кейде жарыса қиғаш қатарланып келеді.
“Қазтабан”, “қазмойын”, “құсмойын”, “құстұмсық”, “құсмұрын”,
“құсқанаты”, “құсқұйрық”, “құсжолы” өрнектері аңшылық кәсеппен байланысты,
құсты, құстардың дене мүшелерін тұспалдаудан туған. Бұлар көбінесе мүйіз
мәнерімен жасалады. Мысалы, “қазмойын” (құсмойын), “құстұмсық”, “құсмұрын”,
“құс қанаты”, “құсқұйрық”, “құсжолы” өрнектері иіле келген доғал тармақты
мүйіздерден, ромбалардан, сызықтардан құралады. Құс атымен байланысты
өрнектер қолөнер үлгілерінің барлық түрлерінің әшекейіне тән. Соғып, құйып
істелетін алтын, күміс сақиналардың бір түрін “құсмұрын сақина” деп атайды.
“Құсжолы” мен “құсқұйрық” өрнегі көбінесе шиге оралады, кестеге тігіледі,
кейде ағаш, мүйіз, сүйек заттарын да әшекейлейді. Әсіресе күміс ердің қасын
ер-тұрмандарды, күміс кіселерді өндеуде көбірек қолданылады.
“Қарта”, “қосқұлақ”, “қосмүйіз”, “қостандай” (кейде “қазмойын” деп те
атайды) өрнектері төрт түлік малдын дене мүшелеріне еліктеуден шығып, сол
мүшелердің атымен аталып кеткен. Бұрын “қазмойын” деп келісті бәйге атын да
атаған ғой. Сондай-ақ бунақтардан түзелетін “қарта өрнегі”, жүрекке
ұқсаңқырып келетін “үлпершек” және “шұжық” өрнектері бір кезде аса сыбағалы
мүше есебінде табаққа жасалынып үсынылатын жал-жая, казы-қарта, шұжық
сияқты ұлттақ тағам түрлерін еске түсіреді.
Реті келгенде оқушыларымызға бір ескерте кететін жай бар. Кейбір
өрнектердің аталуын және оның не нәрсені тұспалдаудан шыққандығын
айтқанымызда, біз осы өрнектер сол заттың дәл суретін, қаз-қалпында бере
бермейтінін ескертпексіз. Шынында да өрнектің ең алдымен әдемілік түзейтін
әшекей екенін естен шығармауымыз керек. Сондықтан өрнек кейде әсемдік қуып,
өзінің бастапқы үлгі тұтқан бейнесінен әлдеқайда алшақ кетуі ықтимал. Ол
әбден дайын болғаннан кейін алғашқы өзі аттас затқа мүлдем ұқсамай да
қалады. Ендеше өрнекке қарап сол аттас зат бұрын осы ғұрыптас болды ма екен
деген ұғым тумауға тиіс. Зерттеушілер көбінесе өрнектердің тек кейбір
элементтеріне қарап және ауызекі шежірелерде кездесетін атауларды негізге
ала отырып қорытынды жасайды.
Өрнек атауларын түгел камтап оларды әрқайсысына түсінік беру мүмкін
емес. Сондықтан қазақтың ұлттық өрнек, оюларының ең басты мәнері, ең көп
түрі және неше түрлі мәнер жасауда ең жиі қолданылатын “мүйіз” өрнектеріне
ғана айрықша тоқталып өртейік.
“Мүйіз” өрнектері. Бұрын-сонды зерттеуші ғалымдардың барлығы бұл
өрнектің негізі қойдың, архардың, бұғының, сиырдың мүйіздерін мегзеуден
шыққан деп түйеді. Бізше де сол дұрыс сияқты, өйткені “мүйіз” өрнегі өте
ескі өрнек және ол көбінесе мал шаруашылығымен айналысқан көшпелі не
жартылай көшпелі елдердің қолөнерінде негізгі мәнер ретінде жиі кездеседі.
Бұл арада халқымыздың қоғамдық құрылысы, кәсібі мен күн көрісі, ұғымы
үнемі өзгеріп, үнемі даму үстінде болғанын еске алған жөн. Халықтың ою-
өрнегі де үнемі өзгеріп, дамып отырды. Демек, қошқардың екі мүйізін межелеп
бейнелеген жеке нобай оюлар бірте-бірте малдың немесе аңның төбесін,
құлағын, тұмсығын қоса елестетерлік бұғы мен маралдың мүйізі тәрізді көп
тармақты көрнініске айналды, яғни шеберлер өздерінің білетін оюларының әр
түрлі бейнелерін бір үлгіге құрып, ой-өрісін кеңейте отырып, тұтас бір
композиция жасайды. Сөйтіп мүйіз кейіптес өрнектердің барлығын қосып “мүйіз
оюы” деп атайды.
“Мүйіз” өрнектірінің түрлері мен атаулары өте көп. Мүйіз тектес
өрнектер кейде өте ұсақ, кейде өте ірі болып келеді. Ұсақ түрлері зергерлік
кестешілік, ағаш, сүйек, мүйіз сияқты нәзік істерде қолданылса, ірі түрлері
сырмақ, текемет, ши орауы, алаша, кілем, терме, сондай-ақ архитектуралық
сәулеттеу жұмыстарында қолданылады. Қазақ оюшылары мүйіз өрнегінің сан қилы
мәнерлерін құбылта, бір элементіне екінші, үшінші бір элементтерді қосып
молықтырады да, неше алуан әдемі де мазмұнды композиция ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Космогониялық өрнек
Қазақтың ою-өрнектері жайлы анықтама
Ою-өрнектердің түрлері және түстері мен бояулары
Қазақтың дәстүрлі қоңыр ою – өрнектері
Мектепке дейінгі ұйымдарда қазақ бейнелеу өнерінің шығармаларын үйрету
Ою-өрнектердің түрлері. Өрнектердің түстері мен бояулары
Қазақ оюларының сырлары
Қазақтың ұлттық ою-өрнектері, бұйымдары
Ою ойған сызу да сызады
Сәндік қолданбалы өнердің түрлері
Пәндер