«Қазақ» газетінің шығу тарихы



Кіріспе: «Қазақ» газетінің шығу тарихы.
Негізгі бөлім:
Ә.Бөкейханов публицистикасы.
Р.Марсеков публицистикасы.
Ғ.Қарашев публицистикасы.
Қорытынды: «Қазақ» газеті өз тарихымыздың тереңге
жайылуының бірден дір қайнар көзі.
«Қазақ» газеті 1913 жылдың 2 ақпанынан бастап 1918 жылдың 16 қыркүйегіне дейін Орынбарда шығып тұрған, ұлттық баспасөздің, әдебиет пен мәдениеттің дамуына үлкен ықпал еткен басылым еді. Оның редакторы – Ахмет Байтұрсынов, шығарушысы – Мұстафа Оразаев болды.Газетте Бөкейханов, Дулатов, Шәкәрім, М.Жұмабаев, С.Дөнентаев, Б.Майлин, тағы басқа қазақ заламгерлерінің публицистикалық, көркем шығармалары жарияланып тұрды. Сол кездегі қазақ саяси өмірі мен қоғамдық ойының белсенді өкілдері ұлттық басылым төңірегіне тоғысуы кездейсоқ жағдай емес еді. Олардың бірлесе қимылдауға, қосылып іс- әрекет жасауға итермелеген – ғасыр басындағы қазақ жеріндегі қоғамдық саяси ахуал,елдің ауыр халі болғандығына көзіміз енді жетіп отыр.
Демек, «Қазақ» газеті –сол кезеңнің шындық шежіресі,өмірлік айнасы болып қана қойған жоқ, сонымен қатар қалың көпшілікке жол сілтеген, ұлттық сана сезімді оятуға үлес қосып, болашаққа бағыт бағдар берген қоғамдық ойдың өлшемі еді.
Бұл басылымның қазақ халқының ұлттық даму жолындағы аңызды рөлі жайында көптеген пікірлер бар. Солардың ішінде де газет туралы сол кезеңдегі ел зиялыларының нақты тұжырымдарға құрылған ойлары ерекше әсер қалдырады. Мәселен, Алаштың ардақты азаматтарының бірі – Смағұл Сәдуақасов өзінің «Қазақ әдебиеті» атты тарихи-талдау очеркінде:
« ...Айқаптан»кейін 1918 жылы қазақ әдебиетінің мақтанышы болған «Қазақ» газеті шықты.Бір ғажабы, «Айқап» мұсылман мектептерінде оқитын әдебиетші жастардың белсене қатысуымен, күш-жігерімен шығып тұрса, «Қазақ» газеті орыс мектептерінде оқитындардың күш-жігерімен шықты.»-деген пікір айтқан.
Б.Жақып. «Қазақ публицистикасының даму, қалыптасу жолдары.

Ә.Бөкейханов.

«Қазақ»газеті кітабы.

Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе: Қазақ газетінің шығу тарихы.
Негізгі бөлім:
Ә.Бөкейханов публицистикасы.
Р.Марсеков публицистикасы.
Ғ.Қарашев публицистикасы.
Қорытынды: Қазақ газеті өз тарихымыздың тереңге
жайылуының бірден дір қайнар көзі.

Қазақ газеті 1913 жылдың 2 ақпанынан бастап 1918 жылдың 16 қыркүйегіне
дейін Орынбарда шығып тұрған, ұлттық баспасөздің, әдебиет пен мәдениеттің
дамуына үлкен ықпал еткен басылым еді. Оның редакторы – Ахмет Байтұрсынов,
шығарушысы – Мұстафа Оразаев болды.Газетте Бөкейханов, Дулатов, Шәкәрім,
М.Жұмабаев, С.Дөнентаев, Б.Майлин, тағы басқа қазақ заламгерлерінің
публицистикалық, көркем шығармалары жарияланып тұрды. Сол кездегі қазақ
саяси өмірі мен қоғамдық ойының белсенді өкілдері ұлттық басылым төңірегіне
тоғысуы кездейсоқ жағдай емес еді. Олардың бірлесе қимылдауға, қосылып іс-
әрекет жасауға итермелеген – ғасыр басындағы қазақ жеріндегі қоғамдық саяси
ахуал,елдің ауыр халі болғандығына көзіміз енді жетіп отыр.
Демек, Қазақ газеті –сол кезеңнің шындық шежіресі,өмірлік айнасы болып
қана қойған жоқ, сонымен қатар қалың көпшілікке жол сілтеген, ұлттық сана
сезімді оятуға үлес қосып, болашаққа бағыт бағдар берген қоғамдық ойдың
өлшемі еді.
Бұл басылымның қазақ халқының ұлттық даму жолындағы аңызды рөлі жайында
көптеген пікірлер бар. Солардың ішінде де газет туралы сол кезеңдегі ел
зиялыларының нақты тұжырымдарға құрылған ойлары ерекше әсер қалдырады.
Мәселен, Алаштың ардақты азаматтарының бірі – Смағұл Сәдуақасов өзінің
Қазақ әдебиеті атты тарихи-талдау очеркінде:
...Айқаптанкейін 1918 жылы қазақ әдебиетінің мақтанышы болған Қазақ
газеті шықты.Бір ғажабы, Айқап мұсылман мектептерінде оқитын әдебиетші
жастардың белсене қатысуымен, күш-жігерімен шығып тұрса, Қазақ газеті
орыс мектептерінде оқитындардың күш-жігерімен шықты.-деген пікір айтқан.
1923 жылы Ақ жол газетінде жарық көрген Ахаңның елу жылдық тойы
деген мақаласында М.Әуезов Қазақ газеті мен оның редакторы Ахмет
Байтұрсынов жөнінде салиқалы ой сабақтайды. Қазақ газетінің сүтін еміп
өскен бір буын осы күнде пікір-білім жолында бұғанасы бекіп, іс майданына
шығып отырса, кейінгі жас буын Ахаң салған өрнекті біліп, Ахаң ашқан
мектепті оқып шыққалы табалдырығын жаңа аттап, ішіне жаңа кіріп
жатыр.Ахаңның бұл істеген қызметі – қазақтың ұзынырға тарихымен жалғасып
кететін қызмет.Істеген ісімен өзіне орнатылған ескерткіш
Ақ жолда шыққан бұл мақаласында, халыққа ой салып, шуақты күндей
шапағатын төккен басылымның сол кездегі рөлін Әуезов дәл көрсете білген.
Қалың көпшілікке баспасөз органының ықпылының аса зор болғандығын Мұхаң
былай бағалайды:
...Қазақтың еңкейген кәрі, еңбектеген жасына түгелімен ой түсіріп, өлім
ұйқысынан оятып, жансыз денесіне қан жүгіртіп, күзгі таңның салқын желіндей
ширықтырған, етек жеңін жиғызған Қазақ газеті болатын.
Қазақ газетінде қазақ публицистикасын жаңа белеске көтерген қалам
қайраткерлерінің бірі - Әлихан Бөкейханов болды. Өзінің алғашқы
публицистикалық шығармаларын Дала уалаятының газетінде, Айқап
журналында жариялаған Ә.Бөкейхановтың Қазақ газетінде екі жүзге жуық
мақалалар аудармалар басылған. Оларда қазақ елініңларда қазақ елінің жері,
отырықшы болуы, патша үкіметінің қазақ еліне жүргізіп отырған саясаты, срт,
әкімшілік туралы бай мағлұматтар берілген.
Әлихан Нұрмұхаметұлы Бөкейханов 1866 жылы бұрынғы Семей облысының
Қарқаралы уезіндегі Тоқырауын болысының Желтау баурайындағы Мырзатай
қыстауында дүниеге келген.Ол Омбы техникалық училищесін, кейіннен Санк –
Петербургтегі орман техникалық институтында оқып, білім алды.
Әлихан Бөкейхановтың белсенді саяси қызметі, әсіресе, Қазақ газетінің
бетінде жарық көрген рухқа толы, ұлт сөзін сөйлеген публицистикасынан
көрініс тапты. Ә.Бөкейханов 1913 жылдың ақпанынан бастап Орынбордан шыға
бастаған Қазақтың негізін қалап, бағыт – бағдарын анықтаушыларлың бірі
болып қана қойған жоқ, сондай-ақ газеттің ыстығына күйіп, суығына тоңған ең
белсенді және өндірімді авторларының қатарында болады.
Қазақ газетінің бетінде жарияланған материялдар қазақ публицистикасы
жанрларының қалыптасу, даму эволюциясында өзгеше орын алатындығымен
ерекшеленеді. Мәселен, Ә.Бөкейхановтың жазған публицистік шығармаларында әр
түрлі жанрлардың айқын көрініс табуын аңғаруға болады.
Әлихан Бөкейхановтың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Қазақ» газеті және оның қоғамдық саяси қызметі
Тәуелсіздік кезеңдегі «Қазақ әдебиеті» газеті
Қазақстан баспасөзі
Алаш ұранды Сарыарқа газеті
«Қазақ» газетінің шығу тарихы мен зерттелуі
Қазақ газетінің зерттелуі
«Серке» газеті – қазақ қоғамындағы алғаш демократия жаршысы
ҚАЗАҚ КӨСЕМСӨЗІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Моңғолиядағы қазақ тілді баспа сөз және Жаңа дәуір газеті
Баспасөз және сын
Пәндер